Қазіргі кезде қолданылатын ауылшаруашылық алқаптарды бағалау әдістемесі
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қазіргі кезде қолданылатын ауылшаруашылық алқаптарды бағалау әдістемесі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Бүгінгі күнде жерді бағалаудың қажеттілігі жер қатынастарының өзгеруіне байланысты, жерді және жерді пайдалану құқықтығын сату–сатып алу мүмкіншілігінің пайда болуына байланысты, өсуде.
Ауылшаруашылық жерлерді тиімді пайдалануды ұйымдастыру негізінде жерді экономикалық бағалау, жалпы мемлекеттік жер кадастрының құрам бөлігі ретінде, жатады.
Жер учаскелері әртүрлі сапалы болғандықтан, олардың әрқайсысына енгізілген бірдей көлемдегі еңбек әртүрлі өндірістік нәтиже береді. Бұл жағдай ауылшаруашылық мекемесінің шаруашылық жүргізу көсеткіштеріне әсерін тигізеді. Содықтан жер – кез келген өндіріс құралы сияқты - өзінің өндірістік қабілетіне қарай бағалануға тиіс.
Жерді бағалау нәтижелері іс жүзінде нақтылы мәселелерді шешуде, жерді тиімді пайдалануды талдау мен жоспарлауда; жер пайдаланулардың оптимальды мөлшерлерін анықтауда; ауыспалы егіс аймақтарын ұйымдастыруда; егіс алқаптарын орналастыруда; жер төлемдерін реттеуде; жерді пайдалануды және қорғауды бақылауда; жерді бұрынғы пайдаланушыдан қайтарып алуда және қайтадан бөлуде, төтенші жағдайларда шығындарды қайтаруда және т. б. жағдайларда, атқаратын міндеті зор.
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ АЛҚАПТАРДЫ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕМІСІ
Бұл әдістеме бойынша ауылшаруашылық алқаптардың бағалары нормативтік бағалар арқылы есептелінеді. Жерді бағалау жұмыстарын жүргізгенде әкімшілік ауданның территориясы ең оптимальді жер аумағының бірлігі. Ауданның территориясы, ауылшаруашылық алқаптары бойынша, топырақ сапасына, өсімдіктеріне және мал шаруашылығының мамандандырылуына байланысты бағалау учаскелеріне, контурларға бөлінеді.
Математикалық есептеу
Аудан бойынша бағалық зоналау
- территорияны құндылығына
Қызыл-орда облысы Жаңақорған ауданының ауылшаруашылықтық алқаптары Қазақстан Республикасында қазіргі кезде қолданылатын жалпы мемлекеттік жерді бағалау әдістемісі арқылы бағалық зоналарға бөлінеді. Бұл ауылшаруашылық алқаптарын зоналық бағалау жұмыстарында жерді экономикалық бағалаудың III турының, Қызылорда облысы бойынша негізгі ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігі және олардың ауыспалы егістегі үлестері жайында мәліметтер пайдаланылған.
Жерді бағалық зоналауда аудан бойынша ауа-райы, топырақ және, геобатаникалық зерттеулер мен ізденіс жұмыстарының материалдары түбегейлі зерттеліп, бағалау негізі ретінде алынған.
Егістік алқаптарын бағалау
Егістік алқаптарын бағалау және егістіктің нормативтік бағасын анықтау негізіне егістік алқаптарының құрамына кіретін топырақтың өндірістік қабілетіне байланысты алынған жалпы өнімнің мөлшері мен нормативтік кірісті капитализациялау көрсеткіштері алынған.
Жердің құнын анықтаудағы ең ыңғайлы және ең төменгі бірлік - топырақ контуры.
Әр контур бойынша, оның тұздылығы
мен механикалық құрамына
Бағалық контурға ауыспалы егістің бағасы бірдей немесе қатар орналасқан танаптары кіреді.
Бағалық контурлар, жалпы қабылданған тәсіл бойынша, әріқарай бағалық кластарға біріктіріледі.
Егістіктің нормативтік
даму кезіндегі 30%-тік рентабельділік алынған. 30% рентабельділік ауыл шаруашылық өнімдерінің ұдайы кеңейтілген өндірісін қамтамасыз ететін нормативтік денгей. Негізгі ауылшаруашылық дақылдарыдың өнімділіктері және олардың ауыспалы егістіктердегі үлестері Қызылорда облысының облыстық департаментінен аудандардың жылдық есеп беру құжаттарынан алынған.
Егістіктің нормативтік
бағасын есептеудегі келесі көрсеткіш
- негізгі ауылшаруашылықтық
дақылдардың сату бағасы. Күріштің
және басқа ауылшаруашылық
Жаңақорған ауданы бойынша
Егістікті бағалау
1 гектар күріштік ауыспалы егістен алынатын жалпы өнімнің орташа салмақтық бағасы аудан бойынша мына мөлшерде болады:
ЖӨ = (Ө1 х Б1) х Ү1 + (Ө2 х Б2) х Ү2 + (Ө3 х Б3) х Ү3 + (Ө4 х Б4) х Ү4=
(24,3 х 2640) х 0,44 + (10,8 х 670) х 0,14 + (14,7 х 670) х 0,01 + (39,0 х 224) х 0,41 = 28226,9 +1013,0 + 98,5 + 3581,8 = 32920,2 теңге;
онда, ЖӨ – 1га күріштік ауыспалы егістің жалпы өнімінің орташа салмақтық бағасы, теңге;
Ө1,2,3 – аудан бойынша ауыл шаруашылық дақылдардың орташа өнімділіктері, ц/га;
Б1,2,3 - өнім бірлігінің сату бағасы, теңге/ц;
Ү1,2,3 – ауданнның күріштік ауыспалы егістеріндегі ауылшаруашылық дақылдардың үлесі, бірдің бөлігінде.
1 гектарға келетін нормативтік кірістің мөлшері мына формула бойынша анықталады:
Кн
= ЖӨ х R/1+R
онда, Кн – 1 га келетін нормативтік кіріс, теңге
R – нормативтік рентабельділік (30%, немесе 0,3 бірдің бөлігі)
Кн = 32920,2 х 30/130 = 7597,0 тг/га.
Жердің нормативтік бағасы
дүние жүзінде қолданылатын
жерді пайдаланудан алған
онда, Бжн – жердің норматівтік бағасы, теңге/га
Кн – нормативтік кіріс, теңге/га
К – капитализациялау ставкасы, (8% немесе 0,08)
Бжн = 7597,0/0,08 = 95,0 мың тг/га
Аудан бойынша күріштік ауыспалы егістік орналасқан егістік алқабының орташа норматівтік бағасы 95 мың теңге.
Жоғарыда айтылғандай бағалық контурлар әріқарай бағалық кластарға біріктіріледі. Қабылданған тәсіл бойынша Жаңақорған ауданының алқабында анықталған егістіктік бағалық класстардың сипаттамасы төменде берілген.
Егістікке нақтылы нормативтік баға есептелгенде ауданның алқабында 481 контур бөлінген. Олар 4 (III, IV, V, VI ) бағалық класстарға біріктірілген.
III бағалық классқа нормативтік бағасы 65,5 мың теңге/га контурлар кіреді. Бұл класс өте сирек, ауданның территориясында әрбір жерде ғана кездеседі. Үшінші бағалық классқа құмайт және өте тұздылы топырақтар жатады.
IV бағалық класстарға 76,0 мың теңге/га нормативтік бағасы бар жерлер жатады. Бұл бағалық классқа бірнеше контурлар кіреді. Топырақтарының механикалық құрамы – ауырсаздақ.
V бағалық классқа нормтивтік бағасы – 80,8 және 85,5 мың теңге/га контурлар жатады. Бұл класстың жерлері жиі кездеседі. Механикалық құрамы бойынша саз және саздақ топырақтар кездеседі.
VI бағалық классқа нормативтік бағасы 95 мың теңге/га контурлар кіреді. Механикалық құрамы – ауырсаздақ.
Кесте 1
Ауыспалы егістің негізгі дақылдарының орташа өнімділігін есептеу
|
А/ ш дақылдарының аттары |
Өнімділігі |
Күріш-тің орташөнімд. ц/га |
Күрішті бидайға ауд. коэф. |
Дақылдар. орта өнімділігі ц/га | |||||
Жылдар | |||||||||
1994 |
1995 |
1996 |
1997 |
1998 |
1999 | ||||
1.күріш 2бидай күз/ 3.бид.жазд. 4.тары5.жоңышқа |
26.9 7.5/ 1.7 1.9 34.7 |
18.4 8.8/ 2.5 4.5 26.6 |
26.7 11.0/ 8.2 6.3 29.0 |
43.0 19.3/ 8.4 15.9 59.6 |
38.0 18.0/ 8.4 16.8 47.3 |
38.8 17.5/ 8.9 19.7 37.0 |
34.7 -
- - |
0.7 -
- - |
24.3 10.8
14.7 39.0 |
Кесте 2
Ауыспалы егістіктің құрамындағы негізгі дақылдардың үлесі
№№ кезегі- мен |
Ауыл шаруашылық дақылдарының аттары |
Ауданы (га) |
Дақылдың ауыспалы егістегі үлесі | |
барлығы |
дақылдар астында |
|||
1 2 3 4 |
күріш бидай тары жоңышқа |
20448 |
9000 2835 300 8313 |
0.44 0.14 0.01 0.41 |
Кесте 3
Егістіктің нормативтік бағасын есептеуге қолданатын көрсеткіштер
№№ кезегі-мен |
Дақылдардың аттары |
Ауыспалы егіс дақылдарының үлесі (бірдің бөлігі) |
Өнімділік, ц/га |
1ц өнімнің сату бағасы |
1 2 3 4 |
күріш бидай тары жоңышқа |
0.44 0.14 0.01 0.41 |
24.3 10.8 14.7 39.0 |
2640 670 670 224 |
Кесте 5.
Ауылшаруашылық алқаптардың аудан бойынша орташа салмақтық бағаларын салыстыру
Өлшем бірліктері |
Аудандардың аты | |||
Еңбекшіқазақ (Алматы облысы) |
Жаңақорған (Қызылорда облысы) |
Қазалы (Қызылорда облысы) | ||
Егістік суармалы, 1га: 1)көкөніс шаруашылығы |
мың тг |
66,4 |
- |
- |
2)темекі шаруашылығы |
мың тг |
92,6 |
- |
- |
3) күріш өсіру, га |
- |
80,6 |
112,9 | |
Егістік тәлімі, 1га: астық |
мың тг |
16,6 |
- |
- |
Шабындық, 1га қой шаруашылығы |
6,0 |
6,3 | ||
Жайылым, 1га: 1)етті мал шаруашылығы |
мың тг |
6,9 |
- |
- |
2) сүтті мал шаруашылығы |
11 |
- |
- | |
3)қой шаруашылығы |
мың тг |
4,9 |
- |
- |
4) елтірілі қой шаруашылығы |
мың тг |
- |
2,4 |
2,4 |
Жоғарыда берілген кесте бойынша келесі қорытындылар жасауға болады. Әр табиғи-климаттық жағдайда жерді әртүрлі шаруашылықтық пайдалану арқылы ең тиімді пайдалануын таңдап алуға болады. Жер учаскесі жергілікті жердегі жағдайда оның ең тиімді пайдалануы бойынша бағалануы тиіс. Міне осы қағидаларға байланысты Қызылорда облысының кейбір аудандары ежелгіден күріш шаруашылығымен айналысуда. Ауыспалы егістердің құрамындағы күріштің үлесі 44 %. Жерді пайдалану бағыты жайында шешімнің дұрыстығын кестеден байқауға болады: құрғақ, күрт континентальді, жазы өте ыстық жағдайда, белгілі (негізінен құба, сұр-құба және тақырлар, құмдар) топырақ түрінде, жерді суару ақылы одан ең көп өнім алынған (112,9 мың тг/га). Күннің энергиясы және жылы мерзімнің ұзақтығын тиімді пайдаланылану арқылы жерден максимальды тиімділік алынған. Жаңақорған ауданының егістік алқаптары - 4 (III, IV, V, VI), ал Қазалы ауданының егістік алқаптары, оған қарағанда жоғары, - 6 (V, VI, VII, VIII, IX, X) бағалық класстармен берілген. Сондықтан, кестедегі суарылатын күріштік егіс алқаптарының бағасы Жаңақорған ауданына қарағанда Қазалы ауданы бойынша жоғары. Бұл көрсеткіштер Қазалы ауданының ауылшаруашылық алқаптарының жерлерінің құнарлылығының жоғары екендігін көрсетеді.
Мал шаруашылығы бойынша аудан өндірісінің негізгі мамандығы – елтірілі қой шарашылығы. Бұл аудандар бойынша табиғи мал азықтық алқаптардың бағасы елтірілі қой шаруашылығының өнімділігі арқылы есептелінеді.
Еңбекшіқазақ ауданы Алматы облысының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Қалыптасқан ауылшаруашылық алқаптардың құрылымы, егіншілікпен айналысуға ыңғайлы табиғи-климаттық жағдайы және Алматы қаласына жақын орналасуы, өсімдік және мал шаруашылығының бірдей дамуына мүмкіншілік берді. Жоғарғы кестеге қарасақ, бұл ауданның өндірістік салаларының дамуы әржақты екені байқалып тұр.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстанда 1996 жылдан бері ауылшаруашылық алқаптардың бағасын нормативтік бағалар арқылы есептеу тәсілі қолданған. Оның негізіне есептелген кірісті капитализациялау әдісі алынған. «Мемлекеттік жер ресурстарын басқару және жерге орналастыру ғылыми өндірістік орталығы» осы тәсіл бойынша жерге, топырақ сапасына байланысты, республиканың әр облысы және зонасы бойынша жіктелген, базалық ставкалар есептеп шығарған. Осы базалық ставкалар қазіргі кезде іс жүзінде жер учаскелерін бағалауда пайдаланылады. Бірақ мамандардың айтатын пікірлері бойынша жалпы республикалық жер кадастрлық бағалау жұмысы жүргізілуі қажет. Бүгінгі күндегі жерді бағалаудың барлық түрлерін зерттей отырып, Қазақстанда қалыптасқан экономикалық, қоғамдық және экологиялық жағдайларды есепке алатын жерді бағалау әдістерін таңдап алу және жергілікті жағдайларға адаптация жасау қажет. Қазақстан жері кең байтақ болғандықтан, оның оңтүстігі мен солтүстігінде, батысы мен шығысында әртүрлі табиғи-климаттық жағдайлар жерді пайдалану мүмкіншілігіне өте көп әсерін тигізеді, сондықтан жерді бағалау әдістерінде бұл ерекшеліктерді де есепке алу қажет. Дамыған елдердің жерді бағалау әдістемелерінде жерді пайдалану мақсаты есепке алынады, содықтан бағалау жер санаттары және жер пайдалану ерекшеліктері бойынша жіктелу қажет.
1. Временная
методика по определению
2. Подольский
Л.И., Михонина С.В., Есполов А.Т. Ценовое
зонирование и оценка
3. Сейфуллин
Ж.Т. Земельный кадастр: Управление
земельными ресурсами
4. О земле. Закон Республики Казахстан от 24 января 2001 г. – Алматы: Юрист, 2001.- 60с.
5. Есполов Т.И., Григорук В.В. Формирование рыночной системы земельных отношений в Казахстане. – Алматы: Изд. «Агроуниверситет», 2002 г. – с. 40.
6. Механизм
развития рыночного оборота

- Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі қызмет мен
- ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ
- Қазіргі кезеңдегі қр ұлттық банкінің қызметтері мен рөлі
- Қазіргі кезеңдегі қр ұлттық банкінің қызметтері мен рөлі
- Қазіргі қонақүй типтері
- Қазіргі микроэкономика және оның методологиясы
- Қазіргі таңдағы зейнетақы қоры
- Қазіргі замандағы әлемдік ақшалар
- Қазіргі замандағы Испанияның дипломатиялық қызметі
- Қазіргі заман саилау жүйесі
- Қазіргі кездегі Жапония мен Қытай дипломатиясы
- Қазіргі кездегі мемлекеттік басқару нысаны
- Қазіргі кездегі халықаралық қатынастар
- Қазіргі кезде кәсіпорынның айналымнан тыс қаражаттарының тиімділігін арттыру жолдары