Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, оның қызметтері мен операциялары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Экономика және бизнес факультеті
«Қаржы және есеп» кафедрасы
«Ақша,
несие, банктер» пәні бойынша
КУРС ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі, оның қызметтері
мен операциялары
Орындаған: «Қаржы» мамандығы ОКБ
негізіндегі 2 курс студенті
Маулутканова Н.Б.
Тексерген: «Қаржы және есеп» кафедрасының
аға оқытушысы,
э.ғ.к. Конуспаев Р.Қ.
Өскемен, 2011
Мазмұны:
Кіріспе
- Қазақстан
Ұлттық Банкінің ұйымдастырылуы және
функционалдық құрлымы
4 - Қазақстан Ұлттық Банкінің міндеті, қызметтері мен операциялары 9
- Қазақстан
Ұлттық Банкінің эмисиялық қызметі
13 - Қазақстан
Ұлттық Банкінің ақша – несие саясатты
19 - Қазақстан Ұлттық Банкінің алтын – валюта резервін
басқару
қызметі
Қорытынды
Қолданылған
әдебиеттер тізімі
Қосымша
Кіріспе
Қазақстан Ұлттық Банкі еліміздің эмисиялық және резервтік орталығы ретінде мемлекеттің ақша – несие және валюта саясатының басты бағыттарын анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты пайда табу емес, яғни мемлекеттің ақша – несие саясатын жүргізу және еліміздің банк жүйесіне жетекшілік ету.
Қазақстан Ұлттық Банкі – бұл бұрынғы қарапайым клиенттерге қызмет көрсетумен айналысқан, мемлекеттік банктер орталығы, эмиссиялық банкке түрлендіррілген «банктердің банкі» болып табылады.
Іс жүзінде Қазақстан Ұлттық Банкінде барлық кассалық резервтердің шоғырлануы және олардың шаруашылық айналымына түсуі Қазақстан Ұлттық Банкі мекемелерінің коммерциялық банктер кассанын толтыру арқылы жүзеге асырылады. Барлық банктер қолма – қолсыз есеп айырысуларды Қазақстан Ұлттық Банктің мекемелері арқылы жүргізе отырып, қажет жағдайларда Қазақстан Ұлттық Банкінен несие ала алады.
Қазақстан
Ұлттық Банкінің қаржылық жылдағы таза
табысы сол қаржылық жылға қатысты,
нақты табыстар мен шығыстар арасындағы
айналысқа шығарылған, оған қоса активтердің
амортизациясын, оның ішінде банкнот пен
монеталарды қоса алғандағы шығыстардың
айырмасы негізінде анықталады.
Қазақстан
Ұлттық Банкінің ұйымдастырылуы және
функционалдық құрлымы.
Қазақстан Ұлттық Банкі – бұл ақшалай резервтерді құрайтын, оған қоса меншікті алтын – валюта резервтерден, басқа да материалдың құндылықтардан тұратын мүліктерге ие заңды тұлға.
Қазақстан Ұлттық Банкі өзінің атқаратын мәні жағынан біртұтас ұйым болып табылады, ал мемлекет – тек оның жарғылық қорының иесі. Бүгінгі жарғылық қорының мөлшері – 20 млрд. Теңгені құрайды. Негізгі қорлары ғимараттардан, құрылғылардан, құрал – жабдықтардан, көліктік құралдар мен басқа бағалылықтардан, ал айналым қорлары баке тиесілі болып табылатын меншікті ақшалай қаражаттардан тұрады.
Қазақстан Ұлттық Банкі резервтік және басқа да қорларды құрайды. Оның резервтік қоры жарғылық қор көлемінде құрылып, меншікті пайда есебімен толықтырылады және жүргізген операцияларға байланысты зияндар мен шығындардың орнын жабуға жұмсалады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің таза табысы жарғылық қорды және резервтік қорды обсалюттік сомада құрауға бағытталады. Таза табыстың қалған бөлігі келесі қаржы жылындағы республикалық бюджетке аударылады. Қазақстан Ұлттық Банкі және оның мекемелері Қазақстан Республикасы салық кодексіне сәйкес барлық салықтар мен алымдар төлеуден босатылған.
Қазақстан Ұлттық Банкінің несиелік ресурстары төмендегідей көздерден құралады:
- Меншікті қаражат есебінен;
- Басқа банктерден тартылған және Қазақстан Ұлттық Банкінде шартты негізде орналастырылған ақшалай қаражаттар есебінен;
- Қазақстан Республикасының төңірегінде тартылған қаражаттардан;
- Арнайы мемлекеттік қорлар мен бюджеттің уақытша бос жатқан қаражаттар есебінен.
Қазақстан Ұлттық Банкінің басқару құрылымы.
Қазақстан Ұлттық Банкі – тігінен басқарылатын жүйедегі біртұтас орталықтандырылған құрылымды білдіреді. Ұлттық Банктің басқару органына: Басқарма және Директорлар кеңесі жатат.
Қазақстан Ұлттық Банкінің – жоғары басқару органы Басқарма болып табылады және басқармаға мынадай негізгі қызметтер жүктеледі:
- мемлекеттік ақша – несие саясатын дайындау;
- банк қызметіне қатысы бар Қазақстан Ұлттық Банкінің
нормативтік құқықтық актілерін бекіту;
- Ұлттық Банктің баніктермен операциялары бойынша ресми қайта
қаржыландыру мөлшерлемесін белгілеу;
- банктердің ашылуына рұқсат беру және оларды қайтарып алу
туралы шешім қабылдау;
- жекелеген банктің операциялар түрлерін жүргізуге лицензиялар
беру туралы шешім қабылдау;
- банктер үшін резервтік талаптар нормасын беру;
- алтын валюта активтерін басқарудың негізгі қағидаларын
анықтау;
- Қазақстан Республикасы валютасының айырбасы бағамын
анықтау тәртібін бекіту;
- Қазақстан Ұлттық Банкі жұмыс туралы жылдық есепті қарау,
қабылдау және Президенттің бекітуіне беру;
- Қазақстан Ұлттық Банкінің жылдық балансын және табысы мен
зияны туралы есебін қарау және бекіту;
- Қазақстан Ұлттық Банкі туралы нұсқауды, оның жарғылық
капиталы мен резервтік қордың қалыптасу тәртібі, негізгі құралдарды және өзге де мүліктерді пайдалану, ақылы қызмет көрсету, Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымы және бюджеті, департамент директорларын, филиалдардың, өкілнттіліктердің және ұйымдардың жетекшілерін тағайындау туралы нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
- банктер үшін пруденциалдық нормативтер мен басқа да
мендеттер нормаларды және шектерді бекіту;
- еңбек жағдайын, оған ақы төлеу жүйесі мен мөлшерін анықтау
және бекіту;
- Қазақстан Ұлттық Банкінің халықаралық және басқа да
ұйымдарға қатысу туралы шешім қабылдау;
- Директорлар Кеңесінің құрамын бекіту;
- бухгалтерлік есептің Қазақстандық стандартын ескере отырып,
Қазақстан Ұлттық Банкіне арналған бухгалтерлік есептің саясатын және әдістерін анықтау.
Ұлттық Банк басқармасы тоғыз адамнан тұрады. Ұлттық Банк басқармасын құрамына:
- Қазақстан Ұлттық Банкі төрағасы және бес лауазымды
тұлғалары;
- Қазақстан Республикасы Президентіне бір өкіл;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінен екі өкіл кіреді;
Қазақстан Ұлттық Банкінің оперативтік басқару органы – Директорлар кеңесі болып табылады. Директорлар Кеңесі құрамына Ұлттық Банк төрағасы, оның орынбасары және құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері кіреді.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Президентіне есеп береді. Есеп беру мыналарды білдіреді:
- Парламенттік келісімімен Қазақстан Республикасының
Президенті Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасын 6 жылға сайлайды және қызметінен босатады;
- Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасының орынбасарларын да
Қазақстан
Ұлттық Банк Төрағасының ұсынуымен
Қазақстан Республикасының
- Қазақстан Ұлттық Банкнің жылдық есебін Қазақстан
Республикасының Президенті бекітеді;
- Ұлттық валютаның – теңгенің айшығының тұжырымын
Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді;
- Қазақстан Ұлттық Банкнің Қазақстан Республикасының
Президентінің сұрауы бойынша өзінің қызметіне байланысты ақпараттарды беріп отыруы.
Қазақстан Ұлттық Банкі өзінің негізгі қызметтерін жергілікті жерлердегі облыстық басқармасы және Алматы қаласының бас филиалы арқылы атқарады. Бұл филиал Ұлттық банк атынан жұмыс істейді. Қазақстан Ұлттық Банкі филиалдары мен өкілеттіліктері өз қызметтерін Қазақстан Ұлттық Банкі бекіткен құзіреттері шегінде ғана жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық Банкінің функционалдық құрылымына департаменттер мен басқа да бөлімшелерден тұратын орталық аппараты, филиалдары, өкілеттіліктері мен ұйымдары кіреді. (Қосымша 1).
2007
жылы Үкіметтің және Ұлттың
Банктің қызметін ақпараттық
– талдамалық қамтамасыз ету
мақсатында «Қазақстан
Орталық қызметінің негізгі мәні мыналар болып табылады:
- мемлекеттік басқарудың өзекті мәселелері бойынша зерттеулер
жүргізу және ұсынымдар әзірлеу;
- Қазақстанның экономика салаларына қатысты жүйелік және
салыстырмалы талдау, еңбек өнімділігінің мониторингі және бағалау және олардың бәсекелестік қабілетін айқындайтын факторларды анықтау;
- Мемлекеттік органдардың реттеуші қызметінің тиімділігін
бағалау;
- Қаржылық тұрақтылық мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу.
Қазақстан
Ұлттық Банкінің міндеті, қызметтері мен
операциялары.
2007 жылдан бастап, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі міндетті – баға тұрақтылығын қамтатамасыз ету болып табылады.
2004
жылға дейін, оның негізгі
Біріншіден,
өткен міндеті ретінде
1999
жылдың сәуір айынан бастап, еркін
өзгермелі бағам режиміне
Екіншіден, ішкі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету міндетінің қажеттігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша несие саясатын жүргізуде 2002 жылдан бастап Еуроодақ стандартына және инфлятцияның таргеттеу принципіне өту туралы шешім қабылдауынан туындап отыр. Инфляциялық таргеттеу принциптерін пайдаланатын көптеген елдер инфляция жөнінде қойылған мақсаттарға қол жеткізу жауапкершілігін күшейту жағдайларында инфляция бойынша бағдар ретіндегі тұтыну бағаларының индексіне сүйенбейтін болады. Оның орнына инфляциялық үрдістердің негізгі бағыттарын көрсететін баға индекстерін қарастырады және монетарлық емес тұрғыдағы («базалық инфляция» индекстері) түрлі дәрежедегі күйзелістердің ықпалын жояды.
2003
жылы аталған заңға енгізілген
соңғы өзгерістер мен
Соған сәйкес барлық қадағалау қызметтері (банктік, сақтандыру, бағалы қағаздар нарығын қадағалау) 2004 жылы 1 қаңтардан өзінің қызметін бастаған Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігіне берілді.
Бүгінгі күні Ұлттық Банк мынадай классикалық қызметтерді атқарады:
- ақшаны эмиссиялау, яғни айналысқа қажетті мөлшерде банкноттар мен монеталарды шығару;
- мемлекеттің ақша – несие саясатын әзірлеу және жүргізу;
- несие беру;
- депозит қабылдау;
- төлем жүйесін ұйымдастыру;
- валюталық реттеу және валюталық бақылауды жүзеге асыру;
- төлем балансын құрастыру.
Сонымен қатар Ұлттық Банкке жоғарыда аталған қызметтерге қоса төмендегідей өзге қызметтерді атқару жүктелді:
- Қаржы нарығының барлық қатысушыларының қызметін реттеу және қадағалау, соның ішінді:
- Банктер;
- Сақтандыру ұйымдары;
- Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары;
- Жинақтаушы зейнетақы қорлары.
- Қаржы нарығының барлық қатысушыларына арналған бухгалтерлік есеп стандартын бекіту.
Ұлттық банктің негізгі міндеті мен қызметтерін осылайша түйіндеу инфляция бойынша мақсаты көрсеткіштер үшін Ұлттық Банктің жауапкершілігін күшейтеді.
Жалпы Ұлттық Банк мынадай операцияларды жүргізеді:
- бірінші кластық эмитенттермен шығарылатын алты айлық өтелу мерзімі бар міндеттемелерді қайта есепке алады;
- мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
- депозиттік сертификаттармен қайтару мерзімі бір жылға жататын борыштық бағалы қағаздарды сатып алады және сатады.
- депозиттік және есеп айырысу операцияларын жүргізе отырып, бағалы қағаздарды басқа да құндылықтарды сақтауға және басқаруға қабылдайды;
- қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асырады;
- қажет кезінде банктерде және қаржы ұйымдарында жұрттарға;
- чектерді жазып вексельдерді береді;
- жарғыға қайшы келмейтін өз міндеттемелеріне сай келетін басқа да банктік операцияларды жүзеге асырады.
Қазақстан
Ұлттық Банкінің эмисиялық қызметі.
Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкі еліміздің
орталық банкі ретінде ақшаны
эмиссялау қызметін жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі өзінің эмиссиялау қызметін 1993 жылдың қараша айында 15 жұлдызынан бастап жүзеге асыруды қолға алды. Себебі бұл күн біздің тәуелсіз ел болуымызбен байланысты 70 жылдан кейін қайта жаңғырған жаңа тарихымызда ерекше күнді білдіреді. Ол күн егеменді еліміздің төл валютасын айналысқа енгізген күн болып табылады.
1993
жылы қараша айына дейін
1992
жылы құпия жолмен біздің
1993
жылы 26 шілде күні Ресей өзінің
төл валютасын еңгізгеннен
Соған қоса, олардың мынандай талаптары болды: біріншіден, егер рубльді пайдалану үшін Қазақстанның Ресейдің құрамына Ресей Федерациясының субъектісі ретінде енуі; екіншіден, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жинаған небәрі 700 млн астам АҚШ долларындағы алтын – валюта резервін Ресейдің орталық банкіне тапсыру. Қорыта айтқанда, олар өз рубльін бізге пайдалану үшін Қазақстан тәуелсіздігімен төлеуді ұсынады.
Сол уақыттан бастап, Қазақстанда КСРО-ның рубльдері ғана айналыста қалды және өзге рубльден бөлінген аймақтардан олардың келуіне шек қойылмады. Ақыры, оған дейін құнсызданған рубль әрі қарай құнсызданып, инфляция қарқыны 2900 пайыздан асты.
Міне осындай келеңсіз оқиғалардың орын алуы Қазақстанның өз төл валютасын шығаруға еріксіз жол сілтеді. Сөйтіп, 1993 жылы 12 қарашады Қазақстан Республикасы Президенттің Жарлығымен Қазақстан Республикасы аумағында ұлттық валютаның енгізілуі туралы шешім қабылданып, 15 – 18 қарашада КСРО-ның 1961 – 1991 жылдары шығарылған рубльдерін ұлттық валютамыз теңгеге айырбастау шаралары жүзеге асты.
Осы сәттен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі эмиссиялық банк болып табылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің эмиссиялық қызметті оның құылымдық бөлімшелері: Алматы қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Банкнот фабрикасының банкноттары мен Өскемен қаласында Монета сарайында дайындалған монеталар көмегімен іске асады.
Эмиссиялық банктің басты міндетті айналысқа қажетті ақша мөлшерін шығару және артық мөлшерін айналыстан алу. Әрине, ақшаны айналысқа қажетті мөлшерден артық шығару оның құнсыздануына жол береді.
1993
жылы 15 қарашада айналымға 1, 3, 5, 10,
20, 50, 100 номиналдағы теңгелік
1993 жылы алғашқы тиындар қағазбен басылып шыққан болатын. Аз уақыттан кейін осы қағаз тиындар айналымнан алынып, тасталып, олардың орнына монета нысанындағы тиындар айналымға жіберілді. Қазақстан Ұлттық Банкі кейінірек айналымға мынадай ақша белгілерін шығарды:
- 1994 жылғы банкноттар, номиналы 200, ол 1993 жылығы үлгі бойынша және номиналы 500 теңге, ол 1994 жылғы үлгі бойынша;
- 1995 жылғы банкноттар, номиналы 1000, ол 1994 жылғы үлгі бойынша;
- 1996 жылғы банкноттар, номиналы 2000 теңге ол 1996 жылғы үлгі бойынша;
- 1997 жылғы монеталар, номиналы 1,5,10,20,50 теңге;
- 1999 жылғы банкноттар, номиналы 5000 теңге, ол 1998 жылғы үлгі бойынша;
- 2003 жылғы банкноттар, номиналы 200 және 500 теңге, ол 1999 жылғы үлгі бойынша (өзгертілген дизайн);
- 2001 жылғы банкноттар, номиналы 1000 және 2000 тенге, олар 2000 жылғы бойынша (өзгертілген дизайн);
- Номиналы 100 теңге банкнот 2001 жылғы үлгі бойынша;
- Мерейтойлық номиналы 5000 теңге банкнот, ол 2001 жылғы үлгі бойынша, бұл ақша түрі мемлекетіміздің 10 жылдық тәуелсіздігіне байланысты;
- 5000 теңгелік банкнот 2001 жылғы үлгі бойынша;
- 2002 жылы номиналы 100 теңгелік монета 2001 жылғы үлгі бойынша;
- Номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар, олар 1999 жылғы үлгі бойынша;
- 2003 жылғы номиналы 10000 теңгелік банкнот, ол 2003 жылғы үлгі бойынша.
Қазақстан Ұлттық Банкі 2006 жылы айналымға жаңа дизайынды банкноттар дайындап шығарды, бұл банкноттар 200 теңгедеп 10000 теңгеге дейін.
Қазақстанның 2006 жылы 15 желтоқсан айына дейін ақша айналысында: 10000, 5000, 2000, 1000, 500, 200, 100, 50, 20, 10, 5, 3 және 1теңгелік банктік билеттер, 20, 10, 5, 3 және 1 теңгелік метал монеталармен бірге 500 теңгелік алтыннан мерейтойға арнап, дайындалған манеталар, алғашқыда көлемі 64х100 мм. су тамғылы қағазға басылған 50, 20, 10, 5, 2 және 1 тиындар кейіннен олардың орнына осы номиналарда металл тиындар шығарылды.
Бірақ, бүгінгі күні 1 теңгеге дейінгі тиын монеталар айналыстан алынған, сондай-ақ 100 теңгеге дейінгі номиналдағы банкноталар (қағаз түріндегі) айналыста жүрмейді, олардың орнына металдан жасалған монеталар қолданыста жүр. Әрине, ірі номиналда банкноттардың айналыста болуы, еліміздегі орташа жалақы мөлшерінің жоғарлауымен байланысты.
2006
жылы 15 қарашада Қазақстан Ұлттық
Банкі 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік
банкноттардың келбетіне
Ескі үлгідегі және 2006 жылғы үлгідегі ақша белгілерінің айналыста қатар жүру кезеңі – 1 жыл. Ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерін айналыста қатар жүру кезеңінде заңды төлем құралы болып табылады, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ ешбір шектеулерсіз банктік шоттарға есептеуге және аударым жасауға міндетті түрде қабылданады. Ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерінің айналыста қатар жүру кезеңі аяқталғаннан кейін ескі үлгідегі ақша белгілері Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемнің барлық түрлері бойынша заңды төлем құралы болуын тоқтатады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Басқармасы заңды және жеке тұлғалардан еске үлгідегі ақша белгілерін қабылдау мен айырбастаудың көрсетілген он жылдық мерзімін ұзартуға құқылы.
2007 жылы Ұлттық Банктің резервтік қорынан айналысқа 1 332,9 млрд. теңге сомасында қолма – қол ақша шығарылды. Осы уақыт кезеңінде ұлттық валютаның банкноттары мен монеталарын айналыстан алу көлемі 1 1501 млрд. теңге болды. Осылайша, эмиссиялық нәтиже 172,8 млрд. теңге мөлшерінде оң болып қалыптасты, бұл 2006 жылғы осы көрсеткіштен (228,8 млрд. теңге) 75,5 % төмен.
Қаңтарда
қолма – қол ақша алу 2006 жылғы қаңтар мен
салыстырғанда 24,5 млрд. теңгеге азайды
және (-) 7,5 млрд. теңге болды. Наурыз – мамыр
аралығындағы соңғы үш айда өткен жылғы
тиісті кезеңмен салыстырғанда банкноттар
мен монеталар эмиссиясының көрсеткіштері
1,5 есе ұлғайған, ақпанда эмиссиялық нәтиженің
6 млрд. теңгеге төмендеуі байқалды. Маусымда
эмиссия 4,5 млрд. теңгеге төмендеді. Шілде,
тамызда эмиссия 24,7 млрд. теңгеге қайта
өсті. Эмиссиялық нәтиже (-) 56,1 млрд. теңге
сомада теріс болып қалыптасқанда, эмиссиялық
көрсеткіштің барынша едәуір төмендеуі
қыркүйекте байқалды, бұл осы айлық көрсеткіш
үшін тарихи ең аз шама балып табылды.
Эмиссияның төмендеу үрдісі ІV тоқсанда
да сақталды, осы кезендегі эмиссиялық
нәтиже (-) 22,2 млрд.теңге болды, бұл өткен
жылға қарағанда 96,4 млрд.теңгеге төмен.
Екінші деңгейдегі банктердің жеке тұлғаларға
заемдар беру көлемінің төмендеуі және
халыққа шетел валютасын сату көлемінің
өсуі осы кезеңді қолма – қол ақшаны айналыстан
алудың ұлғаюына себебші болды.

- Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
- Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын мемлекеттік басқару
- Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасындағы шетелдік инвестициялар
- Қазақстан Республикасының экономикасының дамуы
- Қазақстан Республикасы Президентінің Республика халқына Жолдауы – аса маңызды Конституциялық құжат
- Қазақстан Республикасы Президентін сайлау тәртібі
- Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдері
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк жүйесі
- Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
- Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
- Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің – Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі алатын орны
- қазақстан республикасының Ұлттық банкінің қалыптасуы
- Қазақстан республикасының ұлттық банкінің қалыптасуы, маңызы мен қызметтері
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, оның қызметтері мен операциялары