Қазіргі заман саилау жүйесі
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі
Қарғанды маңызды білім беретін ``Болашақ`` институты
Мемлекеттік Құқық пәндер кафедрасы.
Курстық жұмыс.
Қазіргі заман саилау жүйесі
Дайындаған: Ю/05-2 т. с. Абишев А Т.
Тексерген: Аға оқытушы.Искакова. А.Б
Қарағанды 2006/2007 жыл
Жоспар.
Кіріспе бөлім.........................
І. Сайлау, сайлау жүйесі және оның түрлері
1.1. Сайлау түсінігі
мен сайлау жүйесінің мазмұны.......................
1.2. Қазақстан Республикасының
сайлау туралы заңына
II. Негізгі бөлім. Қазақстанның сайлау жүйесінің қалыптасуы және оның бүгінгі мәселелері
2.1. Қазақстанның
сайлау жүйесінің қалыптасуы...
2.2. Қазақстанның
сайлау жүйесінің бүгінгі мәселелері.................... ......... 19
2.3. Сайлау ашықта әділ өткізілді.. .............................. .............................. ...
23
Қорытынды бөлім......................... .............................. .............................. .....
27
Қолданылған әдебиеттер.................... .............................. ............................
28
І. Сайлау, сайлау жүйесі және оның түрлері
1.1. Сайлау түсінігі мен сайлау жүйесінің мазмұны.
Сайлау – қазіргі саясаттың
басты құрамдас бөлігі . Ол билік
және басқару органдарының азаматтарының
белгілі ережелерге сай (сайлау жүйесіне
сай ) саяси еркіндіктерінің
Сайлау әрдайым дауыс
берумен байланысты. Алайда бұл екі
түсініктердің жақын болуымен қатар
олардың айырмашылықтары да бар.
Сайлау конституцияда және басқа
да заңдарда бекітілген мемлекет органдары
құрамын сайлаудың кезенді
Сайлау демократияның ажырамас бөлігі ретінде оның әртүрлі фармаларының көрінісін табады, әрі оның әртүрлі модельдерінде теңдесі жоқ рол ойнайды. Демократияның тікелей формаларына сүйенетін саяси жүйедегі сайлаудың маңыздылығы төмен. Мұндай жағдайларда азаматтармен сайланатын мемлекет басшыларының билік қызырлары шектеулі болады, бұл сайлаудың саяси маныздылығын да төмендетеді. Осындай мемлекеттердің мысалы ретінде көпшілік басқару кезеңіндегі ежелгі гректік Афина Республикасы
Қазіргі демократиялық
жағдайда сайлау халық егемендігінің
көрінісінің басты формасы жалп
Сайлау – саяси және қоғамдық өмірде жиі кездесетін құбылыс, өйткені ол әртүрлі институттарға және басқару денгейлеріне таралады: парламент, президент, үкіметті кей кезде атқарушы органдар, жергілікті билік органдар.
Сайлаудың қазіргі қоғамға ықпалы әртүрлі және ол басты функциялардан көрініс табады. Сайлау кезінде азаматтар үшін жақсы мүмкіндіктер жасалады, яғни олар өздерінің қызығушылықтарын түсініп қана қомай, сонымен бірге азаматтар қызығушылықтарын, мүдделерін партия және жеке депутаттардың сайлау програмаларына қосады. Ол азаматтардың саяси құқығының жүзеге асырылуын білдіреді. Сайлау кезінде бұқараның тарапынан қолдау табу үшін депутаттар мен сайлау компанияларына қатысушы Б.А.Қ.халықтың тілек сұрауына аса көңіл бөледі.
Бұл жағдай азаматтардың өз қызыгушылықтарын ұсынуына түрткі болады. Алайда сайлаудан соң жеңіске жеткен депутаттар өз сөздерін ұмыта кетсе де, толығымен депутаттық корпус партия аты үшін және балошақта балар сайлауда сайлаушылардан қалдау табу мақсатында электорат талаптары мен өзднрінің міндеттерін ұмытпайды. Бұл қарастырылған жайт сайлаудың бірінші функциясы, яғни артикульдеу, агрегациялау әрі халықтың әртүрлі мүдделерінің көрсетілуі болып табылады.
Билік инстетуттарына бақылау. Сайлау нәтижесінде үкіметті бақылайтын басты институт құрылады – ол парламент. Сонымен бірге оппозиция жасалады, ол әдетте конституция мен заңның жүруін қадағалап отырады. Парламенттік бақылау жеке құқықтарына, соттық инстацияға, сайлаушылар пікіріне сүйенеді. Алдағы сайлаудан ұтылып қалу қауіпінен қарыққан үкімет сындарды тындауға мәжбүр болды.
Әртүрлі пікірлердің және жалпы саяси еркіндіктің құрылуы. Қазіргі қоғам плюрализімінің өз шектеуі бар. Анархия, халес, шиленістерге тап болмас үшін ол мемлекеттік кадагалауды талап етеді. Сайлау арқылы белгілі саяси іргеге азаматтардың көпшілігінің бірігуі қамтамасыз етіледі.
Мегитемділік және саяси жүйенің тұрақтылығы, сонымен қатар билік институттарының легитимділігі: парламент, үкімет, президент т.б. Азаматтардың сайлауға қатысуы олардың осы саяси жүйені, саяси режимді қабылдауын білдіреді. Сайлау арқылы тек саяси жүйе ғана толығымен легитимденіп қоймай, парламент, үкімет, биліктің басқа да нақты құрамдары легитимденеді, олардың мемлекетті басқару құқығы мойындалады.
Сонымен қатар ол халықтың басқарушы элита өз жұмысын қалай атқарып отырғандығына бақылау жасау мүмкіндігін де береді.
Комуникацияның ұлғаюы, билік институттары мен азаматтардың арасындағы өкіметтің қатынастары. Сайлау үрдісі барысында кондидаттар азаматтарымен үнемі кездесіп, олардың пікірлері мен өтініштерін тындайды. Сайлау – азаматтар мен билік арасындағы байланыстың ең басты каналы. Бұл мемлекет пен халықтың арасында сенім немесе сенімсіздік тууы, саяси қатысуы немесе алшақтау, қолдау немесе күресудің орнауына себепші болды.
Саяси шиеленістердің институцияланған бейбіт тұрақтандырылуға ауысуы.
Актуалды қоғамдық тапсырмаларды шешуге сайлау корпусын мобилизациялауға. Азаматтарға өз програмаларын түсіндіре отырып, партиялар және жекелеген депутаттар қоғамның ауқымды қабатын жеке қоғамдық пікірді маңызды саяси іс - әрекеттерге мобилизациялайды.
Бұқараның саяси әлеметтенуі, оның саяси санасы мен саяси қатысуымен дамуы.
Саяси элитаны рекруттеу. Сайлау – азаматтардың саяси құрмыны кірудң, саяси карьера жасаудың бірден – бір басты каналы. Сайлау барысында халықтың қалауымен басқарушы элита алмасады, билік бір қолдан екіншілерге беріледі. ( бейбіт жолмен ).
Оппазициянының саяси басқару функциясын орындауға дайындық.
Осы айтылған
функциялар тек демократиялық
түрде ұйымдастырылған болса
ғана орындалады. Сайлау бастапқыдан
демократияға қызмет етуі
Өркениетті, демократиялық қоғамда саяси процеске қатысудың негізгі түріне сайлау жүйесі жатады. Сайлау арқылы азаматтар мемлекетінің өкіметі,заң, сот, атқарушы органдарын қалыптастыруга қатысады.
Сайлау жүйесі деп өкіметті және басқа мемлекеттің сайланбалы билікті органдарын құру жолдарын, түрлерін, әдіс – тәсілдерін анықтайтын, тәртіпке келтірілген нормалар, ережелер жиынтығын айтады. Жалпы алғанда сайлау жүйесіне мемлекеттік қызмет орнына үміткерлерді ұсынудың тәртібі, процесі және негізгі принціптері, оны ұйымдастырушы, материялдық жағынан қамтамасыз ету, сайлаушылармен жұмыс жүргізу және т.б. шаралар кіреді.
Сайлау жүйесінің негізгі қағидалары әдетте конституцияда аңықталады және арнайы занда нақтыланады. Мұндай құқықтық нормалардың жиынтығын сайлау құқығы дейді. Ол белсенді, бәсең болып бөлінеді.
Берілген дауысты есептеу тәсілі мен соның нәтижесінде орындарды бөлу принціпіне қарай сайлау жүйелері мажоритарлық, пропорционлдық және аралас түрі болып бөлінеді.
Мажоритарлық сайлау жүйесінде әрбір окрукте депутаттық орындар белгіленген дауыстың көршілігіне ие болған үкіметкерге тиеді. Қалғандары билік органдарына ікре алмайды.
Мажориталдық жүйенің екі түрі бар: абсолютті және салыстырмалы.
Мажориталдық жүйенің абсолютті және салыстырмалы түрлерінде сайлау окруктері бір мандатты келеді, яғни әрбір окруктен бір ғана депутат сайланады. Мысалы: АҚШ, Англия, Франция, Жапония осындай жүйе дамыған.
Абсолютті жүйеде елу пайыз және бір дауыс алған талапкер сайланады. Ал салыстырмалаы жүйеде елу пайыздан артық алу шарт емес. Пропорционалдық жүйенің мажориталдықтан айырмасы – ол көпшілік принціпіне негізделмейді. Ол жинаған дауыс пен жеңіп алған мандаттың арасындағы пропорционалдық басшылыққа алады. Мұнда депутаттық мандат жеке үміткерлердің арасында емес, партиялардың арасында оларға берілген дауыс сонына сәикес бөлінеді. Сайлау кезінде қай партия көп дауыс алса, соншалықты оның мүшелері депутат болады. Мысалы: мұндай сайлау жүйесі Еуропа елдерінде (Ұлыбитания мен Франциядан басқа ) кең дамыған.
Мажоритарлық және пропорционалдық жүйелердің кемшіліктерін жою үшін аралас сайлау жүйелері қолданылады. Онда депутаттық мандаттық бір бөлігі мажоритарлық жүйе принціпі арқылы жеңіп аылнады, екініші бөлігі партия тізімі бойынша сайлауға байланысты бөлінеді. Ұсақ партилардың өкілдерін шектеу үшін мұндайда шек қойылады. Мысалы: Германияда бес пайыздан кем дауыс алған партияның өкілеттігі шектеледі. Бұл жүйе тұрақты үкімет құруға мүмкіндік береді.
1.2. Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңына сипаттама.
Еліміздің алғаш сайлау туралы заңы 1993 жылдың 9 желтоқсанында қабылданды. Осы заңға сәйкес Қазақстан мажоритарлық сайлау жүйесінің екі түрі енгізілді:
1. Абсолюті көпшілік жүйесі
2. салыстырмалы көршілік жүйесі.
Қазақстанның сайлау жүйесі дамудың бірнеше кезендерінен өте келе, соңғы «өзгертулер мен түзетулер » енгізілген сайлау туралы заңның жаңа нұсқасы жасалынды. Жаңа заң 2003 жылдың 15 сәуірінде жарыққа шықты. Заң «Қазақстан республикасындағы сайлау туралы » Қазақстан республикасының конституциялдық заңы деп аталады.
Сайлау туралы заңныңмазмұны екі бөлімнен тұрады:
1. жалпы бөлім
2. ерікше бөлім
жалпы заң 15 тараудан тұрады. Бірінші бөлімде 9 тарау, екінші бөлімде 6 тарау.
Осы конституциялық
заң Республика президентінің, парламентінің
сенаты мен мәжілісі, маслихаттары
депутаттарының және жергілікті өзін
өзі басқару органдары
Республикадағы сайлау Республика азаматының сайлау және сайлану құқығын еркін жүзеге асыруына негізделеді.
Республика Президентін, парламент, мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын, жергілікті өзін - өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жағдайында өткізіледі.
Республика парламенті сенатының депутаттарын сайлау жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жағдайында өткізімді.
Азаматтардың сайлауға қатысуы ерікті болып табылады. Азаматты сайлауға қатысуға мәжбірлеуге, сондай – ақ оның еркін білдіруді шектеуге ешкімнін де құқығы жоқ.
Республиканың он сегіз жасқа жеткен азаматтары тегі, жынысы, ұлты, нанымы, т.б. жағдайларға қарамастан жалпыға бірдей белсенді сайлау құқығы бойынша дауыс беруге құқылы.
Бәсен сайлау құқығы бойынша Қазақстан республикасы парламентінің, мәслихатының депутаты немесе жергілікте өзін - өзі басқару органына мүше болып сайлануға құқылы.
Республика президентін, парламентінің және мәслихаттарының депутатарын, жергілікті өзін - өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауда жасырын дауыс беріледі әрі сайлаушылардың еркін білдіруіне қандай да болсын бақылау жасау мүмкіндігіне жол берілмейді.
Сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік сайлау органдары сайлау комиссиялары болып табылады. Сайлау комисияларының біртұтас жүйесін мыналар құрайды:
1. Республиканың орталық сайлау комиссиясы;
2. Аумақтық сайлау комиссиялары ;
3. Окруктік сайлау комиссиялары;
4. Учаскелік сайлау комиссиялары ;
Сайлау комиссияларының өкіметтік мерзімі – бес жыл.
Аумақтық, окруктік және учаскелік сайлау комиссияларын саяси партиялардың ұсыныстары негізінде мәслихаттар сайлауды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кондидатура ұсынуға құқылы (тек осы саяси партияның мүшесі болып табылатын кондидатура).
Орталық сайлау комиссиясы Республика сайлау комиссияларының біртұтас жүйесіне басшылық етеді және тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.
Орталық сайлау
комиссиясы Республика пезидентінің ұсынуы
бойынша Парламент мәжіліс
Азаматық сайлау комиссиялары обылыстық, аудандық, қалалық, ауданарлық сайлау комиссиялары аумақтық болып табылады.аумақтық сайлау комиссиялары жеті адамнан тұрады. Пезидентті, Праламенттің және мәслихаттардың депутаттарының мүшелерін сайлауды әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз етеді.
Окіруктік сайлау комиссиялары сайлау окіругтерінде Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттарын сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді. Комиссия 7 адамнан құрылады.
Учаскілік сайлау комисиялары 7 мүшеден тұратын құрамда құрылады. Сайлау учаскісінде Пезидентті, Парламент Мәжілісінің маслихатардың депутаттарын және жергілікті өзін - өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөніндегі сайлау шараларын жүргізеді, әрі т.б. өкіметтерді жүзеге асырады.
Сайлау кезінде таңдаушылардың тізімі жасалады. Ол үшін азамат нақтылы сайлау учаскесі аумағында тұруы қажет. Сайлаушылар тізімі әліпби тәртібімен жазылады. Сайлаушылар тізімдеріне Республиканың белсенді сайлау құқығы бар азаматтар, шалғай жерде тұратын, тергеу изаляторы, кемелерде болған азаматтар, әскер бөлімдерінде тұрған әскери қызметшілердің барлығы, шет мемлекеттердегі жүрген Республиканың азаматтары т.б. енгізіледі.
Таңдаушылар тізіміне облыс аумағында орналасқан мәслихаттардың тиісінше республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасы мәслихатының барлық депутаттары енгізіледі.
Сайлау алдындағы үгіт – сайлаушылардың белгілі бір кандидаты, саяси партияны жақтап немесе қарсы дауыс беруіне қатысуға түрткі болу мақсатындағы қызмет.
Сайлау алдындағы үгіт кандидаттар тіркелген басталып сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.
Сайлау алдындағы үгіт бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, баспа, дыбыс-бейне және өзге де үгіт материалдарын тарату жолымен, жиналыс, кездесу, шеру, митинг және конституцияда тийым салынбаған өзге де шаралар арқылы жүргізіледі.
Сайлау болатын
күні, оның қарсаңындағы күні
кез келген үгітке тийым
Сайлауды қаржыландырудың екі түрі бар:
1. Мемлекеттік қаржыландыру;
2. Мемлекеттік емес қаржыландыру;
Мемлекеттік қаржыландыру
болып Республикалық бюджет қоры
қаражатынан қаржыландыру табылады.
Мемлекеттік емес қаржыландыру сайлау
қорлары қаражатынан
Арнаулы уақытша шот бойынша барлық қаржылық операциялар сайлаудың алдындағы күні сағат 18.00 ден бастап тоқтатылады. Сайлау бюлитеньдері орналасқан мемлекеттік тілде және орыс тілінде басылады. Бюлитендері учаскелік сайлау комиссияларына сайлаудан кем дегенде бір күн бұрын жеткізіледі. Бюлитеньдер орналасқан мөрлеп бекітіліп ішкі істер органдарының күзетуіне тапсырылады.
Дауыс беру сайлау күні жергілікті уақытпен сағат жетіден жиырмаға дейін өткізіледі. Учаскелік сайлау комиссиясы дауыс беретін уақыт пен орын туралы дауыс беру өткізілетін күнге дейін он күннен кейін кешіктірмей хабарлау тиіс. Дауыс беру басталғанға дейін бір сағат бұрын дауыс беруге арналған учаскелер ашылу тиіс. Дауыс беруден отыз минут бұрын сайлау жәшіктерінде бюлитеньдер бар ма, жоқ па тексеріледі, жәшіктерге пломба басылады.
дауыс беру қортындыларын санау жергілікті уақытпен сағат жиырмада басталады. Сайлау учаскесіндегі дауыстарды санау уақыты санау басталған кезден бастап он екі сағаттан аспауға тиіс. Жәшіктерді төраға дауыс берудің аяқталғаны туралы хабарланғаннан кейін тиісті комиссия алуға тиіс.
Президентті, Парламент депутаттарын сайлау қорытындаларын Орталық сайлау комиссиясы анықтайды.
Мәслихат депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау қорытындыларын аумақтық сайлау комиссиялары анықтайды.
Қазақстан Республикасының Сайлау туралы заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне бйланысты заңға жаңа 9-1 тараумен толықтырылды. Бұл тарау «Электрондық сайлау жүйесін пайдаланып сайлау өткізудің ерекшеліктері» деп аталады. Яғни сайлау өткізу кезінде сайлаушылардың тізімін жасау, дауыс беру, дауыс берудің қорытындыларын белгілеу мен сайлау нәтижесін анықтау үшін сайлау округі аумағынды электрондық сайлау жүйесі пайдалануы мүмкін.
Электрондық сайлау жүйесі – сайлауға әзірлену мен оны өткізу кезінде ақпараттық процестерді автоматтандыруға арналған ақпараттық технологиялардың, ақпараттық желілердің және оларды бағдарламалық – техникалық қамтамасыз ету құралдарының жиынтығы.
Электрондық сайлау жүйесі электрондық бюлитеньмен жүргізіледі.
Электрондық сайлау жүйесі арнайы бөлінген комуникациялық желілерге осы тармаққа сәйкес ақпарат беру үшін қажетті мерзімге ғана қосылады.
Сайлау туралы заңның ерекше бөлімінің басты екі тарауы – ол Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы және Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауы.
Президеттікке кандидаттар ұсыну сайлауға дейін үш ай бұрын басталып, екі ай қалағанда аяқталады.
Орталық
сайлау комиссиясы аумақтық
Республика Президенті болып:
1) дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу процентінен астамының дауысын алған;
2) қайта дауыс беру кезінде басқа кандидатпен салыстырғанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көпшілік дауысын алған тағайындалады.
Президент сайлау өткізген күннен бастап жеті мерзім ішінде тіркеледі.
Сенат депутаттары сайлауын тағайындауға мыналар:
1) кезекті сайлау үшін – Сенат депутаттарының конституциялық өкілеттілігі мерзімінің бітуі;
2) кезектен тыс сайлау үшін – Парламент өкілеттілігінің мерзімінен бұрын тоқталуы Сенатта өкілдігі жоқ тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністердің құрылуы;
. 1) шығып қалған депутаттардың орнына сайлау өткізу үшін – депутат өкілеттілігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуы, оны мандатынан айыру не оның қайтыс болуы негіз болып табылады.
Сенат депутаттығына кандидаттар ұсыну сайлау тағайындалған кейін келесі күні басталып, сайлау өткізілетін күнге бір ай қалғанда аяқталады.
Кандидатты тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін бастап, сайлау күніне 20 күн қалғанда аяқталады.
Республика бойынша тұтас алғанда Сенат сайлауының қорытындыларын орталық сайлау комиссиясы сайлау өткізілген күннен бастап жеті мерзімнен кешіктірмей шығарады.
Сенат депутаты сайлауында:
2) дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың елу процентінен астамының дауысын алған;
3) қайта дауыс беру кезінде басқа кандидатпен салыстырғанда таңдаушылардың дауыс санының көпшілігінің дауысын алған сайланады.
II. Қазақстанның сайлау жүйесінің қалыптасуы және оның бүгінгі мәселелері
2.1. Қазақстанның сайлау жүйесінің қалыптасуы.
Қазақстан Республикасының сайлау жүйесінің қалыптасып дамуын төрт кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең 1989 жылдың қыркүйегі мен 1992 жылдың желтоқсаны аралығына келеді. Бұл каезеңдегі Қазақстан сайлау жүйесінің ерекшелігі, оның бұрынғы кеңестік жүйеден мұраға қалғаны болды. Тоталитарлық саяси жүйе мен коммунистік партияның толық билігіндегі сайлау институты әу бастан-ақ бірнеше кандидаттардың арасынан таңдау мүмкіндігін бермейтін. Ол жалған «халық билігінің» бір белгісі ретінде ғана әрекет етті және таза символикалық шартты сипатта болды. Сайлау құқығының жалпылық, теңдік сияқты принциптері тек Конституцияда ғана жария етілді, іс жүзінде қолданылмайды. Халық өзі таңдағанға емес, партиялық комитет тағайындағанға дауыс берді. Сондай-ақ, халықтың атынан түскен кандидаттардың баламалары жоқ еді. Кімнің депутат болатындығы жөніндегі партоменклатуралық шешімі тоталитарлық мемлекеттегі жалған өкілдіктің елеулі белгісі болып табылды. Мұндай сайлаулардың өткізілуі партия мен халықтың бірлігін, Кеңес азаматтарының толық ынтымақтылығын көрсетуге арналған болатын.
Алғашқы КСРО халық депутаттарын еркін сайлау – 1989 жылы М.С. Горбачевтың ұсынымен енгізілді. Бұл сайлаулар баламалы бәсекей сиатта болды. Бір мандаттық округтер сайлау үшін дауыстың абсолютті көпшілігінің болу қажеттігі жеңімпазды анықтау үшін тур өткізілуі әрине жаңалық еді. Алғаш рет Компартиядан тәуелсіз депутаттар сайланды. Бұл сайлаулар 1990 жылы Одақтас Республикалардың көпшілігінін, соның ішінде Қазақстанда да өтті.
Сол уақыттың сайлауы жүйесін – оның жұмыс істеуінің ең негізгі сәттерін реттейтін тұтас заңның жоқтығын ерекшелендіреді.Қазақстанда 1990-1992 жылдары болған және негізінен 1993 жылдың аяғына дейін өзгеріссіз қалған сайлау жүйесін талдауын мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Жұртшылықтың қатысуы қамтамасыз ететін бұл сайлау жүйесі сол кезең үшін тоталитаризмнен демократияға өтудің бастапқы уақытындағы демократиялық қадам болды. Сонымен бірге сайлаудың бұрынғы тоталитарлық жүйесі түзетілді. Мұның бәрі өкілдікті органдар жүйесімен олардың құрамын едлеулі демократияландыруға мүмкіндік бергені сөзсіз.
Қазақстан сайлау жүйесінің эволюциясының екінші кезеңі 1993 жылдың қаңтарынан 1995 жылдың тамызы аралығын қамтиды. 1992-1993 жылдардағы сайлау жүйесі қалыптасып келе жатқан жаңа қоғамдық қатынастар мен саяси билік жүйесіне сәйкеспейтін, сондықтан да қайта ұйымдастыруды қажет етті. Дегенмен бұрынғы сайлау жүйесі арнаулы сайлау заңы қабылданғанға дейін әрекет ете берді, оған өзгерістер енгізу арқылы ғана елеулі қадамдар жасалды. 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған Конституция ең алдымен, өкілдіктің жүйесінен принцип өзгерті. Конституциялық құрылыс негіздерінің 4 қағидасына сәйкес, Республикадағы мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы осы биліктің тікелей және өз өкілдері арқылы іске асыратын Қазақстан халқы болып табылды. Республика азаматтары тікелей және өкілдері арқылы мемлекеттік істерді басқаруға, мемлекеттік және жергілікті мәндігі заңдар мен шешімдерді талқылауға құқық берген Қазақстан Республикасы Конституцияның 14-бабы болды:
1. Заң мен сот алдында жұрттың тең;
2. Тегіне, әлеуметтік лауазымдық және мүліктік жағдайына, жұмысына, әсіліне, ұлтына, тіліне, діни көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдайаттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды;
Осыған байланысты
Жоғарғы Кеңес пен жергілікті
өкілдікті органдардың
Сайлау жүйесін нақты реформалау он екінші сайланған Қазақстан Республикасының Кеңесінің 1993 жылғы 9 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Сайлаулар туралы» кодексті қабылдаумен басталды. Сайлау туралы кодекске сәйкес, Қазақстанда мажаритарлық сайлау жүйесінің екі түрі енгізілді:
1. Абсолютті көпшілік жүйесі. Бұл жүйенің ерекшелігі, сайлау өз нәтижеге жетпеген жағдайда дауыс берудің екінші туры өтеді. Бұл жүйе Қазақстан Республика Президенті сайлауында қолданылды. Мәселен, 1999 жылы 10 қаңтарында мажаритарлық жүйенің абсолютті түрі бойынша Н.Ә. Назарбаев мезгілінен бұрын 7 жылдық мерзімге Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. (Бұған дейін 1990 жылы сәуірінде Жоғарғы Кеңес Президент етіп сайлаған. 1991 жылы желтоқсанынан – Қазақстан Республикасының Президенті. 1995 жылы референдумда резиденттің өкілеттілігі ұзартылған),
2. Салыстырмалы көпшілік жүйесі: бұл жүйенің ерекшіктерінің бірі – егер сайлау округінде бір кандидат дауысқа түссе, онда оған берілген дауыс саны қарсы берілген дауыс санынан артық болған жағдайда сайланады. Бұл жүйе Жоғары Кеңес пен Жергілікті өкілдікті органдарғаа депутаттар сайлауында қолданылады.
Қазақсьанның сайлау жүйесі дамуының үшінші кезені 1995 жылдың тамыз айынан 1998 жылдың күзіне дейін қамтиды. 1995 жылдың 30 тамызыңдағы республикалық референдумда Қазақстан республикасының жаңа Конституциясының қолдауы саяси – институциялдық жүйенің, оның ішінде сайлау жүйесі мен сайлау заңының өзгеруіне әкеліп соқтырды.
Республикадағы сайлау жүйесі туралы толық түсінік беретін сайлау заңы жөнінде айтсақ, оның қарастырылып отырған кезенде, ең алдымен конституциялық заң күші бар. Ол «Қазақстан Республикасындағы сайлаулар туралы » Қазақстан Республикасының Пезидентінің жарлығымен көрсетілген.
Осы жарлыққа орай кондидаттардың барлық категорияларына екі түрлі мажориталды – абсолютті көршілік жүйесі бекітілді, тек жергілікті өзін - өзі басқару органдары салыстырмалы көршілік негізінде сайланатың болды. Дауыс берудін екі түрлі жүйесін енгізу Қазақстан үшін бұрынғы сайлау жүйесімен салыстырғанда алға басқан қадам еді. Өйткені ол дауыс беру нәтижесінде обьективті бағалауға мүмкіндік береді.

- Қазіргі кездегі Жапония мен Қытай дипломатиясы
- Қазіргі кездегі мемлекеттік басқару нысаны
- Қазіргі кездегі халықаралық қатынастар
- Қазіргі кезде кәсіпорынның айналымнан тыс қаражаттарының тиімділігін арттыру жолдары
- Қазіргі кезде қолданылатын ауылшаруашылық алқаптарды бағалау әдістемесі
- Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі қызмет мен
- ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ
- Қазақтың ұлттық бас киімін тігу әдістемесі. Бөрік
- Қазақ ұлттық педагогикасының қалыптасуы
- Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері
- Қазіргі жағдайда қаржыны басқару
- қазіргі жағдайы мен даму болашағы
- Қазіргі замандағы әлемдік ақшалар
- Қазіргі замандағы Испанияның дипломатиялық қызметі