Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
Кіріспе
Бүгiнгi таңда қазақстан экономикасының жағдайы елеулi дәрежеде табиғи ресурстар секторындағы ахуалмен анықталады. Республикалық бюджет түсiмдерiнiң табиғи ресурстардан болып отырған қазiргi тәуелдiлiгi Қазақстанның болашағына байланысты бiрқатар мәселелердi мемлекет алдына қояды. Бiрiншiден, бұл табиғи байлықтардың қайта толмайтынына байланысты оларды пайдалануды дұрыс жоспарлау мәселесi. Екiншiден, бұл мемлекеттiк кiрiстер мен шығыстар көлемiнiң табиғи ресурстарға деген әлемдiк бағаның күрт әрi алдын ала болжанбаған ауытқуларына тәуелдiлiгiн төмендету мәселесi.
Осы мәселелердi шешу үшiн "Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 23 тамыздағы № 402 Жарлығымен Ұлттық қор құрылды.
Бюджет түсiмдерiнiң елеулi бөлiгi табиғи ресурстардың экспортынан түскен түсiмдер есебiнен қалыптасатын және қолайсыз конъюнктура жылдарындағы шығыстарды қаржыландыруға арналған тұрақтандыру қорлары мен болашақ ұрпақ қорлары басқа елдерде де жұмыс iстейдi. Қазақстанда Ұлттық қорды құру кезiнде шетелдiк осы тәжiрибе пайдаланылды.
Қазақстанда 2000 жылдан бастап әлемдiк қаржы нарығындағы қолайлы конъюнктураға байланысты республикалық бюджетке табиғи ресурстарды өндiруге байланысты төлемдердiң түсiмi айтарлықтай өстi. Сонымен қатар, көмiрсутегiн қазақстандық экспорттаушылардың экспорттық түсiмдерiнiң арта түсiп отырған мөлшерi теңгенiң айырбас бағамын, сондай-ақ инфляцияға да қысымды күшейтедi. Бұл өз кезегiнде отандық тауар өндiрушiлер өнiмдерiнiң бағалық бәсеке қабiлеттiлiгiн төмендетуге әкеп соқтырады және де отандық өндiрушiлердiң қаржылық нәтижелерiне қолайсыз әсер етедi.
Ғылыми - зерттеу тақырыбының өзектілігі қордың құрылуы мен пайдаланылуын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңнамалық актілер, Президент, Үкімет және Ұлттық банк актілері мен басқа да нормативтік-құқықтық актілермен реттелуінде және Ұлттық қор Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісіндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің есеп-шотында шоғырланған қаржылық активтердің жиынтығын құрауында.
Курстық жұмыстың зерттелу дәрежесі. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының мәнін қарастырып, талдау Құлпыбаев С., Сауранбек Ж., Ілиясов Қ.Қ. сияқты қаржыгерлердің еңбектерінде жан-жақты қарастырылған,
Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының экономикадағы маңызы, қоғамдық өндірістегі өмір сүруі және т.б. Жалпы бұл курстық жұмыс Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қаншалықты қоғамдық өмірде және еліміздің дамуында маңызды рөл атқаратыны.
Қойылған мақсатқа байланысты курсық жұмыстың міндеттері келесідей:
1. Ұлттық қор үшiн жинақтарды қалыптастырудың оңтайлы үлгiсiн қарастыру;
2. Ұлттық қордың активтерін сенімгерлік басқаруын талдау;
3. Ұлттық қордың басқарылуын қарастыру;
Зерттеу объектісі Қазақстан Республикасынын Ұлттық қоры
Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. курстық жұмыста қарастырылатын период 2009-2011 жылдар.
Жұмысты жазу барысында отандық және шетелдік авторлардың жұмыстары, мерзімді басылым, нормативті-құқықтық актілер, ресми интернет сайттары қолданылды.
1 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын құрудың теориялық негіздері
1.1 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының мәні мен функциялары
Үкіметтің Ұлттық банктегі шотында шоғырландырылатын, қаржылық активтер түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүлік түріндегі мемлекет активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры болып табылады. Ұлттық қор мемлекеттің қорланымдарын қалыптастыру, сонымен бірге әлемдік бағалардың жағдаятына республикалық және жергілікті бюджеттердің тәуелділігін төмендету мақсатында жасалынады. Ол мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржылық активтерді және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүліктерді жинақтауға, экономиканың мұнай секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған. Ұлттық қор жинақтау және тұрақтандыру функцияларын жүзеге асырады.
Жинақтау функциясы материалдық емес активтерді қоспағанада, қаржылық активтер мен өзге мүліктің жинақталуын, тәуекелдің қалыпты деңгейінде Ұлттық қор активтерінің кірістілігін қаматамасыз етеді және әртараптандыру және ұзақ мерзімді перспективада неғұрлым жоғары табыстылыққа қол жеткізу мақсатында әлемнің дамушы елдерінде айналысқа түсетін борыштық та, үлестік те қаржы құралдарына инвестицияланады.
Тұрақтандыру функциясы Ұлттық қордың активтерінің өтімділігінің жеткілікті деңгейін ұстап тұруға арналған. Қордың тұрақтандыру функциясын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын бір бөлігі кепілделінген трансфертті қамтамасыз етуге қажетті мөлшерде айқындалады және жоғары кредит рейтингі бар елдердің ақша рыногының жоғары өтімді сенімді активтеріне инвестицияланады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қор негізін мемлекеттің қаржы активтері мен материалды емес активтердің мүлік түріндегі басқа да активтері құрайды. Бұл қордың қаражаттары мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму түрақтылығын қамту, қаржылық активтер мен басқа мүлік қорландыру, экономиканы шикізаттық сектордан тәуелділігін және сыртқы қолайсыз факторлардың әсерін төмендетуге арналған.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптасытру мен пайдалану дүниежүзілік және ішкі тауар қаржы нарықтарының конъюктурасы, мемлекеттегі және шет елдердегі экономикалық жағдайы, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтары ескеріле отырып, бұл ретте макроэкономикалық және фискалдық тұрақтылық және Ұлттық қордың негізгі мақсаттары мен міндеттері сақтала отырып айқындалады.
Ұлттық қордың түсімі мен жұмсалуы ұлттық және шетелдік валюталарымен жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының операциялар жөніндегі есебі мен есептемесі ұлттық валютамен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқаруды Ұлттық банк пен Үкімет арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жүзеге асырылады.
Қаражаттардың көздері мен қорды қалыптастырудың тәртібі мынамен анықталады. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының бесжылдық индикативтік жоспарының құрамында Қазақстан экспортының едәуір үлесін құрайтын шикі мұнайға, мысқа және басқа шикізат тауарларына есептік тұрақты дүниежүзілік бағалар белгіленеді, олардың негізінде республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеп, бекіткен кезде Қазақстан тауар өндірушілері шикізат тауарларын өткізудің орташа бағаларын және оларға сәйкес шикізат секторынан мемлекеттік бюджеттің кірістерін есептеп шығарады. Шикізат тауарларының есептік тұрақты сақтанпаздық болжауды негіздей отырып белгіленеді.
Қор республикалық және жергілікті бюджеттдің атқарылуы процесінде оған шикізат секторы ұйысдарынан (заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының үкіметі белгілейтін тізбе бойынша) бюджетке түсетін салық және өзге міндетті төлемдердің республикалық және жергілікті бюджеттердегі түсімдердің олардың мына түрлері бойынша: корпорациялық табыс салығының, қосылған құнға салынатын салықтың, үстеме пайдаға салынатын салықтың, бонустардың, роялтилердің бектілген соммаларынан асып түсуін есепке жатқызу жолымен қалыптасады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің функциялары:
1) Ұлттық қорды калыптастыру мен пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
2) Ұлттық қорды пайдалану көлемдері мен бағыттары жөніндегі ұсыныстарды карау және әзірлеу;
3) Ұлттық қорды орналастыру үшін, материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржылық құралдардың тізбесі жөнінде ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңесті құру туралы шешімді, оның құрамы мен ол туралы қағиданы Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Ұлттық қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есепті Үкімет Ұлттық қор аудитінің нәтижелерін қоса отырып, жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейін Ұлттық банкпен бірлесіп жасайды және оны Ұлттық банкпен бірлесе отырып жыл сайын ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешіктірмей Президенттін бекітуіне ұсынады.
Ұлттық қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есепті Президент бекіткеннен кейін Үкімет оны ақпарат ретінде Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсынады.
Ұлттық қорды басқаруға байланысты қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын аудит жүргізіледі. Аудиторлық ұйымды таңдау конкурстық негізде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Ұлттық қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есеп және аудит жүргізудің нәтижелері туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Қордың қаражаттары мына бағыттар бойынша жұмсалады:
1. тұтас алғанда ағымдағы қаржы жылына бойынша шикізат секторы ұйымдарынан түсетін түсімдердің бекітілген және нақты көлемдердің арасындағы айырма ретінде анықталатын республикалық бюджет шығынын өтеу үшін.
Өтем мөлшері республикалық бюджеттің түсімдер бойынша толық атқарылмаған жалпы сомасынан аспауға тиіс. Түсімдердің нақты көлемі олардың бекітілген көлемінен асып түскен жағдайда өтем жүзеге асырылмайды.
2. Ұлттық қорда республикалық бюджетке Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін мақсаттарға арналып берілетін арнаулы трансферттер түрінде;
3. Ұлттық қорды басқаруға және жыл сайын аудит өткізуге байланысты шығыстарды жабуға.
Бүгiнгi таңда Ұлттық қор жинақтарын қалыптастырудың және оның активтерiн басқарудың қолданыстағы тетiгiндегi негiзгi проблемалар мыналар болып табылады: шикiзат секторы ұйымдарынан түсетiн салықтық түсiмдер бойынша республикалық бюджеттi жоспарлау кезiнде бағаны анықтау тетiгi үнемi нақты көрiнiстi көрсете бермейдi. Болжамданған "базалық" баға (баррель үшiн 19 АҚШ доллары) республикалық бюджетте қалдырылатын және Ұлттық қорға жiберiлетiн шикiзат секторы ұйымдарынан алынатын салықтардың оңтайлы бөлiнуiн белгiлемейдi. Оның үстiне, "базалық" бағаны ескере отырып есептелген республикалық бюджетке есептеулердiң мөлшерi сату көлемiн өзгертуге, амортизациялық аударымдарға және салық салынатын пайдаға әсер ететiн өзге де жағдайларға байланысты өзгеруi мүмкiн. Осыған байланысты республикалық бюджетке түсетiн мұнай түсiмдерiнiң жыл сайынғы көлемiне қатысты тұрақтылық болмайды.
Қазақстан Республикасының Yкiметi Ұлттық қорды қалыптастыратын шикiзат секторы ұйымдарының тiзбесiн бекiттi, ол кәсiпорындарды тiзбеге енгiзу және одан шығару бойынша бiрнеше рет өзгерiстерге ұшырады. Бұл факт Ұлттық қорға аударылатын түсiмдер мөлшерiн айқындаудың тұрақты болмайтынын көрсетедi. Бұл ретте, тiзбе басынан-ақ және қазiр де мұнай секторының барлық кәсiпорындарын қамтымайды. Республикалық бюджеттi жоспарлау және атқару кезiнде кiрiс бөлiгiне салық бiр кәсiпорындар бойынша базалық орта бағаны ескере отырып, тiзбеге енгiзiлмеген басқа кәсiпорындар бойынша iс жүзiнде қалыптасқан баға бойынша түседi.
Ұлттық қордың жұмыс iстеуiнiң жоғарыда көрсетiлген проблемаларын шешу қажеттiлiгiн ескере отырып, қор жинақтауды қалыптастырудың одан әрi оңтайлы жолын және оның активтерiн басқарудың тиiмдi әдiстерiн айқындау қажет етiледi.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепiлдiк берілген трансферт мөлшері абсолюттік тіркелген мәнде айқындалады және Қазақстан Республикасының заңымен бекiтiледi. Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімімен республикалық бюджетке түсетін түсімдер бойынша қалдықтар және республикалық бюджеттің қолма-қол ақша бақылау шотындағы бюджет қаражатының қалдықтары негізінде республикалық бюджет туралы заңда бекітілген ағымдағы қаржы жылына арналған оның көлемі шеңберінде республикалық бюджетке Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан кепiлдiк берілген трансферттің қажетті сомасын анықтайды.
- жоспарланбаған шығыстарды олардың тосындығына байланысты қаржыландыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттердің құрамында Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтері құрылады. Резервтер:
- Қазақстан Республикасының аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін және Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттерге ресми гуманитарлық көмек көрсетуге;
- Қазақстан Республикасының немесе оның әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiгiнiң саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн жағдайларды жою үшін;
- соттардың шешiмдерi бойынша мiндеттемелердi орындау үшін;
Қаражатты пайдаланудың келесi онжылдыққа арналған жаңа тәсiлiне сәйкес 2010 жылдан бастап абсолюттi мәнi 8 млрд. АҚШ доллары мөлшерiндегi кепiлдендiрiлген трансферттi республикалық бюджетке тiркеу оның жаңалығы болып табылады. Шығыстардың басқа түрлерiн қаржыландыруға, соның iшiнде республикалық бюджетке нысаналы трансферттер бөлуге, мемлекеттiк, квазимемлекеттiк және жеке секторлар субъектiлерiнiң қазақстандық бағалы қағаздарды сатып алуға, заңды және жеке тұлғаларға кредит беруге, мiндеттемелердi орындауды қамтамасыз ету ретiнде активтердi пайдалануға тыйым салынады.
Ұлттық қордан республикалық бюджетке берiлетiн жыл сайынғы тiркелген кепiлдендiрiлген трансферттiң мөлшерi бюджет шығыстарының қалыптасқан құрылымы ескерiле отырып айқындалады. Бұл ретте кепiлдендiрiлген трансферт жобаларды инвестициялауды көздейтiн ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар мен бюджеттiк даму бағдарламаларының шығыстарын қаржыландыруға бағытталады, олардың нәтижелерiн болашақ ұрпақ пайдаланатын болады.
Ұлттық қордың жинақтау функциясын орындау үшiн тиiстi қаржы жылының соңына ЖIӨ-нiң болжамды мәнiнiң 20%-ы мөлшерiнде азайтылмайтын қалдық белгiленедi. Бұл ретте кепiлдендiрiлген трансферттi жүзеге асыру үшiн Ұлттық қордың қаражаты жеткiлiксiз болған жағдайда азайтылмайтын қалдық лимитiн сақтау қажеттiлiгiне байланысты кепiлдендiрiлген трансферттiң мөлшерi тиiстi шамаға азайтылатын болады.
Тұтас алғанда, Ұлттық қордың қаражаты тiркелген кепiлдендiрiлген трансферттi қамтамасыз етуге және басқару мен аудитке байланысты шығыстарды қаржыландыруға бағытталуы тиiс. Ай сайын (тоқсан сайын) Ұлттық қордың шотында республикалық бюджетке берiлетiн айлық (тоқсандық) кепiлдендiрiлген трансферттi қамтамасыз етуге арналған қаражат қалыптастырылады. Көрсетiлген шамадан асып кеткен сома рұқсат етiлген қаржы құралдарына инвестициялануы тиiс.
1.2 Ұлттық қор үшiн жинақтарды қалыптастырудың оңтайлы үлгiсiн таңдау
Ұлттық қорға қойылған мiндеттердi тиiмдi iске асыру мақсатында, жағымды әлемдiк тәжiрибенi ескере отырып теңгерiмдi бюджет әдiсi әзiрлендi.
Осы әдiске сәйкес 4-бөлiмнiң 1-бөлiмшесiнде көрсетiлген түсiмдер толығымен Ұлттық қорға жiберiлетiн болады.
Бұл ретте кепiлдiк берiлген трансферт болашақ ұрпақта пайдаланатын жобаларды инвестициялауды көздейтiн бюджеттiк даму бағдарламаларының шығыстарын қаржыландыруға ғана бағытталуы тиiс. Осылайша, ағымдағы бюджеттiк бағдарламаларға арналған шығыстар экономиканың мұнай емес бөлiгiнен республикалық бюджетке аударымдар есебiнен, ал бюджеттiк даму бағдарламаларына шығыстарды қаржыландыру Ұлттық қордан кепiлдiк берiлген трансферт есебiнен қаржыландырылады, бұл ретте бюджеттiң шығыс бөлiгiнiң белгiлi бip үлесi оның iшiнде белгiленген шектеулер шеңберiнде қарыз (сыртқы және iшкi) алу есебiнен жабылуы мүмкiн.
Ұлттық қордан кепiлдiк берiлген трансферт (G o ) мазмұндамасы осы Тұжырымдамаға қоса берiлетiн әдiске сәйкес тұрақты сома қосу Ұлттық қордың өткен кезеңдегi активтерiнiң бөлiгi ретiнде анықталады. Осы трансферттiң көлемi екi құрауышқа - республикалық бюджетке трансферттiң кепiлдiк берiлген ең төмен деңгейiн қамтамасыз ететiн және белгiлi бiр кезеңдегi бюджеттiк даму бағдарламаларына шығындардың орташа көлемi негiзiнде анықталатын А константасына, сондай-ақ белгiлi бiр кезеңдегi инвестициялық кiрiстiң орташа деңгейiне сәйкес келетiн b коэффициентiне байланысты. А константасы және b коэффициентi үш жылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiмен бекiтiледi және осы кезең iшiнде өзгерiстерге ұшырамауы тиiс.
Ұлттық қордан кепiлдiк берiлген трансферттiң республикалық бюджетке мөлшерi жеке бiр кезеңде Ұлттық қор активтерiнiң осы кезең басындағы шамасына, яғни бұрынғы жылдардағы жинақтардың мөлшерiне байланысты. Бұл ретте Ұлттық қорға осы кезеңде түсетiн түсiмдер республикалық бюджетке жiберiлетiн сомаға әсер етпейдi. Республикалық бюджетке Ұлттық қордан түсетiн трансферт көлемi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекiтiледi.
Ұлттық қордың "сарқылуына" жол бермеу мақсатында кепiлдiк берiлген трансферт мөлшерi Ұлттық қор активтерiнiң үштен бiр бөлiгiнен аспауы тиiс. Егер кепiлдiк берiлген трансферт мөлшерi осы шектен асып кеткен жағдайда, онда Ұлттық қордан алынатын ең жоғарғы сома тиiстi жылдың басындағы Ұлттық қор активтерiнiң үштен бiр бөлiгiнiң баламасын құрайтын болады, ал қалған үштен екi бөлiгi болашақ ұрпақтың қоры ретiнде жинақталатын болады, бұл Ұлттық қордың негiзгi бiр мақсаттарына сәйкес келедi.
Егер Ұлттық қордан алулар мөлшерi кепiлдiк берiлген трансферт мөлшерiнен аз болған жағдайда, тиiстi жылға арналған бюджеттi жоспарлау кезiнде бюджеттiк даму бағдарламаларына арналған шығыстарды қысқарту көзделедi. Бұл ретте егер бюджеттiк даму бағдарламаларына арналған шығыстарды көзделiп отырған қысқарту жеткiлiксiз болса, шығыстар белгiленетiн шектеулер шегiнде үкiметтiк қарыз алу есебiнен бюджет тапшылығын қаржыландыру шеңберiнде жабылатын болады және ағымдарды бюджеттiк бағдарламаларға арналған шығыстар азайтылуы мүмкiн.
Активтердi "сарқылуына" жол бермеу мақсатында (бiр жағынан Ұлттық қорда жинақтау жүзеге асырылғанда, ал екiншi жағынан шамадан тыс үкiметтiк қарыз алынады) бюджет тапшылығын үкiметтiк қарыз алу есебiнен қаржыландыру деңгейi бес жылдық кезең үшiн орташа жылдық мәнiнде IЖӨ-нiң 1%-iнен аспайтын мөлшерде шектелетiн болады, өйткенi халықаралық ұйымдардың (Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзiлiк Банк және басқалар) зерттеулерiне сәйкес мұнай дағдарысының орташа ұзақтығы шамамен 4-5 жылды құрайды. Бұл бюджетке түсiмдердiң деңгейiне жағымсыз әсер ететiн қолайсыз экономикалық конъюнктура кезеңiнде бюджет тапшылығының көрсеткiшi бес жылдық кезең үшiн орташа мән шеңберiнде ұлғаю жағына қайта қаралуы мүмкiн екенiн бiлдiредi.
Сонымен қатар, бюджет тапшылығы кепiлдiк берiлген трансферт мөлшерi алынған Ұлттық қорға жалпы түсiмдер ретiнде есептелетiн Ұлттық қордың орташа жылдық өсуiнiң бес жылдық кезеңiнен асып кетпеуi тиiс.
Жоғарыда айтылғаннан басқа, үкiметтiк қарыз алу қор нарығында тиiстi бағдар белгiлеу үшiн айналымда мемлекеттiк бағалы қағаздардың жеткiлiктi көлемiн ұстап тұру мақсатында да пайдаланылатын болады. Бес жылдық перспективада нақты жинақтау мақсатында үкiметтiк қарыз алу саясаты кепiлдiк берiлген борышты ескере отырып, үкiметтiк борыштың Ұлттық қор активтерiнiң нарықтық құнына қатысты 50-70%-тiк арақатынасқа қол жеткiзуге бағдарланатын болады.
Кепiлдiк берiлген трансферт шегiнде мұнай түсiмдерiн пайдалану салмақты фискальдық саясат жүргiзуге мүмкiндiк бередi, өйткенi салық режимiн ырықтандырудан "таза" бюджет нәтижесi көрiнетiн болады, бұл әдетте, мұнай секторы кәсiпорындарының кiрiстерi есебiнен бұрмаланатын.
Кепiлдiк берiлген трансферттiң мөлшерi формуламен шектелгендiктен және бюджет тапшылығының мөлшерiн шектеудi ескере отырып тек бюджеттiк даму бағдарламаларына арналған шығыстарды қаржыландыратындықтан, республикалық бюджеттiң ағымдағы бюджеттiк бағдарламаларына арналған шығыстарды көбейту экономиканың мұнай емес бөлiгi түсiмдерiнiң баламалы өсуiнсiз мүмкiн болмайды, бұл экономиканың мұнай емес секторын дамытуды ынталандыру қажеттiгiн көрсетедi.
Трансферт формуласы айқын және оңай есептелiнедi. Алайда, А абсолюттiк көрсеткiшiнiң жоғары мәнi Ұлттық қор қаражатын шамадан тыс жұмсауға, төмен мәнi - бюджеттiң үлкен құбылмалылығына әкеп соқтырады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке түсетін кепілдік берілген трансферт:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке түсетін қайтарымсыз түсімдер Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансферт болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансферт мөлшері республикалық бюджет әзірленетін жылдың алдындағы қаржы жылының соңындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры активтерінің үштен бір бөлігінен аспауға тиіс.
Үш жылдық кезеңге Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансферт мөлшері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындалады және Қазақстан Республикасының заңымен бекітіледі.
3. Есепті қаржы жылы ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке аударылмаған кепілдік берілген трансферт сомасын Республикалық бюджет комиссиясының ұсынысы бойынша және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің бюджетті түзету арқылы тиісті бюджеттік бағдарламалар бойынша төленбеген тіркелген міндеттемелер сомасынан аспайтын көлемде өткен қаржы жылының республикалық бюджетінде бекітілген бюджеттік даму бағдарламаларын қаржыландыру үшін ағымдағы қаржы жылында пайдалануға құқығы бар.
4. Есепті қаржы жылы үшін республикалық бюджетке Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан аударылмаған кепілдік берілген трансферт сомаларын тарту өткен қаржы жылының бюджеттік даму бағдарламалары бойынша тіркелген міндеттемелердің төленбеген бөлігінің және қаржы жылының басындағы бюджеттік қаражаттар қалдықтары айырмасының сомасында жүзеге асырылады.
Ұлттық қордың қаражатын қарқынды жинақтау, сондай-ақ оның активтерiн тиiмдi басқару Қазақстан Республикасының орнықты дамуында маңызды рөл атқарады және мемлекеттiк сектордың да, сол сияқты квазимемлекеттiк сектордың да қарыз алуды дұрыс жоспарлауын және республиканың экономикалық қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдауды талап етедi.
Осылайша, ұлттық холдингтердiң, ұлттық басқарушы холдингтердiң және олардың еншiлес компанияларының қарыз алуы мен мiндеттемелерiнiң барабар деңгейiн айқындау Ұлттық қордың жинақталған активтерi ескерiлетiн сындарлы тәсiлдi талап етедi. Үкiмет осы мақсатта ұлттық басқарушы холдингтер мен олардың еншiлес компанияларының борышын мониторингтеу мен бағалаудың тиiстi көрсеткiштерiн және осы ұйымдар сақтауға мiндеттi қарыз алу жөнiндегi шектеулердi айқындайды.
Ұлттық қордың қаражатын пайдалану жөнiндегi жаңа тәсiл квазимемлекеттiк сектордың Ұлттық қордан облигациялық қарыздарды тарту мүмкiндiгiн жояды. Бұдан басқа, Үкiмет бюджет заңнамасында белгiленген шектеулер шеңберiнде Астана және Алматы қалаларының муниципалдық қарыз алуы арқылы жергiлiктi атқарушы органдар борышының өсуiн реттейтiн болады.
Ұлттық қор қаражатын үкiметтiк қарыз алумен алмастыруды болдырмау мақсатында мынадай шектеулер енгiзiлетiн болады:
- үкiметтiк борышқа қызмет көрсетуге арналған жыл сайынғы шығыстар Ұлттық қордың жыл сайынғы тiркелген шартты инвестициялық кiрiсiнiң 4,5%-ынан аспауы тиiс;
- үкiметтiк борышқа қызмет көрсетуге және оны өтеуге арналған шығыстар онжылдық кезеңде орташа алғанда Ұлттық қордан берiлетiн трансферттi қамтитын бюджетке түсетiн түсiмдердiң 15%-ынан аспауы тиiс.
Ұлттық қордың қаражатын қарқынды жинақтау, сондай-ақ оның активтерiн тиiмдi басқару Қазақстан Республикасының орнықты дамуында маңызды рөл атқарады және мемлекеттiк сектордың да, сол сияқты квазимемлекеттiк сектордың да қарыз алуды дұрыс жоспарлауын және республиканың экономикалық қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдауды талап етедi.
Осылайша, ұлттық холдингтердiң, ұлттық басқарушы холдингтердiң және олардың еншiлес компанияларының қарыз алуы мен мiндеттемелерiнiң барабар деңгейiн айқындау Ұлттық қордың жинақталған активтерi ескерiлетiн сындарлы тәсiлдi талап етедi. Үкiмет осы мақсатта ұлттық басқарушы холдингтер мен олардың еншiлес компанияларының борышын мониторингтеу мен бағалаудың тиiстi көрсеткiштерiн және осы ұйымдар сақтауға мiндеттi қарыз алу жөнiндегi шектеулердi айқындайды.
Ұлттық қордың қаражатын пайдалану жөнiндегi жаңа тәсiл квазимемлекеттiк сектордың Ұлттық қордан облигациялық қарыздарды тарту мүмкiндiгiн жояды. Бұдан басқа, Үкiмет бюджет заңнамасында белгiленген шектеулер шеңберiнде Астана және Алматы қалаларының муниципалдық қарыз алуы арқылы жергiлiктi атқарушы органдар борышының өсуiн реттейтiн болады.
1.3 Ұлттық қорды қалыптастырудың қайнар көзі және оны пайдалану

- Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын мемлекеттік басқару
- Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасындағы шетелдік инвестициялар
- Қазақстан Республикасының экономикасының дамуы
- Қазақстан Республикасы Президентінің Республика халқына Жолдауы – аса маңызды Конституциялық құжат
- Қазақстан Республикасы Президентін сайлау тәртібі
- Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдері
- Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі салық салуды ұйымдастыруды талдау
- Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
- Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
- Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің – Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі алатын орны
- қазақстан республикасының Ұлттық банкінің қалыптасуы
- Қазақстан республикасының ұлттық банкінің қалыптасуы, маңызы мен қызметтері
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, оның қызметтері мен операциялары
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, оның қызметтері мен операциялары