Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің мәселелері және даму жолдары
Қазқстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Қазақ – Орыс Халықаралық Университеті
МӘНЖАЗБА
Тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің мәселелері және даму жолдары»
Дайындаған: Жандосова Ұ.
Ақтөбе 2013 жыл
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Кәсіпкерлік қызметінің мәні және негізгі ерекшеліктері.
- Кәсіпкерліктің түрлері, олардың өзара қатынастары және бизнеске қатысудағы өзгешеліктері.
- Шағын кәсіпкерлік – ұлттық экономиканы дамытудың маңызды шарты.
- Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуының құқықтық негізі және жолдары.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер мән берген. Ол былай деп айтқан «Кәсіпкер болу – басқаның істегенін істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй былай деген: «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».
Кәсіпкерлік терминін алғаш рет айналымға енгізген ағылшын ғалымы Ричард Кантильон болды. Бұл ағымға, ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызды.
Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі.
Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір – бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес – табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Ал, кәсіпкерлік болса – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер – ол өнертапқыш адам. Сондықтан бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас тұрғысынан ешуақытта кәсіпкер бола алмайды.
Экономикалық ғылымда «кәсіпкерлік қабілеттілік» деген ұғымда бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан бұл келе бермейді.
Яғни айтқанымызда кәсіпкерлік дегеніміз – бұл адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Тағы айта кететін жайт, кәсіпкерлікті түсіндіре келгенде мынадай екі жағдайға мән бері керек: біріншіден, коммерциялық бағыт-бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе білуде; екіншіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға, ғылыми-техникалық прогреске жетіге тікелей қатысты.
Кәсіпкерлік қызметінің мәні және негізгі ерекшеліктері.
Кәсіпкерлік өз бастауын ғасырлар тереңінен алып жатыр. Алайда рынок атрибуты ретінде ол капитализм дамуы кезеңінде айқын көріне бастады.
Қазақстан заңында кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің пайда алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай-ақ мүліктік жауапкершілігі негізінде жүзеге асырылатын ынталы қызметі.
Барлық шаруашылық қызметін емес, тек тәуекелмен, ынтамен, іскерлікпен, дербестікпен, жауапкершілік және белсенді іздеумен байланысты шаруашылық қызметті кәсіпкерлік қызмет деп санауға болады. Олардың бәрі кәсіпкерліктің белгілері болып табылады.
Кәсіпкерлікте тұлға (субъект) және нысанын бөліп қарайды.
Кәсіпкерліктің тұлғалары (субъектілері) жеке тұлғалар, әр түрлі ассоциациялар (акционерлік қоғамдар, арендалық ұжым, кооперативтері) және мемлекет бола алады.
Кәсіпкерлік нысандары (объектілері) шаруашылық қызметтің кез келген түрлері, коммерциялық делдалдық, сату-сатып алу, иннновациялық, кеңес беру қызметтері, бағалы қағаздарымен операциялар бола алады.
Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің қандай да болмасын түрімен айналыса алады. Олар: шаруашылық-өндірістік, сауда-көтерме сату, жаңартпашылық, көрсетілетін консультациялық қызметтер және т.б. коммерциялық делдалдық, сол сияқты құнды қағаздар операциялары.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мыналар бола алады:
- Қазақтанның азаматтары
- Шетел мемлекеттерінің азаматтары
- Адамдардың бірігуі (кәсіпкерлік ұжымы).
Кәсіпкердің мәртебесі заңды және заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Кәсіпкерліктің түрлері, олардың өзара қатынастары және бизнеске қатысудағы өзгешеліктері.
Кәсіпкер тауарлар өндіреді, содан соң оларды сатады. Осыған орай, кәсіпкерлік өндірістік, коммерциялық, қаржылық, делдалдық және сақтандыруболып бөлінеді. Осылардың әрбір формасы өзіндік ерекшелігі, өзгешелігі, демек өзіндік технологиясы болады.
Өндірістік кәсіпкерлікке – тұтынушылардың кейіннен сатып алуына тиісті өнім өндіру, жұмыстар жүргізу және қызмет көрсету, жинау, өңдеу және ақпарат беру, рухани құндылық жасау тағы тағыларға бағытталған қызметтер жатады.
Өндірістік кәсіпкерліктің мүдделілік өрісі едәуір түрліше және оны іске асыру үшін қаржылық және материалдық ресурстар, ал кейде олар көп мөлшерде қажет болады. Өндірістік кәсіпкерлік қызметінің нәтижесі мол өнім өндіру және оны сату мүмкіндігі болып табылады.
Коммерциялық кәсіпкерлікке – қызмет түрін сипаттайтын, оның мазмұнының мәнін айқындайтын тауар-ақша қатынастары, тауар-айырбастау операциялары жатады. Мұның өндірістік кәсіпкерліктен айырмашылығы – мұнда өнім өндіруге – байланысты өндірістік ресурстарды қамтамасыз ету қажеттілігі тумайды. Технологияның бастапқы сатысы ретінде, не сатып алу, нені қайта мәселелерді іске асыру, ең алдымен тауар бағасының өткізу бағасы жағдайында көтерме сатып алу бағасы елеулі жоғары болуы керек екеніне сүйену қажет.
Қаржылық кәсіпкерлік – коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі, солай болғандықтан оның сатып алу, сату объектісі айрықшалығы – тауар болып есептеледі: ақшалар, валюта, құнды қағаздар (акциялар, облигациялар, вексельдер, кепілдіктер және т.б.), яғни бірдей ақшалады сату тікелей немесе жанама формада жүргізіледі. Солай болғандықтанқаржылық кәсіпкерлік – бұл коммерцияның бір түрі, онда қаржылық кәсіпкерінің технологиялық мәмілесі коммерциялық технология мәмілесімен ұқсас болады, айырмасы тек тауар-қаржы активі болып саналады.
Делдалдық кәсіпкерлік – бір мәмілеге өзара мүдделі жақтардың басын қосатын қызметте көрінеді. Бұндай қызметті көрсеткені үшін кәсіпкер табыс алады.
Сақтандыру кәсіпкерлігі – кәсіпкер сақтандырған жарнасын алып отыратын қаржы кәсіпкерлігінің ерекше формасы. Жарналардың қалған бөлігі кәсіпкерлік табысты құрайды.
Көріп отырғандай, кәсіпкерліктің барлық түрі табыс алуға бағытталған. Бірақ ол үшін шектеулі ресурстарды қиыстырып пайдалануға үйрену керек.
Кәсіпкерлік қызмет тек бір ғана меншік формасымен (жеке, ұжымдық, қоғамдық) байланысты емес. Оның әр түрлі варианттары мен үйлесімдері болуы мүмкін. Бұл кәсіпкерлікпен шұғылдану үшін қолданылған капиталдың толық меншік болуы міндет емес деген сөз. Қарыз капиталын қолдануға болады. Алайда қарыз капиталын пайданың белгілі бір бөлігімен бірге қайтарылады. Сондықтан оны пайдалану кезінде кәсіпкердің экономикалық тәуекел дәрежесі өседі.
Монополия мемлекеттік экономика жағдайында кәсіпкерлік қызметке құқ тек қана мемлекетте болды. Нарықтық экономика кәсіпкерлік қызмет үшін тек қана мемлекетке ғана емес, сонымен бірге әрбір кәсіпорынға, әрбір жеке адамға мүмкіндік ашты, бұл жағдай нарық экономикасының тұтынушылар қажеттіліктері мен ҒТП-ке жедел түрде қарауын қамтамасыз етеді.
Кәсіпкерлік құру - өтпелі кезеңде мемлекеттің алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Барлық деңгейдегі кәсіпкерлік құрылым, халықты барынша жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және халықтың өмір деңгейін көтеруге Қазақстан Республикасының одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін қажетті. Әлеуметтік ахуалды жақсартуды қамтамасыз етуге қабілетті.
Нарық жағдайында кәсіпкерлік қызмет көп нышанда болады, оларды мынна түрде бөлуге болады:
- масштабы бойынша шағын, орта және ірі кәсіпкерлік;
- кәсіпкерліктің субъектілері бойынша.
Кәсіпкерліктің субъектілері экономикалық қызметтің әр түрлі қатысушылары – жеке тұлғалар, келісім-шарт міндеттемелерін, біріккен адамдар тобы яғни, ұжымдық кәсіпкерлік, серіктестік, кооперативтер, акционерлік қоғамдар, холдингтер мен осы тәріздес мемлекеттік кәсіпкерлік бола алады.
Шағын кәсіпкерлік – ұлттық экономиканы дамытудың
Нарықтық экономикада кәсіпорынның (фирманың қызмет жасауы үнемі айқынсыздықпен және тәуекелмен байланысты. Сондықтан да кәсіпорын жайлы мыңдаған мінез-құлық теорияларынан ерекше мәнге ие теориялар – ол нарықтық тәуекел жағдайындағы кәсіпорынның мінез-құлқын қарастыратындары болып табылады.
Нарықтық тәуекел жағдайындағы кәсіпорынның мінез-құлқы. Кәсіпкерлік қызметте тәуекелсіз нәтижеге жету мүмкін емес. Егер басшы тәуекелге бой ұрмаса, онда ол түбінде банкрот болады. Менеджментте, егер кәсіпкер тәуекелділік шешімнен қашқақтайтын болса, онда оны ұйым үшін қауіпті әрі тоқырауға алып барады деп есептеген.
Мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар. Біріншісі, шаруашылақты жүргізу құқығына негізделсе, екіншісі – оперативті басқару құқығына негізделген. Шын мәнінде, мұнда шаруашылық есептің екі түрі қолданылады: таза мемлекеттік – толық шаруашылық есеп, қазыналық – толық емес шаруашылық есеп.
Кәсіпорын (фирма) кәсіпкерлік қызмет өндірістік звеносының негізі болып табылады. Осы жерден бастап және ары қарай «кәсіпорын» мен «фирма» ұғымын боламалап қараймыз. Рас, олардың бір-бірінен айырмашылығы бар: «фирма» термині жиынтық ұғым, оған бір немесе бірнеше кәсіпорын мен өндіріс енуі мүмкін. Әдетте, кәсіпорынға біржақты, бір өнімді өндіретін процесті жатқызамыз. Қазіргі жаңа жағдайда нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорын өзінің өндірістік қызметінде толық өз бетінше еркіндігін алуды: ал барлық халық шаруашылығы кешенінен техникалық, ұйымдық, экономикалық және құқықтық тұрғадан дараланған. Кәсіпорынның ұйымдық түрлері алдымен меншік түрімен айқындалмақ. Олар мынадай түрде болуы мүмкін:
- азаматтар меншігіне негізделген жеке кәсіпорындар;
- ұжым меншігіне негізделген кәсіпорындар.
Ұжымдық кәсіпорындар кооперативтік немесе акционерлік түрде болуы мүмкін. Кооперативтік кәсіпорын ақшалайға емес, жеке тұлғаның пайлық негіздегі мүліктік жарнасына және олардың біріккен еңбек қызметтеріне негізделеді:
- акционерлік қоғам түрінің негізіндегі кәсіпорын, акционер меншігінің негізінде қызмет жасайды;
- мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін құрылады;
- құрылтайшылар мүлігінің қосылуы негізінде біріккен кәсіпорындар құрылады, яғни оған шет ел заңды тұлғасы мен азаматтарына енеді.
Кәсіпкерлік әртүрлі формада болады. Оларды топтастыру негізінде екі белгі жатыр: меншік формасы және фирма көлемі.
Меншік формасына байланысты кәсіпкерлік мемлекеттік және жеке болып бөлінеді. Бұл екі сектордың ұлттық экономикадағы үлес салмағы тұрақсыз: ұлттандару кезінде мемлекеттік кәсіпкерлік шекаралары кеңейеді, ал жекешелендіру оларды тарылтады.
Жеке кәсіпкерлік деп бір адам ғана айналысатын бизнесті айтады. Оның жауапкершідігі шектелмеген және оның капиталы көп емес – жеке кәсіпкерліктің кемшіліктері осында.
Оның артықшылықтары: әр меншік иесі өз пайдасына өзі ие, кез келген өзгерісті өзі жасай алады. Ол тек табыс салығын төлейді және корпорация үшін бекітілген салықтан босатылған. Бұл ұсақ дүкендерге, қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындарға, фирмаларға, сондай-ақ юристердің, дәрігерлердің т.б. кәсіби қызметіне тән бизнестің кең тараған формасы.
Серіктестік деп екі немесе одан да көп адам бірлісіп айналысатын бизнесті атайды. Серіктестікке де табыс салығы салынады. Серіктестіктің артықшылығы сол, оны ұйымдастыру және қосымша қаражат пен жаңа ойлар тарту жеңіл. Кемшіліктері қатарына капиталдың жаңа салымдарын төмен ететін, дамып келе жатқан істе қаржы ресурстарының тапшылығын, фирма қызметін, мақсаттарын оның қатысушыларының бірдей түсінбеуін, әрқайсысының фирма табысында немесе зиянындағы үлесін анықтау күрделілігін кіргізуге болады. Серіктестік формасында делдалдық кеңселер, аудиторлық кеңселер мен фирмаларды, қызмет сфераларын т.б. кіргізуге болады.
Корпорация деп кәсіпкерлік қызмет істеу үшін бірлескен тұлғалар жиынтығы аталады. Корпорация меншігіне құқық акциялар бойынша бөліктерге бөлінген, сондықтан корпорация иелері акция ұстаушылар, ал корпорация акционерлік қоғам деп аталады. Корпорация табысына корпорацияға салынған салық ұсталады. Кәсіпкерліктің акционерліктің формасы Қазақстанда жиі кездеседі.
Кәсіпкерлік көліміне қарай: кіші, орташа және ірі бизнеске бөлінеді.
Орта бизнес елеулі рөл атқармайды. Ол бәсекеде мықты емес, себебі оның ірі де кіші де кәсіпкерлікпен бәсекелуіне тура келеді, осының нәтижесінде ол ірі кәсіпкерлікке айналады немесе мүлдем өмір сүруін тоқтатады. Бұл жерде әңгіме қандай да бір ерекше өнім шығаруда монополист болып табылатын, тұрақты тұтынушысы бар фирмалар туралы емес.
Ірі бизнес кіші және орта бизнестен өте қуаттылығымен ажыратылады. Оның рыноктағы монополиялық жағдайы көпшілік тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға есептелген жаппай және арзан өнімді шығаруға мүмкіндік береді. Әрбір елдің өзіндік бизнесті ұйымдастыру құрылымдары бар.
Коммерциялық емес фирмалар тұтыну кооперативі, қоғамдық немесе діни ұйым, қайырымдылық қор фирмаларында құрылады.
Кәсіпкерлік жоғарыда айтылғандай, кәсіпорынның экономикалық дамуының маңызды факторы. Сонымен бірге ұлттық экономиканы одан әрі дамытуға да аса басты ықпал етеді. Соңғысын мына жағдаймен түсіндіруге болады: кәсіпкерлік өзінің мәнін жете түсіну негізінде (әрбір азаматтың өзінің материалдық жағдайын одан әрі жақсартуға талаптануы) шағын және орта бизнесті дамыту формасы арқылы жалпы жағдайды тудырады.
Шағын бизнес кәсіпорынды ашу ісі аз мөлшерде капитал қажет етеді. Техникалық қызмет көрсету саласында кеңөріс алады. Өе жиі жағдайда өз ісін өндірістен шығып қалған немесе жұмыс таба алмағандар ашады.
Шағын кәсіпорындардың ең басты маңыздылығы – бұл әлеуметтік аспектілігінде. Өзінің құрылуымен шағын кәсіпорындар жұмыс орындарын көбейтуге жағдай жасайды, сөйтіп, жұмысссыздықты азайтады. Бұдан басқа халықтың жалпы білімділігінің артуы барысында азаматтар арасында жаппай өздерінің жеке қабілеттіліктерін көрсетулері үдей түседі. Ең алдымен бұған қол жеткізуде өз істерін ұнататындықтары және бұған бейімділіктерінің сай болуынна қарай өздерінің жеке «ісін» ашу, өзінің бизнеспен айналысуын жалғастыру болып табылады. Мұның өзі сондай-ақ шағын кәсіпорындардың дамуына қажеттілігін тудырады.
- ҚР-ғы кәсіпкерліктің дамуының құқықтық негізі және
Қазақстандағы экономикалық реформаның жетістіктерінің бірі шағын бизнестің құрылуы мен дамуы. Кәсіпкерліктің қазіргі нарықтық жүйені құрастырушы бөлігі және нарықтық механизмінің қүрылуының басты қүрылғысы болып табылатындығын бүгінде қоғам мойындаған тәрізді. Бұл жаңа жұмыс орнын құруға, нарықты тауарға және қызметке толтыруға, бәсекелестік ортаны құруға, қоғамда орта класты құруға негізделген экономикалық және әлеуметтік қызметтердің кең көлемділігімен түсіндіріледі.
Әлемдік практика көрсеткендей шағын бизнес мемлекет дамуына үлкен рөл қосады және қазіргі экономикада өз орнын алады. Бірақ кәсіпкерліктің кең көлемде дамуы мемлекет жағынан барлық - мемлекеттік, аумақтық, жергілікті деңгейде әр жақты және белгілі қолдау көрсетуді қажет етеді. Бұл әсіресе Қазақстан үшін өте қажет. Жалпы экономикалық құлдырау жағдайында әйелдер мен жасөспірімдер арасында Жұмыссыздықтың өсуі, халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі, кең көлемді маркетингтік зерттеу жүргізу, персоналдық мамандық деңгейін көтеру, ішкі көшірмелеу және мамандануды қолдану өте қажетті мәселелер болып табылады. Бұл жерде кәсіпкерлік ғылыми негізге қойылған, осы бағытта кең көлемде жұмыс жасауда, бұл жағдайдан тек қана көпшаралы және икемді мемлекеттік қолдаудың арқасында ғана шығуға болады.
Шағын кәсіпорынды қаржыландыру
мәселесі өте шиеленіскен. Шағын
бизнеске өзіндік қорлар жетпейді,
біздің банктердің оларға несие бергілері
келмейді, ал мысалға, халықаралық қарыз
алу негізделген сауатты
Орнында көмек көрсетуге арналған ҚР- сы реформасы және стратегиялық жоспарлау агентствасы жанынан шағын бизнесті қолдау департаменті ұйымдастырылған.
ҚР Президентінің "Шағын кәсіпкерлікті дамуын белсендіру және мемлекеттік қолдауды күшейту шаралары туралы" жарғысы республика аумағындағы кәсіпорындарға, әсіресе өндірістік сферадағы, сонымен қатар жеке және жанұялық қожалықтарға жағымды режим жасауға арналған. Бұл жарғы мемлекеттік органдардың алдына қажетті тапсырмалары бар саяси мәселелерді қояды, ал мазмұны мен маңыздылығы жағынан шағын кәсіпкерлікті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалы құжат болып табылады.
Қазақстандағы шағын орта кәсіпорындар көптеген қиыншылықтармен кездеседі.
-кредитке қол жетпестік,
яғни банк тағайындаған пайыз
мөлшелемесі мен инфляция деңге
-нормативті базадағы түрақсыздық;
-өнімге сүраныстың аздығы;
-сатылар қызметі арасындағы келіспеушілік;
-кәсіпорынның ішкі ұйымдастыру мәселелері;
Көптеген кәсіпорындарға табысты стратегиялық қызметті анықтауға мүмкіндік жетпейді. Сол себепті көптеген шағын кәсіпорындарда жауапкершілікті және еңбекті дұрыс бөлмеу, серіктермен және бәсекелестермен қарым-қатынаста жүмысшылардың кәсіби дайындығының жеткіліксіздігі орын алуда. Көп жағдайда шағын және орта бизнес кәсіпорындары басқа да шаруашылық субъектілерімен кеңеседі, бұл мүлде дұрыс емес.
Біздің республикамызда аз деградацияланған қалалары мен артта қалған аудандарындағы рентабельділігі төмен саладағы шағын бизнеске қолдау көрсету керек, өйткені бұл жедел кәсіпорындар халықты жұмыспен қамтитын әлеуметтік қызмет атқарады.
Сондықтан шағын бизнес мәселесін шешуге жүйелі жақындау ғана, бұл сектордың Қазақстан экономикасында тиісті деңгейге көтерілуіне және республиканың экономикалық өсуіне септігін тигізетін фактор болуына жағдай жасайды. Мұндай жағдайда кез келген кәсіпкер іскер адам бола алады, ал кез келген іскер адам кәсіпкер бола алмайды. Кәсіпкерліктің дамуы осы қызмет аясындағы субъектілер болғанда ғана мүмкін. Бүл субъектілер нарықтық қатынастың дамуына ықпал жасайды.
Кәсіпкерлік субъектілердің пайда болуы идиологиялық, саяси және әлеуметтік экономикалық жағдайдың "кәсікерлік жарылыс" жасаушы нақты қоғамдық жағдайдың болуын білдіреді.
Тиімді деңгейде кәсіпкерлік дамуы осы қызметті іске асыру, тек нақты қоғамдық жағдай-кәсіпкерлік орта болғанда ғана мүмкін. Кәсіпкерлік орта бұл ең алдымен нарық, қатынастың нарықтық жүйесі, сонымен қатар кәсіпкердің жеке еркі, яғни өз көзқарасы бойынша өте тиімді, максимум пайдалы шешім қабылдауға мүмкіндік беретін жеке тәуелсіздігі.
Қорытынды
Кәсіпкерлік – кәсіпорынның басшылары мен мамандарының шаруашылық қызметінің бір тұтас бөлігі. Ол экономиканың қызметінде ең белсенді нысанының бірі болып табылады.
Кәсіпкерлік қызметінің көптеген түрлерінің ішінен негізінен төртке топтастыруға болады: өндірістік, комметциялық, қаржылық, консультативтік.
Өндірістік кәсіпкерлік өнімді өндіруге, жұмыс істеуге және қызмет көрстеуге, жинауға, өңдеуге және ақпарат беруге, рухани байлықты жасауға бағытталған қызмет.
Қызметтің коммерциялық түрінің мазмұны тауар-ақша қатынасы, сауда-айырбас операциясынан тұрады. Оны өндірістік кәсіпкерліктен қызметтен айырмашылығы сол, мұнда өнімді шығаруға байланысты едәуір өндірістік ресурстарды қажет етпейді.
Қаржы кәсіпкерлігі коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі болып табылады. Солай болғандықтан оның объектісі сатып алу, сату айырмашылығы тауарға шығады: ақшалар, валюта, құнды қағаздар (акция, облигация, вексель, ваучер), яғни тікелей және жанама нысаны түрінде бір ақшаны басқа ақшаларға сату шығады.
Кәсіпкерлікті қалыптастыру үшін белгілі экономикалық, әлеуметтік, құқытық жағдайлар жасалу қажет.
Кәсіпорын экономикасы кәсіпкерлік қызметін, процестерді зерделеу және шаруашылық шешімдерін қабылдайтын дербес экономикалық пән болып табылады. Ол өндірістік қызметтердің заңдылығын түсіну негізінде нақталы өндірістік, экономикалық және әлеуметтік мақсаттарды жүзеге асыруда тиянақты шаруашылық әдістерін әзірлеуге мүмкіндік береді, экономикалық заңдардың әрекет ету көрінісін өндіріс процесінде және өнімді сатуда, ресурс шығындарын ең аз мөлшерде жұмсай отырып, өндірістің нәтижелігін арттыруды қамтамасыз ететін кәсіпорынның түрлі салалары және меншік нысандары, шаруашылық тетігін көрсетеді.
Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметі елдің экономикасын тұрақтандырудың маңызды факторы. Қазіргі кезде шаруашылық қызметінің негізгі буыны – кәсіпорын болып табылады. Осы деңгейде сыртқы экономикалық қызметінің негізгі нысандары іске асырылады.

- қазақстан республикасындағы кәсіпкерліктң қолдау
- Қазақстан республикасындағы компаниялардың инвестициялық стратегиясындағы кездесетін негізгі мәселелер
- Қазақстан Республикасындағы қазіргі жағдайдағы салық саясаты
- Қазақстан Республикасындағы қазіргі мемлекеттік реттеу жолдары мен даму деңгейі
- Қазақстан Республикасындағы қаржылық бақылаудың даму ерекшеліктері
- Қазақстан Республикасындағы қылмысқа қарсы күрес тиімділігінің теориялық негіздері
- Қазақстан Республикасындағы лизинг бизнесі
- Қазақстан Республикасындағы инфляцияның ерекшеліктері
- Қазақстан Республикасындағы инфляцияның ерекшеліктері
- Қазақстан Республикасындағы инфляцияның ерекшеліктері
- Қазақстан Республикасындағы ипотекалық несиелендіруді дамыту
- Қазақстан Республикасындағы ипотекалық несиелеудің даму мәселелері мен болашағы
- Қазақстан Республикасындағы Ислам банкингі: мәселелері мен даму болашағы
- Қазақстан Республикасындағы Ислам банкингі: мәселелері мен даму болашағы