Қазақ және ағылшын тілдеріндегі қарсы мәндес Фразеологизмдер
Мазмұны
Кіріспе .............................. |
3 | |
І |
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі қарсы мәндес |
|
Фразеологизмдер .............................. |
5 | |
1.1. |
Қарсы мәндес фразеологизмдердің зерттелу тарихы ..................... |
5 |
1.2. |
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі қарсы мәндес |
|
фразеологизмдердің жасалу
жолдары .............................. |
11 | |
1.3. |
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі лексикалық антонимдер мен |
|
фразеологиялық антонимдердің айырмашылықтары мен |
||
ұқсастықтары .............................. |
12 | |
ІІ. |
Қос тілдегі фразологиялық антонимдік-синонимдік |
|
парадигмалар .............................. |
14 | |
2.1. |
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі антонимдік |
|
фразеологизмдердің |
14 | |
2.2. |
Қарсы мәндес фразеологизмдердің полисемия құбылысымен |
|
байланысы .............................. |
16 | |
2.3. |
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі қарсы мәндес |
|
фразеологизмдердің контексте
орын алуы .............................. |
19 | |
Қорытынды .............................. |
22 | |
Қолданылған әдебиеттер
.............................. |
23 |
Кіріспе
Жалпы кез-келген
ғылымда қарама-қарсылық ұғымы
кеңінен сипатталынып, ауқымды түрде
түсіндіріледі. Аталмыш ұғым
Тілдегі антонимия құбылысы психолингвистикалық, семантикалық, гносеологиялық аспектлерде кеңінен зерттелді. Тұрақты сөз тіркестері де антоним қасиетіне ие бола алады. Тіл біліміндегі қарсы мәнді фразеологизмдердің туындауына адамның ой-санасында объективті дүниедегі заттар мен құбылыстар, табиғат құбылыстары туралы ұғымдарды салыстыру және осы ұғымдарды бір-біріне қарсы қою секілді қабілеті әсер еткен. Дегенмен, фразеологиялық антонимдер лингвистиканың кешірек зерттеле бастаған, әлі де болса тереңірек зерттеуді қажет ететін дүниесі. Аталмыш мәселенің тіл біліміндегі өзектілігі жөнінде академик І. Кеңесбаев былай дейді: “Фразеология саласында басы ашылмаған, тіпті, күн тәртібіне қойылысының өзі принцптік тұрғыдан шешілмеген мәселе антонимия. Жеке сөз лексема көлемінде айдан анық көрінетін, осы құбылыс тиянақты сөз тіркесі аясында көмескеленіп айқын аңғарылмайды. Әйтсе де, фразеологизмдер табиғатында «сырт» тұрпаты жағынан да «ішкі» ұғымы жағынан да қарсы мағына сипатындағы тіркестердің бары анық. Алайда бұл да танылып жетпеген категория. Фразеологизмдер ішінде өзара қарсы мағына беретін сыңарлардың бары анық болса да, олардың типтері әлі де тереңірек зерттеуді, тексеруді қажет етеді. Арада жарты ғасырдай уақыт өтсе де, қарсы мәнді фразеологизмдердің қыр-сыры ашылып, топтастырылмағаны баршаға аян” [2, 10].
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі таңда синонимдік фразеологизмдердің семантикалық категорияларына қатысты мәселелер ғана қарастырылған, ал қарсы мәнді фразеологизмдер оның ішінде қазақ және ағылшын тілдеріндегі антонимдік фразеологизмдерді салыстыра зерттеу назардан тыс қалған тақырып. Сол себепті, жеке сөз, лексема көлемінде анық байқалатын антонимия құбылысын екі тілдік фразеологизмдердің ауқымында қарастыру жан-жақты талдауды қажет ететін тың мәселе. Олай болса, ана тіліміздегі мағыналары қарама-қарсы мәнде жұмсалатын антоним фразеологизмдердің топтарын, тілдік ерекшеліктерін ағылшын тіліндегі антонимдік фразеологизмдермен салыстыра зерттей отырып, ұлт, тіл, мәдениет пен өркениеттің өзара сабақтастығын айқындау өзекті мәселелер қатарына жатады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Курстық жұмыстың негізгі мақсаты – екі тілдегі антонимдік тіркестердің мағыналық сипатын ашу, контексте қолданылу ерекшеліктері мен олардың қызметін анықтау. Осы мақсатқа жету үшін жұмыста мынадай міндеттерді шешу көзделді.
- қарама-қарсылықтың тіл біліміндегі зерттелу тарихына шолу жасау;
- семантикасын басшылыққа ала отырып екі тілдегі фразеологизмдердің қарсы жұбын табу, олардың жасалу жолдарын айқындау;
- екі тілдегі антонимдік тіркестердің жасалу жолдарының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау;
- екі тілдегі қарсы мәндегі тұрақты сөз тіркестерінің болымсыздық категориясымен байланысын айқындап көрсету;
- екі тілдегі қарсы мәнді фразеологизмдердің полисемия құбылысымен байланысын ашып көрсету;
- қос тілдегі қарсы мәнді фразеологизмдердің контексте берілу сипатын
- анықтау.
Зерттеу объектісі: Қазақ және ағылшын тілдеріндегі қарсы мәндес фразеологизмдер.
Зерттеу пәні: Қазақ және ағылшын тілдеріндегі қарсы мәндес фразеологизмдердің семантикалық парадигмасы.
Жұмыстың зерттеу әдістері: Тақырыптың мақсатына сәйкес екі тілдегі антонимдік фразеологизмдердің жұбын табуда топтастыру, жинақтау, статистикалық, жүйелеу әдістері және салғастырмалы әдіс басшылыққа алынды.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І тарау Қазақ және ағылшын тілдеріндегі қарсы мәндес фразеологизмдер
1.1 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі қарсы мәндес фразеологизмдер. Қарсы мәндес фразеологизмдердің зерттелу тарихы
Тілдің лексикасында қаралатын лексикалық бірліктерден (жеке сөздерден) басқа тіл бірліктерінің тұрақты сөз тіркестері деп аталатын неғұрлым күрделі ерекше түрі қалыптасқан. Бұларды тіл білімнің фразеология саласы зерттейді. Фразеология термині (грек phrasis сөйлемше және logos сөз, ілім сөздерінен шыққан) қазіргі тіл білімінде екі мағынада қолданылады. Бірінші, тілдің фразеологиялық құрамын зерттейтін саласы, екінші, белгілі бір тілдегі фразеологизмдердің жиынтығы дегенді білдіреді.
Осы күнгі тіл білімінде фразеологизм деген ұғым кең мағынада қолданылады. 1990 жылы шыққан «Лингвистикалық энциклопедиялық сөздікте» фразеологизмге мынадай анықтама берілген: «Фразеологизм дегеніміз формасы жағынан синтаксистік құрылымдармен ұқсас, бірақ олардай жалпы заңдылыққа сай сөйлеу кезінде жасалмай, даяр қалпында қайталап қолданылатын, семантикалық және лексика – грамматикалық құрамы тұрақты сөз тіркестері мен сөйлемшелер. Осы анықтамаға қарағанда фразеологизмдерге кең мағынада тілдегі мағына бірлігін сақтаған тұрақты сөз тіркестерінің түрлері мен сөйлемшелер, коммуникативтік тұрақты қолданыстағы әр түрлі коммуникативтік бірліктер, қос сөздер мен қосарлы тіркестер, ресми іс құжаттардағы даяр сөз орамдары т.б. түрінде болуы мүмкін.
Фразеологизмдердің осы айтылған түрлерінің құрылымдық, мағыналық, қолданымдық сипаты, лексикологияға қатысты бірыңғай емес. Сондықтан тәжірибе жүзінде фразеологизмдер тар және кең мағынада қарастырылады. Бұлайша бөліп қарастырудың мәні фразеологизмнің лексикалық бірлік ретінде танылатын атауыштық сөзбен мағыналық байланысына, сол арқылы лексикологиямен жақындасатынына негізделген.[1,223]
Тар мағынадағы фразеологизмдерге құрамы тұрақты, мағынасы біртұтас, даяр қалпында қолданылатын, лексикалық бірліктермен (атауыштық сөздермен) мағыналас, сырттай жай (еркін) сөздеріне ұқсас тұрақты сөз тіркестері мен сөйлемшелер жатады. Шынында, фразеологизмдерді сақтай отырып, сөз мағынасына жақын не парапар мағынаны білдіреді.
Мысалы:
ұзақ түнді көзбен
атқызды фразеологизмі –
Ал кең мағынада фразеологизмдерге жататын мақал – мәтелдер мен қанатты сөздердің, жаңылтпаштар мен жұмбақтардың, номинативтік (атауыштық) бірліктердің т.б. өздеріне тән лексика – грамматикалық, стильдік ерекшеліктері бар. Олар сөйлеу кезінде жасалмай, даяр қалпында қолданылатындығы, құрылымының тұрақтылығы жағынан ғана фразеологизмдерге жатқызылады, бірақ олардың мағынасы лексикалық бірлік ретінде сөздердің беретін мағынасына балама, парапар емес, көбінесе бейнелі түрде астарлы мағынада жұмсалады.
Мысалы:
Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей; Мың сіз – бізден бір шыж – быж; алыстан арқалағанша, жақыннан дорбала т.б. мақал – мәтелдің сипаты осындай.
Фразеологизмдердің сөйлеммен арақатынасы. Фразеологизм мен сөйлемнің құрылымдық жағында формалды жақындық, ұқсастық бар. Фразеологизмдерде жай, құрмалас сөйлемдер сияқты құрылымдар кездеседі.
Қарама-қарсылық ұғымының әртүрлі ғылым салалары мен тіл біліміндегі сипаты атты бірінші тараушада “қарама-қарсы” және “қайшылық” ұғымдарының мәні философия, психология, логика және тіл білімі салаларында қалай түсіндірілетіндігі жөнінде сөз қозғалады.
Осы орайда философиядағы Аристотель, Гегель, И. Кант, В.И. Горбач, логикадағы Д.П. Горский, А.Д. Гетманова, психолингвистикадағы Қ. Жарықбаев, Ф.Н. Гонобалин, С.Н. Кахиани, А.А. Брудный, Э.И. Родичева, В.А. Маслованың зерттеулеріндегі негізгі тұжырымдар басшылыққа алынды.
Философиялық тұрғыда қарама-қайшылық бірін-бірі жоққа шығару қасиеттерін иеленсе, осы қайшылықтың екі шегі қарама-қарсы құбылыстар болып табылады деп түсіндіріліп жүр.
Салыстыру нәтижесінде философиядағы “қарама-қарсылықтың бірлігі мен күресі заңының”: 1. Ажырамас бірлікте болу; 2. Әр қилы ғана емес, сондай-ақ біріңғай қарым-қатынаста тұрып бірін-бірі жоққа шығару; 3. Бір-біріне өту [1, 224.] сияқты басты белгілері тілдегі қарсы мәндес ұғымдардың төмендегідей белгілерімен ұштасып жатады:
1. Қарама-қарсы ұғымдар
бір-бірімен тікелей тығыз
2. Қарама-қарсы мәндес
жұптар бірін-бірі жоққа
3. Антонимдер көбінесе
қарамa-қарсы мағынада
Психолингвист ғалымдар тәжірибеде адамдардың ассоциациялы ойлауы негізінде қалыптасқан жауаптары арқылы берілген ұйытқы сөздің түрлі қарама-қарсы жағын айқындаған.
Тіл білімінде фразеологиялық антонимдерге қарағанда лексикалық антонимдер көбірек қарастырылып, әртүрлі аспектіде талданған. Тілдегі фразеологизмдердің мағына қарама-қарсылығын анықтауда зерттеушілердің лексикалық антонимдерде ұшырасатын ерекшеліктерді негіз етіп алуы да осы себептерге тікелей қатысты.
Сөз мағыналарының жұмсалымдық
қызметіне тән коммуникативтік-
Фразеологиялық парадигма сипаттаушы мен сипатталушы ұғымаралық байланыстан туындап, бір ұғым басқа бір абстракт ұғымның мәнін анықтауға қызмет атқарады. Мысалы, Бала мінез ойыншы бұрынғылар, Аңқау екен мазақтап, соны сынар. Артқа қарап, ақ пейіл шалға күліп, Абиырсыз, атақсыз көрге құлар (А) дегенде ақ пейіл тіркесінің сенгіш мағынасында, Ақылды деп, арлы деп, ақ пейіл деп, Мақтамайды ешкімді бұл күнде көп (А) дегенде ақ пейіл адал мағынасында қолданылады. Бір ғана ақ пейіл тіркесінің екі түрлі мағынада жұмсалуы – коммуникативтік қажеттіліктен туындаған парадигмалық жүйе. Ақ түске тән ұғымаралық сипаттан қалыптасқан фразеологиялық парадигма ақ жүрек, ақ көңіл, ақ ниет тіркестері арқылы адалдықты білдірсе, аққа тарту тұрақты тіркесі әділдікті жақтау, ақ өлім тұрақты тіркесі қаза туралы ақпарат береді.
Терминологиялық парадигма бір сөздің ішкі түрін айқындайтын семалардың түйісуінен туындап, сол сөздің бірнеше ғылым саласында қолданылуына арқау болады. Мысалы, ассимиляция сөзінің ішкі семасы – ұқсату, сіңісу, сіңу. Осы семасы арқылы ассимиляция сөзі лингвистика ғылымында үндестік заңы болса, тарих ғылымында бір халықтың өзінен үлкен екінші доминант халыққа сіңіп кетіп, ана тілін, әдет-ғұрпын, дінін, мәдениетін, өзіндік сана-сезімін т.б ұлттық ерекшелігін жоғалтуы, ал психология ғылымында ұлттық сананың жоғалуына байланысты ұлттық психологиялық ерекшеліктердің трансформациялануы, экология ғылымында зат алмасуының бір көрінісі ұғымының мәнін анықтайды. Аталған мәселелер тілдік қолданыстағы лексикалық мағынаның прагматикалық қызметін анықтап, сөз мағыналарының коммуникативтік-танымдық концепциясын танудың жолдарын көрсетеді.
Атаулардың коммуникативтік-
Ғылыми танымдық атаулардың қолданыс аясындағы жұмсалымдық қызметі үш түрлі: 1) арнайы ғылым саласында кәсіби лексика көлемінде қолданылады; 2) ғылыми тәжірибе нәтижесінде пайда болып, жалпыхалықтық сипатта қолданылады; 3) әрі ғылыми, әрі жалпыхалықтық мәнде жұмсалады. Бірінші топтағы атаулар ұлттық ғылым деңгейіндегі терминдер, кірме терминдер, балама терминдер, баламасыз терминдер түрінде жіктелді. Ұлттық терминдер қазақ ғылымының жетістіктеріне, қазақ ұлттық ғылым тілінің өміршеңдігіне жол ашады. Мысалы, Ақын тілі – лебіз өрнегі. Ақын тілімен сөйлегенде сөзге айырықша өң берілгендіктен, лебіз өрнегі болып шығады немесе айтыс – шығарманың түрі деп А.Байтұрсыновтың қазақ филологиясының терминдерін қалыптастыруы ұлттық терминдер жүйесін құрайды.
Адам атымен аталатын
эпонимдер кірме терминдер
Бірқатар заттық атаулар ғылыми жетістіктер нәтижесінде пайда болғандықтан тілдік қолданыста екі түрлі мағынада жұмсалады. Мысалы, ұшақ сөзінің «қос қанатына қосымша винт-пропеллерлі мотор орнатылған әуе көлігі» деген мағынасы авиация саласында қолданылса, жалпыхалықтық қолданыста «аспан арқылы адам және жүк таситын әуе кемесі» мағынасында жұмсалады.
Адам санасында бұрыннан орныққан табиғи болмыстағы заттар мен құбылыстардың мәні жалпыхалықтық мағынада жұмсалады, ал олар арнайы ғылыми зерттеу нысанына айналса, терминдік мағынада жұмсалады. Бұл жөнінде Б.Қалиұлы: «Қазақ тілінде «жапырақ» сөзі қазір жалпыхалықтық сөз ретінде де, термин сөз ретінде де қолданылады. Сөздің жалпыхалықтық мағынасы – «өсімдіктің өзі, жалпақ, өзі жасыл түсті мүшесі» дегенді, ал терминдік мағынасы – «жоғары сатыдағы өсімдіктердің (төменгі сатыдағы өсімдіктердің емес) бойындағы фотосинтез жүретін, өзіне көмірқышқыл газын сіңіріп алып, оттегін бөліп шығаратын вегативті мүшесі дегенді білдіреді» деп тұжырымдайды [13, 81]. Ендеше, атаулардың коммуникативті-танымдық концепциясы тілдік қатынастың әлеуметтік мәнін анықтап, атаулардың жұмсалымдық қызметін зерделеуге жол ашады.
Қазақ тіл білімінде қарсы мәнді фразеологизмдер мәселесі бүгінгі күнгі дейін арнайы зерттелмеген. І. Кеңесбаев мынадай тұжырым жасады: “Фразеологизмдер ішінде өзара қарсы мағына беретін сыңарлардың бары анық болса, олардың типтері әлі де тереңірек зерттеуді, тексеруді қажет етеді” [2, 20.].
Тіл білімінде ағылшын
тіліндегі фразеологиялық
Аталмыш зерттеушілер
фразеологиялық антонимдерді
Сондай-ақ, антонимдік фразалық тіркестердің жалпы мәселелері: ағылшын тіліндегі етістікті фразеологиялық бірліктердің антоним варианттары (Л.А. Грязнова), антоним компонентті фразеологизмдер (Р.Б. Синюк), етістікті фразеологизмдердегі антонимия құбылысы (С.А. Барсикьян), фразеологиялық антонимдердің прагматикалық функциялары (Л.Н. Зимина ) сияқты ғылыми тақырыптағы мақалаларда қамтылған.
Синтаксистік қызметте жұмсалатын сөзер нақты, абстракт, тұрақты, контекстік мағынада байланысады. Аталған мағыналар сөз тіркесінің қиысу, матасу, меңгеру, қабысу, жанасу формалары арқылы 36 түрлі жолмен семантикалық үйлесімділікке ие болады. Атауыштық мәндегі синтаксистік синтагма мынадай танымдық ерекшеліктерге ие: біріншіден, синтагмалық байланыстағы сөздер әр түрлі ұғымның мәнін айқындайтын мағыналардың үйлесімділігін танытады. Мысалы, мектепке барды, баланың кітабы деген сөз тіркестерінде бару сөзі мектеп сөзінің дербес тұрғандағы мәнін айқындауға қатысты емес. Сол сияқты бала сөзі кітап сөзінің (немесе керісінше) мәнін танытуға қатысты емес; екіншіден, синтагмалық байланыстағы сөздер барлық сөз таптары сонымен қатар, субстантивтену (зат есімге айналу), адъективтену (сын есімге айналу), вербалдану ( етістікке айналу) адвербиалдану ( үстеуге айналу) арқылы толық мағыналы барлық сөздердің байланысын қамтамасыз етіп, тілдік қатынаста белсенді қызмет атқарады. Мысалы, мына бала, маған келді, малға бай, үлкендер амандасты, еріншектің ертеңі, бесеуін ал, киноға кетті, мен жаспын т.б; үшіншіден, синтагмалық байланыстағы сөздердің семантикалық үйлесімділігі тең дәрежеде қызмет атқарады. Әр компонент өзінің ішкі мазмұнын анықтайтын семантикасын өз бойына сақтап, дербес атаулар ретінде байланысады. Әр компоненттің семантикасы сөйлеу процесіндегі ой мазмұнын айқындауға қатысты болады; төртіншіден, синтагмалық байланыстағы сөздер синтаксистік валенттілікке ие; бесіншіден, тілдік қатынаста ең жиі қолданылатын қатысымдық бірліктер болады; алтыншыдан, тілдегі сөйлемдердің дені атауыштық мәндегі синтагмалық байланыста жұмсалған сөздерден құралады; жетіншіден, жанасу формасында жұмсалуға қабілетті; сегізіншіден, сөздер бірнеше мағыналарда жұмсалады.
1.2 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі қарсы мәндес фразеологизмдердің жасалу жолдары
Тілдік фактілерден
мағына қарама-қарсылығы
Бұл тараушада біз
қос тілдегі антоним
Қазақ тіліндегі
қарсы мәндес мағынадағы
- Тұрақты тіркестердің бір немесе екі компонентін тіркестен тыс жеке алғанда өзара қарсы мағыналы болу керек: жақсы атты көріну – жаман атты болу;
- Қарама-қарсы мәнде жұп құрайтын фразалық тіркестерде мағынаға өзек боларлық бір сөз қайталанып келіп отырады: ант ішті – антын бұзды;
- Тұрақты тіркестердің компоненттерін антонимдік мағына түгел қамтуы керек: ындыны кепкен – бейілі тоқ.
Ағылшын тіл біліміндегі антонимдік фразеологизмдердің жасалу жолдарының төмендегідей үш түрлі сипатын анықтадық. 1. Антонимдік қатар мүшелерінің құрылымы; 2. Антонимдік қатар мүшелерінің саны; 3. Антонимдік қатар мүшелерінің өзара ішкі байланыстары.
Бірінші белгі бойынша біз фразеологиялық материалдарды талдау нәтижесінде қарсы мәндес фразеологиялық бірліктердің лексикалық жағынан әртүрлі құрылымды және бір-құрылымдық болатындығын байқадық.
Лексикалық жағынан түрлі-
1. Түрлі лексикалық құрамға : at a low ebb ↔ on the crest of the wave;
2. Жалғыз компонентпен барлық түрлі құрамдарға : with half a heart ↔ from one’s heart; fishy eyes ↔ eyes like gimlets.
Антонимдік қатардың лексикалық бір-құрылымдық мүшелердің бір ғана
компоненті бір-біріне қарама - қарсы қойылады. Мысалы: a bed of thorns ↔ a bed of roses; in cold blood ↔ in hot blood; lose one’s temper ↔ keep one’s temper;
Екінші белгі бойынша кейбір антонимдік қатар мүшелерінің саны тек
бинаралық, екімүшелік болуы мүмкін. Мысалы : in good faith ↔ in bad faith; a bird in the bush ↔ a bird in the hand;
Тағы бір ерекшелігі
Үшінші белгіге тоқталар
болсақ, мұнда фразеологизмнің тура
мағынасы компонент бойынша
Егер екі стилистикалық
тұрғыдан тең бірмағыналы
Егер екі немесе одан көбірек бірмағыналық, көпмағыналық, стилистикалық тұрғыдан тең емес, қолданыс аясы әртүрлі фразеологизмдер қарама-қарсы қойылса, онда ішкі байланыстар көп өлшемдік болады. Мысалы: as cold as stone; as cold as charity ↔ as hot as fire; as straight as a diе.
Антонимдік қатар
мүшелерінің саны бір мағыналы
және көпмағыналы
Сонымен, тілдегі бір өлшемді және бір және көп өлшемді тіркестер тек ағылшын тіліндегі қарсы мәнді фразеологизмдерге ғана тән екендігіне көз жеткіздік.
1.3. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі лексикалық антонимдер мен фразеологиялық антонимдердің айырмашылықтары мен ұқсастықтары
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі лексикологиялық және фразеологиялық антонимдердің мынадай айырмашылықтарын көрсетуге болады:
- екі тілдегі лексикалық антонимдер фразеологиялық антонимдерге қарағанда көбірек кездеседі. Қос тілдегі лексикалық антонимдердің басым көпшілігі сын есімнен, етістіктен, зат есім мен үстеуден жасалатындығы туралы теориялық еңбектерде қарастырылған болатын.
Фразеологиялық антонимдерді
жинақтауда олардың басым
етістіктен болып,
санаулы болса да сапалық-
есімдер мен үстеулерде ұшырасады.
- екі тілдегі лексикалық және фразеологиялық антонимдердің семантикалық категориялармен байланысы жағынан лексикологияға өте ұқсас. Дегенмен де, бұл тұстан да айырмашылықтар байқалады. Зерттеу нәтижесінде қос тілде де антонимдік фразеологизмдердің синонимдік қатары лексикологияға қарағанда көп ұшырасады. Мысалы: қаз.: қуану ↔ қайғыру – лексикалық антонимдер. “Қазақ тілінің синонимдер сөздігінде” [3] қуану сөзінің шаттану, мәз болу деген екі синонимі беріледі. Оған қарама-қарсы мағынада қайғыру сөзінің налу, күйіну, қапалану, мұңаю, уайымдау деген синонимдік қатары берілген.

- Қазақ мәдениетінің би өнеріне ықпалы
- Қазақ публицистикасының бастаулары
- Қазақстан 1960 ж. екінші жартысы мен 1980 жылдар – бірінші жартысы
- Қазақстан-2030
- Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуы
- Қазақстанда аудиторлық қызметтің нормативтік-құқықтықтың реттеу- қағида негіздері
- Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы
- Кэширование данных
- Қабылдау оптикалық модулінің қызыметті
- Қағазды ақшалай айналымның дамуы
- Қағазды ақшалай айналымның ерекшелігі және Қазақстанда оның дамуы
- Қазакстан Республикасының әлеуметтік экономикалық даму стратегиясындағы мемлекеттің рөлі
- Қазакстан Республикасының әлеуметтік экономикалық даму стратегиясындағы мемлекеттің рөлі
- «Қазақалтын»ТМК» АҚ туралы жалпы мағлұмат