Қазақстан Республикасы Президентін сайлау тәртібі

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1.Қазақстан Республикасының  президентінің сайлауы

2. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесінің негізгі түсініктері

3. Сайлау 2011

3.1 Сайлау органдары

3.2 Республика президенттігіне кандидаттарды тіркеу

3.3  Сайлаушылар тізімі

3.4 Сайлау алдындағы үгіт

3.5 Электрондық сайлау жүйесін пайдалана отырып сайлау    өткізудің ерекшеліктері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қазақстан Респуликасының сайлау тәртібі

Биліктің жаңа институттары мен егемен Қазақстанның мемлекеттілігін  қалыптастыру процесінде сайлау жүйесінің  тұжырымдамасын және оның негізгі принциптерін әзірлеу маңызды міндет болып  табылады. Бұл міндет кезең –  кезеңімен ойдағыдай шешіледі.

Қазақстанның сайлау жүйесінің  қалыптасуы жалпы қоғамның экономикалық, әлеуметтік және саяси жүйесін түпкілікті реформалау жағдайында, сондай – ақ мемлекетті басқарудың барынша оңтайлы  моделін іздеу жағдайында өтті, демек  өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарынбастан өткерді.

Жаңа заңнамамен жұмыс  үздіксіз жүріп отырды және әрбір  сайлаушының – Қазақстан Республикасы азаматының құқықтарын, сайлау процесі  субъектілерінің демократиялық  негіздегі саяси және сайлау алды күрес әдістерін пайдалануын, сайлауға  дайындық пен өткізуді ұйымдастыруды, сайлау қорытындыларын жасау мен  оны жариялауды, демократиялық бақылауды  енгізуді қамтамасыз етуді мақсат тұтты.

Сайлау заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі  әрбір қадам жан – жақты  екшеленіп, ойластырылуы үшін елде барлық мүдделі тараптардың пікірін  ескеру, халықаралық тәжірибені зерделеу практикасы қалыптасты.

Соңғы жылдарда республиканың  сайлау заңнамасы жетілдірілу және өзгеріп отыратын әлеуметтік және саяси  жағдайларга бейімделу жағына қарай  едәуір өзгеріске ұшырады және қазіргі  таңда негізінен Адам құқықтарының жалпыға бірдей  танылған халықаралық  нормаларға жақындады. Сайлау заңнамасын жетілдіру жөніндегі жұмыстар қазіргі  кезде де жалғасуда.

Қазақстан Республикасының  кезекті сайлауы жеті жылда бір  рет тиісті жылғы желтоқсанның жексенбісінде  өткізіледі және ол мерзімі жағынан  Республика Парламентінің жаңа құрамын  сайлаумен тұспа – тұс келмеуге тиіс.

Республика Президенті сайлауын жариялау және тағайындау

  1. Президенттің кезекті сайлауын Парламент Мәжілісі қыркүйектің екінші жексенбісінен кешіктірмей жарялайды.
  2. Алынып тасталған заң
  3. Бір адам қатарынан екі реттен артық президент болып сайлана алмайды

Ескерту: 53 – баптың 2- тармағы алынып тасталды – Қазақстан Республикасының 1998.11.06. №285 Заңымен, өзгерту енгізілді – 2005.04.15.  №44 Конституциялық Заңымен 54 – бап. Республика президенттігіне кандидатқа қойылатын талаптар

  1. Президент болып сайлану үшін азамат конституциясының 41 – бабының 2 және 3 – тармақтарында белгіленген талаптарды қанағаттандыруда, сондай – ақ Конституцияның 33 – бабының 2 және 3 тармақтарына және осы заңға сәйкес белсенді сайлау құқығына ие болуға тиіс.
  2. Президнттікке кандидатқа Конституция мен осы Конституциялық заң қоятын талаптарға оның сәйкестігін азаматтың өзін – өзі ұсыну туралы өтініші немесе республикалық қоғамдық бірлестіктің жоғары органының кандидатты ұсыну туралы хаттамасының үзіндісін кандидаттың дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішімен қоса тапсырған кезден бастап бес күн ішінде Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен анықталады.
  3. Алынып тасталған заң

Ескерту: 54 – бапқа өзгеріс  енгізілді – Қазақстан Республикасының 1998.05.08. №222 Заңымен 1999.05.06. №375 Заңымен, 2004.04.14. №545 Заңымен.

55 – бап. Республика  президенттігіне кандидаттар ұсыну

  1. Президенттікке кандидаттар ұсыну құқығы белгіленген тәртіппен тіркелген республикалық, қоғамдық бірлестіктерде, сондай – ақ өзін – өзі ұсыну жолымен –азаматтарда болады.
  2. Президенттікке кандидаттарды ұсыну сайлау жаряланған күннен басталып, сайлауға екі ай қалғанда аяқталады.
  3. Президенттікке кандидаттарды қоғамдық бірлестіктер атынан олардың жоғары органдары ұсынады. Қоғамдық бірлестіктер осы қоғамдық бірлестіктің мүшесі болып табылмайтын адамдарды кандидаттыққа ұсынуға хақылы. Қоғамдық бірлестік Президенттікке бір ғана кандидат ұсынуға хақылы. Президенттікке кандидат ұсыну туралы шешім республикалық қоғамдық бірлестіктің жоғары органы мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады да хаттамадан үзінді жасалады.

Республикалық қоғамдық бірлестіктің жоғарғы органының шешімі:

  • Президенттікке кандидатқа жеткізіледі
  • Президенттікке кандидаттың дауысқа түсуге келісім беруі туралы өтінішімен қоса Орталық сайлау комиссиясына тапсырылады.

4.Президенттікке кандидаттыққа  өзін – өзі ұсыну олардың  Орталық сайлау комиссиясына  тиісті өтініш беруі арқылы  жүргізіледі.

5.Егер кандидаттарды тіркеу  мерзімі аяқталатын күні Президентікке  еекіден кем кандидат тіркелген  жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы кандидаттарды ұсыну мерзімін жиырма күннен аспайтын мерзімге ұзартады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім

  1. Қазақстан Республикасының Президентінің сайлауы

Қазақстан Республикасының  Президентін конституциялық заңға  сәйкес жалпыға, тең және төте сайлау құқығы негізінде Республиканың  кәмелетке толған азаматтары жасырын  дауыс еру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды.

Қазақстан Республикасының  президенттік сайлауына  тек осы  мемлекетте туған, жасы қырыққа толған, мемлекеттік тілді жаксы білетін  және Қазақстанда он бес жыл шамасында  тұратын азамат қана қатыса алады.

Қазақстан республикасы президенттігіне  кандидат бола алмайды; сотталған, сотталған  мерзімі аяқталмаған немесе заңды  түрде айыбы алынбаған азаматтар. Президенттікке кандидаттар республикалық  жоғарғы органдар қоғамдық бірлестіктерімен ұсынылады. Кандидат ретінде озін –  озі ұсыну үшін Орталық сайлау комиссиясына арнайы өтініш берілуі  тиіс. Президенттікке кандидатқа сайлаушылардың қолдау дауыстарды куәландырумен айқындалады.

Кандидаттарды тіркеу

Президенттікке кандидаттар  Орталық сайлау комиссиясында тіркеледі. Тіркеу алдын ала екі ай бурын  жасалады және сайлауға қырық күн  калғанда жасалады. Орталық сайлау комиссиясының үлесіне сайлаулық  ақы төленеді. Ақы заңмен тағайындалған  тәртіпте жалақыдан елу есе көп  мөлшерде алынады. Кандидат зайыбымен  бірге тіркеуге дейін тұрғылықты жеріне байланысты салық органдарына  кірісі туралы және жеке мүлігі жайлы  декларация тапсыруы қажет.

Кандидаттарды тіркеуге арналған қажетті құжаттар

  1. Жоғарғы органдар қоғамдық бірлестіктермен берілген тіркеу жөніндегі кошірме құжат;
  2. Президенттікке сайлануға арналған келісім өтініш;
  3. Кандидатты қолдау үшін жиналган дауыстардың нәтижелері туралы территориялдық комиссиялардың дайындаған ;
  4. Кандидат жайлы биограиялық мәлімет;
  5. Кандидат пен зайыбының кірісі мен жеке мулігі жайлы салық логандарымен жасалған анықтама;
  6. Кандитат төлем ақыны төлегені жайлы куәлік.

Президенттің  кандидаттыққа сайлану қоры

  • Кандидаттың жеке жинақ қоры,қаражаттың жалпы саны заңмен тағайындалған жалақының минимальді мөлшерінен аспауы қажет;
  • Кандидатқа республикалық қоғамдық бірлестіктен бөлінген қаражат, жалпы соммасы заңмен тағайындалған мөлшерден аспауы қажет, жалақының минимальді молшерінен жеті мың еседен артық болмауы тиіс;
  • Республика азаматтары мен мекемелердің өз еркімен

 берген қайырымдылық  қаражаттар, ортақ соммасы он  бес мыңнан аспауы қажет.

Сайлау қорлары Мемлекеттік  ретпен тіркелуге  міндетті, Қазақстан  Республикасының әділет министрлігімен белгіленген 20 қазан 1998 жылы №114  бұйрығымен «Қазақстан сайлау қорлары Республикасы президенттігіне сайланатын кандидаттардың сайлау қорларының тіркелу тәртібі »

Сайлауға қарсы  үгіт

Сайлауға  үгіт кандидаттардың тіркелуінің аяқталуымен басталады  және сайлау аяқталауға қарсы күні сағат он екіде аяқталады. Қайта  сайлау процессі болатын жағдайда белгіленген  күні басталып сайлаудың қарсаңындағы күні сағат он екіде аяқталады.

Кандидатқа массалық ақпарттарға  бәріне ортақ заңмен белгіленген  мөлшерде қаражат беріледі. Әрбір  кандидатқа он бес минуттық теледидардан сойлеуге, он минут радиода сөйлеуге, басылым көздерінде ақпарат тарату үшін көлемі 0,1 баспа бетінен аспайтын екі мақалаға рұқсат беріледі. Кандидаттардың сөйлегенін үзуге немесе сөйлеп болысымен  сөздерге түсінік беруге тиым салынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сайлау 2011

Біздің алдымызда Президентті таңдау мен сайлау туралы аса жауапты міндет тұр. Осы бір жауапты кезеңде бүкіл Қазақстан халқы еліміздің гүлденуі мен көркеюіне Отанымыздың әлемнің алдынғы қатарлы елдері мен иық теңесуіне қызмет жасайтын көреген тұлғаға дауыс беріп, таңдау жасайды деп ойлаймын.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің  жиырма жылдық айтулы мерекесіне күшті  президенттік басқару жүйесінің  арқасында еліміз әлемнің алпауыт  елдері мен терезесін тең ұстап, экономикада, саясат пен мәдениетте, спортта, әлеуметтік саланың барлық бағытында орасан зор табыстарға қол жеткізеді.

Бұл шындық. Оны дүниежүзілік деңгейдегі әлем саясаткерлері мен  сарапшылары жаһандық бас қосуларда  мойындап, оң  берді. Тәуелсіздік  жетістіктерін көздің қарашығындай қорғап, сақтап, молайта беру- ұлтымыздың ұлы мұраты. Ел басқару – биік өнер, қиын да күрделі міндет. Ол өнерді меңгеріп, халықтың қажетіне жарау  – бақыт. Осы өнерді меңгеріп, бақытқа  жету – азаптың азабы. Оған елім деген ерлер ғана қол жеткізеді.

Кез келген мемлекет басшысы  ел басқарудың қыры мен сырын терең  мңгерген саңлақ саясаткер болуы тиіс. Ол бұл жұмыстың адам жанын азапқа салатынын, түн ұйқыңды төртке бөлетін беймаза күндер кешетінін білуі керек. Бірақ, осынау қиындықтан қаймықпай, халықтың тілегін қабыл алып, елінің, халқының асыл мұраттарын алға жетелеу үшін тайсалмай қиында жауапты міндетті атқаруға тәуекел ететін адам ғана президенттікке лайық.

Ел басымыз тәуелсіздіктің жиырма жылында дүниенің төрт құбыласын  түгел аралады. Миллиондаған шақырым  жол жүрді. Жол азабын тартты, ұйқысыз  түндерді, күлкісіз күндерді басынан  өткізді. Бәріне төзді, көнді.

Осы жерде дауылпаз ақын Махамбеттің:

«Еңку – еңку жер шалмай,

Түн қатып жүріп, түс қашпай,

Ерлердің ісі бітерме», деген өлең жолдарын еріксіз есіңе  аласың.

Әлем назарын аударып, айтулы оқиғаға айналған, елдегі еңсерілген істерге көңіл бөлсек: мемлекетіміздің  мерйін үстем еткен, кеше ғана төрағалық  жасаған Еуропадағы Қауіпсіздікпен ынтымақтастық  ұйымының Астана Саммитинде қабылданған декларациясы тарихқа  алтын әріппен жазылып, әлем елдерінің  игілігіне қызмет жасайтын болды.

Сондай – ақ, әлем елдері дін басыларының Астанада өткен  бірнеше құрылтайы да дүние жүзілік  маңызға ие болып, бейбітшілікпен ынтымақтастықтың алтын діңгегіне айналды.

Сонай 1990 жылдардың басында  еліміз тәуелсіздікке қол жеткізіп ел есін енді жинай бастаған тұста Семей полигонын жауып , ядролық қару – жарақтан бас тарту жөнінде қабылданған тарихи шешім. Бүкіл адамзаттың қолдауына ие болды.

Көшбасшымыз 1994 жылы Ломоносов  атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің  оқушылары мен студенттері алдында  сөйлеген сөзінде Еуразиялық интеграция идеясын айтқан болса, онысы бүгінде  ЕурАзЭҚ (Еуразиялық экономикалық қауымдасты ) шеңберінде Кедендік одақтың құрылыпбіртұтас  экономикалық кеңістіктің қалыптасуы мен жүзеге асырылуда. Мұның нәтижесін  халық сезініп отыр. Шанхай ынтымақтастық  ұйымының негізін қалаушы ретінде  де еліміздің атқарған шаруасы ұшан – теңіз.

Турасын айтсақ отанымыз алып мемлекеттердің алдын орап, саяси  – экономикалық мәселелерді ынмақпен түсініктік жағдайында шешудің сара жолын жолын салып берді. А  ұлы Абылайханның саяси сарабыдалдығын жүрегімен түйсінген басшымыз Ресей  мен Қытайдың Қазақстан мемлекеті  үшін қаншалықты маңызды орын алатынын ісімен де, сөзімен де дәлелдеп келеді.

Биылғы жыл – Қазақстан  үшін айтулы жыл. Осы жылы біздің еліміз Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық етеді.Бұл да әлемдік маңызы бар саяси оқиға болмақ.Бұл істің маңыздылығы сонда,жаһандану кезеңінде бас көтере бастаған діндер арасындағы қақтығысты бәсеңдетіп,ұлттардың ұғысуын қамтамасыз етуге ықпал етпек.

Түбі бір түркі тілдес елдердің ынтымақтастық ұйымын құрып, оған төрағалық етуде бірлік пен ынтымақтастықтың, өркендеудің жаңа өрісін іздеген жарқын көрініс болды.

Ел басқарудық қыр –  сырын терең меңгерген , біліктілігі  сай, жаратылысынан алғыр, зерек, еңбектің от шашқан тайқазанында құрыштай шынығып  өскен, дара дарындылығымен жасынан  саясаттың салмақты ойынында үнемі  үздіксіз жеңіске жетіп,  болашақты  болжай білетін, табиғи көреген көсемдігімен саңлақ саясаткер екендігін сан  рет дәлелдеген тұлғаға алдағы сайлауда ел ықыласы ерекше болатыны тағы даусыз.

Әр жылғы дәстүрлі Жолдауды халық асыға күтеді, қуана қарсы  алады. Биылғы «Болашақтың іргесін  бірге қалаймыз» атты Жолдау, дәуір  міндеттерін межелеген жасампаз құжат 2030 стратегиялық бағдарламасынан  бастау алған анық. Бұл Жолдауда мақсат етілген сан – салалы бағыттардағы экономикалық, саяси – әлеуметтік, мәдени іс – шаралардың барлығы  елдің әл – ауқатын жақсартып  халықтың тұрмыс – тіршілігін жоғары деңгейге көтеретіні көрініс тапқан.

Қазақстанға алдада демократиялық  үрдістерді дамыта отырып, әлеуметтік әділеттікті сақтап, саясат сасхнасында  халықтың сеніміне ие болып, азаматтық  қоғамның абыройын көтеруде өнегелі  істерге өріс беретін көш басшы  керек. Қазақстан бүгінде ұлттар достығының ұясына айналып отырса келешекте  де осы үдеріс жалғастырылуы тиіс. Еліміз бүгінгідей тұтастығымыз бен  бірлігіміздің арқасында осындай  биік белестерді бағындырып отырғаны күмәнсіз.

Республика ел ордасы әлем таныған әсем қала ғана емес,

дүние жүзінің кемеңгерлері келіп кеңес құратын, кеміл саясатқа кең жол ашқан ақылдың ақ ордасына айналды. Бүкіл әлем көз тіккен Азияда жалауы желбіреген тұста да Қазақстанның, оның ішінде бас шахарымыздың да абыройы  асқақтады.

Халқымызда ежелден келе жатқан «Қасымханның қасқа жолы», «Есімханның  ескі жолы» деген терең мағыналы ұғым бар. Осы ұғым бүгін де жақсы  жалғасын тауып отыр. Бұлай дейтін себебіміз – бұл елінің егемендігін  сақтаған, халқын бақытқа бастаған жасампаздық жолы. Бұл -  біздің жол.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесінің негізгі түсініктері

 

Қазақстан Республикасының  сайлау жүйесі ұғымы , қағидалары, сайлау органдары. Сайлау жүйесі дегеніміз  сайлау органдарын құрудың, сайлауды ұйымдастырудың тәртібі қағидаларын қамтитын, сайланбалы мемлекеттік және жергілікті өзін –  өзі басқару органдарын қалыптастырудың  тәртібі.

Қазақстан Республикасыны сайлау жүйесі деп Конституция мен сайлау туралы заңдарда көрсетілгендей республика президентін, Мәжіліс пен Сенат  депутаттарын, ауылдық әкімдерді, төте не жанама сайлау тәртібін айтамыз.

Сайлай жүйесі ұғымы әдетте 2 мағынада қолданылады: кең және тар. Кең мағыналы сайлау жүйесі дегеніміз Қазақстан Республикасындағы сайлау өткізу мен ұйымдастыруғ байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар жүйесі. Тар мағынадағы сайлау жүйесі дегеніміз сайлауға қатысқан кандидаттардың немесе саяси партиялардың жеңімпаздарын анықтау жүйесі. Еліміздегі сайлауды әзірлеу мен оны өткізетін мемлекеттік органдар сайлау комиссиялары болып табылады. Сайлау комиссиясының өкілеттік мерзімі – жеті жыл.Сайлау комиссияларының мүшелері мемлекеттік органдардың өкілі болып табылаСайлауды және мемлекеттің қорғауында болады.

Өркениетті, демократиялық  қоғамда саяси процеске қатысудың  негізгі түріне айлау жуйесі жатады. Сайлау арқылы азаматтар мемлекеттің  өкілетті, заң, сот, атқару органдарын қалыптастыруға қатысады. Ол азаматтардың саяси құқығының жүзеге асырылуын  білдіреді. Сайлау барысында халықтың қалауы бойынша басқарушы элита  алмасады, билік бір қолдан екіншілерге  бейбіт жолмен беріледі. Сонымен қатар  ол халықтың басқарушы элита өз жұмысын  қалай атқарып отырғандығына  бақылау жасау мүмкіндігін де береді. Сайлау жүйесі деп өкілетті және басқа мемлекеттің сайланбалы билік органдарын құру жолдарын, түрлерін, әдіс – тәсілдерін анықтайтын, тәртіпке келтірілген нормалар, ережелер жиынтығын  айтады. Жалпы алғанда сайлау жүйесіне мемлекеттік қызмет орнына үміткерлерді ұсынудың тәртібі, процесі және негізгі  принциптері, оны ұйымдастыру, материалдық  жағынан қамтамасыз ету, майлаушылармен жұмыс жүргізу және тагы басқа  шаралар кіреді.

Сайлау жүйесінің негізгі  қағидалары әдетте конституцияда анықталады және арнайы заңда нақтыланады. Сайлау құқықтық нормалардың жиынтығын сайлау құқығы дейді. Оның 2 түрі бар: 1. Блсенді түрі, 2. Бәсең түрі.

Белсенді түрі азаматтардың сайлау құқығыын білдіреді. Бәсең түрі олардың сайлану құқығын қамтиды. Сайлау құқығында солар рттеледі. Берілген дауысты есептеу тәсілімен  соның нәтижесінде орындарды  бөлу принципіне қарай сайлау жүйелері аралас түрі болып бөлінеді.

Басең сайлау құқығы – Република  азаматтарының Конституцияда белгіленген  шектеулермен Президент, Парламент  және маслихаттың депутаты немесе жергілікті өзін – өзі басқару оргдарының мүшесі болып сайлану құқығы. Мәселен, 1999 жылдың 10 қаңтарында мажоритарлық жүйенің  абсолютті     түрі бойынша  Н.Ә. Назарбаев мезгіленген  бұрын  жеті жылдық мерзімге Қазақстан Республикасының  Президенті болып сайланды.

Демократиялық сайлау –  негізгі саяси – құқықтық институт. Деморатия саяси сайлау процесінен, яғни азаматтар үшін заңмен белгіленген  мерзім ішінде олардың мүдделерін білдіруге  ғана емес, сайлаушы азаматтармен бекітілген деңгейде дербес даму саясатын жүргізуге  ниетті әр түрлі тұлғалар, партиялар  арасынан таңдауды мүмкін деп қарастыратын және заңды негізде таңдау мүмкіндігін  қамтамасыз ететін процестен тыс  іске асырыла алмайды.

Заң шығарушы мемлекеттік  органдарды сайлау кезінде негізгі  екі сайлау жүйесі қолд анылатыны  белгілі. Оллар – барабар және мажоритарлық жүйелер. Олардың белгілі  бір үйлесімі негізінде дауыс  берудің аралас жүйесі қалыптасады.

Мінсіз сайлау жүйесі жок. Кез келген жүйенің өз артықшылықтары және өз кемшіліктері бар. Сайлаудың  халықаралық стандарттары да мемлекттерге сайлау жүйесін таңдау бойынша қандай да болмасын талаптар қоймайды.

Қазақстанда сайлауларды  және референдумдары өткізудің ережелері, рәсімдері мен негізгі ұстанымдары  ең алдымен  Қазақстан Республикасының Конституциясыен белгіленеді. Жалпыға бірдей сайлау құқығы – Қазақстан азаматтарының он сегіз жасқа толғаннан кейін тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, діни көзқарасына қарамастан, немесе кез келген өзге жағдайлардан тыс, сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы

 

 

 

3.1 сайлау органдары

Қазақстан Республикасындандары сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік сайлау органдары сайлау комиссиялары болып табылады.

Сайлау комиссияларының  біртұтас жүйесін мыналар құрайды:

  1. Республиканың Орталық сайлау комиссиясы;
  2. Аумақтық сайлау комиссиялары;
  3. Округтік сайлау комиссиялары;
  4. Учаскелік сайлау комиссиялары.

Негізінен сайлау комиссияларының  өкілеттік мерзімі – бес жыл.

Аумақтық, округтік және учаскелік  сайлау комиссияларын саяси партиялардың ұсыныстары негізінде тиісті мәслихаттар  сайлайды. Сайлау комиссияларын құратын  органдар сайлау комиссияларының өкілеттік  мерзімі ішінде олардың құрамына өзгерістер енгізуге құқылы. Сайлау комиссияларын  құру туралы шешім, олардың құрамы мен  орналасқан жері туралы бұқаралық ақпарат  құралдарында хабарланады.

Сайлау комиссияларының  өз құзіретінің шегінде қабылдаған шешімдері тиісті аумақтағы барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, жергілікті өзін – өзі басқару  органдарының, сондай – ақ олардың  лауаззымды адамдарының орындауы үшін міндетті.

Сайлау комиссиялары өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезінде олардың қызметіне  араласуға жол берілмейді.

Сайлау комиссиясының  қызметі сайлау комиссиясын құратын  органның шешімі бойынша немесе жоғары тұрған сайлау комиссиясы өтінішінің негізінде сот шешімімен тоқтатылуы мүмкін.

Сайлау комиссиясының  мүшесін, осы Конституциялық заңның 19 – бабының 6 және 7 – тармақтарында  көрсетілген жағдайларды қоспағанда, өкілеттіктерінен айыруға болмайды.

Республиканың орталық сайлау комиссиясы  негізінен Республика сайлау комиссияларының біртұтас жүйесіне басшылық етеді және тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.

Орталық сайлау комиссиясының  төрағасы мен хатшысының   Республика Президентінің ұсынуы бойынша жоғарғы  білімі болуы қажет. Орталық сайлау комиссиясының өз аппараты болады. Орталық сайлау комиссиясы мен оның аппаратын ұстауға жұмсалатын шығыстар республикалық бюджеттен қаржыландырылады.

Республикалық орталық сайлау комиссиясы – республика сайлау комиссияларының  біртұтас жүйесіне басшылық етеді және тұрақты жұмыс істейтін орган  болып табылады. Орталық сайлау комиссиясы комиссияның Төрағасынан және алты мүшесінен тұрады. Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары мен хатшысы комиссияның алғашқы  отырысында сайланады. Тагы бір бұл  комиссияның міндеті Президентті  сайлау жөніндегі басшылықты жүзеге асырады, олардың шешімдерінің күшін  жояды және тоқтата тұрады, республикалық  бюджеттің сайлау науқанын өткізуге арнап бөлінген қаражатын олардың  арасында бөледі, сайлау комиссияларының  қызметіне қажетті материалдық  – техникалық жағдайлар жасалуын бақылайды, аумақтық және округтік сайлау комиссияларының шешімдері мен  іс – әрекеттеріне түскен арыздар  мен шағымдарды қарайды, сайлау туралы заңнаманы түсіндіруді ұйымдастырадысаяси партиялардың өкілдері мен және сайлау процесіне басқа да қатысушылармен сайлауды ұйымдастыру жөнінде семинарлар өткізеді.

Президентті сайлау жөнінде  дауыс беруге арналған бюллетеньдердің  нысаны мен мәтінін, оларды жасау  тәртібін, сондай – ақ қорғалу дәрежесін  сайлаушылар тізімдерінің, президенттікке кандидаттарды қолдайтын сайлаушылардың қолдарын жинауға арналған парақтардың  дұрыстығын белгілейді.Электрондық  жүйеде дауыс беру тәртібін үйретуді ұйымдастырады.

Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Аумақтық сайлау комиссиялары

1.Облыстық (республикалық  маңызы бар қалалар және Республика  астанасы), аудандық, қалалық, қаладағы  аудандық сайлау комиссиялары  аумақтық сайлау комиссиялары  болып табылады.

2.Аумақтық сайлау комиссиялары  Президентті сайлауды ұйымдастыруды  және өткізуді қамтамасыз етеді.  Бұл комиссия жеті адамнан  тұрады.

Аумақтық сайлау комиссиясының  өкілеттіктерінің атқаратын жұмысы өте қатаң қадағаланады және де тиісті аумақтық сайлау комиссиясымен жүргізіледі.

1.Әкімшілік – аумақтық  бөліністер аумағында салау туралы  заңдардың атқарылуына бақылауды  жүзеге асырады.

2.Президентті сайлауды  әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз  етеді.

3.Төменгі тұрған аумақтық, округтік және учаскелік сайлау  комиссияларының қызметіне басшылық  етеді, олардың шешімдерінің күшін  жояды және тоқтата тұрады. Округтік  және учаскелік сайлау комиссияларының  шешімдері мен іс – әрекеттеріне  түскен арыздар мен шағымдарды  қарайды.  Тиісті әкімшілік –  аумақтық шегінде құрылған барлық  сайлау комиссияларының Орталық сайлау орталық сайлау комиссиясының шешімдерін атқаруын ұйымдастырады. Осы конституциялық заңның бұзылуына жол берген сайлау комиссияларының қызметін тоқтату туралы сайлау комиссиясын құратын органға немесе сотқа жүгінеді.

4.Сайлауды әзірлеу мен  өткізуге байланысты мәселелер  бойынша сайлау комиссияларының,  мемлекеттік органдар мен ұйымдардың  есебін, сондай – ақ сайлау  туралы заңдардың сақталуы мәселелері  бойынша қоғамдық бірлестіктер  органдарының хабарламасын тыңдауға  хақылы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.2 Республика Президенттігіне  кандидаттарды тіркеу

59 – бап.1. Президенттікке  кандидаттарды тіркеуді Орталық  сайлау комиссиясы жүзеге асырады.

2.Президенттікке кандидат  тіркелгенге дейін және оның  Конституция мен осы осы Конституциялық  заң талаптарына сәйкес келуі  тексеруден өткеннен кейін, сондай  – ақ оны қолдап жиналған  қолдарды тексергеннен кейін  орталық сайлау комиссиясының  есеп – шотына заңмен белгіленген  ең төменгі жалақының елу мәрте  мөлшерінде сайлау жарнасын енгізеді. Кандидат сайлау қорытындылары  бойынша Республика президенті  болып сайланған немесе кандидат  дауыс беру қорытындылары бойынша  дауыс беруге қатысқан сайлаушылар  даусының кемінде бес пайызын  алған жағдайда, сондай – ақ  кандидат қайтыс болған жағдайда  енгізілген жарна кандидатқа  қайтарылады. Қалған жағдайлардың  бәрінде енгізілген жарна қайтарылмауға  тиіс және республикалық бюджет  кірісіне алынады.

Кандидат пен оның жұбайының  табысы мен мүлкі жайлы мәліметтердің  дұрыстығын салық қызметі органдары  кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде тексеріледі.

3.Президенттікке кандидаттар  нешеу болса да тіркеуге ұсынылады,

4.Президенттікке кандидаттарды  тіркеу, егер сайлауды тағайындау  кезінде өзгеше көзделмесе, сайлауға  дейін екі ай бұрын басталады  және сайлауға қырық күн қалғанда  аяқталады,

5.Қоғамдық ұйымнан Президенттікке  кандидаттарды тіркеу көптеген  құжаттарды талап етеді: 

  1. Қоғамдық бірлестіктің жоғарғы органының Президенттікке кандидат ұсыну жөніндегі мәжілісінің осы қоғамдық бірлестікті республиканың Әділет министрлігінде тіркеу туралы құжаттың көшірмесі қоса тіркелген хаттаманың үзіндісі,
  2. Президенттікке кандидат болып даысқа түсуге келісім беру жөніндегі өтініш,
  3. Азаматтардың кандидатты қолдап жиналған қолдарын тексерудің нәтижесі туралы аумақтық сайлау комиссиясының хаттамалары,
  4. Кандидаттың әмірбаяндық деректері,
  5. Кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжат,
  6. Президенттікке кандидат өзін – өзі ұсынған жағдайда оны тіркеу мына құжаттары болған жағдайда жүзеге асырылады:
Қазақстан Республикасы Президентін сайлау тәртібі