Қазіргі жағдайда қаржыны басқару
Қазіргі жағдайда қаржыны басқару
Кіріспе.......................
I. Қаржыны басқарудың теориялық
негіздері.....................
1.1 Қаржыны басқару мәні мен
құрылымы ..............................
1.2 Шаруашылық жүргізуші
II. Мемлекеттік қаржыны басқару
және жетілдіру жолдары.......................
2.1 Қазақстан Республикасындағы қаржыны
басқаруды ұйымдастыру...................
2.2 ҚР Қаржы министрлігі, оның мемлекеттік
басқару органы........................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі........................
Зерттеу жұмысныың өзектілігі. Қаржыны жалпы басқару Қазақстан Республикасының заң шығару қызметік жүзеге асыратын елдің ең жоғарғы өкілді органы — Парламентке жүктелген. Палаталардың бірлескен отырысында Парламент республикалық бюджетті және Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді, бюджетке өзгертеулер мен толықтырулар енгізеді, салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды, мемлекеттік қағаздар мен республиканың экономикалық және өзге де көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді.
Қаржыны басқару стратегиялық, яғни қаржыны жалпы басқару және оперативтік басқару болып ажыратылады. Стратегиялық басқару қаржы ресурстарын келешекте болжау арқылы анықтауда, мақсатты бағдарламаларды және басқаны іске асыруға арналған қаржы ресурстарының ауқымын белгілеуде көрінеді. Оны дәстүр бойынша мемлекеттік биліктің және басқарудың жоғарғы органдары — Президент аппараты, Парламент, Үкімет, Қаржы министрлігі жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Президентіне көп жағдайда Президент аппараты арқылы қаржыны басқаруға үлкен өкілдік берілген. Президент стратегиялық жоспарларды, республикалық бюджетті және оның орындалуы туралы есепті әзірлеу тәртібін белгілейді, мемлекеттік бағдарламалар мен стратегиялық жоспарларды бекітеді. Президент Үкімет актілерінің іс-қимылын бұзады (алып тастайды) не түгелдей немесе ішінара тоқтатады. Ол Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасын және екі мүшесін қызметке тағайындайды, ол органдардың жұмысы туралы ақпаратты тыңдайды.
Қаржыны басқаруға ғылыми тәсілдеме қажет, бұл басқару шешімдерін әзірлегенде экономикалық заңдардың талаптары, экономикалық талдау нәтижелері, экономикалық – математикалық әдістер және қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйелері ескеріледі, басқарудың экономикалық және әкімшілік әдістері ұтымды үйлеседі деген сез. Қаржыны ғылыми басқару іс-қимылға жаңа қаржы әдістері мен тұтқаларын енгізу немесе ескілерінің күшін жою жолымен келеңсіз құбылыстарды уақтылы жеңіп отыруды қажет етеді. Сонымен бірге айқын және уақтылы экономикалық ақпарат, ғылыми негізделген көрсеткіштер, жоғары сапалы перспективалық және ағымдағы қаржылық жоспарлау талап етіледі.
Курстық жұмыстың мақсаты болып – Қаржыны басқарудың мақсаты макроэкономикалық теңгерілімдікте, бюджет профицитінде, мемлекеттік борыштың азаюында, ұлттық валютаның беріктігінде, ақырында, мемлекет пен қоғамның барлық мүшелерінің экономикалық мүдделерінің үйлесуінде (ұштасуында) көрінетін қаржының тұрақтылығы мен қаржының тәуелсіздігі болып табылады. Сөйтіп, қаржыны басқару — бұл тиісті қаржы саясатына жетудің мақсаты; қаржы механизмі — бұл мақсатқа жетудің құралы; қаржы саясаты — қаржыны басқарудың тиісті процесінің түпкілікті қорытынды нәтижесі.
Курстық жұмыс міндеттері:
- қаржыны басқаруды ұйымдастыру;
- Қазақстанда қаржыны басқару мәселелсін анықтау;
- Қазіргі жағдайда қаржыны басқару жолдарын қарастыру т.б.
Кәсіпорындар қаржысы ақша нысанында ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің негізгі жақтарын білдіреді және экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға септігін тигізеді. Ол ұлттық шаруашылықты одан әрі дамыту үшін қажетті ақшалай табыстар мен қорланымдарды бөлу және пайдалану үшін қолданылады. Мұндай даму ұлттық шаруашылықты басқару жүйесінің маңызды экономикалық инструменті, экономиканы қайта құрудың қуатты құралы болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің берік әрі жақсы қалыптасқан қаржыларысыз мүмкін емес. Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде олар басқа өндірістік қатынастардың жиынтығында ұлттық шаруашылықты басқарудың төменгі буындары шаруашылық қызметінің тиімділігіне тікелей әсер етеді.
Кәсіпорындар қаржысы өзіне қоғамдық-пайдалы қызметтің сан алуан сфераларындағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, жабдықтау-өткізу, сауда (делдалдық), дайындау, геологиялық барлау, жобалау қызметін, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, байланысты, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін, түрлі қаржы, кредит, сақтық, ғылыми, білім, медицина, ақпарат, маркетинг және басқа қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындардың, фирмалардың, қоғамдардың, концерндердің, ассоциациялардың, салалық министрліктер мен басқа шаруашылық органдардың, шаруашылық аралық, салааралық, кооперативтік ұйымдардың, мекемелердің қаржыларын қамтиды.
Қандай кәсіпорын болмасын өзінен - өзі тіршілік ете алмайды. Сондықтан кәсіпорын экономикасы негізгі объектісіне:
- Кәсіпорынның өндірістік құрылымы, өнеркәсіп өндірісінің үлгісі, өндіріс кезеңін ұйымдастыру;
- Кәсіпорынның қаражат көздерін бағалау;
- Кәсіпорынның қаражат көздерінің ұтымды құрылымын қарастыру;
- Шаруашылық стратегиясын таңдау, өнімді өндіруді жоспарлау және өнімді сатуды әзірлеу;
- өндірісті қалыптастыру, капиталды пайдалану және кәсіпорынның табысын қаржыландыру;
- өндірістік техникалық жағдайы мен қажетті өндірістік инфрақұрылымды құру;
- өндірістің қаржы ресурстары, шаруашылық қызметінің тиімділігі;
- кәсіпорынның өзін - өзі қаржыландыруы.
Кәсіпорындардың қаржылық жауаптылығы бюджет, қорлар алдындағы міндетті орындалмағаны үшін заңнамада белгіленген қаржы санкцияларының жүйесімен анықталады.
Кәсіпорынның өзін - өзі қаржыландыру барысын зерттеу, кәсіпорынның өндірістік дамуының өзін - өзі қаржыландыруын қарастыру.
Кәсіпорындардың қаржылық
жауаптылығы кәсіпкерлік
Кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың қажетті мақсаты – басқарудың барлық деңгейлеріндегі қаржы тәуекелдерінің болуы.
Зерттеу құрылымы: Берілген «Қазіргі жағдайда қаржыны басқару» атты курстық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттен тұрады.
I. Қаржыны басқарудың теориялық негіздері
- Қаржыны басқару мәні мен құрылымы
Қаржыны басқару — бұл қаржыны және шектесуші экономикалық және әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсаты мен ықпал жасау процесі және қаржы қатынастарының бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жетуді және мұның негізінде тиісті қаржы саясатын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет (қаржы органдары арқылы) шараларының жиынтығы. Бұл орайда қажетті нәтижеге жету үшін объектіге мақсатты ықпал жасаудың әдістері мен тәсілдері пайдаланылады. Қаржы жүйесінде басқару қаржы механизмі арқылы оның әдістерінің, тұтқаларының, ынталандырмаларының және санкцияларының көмегімен жүзеге асырылады.
Қаржыны басқарудың негізіне мына қағидаттар қойылған:
- басқарудағы демократизм;
- қаржы мәселелеріне саяси тәсілдеме (көзқарас);
- басқарудың ғылымилығы;
- орталықтандырылған, салалық және аумақтық басқарудағы келісушілік;
- басқарудағы жауапкершілік;
- шаруашылық шешімдерінің сабақтастығы;
- басқарудағы экономикалық және әкімшілік әдістердің оңтайлы үйлесуі (ұштасуы).
Қаржыны басқарудың екі қырын ажырата білген жөн:
біріншіден, мемлекет қаржыны, оның нысандарын экономика мен әлеуметтік сфераны басқарудың тетігі, тұтқасы ретінде пайдаланады және сөйтіп, қоғамдық өндірістің бүкіл процесіне ықпал жасайды;
екіншіден, қаржының өзі басқарудың объектісі болып табылады: қаржы қатынастарының нысандары, ақша қорлары, қаржы аппараты, яғни қаржы мекемелерінің жүйесі басқарылады.
Қаржыны басқаруға ғылыми тәсілдеме қажет, бұл басқару шешімдерін әзірлегенде экономикалық заңдардың талаптары, экономикалық талдау нәтижелері, экономикалық - математикалық әдістер және қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйелері ескеріледі, басқарудың экономикалық және әкімшілік әдістері ұтымды үйлеседі деген сез. Қаржыны ғылыми басқару іс-қимылға жаңа қаржы әдістері мен тұтқаларын енгізу немесе ескілерінің күшін жою жолымен келеңсіз құбылыстарды уақтылы жеңіп отыруды қажет етеді. Сонымен бірге айқын және уақтылы экономикалық ақпарат, ғылыми негізделген көрсеткіштер, жоғары сапалы перспективалық және ағымдағы қаржылық жоспарлау талап етіледі.
Жоспарлау (болжау) қаржыны басқарудың жүйесінде маңызды орын алады. Бұл — жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақша қаражаттарының мөлшерін және оның көздерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорлары арасында, ұлттық шаруашылықтың салалары мен әкімшілік-аумақтық бірліктері арасында қаражаттарды бөлудің оңтайлы үйлесімін (пропорциясын) белгілеу; ресурстарды пайдаланудың нақты бағыттарын анықтау және т.б.
Ұйымдастыру — басқарудың барлық буындарының жөнге салынғандығын, айқындығын, қаржы ақпаратының жоғары нәтижелілігін, басқару қызметкерлерінің жауапкершілігі мен тәртіптілігін білдіреді.
Қаржыны басқаруды дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Көбінесе қаржыны оперативті басқарудың нәтижесі қаржы субъектілерінің — қаржы органдарының, салық комитеттері мен қаржы полициясының және ұлттық шаруашылық салаларындағы қаржы бөлімдерінің толып жатқан аппаратының жұмысының қалай ұйымдастырылып отырғанына байланысты болады. Қаржы аппаратының ұйымдастырылу дәрежесі жоғары болуы тиіс. Бұл қаржы құрылымдарының барлық қызметкерлерінің біліктілігі мен жеке білгірлігіне жоғары талаптар қояды.
Қаржылық реттеу — бұл жоспарлы тапсырмалардың орындалуы үшін қаржы ресурстарын икемді, шебер жұмсау, белгіленген нәтижеден теріс ауытқулардың барлық түрін алдын алуға және жоюға бағытталған; мұның өзі резервтік қорлар, жоспардан тыс қаржы ресурстары, пайдаланылмаған қаржылар есебінен қызметтердің барлық түрлеріне арақатынас пен үйлесімділікті қамтамасыз етуді білдіреді.
Бұрынғы КСРО-да мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландырудың дәстүрлі көзі ұзақ жылдар бойы Мемлекеттік банктің пайызсыз кредиттері, сондай – ақ Жинақ банктеріндегі халықтың салымдары болып келеді. Қазіргі кезде бұл көздерді пайдалану қиын мәселе болып отыр.
- Шаруашылық жүргізуші субъектіл
ердің қаржысын басқару
Ұлттық шаруашылық салаларының қаржысын басқаруды министрліктердің, ведомстволардың, компаниялардың, акционерлік қоғамдардың, серіктестіктердің қаржы департаменті (басқармалары) мен бөлімдері, фирмалардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы бөлімдерімен қаржы службалары жүзеге асырады.
Қоғамдық ұйымдардың қаржысын осы ұйымдардың қаржы бөлімдерімен топтары басқарады.
Бірқатар министрліктер мен ведомстволарда қаржыны басқарудың сызбасы басқарудың басқа функцияларымен: жоспарлауды (болжауды), есепке алуды орындаумен қоса атқарылады. Мұндай жағдайда жоспарлау-қаржылық немесе қаржылық-бухгалтерлік департаменттер (басқармалар) жұмыс жүргізеді. Бұл органдар жүйенің шаруашылық-қаржы қызметіне талдау жасайды, қаржыны пайдалана отырып, оның тиімділігін арттыруға: айналым қаражаттарының айналымдылығын тездету, шаруашылық айналымға пайдаланылмай жатқан тауар-материал құндылықтарын тартуға, өнімсіз шығындар мен ысыраптарды қысқартуға, ішкі шаруашылық резервтерді жұмылдыруға, ресурстарды пайдалануды жақсартуға, шығындарды азайтуға, табыстылықты (рентабелділікті) арттыруға бағытталған ұсыныстарды әзірлейді. Сондай-ақ олар ведомствоға қарасты шаруашылық құрылымдарының қаржылық жұмыстарын реттейтін нұсқауларды, нұсқаулықтарды, әдістемелік материалдарды жасайды.
Министрліктер мен жоғарғы органдардың қаржы басқармаларының аппараты жиынтық қаржыны болжау (жоспарлау), кірістер мен шығыстардың жиынтық балансына бақылау жасау, ведомствоға қарасты кәсіпорындардың қаржы бөлімдерінің жұмысын үйлестіру туралы жұмыстарды жузеге асырып отырады.
Фирмалардағы, компаниялардағы қаржылық жұмысты дербес құрылымдық бөлім болып табылатын қаржы бөлімі атқарады. Шағын фирмаларда қаржы бөлімдері өтім бөлімімен немесе бухгалтериямен қоса атқарылуы мүмкін (қаржы-өтім немесе бухгалтерлік-қаржы бөлімдері).
Қаржы менеджменті уәждемелерге — адамдардың немесе ұжымдардың қажеттіліктері мен тиісті қылықтарын анықтайтын мақсаттарды іске асыру жөніндегі қызметке негізделеді. Уәждеме іскерлік белсенділікті, еңбек өнімділігі мен сапасын ынталандыру процесінде көрінеді. .
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің, фирмалардың қаржы бөлімдері кредит және есеп айырысу операцияларының (акциялардың, вексельдердің, факторингтің және басқалардың) жаңа нысандарын пайдалана отырып, оперативті қаржылық жоспарлауды, қаржы ресурстарымен оңтайландыруды жүзеге асырады.
Шаруашылық серіктестігінде
қаржыны басқаруды басқа
Қаржы бөлімінің құрылымы (1 сызбаны қараңыз) әдетте болжамды-талдамалық, есеп-қисап, шағым, оперативтік-қаржылық жұмыстың бағыттарын қамтиды. Қаржы бөлімінің үлгілік құрылымы мыналарды қамтиды: жоспарлау-экономикалық бюросы (қаржы-кредиттік жоспарлау, оперативтік жоспарлау мен бақылау, экономикалық талдау топтары); банк және кассалық операциялар бюросы; есеп айырысу бюросы (сатып алушылармен есеп айырысу, жеткізушілермен есеп айырысу және кінәрат-талап топтары). Валюталық операцияларды жүзеге асыратын кәсіпорындарда валюта тобы құрылады, жөніндегі, қаржылық-жоспарлау және талдау, кассалық сияқты топтарға бөлінеді. Осыған ұқсас функцияларды жеке атқарушы-мамандар орындай алады.
Шаруашылық жүргізуші субъектіл
- табысты өсірудің жолдарын іздестіру жөне рентабелділікті арттыру;
- өңдіріс, инвестициялар, жаңа техниканы өндіру және басқа жоспарлы шығындар жөніндегі тапсырмаларды қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету;
- мемлекеттік бюджет, банктер, жеткізушілер, жоғары тұрған ұйымдар алдындағы қаржылық міндеттемелерді орындау;
- есеп айырысуларды ұйымдастыру.
Шағын кәсіпорынның ел экономикасындағы рөлі аса үлкен. Біздің республикада шағын кәсіпкерліктің үлесі қазіргі кезде 90%-ке жетеді.
2000 жылдың 1 қаңтарындағы
мәлімет бойынша республикадағы
372 мыңнан астам шағын
Шағын бизнес өкілдері 2000 жыл ішінде 532,6 млрд. теңгенің өнімін өндірді және қызмет көрсетті. 1999 жылы олар бюджетке төленетін төлем 33,7 млрд. теңге құраса, 2000 жылы — 45,9 млрд. теңгеге жетті.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 мамырдағы Жарлығымен Қазақстан Республикасында «Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001—2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бекітілді. Оның басты мақсаты шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласының серпінді дамуын қамтамасыз ететін мемлекеттік қолдау саясатын жетілдіру болып табылады.
Бағдарламаның міндеттері оның мақсатымен айкындалған және олар мыналар:
- халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;
- қоғамдық бірлестіктердің шағын кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау мәселелеріндегі рөлін күшейту;
- шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласын басымдылықты дамыту;
- шағын кәсіпкерлікті ақиқаттық қамтамасыз ету /жүйесін жетілдіру және дамыту арқылы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің тұрақтьг қызметі үшін қолайлы жағдайлар жасау болып тұжырымдалады.
Шағын кәсіпорындардың ең басты маңыздылығы — бұл әлеуметтік аспектілігінде. Өзінің құрылуымен шағын кәсіпорындар жұмыс орындарын көбейтуге жағдай жасайды, сөйтіп, жұмыссыздықты азайтады. Бұдан басқа халықтың жалпы білімділігінің артуы барысында азаматтар арасында жаппай өздерінің жеке қабілеттіліктерін көрсетулері үдей түседі. Ең алдымен бүгін қол жеткізуде істерін ұнататындьқтары және бұған бейімділіктерінің сай болуына қарай өздерінің жеке «ісін» ашу, өзінің бизнеспен айналысуын жалғастыру болып табылады. Мұның өзі сондай-ақ, шағын кәсіпорындардың дамуына қажеттілігін тудырады.
Сонымен, жоғарыда баяндалғандай экономиканың жаңа жағдайындағы рынокқа өтуінде шағын кәсіпорындар «жанама» өнім ретінде болмайды. Олар еліміздің ажырамайтын саяси-экономикалық жүйенің бөлігі болып табылады. Біріншіден, нарықтық қатынастардың тұрақтылығы, солай болғандықтан, халықтың көптеген бөлігі осы қатынастар жүйесінде тартылады; екіншіден, рыноктық жағдайда олар қажетті икемділікті қамтамасыз етеді, терең мамандандыруда іске асыруды және өндірісті тармақтанған корпорацияға айналдырады. Онсыз оның экономикалық тиімділігінің болуы мүмкін емес. Нәтижесінде, бұл шаруашылық дамуының және ұлттық экономиканың серпінді өсуіне үлкен ықпал етеді; үшіншіден, шағын кәсіпорындар рөлінің өзгеруі орта және ірі кәсіпорындардың қызмет етуіне көмек болады.
II. Мемлекеттік қаржыны басқару және жетілдіру жолдары
2.1 Қазақстан Республикасындағы қаржыны басқаруды ұйымдастыру
Парламенттің жұмыс
органдары тұрақты негізде жұмы
Қазақстан Республикасының Үкіметі — Министрлер Кабинеті Республика Президенті белгілейтін тәртіппен республикалық бюджетті әзірлеу мен өзгертуге қатысады. Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді.
Жалпы қаржыны басқарудағы Үкіметтің құзыры оның атқарушы биліктің органы ретіндегі мәртебесімен анықталады және мыналарды қамтиды:
- әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын, оны жүзеге асырудың стратегиялық және тактикалық шараларын әзірлеу;
- мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық бағдарламаларды, индикативтік жоспарларды әзірлеу;
- республикалық бюджетті әзірлеу және оны атқару;
- елдің қаржы жүйесін нығайту жөніндегі шараларды әзірлеу және жүзеге асыру, мемлекеттің қаржы, валюта және материал ресурстарын жасап, пайдаланған кезде заңдылықтың сақталуына бақылауды қамтамасыз ету;
- құрылымдық және инвестициялық саясатты жүзеге асыру;
- мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастыру;
- аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешу;
- сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыру, басқа мемлекеттермен, ынтымақтастық пен халықаралық қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі шараларды әзірлеу;
- елдің Конституциясымен айқындалған мәртебеге сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 3 қыркүйектегі № 962 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы қағидаға сәйкес Министрлік басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте мемлекеттік бюджеттің атқарылуы және атқарылуын бақылау, мемлекеттік меншікті басқару, есепке алу және пайдалануын бақылау, банкроттық рәсімдерінің және дәрменсіз борышкерді тартудың соттан тыс рәсімінің жүргізілуін бақылау, бухгалтерлік есеп жүйесін және қаржылық есептеме аудитін реттеу саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
- республикалық бюджеттің атқарылуын және жергілікті бюджеттердің атқарылуына кассалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
- салықтардың, алымдардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін және өзге де бюджетке түсетін түсімдерді, міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақытылы аударылуын, шикізат секторы ұйымдарынан бюджетке түсетін түсімдер бөлігінің Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударылуын қамтамасыз ету;
- өз құзыры шегінде республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының тиімді және мақсатты пайдалануын бақылау;
- мемлекеттік меншікті басқарудың тиімділігін арттыру;
- мемлекеттік салық саясатын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
- банкроттық рәсімін жүргізуге (банктерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), сондай-ақ соттан тыс рәсімде дәрменсіз борышкерді таратуға мемлекеттік бақылау;
- алкоголь өнімдері мен этил спиртінің өндірілуін және оның айналымын мемлекеттік реттеу;
- өз құзыры шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін жүзеге асыру;
- Министрліктің құзыры шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
оған заңнамамен жүктелген өзге де міндеттер.
Қаржы министрлігі жүйесіндегі ең көбі жергілікті қаржы органдарының аппараты, ол облыстық, қалалық, аудандық қаржы 6асқармалары мен бөлімдерін, салық комитеттерін қамтиды. Олар басқару жөніндегі жұмыстарды жүргізеді, яғни жергілікті бюджеттердің атқарылуымен, ішкі шаруашылық резервтерді анықтаумен және шаруашылық кешенінің және әлеуметтік-мәдени сфераның барлық буындарында ресурстарды үнемдеуді іздестіру мен айналысады, шаруашылық органдарды қаржыландыруды жүзеге асырады және олардың қаржы қызметін бақылап отырады. Қаржы және салық органдары жергілікті әкімшіліктің бағынышында болады.
Қаланың қалалық қаржы басқармасының құрылымы мыналарды қамтиды:
- Басшылық (меңгеруші, оның орынбасарлары);
- Кадр бөлімі;
- Бюджет бөлімі;
- Бюджет қаражаттарының атқарылуын бақылау жөніндегі бөлім;
- Бөлім және мәдениет мекемелерін қаржыландыру бөлімі;
- Денсаулық сақтау мекемелерін қаржыландыру бөлімі;
- Жергілікті бюджеттің атқарылуы жөніндегі бөлім;
- Материалдық өндіріс пен өндірістік емес сфера салаларын қаржыландыру бөлімі;
- Халықты әлеуметтік қорғауды қаржыландыру бөлімі;
- Басқару аппараты органдарын қаржыландыру бөлімі;
- Қаржы органдарын қаржыландыру бөлімі.
Қаржыны басқаруға Қазақстан Республикасының жаңадан құрылған Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігі де қатысады. Олар стратегиялық жоспарлау, бюджеттік жоспарлау, мемлекеттің кірістерін жоспарлау мен бақылау, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асырумен және үйлестірумен бірге бұл органдар республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын талдайды; Қаржы министрлігімен, Ұлттық банкпен бірлесіп, мемлекеттік бюджет жобасының негізгі көрсеткіштерін белгілейді; Қаржы министрлігімен бірлесе отырып, республикалық жөне жергілікгі бюджеттердің өзара іс-әрекеттерінің механизмдерін әзірлейді және реттеуге қатысады; Қаржы министрлігімен және Ұлттық банкпен бірлесе отырып мемлекеттің сыртқы берешегін талдап, оның лимитін белгілейді және т.т.
Елімізде Республикалық бюджеттің атқарылуын сыртқы бақылаумен байланысты мәселелермен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті айналысады, ол Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін республикалық бюджеттің атқарылуын сыртқы бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Есеп комитетінің құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Коституциясымен, заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен, сондай-ақ осы комитет туралы қағидада айқындалған.
Есеп комитеті:
3) Қазақстан Республикасы Президентінің республикалық бюджеттің атқарылуын, оның кірісіне салық және басқа да міндетті төлемдердің толық әрі уақтылы түсуін, бюджет қаражатының нысаналы және тиімді пайдаланылуын талдауға, бақылаудың қорытындылары мен нәтижелеріне байланысты мәселелер жөніндегі тапсырмаларын, сондай-ақ басқа да жекелеген тапсырмаларын орындайды;
2) республикалық бюджеттің
атқарылуы туралы есепті Парлам
3) Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілдік берген мемлекеттік органдар табыс еткен бақылау жүргізу актілерін талдайды және республикалық бюджеттің атқарылуын осы органдар жүзеге асыратын бақылаудың тиімділігін арттыру жөнінде Үкіметке ұсыныстар береді;
4) республикалық бюджеттің қаражатын пайдалануды бақылау объектілері лауазымды адамдарының әрекеттерінде қылмыс белгілері, Қазақстан Республикасының заңдарын өзге де бұзу фактілері анықталған жағдайда, бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына береді.

- қазіргі жағдайы мен даму болашағы
- Қазіргі замандағы әлемдік ақшалар
- Қазіргі замандағы Испанияның дипломатиялық қызметі
- Қазіргі заман саилау жүйесі
- Қазіргі кездегі Жапония мен Қытай дипломатиясы
- Қазіргі кездегі мемлекеттік басқару нысаны
- Қазіргі кездегі халықаралық қатынастар
- Қазақ тілінің сөздік қоры мен сөздік құрамы және оны оқыту
- Қазақ тілін оқытудың теориясы мен технологиясы - ғылым
- қазақ тіл синтексиі
- Қазақтың әдет-ғұрып құқығының қайнар көздері мен дамуының тарихи-құқықтық мәселелері
- Қазақтың ұлттық бас киімін тігу әдістемесі. Бөрік
- Қазақ ұлттық педагогикасының қалыптасуы
- Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері