Автомобиль жолының құрылысына жер бөлу
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ГЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
ГЕОГРАФИЯ, ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУ ЖӘНЕ КАДАСТР КАФЕДРАСЫ
Курстық жұмыс
Автомобиль жолының құрылысына жер бөлу
Қабылдаған: Абдығалиева С.С.
Орындаған: Абенов.Б
КІРІСПЕ
Автомобиль жолы - автомобильдердің және басқа да көлік құралдарының белгіленген жылдамдықпен, жүктемелермен, көлемдермен үздіксіз, қауіпсіз жүрісін қамтамасыз ететін, автомобильдер қозғалысына арналған инженерлік құрылыстар кешені, сондай-ақ осы кешенді орналастыру үшін берілген жер учаскелері (көлік жерлері) және олардың үстіндегі белгіленген көлем шегіндегі әуе кеңістігі;
Жол жамылғысы - көлік құралдары доңғалақтарының және атмосфералық факторлардың әрекетін тікелей қабылдайтын және төмен жатқан қабаттар үшін қорғау қабатының қызметін атқаратын жол төсемінің жоғары бөлігі;
Автомобиль жолының жобасы - автомобиль жолының жердегі орналасуын, жоспар элементтерінің параметрлерін, жер төсемінің көлденең және бойлық бейіндерін, жол төсемінің конструкциясын, су өткізетін және өзге де инженерлік құрылыстарды, жолдардың қиылысуы мен түйісуін көрсете отырып, сондай-ақ жолды абаттандыру, жол қозғалысын ұйымдастыру және қауіпсіздігі, құрылысын ұйымдастыру, жол сервисі құрылыстарын және жұмыс көлемі мен құнын анықтау арқылы басқа да инженерлік құрылыстарды орналастыру мәселелерін шеше отырып автомобиль жолын жобалаудың нәтижесі ұсынылған белгіленген мазмұндағы және құрамдағы есептік және жобалық техника-экономикалық құжаттардың жиынтығы;
I бөлім. Табиғи климаттық жағдайы.
Объектінің орналасқан жерінің табиғат жағдайы
Ақтөбе облысы — Қазақстанның солтүстік-батыс өңірінде орналасқан. Терістігінде — Ресей Федерациясының Орынбор облысымен, оңтүстігінде — Өзбекстан Республикасының құрамындағы Қарақалпақстанмен, батысында — Маңғыстау облысы, Атырау және Батыс Қазақстан, шығысында — Қостанай, оңтүстік-шығысында — Қызылорда облыстарымен шектесіп жатыр. Осындай үлкен аймақты алып жатқан облыс солтүстіктен оңтүстікке дейін 700 шақырым, шығыстан батысқа дейін 800 шақырым жерге созылған 300 мың шаршы аумақта орналасқан.
I-1. Ауа-райы.
Аймақтағы ауа райы континеттік құбылмалы. Қаңтар айындағы температура -15 -16 ºС құраса, мауымда +22-тен +25 ºС дейін жетеді. Шауын-шашынның жылдық орташа мөлшері - 125-350 мм.
I-2. Жер бедері.
Жер бедері - жазық, облыс аумағының ауқымды бөлігі – төбе-бөктерлі жазықтық. Солтүстігінде Орал тауларының оңжақ сілемдері орналасқан. Орталық бөлігінде Мұғалжар тауларының шөгінділері (657 м). Батыс бөлігін Каспий өңірінен оңтүстік батысқа қарай созылған Урал үстірті алып жатыр. Оңтүстік шығысында – тұтасқан жал-жал құмдар: Арал өңірі Қарақұм, Үлкен Борсық және Кіші Борсық. Солтүстік шығысында – Торғай үстірті.
Жер көлемінің көпшілік бөлігі таулы-қыратты жазықтық. Солтүстігінде Орал тауының оңтүстік сілемдері орналасқан. Орталық
бөлігінде Мұғалжар таулары созылып жатыр. Мұғалжар таулары – бұл аласа қыраттар мен шоқы топтарының меридионалдық тізбегі, солтүстігінде Ор өзенінің шығанақ ендігінен 480-дан оңтүстігіне дейін созылған. Мұғалжар тауларының оңтүстік бөлігі ең биік жəне тұтас болып келеді. Мұнда теңізден 657м биіктікте орналасқан Үлкен Бақтыбай биік шыңы бар. Бұл Батыс
Қазақстандағы ең биік нүкте болып табылады. Мұғалжар тауларының табиғаты ең керемет, айрықша таза жəне есте қаларлықтай шеп болып табылады. Олар бір жағынан Каспий теңізі хауызына қатысты (Ор жəне Ембі) өзендері, екінші жағынан шығысқа жəне оңтүстік - шығысқа, Солтүстік Арал жағалауы (Ырғыз) мен Торғай ойпатының жазықтықтарына ағатын өзендерге су айырығы қызметін атқарады. Бұл өзендердің жəне салаларының барлығы бастауын Мұғалжар тауларының қойнауындағы бұлақтардан алады.
Атап айтқанда, Мұғалжар таулары Орал жоталарының шекарасына дейін жағалай созылып, Еуропа мен Азияны табиғи жағынан бөліп тұр. Осының құрметіне асудың биік нүктесінде белгі ретінде "Еуропа-Азия"ескерткіші орнатылған. Батыс бөлігінде Каспий теңізі маңы ойпатына дейін жалғасатын
Жайық-Ембі шоқысы, оңтүстік-шығысында дөңесті құмдар сілемдері: Арал маңындағы Қарақұм, Үлкен жəне Кіші Борсық, солтүстік-
шығысында Торғай шоқысы. Мұндағы өзендер аңғары бірнеше жағалай созылған террасаларымен кең. Су айырықтарының бойы жазық, жиі текшелі болып келеді.
Егер Малғажар тауларынан шығысқа қарай жүрсек, терең емес
тұщы сулы көл шұңқырлары жəне тұзды сор көлдері мол, кең қыратты
Торғай жазығында боламыз. Үстүрт шоқысы мен Торғай жазығының арлығындағы жартылай шөлді жазық мекенді Солтүстік Арал маңы деп атайды. Ол Арал теңізінің жағалауына дейін созылып жатыр. Осы жазықтықта Ақтөбе облысындағы ең ірі көшпелі құмдар алабы орналасқан: Қызылорда облысымен шекаралас жерде Кіші Борсық құмы темір жол магистралін кесіп өтеді,ал оңтүстік-батысында Шалқар қаласынан жүз елу шақырым жерде Үлкен Борсық құмды алабы созылып жатыр. Солтүстік Арал маңы ауданы Торғай жазығынан шартты түрде Ырғыз өзенінің төменгі ағысының ендік бөлігі арқылы бөлінуде. Ырғыз жəне Торғай өзендерінің сағалары сонымен бірге осы өзендер құятын үлкен жабық шұңқыр Тұран ойпатының шекарасында жатыр. Ақтөбе облысының "томпақ" кең оңтүстік-шығысындағы Шалқар соры ауданында жердің беті мұхит деңгейінен 50 метр төменде орналасқан кеңдік бар.
I-3. Топырағы.
Облыстың солтүстігі орман жазықтығы, ауқымды бетегелі ақселеу мен жусанды кеңістікті сары дала. Сондай-ақ, оңтүстігіне қарай жапырақты қарағай мен шоқ қайыңнан бастап тобылғы мен сексеуілге дейін өсетін жартылай елсіз кең алқап.
Облыстың солтүстік батыс бөлігі – сортаңды ақтаңдақтарымен қоңыр қошқыл топырақты бетеге, боз, жусан өсетін жазық.
Орталық және солтүстік шығыс бөлігін ақшыл сарғылт және сұр түсті топырақты дәнді алқап алып жатыр.
Оңтүстігі күн сәулесі төгілген жусан иісті қоңыр топырақты тұзды құмдар мен ақ сор жапқан шөл дала.
I-4. Гидрографиясы.
Ақтөбе облысының басты өзендері Сағыз (510 км), Қобда, Ембі (712 км), Ұлқаяқ (349 км), Елек (623 км) болып табылады. Сондай-ақ, облысы аумағында ірі Торғай (825 км), Ойыл (800 км), Жем (712 км), Ырғыз (593 км), Ор (314 км) өзендері ағады. Торғайдан басқа, аймақтағы барлық үлкен өзендер бастауын Ақтөбе облысының орталығындағы Мұғалжар тауының қайнарынан алады. Негізінен өзендер жыл бойғы 75-95% жоғалтқан арнасын көктемгі қар суымен толықтырады.
Ақтөбе облысында 1 700-ден аса көл бар. Олардың 227-сі 1 км2 астам аумаққа орналасқан. Ең ірі көлдердің (Жаркөл, Байтақкөл, Құрдым, тағы басқалар.) 10-нан 45 км2 дейін айдыны бар. Көлдердің көбінің сулары тұщшы немесе татымды минеральды болып келеді. Шағын өзендердің орташа тереңдігі 0,7-1,2 м, үлкендері - 4 м дейін жетеді.
Аймақта тұщшы жер асты суы мен минеральды су қорларының мөлшері жеткілікті. Су қорларының жоғарғы бөлігі орташа көпжылдық су сақталуы бойынша 3 610 млн. м3 суды, жерасты су қорлары - 653 млн. м3 суды құрайды.
I-5. Өсімдіктері.
Облыстың солтүстік-батысы бетеге, жусан жəне дəнді түрлі шөптер өскен сор алапестері бар қызыл топырақты дала. Орталық жəне солтүстік-шығыс бөлігін қызыл жəне сұр топырақты дəнді, шөл дала алып жатыр. Оңтүстігінде жусанды сортаң шөлдер жəне құмды – тұзды алқапты қоңыр сортаң топырақты шөлдер.
Ормандар облыс көлемінің 1%-ке жуығын құрайды.Сирек орман топтарын қорғау мақсатында тірі табиғат ескерткіші мəртебесіне ие, жалпы көлемі 34 гектар алты телім берілді.
Облыстың кейбір аудандарында қолдан жасалған ормандар XYII ғасырдың аяғы XYIII ғасырдың басында отырғызылған еді, қазір бұл қарағайлы ормандарға үш ғасырдай болды.
II бөлім. Негізгі бөлім.
II-1. Әдебиетке шолу.
Жобалау - жерге орналастыру процестерінің ең маңызды және күрделі кезеңі болып саналады. Жобаны құру және негіздеу- барлық жерге орналастыру процесінің жүрегі. Жобалық шешімдерді өңдеу әдісі, оларды экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және құқықтық негіздеу жерге орналастыруды жобалаудың предметі болады.
Қазіргі жерге ораластыру теориясы экономикалық, құқықтық проблемалар бойынша бұрынғы негізгі техникалық, технологиялық аспектілерді сақтай отырып қоғамдық құрылымдағы түпкілікті өзгерістерді ескере отырып яғни жоспарлы- таратушы жүйеден нарықтық қатынасқа өтуі жерге орналастыруда айтарлықтай өңдеуді талап етеді.
Қазіргі жерге орналастыру ғылымы зерттеудің қәзіргі әдістерін кең қолданады(есептік-варианттық, статистикалық, монографиялық, экономико-математикалық (ЭММ, болжамдау әдістері және т.б.), ұғымның диалектік- материалистік әдісіне негізделген.
Жерге орналастыру ғылымының даму барысында жоғарғы оқу орындарында жеке ғылыми пәндер қалыптасып келеді. Солардың ішінде «Жерге орналастырудың ғылыми негіздері», «Жерге орналастыру жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау», «Жерге орналастыруды жобалау», «Жер ресурстарынпайдалануды жоспарлау және болжау», «Жерге орналаст0ырудағы геодезиялық жұмыстар» және т.б.
Жалпы жерге орналастыру теориясы жобалаудың, оның экономикалық мәні мен тығыз байланысты және бірге көп жылдар бойы дамып келеді. Жобалық жұмыстарды ұйымдастыру әр түрлі болуы мүмкін: жер, су және басқа ресурстарды пайдалану жөніндегі болжамдық белгілер негізінде қабылданған жүйе бойынша қатаң болуы мүмкін, ауданның жерге орналастыру схемасын құрады,сосын шаруашылық аралық жерге орналастыру жобаларын және шаруашылық жерін ораластыру жобасын, экономикалық мүмкіндіктерінің пайда болуы мен талабының өсу шамасына қарай жеке учаскелерге әртүрлі шараларды қажет ететін учаскелік жерге орналастыру жобалары өңделеді. Осындай жолмен қабылданған ауданның схемасы мен жобалық шешімдері жекеленіп жүзеге асады.
Бірақта, тәжірибеде әр түрлі ситуациялар кезігіп жатады, бұндай кездері көрсетілген қатаң жүйені сақтау мүмкін болмайды немесе қиынға соғады. Бұндай жағдайларда жобалық мәселелерді шешу әдісі мен ұйымдастырылуы қатты өзгермейтін өңделгенжобалық мәселелер жеке таңдап орындалады. Дегенмен, кез келген жағдайда анық белгілермен басқару, жалпы қажетті басқару ережелерімен жерге орналастыру процессі толық және жеке жобалауды жүзеге асыруы біріңғай талаптарды, қағидаларды және нормаларды орындауды талап етеді.
Шаруашылық аралық жерге орналастыру (ШАЖО) бір топ шаруашылықтың, ал кейбір кезде бүтін аудандардың территориясында жүргізіледі, бірақта тек жеке саланың (өнеркәсіп ауыл шарауашылығы және т.с.с.) шеңберінде. Нақтылы түрде ШАЖО әртүрлі мемлекеттік және мемлекеттік емес заң түлғалары мен жеке тұлғалардың мүдделерін, олардың жер иеленушіліктері мен жер пайдаланушылықтарын құру немесе қайта құру арқылы қанағаттандырып отырады. Оның түр тармақтары ауылшаруашылық және ауылшаруашылық емес жерлерде жүргізілуіне қарай ажыратылады.
Шаруашылық жерін орналастыру (ШЖО) тек ауылшаруашылық көсіпорындарының, серіктестіктердің, кооперативтердің және ШФҚ-ның шеңберінде ғана жүргізіледі. Оның негізгі масаты жерді өңдеудің жаңа технологияеын енгізуге, топырақты әр түрлі техногендік және табиғи теріс ықпалдардан қорғауға, мәдени ландшафттарды жойылудан сақтап қалуға және жаңаларын қалыптастыруға қолайлы территориялық реттілік жасау.
Шаруашылық жерін орналастыру формаларының бөлінуі тәлімі және суармалы егіншілік аймақтарында жобалық міндеттердің әр түрлі әдіс-тәсілдері арқылы орындалуымен себептеледі.
Тәлімі егіншілік аймақтарында жер учаскелерінің пайдалануы топырақ қорғау жүйесін, эрозия (жел, су немесе олардың қосыла әсер етуі) қауіптілігін,жердің сортаңданғандығын және басқа да осы тәріздес теріс ықпалдарды ескере отырып ұйымдастырылады. Осымен қатар басқа территориялардың да (аридтік және маусымдық жайылымдар) ерекшеліктері ескерілуі мүмкін. Суармалы егіншілік дамыған аймақтарда ішкішаруашылық территорияны реттестіру суару жөне коллекторлық - дренаждық жүйенің, оның жеке элементтерінің орналасуымен, суды пайдалану мәселелерімен тығыз байланысты.
Учаскелік жерге орналастыру жеке учаскенің немесе алқап түрінің шеңберінде жүргізіледі. Жерге орналастырудың бұл түрінде жұмыс жобаларының типтеріне қарай мынадай түр тармақтарын белгілеуге болады:
1-ауылшаруашылық алаптарды жақсарту;
2-бүлінген жерлерді қалпына келтіру (рекультивация);
3-жаңа жерлерді игеру;
4-культуртехникалық шараларды жүргізу;
5-эрозияга қарсы шараларды жобалау;
6-мелиоративтік шараларды жоспарлау.
Әртүрлі мемлекеттік және қоғамдық қажеттіліктерге жер беру мемлекеттік заңдық актілермен реттеледі. Республикалық жер кодексіне сәйкес жер бөліп беру шаруашылықаралық жерге орналастыру жобасын жасау негізінде орындалады. Әртүрлі өндірістік, транспортттық және басқа ауылшаруашылығына жатпайтын объектілердің орналасуы халық шаруашылығы салаларының әлеуметтік және экономикалық даму жоспарына байланысты орындалады. Жерге орналастыру іс барысында жер пайд. нактылы орналасу орны белгіленеді; конфигурациясы, ауданы, шекарасы анықталады. Жер бөліп берудегі пайда болған заңдық техникалық экономикалық және экологиялық мәселелер жерге орналастыру жобасын жасау негізінде шешіледі.
Ауылшаруашылығына жатпайтын қажеттіліктерге жер бөлу жобасын жасаудакелесі талаптар қамтамасыз етілуі тиіс:
құрылысы жүргізілетін объектінің өндірістік іс барысына ыңғайлы жағдай жасау;
жер пайдаланудың ауданы, конфигурациясы және орналасқан табиғи климаттық жағдайы оның пайдалану мақсатына сәйкес болуы;
жер және табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды және қорғауды қамтамасыз етеді;
жерге ауылшаруашылығы және орман шаруашылығы өндірісінің приятеттілігі (үстемділігі) принципін орындау;
жер иелігінің және жер пайдаланудың кемістіктерін пайда болдырмау.
Өндірістің, транспорттың, қалалардың, елдімекендердің және басқа ауылшаруашылығына жатпайтын объектілердің дамуы көптеген ауылшаруашылығына жатпайтын қажеттіліктерге беруге әкеледі. Бұл жағдай жер бөліп беру жобасын қатал негіздеуді және ауылшаруашылық жер пайдалануының үстемдігін қатал орындауды талап етеді.
Ауылшаруашылығы жер пайдалануының үстемділігі ҚР жер кодексімен келесідей қамтамасыз етіледі:
ауылшаруашылығына жатпайтын қажеттілікке мүмкіншілігіне қарай ауылшаруашылығына жарамсыз және құнарлылығы төмен жерлер беріледі;
бұл қажеттіліктерге ерекше құнды өнімді жерлер берілмейды;
тек ерекше жағдайларда ғана кадастрлық құны орташа аудандық деңгейден жоғары ауылшаруашылық алқаптарын ауылшаруашылығына жатпайтын қажеттіліктерге беріледі;
ұзын сызықтық объектілерге жерлер қазіргі кездегі бар жолдарды және ауыспалы егіс танаптарының шекараларын бойлай беріледі;
орман қоры жерлерінен ағаш баспаған және құнсыз екпелер өсетін жерлер беріледі. Тұрақты және уақытша пайдалануға жерлер берілгенде ауылшаруашылық және орман шаруашылық шығындарын қайтару;
ауылшаруашылығына жатпайтын объектілердің құрылысын жүргізуде және олардың өндірістік іс барысында пайда болатын жер пайданушылардың құқықтардың шектеулер жерді пайдаланудағы және иеленудегі ыңғайсыздықтар жерлердің сапасының төменденуіне байланысты жер пайдаланушылардың және жер иеленушілердің шығымдарын қайтару;
ауылшаруашылығына жатпайтын объектілердің құрылысын жүргізудегі жер қыртысының бұзылуын қайтадан орнына келтіру, рекультивациялау;
ауылшаруашылығы қажеттілігінде жер қыртысының, топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алып сақтау және кейін пайдалану;
ауылшаруашылығына жатпайтын қажеттіліктерге жер бөлудегі шешетін негізгі мәселелер тұрақты және уақытша пайдалануға бөлінетін жерлердің ауданын анықтау, жер пайдаланушылардың және жер иеленушілердің шығындарының мөлшерін анықтау және оларды қайтару тәртібін белгілеу;
ауылшаруашылық өндірісінің шығындарын анықтау;
бұзылған жерлерді рекультивациялау жайында ұсыныстарды белгілеу;
жерге төлемақы мөлшерін анықтау және жобаны заңды рәсімдеу.
Сызықтық ұзын объектілердің: автомобиль жолдарының, темір жолдардың, құбырлардың, байланыс және электр жүйелердің құрылысына жер бөлудегі тұрақты және уақытша жолақтардың ені жоғарыда аталған объектілердің техникалық мінездемелеріне сай нормаларымен бекітіледі. (СН 467-74, СН 465-73, СН 461-74, СН 452-73).
Мысалы автомобиль және темір жолдардың жер бөліну ені олардың техникалық сипаттамаларына сай анықталынады. Электр тасымалдау жүйелеріне бөлінетін жердің ені және оның қуаттылығына байланысты болады.
Жоба планында қорғау санитарлық зоналардың және кері әсерін тигізу зоналарының шекаралары белгіленеді.
Бонитет балын есептеу
Топырақтарды бонитеттеу жер бағалау жұмыстарының бірінші сатысы ретінде жерді экономикалық бағалау үшін топырақ топтары түрінде бастапқы негіз беру керек. Бонитеттеу барысында анықталған, белгілі жаратылыс нышандарымен сан жүзінде сипатталатын топырақ топтары кейін эконокмикалық көрсеткіштер бойынша бағаланады. Топырақты бонитеттеу мәліметтерінің жерді, оның жаратылыс сипаттамаларын ескере отыра, тиімді пайдалану мәселелерін шешуде маңызы зор.
Жалпы, топырақтарды бонитеттеу жұмыстары екі сатыдан тұрады:
1. бонитеттеу шкаласын құру;
2. бағалау шкаласын бағаланатын жерлерге салу (жеке суарылатын, суарылмайтын егістер, табиғи мал азықтық алқаптар және көпжылдық екпелер). Бағалау объектісі ретінде топырақ түрлері алынады.
Бонитеттеу шкаласын құру үшін топырақ, мелиоративтік және басқа зерттеулердің сапалы мағлұматтары пайдаланылады. Бағаланатын топырақ мәліметтері ретінде:
1. 0-50 см қабатындағы қарашірік мөлшері, %;
2. 0-50см қабатындағы жұтылған натрийдің орта салыстырмалы мөлшері, % жұту сыйымдылығынан;
3. 0-50 см қабатындағы жұтылған магнийдің орта салыстырмалы мөлшері, % жұту сыйымдылығынан;
4. 0-50 см қабатындағы тұздардың орта салыстырмалы мөлшері (%) және тұздану түрі;
5. Шағылдық (ұсақ тастақтық)
6. Тастақтық, топырақ түрі орналасқан жердің тастану дәрежесі;
7. Топырақ түрі орналасқан жердің гидроморфтік дәрежесі.
Әр топырақ түрінің бонитет негізі болып 0-50 см қабатындағы қарашірік мөлшері (%) бойынша есептеледі, ал барлық басқа қасиеттеріне түзету коэфиценттері енгізіледі.
Бонитет латын тілінен аударғанда «сапалылық» дегенді білдіреді. Топырақтың бонитеті - оның сапасының көрсеткіші.
II-2. Кестелер бойынша жобаланатын объектіге сипаттама беру.
II-2.1. Жол салу үшін бөлінетін жердің ауданын есептеу ведомосі.
Кез – келген ауылшаруашылық емес мақсаттарға жер бөліп беру кезіндегі негізгі жұмыстардың бірі – бөлінетін жердің ауданын есептеу. Бөлінген жердің ауданын есептеген кезде, оның қандай алқап түрлері арқылы өтуін анықтайды. Өйткені ауылшаруашылық жерлеріне жатпайтын қажеттіліктерге жер бөлген кезде олардың неғұрлым ауылшаруашылыққа жарамсыздығын және құнарлылығының төмен болуын ескерген жөн. Жол салу үшін бөлінетін жердің белгілі бір шаруашылық территориясынан алынатындығын, шаруашылықтың жерінің құнарлылық коэффицентін ескерілуі қажет.
Курстық жұмыста автомобиль жолына бөлінетін жердің ауданы есептелген. Бөлінетін жердің құнын анықтау үшін топырақ түрлері жеке-жеке анықталған. Әр шаруашылық бойынша берілетін жерді жеке шаруашылық бойынша санау үшін әр алқаптар және топырақ түр тармақтары бойынша жеке-жеке есептеу үшін автомобиль жолына бөлінетін жерлер учаскелерге бөлінген. Жиырма екі учаске бар, әр учаскеге яғни шаруашылығы топырақ түрі және алқап түрі бойынша біріктірілген. Әр шаруашылықты жеке-жеке алып отырамыз. Жер пайдаланушы: “Батыс” шаруа қожалығы, жер учаскесі 1, бөлінетін алқап түрі шабындық, бөліп беру жолағының ені 51м, бөліп беру жолағының ұзындығы 960м, бөліп беру жолағының ауданы 4,896м.га. Аудандарды есептеуде геометриялық тәсіл қолданылады. Бөлінетін жердің конфигурациясы күрделі болғандықтан, әр учаске бойынша жеке-жеке өлшенеді. Пайда болған конфигурацияның ауданын есептеу қажетті күрделі конфигурациялар жер учаскесін осыған ұқсас геометриялық дұрыс ауданын есептеуде формуласы белгілі, оның ауданың ауданы бірдей трапециямен алмастырдық. Геометриялық тәсілді қолданғаным жол беткейінің табаны жобадан шамамен, аздап ауытқуы мүмкін.
II-2.2. Алынатын жер экспликациясы.
Бөлінетін жердің ауданын есептеп шығарғаннан кейін, әр шаруашылық бойынша бөлінетін жер экспликациясы құралады. Бөлінген жердің ауданымен 6ipгe оның алтаптық құрамы анықталады. Яғни, әр шарушылықтан алынатын алқап түрі және оның көлемі көрсетіледі. Көрсеткіш әр алқап түрін жекелей және де әр шаруашылықтағы көлемін көрсетеді.
Экспликация бойынша жер бөлінді. 3 шаруашылықтың қосындысы – 62,7525га; әр шаруашылық бойынша: “Батыс” шаруа қожалығы – 25,1775га,оның ішінде егістік – 5,025, шабындық – 20,1525. ААҚ “Ақтөбе” – 21,225га,оның ішінде егістік – 10,585, шабындық – 10,64. АҚ “Жаңажол” – 16,35га, оның ішінде жайылым – 16.35.
II-2.3.Тұрақты пайдалануға берілетін және топырақтың құнарлы қабаты сыдырылып алынатын учаскелердің ауданын анықтау.
Тұрақты пайдалануға берілетін және топырақтың құнарлы қабаты сыдырылып алынытын учаскелердің ауданын анықтауда автомобиль жолына бөлінетін жердің құнарлы қабатының қалыңдығы топырақ картасының негізінде анықталған.
Ауылшаруашылық өндірістің шығынын анықтау мақсатымен берілген жердің сапалық құрамы (құндылығы) табылады. Кез – келген мақсатқа жер бөлген кезде, оның сапалық жағдайы ескеріледі. Ол топырақты зерттеп, оның бонитет баллын есептеу арқылы жүзеге асады. Топырақтың құнарлылық қабатын есептеу үшін бөлінген жердегі топырақ құрамын зерттеп, әр топырақ типтерінің ауданын есептеу қажет. Есептеу жол салуға бөлінген жер учаскесінің ұзындығы мен еніне байланысты.
II-2.4. Жердің құндылығын анықтау
Топырақтарды бонитеттеу жер бағалау жұмыстарының бірінші сатысы ретінде жерді экономикалық бағалау үшін топырақ топтары /кластары/ түрінде бастапқы негіз беру керек. Бонитеттеу барысында анықталған, белгілі топырақ топтары кейін экономикалық көрсеткіштер бойынша бағаланады. Яғни, ауылшаруашылық жеріне жатпайтын жер учаскесін бөлген кездегі, әр алқап түріне байланысты және әр шаруашылық территориясынан алынатын гумус қабатын есептейміз. Осы бөлінетін жердің ауыл шаруашылық жеріне жатпайтындығын, оның құнарлылығын анықтау арқылы көрсетеді. Жер құндылығын анықтау әр топырақ типінің көлемі мен бонитет баллына ба йланысты анықталады.
II-2.5. Сыдырылып алынатын топырақтың құнарлы қабатының көлемін анықтау
Ауылшаруашылық жерлеріне жатпайтын жер учаскілерін қолданар алдында, оны толығымен құнарсыздандырады. Құнарсыздандыру жер учаскесіндегі топырақтың құнарлы бетін сыдыру арқылы жүзеге асады. Алынған топырақ бетін кейін басқа жерлерді рекультивация жасауға қолданады. Жол салу мақсатына бөлінген жер учаскесінен сыдырылып алынатын топырақтың құнарлы қабаты топырақ қалыңдығы мен топырақ контурының ауданына байланысты.
II-2.6. Ауылшарушылық жерлерді ауылшаруашылығына жатпайтын қажеттіліктерге бергендегі ауылшарушылық өндірісінің шығыны
Жердің ауылшаруашылық айналымның тұрақты немесе уақытша тиіс қалуы ауылшаруашылық өндірісті белгілі бip мөлшерде шығынға өкеліп соғады. Заң бойынша бұл шығындар өтелуге тиісті. Олар арнайы нормативтік тәсілдермен анықталады. Жол салуға бөлінген жердегі ауылшарушылық жеріне жататын участіктер болатын болса, онда оның шығынын есептейді. Ауылшарушылық өндіріс шығынын есептеу бонитет баллы, жаңа жер игеру құны және жердің нормативтік құнына түзету коэфицентін есептеу арқылы жүзеге асады.
II-2.7. Құрылыс нысандарын бұзғандағы өндіріс шығынын анықтау
Кез – келген мақсатқа жер бөлгенде ондағы орналасқан ғимараттар нысанын ескерген жөн. Жер учаскелерін бөлгенде, сол территорияда орналасқан ғимараттардың құны ескерілуі тиіс. Осы жол салу мақсатына жер бөлу жобасында қанша ғимарат нысандары бар екенін есептеп, оның өндіріс шығынын есептейміз. Олардың жарамдылық коэффиценті, бастапқы мен қазіргі бағасы, саны ескеріледі. Құрылыс нысандарын көшірген кезіндегі шығын көрсетілген нормативтік бағадан аспауы қажет.
км) жер бөлу жобасының түсініктемесі.

- Автомобиль ЗИЛ – 130
- Автомобиль малого класса, с разработкой коробки передач
- Автомобильная безопасность
- Автомобильная дорога
- Автомобильная промышленность
- Автомобильная промышленность в регионах
- Автомобильная промышленность в регионах
- Автомобильге ТҚ көрсету
- Автомобильге ТҚ көрсету
- Автомобиль грузовой – Зил-5301
- Автомобильдердің жалпы құрылысы
- Автомобильдің күш балансы
- Автомобильдің тарту есебі
- Автомобиль жолы