Қазақтың әдет-ғұрып құқығының қайнар көздері мен дамуының тарихи-құқықтық мәселелері
Мазмұны
Кіріспе.......................
1 Қазақтың әдет-ғұрып
құқығы жалпы сипаттама.....................
1.1 Қазақтың
әдет-ғұрып құқығының түсінігі, қағидалары
және ерекшеліктері.................
1.2 Қазақтың
әдет-ғұрып құқығының институттары..................
1.3 Қазақ қоғамындағы билер
қызметі.......................
2 Қазақтың әдет-ғұрып
құқығының қайнар көздері мен дамуының
тарихи-құқықтық мәселелері....................
2.1 Қазақтың
әдет-ғұрып құқығының қайнар көздері.......................
2.2 Әдет-ғұрып
құқығының құқықтық мәдениетінің бүгінгі
таңда жаңғыру нысандары және көріністері...................
Қорытынды.....................
Қолданылған
әдебиеттер тертізімі.....................
Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі. Қазақ халқы – «қазақ» деп бертінде аталғанына қарамай, өзінің көне дәуірлерге барып тірелетін тарихы, адамгершілік пен ұлағатты тағылымдарға толы рухани-мәдени қазыналары бар халық. Әлемдегі өзге халықтар мен ұлттар алғашқы тобырлық тіршілікті басынан өткеріп, бірін-бірі аяусыз құл етіп қанап, бірі-бірінің құқықтарын аяққа езіп, теңдікті, әділдікті, еркінділікті, бостандықты әдіра қалдырып жатқан кездің өзінде-ақ ата-бабаларымыз ақ пен қараны ажыратып, обал мен сауапты терең түсініп, еркіндік, бостандық, егемендік, әділеттік, адамгершілік категорияларын ту етіп көтеріп, нағыз демократиялық сипаттарға толы қағида-ережелерін жасап, тұрмыс-тіршіліктерін осы қағидаларға сүйеніп алып барып, өмір сүріп жатты. Еліміз өз тәуелсіздігін алып, егеменді мемлекет болғаннан кейін елеусіз қалып келген асыл мұраларымызды өгейсітпей, өз ұрпақтарына қайта қайтаруға мүмкіндік туды. Өркениетті елдердің бәрі дүр сілкініп, жаһандасу процесінде көлеңкеде қалып қоймай, бүгінгісі мен болашағының мызғымас қажеттілігін алдын ала ойлап, өздерінің өткендерін қазіргі күнмен сабақтастыра отырып, алтын қазыналарын сол іс-әрекеттеріне арқау етуде. Жаһандасу процесі барлық халықтардың өзара тіл табысуын жеңілдету, қағида-ережелерін демократияландыру, ақпараттар ағынын жиілету жолында реформалар жүргізіп жатыр. Бұл реформалардың негізі гуманизациялау. Әсіресе, халықаралық құқықты гуманизациялау қазірдің өзінде басталып кетті. Осы үрдіске қазақ әдет-ғұрып құқық жүйесінің де қосар үлесі мол болмақ. Сондықтан ата-бабаларымыздың асыл мұраларын терең зерттеп, талдаулар жасап қана қоймай, оны әлемге таныстыру, өзіміздің құқықтық-мемлекеттік жүйемізде қолдану – бүгінгі күннің маңызды мәселесі. Сондықтан да, үлкен ғалымымыз С. Зимановтың: «Бір кездері ежелгі қазақ даласындағы ұрпақтар мұрасы болып табылатын заңдылық пен әділ соттың «Алтын ғасыры» қайтадан біздің тарихымыздың алтын бетіне айналуда және болашақта жалпы өркениеттік мұрасына да айналар деген үміт бар» деген сөзі қазақ құқығының салмағы ауыр, мәні зор екенін ғана көрсетіп қоймай, алдағы уақытта әлемдік құқықтық жүйелердің ішінен өзіне лайықты орын ала алатынын меңзейді. Сол себепті қазақ әдет-ғұрып құқық жүйесін зерттеп, оқып-үйрену өте өзекті де маңызды болып табылады.
Әдет ғұрып құқығы құқықтық жүйенің тарихи тұңғыш түрі. Ол мемлекет заңдарынан түзелген құқықтық жүйеден өзгеше құбылыс. Қазақ қоғамындағы құқықтық өмірдің құпиясы оның адами ажарында, рухани келбетінде мәдени астарында.
Қазақтың әдет-ғұрып құқығы – нақтылама қоғам мен мемлекет дамуының объективті заңнамаларына негізделген барлық құқықтық құбылыстардың жиынтығы. Қазіргі әлемдегі құқықтық жүйелерді зерттеу - ғылыми-танымдық мақсаттардан өзге, құқықтық жүйелердің сипатты белгілерін анықтап, осы жүйелердің жандануына алып келетіндіктен біршама тәжірибелі маңыздылығы
Жұмыстың мақсаты. Қазақтың әдет-ғұрып құқығының қайнар көзі және даму ерекшеліктерінің мәнін, түсінігін ашу және дамуының тарихи-құқықтық мәселелеріне толығырақ тоқталу болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер алға қойылған:
- өзіндік әлеуметтік мәдени – құқықтық феномен ретінде қазақ халқының әдет-ғұрып құқығының құрамы мен табиғатына тарихи-құқықтық, теориялық талдау жасау;
- қазақтың әдет-ғұрып құқығының негізгі қағидаларын, әрекет ету шектерін зерделей отырып, тарихи мазмұнын және теориялық маңыздылығын ашып көрсету;
- қазақтың әдет-ғұрып құқығының әртүрлі институттарының құрылымын ашып көрсету;
- қазақ халқының тарихында билер институтының алар орны мен үлес салмағын айқындап, қазіргі Қазақстан Республикасының құқықтық жұйесінің қалыптасуына қарасты ықпалын бағалау.
- қазіргі қоғам мен мемлекеттің қолданылуына сай келетін кейінгі құқықтық даму перспективаларын қарастыру.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі. Жұмыстың зертеу объектісі болып қазақтың әдет-ғұрып құқығы танылады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан тұрады.
Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі көрсетілді, қазіргі қоғамдағы зерттеу қажеттіліктеріне сипаттама беріліп, зерттеудің ғылыми маңыздылығы айқындалған.
Бірінші тарауда әдет-ғұрып құқығына жалпы сипаттама беріліп, теориялық негізде талдау жасалады. Осы мәселеге байланысты заңгерлер мен тарихшылардың еңбектеріне шолу жасалып, тақырыптың мазмұнын ашуға арналған жұмыстар жүргізілді.
Екінші тарауда әдет-ғұрып құқығының қайнар көздеріне және оның түрлеріне жеке сипаттама беріліп, әдет-ғұрып құқығының қазіргі құқықтық мәдениетте қайта жаңғыру нысаны мен көріністеріне шолу жасалынды және қазіргі кезде тәжірибеде ұлттық құқықтық мәдениетімізде қаншалықты орын алып отырғаны жайлы бірқатар талдаулар жасалып, маңыздылығы түсіндіріледі.
Қорытындыда тақырыптың мазмұнына байланысты талдау жасалып, негізгі ұсыныстар мен талдау қорытындылары ұсынылған..
Дипломдық жұмысты жазу барысында отандық теоретик және тәжірибеші заңгерлер мен тарихшылардың еңбектері қарастырылған. Дипломдық жұмыстың доктриналды қайнар көздері ретінде Зиманов С.З., Күлтелеев Т.М., Кенжеалиев Ж.З., Тынышпаев М., Жумагамбетов Т.С., Артықбаев Ж.О., С.Н., Козыбаев М.К., Жиренчин К.А., Ахметова Н.С., Қожахметов Ғ.З., Маймақов Ғ. және т. б. зерттеушілердің еңбектері қолданылған.
Әдет-ғұрып құқығы – нақтылама қоғам мен мемлекет дамуының объективті заңнамаларына негізделген барлық құқықтық құбылыстардың жиынтығы.
Ежелден қалыптасқан Қазақ мемлекетінің қай кездегі қоғамын алсаңызда билер институты билік саласының екі функциясын атқарған. Оның бірі — таза сот істеріне үкім айту болса, екіншісі — елді әкімшілік жағынан басқарудағы мемлекеттік билікке араласу. Мемлекет мүддесі, отан қорғау, ел мен ел арасындағы мәмілегерлікті нығайтудағы маңызды істерге билердің қосқан үлестері де терең талдануы қажет.
- Қазақтың әдет-ғұрып құқығы жалпы сипаттама
1.1 Қазақтың әдет-ғұрып құқығының түсінігі, қағидалары және ерекшеліктері
Орталық Азия аймағының кең даласында сан ғасырлар бойы бастапқы табиғи-демократиялық дәстүрлерi бар тайпалар мен этностардың тағдырлары тоғысып, олардың негiзiнде өзi жайында тарихта өміршең ережелер мен құқықтық тәртіптер қалдырып, бiрiн-бiрi ауыстырып отырған ұлы да кiшi мемлекеттiк бiрлестiктер қалыптасып келдi. Осы ережелер мен құқықтық тәртіптерді оларды ұстанушыларымен қоса Дала қамтып отырды, осы арқылы оның «бостандық» идеялары мен мәдени шекаралары артып келді.
Орталық Азияның кең аймағы тарихта Кең Дала атауымен белгiлi (бертiндегi тарихи әдебиеттерде Кең Дала қыпшақтар мекені немесе осында мекендеген этникалық бiрлестiктердiң атауымен Қазақия деп аталады). Кең Дала цивилизациясы немесе Дала цивилизациясы айрықша социожүйелiк бiрлестiк болып табылады, оның шектерiнде көптеген эпохалар барысында этностың қалыптасуын қамтамасыз еткен қоғамды реттеудің тұрақты мемлекеттік жүйесi мен тұрақтылығы сақталып келдi. Мұнда негiз қалаушы этникалық топ түріктep мен олардың ата тектepi болған, сондықтан осы Дала да мәдени-этникалық мағынада Tұран немесе Tүpкicтaн деп аталып келдi.
Tүpкi тiлдi көшпелi өркениеттiң мәдени
құндылықтарының бiрi, оның өнімi
және өсиетi «Жарғы» атты қазақ
құқығы болды. Көшпелi өркениет шеңберiнде
қалыптаса отырып, ол Қазақстан
аумағында көптеген ғасырлар
бойында бiрiн-бiрi ауыстырып отырған
түpкi тiлдi және түpкi тiлдi емес мемлекеттiк
бiрлестiктер мен халықтардың
көшпелi және жартылай көшпелi бiрлестiктерiнiң
құқықтық дүниетанымдарының
Негiзгi қайнар көздерi Ұлы Даланың әдет-ғұрыптық нормативтiк жүйесi мен мәдени дәстүрлерi болған «Жарғы» қазақ құқығы қазақ халқын қоршаған табиғи жағдайларға бола сан ғасырлар бойында қалыптасқан нақты тарихи және мәдени ерекше құбылыс болып табылады. Яғни ол адамның бiр қадамдық aктici емес, ол осы адамның табиғатқа, қоғамға және басқа адамғa деген қатынасын көpceтeтiн кажеттiлiгi.
Қазақ құқығының қалыптасуы мен дамуында үш фактор басты роль атқарады. Бiрiншiден, қазақ тeгi мен қазақ халқының өзiнiң Еуразиялық континенттегi мекен ету ортасының кең байтақ болуы, ол объективтiк мән-жайлар арқасында көшпелi өркениеттің бiр бөлiгiнiң шоғырлануына орасан зор еркін аймақ пайда еттi. Қазiргi таңда Қазақ мемлекетi мекендейтiн аумағының көлемi жағынан әлемде 9-шы орынды алады - 2,72 млн шаршы км., ал 200-300 жыл бұрын ол 1,5-2 есе көп болған. Екiншiден, көшпелi және жартылай көшпелi қауымдар мен бiрлестiктердiң көшіп-қонуының үздiксiз созылған үрдiсi, ол негiзiнен Шығыстан Батысқа қарай жүрген және көптеген ғасырларға үрдiс болып табылады. Ол бүкiл Еуразиялық даланы басып өтеді және жаңадан туындап отыратын саяси және мемлекеттiк бiрлестiктердiң өзара ауысуы мен ыдырауының барысында көшпелi және жартылай көшпелi қауымдастықтар мен бiрлестiктердiң бip бөлiгi «Қазақия» деп аталатын осы «еркiн» аймаққа сiңiп, оған өздерiнiң табиғи-мәдени, әдет-ғұрыптық және демократиялық дәстүрлерiн әкеп қосып отырған. Үшiншiден, дала аймағының осындай кең жерiнде жауыздық пен соғыс орнына ертеден-ақ бейбiт ұмтылыстарға ауысқан болатын, ал жаулап алушылық шапқыншылықтар болса этномәдени шекараларда өзiндiк қорғауға жол берген болатын.
Қазақ әдет-ғұрып құқығы туралы әңгiмелегенде төмендегi eкi маңызды мән-жайға назар аудару керек. Бiрiншiсi - құқықтық ұғымдар, қағидаттар мен институттар сан ғасырлар бойында үздiксiз және iзбе-iз дамып, қалыптасып келдi, әpi әрбiр келесi ұpпақ саналы түрде алдыңғы ұpпақтың iciн жалғастырушы болды. Екiншiсi - сабақтастық, үздiксiздiк және тәжiрибе жинақталуы сияқты қасиеттер тән болған осы iзбе-iз дамудың саналық үрдiсi тек өзгерiстердiң ғана емес, сонымен бiрге органикалық өсудiң де белгiсi ретiнде қабылданады[2,68].
Көшпелi қоғамның құқықтық өміpі өткен тарихының және, әcipece, Ұлы дала заңының рухани, мемлекеттiк және саяси тәжiрибесiне негiзделген болатын. Көшпелiлердің «дала» заңы бйланыстырылған тұтастылық, ортақ жүйе, организм peтіндe қабылданған. «Организм» немесе құқық жүйесi секiлдi ұғымдардың өмiршеңдiгi құқықтық iзбасарлық қасиетiне сенiмдiлiгiне, оның ғасырлар және ұрпақтар барысында даму қабiлеттiгiне ceнімгe тәуелдi болды. Құқық организмi онда органикалық өзгерістердің механизмі салынғандықтан өмір сүріп келді. Құқықтың өcyi iшкi логикаға ие болады деген түсінік бар, өзгерiстер - бұл бұрынғының жаңаға икемделуi ғана емес, ол, сонымен бiрге, өзгерiстердiң жалпы моделiнiң бiр бөлiгi де болып табылады. Үрдiс әлдебiр iшкi қажеттiлiктi көpceтіп отырады. Өзгерiстер кенеттен, кездейсоқ емес, олар өткендi жаңадан талқылау арқасында болатындығы көзделедi, осы арқылы бүгiнгi таң мен болашақтың мұқтаждары қанағаттандырылады.
Қазақ әдет-ғұрып құқығы - жазылмаған құқық, ол жетекші материалдық және процессуалдық нормативтepi бар оңай жатталатын және сонымен бiрге өткip айтылатын негiзгi нормативтiк институттар мен көптеген қысқа ережелердiң жүйесiне негiзделген. Соңғылары, әдетте, нақты өмiрдегi жағдайларға пара-пар келетiн нақты нормаларды ықшамдау, талқылау арқылы шығаруға жетекшi бастамалар болып табылады.
Әдет-ғұрып құқығының нормалары тура, сөзбе-сөз пайдаланып, атқаруға apналмаған. Олар тәртiптiлiктiң классикалық үлгiсi (эталоны) болып танылған. Әдет-ғұрып құқығы нормаларындағы бастысы – бұл олардың ішкі мазмұны, олардың негізінде жатқан қағидаттар. Басты мақсаты - мазмұны мен мәнін бұрмаламастан, қағидаттарды іскe асыру. Мысалы, қылмыс пен жаза саласында – бұл қанды кек пен құн төлеу қағидаттары; неке және отбасы қатынастарда - жетi буынға дейiнгi экзогамдық тыйым; сот төрелiгi саласында әдiлдiлiк, ашықтылық және тiл байлығы. Әдет-ғұрып құқығының нормалары осыларға қызмет етті және осы мақсатта кебiнесе формальдық жақтарын құрбандыққа бердi. Қағидаттарын iскe асыру үшiн әдет-ғұрып құқығының нормалары қолданылу аясының әралуан жағдайларына икемделе отырып, варияцияланған болатын. Бұл жағдай адамдардың наным-сенiмдерi мен пiкiрлерiне, олардың көзқарастары мен ой-талғамдарына көп еркiндiк берiлгенiн бiлдiредi. Осыдан салт-дәстүрлер мен рәсiмдерге толықтай сүйенген және сол себептi өте формальданған құқықтық процедуралар туындап отырды. Дегенмен, осы себепке бола материалдық құқық икемдi және айтарлықтай формальданбағaн едi. Бiр ғaнa норма әртүрлi айтылуы, қолданылуының бiрнеше нұсқалары болуы мүмкін едi. Бұл өзгермелілігі олардың қоғамдық қатынастардағы кішігірім өзгерiстерге назар аудара алу қабiлеттiлiктерiнiң болғанын көрсетедi. Түpiнің әралуандылығы мен көпнұсқалығына рұқсат берiп қана әдет-ғұрып құқығының бүкiл жүйесiнiң бiрқалыптылығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге болады. Демек, әдет-ғұрып құқығы - бұл, ең алдымен, құқықтық қағидаттардың, көзқарастардың және сенiм-нанымдарың жүйесi және оларды іскe асыруды қамтамасыз ететін нормалар жүйесi. Көзқарастар мен сенiм-нанымдар қазақ қоғамындағы тәртiптiң негiзi болып caналады[3,59].
Құқықтық мазмұндағы көзқарастар мен түсініктердің пайда болуы сәйкесінше реттеуші күші бар қағидаттардың пайда болуын туғызатын. Ал ол, өз кезегінде, әралуан ситуацияларды, өмірдегі көптеген қайшылықтар мен дауларды шешуге бағытталған жаңа нормалардың туындауын пайда eтеді. Қағидаттар құқықтық ұғымдармен қатар әрекет етті, олар бiрiн-бiрi толықтырып, жаңа құқықтық ұғымдармен түсініктердің пайда болуы мен дамуын ынталандырды. Көшпелi қоғамдағы құқықтық қағидаттар құқықтық түciнiктepгe қарағанда құқықтық шынайылыққа, тәжiрибеге, даулар саласына анағұрлым жақын болатын.
Көшпелiлердiң идеялары болып табылатын құқықтық (немесе заң жағынан маңызды саналатын) қағидаттарды шартты түрде бiрнеше топтарға ажыратуға болады: басты (негiзгi) қағидат, аралық (жалпы) қағидат және жеке қағидаттар. Бұл қағидаттар өзара байланысқан болатын, құқықтық жүйенiң жалпы құрылымын анықтап, оның iшкi тұтастылығын камтамасыз eттi.
Көшпелiлердiң құқықтық өмipiнің басты қағидаты, негiзгi талабы: «малым - жанымның сaдaғacы, жаным - арымның садағасы». Бұл қағидат құқықтық өмiрдiң барша салаларына жетекшi бастама болды. Аралық (жалпы) қағидаттар, жеке қағидаттар мен құқықтық жүйенiң нормалары осы басты қағидаттың шектерiнде әpeкeт еттi және оның бақылауында болды. Жалпы қағидаттарға мыналар жатады: «кешiрiмдi болу», «сөзге тоқтау». Жалпы қaғидаттардың ерекшелiгi - олар басты және жеке қағидаттар арасындағы байланыстырушы дәнeкep буын болды. Жеке қағидаттар өз саласының шектерінде әpeкeт етті, осы саланың құқықтың iргелес салаларымен байланыстарын нығайта отырып, жалпы өмip негiздерiнің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсаттарына қол жеткізген. Атап айтсақ неке және отбасы қатынастарында жетi aтaғa дейiн қыз алыспау қағидаты басты роль атқарып келдi. Сот үрдiсiнiң негiзiнде дау мұраты - бітім қағидаты жатыр. Әралуан тарихи кезеңдердегi қылмыстық құқықтық қатынастарда келесi қағидаттардың бipi мойындалып келді: қaнғa-қан, жанға-жан; құлаққа-құлақ, тұяққа-тұяқ; құн төлеу[4,28].
Әдет-ғұрып нормалары қaғидаттары мен олардың негізінде жатқан көзқарастардың құқықтық нормалар мен институттармен тұтастылығы соңғысыларының адамдардың мiнез-құлықтарына айрықша әcep eтeтiндiгiн қамтамасыз eттi. Осының арқасында әдет-ғұрып нормалары мен институттары тұтастай құбылыс дәрежесiне дейiн көтерiлiп, адам интеллектіне әcep ету мүмкіндігіне ғaнa емес, сонымен бірге оның эмоционалдық аясына да - сезiмдерi, жүрегіне және тұтастай бейнесiне әcep ету мүмкiндiгiне иемдендi. Мiне, қазақ әдет-ғұрып құқығы нормалары мен институттарының құпиялығы осында болатын.
Қазақ әдет-ғұрып нормалары мен институттарының басты мақсаты қоғамдағы даулар мен қақтығыстарды шешу болғанын атап өту керек. Олар осындай қажеттiлiктен туындап, оған қызмет еткен болатын. Сондықтан қазақ әдет-ғұрып құқығы нормалары мен институттары әуел-бастан-ақ көшпелi қоғамның тұлғааралық, әлеуметтiк қатынастарын жүйелi реттеу макқсаттарын көздеген деген тұжырым шындыққа жатпайды. Тарихи тұрғыдан, олардың бастапқы және басты объектiсi - даулар мен қактығыстардың алдын алу, оларды болдырмауға шаралар колдану, ал қақтығыстар мен даулар туындаған жағдайда - әдiлдiлiк пен теңдiлiк жайлы қоғамда қалыптасқан көзқарастар негізінде оларды дер кезінде жедел шешу.
Қазақтың әдет-ғұрып құқығының негізгі белгілері:
1. Патриархалдық туыстық ереже, яғни туыстардың бір-біріне өзара көмегі.
2. Ескіден келе жатқан көптеген ережелер мен институттар, яғни қағидасы қанға-қан алу, әмеңгерлік т.б.
3. Қылмыстық
іс пен азаматтық құқық
4. Саяси
қылмыс институты түсінігіде
қалыптасты, яғни Отанды сату, майдан
шебінен қашу және әскер
- Қазақтың әдет-ғұрып құқығының институттары
Адат заңдастырылған әдет-ғұрып нормалары қазақ қоғамындағы негізгі реттеуші нормалар ретінде 1971ж. дейін өмір сүрді. Қазақ әдет – ғұрып құқығы барымта, қанға-қан, жанға-жан, әмеңгерлік, өз бетімен сот ұйымдастыру және т.б. өтпелі институттардың сақталуын қамтамасыз етті. Бұл институттар қазақ қоғамында және оның құқықтық жүйесінде ерекше орын алды. Қоғамдық пікір бұл институттарды айыптамады.
Әдет-ғұрып құқығы мынадай негізігі институтарды қамтиды:
Меншік құқығы институты. Қазақ қоғамында ұзақ тарихи кезең бойында малға деген ұжымдық құқық болған емес. Мал әлеуметтік жағдайына байланыссыз әр отбасының жеке меншігінде болды.
Қазақ қоғамында малға жеке меншік адат нормаларымен реттеліп отырды. Азаматтардың сатуға, айырбастауға, сыйлауға және мұраға қалдыра алатын мүлкінің бәрі де жеке меншік заттары болып табылды[21,48].
Жерге жеке меншік XIX ғасырға дейін болмады. Жер адат бойынша қауымның меншігі деп есептелді. Қауым ретінде негізінен рулық бірлестік танылды. Шын мәнінде қауымның немесе рудың атынан жерге, жайылымдарға билікті қауым басшысы, ру басшылары сұлтандар, билер жүргізді. Жерге жеке меншіктің болмау себебі де көшпелі мал шаруашылығына негізделген экономикалық қатынастарда жатса керек. Орасан зор көлемдегі жайылымдарды меншік иелеріне бөлудің ешқандай мәні болуы мүмкін емес еді. Оның үстіне жайылымдар үнемі ауысып отыратын болған.
Тек қыстаулар ғана XVIII ғасырда феодалдардың жеке меншігіне көше бастады. Қыстау – аумағы шамалы қыс кезінде тұратын елді мекен. Қыстың күні жайылым негізінен пайдаланылмады. Қазақтардың қыстаулары тұрақты болған. Адат бойынша жерді сату, сыйға беру, мұраға қалдыру туралы құқықтар ешкімге берілмеді. Жер бүкіл қазақ халқының байлығы деп есептелді. Жер мен қатар жолдар, өзендер, таулар, аң және балық аулайтын мекендер де қоғамдық меншік болып есептелінді. Жерден табылған қазына-байлық оны кім тапса, соның меншігі болып есептелді.
Міндеткерлік құқық институты. Қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша көбіне шарттар және деликтік міндеттемелер ру мүшелерінің немесе ауылдық қауымдардың бір-бірінің алдындағы міндеттемелерімен тығыз байланысты болды. Қазақ қоғамында келісім-шарттар ауызша жүргізілді. Келісім-шарт жсаудың мынадай шарттары болды: уәде беру, ант беру, куәлердің алдында келісім жасау, т.б.
Қарызға алу. Малды қарызға алған кезде қарызға алушының туыстарының бірі ол үшін кепілдік береді. Қарызға алушы қарызын өтей алмағанда кепіл болған адам өтейді. Қарыздың мерзімі өзара келісім арқылы анықталады. Ол көбінесе осы күзден келер күзге немесе осы көктемнен келер көктемге дейін жасалатын болған. Мұндай келісімдер екі не одан көп куәлар алдында жасалды.
Келісім-шарттың ерекше түрі – айырбас. Айырбас заттарды қолма-қол ауыстырғанда жасалды. Айырбас немесе сауда жағдайында өлшем бірлігі ретінде мал есептелді. XIX ғасырға дейін ақша өлшем бірлігі ретінде пайдаланылмады[22,56].
Сауын. Келісімнің ерекше түрі. Ауқатты адамдар кедей руластарына сүтін сауып пайдалану үшін уақытша мал берген. Алғашында сауын беру руластардың бір-біріне өзара көмегі ретінде есептелді. Кейінірек сауын кедей қоғам мүшелерін ауқатты адамдарға тәуелді етудің әдісі ретінде қолданылды. Сауын алған адам оны берген бай адамға жұмыс істеп беруі тиіс болды. Сауын малын беру қоғамның тұрмысы төменгі мүшелерін экономикалық жағынан тәуелділікке түсірудің негізгі амалы болды.
Көшпелі өмірдің және рулық қатынастардың ерекшеліктеріне қарай туындаған аманат-мал, жылу жинау, жұртшылық, асар жасау, соғым беру және сыбаға тарту, түрлі сый-сыяпаттар жасау сияқты міндетті сипат алған әдет-ғұрыптар болды.
Аманат-малды бай мал иелері кедейленген туыстарына аманат ретінде пайдалануға берді.
Жылу жинау. Жұтқа ұшыраған немесе стихиялық сипатқа ұшыраған қоғам мүшелеріне руластарының, ауылдастарының мал немесе мүліктей беретін жәрдемі. Жылу мүлкі қарыз болып есептелмеген.
Жұртшылық қарызға батқан, қарызын төлей алмай қалған қоғам мүшесіне руластары және туыстары тарапынан малдай немесе мүліктей беретін жәрдемі. Мұндай жағдай әркімнің басына түсуі мүмкін болғандықтан көпшілік оған толықтай қатысатын.
Асар жасау әдет-ғұрып қоғам мүшелерінің бір-біріне жәрдем беру мақсатында жасалған. Асар шөп жабу, құдық, арық қазу, жол салу, қыстау үйлерін тұрғызу сияқты үлкен жұмыстарды ұйымдастырғанда жасалады. Асарға қатысу ерікті болған. Асарды билігі барлар мен байлар көбірек жасаған. Асарға қатысушыларға еңбек ақы төленбеген, тек тамақ беріліп, кішігірім сый-сыяпат көрсетілген.
Соғым беру. Қатардағы қазақтар күздің соңы қысқа қарай сұлтандарға, билер мен басқа да атқамінерлерге сойыс малын немесе мал етін беретін. Соғымды хан сұлтандарға беру міндетті болған. Соғым арқылы хан, сұлтандардың қысқы азығы даярланатын[23,183].
Сыбаға тарту. Бір-екі асым ет ретінде хан, сұлтан билерге берілетін тарту. Сыбағаны қазақтар құда-жекжат сияқты басқа да жақын адамдарына беретін. Құрметке ие болған қазақтар үшін өздеріне сыйлаған сыйлықтан бас тарту жөнсіз әрекет болған.
Отбасы-неке құқығы институты. Қазақ қоғамының негізі ру болса, рудың негізі отбасы болды. Отбасының басшысы ер адам болды. Қазақтардың үлкен отбасы әкенің, балалардың, тәуелді жақын туыстардың, малшылар мен құлдардың отбасынан тұрды. Бай феодалдардың әр әйелі бір отау, кейде ауыл болып тұрды. Мұндай жағдайда бірнеше ауылдар отбасылық-ауылдық қауымды құрды.
Неке. Қазақ некесі экзогамиялық сиатта болды. Экзогамиялық дәстүр бір рудың, топтың ішінен ерлер мен әйелдерге некеге тұруға рұқсат етпеді. Қазақтарда жеті атаға дейін некелесуге жол берілмеген.
Сондай-ақ қазақ некесі полигамиялық сипатта да болды. Полигамия бір ер адамға бірнеше әйелмен некеде тұруға немесе көп әйел алушылыққа рұқсат ету деген ұғым[24,49].
Отбасы патриархалдық сипатта болған соң некелесу мәелесін ата-аналар, негізінен әке шешетін. Олардың шешіміне қарсы болғандар қатаң жазаға ұшырайтын.
Неке құда түсу рәсімінен басталады. Ата-аналар балаларын үйлендіру үшін құда түседі. Құда түсу балалар жас күнінде, тіпті туылмай тұрып та жасала беретін. Құда түскен соң жігіт жағы қалың мал төлейтін. Қалың малы төленген қызды қалыңдық деп атайды. Қалың малы төленген қыз сол жігітке шығуға міндетті болған.
Хандар, сұлтандар, билер, байлар қалың малын төлеп үш-төрт, кейде одан да көп әйелдер ала берген. Қазақтар шариғат жолымен төрт әйел алумен шектелген. Бірақ 20-ға дейін әйел алған хандар да болған. Бұл ретте шариғат та, адат та олардың құқығын қорғаған. Қазақтар бірінші әйелді бәйбіше, қалған әйелдерді тоқал деп атаған. Бәйбіше артықшылық құқықпен пайдаланған.
Некені тоқтату адат бойынша тек ер адамның құқығы. Некені бұзуға түрлі себептер болған. Солардың бастысы әйелдің ерінің көзіне шөп салуы, еріне дұрыс қарамауы. Бірінші жағдайда ол куәлардың көрсетуімен дәлелденуі тиіс болды. Ерлі-зайыптылардың бірі қайтыс болғанда неке тоқтатылады. Неке тоқтатылған жағдайда балалар әке жағында қалады. Тек емізулі бала анасында қалады. Ажырасқан жағдайда ері әйеліне киімі мен төсек орнын, ат және шапан ғана берді[25,193].
Әмеңгерлік. Әмеңгерлік- адатта ерекше қалыптасқан институт. Әмеңгерлік бойынша жесір әйел ері өлген соң бір жылдан кейін күйеуінің туыстарының біріне тұрмысқа шығуға тиіс. Жасы келген жесірлер әмеңгерлікке шықпай өз алдына үй болып отыра беретін. Әмеңгерлік тәртібі қалыңмалы төленіп қойған әлі де күйеуге тимеген қыздарға да тиісті болды.
Әдет-ғұрып нормаларындағы кең тараған мәселелердің бірі, әмеңгерлік институты болды. Әмеңгерлік бойынша жесір әйел жұбайы өлген соң бір жылдан соң күйеуінің туыстарының біріне тұрмысқа шығуы тиіс болды. Бірінші кезек өлген ерінің аға-інілеріне берілді. Әменгерлік жолымен ерге шыққан әйедер көбіне жаңа күйеуінің екінші не үшінші әйелі болатын. Тіпті кей жағдайда жесір әйелдердің өзінен жасы кіші әменгерге шығуы да кездесті. Мұндай жағдайда ол күйеуіне екінші жас әйел әперуге келісім береді. Жасы келген жесірлер әменгерге шықпай өз алдына үй болып қала берген.
1.3 Қазақ қоғамындағы билер қызметі
Қазақ халқының да ертеден қалыптасқан өзіндік ел басқару жүйелері болған. Олар: ел басшысы-ханы, елдің тыныштығын ойлаған ерлері, сөзін сөйлеген шешен-билері.
Қазақ халқының тарихында билер институтының алар орны мен үлес салмағы айрықша. Себебі, мемлекеттің саяси және әлеуметтік қалпын тек қана ғұрыптық құқық емес, сол сияқты рухани-мәдени салт-дәстүр негізінде де ұштастыра әрі теңдестіре отырып қамтамасыз етуші бірден-бір құрылым ретінде дәстүрлі билер институты орасан зор рөл атқарды. Ол мемлекеттік басқару жүйесімен тығыз астасып жатыр, сондықтан халық пен билеуші топтардың белгілі бір әлеуметтік-саяси құндылықтар төңірегінде топтасуына тікелей ықпал еткені анық.
Қазіргі күні «би» сөзінің этимологиясы жайлы бірауызды келісіп-пішілген пікір жоқ. Бұл мәселеге алғаш көңіл аударған Г.Вамбери, В.Радлов тәрізді ғалымдар «би» сөзінің төркінін көне түркі тілінің билікті, жоғарылықты білдіретін мағынасынан іздесе, мұны Құрбанғали Халид «би-бектен», «бек-бүнектен», - деп көрсетеді (қысқарған атаулар). Қарастырылып өткен ғылыми болжамдардың айналып келгенде, бір ғана пікір төңірегінде тоқайласып жатқанын аңғару қиын емес. «Би» сөзі ежелгі түркінің «бек» сөзінен бас алады да, негізінен «басқару», «билеу», «билік ету» ұғымдарын білдіреді. Олай болса би терминінің пайда болу уақыты да ежелгі түркі заманына тірелетіні даусыз. Көшпелі тұрмыс-тіршілік үрдісіне сүйенген қоғам жағдайындағы билер институты дегеніміздің өзі, ең алдымен, мұрагерлік заңына негізделген дәстүрлі аристократиялық билік-хандық институтына қарағанда халықтың қайнаған ортасының өзі тарихи қалыптастырып шығарған демократиялық билік тұтқасы. ХVІІІ ғасырға дейін билер институты бірнеше сатыдан өтті[30,126]:
1. Сонау
түркілер заманынан ХІІ

- Қазақтың ұлттық бас киімін тігу әдістемесі. Бөрік
- Қазақ ұлттық педагогикасының қалыптасуы
- Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері
- Қазіргі жағдайда қаржыны басқару
- қазіргі жағдайы мен даму болашағы
- Қазіргі замандағы әлемдік ақшалар
- Қазіргі замандағы Испанияның дипломатиялық қызметі
- «Қазақтелеком» АҚ қаржылық есептілігінің мәнділік деңгейін анықтау
- «Қазақтелеком» АҚ-ның құрылуы және басқару құрылымы, ұйым қызметінің тиімділіг
- «Қазақтелеком» АҚ филиалының қаржылық тәуекелін талдау
- Қазақ тілі-егемен Қазақстанның мемлекеттік тілі
- Қазақ тілінің сөздік қоры мен сөздік құрамы және оны оқыту
- Қазақ тілін оқытудың теориясы мен технологиясы - ғылым
- қазақ тіл синтексиі