Қазақстан Республикасындағы қылмысқа қарсы күрес тиімділігінің теориялық негіздері
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Елімізде жүргізіліп жатқан реформаны іске асыру және барлық заңды мүдделерді қорғау үшін қылмыстылықпен күрес шараларын күшейтуді қажет етеді. 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдуммен қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 бабында “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары” дей отырып қоғамға, адамзатқа қарсы іс-әрекеттерді жасауға тыйым салады [1. 1-бап]. Қолданылып жатқан, құқықтық және ұйымдастыру шараларына қарамастан еліміздегі қылмыстық ахуал күрделі күйінде қалып отыр және техниканың дамуы мен көбеюіне, өндірістік қызметтердің қарқынды жүргізілуіне байланысты заңмен қорғалатын құндылықтарға абайсызда зардаптар келуінің мүмкіндігі де артуда.
Қылмыс жасаушылардың
әрекеттері, әсіресе меншікке, экономикалық
қатынастарға, қоғам қауіпсіздігіне
қарсы қылмыстарда жиі
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев қылмыстылыққа қарсы күрес және құқық тәртібін нығайту мәселесі жөніндегі мәжілісте қылмыстылықпен күресудің және құқық тәртібін нығайтудың ауқымды, әрі тиімді бағдарламасын ұсынды. Сонымен қатар Президент өзінің мазмұнды баяндамасында “еліміз әлеуметтік қайта құру және демократиялық мемлекетті құру жолында ең күрделі түрде қарқынды дамыған қылмыстылықпен қақтығысудың шегіне жетті. Бұл шын мәнінде реформа саясатына, қоғамның тұрақтығына, азаматтардың өмірі мен игіліктеріне қауіп тудырады”,-деді.[1] Ғалымдар мұны бір жағынан заңды құбылыс ретінде бағалауда. Себебі қоғамның даму бағытын өзгертуі, ол елде алғашқы уақыттарда экономикалық-саяси дағдарыстың орын алуына соқтыра алды.
Елімізде қылмыстылықпен күресуді күшейту, өз қызметіне жауаптылықпен қарауды арттыру үшін, сонымен қатар құқық қорғау органдары қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында соңғы төрт жылда Республика Президентінің бірнеше Жарлықтары мен Қаулылары шықты. Олардың қатарына мыналарды жатқызуға болады: Қылмысқа қарсы күресті күшейту туралы” 1994 ж. 11 ақпандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Қаулысы, “Заңдылықпен құқық тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар туралы” 1994 ж. 9 маусымдағы Қазақстан Республикасы Президентінің Қаулысы, “Сыбайлас жемқорлықпен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі Республикалық комиссия құру туралы” 1994 жылы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, “Қылмысқа қарсы күрес және құқық тәртібін нығайту жөніндегі шұғыл шаралар туралы” 1995 жылы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің Қаулысы. Қылмысты абайсыздық немесе салғырттықпен жасалған қоғамға қауіпті іс-әрекеттерге әлеуметтік-құқықтық баға бару адамдардың қоғамдық өмірде ғана күрделі мәселе болып саналмай, сонымен бірге бұл мәселе теория жүзінде де күрделі, толық шешілмеген мәселе ретінде қылмыстық құқық ғылымының пайда болу уақытынан бері даулы болып келе жатыр. Сондықтан қылмысты абайсыздықтың теориялық мәселелеріне осы күнге дейін көптеген ғалымдардың арнайы монографиялық еңбектерінде зерттеу жасалынды.
Қылмыстық заңда, Қазақстан Республикасының құқықтық саясат Тұжырымдамасында белгіленгендей, заңмен қорғалатын әлеуметтік жоғары құндылықтар ретінде адам құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы мен ажырамастығын тану негізге алынуы тиіс.
Жұмыстың өзектілігі. Құқықтық саясат, ол мемлекеттік саясаттың бір тармағы ретінде мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және құқықтық дамуын білдіретін Конституция ережелеріне негізделеді деген ойдамыз. Сондықтан қылмыстық құқықтық саясаттың бір өзекті мәселесі ретінде қылмыстық заң нормаларының тиімділігін арттыру-заң нормаларының теориялық ғана емес, сонымен бірге практикалық талаптарға да сай келуін қамтамасыз етеді. Р.Т. Нұртаев өзінің бір еңбегінде «Елде қылмыстық саясатты әрі қарай гуманизациялау мен либерализациялау бағытына біздің мемлекеттің күш жұмсауы, заң ғылымдары мен оның негізгі өзгерістерінің жетістіктерін дұрыс және жан-жақты ескерген жағдайда тиімділік көрсетуі мүмкін»- деді. [2; 49 б.] Сондықтан да қазіргі қоғамның әлеуметтік-саяси және экономикалық даму жағдайын, кейбір шет мемлекеттердің қылмыстық құқығының жетістіктерін ескере отырып, алдағы уақыттарда практика талаптарына сай келмейтін қылмыстық заң нормаларын қайта қарау қажет болуы да мүмкін. Әрине мұндай жағдай орын алғандай болса, онда абайсыздықпен сипатталуға жататын қылмыстық құқық нормалары да міндетті түрде өзгерістерге ұшырайтыны даусыз. Өйткені отандық қылмыстық құқықтағы абайсыздықпен сипатталатын қылмыстардың кейбіреулерінің кінә нысандары даулылық тудыруда, сонымен қатар жауаптылықтың көлемі де қайта қарауды талап етеді.
Қоғамдық санада көптеген жылдар бойы жаза деп кінәліні қоғамнан оқшаулау деп түсінетін пайымдау қалыптасқан, ал түзеу жұмыстарына тарту, айыппұл, қоғамдық жұмыстарға тарту, бостандығын шектеу және басқа да қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларды қоғамда қалыптасқан сана жаза деп есептемейді деген пікір қалыптасқан. Сондықтан осы уақытқа дейін соттардың жаза тағайындау барысында қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларды сирек қолданатыны байқалады.
Адамды бас бостандығынан
айырмай қолданылатын түзеу жұмыстары,
бас бостандығынан айыруға
Жазалар құрылымында
бас бостандығынан айыру
Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларды жеткілікті қолданбаудың себептерін, заң нормаларында орын алып отырған аталған жаза түрлерін қолдану негіздерінің олқылықтарымен де түсіндіруге болады. Мысалы, «Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларды атқару тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 11 желтоқсан 2001 жылғы №151 бұйрығымен бекітілген Нұсқаулығында қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалардың барлық түрлері қамтылмаған. Әрине, Нұсқаулық заң емес, бірақ кейбір мәселелер заңмен реттелмеген болса, онда заңға тәуелді актілер басшылыққа алынады.
Қазақстан өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін алғаннан кейін, егемен мемлекеттің және оның барлық азаматтарының өміріне арқау болатын бүкіл құқықтық базаны түбегейлі қайта құру кажеттілігі туындады. Бұл арада аз жұмыс жасалған жоқ: мемлекеттік басқару, экономика, ұлттық қауіпсіздік, сыртқы саясат, қоғамдық саяси өмір, мәдениет және халықты әлеуметтік қорғау, табиғатты қорғау, кұқықтық тәртіпті қорғау салаларында көптеген заңдар мен жарлықтар талқыланып қабылданды.
1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, біздің мемлекет демократиялық және құқықтық мемлекет деп жарияланды. Бұл біріншіден демократиялық режимді ұстанады, екіншіден азаматтық қоғамды қалыптастырады дегенді білдіреді. Демократиялық режимнің негізгі көрсеткіші азаматтық және саяси құқықтар мен бостандықтардың қорғану кепілдіктері. Конституцияның негізгі принциптеріне сәйкес кез-келген адамның ата заңда және басқа да заңда да көзделген мүдделерін қорғауды жүзеге асыруда қылмыстық заңдылықтың маңызы ерекше. Қылмыстық заңның ең басты міндеттерінің бірі адам, қоғам, мемлекет мүддесін қорғау болып табылады.
Казақстан Республикасының 1997 жылғы қабылданған Қылмыстық кодексінің 3-4 бөлімдері тұтас жаза институтына арналып, жаза институтының барлық проблемаларына арналған ұғымдар қазіргі заман талабына сай жаңаша түзілді. Алайда, қылмыстық кұқық бойынша жазаларды топтастыру негіздері теориялық тұрғыда әлде де өз шешімін толық таппаған. Жаза жүйелерін жіктеу, оның белгілерін анықтауға жеткілікті мән берілмеген. Теорияда және заң қабылдауда орын алған осындай ағаттықтар, жаза институтын тереңірек зерттеуді, оның көптеген тұстарын жаңаша бағалауды, саралауды қажет етеді.
Осыған орай, жұмыста қылмыстық заңның жаза институтын жетілдірудің өзекті проблемалары, қылмыстық жазаларды жіктеу мен жеке даралаудың жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән жайларына қолданудың теориялық негіздері жүйесін әрі қарай реформалауға бағытталған ұсыныстар келтіріліп, республикадағы қылмыстық заңды жетілдіру проблемалары қарастырылған.
Зерттеудің объектісі жазаларды топтастырудың ғылыми негіздерін белгілеуге мүмкіндік беретін теориялық принциптерді анықтау және жауаптылық пен жазаны жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлардың атқаратын рөліне байланысты қатынастарды реттеу.
Зерттеу пәні қылмыстық жаза ұғымы, оның белгілері, жазаларды жіктеуге негіз болатын мән жайлар, жазалардың өзара жеке даралану институтының атқаратын маңызы, жаза жүйелерін жетілдірудің қылмыстылықпен күрес саласындағы атқаратын қызметі болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міңдеті. Зерттеудің басты мақсаты – кінәліге әділ жаза таңдау немесе қылмыстық құқықтық сипаттағы басқа да шара тағайындаумен байланысты теориялық, нормативтік құқықтық проблемаларды кешенді түрде, кең тұрғыда талдау негізінде жаза институтына қатысты жазаны топтастырудың теориялық ережелерін жүйелеп шығару және сот практикасына осыған орай кепілдемелер беру болып табылады. Көрсетілген мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу жолы қарастырылды:
- қылмыстық жазалар жүйесі құрылымының теориялық негіздерін зерттеу;
- жаза түсінігінің
құқықтық теориялық
- жазаларды жіктеуге негіздерді анықтау;
- жазалардың жеке дара реттелуіне салыстырмалы құқықтық талдау жүргізу;
- қылмыстық жазалардың түсінігі және түрлеріне тарихи құқықтық талдау жүргізу;
- қолданыстағы қылмыстық
заңға сәйкес жазаны
- қылмыстық заңды жетілдіруге байланысты ұсыныстар жасау.
Зерттеудің әдістемелік негіздері. Еңбектің әдістемелік негізін философияда, әлеуметтануда, әлеуметтік психологияда, құқық тарихы және теориясында, қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық атқарушылық, азаматтық құқық салаларында, криминологияда қалыптасқан ғылыми ұстанымдар мен таным категориялары кұрады.
Негізгі әдіс танымның диалектикалық әдісі болып табылады. Сонымен қатар, жұмыс барысында, жалпы ғылыми және дербес ғылыми әдістер: сандық талдау әдісі, жүйелік тарихи, логикалық-заңдық әдістер, салыстырмалық кұқықтық әдістер де пайдаланылады. Нақтылы әлеуметтік әдіс кеңінен қолданылады (сауалнама, сот тәжірибесі материалдарын жинақтау, бас бостандығын айыру орындарында отырған және бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларын өтеп жатқан сотталушыларға қатысты сот қаулыларын талдау, стастистикалық мәліметтерді оқып зерттеу).
Зерттеу жұмысының деректік негізі. Жұмыстың теориялық базасын бұрынғы өткен және қазіргі кезеңдегі А.Н. Ағыбаев, З.О. Ашитов, Н.О. Дулатбеков, Е.О. Алауханов, Н.М. Әбдіров, Г.И. Баймурзин, К.Ж. Балтабаев, Қ.А. Бегалиев, И.Ш. Борчашвили, А.А. Исаев, Ө.С. Жекебаев, Б.Ж. Жүнісов, Е.І. Қайыржанов, Р.Б. Құлжақаева, М.С. Нәрікбаев, Р.Т. Нұртаев, Е.А. Оңғарбаев, И.И. Рогов, Л.Ч. Сыдықова, Д. Бұғыбайқызы, Г.Р. Рүстемова, П.И. Люблинский, С.В. Познышев, Н.С. Таганцев, И.Я. Фоиницкий, К.Ш. Құрманов, И.И. Карпец, Т.М. Күлтелеев, АА. Пионтковский, М.Д. Шаргородский, Л.А. Прохоров, Г.А. Кригер, М.А. Скрябин, Г.С. Говеров, П.И. Гришаев, Ю.М. Ткачевский, В.И. Ткаченко, Я.М. Браинин, А.М. Яковлев, А.В. Наумов, В.В. Лунеев, Г.Н. Борзенков, Н.Ф. Кузнецова және т.б. оқымысты ғалымдардың ғылыми зерттеу еңбектері құрады.
Жұмыстың ережелері мен тұжырымдары Қазақстан Республикасының Конституциясына, қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық атқарушылық заңнамаларға, Қазақстан Республикасының басқа заңдарына, сондай-ақ ТМД елдерінің Ресей Федерациясының, сол сияқты кейбір шет мемлекеттердің осы саладағы заң актілеріне негізделді. Сонымен қатар, салыстырмалы талдау жүргізу барысында бұрын қолданылған заңдар мен ТМД елдеріне арналып дайындалған Үлгілік Қылмыстық және қылмыстық атқарушылық кодекстері пайдаланылды.
1 Қазақстан Республикасындағы қылмысқа қарсы күрес тиімділігінің теориялық негіздері
1.1 Жазалар жүйесі және олардың маңызы
Қылмыстық заң жазалау қатерімен тиым салу арқылы адамның жеке басына, қоғамға, мемлекетке кінәлі түрде зиян келтіретін немесе зиян келтіру қаупін тудыратын қылмысты әрекеттерді істеуге тиым салады.
Қылмыстық заңның міндеттері – бейбітшілікті және адамзаттың қауіпсіздігін, адам мен азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, аумақтық тұтастықты, конституциялық құрылысты, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, табиғи ортаны қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау және қылмыстың алдын алу болып табылады.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін қылмыстық заңдар қылмыстық жауаптылықтың негіздерін, қылмыс істеген адамдарға қолданылуы мүмкін және өзге де ықпал ету шараларын белгілейді.
Азамат терісқылық немесе құқықтық бұзушылық жасаса оған моральдық немесе құқықтық жауапкершілік жүктеледі. Құқықтық жауапкершіліктің ішіндегі ең қатал түрі қылмыстық жауаптылық болып саналады. Қылмыстық жауаптылық мемлекеттің заң шығарушы органы арқылы қылмыстық жазалау қатерімен тиым салынған қоғамға қауіпті кінәлі түрде істелген іс-әрекет үшін ғана белгіленеді.
Құқықтық әдебиетті талдау нәтижесінде барлық ғалымдардың келесі ережелерге байланысты бірдей пікір ұстанатынын анықтаймыз.
- қылмыстық жауаптылық құқықтық жауапкершіліктің бір түрі ретінде оның барлық белгілеріне ие;
- қылмыстық жауаптылық қылмыс жасаған тұлғаларға қатысты қолданылатын мемлекеттік мәжбүрлеудің ең қатал, күрделі түрі;
- қылмыс жасаған адамдар өз қылмыстары үшін мемлекет алдында жауап беруге міндетті;
- қылмыстық жауаптылық кезінде аталған тұлғалардың қандай да бір дәрежеде құқықтары болады.
Біздің пікірімізше қылмыстық жауаптылық анықтамасын тек сотталумен және жазамен шектеу дұрыс емес. Шын мәнісінде, қылмыстық жауаптылықтың анықтамасы одан да кең. Кейбір ғалымдар қылмыстық жауапкершіліктің мәнін қылмыстық құқықтық қатынастар құрайтындығы және оның мазмұны ретінде тараптардың өзара құқықтары және міндеттері, ең алдымен қылмыс жасаған тұлғаның мемлекет алдында өз іс-әрекеттері үшін жауап беру міндеттілігі жататындығын айтады.
Адам қылмыстық жауаптылыққа
істеген іс-әрекеттерінде
Яғни, қылмыстық жауаптылық бұл қылмыстық құқылық норманы бұзудың нәтижесі, қоғамға қауіпті іс-әрекеттің көрінісі болып табылады. Қылмыс істелмесе қылмыстық жауаптылық та болмайды. Қылмыстық заң бойынша жазалау қатерімен тиым салынған қоғамға қауіпті іс-әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық тек қана қылмыс істеу арқылы келтірілген зиянның көлеміне, қылмыстың жасау тәсіліне, кінәнің нысанына, қылмыскердің тұлғасының ерекшеліктерін еске ала отырып жүзеге асырылады.
Қылмыскердің жасаған қылмысы үшін жауап беру міндеттілігін, жазаға тартылу қажеттігі жөнінде айтып, мемлекеттің және қылмыскердің арасындағы құқықтық қатынастарды айтпайды. Біздің пікірімізше, құқықтық қатынастарда тараптар, жақтар арасында өзара міндеттер мен құқықтар болуы тиіс.
Қылмыстық жауаптылық қылмыстық құқықтық қатынас мәселесімен тығыз байлынысты. Бұл байланыс екі жақты көрініс арқылы белгіленеді. Біріншіден, қылмыстық қатынас қылмыстық жауаптылық сияқты істелген қылмыстық құқықтың зардабы.
Яғни, нақты қылмыс жасалмаса қылмыстық жауаптылық та, қылмыстық құқықтық қатынас та жоқ. Екіншіден, нақты қылмыс жасалған уақыттан бастап қылмыстық жауаптылық, ал мұнымен бірге бір мезетте істелген қылмыстың салдарынан қылмыстық құбылыс, яғни қылмыстық құқықтық қатынастың объектісі болып табылады.
Қылмыстық жаза мемлекеттік күштеу шараларының бірі болып табылады және ол мемлекеттің қылмыспен қарсы күрес жүргізу құралдарының бірі ретінде қолданылады.
Қылмыстық жаза мемлекеттік күштеу шарасы ретінде тек арнаулы, заңда көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қылмыс істеген адамдарға мұндай жазаны қолдану мемлекеттің атқаратын функцияларының бірі ретінде қарастырылады. Әсіресе, ауыр өте ауыр қылмыс істегендерге соған сәйкес ауыл қылмыстық құқықтық күштеу шараларын қолдану мемлекеттің міндеті болып табылады.
Мемлекеттік күштеу шаралары сан алуан. Оларға тек қылмыстық құқықтық шаралар ғана емес, азаматтық, әкімшілік, тәртіптік шаралар да жатады.
Қылмыстық жаза мемлекеттік күштеу шараларының жеке бір түрі бола отырып, өз ерекшеліктерімен оқшауланады.
Біріншіден, қылмыстық жаза мемлекеттік күштеу шарасы ретінде қылмыстық заңмен ғана белгіленеді.
Екіншіден, заңда көрсетілген тәртіппен сотталған адамды жазадан босату, сондай-ақ тағайындаған қылмыстық жазаны жеңілдету тағы сот арқылы жүзеге асырылады. Тек қана рақымшылық және кешірім беру актілерімен жазадан босату немесе жазаны жеңілдету Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес Парламент Республика Президенті арқылы жүзеге асырылады, ал басқа жағдайларды бұл мәселелерді шешу тек соттың міндеті болып табылады.
Төртіншіден, қылмыстық жаза жария түрде, ашықтан-ашық тағайындалады. Яғни, қылмыс жасаған адамның кінәсін анықтау, оған жаза тағайындауды қажет деп табу, қылмыстық жазаның нақты түрі мен көлемін анықтау, жеке немесе заңды тұлғалар арқылы емес, мемлекет арқылы жария, ашықтан-ашық түрде белгіленеді. Қылмыстық жаза кінәлі адамға мемлекет атынан белгіленеді, жеке немесе лауазымды адамдар сот тағайындаған жазадан ешкімді де босата алмайды.
Бесіншіден, мемлекеттік күштеу шаралары ретінде қылмыстық жаза қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмыс жасаған кінәлі адамға қолданылуы мүмкін.
Қылмыстық құқықтық әдебиетте жазаның анықтамалары бар. Олардың көпшілігінде жаза мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы ретінде қарастырылған.
Қылмыстық құқықтық оқулығында жаза қылмыс жасаған адамға қатысты оны түзеу және сотталған адамның тарапынан жаңа қылмыстардың алдын алу мақсатында және қоғамның атынан теріс моральді саяси бағалаудың білдіретіндігі көрсетілген.
Жазаны мемлекет мәжбүрлеу шарасы ретінде сипаттайтын барлық белгілердің жиынтығы жеткілікті дәрежеде жаза және қылмыстық жауаптылық бір мағынасы бар түсініктер емес екендігін дәлелдейді.
Жаза сотталған адамға белгілі бір зардап келтірумен тікелей байланысты болады. Мысалы, соттың кінәліні бас бостандығынан айыру немесе белгілі бір кәсіппен шұғылдануға немесе белгілі бір лауазым иесі болуға тиым салуы, мүлкін тәркілеуі мүмкін. Ерекше ауыр қылмыс жасаған жағдайда, кінәліге заңда көрсетілген негізде өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауы да мүмкін. Сөйтіп, кез келген қылмыстық жаза тағайындағанда сотталған адам материалдық моральдық, мүліктік зардап шегеді. Өткені жаза өзінің мәні жөнінен кінәліні жазалау болып табылады.
Қылмыстық жазаның басқа да мемлекеттік күштеу шараларынан ерекшелігі сол, оны қолдану кінәліге барлық уақытта да сотталғандық атақ береді. Сотталғандықтың кінәлі үшін белгілі бір құқықтық зардабы бар, ол сотталғандығы туралы өмірбаянында көрсетілуі керек, сотталғандық кейбір жағдайларда қылмысты ауырлататын мән-жайларға жатады немесе кейде сотталғандық атақ қылмысты саралауға, жазаның мөлшерін, сондай-ақ жазаны өтейтін түзеу мекемесінің түрін белгілеу үшін маңызды мәнге ие болады.
Жазалар жүйесі дегеніміз — ауырлығы ескеріліп белгілі бір ретпен орналасқан, толық берілген жөне сот үшін міндетті болып табылатын, қылмыстық занда бекітілген жазалар түрінің тізімі. Қазақстан Респубдикасының жаңа Қылмыстық кодексінде жазалар жүйесі 39-баптың 1 бөлігінде орналасқан.
Әділқазылық мәселелерін шешуде жазалар жүйесін белгілеудің методологиялық және практикалық елеулі маңызы бар.
Оның методологиялық маңызы сол - әрбір жазаның қолдану жағдайын, дәл шегін және тәртібін көрсетіп, олардың толық тізімін беру арқылы қылмыспен күресте жазалау саясатының бірлігіне, сот қызметінде заңдылық принципін сактауға қол жетізе аламыз. Ал оның практикалық маңызы сол - онда жазаның түрлері бір жүйемен (ең жеңілінен бастап ең ауырына қарай) берілген, соның нөтижесінде сот заңға сүйене отырып, сот практикасының төжірибесін, қоғамдық көзқарасты жөне ғылыми ұсыныстарды ескеріп, сотталғанға ықпал жасаудың әртүрлі шараларын тиімді де үлымды пайдалана алады.
Заңмен белгіленген жазалар жүйесінің маңыздылығы сонда — ол арқылы қай жазаның аса қатаң, ал кай жазаның онша қатаң емес екендігін анықгай аламыз. Бүл тек жаза тағайындалғанда ғана емес, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның жұмсақгау түріне ауыстырғанда да керек (ҚК-тің 71-бабы).
Жалпы жаза түрлерінің жүйесі және жазаның әрбір жеке түрі көптеген тәсіл арқылы сотталғанға ықпал жасау мүмкіндігін береді, сол төсілдер арасынан сот ең орынды шараны тандап ала алады. Осы жүйеге сәйкес соттар ауыр және аса ауыр кылмыс жасаған адамдарға қатысты да, онша кауіпті емес қылмыс жасаған адамдарға қатысты да ауырлығы әртүрлі жаза қолдануға күқылы.
Сонымен, жаза түрлерінің біршама көптігі қылмыстың да, оны жасаған қылмыскердің де қоғамға қауіптілігін ескеріп әділ жаза тағайындауға мүмкіндік береді, алдында түрған мақсатка жетуге көмектеседі (23-баптың 1 бөлігі).
Жазаның түрлері мен жүйесі, сонымен қатар, қылмыскерлікпен күресу тәсілдеріне және қылмыстың өзіне деген қоғамда қалыптасқан пікірдің көрінісі. Адамның өмірі, денесі, бостандығы, ар-ожданы жазаның объектісі, ал өлім, жарақат, күш көрсетіп қинау, қамау, қудалау, мүлкінен айыру, масқаралаур жаза қолданудың салдары болып табылады. Жаза қолданғанда қылмыскер өруақга мемлекет атынан айыпталады.
Қылмыстық жаза қоғамдағы үстем көзқарасқа жене оның өмір сүруінің негізгі шарттарына сәйкес келетін көзқарастарға жауап беріп келді, жауап береді де. Заңцарға бұрынғы ескірген жазаларды енгізсек, оны қоғам тарихи анахронизм деп санар еді, ол жазалар жүрмес еді.
Керісінше, егер зандарға қоғам саяси да, сана жағьшан да әлі дайын емес жазаларды енгізсек, олар да жұмыс істемес еді.
Қылмыстық заң мен жаза адамдардың қа-лыптасқан өміріне, қоғамдық қатынасқа, сол қоғамның идеологиясы мен таптық құрылымына, мемлекет экономикасының ахуалына, жөне осы негізде қалыптасып отырған этикалық жөне күқықгық көзқарастарға сөйкес келуі тиіс.
Егер жаза түрлерінің қоғамның жөне қоғамдық қатынастардың даму деңгейімен байланысына көз жүгіртсек, мынадай зандылыкты байкауға болады: өндіргіш күштердің даму деңгейі төмен кезде қоғамдық тұрмыс та нашар, мәдениет те темен деңгейде болды, оған сөйкес идеология болды; жазалаудың аса қатаң түрлері қолданылды • ашықтан ашық үрей тудыру, өлтірудің, жара-қаттаудың жетік түрлері болды; қоғам ішіндегі қайшылықтың ушығуы жазаны қатайтуды қажет етті; аса қатаң жазалау кейінгі феодализмге тән әрекет еді.
1532 жылы кабылданған Карл V-нің қылмыстық жинағы «Каролина» (Constitutio criminalis Carolina) сол кезенді дәлірек сипаттайтын заң актісі. Басқа елдердің зандары да, одан кейінгі кездері де бүл заңнан алыс кеткен жоқ. Ф.Энгельс былай деп жазды: «Ағылшындардың қылмыстық заңының Европадағы ең қатаң заң екендігін білеміз. 1810 жылдың өзінде ол өзінің қатыгездігі жағынан Каролинадан кем түспеді: отқа жағу, доңғалаққа байлап, кескілеп өлтіру, тірі адамның шек-қарнын ақтару, т.б. жазалаудың көп тараған түрі болды»
Қылмыскерлікпен күрестің барлық формалары мен әдістері тек қатаң жазалаумен гана шектелді. Ондағы басты мақсат — «зиянкес» адамның көзін жою немесе оны адам сиякты өмір сүру қабілетінен айыру. Ол кездің үраны — үрейлендіру мен қатыгездік.
Бірақ, қатаң жаза қолданудың өзі қатыгездікті тудыратынын өмір көрсетті. Нөтижесінде қылмыс азайған жоқ, қайта көбейіп кетті. Сондықган да, алдыңғы қатарлы ойшылдар бір жағынан жазаның сипатын өзгерту керек, екіншіден қылмыстың алдын алуға бағытталған шараларды жүзеге асыру керек дегенді айтты.
Қазіргі тарихи кезең жағдайды жазамен түзетуге болмайтындығын көрсетіп отыр, сондықтан да оқымыстылар бұл тығырықтан шығудың жолын іздестіруде. Осыған байланысты мәжбүрлеу және зорлық принципіне емес, сенімді мәжбүрлеумен ұштастырған принципке негізделген жаза теориясы ерекше маңыз алады. Бұл теория жаза қыл-мыскерлікпен күрестегі маңызды да жөне өзірше қажетті қүрал болғанмен, ол жалғыз әрі басты күрал емес, тек қосымша ғана деген тусініктен туындайды.
Қоғамның өлеуметтік өміріндегі жазаның орыны, бәрінен бұрын, адамгершіліктен, адамға деген қамқорлықтан барып анықталуға тиіс. Мәж-бүрлеудің қылмыспен күрес төсілдерінің бірі екендігін ескере отырып, бірақ ақгық соңында тек мақсатты тәрбие мен сенім арқылы ғана адамға ықпал жасауға болатындығын, солар арқылы ғана адамның сезімі мен ойын, көзқарасын, идеясын, дағдысы мен мінез-қулқын өзгертуге болатынды-ғын мойындау керек (3, 79-83 б.)
Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде бүл принциптер ескерілген және жаза түрлерінің тізімі бүрынғы заңмен салыстырғанда едәуір өзгерген. Жазаның кейбір түрлері сақгалған, ал кейбіреулерін заң шығарушы алып тастаған.
Сонымен қатар, қоғамдық жұмыстар, бостандықгы шектеу, тағы басқадай жазаның жаңа түрлерінің жүйеге енгізілуі өте дәлелді. Жазаның кейбір түрлерінің атаулары да, оған сәйкес мазмүны да өзгерген. Әскери жөне арнайы атақган айырудың орнына - арнайы өскери және құрметті атактан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградалардан айыру; бас бостандығынан айырмай түзеу жүмыстарына жіберудің орнына түзеу жүмыстары. Тәртіптік батальонға жіберу түріндегі жаза төртіптік өскери бөлімде үстаумен ауыс-тырылған.
Өлім жазасы жаза түрлерінің тізіміне кіргенмен, ол ерекше сипаттағы жаза деп көрсетілмеген.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 39-бабында қарастырылған қыл-мыстық жазалар тізімінде мыналар бар: айыппүл салу, белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру; қоғамдық жүмыстарға тарту; түзеу жүмыстары; өскери кызмет бойынша шектеу; бас бостандығын шектеу; тәртіптік өскери бөлімде үстау; бас бостандығынан айыру; өлім жазасы; арнаулы, әскери немесе қүрметті атағынан, сыныптық шеннен, ди-пломатиялық дәрежесінең, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру; мүлкін тәркілеу.
Тиімділігі өте төмен болғандықтан жаңа Қылмыстық кодекстен жазаның мынадай түрлері алынып тасталды: қоғам алдында бетіне басу, келтірген нұқсанды жоюды міндеттеу, жер аудару, елден шығарып жіберу, қызметтен босату, еңбекпен төрбиелеу профилакториясына жіберу, ата-ана қүқынан айыру. Мүның бәрі 1959 жылғы Қылмыстық кодексте бар болатын.
Бүрын кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазалар түрінің арнайы тізімі қарастырылмаған болатын. Ал қазір, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 79-бабына сәйкес, 18 жасқа дейін қылмыс жасаған адамдарға тек мына жазалар қолданылады: айыппүл салу; белгілі бір қызметпен айналысу қүқынан айыру; қоғамдық жүмыстарға тарту; түзеу жүмыстары; бас бостандығынан айыру.
Жаңа Қылмыстық кодексте жазалар жүйесі басқаша қүрылған: олар (жаза түрлері) жеңілдеу жазадан бастап катаң жазаға қарай тізілген. Бүл қылмыстық заң принципімен сөйкестігін табады - қылмыскерді жазалағанда жазалау қүралдары үнемді пай-даланылады.
ҚР-ның қылмыстық заңындағы жаз

- Қазақстан Республикасындағы лизинг бизнесі
- Қазақстан Республикасындағы лизингтің құқықтық негіздері
- Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару
- Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен дамуы, мәселелерi және оны шешу жолдары
- Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары
- Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары
- Қазақстан Республикасындағы салық салудың оңайлатылған жүйесі
- Қазақстан Республикасындағы Ислам банкингі: мәселелері мен даму болашағы
- Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің мәселелері және даму жолдары
- қазақстан республикасындағы кәсіпкерліктң қолдау
- Қазақстан республикасындағы компаниялардың инвестициялық стратегиясындағы кездесетін негізгі мәселелер
- Қазақстан Республикасындағы қазіргі жағдайдағы салық саясаты
- Қазақстан Республикасындағы қазіргі мемлекеттік реттеу жолдары мен даму деңгейі
- Қазақстан Республикасындағы қаржылық бақылаудың даму ерекшеліктері