Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің экономиканы реттеудегі рөлі мен қолданатын шаралары
Кіріспе ..............................
I Қазақстан Республикасы Ұлттық
банкісінің қалыптасуы, міндеттері
мен қызметтері................
- Ұлттық банктің Қазақстан Республикасының Орталық банкі ретіндегі қалыптасуы және құқықтық негіздері.....................
..........4-8 - Ұлттық банктің міндеттері, қызметтері және жүргізетін операциялары..................
.............................. .............................. .......9-15
II Қазақстан Республикасы Ұлттық
банкісінің экономиканы
2.1 Ұлттық банктің саясаты мен оның экономикадағы
маңызы........................
2.2 Ұлттық банктің қолданатын бақылау, реттеу шаралары.............26-28
Қорытынды ..............................
Қолданылған әдебиеттер ..............................
Кіріспе
Мен бұл курстық жұмысымды Елбасымыздың кереметтей мәнге ие, дана сөзінен бастамақпын. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «экономика – бүкіл организмнің тіршілік қызметін, елдің жалпы «зат алмасуын» қамтамасыз етіп отыратын күре тамыры, ал қаржы, өз орайымен экономиканың «қан таратушы жүйесі» деген болатын. Бұдан біз қаржының экономикада атқаратын рөлінің соншалықты маңызды екендігіне көз жеткізіп отырмыз. Ал осы қаржы саласындағы өзгерістерді бақылап, реттеп, дұрыстап отыратын механизм бар. Ол – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі. Менің бұл тақырыпты таңдауымның басты себебі – еліміздің Орталық банкісімен кең ауқымда танысу, оның еліміздің экономикасындағы, қаржы саласындағы орнын, рөлін, маңызын анықтау.
Жалпы «банк» сөзі ағылшын тілінен аударғанда, «айырбас столы» деген мағынаны білдіреді. Ең алғашқы банктер Италияда пайда болған. Біздің еліміздегі Ұлттық банктің құрылу тарихына үңілетін болсақ, Қазақстан өзінің банк жүйесін құруға егемендікті алғаннан кейін, 1990 жылы желтоқсанда бірден кірісті. «Қазақ КСР-індегі банктер мен банк қызметі туралы» 1991 жылы қаңтарда қабылданған Заң еліміздегі банк реформасының басы болды. Аталмыш Заң қос деңгейлі банк жүйесінің негіздерін қалауды қамтамасыз етті. Мысалы, облыстық басқармалары және бөлімшелері бар Республикалық мемлекеттік банк Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне айналдырылды.
Бұл тақырыптың өзектілігі – Ұлттық банктің қазіргі замандағы ақша-несие саясатын жүргізудегі, инфляцияның және мемлекет пен қоғамды қаржымен қамтамасыз ету сұраныстарының проблемаларын шешудегі мүмкіндіктерін анықтау.
Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының Орталық банкі ретінде Ұлттық банктің банк жүйесіндегі, экономикадағы, қаржы саласындағы орны мен рөлін анықтау, оның қызметтерін толық ашу.
Менің бұл курстық жұмысты орындаудағы міндеттерім мынадай:
- Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің құрылу тарихына үңіліп, сол уақыттағы жағдайға, проблемаларға тоқталу;
- Ұлттық банктің негізгі міндеттерін, қызметтерін талдау;
- Ұлттық банктің операцияларын, саясатын талдау;
- Ұлттық банктің екінші деңгейлі банктердің қызметтерін реттеудегі рөлін анықтау.
I-тарау Қазақстан
Республикасы Ұлттық
1.1 Ұлттық банктің Қазақстан Республикасының Орталық банкі ретіндегі қалыптасуы және құқықтық негіздері.
Қазақстан өзінің банк жүйесін құруға егемендікті алғаннан кейін, 1990 жылы желтоқсанда бірден кірісті. Кеңестік икемсіз банк тетіктерінің барлық «тамашаларын» бастан кешірген еліміз, енді экономиканы толыққанды дамыту үшін, бүкіл дүние жүзінде нарық жағдайында ең тиімді деп танылған, осы заманғы қос деңгейлі банк жүйесінің керектігін түсінді. Бізге капиталдың шынайы өзіндік құнын пайыздық мөлшерлермен көрсететін, ал банкілерге қарыз алғандардың қаржылық өміршеңдігі және несиелеудің экономикалық тиімділігі негізінде несие беретін жүйе қажет болды.
Шын мәнінде, «Қазақ КСР-індегі банктер мен банк қызметі туралы» 1991 жылы қаңтарда қабылданған Заң еліміздегі банк реформасының басы болды. [1] Аталмыш Заң қос деңгейлі банк жүйесінің негіздерін қалауды қамтамасыз етті. Заңға сәйкес республикада екі деңгейлі банк жүйесі құрылды: жоғары (бірінші) деңгейдегі банк – ҚазКСР-ның Мемлекеттік банкі және төменгі (екінші) деңгейдегі банк – коммерциялық банктер жүйесі.
Орталық банктер
– елдің бүкіл несиелік
Мемлекеттік банк осы Заң бойынша қызмет атқарып, ҚазКСР-ның Жоғары кеңесіне есеп береді, жер-жерлерде өз мекемелерін ашуға құқығы бар. Мемлекеттік банктің басқару органы – оның Басқармасы. Басқарманың төрағасын республиканың Жоғары кеңесі 6 жыл мерзімге бекітеді. Банктің құрылымы мен міндеттері оның Жарғысында белгіленеді.
Кәсіпорындардың, ұйымдардың, кооперативтер мен азаматтардың несие-есеп жұмыстарын жүргізу үшін республика территориясында коммерциялық банктер мен басқа несие мекемелері ұйымдастырылады. Коммерциялық банктер өз жұмысында осы Заңды және Қазақстан Мемлекеттік банкісінің нұсқаулары мен ережелерін басшылыққа алады. Клиенттерімен шарттасып қызмет көрсетеді. Коммерциялық банктер мен басқа несие мекемелері мемлекеттік, ұжымдық, жеке және аралас меншікте болуы мүмкін. Қазақстан заңдарына сай Мемлекеттік банк деп капиталы толығымен үкімет иелігінде, немесе акционерлік капиталдың басым бөлігі мемлекеттік құрылтайшылардың (мысалы мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың) акциясы болғанда есептеледі.
Коммерциялық банктер өздерінің акционерлер жиналысында қабылданған Жарғысы бойынша қызмет істейді. Сонымен бірге республика территориясында шетел мекемелерімен бірігіп құрылған коммерциялық банктер қызмет істеуі мүмкін. Егер банктің жарғылық капиталын қалыптастырғанда өзіміздің мемлекеттік емес құрылым, немесе шетел мемлекеттік, я болмаса мемлекеттік емес құрылымдары қатынасса, онда аралас банктің түрлері деп есептеледі. Аралас банктер мынадай варианттарда құрылуы мүмкін: мемлекеттік-жеке, мемлекеттік-кооперативтік, жеке-кооперативтік.
Сөйтіп тәуелсіз Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасуы мен даму жолдарын шартты түрде бірнеше кезеңге бөлуге болады:
Бірінші кезең, 1917 ж. мен 1930 ж. аралығы – патшалық Ресейден қалған банк жүйесін жаңадан қалыптастыру, бұл кезде әр түрлі меншіктегі банктер мен несие мекемелері қатар қызмет істеді.
Екінші кезең, 1930 ж. мен 1987 ж. аралығы – елде КСРО Мемлекеттік банкі әмбебап қызмет атқарды, яғни ол мемлекеттің Орталық банкі ретінде эмиссиялау және несие беру қызметімен қоса клиенттерге де қызмет көрсетті.
Үшінші кезең, 1988-1991 жж. аралығы – елде мемлекеттік маманданған банктердің құрылуы, яғни КСРО Мемлекеттік банкі «банктердің банкісі» ретінде эмиссиялық, ереже, нұсқау және т.б. нормативтік актілер шығарушылық, бақылау және басқа қызметтермен шұғылданып, ал маманданған банктер экономиканың әр түрлі салаларына қызмет көрсетті. Сонымен бірге 1990 ж. басында кооперативтік және коммерциялық банктер де құрыла бастады.
Төртінші кезең, 1991 жылдан қазіргі уақытқа дейін – нарықтық банк жүйесінің қалыптасу кезеңі, яғни тәуелсіз республиканың нарықтық қатынастарға өту жағдайында екі деңгейлі банк жүйесінің пайда болуы және дамуы.
Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдері
1930 жылға дейінгі банк жүйесі |
1930-1987 жж. (Одақтық бір деңгейлі банк жүйесі) |
1988-1990 жж. (Одақтық бір деңгейлі маманданған банктер жүйесі) |
1991 жылдан бастап (дербес екі деңгейлі банк жүйесі) |
Ресей Мемлекеттік банкі және көптеген несие-банк мекемелері |
1. КСРО Мембанкі (оның ішінде КСРО Мемлекеттік еңбек жинақ кассалары жүйесі) 2. КСРО Мемлекеттік Құрылыс банкі 3. КСРО Сыртқы сауда банкі. |
1. Банк жүйесін қайта ұйымдастыру: КСРО Мембанкі және Маманданған банктер: КСРО Өнеркәсіп құрылыс банкі. КСРО Агроөнеркәсіп банкі. КСРО Тұрғын үй-әлеуметтік банкі. КСРО Жинақ банкі. КСРО Сыртқы-эконом банкі. 2. Жаңадан кооперативтік және коммерциялық банктердің құрыла бастауы. |
1. Егемен Қазақстанда өзінің банк жүйесінің құрылуы. 2. Екі деңгейлі банк жүйесі – Ұлттық банк және коммерциялық банктер. |
Қазақстан Республикасының Орталық банкі еліміз тәуелсіздік алғаннан соң КСРО Мембанкінің Республикалық Кеңесінің негізінде 1990 жылдың желтоқсанында алғашқыда Қазақстанның Мемлекеттік банкі ретінде құрылып, ал 1995 жылдың наурызынан Қазақстан Ұлттық банкі деп аталады. [2]
1993 жылы теңгені енгізудің қарсаңында Қазақстанның банк жүйесінде елеулі реформа болды: қос деңгейлі банк жүйесі қызмет етті, барлық мамандандырылған банкілер акционерлік банкіге айналды, ал Ұлттық банк орталық банктің кейбір қызметтерін атқаратын болды. Осының бәрі белгілі мөлшерде өзіміздің ұлттық валютамызға өтуді жеңілдетті.
Сонымен қатар, тәуелсіз Қазақстанның алғашқы күндерінен-ақ Ұлттық банктің ұйымдасқанына қарамастан, ол бәрі бір әлі де еліміздің классикалық түрдегі орталық банкі бола алмады. Ұлттық банк екінші дәрежедегі атқаратын қызметтерін жалғастыра берді, сол сияқты, мемлекеттік органдар жүйесіндегі оның мәртебесі де айқын болмады. Мысалы, Ұлттық банк 1991 жылдан 1993 жылдың соңына дейін биліктің барлық тармақтарына бағынып келді. Үкімет оған тапсырмалар берді, депутаттар оның қызметін бақылап отырды және қосымша жүктемелер беріп, олардың бірден орындалуын талап етті. Барлығы да әр түрлі қажеттіліктеріне қаржы бөлуін сұрай бастады.
Осы проблеманы шешу үшін 1995 жылы наурызда Елбасымыз «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» туралы Жарлыққа қол қойды. Ол бойынша Ұлттық банк өзіне заңнамалық актілер берген өкілеттіліктің аумағы көлемінде тәуелсіз қызмет жасайтын және Президентке ғана есеп беретін болды. Содан бері өкілетті және атқару билігінің ешқандай да органдарының Ұлттық банктің қызметіне араласуға құқығы жоқ. Бірақ әрине, барлық басқа елдердегі сияқты, біздің Ұлттық банк жалпы мемлекеттік экономикалық саясаттың мәселелерін Үкіметпен үйлестіріп отыруы тиіс.
Сонан соң, ол орталық банктің тікелей қызметтерін атқаруға – тәуелсіз ақша-несие саясатын іске асыруға және қазіргі талаптарға жауап беретін банк жүйесін құруға кірісті. Әр түрлі уақыттарда Ұлттық банкті Ғ. Байназаров, Д. Сембаев, О. Жандосов, Г. Марченко, К. Дәмитов басқарды. Бұлардың барлығы да ел үшін күрделі кезеңде қызмет атқарды және банк жүйесінің дамуына өз үлестерін қосты. [1]
1995 жылғы 3 наурызда
қабылданған Заң Ұлттық банктің рөлін,
қызметтерін, міндеттерін белгілеп берді.
Бұл Заң бойынша, Ұлттық Банк мемлекеттiң
орталық банкi болып табылады және ол банк
жүйесiнiң жоғарғы (бiрiншi) деңгейiне жатады.
Ұлттық Банкiнiң мiндеттерi, қызмет қағидаттары,
құқықтық мәртебесi және өкiлеттiгi "Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банк туралы"
Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленедi.
Ұлттық Банк өзiнiң құзыретi шегiнде банк
қызметiнiң жекелеген мәселелерi бойынша
реттеудi және қадағалауды жүзеге асырады
және банктердiң және банк операцияларының
жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың
жұмыс iстеуi үшiн жалпы жағдайлар жасауға
жәрдемдеседi.
Банктерге және банк операцияларының
жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға
қатысты Ұлттық Банктiң реттеу және қадағалау
функциялары Қазақстан Республикасының
ақша-кредит жүйесiнiң тұрақтылығын қолдауға,
банк кредиторларының, олардың салымшылары
мен клиенттерiнiң мүдделерiн қорғауға
бағытталған. [3]
Ұлттық банк – бұл ақшалай резервтерді құрайтын, оған қоса меншікті алтын валюта резервтерден, басқа да материалдық бағалықтардан тұратын мүліктерге ие болып табылатын заңды тұлға. Ұлттық банк өзінің атқаратын мәні жағынан біртұтас ұйым болып табылады, ал мемлекет тек оның жарғылық қорының иесі. Бүгінгі жарғылық қордың мөлшері – 20 млрд теңгені құрайды. Негізгі қорлары ғимараттардан, құрылғылардан, құрал-жабдықтардан, көліктік құралдар мен басқа бағалылықтардан, ал айналым қорлары банкке тиесілі болып табылатын меншікті ақшалай қаражаттардан тұрады.
Ұлттық банк резервтік және басқа да қорларды құрайды. Резервтік қор жарғылық қор көлемінде құралып, меншікті пайда есебімен толықтырады және жүргізген операцияларға байланысты зияндар мен шығындардың орнын жабуға арналады. Ұлттық банктің қаржылық жылдағы таза табысы, сол қаржылық жылға қатысты, нақты табыстар мен шығыстар арасындағы айналысқа шығарылған, оған қоса активтердің амортизациясын, оның ішінде банкнот пен монеталарды қоса алғандағы шығыстардың айырмасы негізінде анықталады.
Ұлттық банктің таза табысы жарғылық қорды және резервтік қорды абсолюттік соммада құрауға бағытталады. Таза табыстың қалған бөлігі келесі қаржы жылындағы республикалық бюджетке аударылады. Ұлттық банк және оның мекемелері барлық салықтар мен алымдар төлеуден босатылады.
Қазақстанның Ұлттық банкі жоғарыдан басқарылатын жүйедегі біртұтас орталықтандырылған құрылымды білдіреді. Ұлттық банктің басқару органына: Басқарма және директорлар Кеңесі кіреді.
Ұлттық банктің Басқармасы тоғыз адамнан тұрады. Ұлттық банктің Басқармасының құрамына:
ҚҰБ төрағасы және бес лауазымды тұлғалар;
ҚР Президентінен бір өкіл;
ҚР Үкіметінен екі өкіл кіреді.
Ұлттық банктің оперативтік басқару органы Директорлар кеңесі болып табылады. Директорлар кеңесі құрамына Ұлттық банк төрағасы, оның орынбасарлары және құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері кіреді.
Ұлттық банк тек қана ҚР Президентінің алдында есеп береді. Есеп беру мыналарды білдіреді:
Парламенттің келісімімен ҚР Президенті ҚҰБ-нің төрағасын 6 жылға сайлайды және қызметінен босатады;
ҚҰБ төрағасының орынбасарларын да ҚҰБ төрағасының ұсынуымен ҚР Президенті 6 жылға сайлайды және қызметінен босатады;
ҚҰБ-нің жылдық есебін ҚР Президенті бекітеді;
Ұлттық валютаның – теңгенің айшығының тұжырымын ҚР Президенті бекітеді;
ҚҰБ ҚР Президентінің сұрауы бойынша өзінің қызметіне байланысты ақпараттарды беріп отырады. [4]
1.2 Ұлттық банктің міндеттері, қызметтері және жүргізетін операциялары.
Еліміздегі барлық несие жүйесін реттеуші ұйым рөлін атқара отырып, орталық банк экономикамызда басты орын алады.
Орталық банк еліміздің эмиссиялық және резервтік орталығы ретінде ақша-несие және валюта саясатын анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты пайда табу емес, тек ақша-несие саясатын жүргізуге және еліміздің банк жүйесіне жетекшілік етуге бағытталады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, Орталық банктің мемлекетпен біріктірілген кең көлемдегі өкілеттілігі екі деңгейдегі банктік жүйенің тиімді қызмет етуін қамтамасыз етеді.
Орталық банктің тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне экономикамыздағы жалпы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады.
Ұлттық банк – бұл бұрынғы қарапайым клиенттерге қызмет көрсетумен айналысқан, қарапайым мемлекеттік банктен орталық, эмиссиялық банкке ауысқан, банктердің банкісі болып табылады. Іс жүзінде Ұлттық банкте барлық кассалық резервтердің шоғырлануы және олардың шаруашылық айналымына түсуі Ұлттық банктер мекемелерінің коммерциялық банктер кассасын толтыру арқылы жүзеге асырылады. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банк мекемелері арқылы жүргізе отырып, қажет жағдайларда Ұлттық банктен несие ала алады. [4]
Ұлттық Банктің құрылымына мыналар кіреді:
- 17 департаменттен (1 департамент Астана қаласында), 6 дербес басқармадан тұратын орталық аппарат;
- 16 аумақтық филиал және Алматы қаласындағы бір филиал - Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы;
- Ұлттық Банктің Ресей Федерациясындағы өкілдігі;
- 4 есеп беретін ұйым:
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Ұлттық Банк:
- «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры»;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Q-BRO» Резервтік Орталығы»
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамдарының құрылтайшысы болып табылады.
Ұлттық Банк "ГНПФ" жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамының акционерлерінің бірі болып табылады.
ҚР-ның Ұлттық Банкі Басқармасының құрамы
1. |
Марченко Григорий Александрович |
- ҚР ҰБ Төрағасы |
2. |
Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы |
- ҚР Президентінің көмекшісі |
3. |
Жәмішев Болат Бидахметұлы |
- ҚР Қаржы министрі |
4. |
Келімбетов Қайрат Нематұлы |
- ҚР экономикалық даму және сауда министрі |
5. |
Ақышев Данияр Талғатұлы |
- ҚР ҰБ Төрағасының орынбасары |
6. |
Бектасов Әбен Ағыбайұлы |
- ҚР ҰБ Төрағасының орынбасары |
7. |
Ғалиева Дина Түлеубекқызы |
- ҚР ҰБ Төрағасының орынбасары |
8. |
Тәжіяқов Бисенғали Шамғалиұлы |
- ҚР ҰБ Төрағасының орынбасары |
9. |
Қожахметов Қуат Бәкірұлы |
- ҚР ҰБ Қаржы нарығын
және қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалау комитетінің |
[5]
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің басты міндеті – ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету. Негізгі мақсатын іске асыру үшін Ұлттық Банкке мынадай міндеттер жүктеледі:
- мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;
- төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;
- қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын одан әрі дамыту, сондай-ақ тұтастай алғанда қаржы жүйесіне деген сенімге қолдау көрсету;
- қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиісті деңгейде қорғауды қамтамасыз ету. [5]
ҚР Ұлттық Банкінің жоғары басқару органы Басқарма болып табылады. Ол өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай негiзгi қызметтерді орындайды:
- мемлекеттің ақша-несие саясатын дайындау;
- банк қызметіне қатысы бар ҚҰБ-нің нормативтік-құқықтық актілерін бекіту;
- Ұлттық банктің банктермен операциялары бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін белгілеу;
- банктердің ашылуына рұқсат беру және оларды қайтарып алу туралы шешім қабылдау;
- жекелеген банктік операциялар түрлерін жүргізуге лицензиялар беру туралы шешім қабылдау;
- банктер үшін резервтік талаптар нормасын бекіту;
- алтын валюта активтерін басқарудың негізгі қағидаларын анықтау;
- ҚР валютасының айырбас бағамын анықтау тәртібін бекіту;
- ҚҰБ жұмыс туралы жылдық есепті қарау, қабылдау және Президенттің бекітуіне беру;
- ҚҰБ-нің жылдық балансын және табысы мен зияны туралы есебін қарау және бекіту;
- ҚҰБ туралы нұсқауды, оның жарғылық капиталы мен резервтік қордың қалыптасу тәртібі, негізгі құралдарды және өзге де мүліктерді пайдалану, ақылы қызмет көрсету, ҚҰБ-нің құрылымы және бюджеті, департамент директорларын, филиалдардың, өкілеттіліктердің және ұйымдардың жетекшілерін тағайындау туралы нормативтік-құқықтық актілерді бекіту;
- банктер үшін пруденциалдық нормативтер мен басқа да міндетті нормаларды және шектерді бекіту;
- еңбек жағдайын, оған ақы төлеу жүйесі мен мөлшерін анықтау және бекіту;
- ҚҰБ-нің халықаралық және басқа да ұйымдарға қатысуы туралы шешім қабылдау;
- Директорлар Кеңесінің құрамын бекіту;
- бухгалтерлік есептің қазақстандық стандартын ескере отырып, ҚҰБ-не арналған бухгалтерлік есептің саясатын және әдістерін анықтау. [4]
ҚР Ұлттық банкі еліміздің орталық банкі ретінде ақшаны эмиссиялау қызметін жүзеге асырады. Қазақстан Республикасында ақшаны эмиссиялау құқығы тек қана ҚР Ұлттық банкіне заңмен бекітіліп берілген.
ҚР Ұлттық банкі өзінің эмиссиялау қызметін 1993 жылдың қараша айының 15 жұлдызынан бастап жүзеге асыруды қолға алды. Себебі бұл күн біздің тәуелсіз ел болуымызбен байланысты 70 жылдан кейін қайта жаңғырған жаңа тарихымызда ерекше күнді білдіреді. Ол күн егеменді еліміздің төл валютасын айналысқа енгізген күн болып табылады.
ҚР Ұлттық банктің эмиссиялық қызметі оның құрылымдық бөлімшелері: Алматы қаласында орналасқан ҚР Банкнота фабрикасының банкноталары мен Өскемен қаласында Монета сарайында дайындалған монеталар көмегімен іске асады.
Ұлттық банк алтын-валюта резервтерін басқарады. Алтын-валюта резерві ұлттық валюта теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін құрылады және пайдаланылады. Алтын-валюта резервтері құрамы мыналардан тұрады:
- құйма алтыннан;
- Ұлттық банктің шоттарындағы банкнота және монета түріндегі шетел валютасындағы қаражат қалдықтарынан;
- валюталық құндылықтардан;
- шетел валютасындағы жай және аудармалы вексельдерден;
- шетел үкіметінің немесе халықаралық қаржы ұйымдарының шығарған бағалы қағаздарынан;
- басқа да сыртқы активтерден.
Алтын-валюта резервін ұлғайту және құрылымын өзгерту келесідей жолдармен жүзеге асырылады:
- монетарлық алтынды сатып алу;
- резиденттер мен резидент еместерден, ҚР Үкіметінен теңгеге шетел валютасын сатып алу;
- депозиттік, салым, шетел валюталарымен дилингтік операциялардан түсетін комиссиондық және басқа да сыйақы түріндегі түсімдер;
- Ұлттық банктің монетарлық алтын, күміс, платина және платина тобындағы басқа да металдармен жасалатын операцияларды жүргізуден түсетін валютадағы түсімдер;
- Ұлттық банктің кеңес беру, ақпараттық-баспа және басқа да қызметтерінен түсетін шетел валюталарындағы түсімдер. [6]
Төмендегі кестеде халықаралық резервтер мен ҚР Ұлттық қорының активтері салыстырмалы түрде көрсетілген. 2-кестеден көріп отырғанымыздай, ҚР алтын қоры тұрақтанып келеді. Себебі олардың мерзім бойынша өзгерістері онша көп емес. Бірақ 2010 жылдың қазан айындағы алтын қорының жылдың басымен салыстырғандағы өзгерісі 22,06%-ды құраған.
Халықаралық резервтер және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының активтері млн. доллар/ мерзімнің аяғына
1-кесте
Жалпы халықаралық резервтер | |||
Көлемі, млн доллар |
Өткен айға қарағандағы өзгерісі, , % |
Жылдың басына қарағандағы өзгерісі, % | |
12.10 |
28275 |
1,72 |
22,45 |
01.11 |
31158 |
10,2 |
10,2 |
02.11 |
33449 |
7,35 |
18,3 |
03.11 |
35189 |
5,2 |
24,45 |
04.11 |
36985 |
5,1 |
30,8 |
05.11 |
36006 |
-2,65 |
27,34 |
ҚР Алтын қоры
2-кесте
| |||
Көлемі, млн доллар |
Өткен айға қарағандағы өзгерісі, % |
Жылдың басына қарағандағы өзгерісі, % | |
12.10 |
3052 |
2,56 |
22,06 |
01.11 |
2953 |
-3,26 |
-3,26 |
02.11 |
3122 |
5,72 |
2,28 |
03.11 |
3097 |
-0,78 |
1,48 |
04.11 |
3314 |
6,99 |
8,57 |
05.11 |
3327 |
0,39 |
8,99 |
Тамыз және қыркүйектегі мәліметтердің өзгеріне байланысты 2010 жылғы желтоқсанның деректерінде қорытынды айналымдар есепке алынды. [5]
Ал төмендегі
кестеде Ұлттық банктің 2010 және
2011 жылдардағы алтын-валюта

- Қазақстан Республикасы экономикасын инвестициялау приоритеттері мен жетілдіру жолдары
- Қазақстан Республикасы экономикасының даму сипаттамасы және оны мемлекеттік реттеу
- Қазақстан Респулликасының инвестициялық қызметті қаржыландыру барысында кездесетін мәселелер және жетілдіру жолдары
- Қазақстан Респулликасының кәсіпорындарындағы инвестициялық қызметті қаржыландыру барысында кездесетін мәселелер және жетілдіру жол
- Қазақстан Респулликасының кәсіпорындарындағы инвестициялық қызметті қаржыландыру барысында кездесетін мәселелер және жетілдіру жолда
- Қазақстан Ресубликасының қаржы және валюта нарығы
- Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жыл аралығындағы банк жүйесінің дамуының негізгі кезеңдері
- Қазақстан Республикасы Президентінің Республика халқына Жолдауы – аса маңызды Конституциялық құжат
- Қазақстан Республикасы Президентін сайлау тәртібі
- Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдері
- Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі салық салуды ұйымдастыруды талдау
- Қазақстан Республикасы Салық комитеті Ақтөбе облысы бойынша Салық департаментінің Ақтөбе қаласы бойынша Салық басқармасы туралы
- Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюталық операциялары мен реттеу шаралары