«Қазақалтын»ТМК» АҚ туралы жалпы мағлұмат
Кіріспе.......................
Терминдер мен анықтамалар...............
Нормативтік сілтемелер
1. «Қазақалтын»ТМК» АҚ туралы жалпы мағлұмат
1.1 Алтынның сипаттамасы,
классификациясы және
1.2 Алтынды ажырату әдістері
1.3 Құрамында алтыны бар рудаларды өңдеу
2. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету
2.1 «Қазақалтын» ТМК» өндірісін метрологиялық қамтамасыз етудің нормативтік негізі
2.2 Алтынның өмірлік цикл кезеңдерін метрологиялық қамтамасыз ету
3. Алтынды талдауды
3.1 Алтынды талдаудың жалпы әдісі
3.2 Атом – абсорбционды талдау әдісі
3.3 Алтынды талдауда қолданылатын өлшем құралдары
Қорытынды
Қосымшалар
Кіріспе
«Қазақалтын» Қазақстандағы алтын өндіру саласында ең ірі кәсіпорындарының бірі болып табылады. 1990 жылға дейін алтын өндіру көлемі жылына 7-7,5 тоннаны құрады. Бірақ Ресей және басқа ТМД елдерімен экономикалық қатынастардың бұзылуы, жоғарғы инфляция деңгейі өндірістік шығындардың өсуіне және жұмыс көрсеткіштерінің төмендеуіне алып келді.
Қоғамды жасаудың және әрекет
етуінің мақсаты қазіргі
Кәсіпорын іс-әрекеті Қазақстанның сыртқы және ішкі нарықтарына бағытталған. Қоғам іс-әрекетіне келесілер кіреді: құрамында алтыны бар кенді барлау, өндіру және өңдеу, алтын өнімін дайындау, алтын экспорты, алтынды өңдеу, сақтау және өткізу.
Алтын өндіру өнеркәсібінің бірінші ерекшелігі – дайын өнімді өткізу стадиясында, алтын жоғары ликвидидті тауар болғандықтан, бәсекенің жоқтығы. Алтын өндіру өнеркәсібінің екінші ерекшелігі – кен орындарын әзірлеуге құқықтарды ұсынғанда бәсекенің жоғары деңгейі осы стадиядағы бәсекенің жоғары деңгейі экономикалық мақсатқа лайықты минералды ресурстар базасының шектелуі.
Берік және ерекше берік алтын-мышьяк шоғырларын алдын-ала дйындау тәсілі әзірленді. Ол алтын алудың дәстүрлі гидрохимиялық әдісімен қатар, мыс, қорғасын өндірісінде көміртек және силикатты құраушылар болғанда флюстеуші қоспа ретінде пайдаланыла отырып, пирометаллургиялық қайта өңдеу тәсілімен тізбекті өңделуге қажет өнім алуға мүмкіндік береді.
Байыту фабрикасындағы
технологиялық үрдістерді бақылау
Байыту фабрикасындағы технологиялық
үрдістерді бақылау кеннің фабрикаға
келіп түскеннен бастап дайын өнімді тиеуге
дейінгі аралық «Қазақалтын ТМК» АҚ ЦЛА
бөлімімен тығыз байланыс жасайтын техникалық
бақылау бөлімімен жүзеге асырылады.
Фабриканың ТББ (ОТК) фабрикаға келіп түсетін
шикізаттың және өзі шығаратын байытылған
өнімнің сапасы мен көлемін қадағалайды.
Техникалық бақылау бөлімі барлық кен
түрлерін байытудағы технологиялық үрдістердің
параметрлері режимінің сақталуын, автомобиль
және теміржол таразыларының дұрыс жұмысын
қамтамасыз етеді.
Терминдер мен анықтамалар
Түсті металлургия кәсіпорындары - кен шығару және байытумен, түсті металдар мен олардың құймаларын өндіру және өңдеумен айналысатын өнеркәсіп саласы.
Кивцэтті құйма - металдарды бір агрегатта
ала отырып, шихтаны күйдіру және еріту
циклондық пеш пен еріту камерасында жүргізу
процесі, ал келесі кезекте құйма шикізаттары
(металдарды қалпына келтіру, айдау және
конденсациялау) агрегаттың электротермиялық
бөлігінде тарамдалады.
Мульда - жинаушы машинаның пешіне
шихтаны тиеуге арналған құйма құрыш қорап.
Фурма - металлургиялық агрегаттарға
үрлеуге арналған қондырғы.
Алтын - жұмсақ сары түсті, соғылғыш, созылғыш, жайылғыш, ауыр, жұмсак металл.
Метрология (грек. metron – өлшем және logos – сөз, ілім) – өлшеу туралы, өлшеудің бірлігі мен қажетті дәлдікке жету тәсілдері туралы ғылым.
Сапа - объектінің белгіленген немесе болжамалы қажеттілікті қамтамасыз етуге сәйкес көрсеткіштер жиынтығы (ИСО 8402).
Процесс - өнімнің өмірлік циклінің процестерін қоса алғанда, қандай да бір тапсырылған нәтижеге жету жөніндегі өзара байланысты және дәйекті іс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы.
Көрсетілетін қызмет - беруші мен тұтынушының тікелей өзара іс-қимылының және берушінің тұтынушы қажеттіліктерін қанағаттандыру жөніндегі ішкі қызметінің қорытындылары.
Метрологиялық қамтамасыз ету – бұл өлшеудің талап етілетін дәлдігі мен біртұтастығына қол жеткізу үшін қажетті ғылыми және ұйымдастырушылық негіздерді, техникалық құралдарды, ережелер мен нормаларды бекіту мен қолдану.
Нормативтік сілтемелер
Осы курстық жұмыста төмендегі нормативтік құжаттарға сілтемелер пайдаланылған:
МЕМСТ 27973.0-88 - Алтын. Талдауға жалпы талаптар
МЕМСТ 6902-75 – Сусальды алтын мен күміс. Техникалық шарттар
МЕМСТ 12562.1-82 – Алтын платиналы балқымалар. Алтынды анықтау әдістері
- «Қазақалтын» ТМК АҚ жалпы сипаттама беру
«Қазақалтын»
тау-кен металлургиялық
Қоғам тарихы 1932 жылдан,
Қазақстаның солтүстігінде
КСРО ыдырағаннан кейін кәсіпорын заңды тұлға құқығында «Алтыналмас» АК құрамындағы жеке шаруашылық бірлік болып шығады. Қаржылық-өндірістік іс - әрекетті сауықтыру, инвестицияларды және алдыңғы қатарлы технологияларды тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі 1996 жылдың 6 ақпанындағы №155 жарлығымен «Қазақалтынды» «Гонд Пул» атты біріккен қазақ – канадалық кәсіпорының сенімді басқаруына берілді.
Қоғам құрамына 4 кен өндіру орны және 3 кен байыту фабрикалары кіреді.
1999 жылы «Қазақалтын»
алтын өндірісінің қайта
Қажетті кен көлемі жиналғаннан
кейін тұрақты жұмысты
«Қазақалтын» Қазақстандағы алтын өндіру саласында ең ірі кәсіпорындарының бірі болып табылады. 1990 жылға дейін алтын өндіру көлемі жылына 7-7,5 тоннаны құрады. Бірақ Ресей және басқа ТМД елдерімен экономикалық қатынастардың бұзылуы, жоғарғы инфляция деңгейі өндірістік шығындардың өсуіне және жұмыс көрсеткіштерінің төмендеуіне алып келді.
Қоғамды жасаудың және әрекет етуінің мақсаты қазіргі кәсіпорын талаптарына сай келетін тиімді басқару моделі бар бәсеке қабілеттілігі жоғары кәсіпорынды құру болып табылады.
Кәсіпорын іс-әрекеті Қазақстанның сыртқы және ішкі нарықтарына бағытталған. Қоғам іс-әрекетіне келесілер кіреді: құрамында алтыны бар кенді барлау, өндіру және өңдеу, алтын өнімін дайындау, алтын экспорты, алтынды өңдеу, сақтау және өткізу.
Алтын өндіру өнеркәсібінің бірінші ерекшелігі – дайын өнімді өткізу стадиясында, алтын жоғары ликвидидті тауар болғандықтан, бәсекенің жоқтығы. Алтын өндіру өнеркәсібінің екінші ерекшелігі – кен орындарын әзірлеуге құқықтарды ұсынғанда бәсекенің жоғары деңгейі осы стадиядағы бәсекенің жоғары деңгейі экономикалық мақсатқа лайықты минералды ресурстар базасының шектелуі.
Қазақстан республикасында алтын өндіру саласында өндірудің негізгі көлемін (77,5%) «Қазақалтын» «ТМК» АҚ, «Алтыналмас» АҚ, «Казцин» АҚ, «Қазақмыс» тобы.
Сонымен қатар, алтын өндіру секторында ірі кәсіпорындар болып «Майконкалтын» АҚ, «АБС-Балхаш» ТБК, «Алтын Төбе» ТБК АҚ, «Андас Алтын» ТБК АҚ, «Алел»АҚ, «Шаралтын» АҚ, «Васильновск алтын» ТНК, «Данк» ЖШС табылады. Бұл компаниялардың инвестициялары Қазақстан Республикасының алтын өндіру саласына салынған капиталдың жалпы көлемінің 85% құрайды. Олардың 80% бағалы металдың өндірілуіне кетеді.
Соңғы жылдың қорытындысы бойынша
«Қазақалтын» Қазақстан Республикасындағы
ұқсас компаниялар мен
- Алтынның сипаттамасы, классиф
икациясы және қызметтік тағайы ндалуы
Алтын (латынша Aurum), Au – элементтердің периодты жүйесінің I-тобындағы химиялық элемент, әрі асыл металдардың бірі. Реттік нөмірі 79, атом массасы 196, 967, балқу температурасы 1063ْ С болса, қайнау температурасы 2947 0С. Таза алтын сары түсті, созылғыш болып келеді. Ол сыртқы ортаның химиялық әсеріне төзімді. Оттек, сутек, азот, және көміртекпен тікелей қосылмайды. Алтынға сілтілер және жеке қышқылдар әсер етпейді. «Патша сұйығында» (1 көлем HNO3, 3 көлем HCl) және кейбір күшті қышқылдар қоспасында ериді. Алтын кентастарынан ұсақтау, байыту және циянды натрий ерітіндісімен өңдеу арқылы алынатыны белгілі. Алтынмен басқа металдардың бетін жалатады, әшекей бұйымдар жасайды. Алтынның, ұсақ түйірлері кварц ішінде, немесе кварц құмы арасында шашыраңқы күйде болады. Алтынның табиғаттағы қосылысы алтын теллуриді (калаверит) AuTe2 құрамында және мыстың, қорғасынның сульфид кендерінде болады. Бүгінде алтынды ажыратып алу үшін әр түрлі әдіс қолданылатынын айтуға тиіспіз. Ең оңай, әрі көне әдіс – құмды ағын сумен жуып, алтынды бөліп алу. Екінші әдіс алтынды сынап амальгасына айналдыру. Сынап көпшілік металдарды өз ішінде еріте алады, ол ерітіндіні амальгама дейді. Амальгамадағы алтынды шығарып алу үшін, амальгаманы қыздырса, сынап ұшып кетеді. Ал оның буын жинап, салқындатып қайтадан іске қосады. Бірақ бұл екі әдіспен де кұмдағы алтын түгел алынбайды, көп болса, 75 пайыз ғана алынады. Бұлардан гөрі тәуірірек әдіс цианид әдісі. Ішінде алтын қалған жынысты KCN тұзынын, 0,02 – 0,2 пайыз ерітіндісімен 2-3 рет қайталап шаймалап жуады.
1.2 Алтынды ажырату әдістері
Құмда шашылған аз алтынды (тоннасына 2 - 4 г) ажыратып алу үшін әр түрлі әдіс қолданады. Ең оңай, көптен қолданылып келе жатқан әдіс - құмды ағын сумен жуу, сонда құм қиыршықтары суға ілесіп кете береді де, алтын ауыр болғандыктан қалып қояды. Екінші бір әдіс алтынды амальгамаға айналдыру. Сынап көпшілік металдарды өз ішінде еріте алады, ол ерітіндіні амальгама дейді. Амальгамадағы алтынды шығарып алу үшін, амальгаманы қыздырса, сынап ұшып кетеді, оның буын жинап, салқындатып қайтадан іске қосады. Бірақ бұл екі әдіспен де кұмдағы алтын түгел алынбайды, көп болса, 75% ғана алынада. Бұлардан гөрі тәуірірек әдіс цианид әдісі. Ішінде алтын қалған жынысты KCN тұзынын, 0,02 - 0,2% ерітіндісімен 2 - 3 рет қайталап шаймалап жуады, сонда:
4Au + 8NaCN + 2H2O + O2 = 4Na[Au(CN)2] +4NaOH
Комплексті қосылыс құрамындағы алтынды мырыштың, жәрдемімен ығыстырып шығарады:
2Na[Au(CN)2] +Zn = Na2 [Zn (CN)4] +2Au
Бұл шыққан алтынды мырыштан тазалау үшін сұйық күкірт қышкылымен жуады, мырыш еріп кетеді. Күміс сияқты басқа қоспалардан тазалау үшін концентрленген ыстық күкірт қышқылымен жуады, онда күміс Ag2SO4-кe айналады. Кейде күмістен тазалау үшін электролиздеуді қолданады - анод - тазартылмаған алтын, катод - таза алтын, электролит ретінде Н[АuС14] ертіндісін қолданады сонда күміс анод шламы түрінде қалады.
Алтын - жұмсақ сары түсті, соғылғыш, созылғыш, жайылғыш, ауыр, жұмсак металл. Қалыңдығы, 0,0001 мм фольга жасауға болады.
Алтын жұмсақ болғандықтан таза түрде емес, мыс және күміспен араластырылған құйма түрінде колданылады. Түрлі алтын заттарды алтын мен мыстың құймасынан жасайды, ол құймада көбінесе 58,3% алтын болады (алтын заттардың пробасы 583).
Алтын активтігі тіпті нашар металл, активтік қатарында ол ақырғы орында тұр. Оттекпен тікелей еш жағдайда да қосылмайды. Сұйық заттардан тек калий немесе натрийцианидының ерітіндісінде, хлор суында және «патша сұйығында» ериді.
«Патша сұйығы» үш көлем тұз қышқылымен бір көлем азот қышқылының коспасы:
3HCl + HNO3 = 2Cl+NOCl+2H2O,
Au + 2Cl + NOCI = AuCl3 + NO,
АuСl3 + НСl = Н[АuСl]4
Алтын селен қышқылында да (күшті тотықтырғыш) ериді:
2Au + 6H2SeO4 = Au2(SeO)4 + 3SeO2 + 6H2O
Алтын ұсақ ұнтақ түрінде хлормен, 400 - 650° С фосфор буымен реакцияласады. Алтыннан монета (ақша) жасайды (тұтынуға шығарылған қағаз ақшаның қорғауышы ретінде банкта жатады); тіс салады, баска металдардың бетіне жалатады және әсемдікке тұтынатын әшекей бұйымдар жасайды.
1.3 Құрамында алтыны бар рудаларды өңдеу
Алтынды айыру кәсіпорындарында амальгамация үрдісін қолдануға жол берілмейді. Улылығы жоғары реагенттер (цианидтер, тағы басқалар) қолданылатын алтынды айыру кәсіпорындарының цехтары мен бөлімшелерінің едендері, қабырғалары, төбелері және құрылыс конструкциялары тығыз, тегіс етіп жасалады және ерітінділерді сіңірмейтін және жеңіл жуылатын гидрофобты жабынды болады.
Тұтас емес қабат аралық қабырғалардың бос шеттерінде қоршаулардан басқа, биіктігі 20 см кем емес ылғалды сіңірмейтін бөгеттер бар. Алтынды айыру кәсіпорындарының едендері (оның ішінде ыдыстар мен құрал-жабдықтардың асты да) дренаж арналары мен зумпфтары жағына ерітінділер мен пульпаның жиналуына жол бермейтін еңкіш болады. Алаңдар мен қабат аралық қабырғаларда орнатылған құрал-жабдықтарда, міндетті түрде, төменде орналасқан зумпфтар немесе ыдыстарға ағынмен дренаж жүйесі құрылғысы қаралады.
Сорғысы бар арналар мен зумпфтардан тұратын едендердің дренаж жүйесі барлық ағындардың жиналуын және олардың технологиялық үрдіске қайтып келуін қамтамасыз етеді. Циандаудың бір ғимаратында қышқылды ортада өтетін үрдістерді, екі үрдіс те бірыңғай технологиялық тізбекті құратын үрдістен басқа, біріктіруге жол берілмейді. Мұндай жағдайда айрықша сақтандыру шаралары (барлық аппараттардың жұмысы вакуумда, жұмыс орындары ауа құрамын үздіксіз бақылау тағы басқа) қабылданады. Технологиялық үрдістер қышқыл ортада жүретін бөлімшелерде айрықша дренаж жүйелері болады: қышқыл дренаж сулары шығарылар алдында бейтараптандырылады.
Бұл бөлімшелердің едендері, қабырғалары, құрылыс конструкциялары және құрал-жабдықтарында қышқылға тұрақты қабаттар болады.
Ауаны жергілікті сору қаралады:
1) кәсіпорынның ұсақтау бөлімшесі
2) концентратты кептіру
бөлімшесінде – кептіру
3) цинк тұнбаларын
кептіру бөлімшесінде –
4) реагент бөлімшесінде
– улы реагенттері, реагенттер
қоректендіргіштер,
5) өнеркәсіптік ағындарды
залалсыздандыру бөлімшесінде –
6) сорбциялық бөлімшеде – шайыр бөлініп шығу үшін електер мен пачуктардан;
7) қайта жаңғырту бөлімшесінде – қайта жаңғырту колонкалары мен реагенттер ыдыстарынан;
8) электролиз бөлімшесінде
– электролизерлерден және
- Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету
Метрологиялық қамтамасыз ету деп ғылыми және ұйымдық негізді, техникалық құрылғыларды, ережелер мен нормаларды қолдану және орнату түсініледі. Метрологиялық қамтамасыз етудің дамуындағы негізгі тенденция болып бұрыннан қалыптасқан бірлікті қамтамасыз ету және өлшеу сапасын қамтамасыз ететін өлшеу дәлдігі табылады.
Метрологиялық қамтамасыз ету объектісі болып бұйымның немесе қызметтің өмірлік циклінің барлық кезеңдері табылады. Өмірлік цикл ретінде үрдісті құрудың өзара байланысты кезектілігі түсініледі. Бұйымның жоғары сапасына жету үшін өнімді өңдеудің кезеңінде бақыланатын параметрлер, дәлдік класы, өлшеу шамалары, бақылау және сынау жүргізіледі. Метрологиялық қамтамасыз етуді өңдеу кезінде міндетті түрде жүйелік орын табу қолданылады, яғни, талап етілген өлшеу сапасына жету үшін біріктірілген берілген өзара байланысты үрдістерді қамтамасыз ету пайдаланылады.
Мұндай үрдістер болып
келесілер табылады:
• өлшенетін параметрлер номенклатурасын
орнату және өнім сапасын бақылау кезінде
дәлдік класын оңтайландыру;
• технико-экономикалық түсіндірме және
СИ жүйесін таңдау;
• қолданылатын бақылау-өлшеу техникаларын
стандарттау, унификаттау және агрегаттау;
• өлшеу,сынау және бақылау жүргізудің
әдістемесін өңдеу, енгізу және аттестаттау;
• кәсіпорында қолданылатын бақылау-өлшеу
және сынау құрылғыларын калибрлеу, метрологиялық
аттестаттау және тексеру;
• өндірісті бақылау, сонымен қатар, кәсіпорындағы
метрологиялық ережелер мен нормаларды
бақылау;
• кәсіпорындағы стандарттарды енгізуге
және өңдеуге қатысу;
• халықаралық, мемлекеттік және салалық
стандарттарды, сонымен қатар, Мемстандарт
нормативтік құжаттарын енгізу;
• технологиялық, конструкторлық , нормативтік
құжаттамаларда метрологиялық сараптама
жүргізу;
• өлшеуді жүргізу,оның негізінде өңдеу
және метрологиялық қамтамасыз ету бойынша
шараларды жүзеге асыру;
• қызметке сәйкес жұмыскерлерді дайындау.
Метрологиялық қамтамасыз ету 4 негізді құрайды:ғылыми, ұйымдық, нормативтік және техникалық. Метрологиялық қамтамасыз етудің жеке аспектілері кіші кәсіпорындағы метрологиялық қамтамасыз ету бойынша МИ 2500-98 ұсыныстарында қарастырылған. Метрологиялық қамтамасыз ету шараларын жүргізу және өңдеу метрологиялық қызметте көрсетілген. Метрологиялық қызмет –өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша жұмысты жүргізу үшін заңға сәйкес метрологиялық бақылау және қадағалау қызметі.
Өндірістегі өнімді метрологиялық қамтамасыз етудің негізгі есебіне келесілерді жатқызуға болады:
- Өңдеу кезінде өлшеу бірлігін қамтамасыз ету және өнімді сынау;
- Өлшенетін параметр номенклатурасын орнату және талдау;
- Өлшеу құралдарының метрологиялық қызметін қамтамасыз ету және ұйымдастыру:тіркеу, сақтау,тексеру,калибрлеу,жөнде
у; - Қажетті өлшеу дәлдігіне кепілдік беретін, өндірістік үрдісте өлшеу жүргізуді енгізу және өңдеу;
- Тасымалдау шарттарында сыналатын құрылғыларды бақылау және қадағалауды жүзеге асыру;
- Конструкторлық және технологиялық құжаттамаларда метрологиялық сараптама жүргізу;
- Сыналатын құрылғылардың метрологиялық қызметін қамтамасыз ету және ұйымдастыру:тіркеу,бекітілген шарттарға сәйкес аттестаттау,жөндеу;
- Бақылау құрылғыларының метрологиялық қызметін қамтамасыз ету және ұйымдастыру:тіркеу,аттестаттау
,тексеру,калибрлеу; - Өлшенетін жүйелердің метрологиялық қызметін қамтамасыз ету және ұйымдастыру:тіркеу,аттестаттау
, тексеру,калибрлеу; - Дәлдік класын жүргізу және ұйымдастыру;
- Өлшенетін жүйелердің автоматтандырылған бақылау-өлшеу құрылғыларын және өлшеу әдістерін және тәсілдерін ендіру;
- Метрологиялық қамтамасыз етудің нормативтік құжаттарын ендіру және өңдеу;
- Метрологиялық қамтамасыз етуде шығындардың экономикалық тиімділігін бағалау.
Бұдан басқа негізгі есеп болып метрологиялық қамтамасыз ету тиімділігін жоғарылату жұмысы табылады. Осыларды жүзеге асыру шаралары:
- Өлшенетін, бақыланатын және сыналатын құрылғыларды оңтайландыру, “қажетті және жеткілікті” принципі бойынша;
- Жаға құрылғылармен алмастыру, жаңа өлшеу тәсілдерін ендіру;
- Өлшенетін үрдістерді автоматтау,ИСС,АСКУЭ ендіру;
- Экономикалық критерий бойынша өлшеу дәлдігін оңтайландыру;
- Өлшеу қателіктерін талдау;
- Калибрлеу, тексеру үрдістерін жүзеге асыру:жаңа эталондар ендіру,метрологиялық қызметтерді аккредиттеу;
- Кәсіпорындағы конструкторлық және технологиялық құжаттамаларға методологиялық сараптама жүргізу;
- Персонал деңгейін жоғарылату;
- Метрологиялық қамтамасыз етумен айналысатын қызмет құрылымын реттеу.
Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуде келесі шаралар орындалады:
- өнімнің сапасын
анықтау үшін қолданылатын
- өлшеу құралдары
мен өлшем әдістемелерінің
- өлшеу құралдарын стандарттау
- өлшеу жүргізуді өлшем дәлдігін сақтайтын, жетілдірілген әдістемелермен қамтамасыз ету;
- өлшеу жүргізудің
нормативті-техникалық
- өндіріс қызметкерлері
мен жұмысшыларын өлшеу
Метрологиялық қамтамасыз етудің орнатылған талапқа сәйкестігін бағалаудың мақсаты кәсіпорынның метрологиялық қызметінің талап етілген сипаттамамен және тұрақты сапада өнім өндіруді қамтамасыз ету қабілетін анықтау болып табылады.
Метрологиялық қамтамасыз етуді бағалауда тексеріледі:
1. Өлшем бірлігін
қамтамасыз етудің мемлекеттік
жүйесінің нормалары,
2. өзгеруде рұқсат
етілген шектер мен өлшенетін
(бақыланатын) параметрлер
4. Процестер
мен өнімдер, нормативті және
техникалық құжаттаманың
5. Метрология
бойынша талаптар
- «Қазақалтын» ТМК» өндірісін метрологиялық қамтамасыз етудің нормативтік негізі
Өлшемдердің бірлігін қамтамасыз етуші Мемлекеттік Стандарт жүйесі (ӨМС) – бұл метрологиялық қызмет талаптары, ережелері және нормалары, сонымен қатар олардың қызмет органдарының қызметтерін бекітетін стандарттар жүйесі.
Өлшеу техникасының дамуы,
өлшеу құралдарының да, және оларды
қолдану жағдайларының да күрделенуі,
қосалқы өлшемдерді кең қолдану, тез өзгеретін өлшемдерді өлшеу
қажеттілігі, техникалық өлшемдер, сонымен
қатар, өлшеу кезіндегі қателіктерді бағалау
аясындағы метрологиялық қызметтің кеңейтілу
қажеттілігінің туындауына әкелді.
Метрологиялық қамтамасыз етудің маңызды
міндеттерінің бірі өлшемдердің бірлігіне
қол жеткізу болып табылады. Бұл метрологиялық
қамтамасыз етудің нормативтік негізін
құрайтын стандарттар мен нормативтік
құжаттарда бекітілген нормалар мен ережелерді
сақтауды талап етеді, Өлшемдердің бірлігін
қамтамасыз етуші Мемлекеттік Стандарт
жүйесі мынандай міндеттерді орындауға
арналған: өлшемдердің бірлігін қамтамасыз
ету үшін бірдей терминдер мен белгіліеулерді,
барлық жұмыстарды орындаудың біртұтас
ережелерін бекіту, жоғарғы дәлдікпен
өлшеу құралдары мен әдістерін, физикалық
өлшемдердің мемлекеттік эталондарын
жасау мен жетілдіру, метрологиялық ережелер
мен нормалардың сақталуына үздіксіз
бақылау жүргізу.
Өлшемдердің бірлігін қамтамасыз
етуші Мемлекеттік жүйесінің
нормативті базасы КСРО кезінде 1800 құжаттардан
тұрған, соның ішінде 545 ГОСТ, 1100-ға жуық метрологиялық
институттардың әдістемелік нұсқаулары,
119 басқарушы құжаттар және 60 нұсқаулықтар
мен ережелер.
Өлшемдер аясындағы негізгі базалық стандарт
ГОСТ 8.417-81 «ГСИ. Физикалық өлшем бірліктері»
болып табылады. Бірліктерді көрсету эталондар
арқылы жүзеге асырылады. Базалық стандарт
болып эталондардың міндеттері мен біліктілігін,
жалпы ережелерін бекітетін 8.057-80 стандарты
саналады. Басқа стандарттардың бірқатарымен
эталондардың жасалу тәртібі, олардағы
қателіктерді сипаттау әдістері бекітіледі.
Бірліктердің өлшемдерін эталондардан
өлшем құралдарына бару алты базалық стандарттармен
бекітілген. Базалық стандарт ГОСТ 8.061-80
«ГСИ. Байқау сызбанұсқалары. Мазмұны
мен тұрғызылуы.» байқау сызбанұсқаларын
мемлекеттік – Мемлекеттік эталонмен
басқарылатын және берілген физикалық
өлшемнің барлық өлшеу құралдарын қамтитын,
мемлекетте қолданылатын; ведомстволық
– жұмыс эталонымен немесе жоғарғы қатардағы
үлгілі құралмен басқарылатын; жергілікті – үлгілік құралдармен
басқарылатын және белгілі бір мемлекеттік
метрологиялық органдарда тексерілуге
жататын өлшем құралдарына арналған. Базалық
стандарттар тобымен өлшем құралдарының
метрологиялық сипаттарын нормалау тәртібі
бекітілген: ГОСТ 8.009-84, ГОСТ 8.401-80 «ГСИ:
Дәлділік кластары СИ » және т.б.
Өлшемдердің нәтижелерін орындау мен
рәсімдеу ережелері СТ ҚР 2.18-2003 базалық
стандартында бекітілген. Өлшем құралдарының
бір түрлілігі мемлекеттік сынақтар, метрологиялық
тексерістер (аттестация) бойынша базалық
стандарттармен қамтамасыз етіледі.

- Қазақ және ағылшын тілдеріндегі қарсы мәндес Фразеологизмдер
- Қазақ мәдениетінің би өнеріне ықпалы
- Қазақ публицистикасының бастаулары
- Қазақстан 1960 ж. екінші жартысы мен 1980 жылдар – бірінші жартысы
- Қазақстан-2030
- Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуы
- Қазақстанда аудиторлық қызметтің нормативтік-құқықтықтың реттеу- қағида негіздері
- Кэширование данных
- Кэширование данных
- Қабылдау оптикалық модулінің қызыметті
- Қағазды ақшалай айналымның дамуы
- Қағазды ақшалай айналымның ерекшелігі және Қазақстанда оның дамуы
- Қазакстан Республикасының әлеуметтік экономикалық даму стратегиясындағы мемлекеттің рөлі
- Қазакстан Республикасының әлеуметтік экономикалық даму стратегиясындағы мемлекеттің рөлі