Қазақстан Республикасындағы лизингтің құқықтық негіздері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ..............................
1. ЛИЗИНГ РЫНОГЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Лизингтің пайда
болу тарихы мен лизингтің мәні
..............................
1.2 Қазіргі лизингтің
формалары мен түрлері ..............................
1.3 Лизингтік төлемдерді
есептеу әдістері..............
2. «КАЗАГРОФИНАНС» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЛИЗИНГІН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасындағы лизингтің құқықтық негіздері ................... 30
2.2 Қазақстан Республикасында
лизингтің қалыптасуы және
2.3 «КазАгроФинанс» акционерлік қоғамының лизингтік қызметін талдау ...50
ҚОРЫТЫНДЫ ..............................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстандағы лизингті дамыту туралы USAID жобасының жетекшісі А.Омаров мынаны айтты: лизинг ауылда енді дамып келе жатқанда, шаруашылық адамдарында қаржы ресурстары болмайды. Олар банк иелеріне табиғи тауарлар беретін секілді, бірақ бұл да әлі дәлелденбеген. Кейбір лизингтік өнеркәсіптержалпы өнеркәсіптерде ақша болмаса, мүлік беруге ұсыныс жасайды. Омаров мырза лизингтің несиеден бірқатар артықшылықтарын атап көрсетті. Бірақ лизинг пайыздары несиемен бәсекелестікке түсе алмайды, бұл әсіресе оның алыну тәртәбәне байланысты.Сондықтан салыстырмалы артықшылық жай ғана сөз жүзінде қалады. Ал әлсіздіктер қатарына кепілдеме талаптарының аздығын санауға болады. Лизингтік операцияларға салық салуға жеңілдіктер беріледі.Сонымен қатар лизинг беруші және Ұлттық Банк өкіметі жағынан да лизингтік операцияларды бақылау азайтылады.
Лизинг – Қазақстанның жаңа нарықтық экономикалық өмірінде кейінгі кезінде пайда болған ұғымдардың бірі. Бұл сонымен қатар алып – сату, аренда және қарыз қатынастарын қамтитын күрделі құбылыс. Әртүрлі экономикалық қатынастарға қатысты болғандықтан лизингтің бүгінгі күні әдебиеттерде біркелкі анықтамасы жоқ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы туралы баяндамасында: «Озық шетелдік технологиялар трансфертін ынталандырудың мемлекет тарапынан тікелей қаржылық (гранттар, жеңілдікті қаржыландыру, лизинг және т.б.) және жанама (салықтық жеңілдіктер мен инвестициялық преференциялар) қолдауды қамтитын кешенді жүйесі мемлекеттік саясатты іске асырудағы негізгі құралдардың біріне айналуға тиіс. Бұл ретте озық технологиялар трансфертіне мемлекеттік ұстаным экономика қажеттіліктеріне және қазіргі ресурстарға негізделуге, технологиялық шектеулерді ескеруге, сондай-ақ құрылған және көшірілген технологияларды одан әрі дамытуды қамтамасыз етуге бағытталуға тиіс.»
Лизинг – қазіргі кездегі екінші деңгейлі банктердің ең маңызды және тиімді операцияларының бірі. Лизинг Қазақстанның экономикасымен қатар әлемдік экономикаға да маңызды. Шетел ғалымдарының пайымдауынша 50-ші жылдары техниканың дамуына зор ықпал етті. Сондай-ақ елдің экономикасын тұрақтандыру үшін лизинг шарты секілді индустрия, өндірісті инвестициялар арқылы дамудың өте қолайлы жолы болып табылады. Бұл дипломдық жұмыстың өзектілігін көрсетеді.
Курстық жұмыстың мақсаты- осы тақырып бойынша көптеген әдебиеттерді қарастырып, Қазақстандағы қаржылық лизингінің қызметін қарастыру, оған байланысты көрсеткіштер кешенін зерттеу, талдау мен ұсыныс жасау болып табылады.
Жоғарыда айтып өткен мақсаттарға жету үшін мынандай міндеттер қарастырылды:
- лизингтің теориялық негізін зерттеу
- Қазақстандағы лизингтің даму жағдайын қарастыру;
- лизингтік қатынастардың
шетелдік тәжірибесін
Қазақстан Республикасында лизингтік қатынастарды дамыту үшін мемлекет тарапынан көптеген шаралар жүргізіделі. Бұл шаралар негізінен лизингтік қатынастарды оңтайландыруға бағытталады. Қазіргі кезде халықтың көп бөлігі лизинг, лизингтік қатынастар туралы түсінігін әлі қалыптастырған жоқ, яғни жаңа істі бастаушы кәсіпкерлер лизингтік қатынастар мәнін түсінбеген. Сонымен қатар екінші деңгейлі банктерде лизингтік қатынастарды тиімді жүргізудің жолдары қарастырылмаған. Сондықтан жоғарыда аталған мәселелер бойынша шаралар жүргізілуі міндетті.
Курстық жұмысты жазу мен қаржылық лизингті талдау үшін ақпараттық база ретінде «КазАгро Финанс» акционерлік қоғамының 2007-2009 жылдардағы қаржылық есептілік мәліметтері және әр түрлі әдістемелік әдебиеттер қолданылды.
1. ЛИЗИНГ РЫНОГЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Лизингтің пайда болу тарихы мен лизингтік мәмілеменің мәні
Шетелдік зерттеушілер лизинг операциясының жасалғандығы туралы нақты зерттеулер ретінде 1877 жылы «Белл Телефон Компани» деген американдық компанияның телефондарды сатудың орнына жалға бергендігін тілге тиек етеді.
«Юнайтед Стейтс лизинг корпорациясы» атты алғышқы лизингтік компания 1952 жылы Сан-Францискода (АҚШ) құрылған.
Еуропада 1962 жылы «Дойче лизинг ГМбХ» деген бірінші лизингтік компания Дюссельдофта (Германия) пайда болыпты. 1972 жылдан бері Еуропа лизинг рыногы дамып келеді.
Ең алғашқы лизинг туралы заңдардың бірі 1284 жылғы Уэльс Заңы болып табылады.
Лизингтің маңызы - өзіне тиесілі әр саланың дамуына үлесін қосу. Сонымен қатар мемлекет үшін лизинг жаңа техниканы сатуға көп мүмкіндіктер туғызады. Лизинг фирмаларды осындай операцияларды қаржыландыруға итермелейді. Ал, фирма қолданушыларға өндірістік қорлардың тұрақты жаңарып тұруына мүмкіндік береді. Қазіргі заманда лизинг – ұлттық экономиканың интенсивті дамуының және оның бәсекеге қабілеттілігін әлемдік нарыққа көтерудің факторы болды. Өндіріс орындарындағы жабдықтың тозуы және моральдік ескіруі, негізгі капиталды жаңартуға қаржылық ресурстардың болмауы Қазақстандағы лизинг бизнесінің дамуының перспективті алаңына айналдырып отыр [1,78б].
Әрбір күрделі экономикалық ұғым ретінде лизинтің де бірнеше анықтамасы бар. Ең алдымен лизинг сөзі «to lease» ағылшын етістігінен аударғанда «жалға беру» дегенді білдіреді. Лизингтің жалға беруден айырмашылығы – жалға беруде екі тарап қатысса, жалғы берушы және жалға алушы болса, ал лизингте үш қатысушы лищинг беруші, лизинг алушы және жабдықтаушы болады.
Лизинг – бұл лизинг берушінің өзіне тиесілі құрал жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда саттыққа және қоймаға арналған құрылғаларды лизинг алушыға лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.
Лизинг - кәсiпорындарға қажеттi негiзгi құралдарды сыртқы ұзақ мерзiмдi қаржыландырудың есебiмен алуға мүмкiндiк беретiн бiрегей инвестиция сайманы. Кәсiпорындардың дәл қазiр толық бағасының аз ғана бiр бөлiгiн төлеп және қалған бөлiгiн кейiнгi бiрнеше жылда бөлiп төлеу арқылы, жаңа құрал-жабдық пен техниканы алу мүмкiндiктерi бар. Сонымен қатар, банкiлерден алатын несиеден артықшылығы, лизингке берiлген құрал-жабдықтың меншiктiк құқығының өзi кепiл болып табылады. Лизинг мерзiмiнiң соңында, бүкiл лизинг төлемдерi төленген жағдайда, лизингке берiлген құрал-жабдықтың меншiктiк құқығы лизинг берушi компаниядан лизинг алушыға өтедi.
Экономикалық қатынстарда лизинг қаржылық операциялардың жаңа нысаны ретінде күрделі салымдарды жүзеге асыру тәсілі негізінде қарастырылады. Егер лизингті мерзімділік, қайтымдылық және төлемділік шартымен мүліктерді уақытша пайдалануға жалдау ретінде түсінсек, онда оны негізгі қорға салынған тауарлық несие ретінде қарастыруға болады. Сондықтан, кейде лизингті «несиежал» (фр. “credit - pail”) деп атайды.
Лизинг заты: ғимараттар,
құрылыстар, жер телімдері, машиналар,
жабдықтар, құрал-саймандар, көлік және
кәсіпкерлік мақсатта
Құнды қағаздар мен табиғат байлықтары лизинг заты бола алмайды.
Лизингтік мәмілеге үш жақ қатысады:
- Лизингберуші – меншігіне
лизинг затын алушы және оны
лизинг шарты талаптарында
- Лизингалушы – кәсіпкерлік мақсаттар үшін лизинг шарты талаптарында лизинг затын қабылдаушы жақ.
- Сатушы – Лизингберуші лизинг затын алатын жақ (сурет 1).
Сурет 1
Сурет 1. Лизингтік мәмілеге қатысушылар
Лизингтік мәміле жасау тәртібі:
1.Лизинг алушы Лизинг берушіге хабарласады;
2.Лизинг беруші лизинг затын сатушымен келіссөз жүргізеді және жобаны сараптайды;
3.Лизинг беруші несие комитетінде шешім қабылдайды; Лизинг алушы, Лизинг беруші және Сатушы үшжақты Сатып алу-сату шартына отырады - Лизинг беруші мен Сатушы үшжақты Сатып алу-сату шартына отырады, осылармен қатар бір уақытта Лизинг алушы мен Лизинг беруші екіжақты лизинг шартына отырады;
4.Лизинг алушы Лизинг берушінің арнайы шотқа 0,0-ден 30,0 %-ға дейінгі мөлшерде бастапқы жарна салады.
5.Лизингберуші сатып алу-сату
шартының талаптарына сай
6.Лизинг беруші лизинг
затын Лизинг алушыға
Қазақстан Республикасындағы лизингтің құрылымдардың қалыптасуы 1989 ж. екінші жартысынан бастау алады. Республика көлемінде алғашқы лизингтік кәсіпорындар коммерциялық банктердің және жабдықтаушы ұйымдардың қатысуымен құрылады. Олар кең көлемі қызметтегі акционерлік кәсіпорындар және де олар тек қана сатып алу- сатумен емес, сонымен қатар техникалық құралдарды жалға және лизингке берумен айналысып отырды. Мысалы, 1989 жылы лизингтік операцияларды жүзеге асыру үшін республикадағы алғашқы коммерциялық банктердің бірі «КРАМДС-Банк» құрылтайшысы болған «КРАМДС-Лизинг» акционерлік кәсіпорыны құрылып, өз жұмысын кіріс етті.
1992 жылдың орталарында
республика экономикасының
Қазақстан ауыл шаруашылығында лизингтің дамуын зерттеуші ғалымдардың бірі К.А. Сағадиев лизингтік бизнестің аз ғана даму тарихын 3 кезеңге бөліп көрсетті:
Бірінші кезең (1989-1992 ж.ж.) – республикамызда лизингтік бизнестің басталу кезеңі. Бұл уақыт аралығында лизингтік компаниялар құралыды. Лизингтік фирмалар мен кейбір коммерциялық банктер бір реттік тәртіпте және аз мөлшерде лизингтік операцияларын жүзеге асырып отырды.
Екінші кезең (1992-1994 ж.ж.) – ішкі нарықтағы қолайсыз экономикалық жағдайдың нәтижесінде лизингтік бизнестің дамуының басылу кезеңі.
Үшінші кезең (1995-1997 ж.ж.) – қайта жандану кезеңі, лизингтік бизнеске мемлекет тарапынан қолдау көрестуге бұру.
1992-1994 жылдар Қазақстанда
лизингтік бизнестің дамуына
ең қолайсыз кезең болды. Бұл
аралықта ішкі экономикалық
1995 жылдың 29 сәуірінде Қазақстан
Республикасының Үкіметі
Қазір Қазақстан аумағында түрлі бағыттағы 16 лизингтік компания жұмыс істейді: олардың 11-і -Алматыда, 4-уі – Астанада және біреуі – Қарағандыда. 2004 жылдың аяғына таман республикда лизинг көлемі 250 миллион долларға жуықтады. Ал ек-үш жылда, Халықаралық қаржы корпорациясының мамандарының бағалауы бойынша, үш есе көбейеді.
Қазақстан Республикасында 80 – жылдардың басында лизинг түсінігі жай ғана ұзақ мерзімді жлдау ретінде ғана емес, жалгерлік қатынас, кепілдік есебімен, несиелік қаржыландыру элементтері, қарыз міндеттемелері бойынша есеп айырысулар және басқа да қаржылық механизмдер қатыстырылған дәстүрлі емес, кеоешекті қаржыландырудың қосымша жүйесі ретінде қарастырылды. Лизингтік операция бүгінгі күні Қазақстандық экономикағы өте қажетті банктік құрылымның өндірісті қаржыландыру бойынша іскерлік ортамен бірлесе қызмет етуіне әсер ететін операция.
Бүкіл әлемде көптеген кәсіпкерлер бизнес үшін қажетті мүліктерді меншікке емес, жалға алғанды жөн көреді. Жалгерлік, бірінші кезекте кепіл есебімен (кепілдік, тапсырыс) несиелеу элементтері, дамыған нарық қатынасына тән ір түрлі қаржылық механизмдер және қарыз міндеттемелері бойынша есеп айырысулар кездесетін келешекті қаржыландырудың арнайы қосымша көзі ретінде енгізіледі.
1998 жылы Оттавада қабылданған
халықаралық қаржылық лизинг
конвенциясында былай деп
Қатысушылар құрамына қарай лизингті былай топтастыруға болады:
- Тура лизинг –
бұл кезде мүлік иесі өз
еркімен объектіні лизингке
- Жанама лизинг (үш жақты немесе көпжақты лизинг), бұл кезде мүлікті беру делдал арқылы жүзеге асырылады.
Тура лизингтің жиі кездесетін түрі – қайтарысды лизинг, лизинг фирмасы иесінен мүлікті сатып алып, оны оған қайта жалға беретін лизинг.
Лизингтік мәмілеге үш жақ қатысады (Сурет 2):
- Лизингберуші – меншігіне
лизинг затын алушы және оны
лизинг шарты талаптарында
- Лизингалушы – кәсіпкерлік мақсаттар үшін лизинг шарты талаптарында лизинг затын қабылдаушы жақ.
- Сатушы – Лизингберуші лизинг затын алатын жақ.
Лизингтік нарықта арнайы субъектілерді атап көрсетуге болады, олар:
- Банк (немесе басқа несиелік ұйым) келісім – шарттағы затты алуға қаражат беруші жақ.
- Сақтандыру компаниялары
– лизингтік келісім шартта
пайда болатын кездейсоқ
ет
7
5 2 1 4 2 6
Несиелік комитет
Сурет 2. Лизингттік мәмілеге қатысушылар тізбегі
«Қаржылық лизинг» туралы Қазақстан Республикасының заңында қаржылық лизинг түсінігі инвестициялық қызмет түрі ретінде анықталады, бұл кезде:
- Лизинг беруші –
лизинг шартымен лизинг затын
сатушыдан алуға және оны
- Лизинг алушы лизинг
келісіміне сәйкес, келісім жасау
кезіндегі баға бойынша лизинг
заты құнының түгелдей немесе
белгілі бөлігінің (80 пайыздан кем
емес) көлемде қалпына келтірілуімен
(амортизация) есептелетін қылыпты
кезеңдік төлемдерді төлейге
міндеттенеді. Бұл кезде әрекет
ету мерзімі өткеннен кейін
лизинг заты толықтай лизинг
алушының меншігіне көшеді
Лизинг келісімінің барлық әрекет ету мерзімінде лизинг затына меншік құқы лизинг берушіде сақталады. Лизинг келісімін мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен бастап, лизинг алушыға лизингтік затты уақытша иемденуге және қолдануға құқы беріледі.
Лизингтік мәміле негізін келесілер құрайды:
- Мәміле объектісі;
- Мәміле субъектілері (лизингтік келісім тараптары);
- Лизингтік келісім мерзімі (лизинг кезеңі);
- Лизингтік төлемдер;
- Лизинг бойынша ұсынылатын қызметтер;
Өндірістік циклде жойылмайтын мтериалдық құндылықтардың кез-келген түрі лизингтік қызмет объектісі болып табылады. Жалға берілетін объект табиғаты бойынша жылжымалы және жылжымайтын мүлік лизингі қарастырылады.
Мәміле объектісіне тікелей қатысы бар тараптар лизинг субъектісі болып саналады. Банктерді лизингтік лизингтік қызмет рыногына енгізу, біріншіден лизинг – бизнестің капитал сыймды түрі болуымен, ал банктер – ақша ресурстарының негізгі ұстаушысы болуымен байланысты. Екіншіден, лизингтік қызмет өзінің экономикалық табиғаты бойынша банктік несиелеумен тығыз байланысты және соңғысына өзіндік балама ретінде шығуы жатады.
2. «КАЗАГРОФИНАНС» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЛИЗИНГІН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан
Республикасындағы лизингтің
Лизингтің көптеген анықтамалары бар. Лизинг етістіктен туындаған to lease-затты алу және оны уақытша пайдалануға беру деген ағылшын сөзінен шыққан. Біздің көзқарасымыз бойынша «лизинг» терминінің мәнін мына анықтама нақтылайды: Лизинг уақытша бос немесе тартылған қаржылық қаражаттың инвестициалануы болып саналады, бұнда лизинг беруші меншігіне белгілі сатушыдан шартпен келісілген мүлікті және осы мүлікті лизинг алушыға кейіннен сатып алу құқығымен төлем ақыға уақытша пайдалануға береді.
Лизингтік мәміле, өз кезегінде, лизинг беруші, лизинг алушы және лизингтың затын сатушы (жеткізіп беруші) арасындағы шартты жүзеге асыратын шарттардың жиынтығын көрсетеді.
Үйлер, ғимараттар, көліктер, құрал-саймандар, жабдықтар, мүкәммал, көлік құралдары, жер тілімдері және басқа да қолданылмаған заттар лизинг заты болып табылады.
Құнды қағаздар мен табиғи ресурстар лизинг заты болып табылмайды.
Лизинг заты ретінде жеке деңгейдегі заттар мен жер тілімдерін пайдалануға заңнама актілерімен кейбір тыйымдар салынуы мүмкін.
Әдеттегі лизингтік мәміле мынандай болып көрінеді.
1.Пайдаланушы (лизингтік
қарым-қатынасқа түскеннен
2.Лизингтік компания , жобаның
өтімді екеніне көз
3. Лизингтік компания (лизинг беруші) жабдықтың меншік иесі болғаннан кейін, оны орнына лизингтік төлемдерді ала отырып, кейіннен сатып алу құқығымен (келісім-шартпен нақтыланады) лизинг алушыға уақытша пайдалануға береді.
«Риторикада» Аристотель белгілегендей , байлық тек құқық меншігі негізінде мүлік иемдену емес, ал оны (мүлікті) пайдалану. Ағылшын авторы Т.Кларк лизинг Аристотель өмір сүрген уақыттан қаншама ертерек мәлім болған деп сендіреді: ол біздің дәуірге дейінгі 1760ж маңайында қабылданған Хаммупари заңдарында лизинг туралы бірнеше ереже жиынтықтарын келтіреді. Лизинг мәселелерінен Рим Империясы да шетте қалған жоқ - олар өз бейнесін Юстинианның Институциясында тапты. Сонымен иемдену құқығы мен меншік құқығы және иемденуден пайда түсіру идеясы ежелгі уақыттан бері келе жатқан, ал қазіргі лизингтың пайда болуы және тарауы «жаңа – жақсы ұмытылған ескі» екендігін тағы да растайды.
Лизинг американың жаңа ой табысы деп дәстүрлі есептеледі, «Белл телефон Компани» америка компаниясы телефондарды сату орнына оларды жалға беруге шешім қабылдаған бастап, шетел зерттеушілері лизинг операцияларын есептеу нүктесі 1877 жыл.деп есептейді. Лизингтың дамуына қуатты импульс берген арнайы лизинг компаниясының құрылуы, олар үшін лизинг тек қана сауда саясатының амалы ғана емес, сондай-ақ қызмет құралына айналды. Бірінші лизинг компаниясы «Юнайтед Стейтс лизингкорп» Сан-Францискода 1952 жылы құрылды. 60-жылдардың басында америка кәсіпкерлері лизингты Еуропаға мұхит арқылы «өткізді», осында бірінші лизинг компаниясы «Дойче лизинг ГМбХ» Дюссельдорфта 1962 жылы пайда болды. 1972 жылдан бері осында еуропалық лизинг рыногы қолданыста.
Англияда жалға беру заңының алғашқыларына Уэльс Заңы жатады (Statute of Wales) 1284 ж., ол дәстүрлі жерді жалға беруге қоса жылжымайтын мүлікті де жалға беруді қосты. Осы заңға сәйкес,жалға беру аса адал емес және мейірімсіз адамдардың мүддесінде пайдаланды, мысалы, заттың шын мәнін жасыруда: кім меншік иесі, кім қожа екені-кредиторларды жаңылтуға енгізу үшін. Кейіннен Англияда тек қана жер мен жылжымайтын мүлік қана емес, сонымен қатар жылжитын мүлік пен басқа да тауарлар жалға беріле бастады. Лизинг заттың шын мәнін жасыру үшін аса адал емес және мейірімсіз адамдардың мүддесінде заттың шын мәнін жасыру: кім меншік иесі, кім қожа екенін, кредиторларды жаңылту үшін пайдаланылды. 1571ж. Лизингті алу тарихы ХХ ғасырда да қайталанады. қазірзі заманғы лизинг шуы «лизинг» аты ғана, мәні жағынан үлкен кірістер алу мүмкіндігін жапқан, салық төлеуден жалтаратын үлкен мәмілелер санын арттыруға әкеп соқтырды. алғаш рет осы саладығ заң актілері өзінің негізгі мақсаты ретінде түрлі өлшемдер мен көрсеткіштерді пайдалану жолымен «шын мәніндегі» және «алдамшы» лизингтің ара жігін ажыратуды өздерінің мақсаты етіп қойды.
«Алмашы лизинг» біздің елемезде де және ТМД көршілестерде де жетіп жатыр. Мысалы, Белорсуссияның банктері әдейі жасалған компанияларды лизнгі, кредит берудің күрделі жүйесін пайдалана отырып, бір бірінен «лизингке» банк офистерін, қазіргі заманға байланыс құралдарын, қымбат автомобильдер мен инкасациялауға брондалған машиналар алды. Соңында көптеген соманы (салықтар, резервтік ақша) ала алмаған Беларуссияның Ұлттық Банкі ғана ұтылды.
Біздің елімізде қабылданған лизинг түрлерімен қатар әлемде жабдықьың лизингінен басқа, астық лизингі, жұмыс күшінің лизингі және тауарлардың басқа да көптеген түрлерінің лизингі бар, сондықтан біздің елімізде экономикалық қарым-қатынастардың бұл түрінің әлеуеті біздің елімізде зор.
Мәміле лизингінде әдетте бірнеше субъектілер қатысады:
Лизинг беруші – тартылған немесе жеке қаражатының есебінен лизинг мәмілесін іске асыру барысында меншігіне мүлік сатып алатын және білгілі бір мерзімге және белгілі бір шарттарда уақытша иелік етуге және лизинг затына меншік құқығын лизинг алушыға бере отырып немесе бермей белгілі бір ақыға лизинг берушіге лизинг заты ретінде береді.
Лизинг алушы – лизинг шартына сәйкес белгілі бір мерзімге және белгілі бір шарттарда уақытша иелік етуге және пайдалануға белгілі бір ақыға лизинг затын алуға міндетті жеке немесе заңды тұлға. Мүлікті сатушы (өнім беруші) – лизинг берушімен сатып алу-сату шартына сәйкес лизинг заты болып табылатын өзі өндірген (сатып алатын) мүлікті лизинг берушіге сататын жеке немесе заңды тұлға. Сатушы (өнім беруші) сатып алу-сату шартына сәйкес лизинг берушіге немесе лизинг алушыға лизинг затын беруге міндетті.
Шарт затын сатып алуға қаражат беретін банк (немесе басқа кредит мекемесі).
Қаржы лизингі экономикалық сиапттары бойынша капитал салымдарының ұзақ мерзімді банктік кредит беруіне ұқсас болғандықтан, қаржы лизингінің рыногында банктер, қаржы компаниялары және банктермен тығыз байланыстағы мамандандырылған лизинг компаниялары ерекше орын алады. Бірқатар елдерде банктерге қаржы лизингімен ғана айналысуға рұқсат берілген. Жедел және қаржы лизингінің арасындағы негізгі ерекшеліктер көрсетілген
Лизинг субъектілерінің кез келгені Қазақстан Республикасының резиденті де, бейрезиденті де, сондай-ақ өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын шетелдік инвестордың қатысумен кәсіпкерлік қызмет субъектісі бола алады.
Үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, көлiк құралдары, жер учаскелерi және кез келген басқа да тұтынылмайтын заттар - лизинг нысанасы бола алады.
Дамыған елдерде қаржы лизингінің ахуалын зерделеу лизингке берілетін жабдықтардың негізгі топтарын анықтауға мүмкіндік береді:
көлік (көлік ұшақтар, автомобильдер, теңіз кемелері, темір жол вагондары және т.б.);
байланыс жабдықтары (радиостанциялар, спутниктер, почта жабдықтары және т.б.);
ауыл шаруашылығы жабдықтары;
құрылыс жабдықтары (крандар, бетон араластырғыштар және т.с.с.) және т.б..
Лизингтің негізгі түрлері отандық та, шетел мамандарының да пікірі бойынша қаржылық және жедел лизинг деп санайды.
Жедел лизинг – бұл қысқа және орта мерзімді сипатқа ие мәміле, онда жалға алу төлемдері арқылы жабдықтар құнының бөлігі ғана амортизацияланады. Жедел лизинг бойынша жеткізілетін жабдық жалға алушының балансына қойылмайды. Мұндай мәмілелер бойынша лизинг беруші, әдетте, техникалық қызмет көрсету, сақтандыру, салық төлеу және есепке алу мәселелерін өзіне алмайды, жедел лизинг санатына қаржы лизингі санатына сәйкес келмейтін мәмілелер жатпайды.
Жедел лизинг үшін мынадай белгілер сипатқа ие:
Лизинг алушы лизинг нысанасын, егер лизинг шартында лизинг алушының лизинг нысанасын өз меншiгiне сатып алу қўқықтары мен мiндеттерi көзделмесе не ол лизинг нысанасын сатып алудың көзделген қўқығын пайдаланбаса не лизинг шарты сот тәртiбiмен мерзiмiнен бўрын тоқтатылса, сондай-ақ лизинг шартында және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де жағдайларда қайтаруға тиiс.
Қаржы лизингі. Экономикалық мәні жағынан қаржы лизингі мүліктің өмір сүру циклының толық мерзімі немесе көп бөлігінің ішінде жабдықты пайдалануға алады; жалдау төлемдері толығымен лизинг берушіге аударылады (мысалы, қарыз берушіге емес), жалға алушыда техникалық қызмет көрсету, салықтарды төлеу және жабдықтарды сақтандыру жауапкершілігі жатыр; лизингке беруші жабдықтың бүкіл өмірлік циклінде алатын жиынтық жалға алу төлемдері жабдықтың бастапқы құнын жабады және инвестицияланған капиталға кірісті қамтамасыз етеді.
Оралымды және қаржы лизингінің екі негізгі түрлерінің сипаттымасы туралы мәселе.
Сызықтық қағидат бойынша топтастырудың негізінен 8 белгісі бөлініп айқындалды:
-мәмілеге қатысушылардың құрамы;
- лизингке берілетін мүліктің түрі;
- оның өтелуінің дәрежесі;
- тозуына қарай жарна төлеудің шарты;
- қызмет етудің көлемі;
- операциялар жүргізілетін нарық секторы;
- салықтық және амортизациялық жеңілдіктерге көзқарас;

- Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару
- Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен дамуы, мәселелерi және оны шешу жолдары
- Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары
- Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары
- Қазақстан Республикасындағы салық салудың оңайлатылған жүйесі
- Қазақстан Республикасындағы салық саясаты: басымдылықтары және механизмі
- Қазақстан Республикасындағы салықтардың түрлер
- қазақстан республикасындағы кәсіпкерліктң қолдау
- Қазақстан республикасындағы компаниялардың инвестициялық стратегиясындағы кездесетін негізгі мәселелер
- Қазақстан Республикасындағы қазіргі жағдайдағы салық саясаты
- Қазақстан Республикасындағы қазіргі мемлекеттік реттеу жолдары мен даму деңгейі
- Қазақстан Республикасындағы қаржылық бақылаудың даму ерекшеліктері
- Қазақстан Республикасындағы қылмысқа қарсы күрес тиімділігінің теориялық негіздері
- Қазақстан Республикасындағы лизинг бизнесі