Автомобиль жолы
Кіріспе
I. Табиғи климаттық жағдайы ..............................
II. Ауыл шаруашылығына жатпайтын қажеттіліктерге жер бөлудің
теориялық негіздері ..............................
III. Алматы – Қордай автомобиль жолына жер бөлу ..............................
3.1 Жер салу үшін бөлінетін жердің ауданын есептеу ведомосі ................ 10
3.2 Алынатын жер экспликациясы.................
3.3 Тұрақты пайдалануға берілетін және топырақтың құнарлы қабаты сыдырылып алынатын учаскелердің ауданын анықтау ..............................
3.4 Жердің құнарлығын анықтау ..............................
3.5 Сыдырылып алынатын топырақтың құнарлы қабатының
көлемін анықтау ..............................
3.6 Ауыл шауашылық жерлерді ауыл шаруашылығына
жатпайтын қажеттіліктерге бергендегі аулшарашылық өндірістің шығыны ..............................
Қорытынды.....................
Пайдаланған әдебиеттер тізімі........................
Автомобиль жолы - автомобиль көлігінің жүруіне арнап салынған жол.
Автомобиль қозғалысының жиілігіне байланысты техникалық топтастыруға сәйкес aвтомобиль жолы 5 категорияға бөлінеді. I категориялы aвтомобиль жолында автомобиль жылдамдығы сағатына 150 км болса, V категориялы Автомобиль жолында жылдамдық сағатына 60 км. Автомобиль жолы бойында жол белгілері, қызмет көрсету ғимараттары (автовокзал, май құю стансалары, мотельдер және басқалары) болады. Біздің елімізде aвтомобиль жолының жалпы мемлекеттік, республикалық, облыс, жергілікті, шаруашылық түрлері бар. Қазақстанда табиғи ресурстар мен ірі экономикалық орталықтар бір-бірінен алшақ болғандықтан жүк көп тасылады, яғни жол-көлік кешенінің жұмысына басқа елдерге қарағанда көбірек тәуелді. Елімізде пайдаланатын aвтомобиль жолдарының ұзындығы 87,337 мың км, соның 17,67 мың км республикалық маңызы бар жолдар (93%-іне асфальт төселген), 69,667 мың км жергілікті жолдар (57%-іне асфальт төселген). Үш мыңнан астам көпірлер мен жол өткелдері бар. Олардың 90%-і темір құйматастан құйылған. Автомобиль жолдары мен жол бойындағы қызмет көрсету ғимараттарының күтімі оны пайдаланушылардың төлейтін төлемдерінен, бензин мен дизель отынын сатудан түскен алымдардан, ақыны мемлекеттік жолдардан жүргені үшін төленетін төлемдерден құралатын жол қоры есебінен жүргізіледі.
I. Табиғи климаттық жағдайы
Жамбыл облысы климатының ерекше сипаты айтарлықтай құрғақшылық мен континенттілік болып табылады. Бұл облыс аумағының Еуроазиаттық материк ішінде орналасуымен, мұхиттан қашық орналасуымен, ашық немесе алабұлтты ауа-райын тудыруға әсер ететін атмосфералық айналымның ерекшелігімен, сонымен қатар күн жылуының басымдығын қатмасасыз ететін оның оңтүстік беткейде орналасуымен түсіндіріледі. Бұған қоса, облыс аумағының көп бөлігін шөлдала алып жатыр (Бетпақ-Дала және Мойынқұм) және тек оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс шеттерінде таулар түзілген (Қаратау, Қырғыз және Шу-Іле). Жер құрылысының мұндай айырмашылығы облыс климатының әркелкі болуына әсер етеді. Климаттың континенттілігі күн мен түндегі, қыс пен жаздағы, қыстан жазға тез ауысудағы температураның күрт өзгеруінен көрінеді. Облыстың оңтүстіктегі таулы бөлігінде континенттілік сипаты басыңқылау: мұнда қыс жылы және жауын-шашын мөлшері жеткілікті түседі. Облыстың солтүстік және орталық аудандардағы шөлді жазықтар ерекше құрғақ. Мұнда жаз өте ыстық, орташа шілдедегі температура 21 ден 25° С ке дейін ауытқып отырады, кейбір күндері ауа температурасы 45-48° С-ге дейін жетеді (абсолюттік максимум). Оның есесіне қыс географиялық ендігіне сәйкес емес. Ең суық ай – қаңтар, оның орташа температурасы солтүстігінде -8, -12° С, ал оңтүстігінде -4, -7° С. Қыста суық арктикалық ауа облыстың оңтүстігіне ене отырып, суықтығы -45-50°С (абсолюттік минимум) болатын күшті аяз тудырады. Ауаның орташа тәуліктік температурасы 0°С-ден жоғары кезең ұзақ сақталады. Облыстың солтүстігінде 240-250 күнді құраса, орталық аудандарда 260—270 күнге жетеді. Тұтастай алғанда облыста жауын-шашын аз түседі, әсіресе жазық бөлігінде (жылына140-220 мм). Жауын-шашынның болмашы мөлшері (жылына 135 мм) облыстың солтүстік-шығысында балқаш өзенінің жағалауында байқалады. Тау бөктеріндегі аудандардағы жауын-шашын мөлшері 210-330 мм-ге дейін көбейеді. Қырғыз Алатау тауларында 400-500 мм жауын-шашын түседі. Жыл мезгілдері бойынша жауыншашын әркелкі түседі – оның басым бөлігі қысқы-көктемгі кезеңге тән. Облыстың барлық аумақтарында шығыстан және солтүстік-шығыстан жел соғады, және тек шеткі оңтүстікте оңтүстік және оңтүстік-шығыстан жел соғатыны байқалады. Оның орташа жылдамдығы 2,5—3,5 м/с. Таулы аудандарда жергілікте ерекшеліктерге байланысты туындайтын да желдер бар (фендер, таулы-алқапты және басқалар).
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының басым көпшілік жерлері орналасқан.
Бұл алқапта ауадан түсетін ылғал мөлшері өте аз. Ылғалдану коэффициенті 0,1-0,05-ке шейін кемиді. Жылына түсетін ылғалдың мөлшері 80-150 мм-дей. Үсіксіз уақыттың ұзақтығы 170-220 күнге жетеді. Күні бұлтсыз, ыстық, 100-тан жоғары болатын күндердің температура қосындысы Түркістан маңында 4700 градусқа жетеді. Бұл аймақ нағыз шөлдің өзі. Жерге тек ерте көктем мен күздің соңғы айларында ылғал түседі. Сондықтан өсімдік тіршілігіне екі биологиялық тыныштық кезең өтеді, оның біріншісі қыстың суық, екіншісі жаздың құрғақ кезінде болады. Өсімдіктер мен табиғаттың осындай қысымшылығына бейімделген. Онда өсетіндер: сирек шығатын бұташалар, жусан және кейбір сортаңданған, сорланған топырақтарға бейімделген шөптер. Өсімдік сирек шығатындықтан, олардың топырақта қалдыратын қалдықтары да мардымсыз. Сондықтан топырақта қарашірік аз, оның мөлшері топырақтың беткі қабатында не бары 1-1,5%. Осының салдарынан топырақ түсі бозғылт тартып, өзін түзген тау жынысына ұқсайды. Бұл зона екі зонаға бөлінеді: а) сор шөпті жусан өсетін құба топырақтар, терістік шөл; б) жусанды сор шөптер өсетін сұр құба топырақтар, орталық шөл. Сонымен қатар екі зонашада, әсіресе, соңғысында тақыр түсті топырақтар мен тақырлар, үйме құмдар және сорланғар жерлер көптеп кездеседі.
Аудан жерімен Шу өзенінің оң саласы саналатын Ырғайты, Қалғұты, Қарақоңыз, Қақпатас (Қақпақтас), Кіндіктас пен Жетіжолдан бастау алатын бірнеше кішігірім өзендер ағады. Ауданның орталық және оңтүстік-шығысынан Іле өзенінің алабына жататын, жазда құрғап қалатын Жаманты, Иірсу, Өзынсу т.б. өзендер ағады. Қақпатас, Қарақоңыз өзендері алабында осы өзендердің атымен аталатын бөгендер салынған. Олардағы судың жалпы сыйымдылығы 18,7 млн. м³. Олар аудан шарушылықтарының 4,5 мың гектар жерін суарады және суландырады. Одан басқа аудан аумағында Алтыайғыр, Майбұлақ және Қалғұты тоғандары бар. Шу өзенінен бірнеше каналдар тартылған. Олардың ең ірісі – Георгиевка каналы. Аудан жерінде қоңыр, шалғынды қоңыр, шалғынды сор, қызыл қоңыр, солтүстігінде (Қопа және Қараой жазығында) сұр, сортаңды сұр топырақ қалыптасқан. Онда жусан, бетеге, боз, сұлыбас, сораң шөптер, қамыс, шырғанақ, тал өседі. Жануарлар дүниесінен таутеке, елік, қасқыр, түлкі, борсық, қоян, құстардан тау күркетауығы, тырна, бұлдырық, қырғауыл т.б. тіршілік етеді.
II. Ауыл шарушылығына жатпайтын қажеттіліктерге жер бөлудің теориялық негіздері.
Жерге орналастыру — мемлекеттегі жер қатынастарын, жерді пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған іс-шаралар жүйесі. Жерге орналастыру жұмыстары: жерді аймаққа бөлудің республикалық, облыстық, және аймақтық жобалары мен жер ресурстарын пайдалану, жақсарту және қорғау бағдарламаларын әзірлеуді; жер пайдалану ісін жолға қою мен ретке келтіру жөнінде шаруашылықаралық жобалар жасауды; жер учаскесіне меншік құқығына және жер пайдалану құқығына құжаттар дайындауды; орналасқан жерінде елді мекендердің шекарасын анықтау мен белгілеуді; әкімшілік-аумақтық құрылымдардың, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және жерді пайдалану мен қорғаудың ерекше жағдайлары бар басқа да жер учаскелерінің шекараларын белгілеуді; бүлінген жерлерді жаңғырту мен жаңа жерді игеру жобалары жатады. Сондай-ақ, жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да жобаларды әзірлеуді; жерді есепке алу ісін жүргізуді, пайдаланылмай жатқан, ұтымды пайдаланылмай жүрген немесе нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай отырған жерді анықтауды; топографиялық, геодезиялық, картографиялық, топырақтық, геоботаникалық және басқа да зерттеу мен іздестіру жұмыстарын жүргізуді; жер кадастры мен жер мониторингін жүргізуді; жер ресурстарының жай-күйі мен пайдаланудың кадастрлық және тақырыптық карталары мен атластарын жасауды; жер-бағалау жұмыстарын жүргізуді қамтиды.
Жерге орналастыру атқарушы органдардың шешімі не меншік иесінің, жер пайдаланушылардың өтініші бойынша жүргізіледі. Мемлекеттік меншіктегі жерден жеке меншікке немесе жер пайдалануға жер учаскелерін бөлуге, сатуға және бағалауға байланысты жерге орналастыру жұмыстары, сондай-ақ, әкімшілік құрылымдардың шекараларын белгілеу, жер кадастрын жүргізу және жерді есепке алу жөніндегі жұмыстар мемлекет тарапынан ғана жүзеге асырылады.
Жерге орналастырудың, пәнінің мақсаты, міндеті.
Жерге орналастыру — мемлекеттегі жер қатынастарын, жерді пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған іс-шаралар жүйесі.
Жер ресурстарының, бірінші кезекте, ауылшаруашылық мұқтаждықтарына, экологиялық тұрғыдан қаупсіздік және жерді ұтымды пайдалануына бағытталған іс – шаралар көрсетілген. Бұл бағытта жер заңдарында, жерге орналастыру жер қатынастарын реттеуге, жердің тиімді пайдалануын және қорғалуын ұйымдастыруға бағытталған іс – шара жүйесі ретінде сипатталады.
Жерге орналастырудың негізгі міндетіне:
- Республика заңдарының негізінде жер қатынастарын реттеу;
-жерде шаруашылық жүгізудің формаларына тең даму жағдайларын жасау; - жердің ұтымды пайдалануын және қорғалуын ұйымдастыру;
- топырақтың құнарлығын ұдайы өндіру, табғи ортаны сақтау, тұрақты агроланшафттарды жасау;
-жылжымайтын мүлік ретінде жердің рыногын қалыптастыру және дамыту;
Әрбір тарихи кезеңде жерге орналастырудың мақсаты – міндеттеріне қарай оның мазмұны қалыптасып отырады. Қазіргі кезде ол мынадай іс – қимылдарын қамтиды:
2) жаңа жер пайдаланушыларды құру, іс жүзінде барларын реттестіру жөніндегі шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасау;
3) елді мекендердің шекараларын белгілеу жер бетіне көрсету, олардың жер шаруашылықтарын реттестіру жөніндегі жобаларын жасау;
4) әкімшілік – территориялық құрылымдардың, айырықша қордағы табиғи территориялардың және басқада ерекше пайдаланудағы жер учаскелерінің шекаралары мен межелерін жер бетіне көрсету;
5) топографиялық – геодезиялық, картографиялық, топырақ, геоботаникалық және басқа зерттеу - іздестіру жұмыстарын жүргізу;
6) жер кадастыры мен мониторингін жүргізу;
7) жер күйі мен пайдалану жөніндегі кадастрлық және тақырыптық карталар мен атластарды жасау;
8) жерді бағалау жұмыстарын жүргізу;
Жерге орналастыруды жобалау
Жобалау - жерге орналастыру процестерінің ең маңызды және күрделі кезеңі. Жобаны құру және негіздеу - барлық жерге орналастыру процесінің негізі болып табылады. Жобалық шешімдерді өңдеу әдісі, оларды экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және құқықтық негіздеу жерге орналастыруды жобалаудың предметі болады.
Қазіргі жерге ораластыру теориясы экономикалық, құқықтық проблемалар бойынша бұрынғы негізгі техникалық, технологиялық аспектілерді сақтай отырып қоғамдық құрылымдағы түпкілікті өзгерістерді ескере отырып яғни жоспарлы- таратушы жүйеден нарықтық қатынасқа өтуі жерге орналастыруда айтарлықтай өңдеуді талап етеді.
Жобалық жұмыстарды ұйымдастыру әр түрлі болуы мүмкін: жер, су және басқа ресурстарды пайдалану жөніндегі болжамдық белгілер негізінде қабылданған жүйе бойынша қатаң болуы мүмкін, ауданның жерге орналастыру схемасын құрады, содан кейін шаруашылық аралық жерге орналастыру жобаларын және шаруашылық жерін ораластыру жобасын, экономикалық мүмкіндіктерінің пайда болуы мен талабының өсу шамасына қарай жеке учаскелерге әртүрлі шараларды қажет ететін учаскелік жерге орналастыру жобалары өңделеді. Осындай жолмен қабылданған ауданның схемасы мен жобалық шешімдері жекеленіп жүзеге асады.
Жерге орналастырудағы жоба түрлері:
1) Салааралық жерге орналастыру;
2) Шарашылық аралық жерге орналастыру;
3) Учаскелік жерге орналастыру;
Жерге орналастыру объектісіне қарай екі түрге бөлінеді:
1) ауылшаруашылық кәсіпорындардың жер иеленушіліктерін құру;
2) ауылшаруашылық емес мақсаттағы жер пайдалануды құру;
Олардың біреуі ауылшаруашылық кәсіпорындарының жер пайдаланушылықтарын құруға, қайта құруға, реттестіруге және жетілдіруге, екіншісі - әр түрлі мемлекеттік, қоғамдық және жеке шаруашылық мұқтаждықтарға (өнеркәсіптік, азаматтық, энергетикалық, гидротехникалық және басқа құрылыстарды жүргізуге, қорғаныс, транспорт, байланыс, ғылым, мәдениет және т.с.с.) жер бөліп беруге байланысты. Демек ауылшаруашылық емес кәсіпорындардың жер пайдаланушылықтарын Шаруашылық аралық жерге орналастыру (ШАЖО) бір топ шаруашылықтың, ал кейбір кезде бүтін аудандардың территориясында жүргізіледі, бірақта тек жеке саланың (өнеркәсіп ауыл шарауашылығы және т.с.с.) шеңберінде. Нақтылы түрде ШАЖО әртүрлі мемлекеттік және мемлекеттік емес заң түлғалары мен жеке тұлғалардың мүдделерін, олардың жер иеленушіліктері мен жер пайдаланушылықтарын құру немесе қайта құру арқылы қанағаттандырып отырады. Оның түр тармақтары ауылшаруашылық және ауылшаруашылық емес жерлерде жүргізілуіне қарай ажыратылады.
Шаруашылық жерін орналастыру (ШЖО) тек ауылшаруашылық көсіпорындарының, серіктестіктердің, кооперативтердің және ШФҚ-ның шеңберінде ғана жүргізіледі. Оның негізгі масаты жерді өңдеудің жаңа технологияеын енгізуге, топырақты әр түрлі техногендік және табиғи теріс ықпалдардан қорғауға, мәдени ландшафттарды жойылудан сақтап қалуға және жаңаларын қалыптастыруға қолайлы территориялық реттілік жасау.
Шаруашылық жерін орналастыру формаларының бөлінуі тәлімі және суармалы егіншілік аймақтарында жобалық міндеттердің әр түрлі әдіс-тәсілдері арқылы орындалады.
Автомобиль жолының жобасы - автомобиль жолының жердегі орналасуын, жоспар элементтерінің параметрлерін, жер төсемінің көлденең және бойлық бейіндерін, жол төсемінің конструкциясын, су өткізетін және өзге де инженерлік құрылыстарды, жолдардың қиылысуы мен түйісуін көрсете отырып, сондай-ақ жолды абаттандыру, жол қозғалысын ұйымдастыру және қауіпсіздігі, құрылысын ұйымдастыру, жол сервисі құрылыстарын және жұмыс көлемі мен құнын анықтау арқылы басқа да инженерлік құрылыстарды орналастыру мәселелерін шеше отырып автомобиль жолын жобалаудың нәтижесі ұсынылған белгіленген мазмұндағы және құрамдағы есептік және жобалық техника-экономикалық құжаттардың жиынтығы.
Автомобиль жолдарын жобалау кезінде:
1. жолдың конструктивтік элементтерінің бірінің немесе олардың үйлесімдерінің қолайсыз әсері нәтижесінде жол қозғалысының субъектілері мен қоршаған орта үшін қауіп төну тәуекелін жоюға немесе төмендетуге;
2. автомобиль жолдарын пайдалану кезінде климаттық, төтенше және басқа да факторлар мен оқиғаларға байланысты болдырмау мүмкін емес тәуекелдерден сақтауға;
3. қабылданған қауіпсіздік шараларының жеткіліксіз немесе төтенше жағдайлардың туындауы салдарынан автомобиль жолының жекелеген учаскелерінде мүмкін болатын қалдық тәуекелдер туралы ақпараттарға қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған шарттар ескерілуі тиіс.
Жобалау кезінде мынадай тәуекелдермен сипатталатын негізгі қауіпсіздік талаптары назарға алынуы тиіс:
жоспардың, автомобиль жолының көлденең және бойлық бейінінің геометриялық элементтері, сондай-ақ олардың қолайсыз үйлесімі;
жол құрылыстары (жер төсемі, жол төсемі, көпірлер, құбырлар, жолөткелдер, мал өтетін өткелдер, эстакадалар және тағы басқалар);
автомобиль жолының бөлінген жолағы шегінде немесе оған тікелей жақын жерде орналасқан автомобиль жолы мен автокөліктерге қызмет көрсететін құрылыстар (автожанармай құю станциялары, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету ұйымдары, жолаушылар мен жүргізушілерге қызмет көрсететін жол бойындағы пункттер және тағы басқалар);
жолдың жағдайы, электр беру және байланыс желілерінің тіректері, автомобиль жолының жер төсемі жиегіне жақын орналасқан өзге де заттар мен құрылыстар.
6. Автомобиль жолдарының кеңістікте орналасуы, оның геометриялық элементтерінің параметрлері және олардың арақатынастары мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:
аралас учаскелердегі қозғалыс жылдамдығының жолдың әдеттегі жер бедері жағдайында орналасқан кезінде кемінде 0,8 және жер бедерінің қиын учаскелерінде 0,6 қатынасымен автомобиль жолының ұзындығы бойынша көлік құралы қозғалыс жылдамдығының біртіндеп өзгеруін;
жоспардағы жолдың қисық сызықты учаскелері бойынша қозғалған кезде көлденең үдеулердің біртіндеп өсуін;
көлік құралының бойлық бейініндегі қисық бойынша қозғалысы кезінде туындайтын тік жүктемелердің олардың рұқсат етілетін мәндері шегінде жеңілдетілуін;
жолда көлік құралдарының жүргізушілеріне олардың жүріп өту жағдайлары туралы жалған ұғым қалыптастыратын және жүргізушілерді алдыңғы учаскеде қалыптасқан қозғалыс тәртібін күрт өзгертуге мәжбүрлейтін учаскелердің болмауын;
автомобиль жолының бүкіл ұзындығында түзу сызықты және қисық сызықты учаскелер ұзақтығының заңды және біртіндеп өзгеруін;
автомобиль жолының жер төсемін қардың немесе құмның, олардың мүмкін болатын көшуі кезеңінде басып қалу тәуекелін, басым желдердің қайталану жиілігі мен жылдамдығын ескере отырып төмендетуді.
7. Автомобиль жолының жобасында өздерінің габариттік өлшемдері, салмақтық және өзге де параметрлері бойынша техникалық регламенттер мен жобалауға арналған тапсырмалар талаптарына сәйкес келетін көлік құралдары мен жүктерінің қауіпсіз және үздіксіз өтуін қамтамасыз ететін инженерлік шешімдер болуы тиіс.
8. Автомобиль жолдарының жобаларында қабылданған техникалық шешімдер осы Техникалық регламенттің негізгі қауіпсіздік талаптарына қайшы келмеуі тиіс.
9. Автомобиль жолдарын жобалау нормаларының осы Техникалық регламентке сәйкестігі онымен үйлесімделген мемлекеттік стандарттар мен құжаттардың нормаларымен қамтамасыз етілуі тиіс.
10. Осы Техникалық регламенттің талаптарын бұза отырып орындалған автомобиль жолдарының жобалары бекітілуге жатпайды және автомобиль жолдары жөніндегі мемлекеттік уәкілетті орган салу мен қайта жаңғыртуға жол бермеуі тиіс.
III. Алматы – Қордай автомобиль жолына жер бөлу
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Алматы – Қордай автомобиль жолына (18-24 км)жер бөлу жобасының түсініктемесі.
3.1 Жол салу үшін бөлінетін жердің ауданын есептеу ведомосі
Жол салу үшін бөлінетін жердің ауданын есептеу соның ішіндегі тұрақты жер пайдалануға жер бөлу. Автомобильге бөлінетін жердің ауданына жер бөлгенде ол жердің экономикалық, әлеуметтік факторларға көңіл бөлу керек. Тұрақты жер пайдалануға бөлінетін жер ауданының планын, профилін, көлденең профилін пайдалана отырып, соның негізінде құжаттар бойынша әр пикетте, нүктелер анықталып жер бөліп беру жобасына түсіріледі. Жер бөлу жобасы бойынша әр жер пайдаланушы бойынша, ауыл шаруашылық ауданы, яғни егістік, жайылым, шабындық алқаптар түрі бойынша, топырақтар түрлері жеке – жеке анықталды. Автомобиль жолына бөлінетін жолдың ауданын бірнеше тәсілмен анықтауға болады.
Олар: 1) әр категориялар бойынша нормативті; 2) есептік – конструктивтік тәсіл қолданылады
Бұл кестеде әр жер пайдаланушылардың Таушық, Агрофирма, Ардагер – Броилер меншігіндегі жер учаскелердің, ауыл шаруашылық алқаптардың алып жатқан ені мен ұзындығын көбейтіп масштабқа салу арқылы бөліп берілетін жолдың ауданы анықталды.
3.2 Алынатын жер экспликациясы
Автомобильге жер бөлгенде экспликация құрылды. Эксплкация бойынша жалпы бөлінетін жер ауданы анықталды.
«Таушық» жер пайдаланусышы бойынша: егістік 7,509 га, шабындық 10,675га, жайылым 6,42га = 24.605 га барлығы
« Агрофирма » жер пайдаланушы бойынша: 10,26 га егістік, 5,275 га жайылым = 15,535 га барлығы
«Ардагер - Броилер» жер пайдаланушы бойынша: 5,52 га егістік, 16,39 га жайылым = 21,91 га барлығы.
3.3 Тұрақты пайдалануға берілетін және топырақтың құнарлы қабаты сыдырылып алынатын учаскілердің ауданын анықтау.
Жол салу үшін топырақ құнарлығы, топырақ тығыздығы, көлемі, химиялық, фи зикалық қасиеттері өте маңызды рол атқарады. Жалпы жол салғанда ол жерді алдымен қопсытып, қисық жерлерін түзулеу, жаю жұмыстары атқарылады, ол үшін техника көмегі қажет. Топырақтың құнарлы қабаты сыдырылып алынатын учаскілерді алдымен топырақ контурыны ол топырақ түсіне байланысты, яғни жол салу үшін бөлініп беретін жердің алқап түрі бойынша топырақтың құнарлы қабаты, топырақтың банитет баллы және қопсыту коэффиценті анықталады.
3.4 Жердің құнарлығын анықтау.
Бонитет балдары: топырақтың құрамындағы шірінділердің (гумус), тұздардың, минералдардың шамасына, топырақты суды сіңіру қасиетіне, ауаны өткізуіне байланысты анықтайды. Негізгі бал бонитеті топырақтың 50 см қабатында шірінділер (гумус) шамасына сәйкес белгіленіп, басқа қасиеттері бойынша саралаушы коэффициенттер қолданылады. Аудан, аймақ және нақты жерлер бойынша орташа бонитет балдары есептеліп, олар дәнді дақылдардың көпжылдық орташа түсімімен салыстырылады. Бұл көрсеткіш жерден алынатын өнімдерді болжауға, жоспарлауға мүмкіндік береді. Осы көрсеткіш арқылы жерді тиімді пайдаланылғаны бағаланады. Бонитеттеу барысында анықталған, белгілі жаратылыс нышандарымен сан жүзінде сипатталатын топырақ топтары кейін экономикалық көрсеткіштер бойынша бағаланады. Топырақтарды бонитеттеу мәліметтерінің жерді, оның жаратылыс сипаттамаларын ескере отыра, тиімді пайдалану мәселелерін шешуде көп маңызы бар.
Жердің құндылығын анықтағанда Б орт = ( Б×Р) ̸ ∑ Р формуласы арқылы
Орташа салмақтық балл бонитетін анықтадық. Жалпы бұл жерде
Б - топырақ банитет
Р - топырақтың контур ауданы
Сонымен, Таушық жер пайдаланушысы орташа салмақтық балл банитеті ∑ 8, 36
Агрофирма жер пайдаланушысы ∑11,4 болса, ал Адагер - Бройлер ∑ 9,8. тең болды.
3.5 Сыдырылып алынатын топырақтың құнарлы қабатының көлемі
Жер әр түрлі ауыл шаруашылық емес мақсаттарда пайдаланылғанда оның ең құнды құнарлы қабатының бұзылуы мүмкін. Бұзылған жер — адамның өндірістік іс-әрекеті салдарынан шаруашылық құндылығын жоғалтқан немесе топырақ қабаты мен өсімдік жамылғысының бұзылуына байланысты қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін жер учаскелері. Жер Кодексінің 65 бабында жер пайдаланушылар мен жер учаскесінің меншік иелері жерді су және жел эрозиясынан, ауыл шаруашылық жерлерін зиянкестерден қорғауды, жердің бұзылуына байланысты жұмыстар жүргізу кезінде топырақтың құнарлы қабатын алуды және пайдалануды жүзеге асырады делінген. Осымен қатар 140 бап бойынша бұзылған жерді рекультивациялауға тиісті.
Рекультивация — бұзылған жерлердің биологиялық өнімділігі мен шаруашылық құндылығын бұрынғы қалпына келтіруге бағытталған инженерлік-техникалық, мелиоративтік, агротехникалық шаралардың кешені. Рекультивация объектілеріне: карьерлер, олардың үйінділері және т.б. жерлер жатады. Жерді қалпына келтіру жөніндегі жобада келесідей мәселелер қарастырылады: топырақтың құнарлы қабаты, алынатын учаскенің ауданы есептеліп, біріншісінің қалыңдығы сыдырып алынатын құнарлы қабаттың көлемі анықталады, уақытша үйінділерді қоятын орын алынған ТҚҚ пайдалану бағыттары белгіленеді.
Жалпы жерді қалпына келтіру жөніндегі жұмыстар екі кезеңде жүргізіледі: 1) техникалық, 2) биологиялық. Біріншісінің мақсаты жер бетінің кеңістік қасиеттерін қалпына келтіріп биологиялық рекультивацияға осы жағынан жағдай жасау. Бұл кезең жерді тегістеуді, керекті жағдайда химиялық мелиорацияны жүргізуді жол, гидротехникалық және басқа инфроқұрылымдарды қалыптастыруды қамтиды. Ал екіншісі міндетті жердің құнарлығын және өзгерген жер учаскелерін қалпына келтіру, ол үшін эр түрлі агротехникалық, фитомелиорациялық шаралар қолданылды. Бұл іс- әрекеттердің мақсаты сол жердің флора мен фаунасын, жалпы шаруашылық құндылығын қалпына келтіру. Қалпына келтірілген жерлерді қолданудың негізгі бағыттары:
- ауыл шаруашылығында, егер қайта қалпына келтірілген жерлер ауыл шаруашылық алаптары болса;
- орман шаруашылығы, егер орман екпелері болса;
- балық шаруашылығы, егер балық өсіру су айналым құрылысы болса;
- су шаруашылығы, әр түрлі мақсаттағы төменгі рельефте су қоймалары құрылысы;
- рекреациялық, егер бұзылған жерлерде демалыс зоналарының құрылысы;
- санитарлық-гигиеналық, егер қоршаған ортаға зиян келтірілген, халық шаруашылығына қолдануға тиімсіз бұзылған жердің биологиялық және техникалық консервациясы қарастырылса;
- құрылыстық, егер бұзылған жерлерді өндірістік және азаматтық құрылыстар салуға ыңғайландыру.
ТҚҚ алынатын учаскелердің аудандары, құнарлы қабатының қалындығы, оны пайдалану жолдары, уақьпша 1 үйінділердің орналасуы, жақсартылуға жататын алаптардың аудандары, онда төселетін ТҚҚ қалындығы және бұл жерлерді пайдалану жөніндегі талаптар белгіленеді.
3.6 Ауылшаруашылық жерлерді ауылшаруашылығына жатпайтын қажеттіліктеріне бергендегі ауылшаруашылық өндірістің шығыны
Ауыл шаруашылық өндірісі шығының құны ПП = Р×С×К анықталады .
Жер сапасының айырмашылығы әртүрлі сапалы жерлерге келетін бірдей шығындардың орнын толтырумен, тиімділігімен себептелінеді. Бұл жағдай бойынша, бірдей шығында қай жерде өнім көбірек алынса, сол жердің сапасы жоғары деп есептеледі. Алынған өнімдердің айырым саны түрінде жерлер сапасаның айырмашылығын көрсетеді.
Уақытша жол құрылысын салу уақытына бөлінетін жерлер:
1. Уақытша жолға арналған жер тұрақты пайдалануға берілетін жердің сол жағынан беріледі. Себебі трассаның оң жақ бөлігі бос болып табылады. Уақытша жолға 2 бағытта 2 көлік сиятындай ендігі 6 м жол беріледі. Ал ұзындығы 6 км, яғни 6000 м болып саналады.
S = 6 м * 6000 м = 36000 м ² = 3,6 м га
2. Топырақтың құнарлы қабатын үюге:
Топырақтың құнарлы қабатын үюге үлкен бос кеңістік болмаған соң, валик әдімен тұрақты жолдың шетіне үйіледі. Топырақтың құнарлы қабаты жерге бөлініп, яғни шаруа қожалықтарының өзін тиесілі жерлерге үйіледі.
1) Таушық жер пайдаланушысында:
V= 706, 02 м³
V= S*h
S= V/ h= 706, 02 /1,5= 470,68 м²
S= а*b = 470,68 м²
а (ұзындығы)= 470,68/1=470,68 м
Бірінші үйіндінің ұзындығы 470,68 м – ге тең.
Ауданы: 470,68 м²
2) Агрофирма
V= 447,93 м³
V= S*h
S= V/ h= 447,93/1,5= 298,62 м²
S= а*b = 298,62 м²
а (ұзындығы)= 298,62 м²/1=298,62 м
Ауданы: 289,62 м²
3) Ардагер – Броилер
V= 430,05 м³
V= S*h
S= V/ h= 430,05/1= 430,05 м²
S= а*b = 430,05 м²
а (ұзындығы)= 430,05 м²/0,7=614,4
Ауданы: 614,4 м²
Жалпы топырақтың құнарлы қабатын үюге: S+ ++= 470,68+289,62+: 614,4= 1374,7м²

- Автомобиль жолының құрылысына жер бөлу
- Автомобиль ЗИЛ – 130
- Автомобиль малого класса, с разработкой коробки передач
- Автомобильная безопасность
- Автомобильная дорога
- Автомобильная промышленность
- Автомобильная промышленность в регионах
- Автомобиль ГАЗ 6611
- Автомобильге ТҚ көрсету
- Автомобильге ТҚ көрсету
- Автомобиль грузовой – Зил-5301
- Автомобильдердің жалпы құрылысы
- Автомобильдің күш балансы
- Автомобильдің тарту есебі