Қазақстан Республикасындағы қазіргі мемлекеттік реттеу жолдары мен даму деңгейі
1.Экономика дамыуындағы мемлекеттің рөлі және оның негізгі қызметтері.
1.1.Мемлекеттің экономикадағы рөлі.
1.2. Мемлекеттік реттеу формалары мен әдістері, функциялары.
1.3. Мемлекеттің экономиканы
реттеудегі шетелдік
2. Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеудің нақты механизмдері.
2.1. АӨК құрамы, мақсаты мен міндеттері.
2.2.Экономиканың аграрлық секторының қазіргі жағдайын талдау.
2.3. Агроөнеркәсіп кешеніндегі
шаруашылық байланыстарды
3. Қазақстан Республикасындағы қазіргі мемлекеттік реттеу жолдары мен даму деңгейі
3.1. ҚР мемлекеттік бағдарламалау мен жоспарлау нәтижелері.
3.2. Мемлекеттік реттеуді жетілдіру
Транзиттік экономика жағдайындағы реформаларды ойдағыдай жүргізу үшін өндірістік саладағы, әлеуметтік сфералардағы, сонымен қатар аймақтардағы барлық әлеуметтік-экономикалық үдерістерді мемлекет тарапынан реттеу қажет. Нарықтық шаруашылық жағдайындағы экономиканы реттеу мемлекеттің ең маңызды қызметтерінің бірі болып табылады.
Мемлекеттік реттеу бүкіл қоғамның мүддесіне арналған экономикадағы іс-әрекеттердің қолданыстағы формалардың ұтымдылығын арттыру және жағымсыз үдерістерді шектеу үшін пайдаланылады. Ол шаруашылық және әлеуметтік сфералардың, аймақтардың түгелдей дерлік мүдделерін қамтиды да олардың дамуына аса зор әсер етеді.
Мемлекеттік реттеудің негізін экономикалық үдерістерді реттеуші тікелей және жанама тетіктер мен әдістерді құрайды. Мемлекет экономикалық іс-әрекеттердің әртүрлі аспектілерін бюджеттік, банктік жүйелер, мемлекеттік тапсырыстар және кедендік қызмет арқылы реттеп отырады. Реттеу ісінде жоспарлау, экономикалық болжау, бақылау және басқа да басқару функциялары кеңінен қолданылады.
Мемлектік реттеу экономикалық іс-әрекеттердің ережелері мен тәртәбән орнықтырады және осы ережелердің сақталуын қадағалайды. Сонымен бірге мемлекеттік реттеу бүкіл экономикалық құрылымдардың әрқайсысының дербес қызметін қамтамассыз етеді.
Экономиканы мемлекеттік
ретттеудің маңыздылығы, әсіресе қазіргі
кезде еселеп артып отыр. Әлемдік
эеономиканың жаһандануы үдерісінде Қазақстан
экономикасы бірқатар мәселелермен
бетпе-бет келіп ортырған жағдай
бар.Қазақстан Республикасының 2003-2015жж
индустриалды-инновациялық даму Стратегиясында
көрсетілгендей оларға: экономиканың
шикізаттақ бағыты, әлемдік экономикаға
интергациялануы деңгейінің төмендігі
ел ішіндегі салааралық және аймақаралық
экономикалық интеграцияның әлсізжігі,
ішкі рыноктағытауарлар мен қызмет
көрсетуге тұтынушылық
Стратегия ел ішінде ғылым жіне инновациялық қызметті ынталандыруға бағытталған белсенді мемлекеттік ғылым және инновациялық саясат жүргізуді көздейді. Аталмыш мақсаттарға жету үшін қаржы рыногын дамыта түсу, сондай-ақ фискалдық, білім беру,монополияға қарсы, инфрақұрылымдық саясатты жетілдіру шаралары қолға алынады. Стандарттау саясаты шеңберінде экономика мен басқару салаларының түгелінде дерлік әлемдік стандарттарға өту көзделуде.
Стратегияны ойдағыдай жүзеге асыру экономика құрылымында сапалық өзгерістерге қол жеткізуге көмектесетін болады да, адами, өндірістік және табиғи капиталдарды тиімді пайдалану негізінде оның тұрақты дамуының және Қазақстанды әлеуметтік өркендеудің жаңа деңгейіне жоғарылатудың кепілі болады.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістері мен механизмдерін жетілдіру бойынша жекелеген ұсыныстарды негіздеу үшін стратегияның тиісті бөлімдерінде импортты алмастыру және экспортқа бағдарланған саясатты жүзеге асыру бойынша шетелдік тәжіриебе кеңінен қарастырылған. Сондықтан еліміздің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан орын алуы үшін қолға алынған шаралар өз жемісін береді деп сенімді түрде айтуға болады.
Жалпы, 2015жылға қарай стратегияны
ойдағыдай жүзеге асыру нәтижесінде
ел экономикасы сервистік-
Өтпелі кезең тәжіриебесі
көрсеткендей экономикалық теорияда экономиканы
мемлекеттік реттеу проблемасын
қарастырудың негізгі 3 тәсілі белгілі
болып отыр. Олар: өркениетті-тарихи;
мемлекеттік, яғни әлеуметтік-экономикалық
трнасформация кезеңінднгі
1.1.Мемлекеттің экономикадағы рөлі.
Ең алдымен мемлекет елдің
шаруашылық өмірін ұйымдастыратын орталық
болып табылады және құқықтық актілер
бекітілген, экономикалық қатынастарды
реттеуге байланысты өкілеттік құық
берілген жалпы мемлекеттік және
жергілікті өкімет органдарының жүйесі,
олардың өндірістік министрліктердің
басқару ақпараты, олардың бірлестктері
мен кәсіпорындары арқлы
Осылармен бірге, мемлекет баға белгілеу, қаржы-несие, ақша айналысы, тұрғындардың ақша қаражаты, сыртқы экономикалық істер, өндіргіш күштерді орналастыру саясатының негізін құрумен де айналысады.
Нарықтық өзгерістер жағдайында мемлекет, қоғамның өзін-өзі күн көру минимумымен қамтамасыз ете алмайтын қаржысы аз топтарын әлеуметтік тұрғыдан қорғауға міндетті.
Мемлекет, меншік нысандырының алуан түрлілігі, өндіріс құрылымының салалық, аймақтық өзгеруі жағдайында жаппай жұмыссыздыққа жол бермеу механизмін жасайды.
Мемлекет пен рыноктың
өзара қатынас рыноктық қоғамда
маңызды мәселелердің бірі, себебі
бұл экономикалық жүйеде мемлекет ерекше
қызметтерді атқарады. Шарауашылық
байланыстарын
- рынок жағдайында мемлекет мына қызметтерді өз мойынына алады: стратегиялық, экономикалық, құрылымдық, техникалық, әлеуметтік, демографиялық болжау мен жомпарлауда. Экономиканы реттеудің тікелей және жанама қызметін де атқарады. Осы аталған нәрселердің барлығының қызметін тек қана мемлекет өткеруі мүмкін.
- мемлекет иығына мемлекеттік кәсіпкерлік қызметі жатады. Ол қоғамға қажет мемлекеттік кәсіпорын мен өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды жасайды. Олар. Темір жол мен жалпы ұлттық шоссе жолдары, көпір, каналдар, газ бен мұнай құбырлары, байланыс, аурухана, мектеп т.б. объектілер.
- рыноктық жүйе қалыпты қызметін қамтамасыз ету. Сатып алушы мен кәсіпкер мүдделерін қорғау, стандартқызметін құру, өнім сапасы мен салмағын өлщеу, бәсекені қолдай отырып, рыноктық экономикада монополизмнің болуына барынша күрес жүргізу, ол үшін әйгілі құқытық база жасалады. Мемлекет бұл жағдайда өзіне қоғамдық әрбір қызметін алғаны жөн;
- мемлекет дағдарысқа қарсы саясатты жасау мен өткеру қызметін атқаруды бюджет саясатының көмегімен ұлттық табысты үлестіру арқылы экономиканы тұрақтандыру қызметін жүзеге асырады.
- мемлекет тұрғындарды әлеуметтік қорғау жұмыстарын өзіне алады. Оларға-оқушылар, студенттер, зейнеткерлер, мүгедектер, көп балалаы отбасын жатқызамыз. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуді де өз қызметі санайды.
Мемлекеттің реттеуші рөлі өнім өндірісінің сыртқыэкономикалық қызметінің ұйымдастырылуында маңызы зор, себебі бұл сфера экономикалықпен қоса мемлекетаралық ережелердің бар болуымен сипатталады. Сондықтан қазір сыртқы жабдықтаушылар мен тауарды тұтынушылардың қарым-қатынасын қамтамасыз ететін шаруашылық басқарудың мемлекеттік органдары күшеюде. Нарық және қазіргі нарықтық өзін-өзі басқаратын құрылымдар мемлекеттің қолдауын қажет етеді.
Нарықтық шаруашылық жағдайындағы
экономиканы мемлекеттік реттеу
заң шығарушы, атқарушы және бақылаушы
сияқты тұрпатты әдістермен жүйеленген
мемлекеттің құқытық
Нарықтық шаруашылықтың дамуымен байланысты жеке меншік базасындағы, өзі шешіле қоймайтын экономикалық және әлеуметтік мәселелер пайда болды.Ұлттық масштабтың қайта бөлу үдерісін ары қарай жалғастыру үшін жеке капитал көзқарасынан аз рентабельді және рентабельді емес инвестицияларға деген айтарлықтай қажеттілік туындады. Салаларалық және жалпыұлттық дағдарыстар, жаппай жұмыссыздық, әлемдік нарықтардағы күрделенген бәсекелестік жалпымемлекеттік экономикалық саясаттың болуын талап етеді.
Қазіргі жағдайлардағы экономиканы мемлекеттік реттеу қайта бөлу үдерісінің құрамдас бөлігі болып табылады. Ол шаруашылықта және әлеуметтік сферада туындайтын мәселелердің өткірлігіне байланысты жоспардың алдында тұратын сан алуан міндеттерді шешеді. Оған мысал ретінде экономикалық өсуге ынталандыру, жұмысбастылықты реттеу, салалы және аймақтық құрылымдардағы прогрессивті жылжуларды қолдап дем беру, сыртқы экономикалық тепе-теңдікті бір деңгейде ұстап тұру болады. ЭМР-дің нақты бағыттары, нысандары, масштабы мемлекеттегі белгілі бір кезеңдегі экономикалық және әлеуметтік мәселелердің сипаты мен өткірлігіне байланысты болады. ЭМР-дің объективті мүмкіндігі экономикалық дамудың белгілі бір жетістіктері, өндіріс пен капиталдың шоғырлануында пайда болады. Бұл мүмкіндікті шынайылыққа айналдыратын қажеттіліктің мәні ЭМР-дің мәселелері мен қиындықтарының көбеюінде болып табылады.
Дәл осы экономикалық, әлеуметтік,
әлемдік шаруашылық, экологиялық
мәселелердің өткірлігі мемлекеттік
және қоғамдық субьектілермен танылып,
түсіндіріліп, мемлекеттік органдар
тарапынан нақты акциялардың
пайда болуын туындатады. Тәжірибе
мен көптеген зерттеулер көрсеткендей,
елдің экономикалық гүлденуі мен
халықтың әл-ауқаты абстрактілі экономикалық
жағдайларға емес, мемлекеттік басшылықтың
нақтылы саяси стратегиясына
тәуелді болады. БҰҰ-ның мамандарының
жасаған қорытындылары
Мемлекеттің экономикадағы рөлі туралы теориялар.
Өзінің толық мәнінде экономиканы мемлекеттік реттеу орныққан саяси жүйенің ұлттық шаруашылыққа макроэкономикалық әсерін дарыту болып табылады. Мемлекеттің экономикадағы рөлі туралы, оның экономикаға әсерінің деңгейі туралы пайымдаулардың өзіндік үзақ тарихы бар. Есте жоқ ерте замандарға, яғни капитализмге дейінгі кезеңдердегі мемлекеттің рөлі мен функцияларындағы өзгерістерді құнттап алғаннаң өзі жеткілікті болар еді деп ойлаймыз.
Тарихи тұрғыдан мемлекеттің
рыноктық экономикадағы рөлі туралы
алғашқы концепциясы капитализм
саяси экономиясы классиктердің
концепциясы болып табылады. Классикалық
теория XVIIғасырда дүниеге келеді
және ол өзінің ортасында экономикалық
ғылымның көптеген өкідлері шоғырланды.
Олардың ішіндегі ең көрнектілері шотландық
экономист және философ А.Смит және
ағылшын экономисті Д.Рикардо. Мемлекеттің
экономикадағы рөлі туралы ілімнің
дамуына А.Смиттің «Халықтар
Бұл концепция бойынша рыноктық күштердің еркін әрекеті тепе-теңдікті механизм жасап шығарады. Классиктер рыноктық экономикадағы мемлекет рыноктық үдеріс жағдайындағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамассыз етіп, меншігін қорғауы тиіс және рыноққа қатасушылар арасында туындайтын дауларға төрелік айтуы қажет. Басқаша айтқанда, мемлекет жекелеген адам дербес атқара алмайтын немесе тиімді түрде жүзеге асыра алмайтын істерді атқаруы тиіс. Экономикалық мәні бойынша бұл концепция рыноктық экономиканың өзін-өзі реттеп, ұйымдастырып отыруға хал-ахуалы әбден жететіндігін дәлелдеу болатын. Өндіріс тұтынуды арттыру үшін ұйымдастырылады, ал тұтынудың өсуі өндірісті ынталандырады деді классиктер.
Бұл себепті-салдарлы өзара байланысты жүзеге асыру билік құрылымдарының тауар өндірушілердің шаруашылық қызметіне араласпай ақ мүмкін болады. А.Смиттің пікірі бойынша өндірушілердің жеке экономикалық мүдделеріне ұмтылысы және рыноктағы бәсекелестік жағдайы рыноктық экономика дамуының басты механизмі болып табылады және мұның өзі әрбір өндірушінің және барлық қоғамның байлыған арттыруға алып келеді. Рынокқа қатысушылардың жиынтық әрекеті тепе –теңдік бағаларды орнықтырады және әрбір сатып алушы осы бағаларға бағынады , ал бағалардың өздері болса жекелеген адамдардың жекелеген адамдардың жиынтық әсері шеңберінен шыға алмайды. Экономиканың осындай табиғи қызметін А.Смит «рыноктың көрінбейтін қолы» қағыдасы деп атады.
Капитализм дамуының ерте
сатыларында мемлекеттің
қауіпсіздендіру.Мемлекеттің экономикалық рөлі аталған бастапқы құқықтарды жүзеге асыру болып табылады. Осыған байланысты XVIII-XIX ғғ экономикалық әдебиеттерде «laisser-fire»(іс-әрекет еркіндігі)+констебель тезистері, яғни мемлекет−бұл «жеке меншіктің түнгі күзетшісі» деген ұстаным кеңіне тараған болатын.
Классикалық мектептің тағы бір өкілі Жан Батист Сэй өзін-өзі реттеу механизмін көрсету үшін келесі идеяны алға тартты. Тауар және қызмет көрсетулер өндірісі үдерісінің өзі өндірілген тауарлар құнына тең табыс жасайды. Бұл өндірістің өзі жасалған игіліктер мен қызмет көрсетулерді сатып алуға қажетті табысты автоматты түрде қамтамассыз етеді деген сөз. «Ұсыныс өзіне сәйкес сұранысты туындатады»дейтін Сэй заңы мәртебесін алған тұжырымның мәні осындай.
Қоғамдық тепе-теңдіктер пайыздық қойылым, баға, жалақы, бәсеке тәрізді нарықтық механизмдермен реттеледі. Жоғары немесе төмен жылжу арқалы бұл механизмдер нарықтық субъектілердің тиісті әрекетін қадағалап отырады және экономиканы теңдестірілген даму мен толық жұмыспен қамту жолдары арқылы жетелейді. Еңбек нарығындағы бәсеке мәжбүрлі жұмыссыздыққа қарсылық білдіреді.
Классикалық мектептің тағы
бір өкілі Д.С.Милль өзінің еңбектерінде
«laisser-fire» жалпы
Классиктердің идеясы, атап
айтқанда, Сэйдің өндіріс өзіне жеткілікті
сұранысты өзі туындатады деген
идеясы ғасыр бойы экономикалық теориядағы
ақақаттың дәл өзі деп саналып
келеді. Белгілі американдық ғалым-
Англиядағы 1825жылғы экономикалық дағдарыстан бастап әрбір 10-2 жылда көптеген елдерде қайталанып отырған экономикалық дағдарыстар өзін-өзі реттейтін нарықтық механизмдердің кейбір жағдайларда «істен шығып қалуын» көрсетті. Еңбек өнімділігінің жедел артуы, сондай-ақ экономикалық өсу қарқыннының серпінділігі салдарынан Құн заңы сұраныс пен ұсынысты еркін реттеуші рөлін атқара алмайтын жағдайға душар болды. XIXғасырдың екінші жартысында ұлттық өндірістер орасан зор масштабрға жетті. XIXғасырдың соңы ғылыми-техникалық прогресс қарқынының жеделдеуі және жаңа салалардың туындауы әсері қоғамнық еңбек бөлінісінің тереңдей түсуіне алыа келді.Жеке меншік капиталдар қызметін қалыпты ұйымдастыруды қамтамассыз ету үшін үйлестіру және дағдарыстық реттеу қажеттілігі туындады.
1923-33жж әлемдік дағдарыс
және «Ұлы күйзеліс»
Практиканың талаптарына
жауап ретінде ағылшын
Тұынушылық талғауды сипаттау
үшін Дж.Кейнс «тұтынуға шекті
бейімділік» түсінігін
Дегенмен, өткен ғасырдың
70-жылдары ұдайы өндіріс
Қазіргі кейнсиандық бір емес, бірнеше макроэкономикалық теориялардан құралып, макроэкономикалық саясаттың мақсаттары мен құралдарын таңдау мүмкіндіктері бар екендігін айғақтатады.
Неоклассикалық теорияның
классикалық теориядан
Неоклассиктер еркін бәсеке және нарықтық механизм жағдайындағы шаруашылық жүргізу заңдылықтарын қалыптастырады және бұл жүйенің экономикалық тепе-теңдіктің қағидаларын анықтады. Мұндағы басты идея нарықта жүріп жатқан үдерістерді анықтайтын сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті болып табылады. Айталық, А.Маршалл өндірістік шығындар теориясы мен шекті пайдалылық туралы австриялық мектептің ұстанымдарын негізге ала отырып тепе-теңдікті баға концепциясын талдап жасады. Неоклассикалық теория бойынша бәсеке жағдайындағы бағалардың автоматты қозғалысы ұсыныс пен сұраныс және өндіріс пен тұтыну араларындағы тепе-теңдікті қамтамассыз етеді. Сондықтан мемлекеттің қандай болмасын реттеуі тепе-теңдіктің бұзылуына алып келеді. Осылйша неоклассикалық теория мемлекеттің экономикалық болмысқа араласпауы принципін жариялайды.
Макрореттеудің монетарлық
теориясы неоклассикалық теориясының
бір тармағы болып есептелінеді
және белгілі бір дәрежеде кейнстік
теорияға балама ретінде қарастырылады.
Монетаристтік бағыттың лидері Чикаго
мектебін қарастырған американдық
экономист−М.Фридмен. Бұл теорияның
басты ұстанымы: нарықтық жүйе өзін-өзі
реттеуге қабілетті, ол өзін-өзі
тепе-теңдік жағдайда ұстай алады, оның
беріктік деңгейі жоғарғы, сондықтан
реттеуді қажетсінбейді. Олардың пікірінше
ешқандай үкімет нарықтан ақылды емес.
Экономиканы нақты жіне ақша секторына
бөлу арқылы монетаристтер негізгі
зерттеулер мен практикалық ұсыныстарды
ақша секторына арнайды. Мемлекет, дейді
олар, ақша секторын нақты секторға
қатысты «бейтараптандыру»
Сонымен, монетаристтер жұмыспен
қамту және экономиканы тұрақтандыруы
үшін ақша-кредит әдістерін қолдануды
жақтайды. Олардың пайымдауынша ақша
экономиканың дамуын анықтайтын басты
құрал болып табылады және басты
назар инфляциямен қарсы
Мемлекет пен
экономиканың өзара
Маркстік модельдің басты белгілері:
- Өндіріс құрал-жабдықтарына қоғамдық (мемлекеттік) меншік;
- Өндіріс және тұтыну арасындағы экономикалық байланыстар, салалар, өңірлер арасындағы пропорциялардың жоспарлы болуы. Қоғамдық болмыс сфераларының барлығы жоспарға бағынады;
- Өндірілген өнім бағалары бір орталықтан, қатаң түрде белгіленеді, сондықтан сұраныс пен ұсыныс жағдайлары есепке алынбайды;
- Бәсеке экономикалық күрестің антогонистік формасы ретінде социалисттік жарыспен алмастырылады, ал ол болса ешқандай материалдық ынталандыру қарастырылмығандықтан формальді әрекет ретінде қала береді.
Мұндай жағдайларда мемлекет «түгел қамтитын» рөл атқарады. Ол жоспар арқылы бүкіл экономикалық( және экономикалық емес те) үдерістерді реттеп отырады да, нарықты жаншып, оның құралдарына тек формальді, тіпті жағымсыз сипат беруге ұмтылады. Ал жоспар болса саяси мақсаттарға қызмет етуі тиіс. Сондықтан субъектілердің экономикалық талғауын реттеудің саяси механизмдері шаруашылық бастамшылдығын жасанды түрде алмастырады.
Өмірдің өзі
көрсеткендей мемлекет пен
Мемлекеттік реттеудің объектілері мен субъектілері.
Мемлекеттік реттеудің әдіснамалық негізін ұзақ мерзімді болжамдар мен әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламалары құрайды. Солардың ішінде мемлекеттік реттеу объектісі болуы тиіс басым стратегиялық мәселелер баршылық. Олардың негізгілеріе атап өтейік:
- Экономика дамуының жаңа концепциясы адам факторын алдыңғы қатарға шығарады. Адами әлеуетті қалыптастыру ұзақ мерзімді стратегия болып табылады. «Адами дамытуды қаржыландыру ұзақ мерзімді инвистициялардың ең тиімдісі екендігін әлемдік тәжіриебе көрсетіп отыр. Бұл стратегияны жүзеге асыру Қазақстанның демографиялық жағдайымен тікелей байланысты. ҚР Президентінің 2015 жылға қарай Қазақстан халқының саны 20млн адамға жеткізу туралы бастамасы адам факторының ұлттық экономиканы дамытудың негізгі ұстанымдарының біріне айналғандығының айғағы болып табылады.
- Экономикалық өсу−ол ғылыми-техникалық прогресс, инновациялар, өндірістің негізгі факторларының ғылыми сыйымдылығын арттыру. Дамыған елдердегі жаңа технологияларға енгізілген жаңалықтар үлесіне ішкі жиынтық өнім өсімінің 70-85% дейінгісі тиесілі. XXIғасыр ғылым мен жоғарғы технологиялардың, қатаң халықаралық технологиялық бәсекелестік ғасыры болмақ. Әлемдік нарықтағы ғылыми сыйымды өнімді өнеркәсібі дамыған жеті елдің үлесі 80-90% болып отыр және сол өнімдердің экспорты да өсіп өркендеген мемлекеттердің құзырында қалған жайы бар.Ал Қазақстанның ғылымды қажетсінетін өнімдегі үлесі жоққа тән. Еліміздің индустриалдық-инновациялық стратагиясына сәйкес, сондай-ақ өндірістік жіне шикізаттық базасына мен кәсіби деңгейі өсу үстіндегі кадрлардың болуын ескере отырып, яғни бәсекегк қабілетті өнімдерді өндіру үшін де жақын болашақтың ісі болуы тиіс.
- Өндіргіш күштерді орналастыру. Мұның өзі де ұзақ мерзімге арналған мемлекеттік реттеуді қалайтын стратегиялық мәселелердің ең маңызды деңгейлерінің бірі болып табылады. Аумақтық-шаруашылық үдерістерді реттеудің маңызды құралына өңірлерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың мақсатты бағдарламалары жатады. Өңірлерді(аймақтарды) дамыту бағдарламалары орталыққа проблемалық аймақтар мәселесіне арнайы жобалар жасауға көмектеседі де ағымдағы міндеттерді стратегиялық мақсаттар аясында қарстыруға мүмкіндік береді.
- Экологиялық фактор−өңірлік және стратегиялық экономикалық шешімдер қабылдау үдерісінің маңыздыларының бірінен саналады. Әлемнің көптеген елдерінде экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздікпен қатар қойылып, стратегиялық мәнге ие болып отыр. Ресурстық әлеуетті тиімді пайдалану үшін экономикалық дамудың ресурс сақтаушы типіне көшу қажеттілігі туындайды. Қазақстанның қуатты ресурстық әлеуеті өсу үстіндегі экономиканы мейілінше тұрақтандырудың кепілі болып табылады. Экономикалық дамуыдың жаңа стратегиясы Қазақстанды дамушы мемлекеттер қатарынан дамыған мемлекеттер қатарына қосудың жасампаз жобасы екендігіне мемлекеттің қазіргі ұстанымдары мен шаралары кепіл бола алады.
Сонымен, экономиканы мемлекеттік реттеу объектілеріне ұлттық экономиканың тиімді қызметі үшін мемлекеттің бүкіл реттеуші іс-әрекеттері бағытталған сфералар, салалар, өңірлер, әлеуметтік-экономикалық үдерістер жатады.
Мемлекет ықпалында болатын негізгі объектілер мыналар:
- Ұлттық шаруашылықтың салалық, өңірлік, ұдайы өндірістік және әлеуметтік құрылымдары;
- Экономикалық цикл;
- Жұмыспен қамту;
- Өмір сүру деңгейі;
- Білім беру және кадрларды дайындау;
- Ақша айналымы;
- Ғылыми-зерттеу жұмыстары және инвестициялар;
- Төлем балансы;
- Әлеуметтік сфера, еңбек қатынастары, халықты әлеуметтік қолдау механизмі;
- Қоршаған орта;
- Бағалар, антиинфляциялық үдерістер;
- Экономиканың мемлекеттік секторы;
- Қаржв ресурстары және бюджетаралық қатынастар;
- Мемлекетсіздендіру, жекешелендіру, демонополизациялау;
- Экономиканың әр-түрлі салаларындаға меншік формалары;
- Сыртқы экономикалық іс-әрекеттер және т.б.
Қазақстанда нарыққа өту кезінде де, қазір де толыққанды, тиімді меншік иелерін қалыптастыру міндеті күн тәртібінен алынған емес, сондықтан меншік құрылымы, мемлекетсіздендіру, жекешелендіру, демонополизациялау сияқты мемлекеттік реттеу объектілері ешқашан да мемлекеттің назарынан тыс қалмауы тиіс.
Биліктің заң
шығарушы, атқарушы және сот органдары
экономиканы мемлекеттік
ҚР жағдайындабұл:
қос палаталы Парлемент,
Аралас экономикада
мемлекеттік реттеудің

- Қазақстан Республикасындағы қаржылық бақылаудың даму ерекшеліктері
- Қазақстан Республикасындағы қылмысқа қарсы күрес тиімділігінің теориялық негіздері
- Қазақстан Республикасындағы лизинг бизнесі
- Қазақстан Республикасындағы лизингтің құқықтық негіздері
- Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару
- Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен дамуы, мәселелерi және оны шешу жолдары
- Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары
- Қазақстан Республикасындағы ипотекалық несиелеудің даму мәселелері мен болашағы
- Қазақстан Республикасындағы Ислам банкингі: мәселелері мен даму болашағы
- Қазақстан Республикасындағы Ислам банкингі: мәселелері мен даму болашағы
- Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің мәселелері және даму жолдары
- қазақстан республикасындағы кәсіпкерліктң қолдау
- Қазақстан республикасындағы компаниялардың инвестициялық стратегиясындағы кездесетін негізгі мәселелер
- Қазақстан Республикасындағы қазіргі жағдайдағы салық саясаты