Қазақтың ұлттық бас киімін тігу әдістемесі. Бөрік

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

«М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі»

 

 

          

 

                                                               

 

 

Курстық жұмыс

 

Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық бас киімін    тігу әдістемесі. Бөрік»

 

 

 

 

 

                                 Орындаған: 47 «ә» тобының

                                                                             студенті Г.Хамзина

          Жетекші: Мұратбекова А.М.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Семей-2013

 

Мазмұны:

 

 

І. Кіріспе. .......................................................................................

ІІ. Негізгі бөлім.

2.1 Ұлттық костюм тарихы....................................................................

2.2. Қазақ киімдерінің жіктелуі.............................................................

2.3. Киім композициясының  басты заңдылықтары.............................

    1. Матаның қасиеттері……………………………………………..

2.5. Бұйымның тігу технологиясы…………………………………….

2.6 . Ылғалды - жылумен өңдеуге қойылатын техникалық шарттар..

2.7. Еңбек сабақтарында оқушы жастарға эстетикалық             тәрбие беру.........................................................................................

2. 8.Үлгі сабақтың тақырыбы: Ұлттық бас киім..................................

ІІІ. Қорытынды............................................................................................

     Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі: Киімнің көркем дәрежеде қабылдануы оның стилінің маңыздылығында. Сөздік анықтамаға сәйкес, стиль – бұл тұрақты және тұтас көркемдік жүйе, сәулет туындыларында бірыңғай әсем бейнелеу, сәндік – қолданбалы өнер және әрлендіру. Сән - өлшем, тәсіл, іс-қимыл бейнесі, әлеуметтік құбылыс. Киім бірінші қажетті зат. Оны өндірумен өнеркәсіптің әр түрлі саларына айналысады, ал сатумен сауда жүйелері шұғылданады Адам қоғамының дамуына және жаңа тарихи қоғамдастықтар пайда болуына байланысты адам киімі де түбірімен өзгеріп отырады.

 Матасын тандаудан  бастаған конструкторлық ізденіс, тігісін жүргізушінің шеберлігінен, түйменің, ілгектің лайықты тағылауымен  немесе арнайы жасауымен жалғаса  береді. Бұл – бір адамның қиялы  мен жүздеген адамдардың жұмысына  ұласатын күрделі іс.

Қазіргі  кездегі киімдер, өнер секілді, әр уақытта  да,  стильдің бағытында жүреді. Сән  мен стиль  бір-бірімен тығыз байланыста. Стиль тұрақты, ал сән  бір  орында  тұрмайды, үнемі алға қарай дамып  отырады.   Коко Шанель:  “Сән келеді және кетеді, ал стиль тұрақты” деген. XX ғасырмен   XXI ғасырда стильдің  мынадай бағыттары  тұрақталды: классикалық, романтикалық, спорттық  және  фольклорлық.

 Киімдер әсіресе әйелдердің  сұлулығын, сымбаттылығын, сонымен  қатар олардың шат-шадыман көңіл-күйін, көрсете алады. Адам өмірінің  кейбір белестерін, сезімталдығын, әдемілігін, мейірімділігін, кішпейілділігін  көрсете алатын мінездеме сияқты.

Мәселенің зерттелу деңгейі: Сонау көне заманнан бері киім адамның тұрақты серігі болып келеді. Ф.М.Пармон пікірінше, «Костюм – ол назарды адамның негізге бейнесі арқылы шешімін тапқан ансамбль. Киім ансамбліне киім-кишекпен бірге аяқ киім, шаш сәнділігі, бояу аксессуарларын біріктіру арқылы белгілі эстетикалық талғам енеді». Киім – кишек сахналы образдың әлеуметті ерекшелігі мен мінез – болмысын айқындай түседі.

Сонымен бірге курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі мынадай обьективті жағдайларға сүйенеді:

Біздің ойымша дәстүрлі мәдениеттің сәнді киімдердің ерекшеліктерін зерттеу барысында күттіремейтін міндеттер тұр. Соған орай мода талабына сай киімді жаңғыртып отыру адам мәдениеттілігінің де белгісі. Әр дәуірде, әрбір тарихи кезеңге сәйкес киімнің өзіне тән формасы, пішімі, өңделуі мен материалы, матаның түсі мен суреттері , олардың костюмге үйлесімді болады. Жас жеткіншектердің сегіз қырлы, бір сырлы сапалы да салауатты тұлға болып қалыптасуына бірден-бір себептер нәрсе-еңбек болғанда баланың көңілінен шығатын қызықтыратын шығармашылық шабытқа жетелейтін пайдалы еңбек. Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңгі ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігіне, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігі мен кәсіби шеберлігіне байланысты. Бұл соңғы кезде көтеріліп жүрген, дұрыс шешілуді қажет ететін мәселелердің бірі. Зерттеу тақырыбының қазіргі қазақ этносына белгілі жағдайда ыңғайлы әсер ету, талғам биіктігін тәрбиелеу. Қазіргі Қазақстан дизайнерлері мен қол өнері шеберлері дәстүрлі дүниетанымды да, мәдениетпен бірге сіңген рухани болмысты да аттап өте алмайды. Суретшілердің, шеберлердің, сәулетшілердің көркемдік проблемаларды шешу әдістерінен, образдық белгі ретінде ұсынылған идеяларынан, нақыштарынан, пластикалық түзілім шешімдерінен, бояндау мен образдың жалпы сомдалу сипатынан және оның оқылу ерекшелігінен көрінетіндігі сөзсіз. Осылардың педагогикалық, этнографиялық тұрғыдан теориялық және әдіснамалық негіздемелерін жасауының қазіргі таңдағы көкейкесті мәселе болып табылады. Біздің жұмысымыздың аталып өткен зерттеулерден бір ғана және негізгі айырмашылығы зерттеу объектісінің өзгешелігінде, яғни айтылып отырған мәселелердің біз басқа қырынан және мәдениет проблемаларына сәйкес өзіміздің ұстаным жағынан қарастырамыз.

Курстық жұмысымның тақырыбы: «Қазақтың ұлттық бас киімін тігу  әдістемесі. Бөрік»

Курстық жұмыс мақсаты:  Бөрік  үлгісін кестемен әшекейлерді безендіріп қолдануы болып табылады.

Курстық жұмыс проблемасы: Бас киім ерекшеліктерін зерттеулер және өңдеуде алынған мәліметтерді қолдану.

Зерттеу объектісі: Бөрік бас киімді құрастыру және үлгілеудің тігу технологиясы.

Курстық жұмыстық міндеттері:

1. Ұлттық бөріктің эскизін құрастырып өңдеу.

2. Ұлттық бөріктің үлгісін кестелеу  өрнектеп тігу.

3. Ұлттық бөріктің  құрастыру, даярлау, пішу тігу.

4.Мектеппен байланысты  курстық жұмысты көрсету.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар: Теориялық зерттеулер негізі киімде кесте жиек тігістер кеңінен көп қолданылады.

Курстық жұмысты зерттеудің практикалық құндылығы:  

-   Ұлттық бөрік үлгісі коллекциясын кестемен әшекейлеу;

- Киімнің көркемдік сипаты, кию мәдениеттілігі, пішімі, түрі, жасалуы ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрде, халықтың жинақталған тәжірибесінде сұрыпталып отырады.

-  Сипатын, дәстүрлі формасын өркениетті мәдениетіміздің болашағына маңызды етіп көрсету, әрі дамыту, кеңінен пайдалануына жол ашу қажет.

        Курстық жұмыс құрылымы: кіріспеден, үш тараудан,  қорытындыдан, қосымшалар және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1 Ұлттық костюм тарихы

 Ата-бабаларымыздың  рухани болмысының «көшпелі»  еместігі көшпелілер мәдениетіне  салыстыра қарағанда айқын байқалады. Көшпелілердің өмір салты айналаны  қоршаған орта, табиғат, космосты, яғни  әлемді танып білуге өзіндік  ережесі болған. Ол өткен мен  болашақ арасындағы көзқарастың  біртұтас жүйесінде қалыптасты.

  Қазақ халқының қолөнері – ол көнеден келе жатқан тарихы, өнегелі дәстүрі бар өзіндік ерекшелігі мол байырғы өнер. Қазақ ою-өрнектеріне жақын сарынды біз көне сақ, скиф салтының өнерінен көреміз. Қазақ халқының дәстүрлі өнерін кезінде Ш.Уәлиханов, С. Дудин, Қ.Чепелев, С.И. Руденко, Ә.Марғұлан, Т.Бәсенов және т.б. ғалымдар мен өнер зерттеушілердің ғылыми еңбектеріне өнертанытқыштық мақсаттарда қарастырылған.

Қазақ халқының өмірінде материалдық өндірістің негізгі саласы көшпелі мал шаруашылық болған және күнделікті күнкөріс көзі болған малды өз қажеттілігіне пайдаланып, металды өңдеп, жауынгерлік тәртіпті меңгеріп, ат әбзелдерін, тұрмыс бұйымдарын жасап, оны қолдан қолға таратып қолөнермен айналысқан.

Көшпелілердің жаратылыс  структурасы жөніндегі түсінігі тұрмыстық заттарды да, әшекей бұйымдарда, сәулетті құрылыстарда көрініс тапқан. өмір шындығынан туындаған табиғат құбылыстары көшпелілердің санасында сәулеленуінің нәтижесінде малды қасиет тұтып, жануарлар мен өсімдік әлемінің өзгешелігін саналы түрде түйсіне жүріп, өздеріне жылылық, жарық т.б. рахат сезімдер беретін табиғат күштеріне табынған, олар өзінің ұзақ ғасырлы тарихында сан алуан діни наным-сенімдерді басынан өткерген.

ХVI – XX ғасырларда көшпелі қазақтың топтық санасы, әлеуметтік қоғамның тұрмысы көп өзгеріске ұшыраған жоқ.

Ежелгі тас дәуірінен бастап, бүгінгі күнге шейін қазақ жерінен табылған қолөнер үлгілерінің түпнұсқалары мен шынайы шелеңгір шеберлердің қолынан шыққан өнер туындыларының озық үлгілерін бүгінгі мұражайлардан көріп, тамашалауға, зерттеп, зерделеуге көп мүмкіндік береді.

Адам болмысындағы, әлеуметтік өмірдегі әсемдік пен сұлулықпен қатысты өлшемде – гармония жатыр. Ол – мәдени талғам және табиғилық, жарасымды философиялық мән, ұстамды сезім және әлеуметтік мәдениет пен үйлесімділікті қамтиды. Оның ең бастысы үйлесімділікпен сәйкестілік, үндестік, келістілік болып келеді. Ежелгі дүние даналарының әлем жөніндегі көзқарасында гармония түсінігі интуитивті қалыпта болса да көрініс табады. Пифагор үлгі жасау мәдениетінде дүниетанымдық түсінік жетекші рөл атқарады. Халықтың түсінігінде адам денесі үш бөлімнен тұрады.

Осы түсінікке Есік қорғаннан табылған сақ костюмін мысалға алсақ: 1) баскиімі; 2) кеуде киімі; 3) аяқкиімі деп бөлуге болады. Гармония құбылысы күрделі болғандықтан әр адам түрлі жағдайда форманы түріне байланысты оны әр түрлі қабылдайды. Гармонияны әр адам өзінше ұғуы немесе ұқпай қалуы да мүмкін. Мысалы, бір нәрсені бағалап тұрған екі адамның бірі сол нәрседен өзіндік жарастық көрсе, екіншісі керісінше оны дисгармониялық көрініс деп байланыстыруы мүмкін.

Демек, адам денесі қазақ түсінігінде бас, кеуде, аяқ болып байланысады. Сондықтан қазақ киімінде баскиім, кеуде киімі және аяқкиімі басты орында тұрған.

Сақ кезеңінің (7-6 ғ.б.д.д.) ескерткіштерінде көрініс тапқан «аңдық стильде» көбінесе тауешкі, арқар, бұғы т.б. жануарлардың кескіні бейнеленгенін білеміз. Тұтастай алғанда сақтардың «аң стилі» дүниетанымының заңды көрінісі көшпелілер идеологиясын білдіретін айырықша бейнелер ретінде құрылып қалыптасқан.

Мәселен, сақ жауынгерінің баскиіміндегі «Алтын таулар» да үш биіктен тұрады, биік, орта және екі шеті аласа. Ондағы ою-өрнектер тік сызықты үш қабатқа бөлінген. Жалпы үштіктен бүкіл қарама-қарсылық мәдениеттің заттық ескінің бүкіліне тән. Оның дулығасы сақтардың космос жөніндегі символикалық түсінігін бейнелеген.

Шеңбер бойындағы қалпақ алтын таулар мен ағаштар тізбегін көмкеріп тұр. Тау баурайында «жер хайуандары»: жолбарыстар мен ешкілер, шырқау биікте құстар мен қанатты жолбарыстар бейнеленген. Бұл әлемнің тқменнен жоғарыға қарай үш бөлінген – жер асты дүниесі, жер мен аспан көктің заттанған көріністері. Дөңгелек жиекті крест іспеттес болып орналасқан нүктесінде әлемнің жан-жағын шығыс пен батысты, оңтүстік пен солтүстікті күзетіп тұратын аңдар бейнелері қойылған. Баскиімнің алдыңғы жағына күллі космостың тұтас бейнесі – төрт қанатты пырақ пен төрт алтын жебе салынған. Бұл күн өз жолымен жүргенде айналып өтетін барша үш дүние мен жалғанның төрт бұрышын түгел билейтін өкімдіктің өзгеше бір белгісі. Алдыңғы жақты сақтар жалғанның шығыс жағы, артқы жақты батыс жағы деп есептеген. Осындай тәжде көсем бүкіл космосты билеуші, дүниенің кіндігі. Оның орталығының бейнесіндей болған, ал оның киіміндегі символдардың бәрі мифологиялық ұғымдар.

Сол көне дәуірде сақтар мен массагеттер киімдерінің өзіндік ерекшеліктері болғандығы жайлы ежелгі ғалымдар Геродот, Ктесий, Страбон да жазады.

Олардың тақиясының немесе бөркінің төбесі үшкір болған, етікті былғарыдан тіккен, ал сырт киімдеріне ою-өрнектің орнына аңның, құстың шынайы бейнелерін салдырған, жылтырауық бастырмалар таққан.

Мысалы, сақтар негізінен нақышты суретті (татуировканы) өз батырлары мен көсемдерінің денесіне де салған. Ер адамның беті мен денесіндегі нақышты бейне – батырлықтың белгісі болып табылған. Ал қару жараққа салынған аң бейнесі шайқас кезінде батырларға, жауынгерлерге рух беріп, оқ дарытпайды, жеңіске бастайды деп сенген.

Сондай-ақ, ежелгі аңыздарда «аңдық стиль» өнерінің негізі адамның әр түрлі жануарлардан шыққандығы туралы түсініктерімен байланыстырылады. Адам өз тегін табиғатпен байланыстырып, өздерін соның бөлшегі деп есептеген. Мәселен, әрбір ру не тайпаның шыққан тегі: бұғы, қасқыр, арқар, бүркіт т.б. аңдар киелі есептеліп, аң бейнелері бар заттарды қасиетті тұмар етіп таққан.

Бағзы заманда көне тайпа шеберлер құс, аң, жан-жануарлардың шынайы бейнесін мифтік танымда бейнелеген. Тұтастай алғанда сақтардың «аң стилі» дүниетанымының заңды көшпелілер идеологиясын білдіретін айырықша бейнелер ретінде құрылып қалыптасқан.

Қ. Ақышевтің зерттеулерінде қазақтың арғы тегі сақ, қаңлы, үйсін тайпаларының мәдениеті мен өнері Орта және Алғы Азия тайпалары мен халықтарының, Шығыс Европа мен Шығыс скифтерінің өнерімен тығыз байланысты болғаны айтылады.

Скиф- сақ тайпаларының сонау көне заманнан бізге келіп жеткен алтын бұйымдары мен ою-өрнек үлгілерінің өзі-ақ ертедегі көшпенділер мәдениетінің сан-саласынан сыр шертеді. Ол сақтардың ежелгі қазақ руларының эстетикалық көзқарастарын, талғамдары мен шеберліктерін танытып, бізге сол кездегі адамдардың дүниетанымдылық болмысы мен көзқарасын топшылауға негіз болды.   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Қазақ киімдерінің жіктелуі

Қазақ киімі өзінің қарапайымдылығымен, үйлесімділігімен, жүріп-тұруға ыңғайлылығымен ерекше болған. Мұның өзі тұрмыс қажетінен басым, көпшілігі көшпелі өмір сүрген, көлік үстіндегі іс-әрекетінен туған жағдай.

Ал, оның құрамында алтын күміске, інжу, перуза секілді тастар қондырылып соғылатын алқа, тамақша, сырға, бойтұмар, қапсырма, жүзік, сақина, білезік сияқты зергерлік заттар, маржан тізбектерінен неше түрлі әдістермен сәукеле, қасаба, бөрік, тақия, айырқалпақ сияқты кестелі – зерлі баскиімдер, аса зор талғаммен байқалатын кемер белбеу, кісе белдік, көксауыр етік пен зерлі кебіс секілді бұйымдар әсемдікке деген әуесқойлықты көрсетеді.

Бұдан қазақша киім табиғатындағы екі жақтылықты – тұрмыс қажетімен сымбаттылыққа, әсемдікке құштарлықты аңғаруға болады. Себебі материалдық өндірістің өзі барлық жағдайда халықтың эстетикалық қызметімен біте қайнасып жататын құбылыс.

Қазақта күнделікті киім-кешек пен салтанаттық киімнің пішімінде айырмашылық бола бермеген.

Салтанаттық киімнің тігісі жатық, пішіні сыпайылау, зерлі-оқалы, кестелі, баскиімдері биіктеу, аяққа киетіндері биік өкшелі, қайқы тұмсықты, түсті қайыстармен, зерлі жіптермен боялған, өрнектелген болып келсе, оның үстіне салтанаттық киімнің құрамында алтын, күміспен апталған, жалған қаралы, қиыршықты, ширатпалы қапсырма белдіктер, алқа, шолпы, сақина, білезіктер болған.

Күнделікті киетін киім шекпен тоқымасы, дөрекі кездеме, кенеп, шыт, сәтен, қой терісі секілді қарапайым материалдан тігілсе, салтанаттық киімдерге барқыт, масаты, жібек, сәтен маталар, бұлғын, құндыз терілері, бұлан немесе бұғы күдерісі, жылқы шегеріні пайдаланылған.

Киімдегі әлеуметтік ерекшеліктерді оған пайдаланылған материалдың құндылығымен, киім-кешектің әшекейінен, бірінің үстіне бірі киілетін бешпет, шапандардың санынан, баскиімдердің көлемінен ғана ажыратуға болады.

Халық шеберлері киім тіккенде іс тапсырушының талғамын, жас ерекшелігін, дене бітімін, бет әлпетін мұқият ескерген. Киім-кешекті әр жерде мүмкіншілігіне қарай өзінше тіккенімен, бүкіл қазаққа тән түр ұқсастығын, пішімін, бояу нақышын сақтаған. әсіресе қыздар, әйелдер, кейуаналар киетін киімдерден ажырата білген.

Әйел киімі

Қыздар белі қыналған, етек-жеңіне желбезек салған қос етекті көйлек, оқалы қамзол киіп, беліне метал шытырлармен безендірілген немесе ширатпалы күміс белдік (оны нәзік белдік деп те атайды) буынған.

Ал қайсібір жерлерде етек-жеңіне екі-үш қатар бүктесін (оны Маңғыстау мен Атырауда қосетек деп те атайды) берген, арқасы немесе белі бүрілген көйлек, оның сыртына қамзол киетін болған. Қазақстанның оңтүстігінде осындай көйлектің үстіне белдемше қаусырынады немесе шалғы орайды екен. Қалыптасқан дәстүр бойынша үкілі тақия, әсіресе бойжеткен дәуреннің белгісі іспетті белдік асқан ұқыптылықпен безендірілген.

Қыз бала үшін белдігін жоғалту арынан айырылғанымен бірдей болған. Егер қыз бала өз қалауымен немесе қос етекті көйлек киюдің ешқандай сөкеттігі болмаса, екі-үш бала тауып, егде тарта бастаған әйелге шымқай түсті матадан тігілген, кестеленген немесе қос етек салынған көйлек кию ерсі көрінетін.

Қыздар шашын көбінесе қос бұрым етіп өріп, бас киімсіз-ақ жүре беретін болса, әйел күйеуге шыққан соң, самай шашын басқаға, әсіресе еркектерге көрсету күнә дейтін ескі дәстүрге сай ақсаңнан (сұрыптан) тігілетін, кеудесін, иығын, жон арқасын жауып тұратын, жақтауы, өңірі, тамақ жағы кестеленген кимешек киген.

Әйелдің бұл бас киімі ел арасында шаршысының пішімінің үлгісіне қарай шылауыш, сұлама, күндік, орама деп аталған.

 

Әдет-ғұрып костюмі. Бөрік

Ерлер де қыздар да киетің баскиім. Бұрын жігіттер мен ересек адамдар бас киімсіз жүрмеген бөрік киген.

Қамқаның бөрік кидім қиығынан,

Біреуге, біреу күлер миығынан...

Басында түлкі бөрік түбіттелген

Боларма сенен артық жігіт деген.

Сермейсің жел сөз десе емін-еркін.

Басыңа жарасымды камшат бөркің, -

деген халық жырларына арқау болған бөрік туралы деректерден байқайтынымыз оның бөрікті ерлер де, қыздар да кигенімен қазақта «бөріктінің намысы бір» деуден оның көбіне еркектерге тәң баским екендігін көрсетеді. Бөріктің төбесі  көбіңе төрт сай немесе алты сай болып келеді. Әр сайдың төбеде түйісетін ұштары үшбұрыш тәрізді етек жақтары төртбұрыш болады. Осы қиындылардың бір бетіне шүберектен астар, екі арасына жұқа матадан бидай шүберек салып, жиі етіп сыриды. Содан соң жеке-жеке сайларды біріне-бірін өбістіріп, ішінен де сыртыңан да  жөрмеп тігеді. Оның сыртын мақпал, пүліш, барқыт сияқты қымбат маталармен тыстайды. Сырты неше сай болса, іші сонша сай болады. Бұдан кейін бөріктің төбесінің етегі жай матамен астарланып, тігіледі. Жиектері, яғни төменгі жағы(түрмесі) төрт елідей бағалы аң терілерімен кейде қозы терісімен (қылшығын сыртына қаратып) көмкеріледі. Бөріктің түрмесі кейде жалпақ, кейде тері астына өосымша жүн тығып жұмыр етіп жасалады. Көмкерілген тері түрлеріне қарай кәмшат бөрік, құндыз бөрік, жанат бөрік, сусар бөрік, түлкі бөрік, күзен бөрік деп аталады.

         

Бөріктер ұзынша, сопақша, төбесі үшкір, күнқағарлы, үш, төрт неме алты қиықтан құралады да, оны үш, төрт, алты сай дейді. Оның жазғы, қысқы түрлері болады. Жаздық бөрік аң терісінен жұқа әрі жеңіл болып тігіледі. Қыстық бөріктің астарына жүн, мақта, сырып салып, барқыт, пүліш, атлас сияқты маталармен тысталады.

Қыздар киетін бөрік дөңгелек төбелі конус тәрізді биіктеу болады. Сәндік үшін төбесіне үкі, жиегіне моңшақ, зер, күміс шашақ тағып, түрлі асыл меруерт, маржан тастардаң тізбелер тігіп, алтын, күміс түймелер қадап, зерлі жіппен кестелеген.

Қазақта бөріктің әр руға тәң өзіндік үлгілері болған. Қарақалпақ, қырғыз, башқұрт, татар, ұйғыр, орыс, т.б. халықтар да бөрік киген.

Ертеректе жас жігіттер мен сал-серілер, ақындар бөркіне үкі тағып, зерлеп, өрнектеп киген. Мысалы, Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырай, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы бөрәктерінің төбесіне үкі тағып жүрген.

Іші елтеріден немесе аң терісінен  жасалатын, матамен тысталатын бөрікті Арқа жерінде «тақия» дейді. Семей облысындағы, әсіресе тобықты руындағы қазақтар бөрік орнына «жекей» аталатын елтірі тымақ киген.

 

 

 

 

2.3. Киім композициясының басты заңдылықтары

Киім дегеніміз – адам денесін мүшелеп немесе тастай бүркеп тұратын жабындылар жиынтығы болып табылады.Адам мен киімді бір-бірінен бөліп қарастыруға болмайды.Сонау көне заманнан бері киім адамның тұрақты серігі болып келеді..

Композиция – деген ұғымды костюм композициясы деп түсіндірсек, онда костюм өзіне тән амалдармен жасалатын әдістер бар екенін білдіреді.Композиция латын тілінен аударғанда «composito»-шығару, құрастыру дегенді білдіреді.Әр елдің , әр ғасырдың өзіне тән композициясы болған.Киімді құрастырғанда мына заңдылықтарды ұстанған жөн:

Ритм – ол элементтердің жүйелі түрде бірінен соң бірінің қайталануы. Ритмнің екі түрі бар: статикалық және динамикалық.

Контраст – пішіннің, түстің, өң сипатының  ерекшелігін анықтайды.

Нюанс – элементтердің бір-бірінен кішкене ерекшелігін атайды, киімдегі құрастыру сызықтарында, бөлшектерінде, түстерінде, өң сипатында бірдей пішіннің өлшем айырмашылығында кездеседі.

Тождества - пішіннің, түстің, өң сипатының, өлшемдерінің бір-бірімен сай тепе-теңдігі.

Симметрия – элементтерінің заңды түрде тең орналасуы. Симметрия түрлері: классикалық, орталық осьті симметрия, ассиметрия.

Силуэт – («silluett»-француз сөзі-кез келген нәрсенің сыртқы сұлбасы, көлеңкесі) ұзындығы мен ені бойынша адам мүсінінің пропорциясына жақындау келетін геометриялық фигуралармен (тікбұрыш, трапеция, үшбұрыш) сипатталады.Силуэт ұғымын киімді құрастыруда қолданылатын үлгі, фасон, пішім деген сияқты ұғымдармен шатастыруға болмайды. Силуэттің мынадай түрлері болады:

Тіке силуэт – «әмбебап», оны барлық жастағы адамдарға ұсынуға болады.Етегіне қарай сәл кеңейтілсе трапеция түріне ауысады. Киімді етегіне қарай көбірек кеңейтсе немесе керісінше, иық тұсында үшбұрыш құрылады.Бұл ұзын, әрі арық адамдар үшін жақсы көрінеді.

Қынама силуэт – бір-біріне «қарсы» тұрған трапеция немесе үшбұрыштардан құралған.

Сопақша силуэт сәнде сирек ұсынылады және ұзақ тұрақтамайды, себебі ол адам денесінің табиғи пропорциясына қайшы келеді.

Костюмнің силуэті силуэттік сызықтармен көрсетіледі. Силуэтке кіретін сызықтар белгілеуі бойынша келесі түрлерге бөлінеді:

Фасондық немесе үлгілі сызықтар-силуэттің ерекшелігін көрсетеді.

Конструктивтік сызықтар-костюмнің берілген силуэтке сай формасын және адам денесіне қонымдылығын бейнелейді.

Декоративтік сызықтар-әрлеу бөлшектерін бейнелейді.Бұл сызықтарды костюмнің фигураға қонымдылығын көзбен қабылдауды өзгерту қасиеттері бар.

Пішім – бұйымның ойластырылған үлгісін жасауға мүмкіндік беретін пішім сызықтары (бел сызығымен кесілген көйлек, реглан үлгісіндегі жеңдер, драпталған көкірекше, тұтас пішілген жең және т.б.).

Пропорция – көйлектің ұзындығы мен енінің, кеудешенің мен белдемшенің ұзындығының, бұйымның тұтас көлеміне қарай әр бөлшек мөлшерінің ара қатынасы.Ұлттық дәстүр киімі сәндік пен салтанаттың өлшемі.Костюмнің тұрпатындағы негізгі ой-адамның сұлу мүсіні, судай ағымдығы алынады.Пифагор мектебінің көзқарасы бойынша адам денесі, дене мүшелері белгілі бір матеметикалық заңдылыққа бағынған. Үйлесімділікті түсінбей сұлулықты түсінуді елестету мүмкін емес, ал үйлесімділікті түсіну үшін өлшемділікті, тұтастықты, пропорциялықты түсіну керек. Костюмді модельдегенде барлық құрылым негізінде тепе-теңдік және бірдейлік ұғымы жатыр.Адам денесі мен оның мүшелері осы сәйкестілік заңына бағынған. Пропорция бейнені ғана айқындап қоймайды, сондай-ақ бүтіннің құрылымдылығына, конструкциясы мен технологиялық процестеріне де тәуелді.Киімде пропорцияның маңызын түсіндіру арқылы адамның ойлау, салыстыру сезімдерін дамытуға болады.

Киімді ашып көрсететін құралдардың бірі ол – түс.Ол адамдардың сезіміне, көңіл-күйіне, жағдайына әсер етеді.Мысалы: қызыл түс-күннің, оттың, қанның, өмірдің символы. Ол әдетте қуанышты, әдемілікті, мейірімділікті, жылуды бейнелейді, бірақ сонымен қатар қауіпті, өмірге қатер бар екенін де көрсетеді.Бұрынғы уақытта адамдар киімнің түсін, материалын және пішімін өздерінің қоғамдағы орындарына сай, қызмет түріне байланысты таңдап киген. Қазіргі уақытта да «түстер заңы» қолданылады. Мысалы: ұлттық киімдерде түстер дәстүрге сай таңдалынады.

Қазіргі заманғы киімдерде алуан түрлі түстер мен реңдер, тондар қолданылады.Түстер мен түстітану туралы үлкен ғылым бар. Оның өз заңдылықтары бар.Костюмді дайындау барысында міндетті түрде түстің қасиеттерін ескеру керек. Ашық, таза, жылы түстер затты жақындатады және ұлғайтып көрсетеді, сонымен қатар оны жеңіл қылады.Қою, салқын түстер затты алыстатады және кішірейтіп көрсетеді, бірақ ауырлық береді.Барлық адамның өзіне тән сыртқы бейнесі болады, соның ішінде шашының, көзінің, терісінің түстерінің үйлесімділігі.Таңдаған киімнің түсі адамның сыртқы бейнесімен гармонияда болуы керек.

 

 

2.4. Матаның қасиеттері

Маталардың түрлері көп. Мысалы: стрейч, креп-атлас, мосс-креп, габарди, титаник т.б. Мата сән  секілді бір  орында тұрмайды, үнемі алға қарай дамып отырады. Мұның өзі маталарды қалауым бойынша таңдауға мүмкіндік береді. Талшықтық құрамына байланысты маталар: жүн, жібек, мақта, зығыр және  синтетикалық маталар болып бөлінеді. Маталардың физикалық, механикалық, технологиялық қасиеттері болады. Маталардың қасиеттері матаның сапасын айыра білуге және сапалы мата таңдауға көмектеседі.

       Физикалық қасиеттеріне – матаның  гигроскопиялық ауа өткізгіштігі, бу өткізгіштігі, шаң жұтқыштығы, беріктігі, электрленгіштігі жатады.

       Механикалық қасиеттеріне – матаның  мықтылығы, созылуы, қыртыстануы, серпімділігі, қаттылығы, тозбауы жатады.

       Технологиялық қасиеттеріне – матаның отыруы, тігілуі, пішілуі, ылғалды-жылумен өңделуі, сырғығыштығы, тарқатылуы, ойылғыштығы, қалыңдығы  жатады.

       Матаның беріктігі талшықтың  мықтылығына жіптің иірілуі мен  тоқылуына байланысты. Матаның қыртыстануы, талшықтың серпімділігі, созылғыштығы  мен жіптің иірілуіне байланысты. Ылғал - өткізгіштік қасиеті –  матаның қоршаған ортадан ылғалды  қабылдау қабілеті. Жылу сақтағыштық  қасиеті -  адам денесінен бөлінген  тұрақты жылуды сақтау. Шаң өткізгіштік  қасиеті – матаның шаңды тез  қабылдауы. Матаның отыруы    - ылғалды-жылумен өңдегенде , жуған  кезде матаның өлшемінің кішіреюі. Матаның тарқатылуы – жіптің  серпімділігі мен тегістігіне  жіптердің айқасуына байланысты.

Қосымша материалдар.

Дублерин - матаға      қатты      форма      беру  үшін қолданылады.

Оның  бір  беті  (оң  жақ)  тегіс,  ал  теріс жағына   клей   жапсырылған.

 Дублерин ді матаның   теріс   жағына   үтікпен үтіктеу арқылы  

жапсырады.Оны жапсырғаннан кейін мата қатты форма алады

Астарлы мата - Астарды  бұйымның   іш жағына   қосып  тігеді. Астар  киімге мықтылық, тазалық  береді. 

Қазақтың ұлттық бас киімін тігу әдістемесі. Бөрік