Қазіргі кездегі Жапония мен Қытай дипломатиясы

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                   
 
 
 
 
 
 

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                       
 

                                       Кіріспе

  1.Тақырып өзектілігі: Дипломатияляқ қызмет Жапонияның және Қытайдың  мемлекеттік қызметтерінің бір түрі болып табылады. Ол сыртқы саясаттағы мемлекеттік міндеттерді орындау үшін құрылған болатын. Ол мемлекеттік қызмет сферасында және сонымен қатар өзінің спецификасы, сұрақтар жинағын енгізуге байланысты  Жапонияның және Қытайдың шетел мемлекеттерімен, региондармен және елдің  халықаралық беделін қамтамасыз ету жағынан ортақ заңдар мен ұстанымдарға бағынады.

        2.Зерттеу жұмысының мақсаты: Тақырыпты жазуымдағы менің мақсатым – Жапония мен Қытайдың қазіргі дипломатиялық қызметімен танысу және олардың дипломатиясының болашақтағы көздеген мақсатын анықтау болып табылады.

         3.Тақырып міндеті:

1. Жапония мен Қытай дипломатиясының бүгінгі таңдағы даму деңгейін қарастыру.

2.  Екі елдің сыртқы істер министрлігімен танысу.

3.  Халықаралық аренада екі елдің дипломатиясының маңызын анықтау.

        4.Тақырыптың зерттелу деңгейі: Курстық жұмыстың бірінші тарауында Т.В.Зонованың «Дпломатия иностранных государств» кітабының маңызы зор болды. Екінші тарауда В.И.Поповтың «Современная дипломатия» кітабының және ғаламтор сайттарының мәліметтерінің көмегі орасан болды.

        5.Зерттеу жұмысының методологиялық әдісі: Бұл жұмысты зерттеу барысында деректерді қарастырғанда дипломатияның, халықаралық қатынастардың жоспарлау, салыстырмалы, реалистік және болжау әдістері қолданылды.

        6.Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Қазіргі дипломатиялық қызмет: Жапония және Қытай тақырыбын зерттеу барысында ешқандай ғылыми жаңалықтар атап көрсетілмеген.

        7.Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

I. Жапонияның қазіргі кезеңдегі дипломтиясы

1.1 Жапонияның қазіргі дипломатиялық қызметінің қалыптасуы

   Жапонияның дипломатиялық қызметінің структурасы 1940-1950 жж. қалыптасқан болатын. Елде демократиялық приниптерде құрылған мемлекеттік қызметтің ортақ тәртіптері енгізілген. Бірақ дипломатиялық қызметтің қалыптасу тәртібі XIX ғасырдан басталады [6, c. 294].

  Жапонияның  дипломатиялық қызметі мемлекеттік  институт сияқты «Мэйдзиді қалпына келтіру» 1868ж. - ірі әлеуметтік қайта құру екі жарым ғасыр бойы созылған Жапонияның өзін-өзі басқа әлемнен және елдегі тездетілген демократиялық қайта құрудан оңашалау кезінен кейін қалыптаса бастады. Бастапқыда Майдзи императорының үкіметі кезінде «Сыртқы саясат сұрақтары бойынша канцелярия» пайда болды. Ал 1869 жылы елде алты министрлік құрылды, оның бірі Шетелдік министрлігінің жұмысы. 

   1870 жылы Жапонияның шет елдерде – Англия, Франция, Пруссия және Америкада, бірінші дипломатиялық өкілдіктері пайда болды. 1873 жылы Ресейде Жапонияның дипломатиялық миссиясы құрылды, 1874 жылы Санкт-Петербургте бірінші Жапон елшісі Т. Эномото , кейіннен Жапонияның шетелдер жұмысының министрі болған, өз жұмысына кірісті.

   1893 жылы шетелдер министрлігінің жұмысына кіру үшін арнайы экзамен енгізілді [5,c. 230].

   Жапонияның дипломатиялық институтының  қызметінің дамуы ақырындап жүріп  отырды, елдің сыртқысаясаттағы ықпалының халықаралық аренада өсуімен салыстырғанда.1891 жылы дипломатиялық қызметтің ұйымдастырылған реформасы негізінде шетелдегі жапон миссиясының қызметкерлері «дипломаииар» деп атала бастады. Олардың қызметтері мен уәкілдіктері ортақ қабылданған әлемдік үлгіге жақындады. 1905 жылы Жапония  шетелдерде бірінші елшіліктерін аша бастады (алдынғы болған миссиялардың орнына). 1 май 1908 жылы Жапония мен Ресей арасында өзара келісім арқылы елшілік ашу келісілді [7, c. 95].

   Жапонияның шетелдер министрінің жұмысының қызметі бірінші сатыда дипломатияға қатысты сұрақтарды ғана емес, сыртқы саудаға қатысты сұрақтарды да қарастырды. Визаларды, лицензияларды тарату, ноталық қайта жазудың енгізілу қызметі жүзеге асырылды. Жапонияның шетелдік министрліктер жұмысында практикалық жұмыс дипломатиялық құжаттарды аудару және тақырыбын салыстырып тексеру, протоколдық сұрақтар, шетелдік мемлекеттер туралы ақпараттар жинау, шетел мемлекеттерінің дипломатиялық уәкілдіктерімен дайындық және кеңес өткізу сияқты міндеттерді орындау үлкен орын алды. Саяси шешім қабылддау кезінде шешуші рольді елдің әскери басшысы атқарды.

  Екінші  дүниежүзілік соғыцс аяқталғаннан  кейін дипломатия сұрақтары Жапония  үшін маңызды орында болды.  Конституцияның 9-шы бабы бойынша 1946 жылдың 3 ноябрьден бастап Жапония соғыстан бас тартып, сыртқы саясаттың әдісі ретінде енгізді. 9 бап осылайша аталады – «Соғыстан бас тарту». Ол жерде былай айтылады: Халықаралық достыққа шынайы ұмтыла отырып, шындық пен тәртіпке бейімделген, Жапон халқы мәңгілікке халықтың тәуелсіздік құқығы үшін соғысқа да, халықаралық шиеленістерді шешуде қауіп-қатер немесе қарулы күштерді пайдалануға да бас тартады... Мемлекеттке соғыс енгізу құқығын қолдамайды [5, c. 244].

   Заңшығарушылықты қамтамасыз ететін Жапонияның дипломатиялық қызметі екі жақтан тұрған. Біріншіден, бұл мемлекеттік қызметтің ортақ ұстанымы, Жапонияның 1947 жылғы мемлекеттік қызмет туралы заңында және мемлекеттік адменистрацияның ұйымының 1948 жылғы заңында бекітілген.

   1947 жылғы заң барлық жапондық мемлекеттік министрліктер мен ведомстволарға бірдей. Олар ортақ әлеуметтік қызметті, мемлекеттік мәселелерді шешуде бірқалыпты және демократиялық жапондық ортаның өсуіне қызығушылық білдіреді [3].

   1947 жылғы заңда мемлекеттік қызметкерлердің кадрлық ротация жөніндегі сұрақтары және де қызмет орынының сатысына және еңбек атқарған уақытына қарай қаржы беру нормативтері анықталған.

   Жапонияның дипломатиялық қызметінде  жұмыс атқаратындарға басқа да  мемлекеттік қызметкерлерге сияқты  кәсіпшілер одағын құру үшін қарастырылмайтын құқық , еңбек сұрақтары бойынша әкімшілікпен келіссөздер жүргізу, сонымен қатар ереуілдер ұйымдастыруға ерекше статус белгілнген. Бірінші орында мемлекет оларды әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз еткен. Осы мақсатта Жапонияда Кадрлық агенттік деген арнайы мекеме қалыптасқан. Ол мемлекеттік қызмткерлерге байланысты сұрақтар жинағын шешуге - жұмысқа алу, қызмет бойынша көтерілу, еңбек ақы, әлеуметтік және зейнеткерлік қамтамасыз етуді қарастырған.

   1948 жылғы мемлекеттік әкімшілік  туралы заң мемлекеттік қызметтің ұйымдастырушылық структурасын, оның ішінде, мемлекеттік мекемелердің типтері(министрлік, министрлік, комиссия дәрежесінде басқаружәне т.б.)негіздерін айқындайды.Осы заңмен сәйкес министрлер кабинетінің әкімшілігі қызмет атқарады(ертеректе - секреториат), ол барлық мемлекеттік мекемелердің, сонымен қоса СІМ  байланыстырады.

   Екіншіден,  Жапонияда дипломатиялық  қызметте қолданылатын арнайы  заңдық акттар –1951 жылдың 1желтоқсанда  шетелдер министрлігі жұмысының  мекмелері туралы заң, 1952 жылдың 31наурызында дипломатиялық қызметкерлер туралы заң қабылданған [6, c. 113].

   1951 жылғы заң министрліктің басты  міндеттерін айқындады, сонымен  қатар орындауға қажетті қызмет  бабы мен ұйымдастыру структурасының  сферасын да айқындады. Бұл  туралы заңның 1 бабында айтылған: Қазіргі заң шетелдер министрлігінің жұмысының қызмет бабы мен уәкілдігінің өрісін анық анықтау мақсатын, сонымен қатар курирленген әкімшілік сұақтарды нәтижелі орындау үшін ұйымдастырушылық структурасын орнатты. Министрлікпен орындалатын заң шығарушылық міндетінің көзқарасы бойынша екі топқа бөлінді: мемлекеттік - әкімшіліктік және ведомствалық. Бірінші топ келесі міндеттерді атқарды:

- сыртқы саяси жоспарды құрастыру және жүзеге асыру;

-мемлекеттік  қызығушылықтың сауда және теңізде жүзу жағынан қорғанысы және алдыға жылжуы;

- экономикалық  және ғылыми-техникалық бірлестікке  сыртқы саяси жәрдемдесу;

- дипломатиялық  және консулдық өкілдіктерді  қайтару және қабылдау;

- келісімдер  жасасу және басқа да халықаралық  келісімдере келу;

- БҰҰ  мен басқа да халықаралық ұйымдармен  қарым-қатынас, халықаралық конференцияларға  қатысу;

- мемлекеттік  жүргізуді реттеу;

- сыртқы  және ішкі саясат жөнінде ақпарат  тарату және де шетелдік мемлекеттермен  мідени байланысты дамыту;

- Жапония  халқының шетелдердегі назарын қорғау, сонымен қатар Жапония халқының шетелдерге шығуына жәрдемдесу;

- басқа  да сыртқы байланысқа қатысты сұрақтарды шешу [11, c. 75].

   Министрліктің ведомствалық міндеттері 1951 жылғы заңның 4 бабында анықталған. Олар толық сипатталып, CІМ – ның «қозғалыс кодексін» құрды. «Кодекс» 45 пункттан тұрды. Бірінші «бестікке» мыналар кірді:

  • келісімдерді және басқа да дипломатиялық құжаттарды сақтау;
  • дипломатиялық архив жүргізу;
  • дипломатиялық және елшілік қайта жазысуды енгізу;
  • дипломатиялық және консулдық өкілдікті қабылдау және қайтару,дипломатиялық протоколд сақтау;
  • шетелдік өкілдіктерді марапаттау, сонымен қатар шетелдік марапаттарды Жапондықтадың алуымен байланысты шаралар өткізу.

   Ары қарай 1 бапта көрсетілген  мемлекеттік - әкімшілік міндеттерді орындауа қажетті ведомствалық сипаттамасын атап корсетті. Оның ішінде, қызметтік және туристтік паспорттарды шетелге шыққан Жапон азаматтарына беру қызметі болды [8, c. 88].

  Басты роль Жапонияның екіжақты қатынасының, шетелдердің ішкі саяси және сыртқы саяси оқиғалары және де арнайы ақпараттарды осы мәселеге байланысты басып шығару туралы ақпараттық анализі сұрақтарына үлкен көңіл бөлінді.

  Мемлекеттік - әкімшіліктік және ведомствалық  міндеттерді  орындауға сәйкес келетін қызмет бабы өрісі қажет. Ол 1951 жылдың заңының 5 бабында айқындалған.

   Осы мақаламен байланысты Жапонияның СІМ – гі Жапония үкіметі атынан шетел мемлекеттерінің үкіметімен келіссөздер жүргізуге, халықаралық ұйымдар мен халықаралық конференцияларға қатысуға, дипломатиялық тағайындауға байланысты сенім, шақыру және басқа да дипломатиялық грамоталарын дайындауға және алмасуға уәкілдік алды [1, c. 223].

  СІМ – нің қызмет бабы өрісінде халықаралық келісімшарт пен келісімдердің және олардың түсіндірілуі мен орындалуының қорытындысы жазылған.

   Жапондық заң шығаруға байланысты, Жапондық мемлекеттік ведомстваның ішінен тек СІМ – не ғана шетелдік мемлекеттік ведомстваларымен келісімшарт жасасып, келісімге келуге құқылы болды. Басқа жапондық министрліктер ондай құқыққа ие болмады.

   СІМ – не экономикалық қарым – қатынасының дамуы және Жапонияның шетелдегі капитал жұмсауын қорғау сұрақтарын қарастыру тапсырылған.

   XX ғасырдың екінші жартысында  түгелдей көрсетілген жағдайлар  Жапонияның шетелдер министрінің  басты қызметі болып табылды.

   Қазіргі кезде СІМ мызғымас мемлекеттік құррылым болып табылады. Мұнда тарихи мәдениетті аса қатты бағалайды. СІМ – де жанұялық династияның біршамасы бар. Көптеген протоколдық салтанаттар, сонымен қоса имперарордың қатысуымен де бұрынғы түрінде көптеген жылдар бойы сақталып келеді [8]

   Жапонияның СІМ – нің беделіне куә ретінде 2001 жылдың 6 январьда мемлекеттік аппараттың ірі әкімшілік реформасының жүргізілуіне қарамастан аз ғана өзгеріске ұшырады.

   1999 жылдың16июльінде Жапонияның СІМ – нің жаңа басылымы қабылданды. Заң қысқарақ және Жапонияның қазіргі сыртқы саяси қызметінің екінші әлемдік экономикалық держава екендігі, халықаралық жәрдемдесуде маңызды саяси беделге ие екендігі көрсетілді.

   Заң 4 бөлімнен және 13 баптан тұрады.

   Бірінші бөлімде заңның мақсаттарына байланысты ортақ жағдайы көрсетілген. Олар сол қалыпта қалды – міндеттерін, қызмет бабы өрісін және ұйымдастырушылық құрылымын анықтау. Ол олардың орындалуына қажетілігінен туындайды.

   Екінші бөлімде СІМ – нің «міндеттері мен ведомствалық қызметі»туралы айтылады.

   СІМ – нің міндеттеріне (3 бет) «қолайлы халықаралық жағдай тудыру мақсатында маңызды және белсенді қимылдар жасау, бірқалыпты және қауіпсіз әлемдік бірлестік құруға көмектесіп, сонымен қатар баланс жасасқан халықаралық байланысты қолдау және дамыту, Жапонияның назарын алға жылжытуға талпыну және жапон халқының әлемдік жәрдемдесуде маңызын арттыру».

   Басқа кезекте министрліктің  «ведомствалық қызметі» көрсетілген  (4 бет).

   Алдымен Жапонияның сыртқы саясаттағы  приоритеттері қалыптасқан.

  • Жапон мемлекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • сыртқы саяси байланыстар;
  • экономикалық қарым – қатынас;
  • халықаралық мәдени және басқа да айырбастар.

     СІМ-нің бұрынғы қызметтері, халықаралық ұйымдар мен конференцияларға қатысу, келісімдерге келу, оларды баяндау және орындау, сыртқы саяси ақпараттарды жинау және анализ жасау, шетелдік мемлекеттер және ұйымдар туралы тергеу жүргізу, Жапонияның экономикалық назарын қорғау және алға жылжыту, визалық және консулдық қызмет, әр түрлі протоколдық жіне архивтік сұрақтар.

   Заңның үшінші бөлімі министрліктің  ұйымдастыру структурасына арналады. Министрлікте министрден басқа  оның екі көмекшісі және протокол  шефі болуы тиіс. Министрдің бір  көмекшісі саяси, ал екіншісі  экономикалық сұрақтарды қарастырады. Протокол шефінің беделі Жапонияға шетел мемлекеттерінің басшылары және басқа да жоғары қойылған делегациялардың келуімен байланысты өткізілетін кең ауқымды ресми шараларда басымырақ болады. Министрліктің басқа бөлімшелерінің  штаттық структурасы ортақ заң шығарушылық жағдайдың негізінде қаланады. Ол Жапонияның мемлекеттік қызметін түгелдей басқарады [7, c. 97].

       Содан басқа үшінші бөлімде жапондық шекаралық бөлімшеге байланысты баптар жазылған.

   Оларға елшілік, миссия, консулдық  және үкімет өкілдері, бас консулдықтар жатады. Заңның 9 бабы бойынша олардың басшысы болып төтенше және толық правалы елшілер, төтенше және толық правалы уәкіл, бас консулдар, консулдар төтенше және толық правалы елшілер рангінде.

   Заңның төртінші бөлімінің 13 бабында беделді бас консулдар мен беделді консулдар туралы айтылады. Оларды керек кезде Жапонияның шетелдер жұмысының министрі тағайындайды және қжетті артықшылықтармен қамтамасыз етеді. Шетелдер жұмысының министрі Жапонияның шетелдермен қатынасын орнатуда негізгі қызмет атқарады. СІМ-не жоғарыда айтылғандай, елдің сыртқы саяси бағытын жүзеге асыру қызметі, сыртқы экономикалық дипломатия өткізу, сонымен қатар Жапонияның шетел мемлекеттерімен мәдени, гуманитарлық және де басқа салада қатынасын дамыту. Қай салада болмасын (саясат, эконмика, ғылым, техника, қоршаған ортаны қорғау және т.б.) шетелдермен келісілген әрбір келісім және Жапонияның халықарадық келісімдерін құрастыру жапон заң шығарушылығымен келісіліп шетелдер жұмысының министрі қолымен ғана бекітіледі. Шетел азаматтарының да жапондықтардың өздерінің де Жапонияға круі және шығуы СІМ-нің бақылауымен өтеді. Шетел азаматтарына бақылау виза беру арқылы қадағаланады, ал жапон азаматтарын шекаралық паспорт беру тәртібі арқылы қадағалайды.

   Көрсетілген заң шығарушылықты нақты жағдайды белгілеу арқылы жүзеге асырады, бірақ олардың түпкі компоненттері өзгеріссіз қалып отырады [5]

    

1.2 Жапонияның СІМ- нің құрылымы.

   Жапонияның СІМ-де Жапонияның мемлекеттік басқаруында қабылданған үш сатылы ұйымдық структура: министр   -    департамент   -    бөлім.

   Жапониядағы министрлік саты  саяси сатымен өлшенеді, өйткені  соңғы он жылда кадрлық дипломатқа  емес, басқарушы партияның мүшесі  және парламент депутаты болып  табылатын атақты саясаткерді  министр қызметіне тәжірибе арқылы ұсынады. Осы сатыда өкіметтің сыртқы саяси сұрақтар бойынша шешімдер, кадрлық ұсыныстар және басқа да ведомствалық шешімдер орнатылады [11, c. 297].

   Министр парламент депутаты секілді  өзінің графигін парламенттік сессияменкелісіп жасауы тиіс, парламент палатасының отырыстарына, басшы жиналыстарында және өзінің саяси партиясының сыртқы саяси структурасына қатысуы тиіс.Бұл оның сыртқы ведомствалық басқаруына қатысуын шектейді.Министрлікпен саяси билікті парламент депутаттары, олар «парламенттік көмекшілер» постында, жүзеге асыруға көмектеседі. 2001 жылдан  бастап бұл посттар екі категорияға бөліне бастады – «статс-секретарьлар» және «парламент секретарьлары».

   СІМ-де екі статс-хатшы жұмыс атқарады. Олар министрдің елдегі болмауы кезінде және шешім қабылдау үрдісіне қатысуы мүмкін. Үш парламенттік хатшы бар. Олар министрдің орнына парламенттік комиссия отырысына қатысуға, депутатардың сұрақтарына жауап қайтара алады. Олар министрдің өтініші бойынша нақты саяси сұрақтар бойынша министрге кеңес береді.

   Ішкі ведомствалық басқаруда  СІМ-нің бірінші хатшысы басты рөл атқарады. Бұл мансапты дипломаттың ең жоғарғы дәрежесі. Министрдің нақтылауын қажет ететін барлық қызметтік сұрақтар соның қолынан өтеді. Одан басқа ол министрлер кабинеті отырысының қарсаңында өткізілетін министрлердің бірінші орынбасарының арнайы отырысында үкіметтік шешімдер жобасын келісуге қатысады [6, c. 119].

   Сыртқы саяси шешімнің мазмұнды  бөлімін СІМ-нің екі кадрлықхатшысы енгізеді. Олар саяси және экономикалық сұрақтарды қарастырады.

   Министрлікті ортақ басқаруға  байланысты сұрақтарды қарастырумен  министрлік секретариаты айналысады. Оған кадрлық бөлім, ақпараттық  байланыс бөлімі, бухгалтерлік есептеу  бөлімі, шекаралық бөлімшелер бөлімі  бойынша сұрақтар, бұқаралық ақпарат  құралдары бөлімі және басқа да бөлімдерге байланысты сұрақтар кіреді [9, c. 105].

   Министр секретариаты министрдің  бас департаменті қызметін атқарады. Басқа департаменттер СІМ-нің екінші дәрежедегі ұйымдастырушылық құрылымын құрайды. Оның әрқайсысы Жапонияның сыртқы саясатына нақты бағыт береді – территориалдық немесе функционалдық, осы аймақтың шегін ойластырады және жүзеге асырады. Территориалдық департаментке Солтүстік Америка департаменті, Европа департаменті, Азиялық-Тынықмұхиттық аймақ департаменті және т.б. Функционалдыққа – ортақ сыртқы саяси мәселелер департаменті, келісім департаменті, экономикалық байланыс департаменті және т.б.

   Департаментті бас директор басқарады.  Ол сыртқы саяси шешімдердің  маңызды бөлімін дайындауға жауапты,  департаменттің жобасын дайындаудағы шешімін сендіру және оларды министр хатшысына таныстырады. Ерекше жағдайларда бас директор сұрақтың мазмұнын елдің министріне немесе премьер-министріне баяндайды. Бас директордың, ереже бойынша, бір немесе екі хатшысы болады. Олардың әрқайсысы нақты бір елмен, аймақпен және департамент компетенциясының шегі ұйымдары мен сұрақтарына жауап береді. Европа департаментінің бас директорының хатшысы Ресеймен қарым-қатынасын қадағалайды [1]

   Министрліктің ұйымдастырушылық  басқармасының бірінші және үшінші дәрежесі бөлім болып табылады. Бұл негізгі идеялардың, жобалардың және нақты шетел мемлекеттерімен проблематикалық қатынастарының жобалары мен мәлімдемелерінің, мемлекеттік топтар, қабылданған аймақтағы мерекелердің басты ұста дүкені. Бұл жерде шетел серіктестерімен туындаған сұрақтар бойынша жұмыс келісімдері жасалынады. Бөлім басқарушысы тәжірибе бойынша күнделікті істердің жүзеге асуымен қатар қабылданған аймақтағв саяси концепцияны құрастыруға да жауапты. Кей күндері оны министр немесе премьер-министр концеляриясына баяндама жасауға шақырылы мүмкін. Әр бөлім басшысының ереже бойынша бір хатшысы және бірнеше бөлім қызметкерлерінен көмекшілері болады. Қызметкерлердің біреуі бөлімдегі «ортақ координатор» болып тағайындалады [11, c. 268]. 
 

1.3 Кадрлық сұрақтар және қойылған міндеттердің орындалуы

                                                Кадрлық сұрақтар

  Кадрлық  сұрақтар Жапонияның СІМ де  тәртіпке салынған және тұрақты  жұмыспен қамтамасыз етуде маңызды  орын аоады. Кадрлық саясат  бірқатар ұстанымдар негізінде жүзеге асады, олардың жүзеге асырылуын мемлекеттік қызмет өрісін басқаратын орган ретінде, сонымен қатар министрліктің өзіндегі кадрлық қызмет ретінде Кадрлық агенттік қадағалайды. Бұған қарамастан мұнда сұрақтарды шектен тыс басқаруды орынды деп санайды, министрлік коллективі үлкен саяси ағза ретінде өзін өзі ұйымдастыру тенденциясын иемденуден шығады.

   Бірінші орында көңілді жұмысқа  жалдау сұрақтарына бөледі. Бұл  жердегі басты ұстаным – ортақ мемлекеттік экзамен өткізу. Оның талаптары жоғары және Токияның, Кэйоның және Токиялық шет тілдер институты және т.б. орталық университеттедегі үздік студенттерге бағытталған.Кадрлық таңдау және қайтадан қабылданған қызметкерлердің болашақтағы қызмет бойынша алға жылжуы меритократиялық мінезге ие болады, басқаша айтқанда, олардың білімі мен қабілеттілігінің дәрежесін ескереді. Экзамен екі категория бойынша тапсырылады: дипломатиялық қызметке қабылдау үшін жоғарғы квалификациядағы экзамен (немесе мансапты дипломат ретінде қабылдауға экзамен) және СІМ не қызметкер- маман ретінде қабылдау экзамені [6, c. 232].

   Барлық қызметкерлерге бірдей  штаттық қызмет торы және еңбек  жалақысы орнатылған. Онымен жұмыста  үлкен нәтижеге жеткен адам  ғана жоғары көтеріледі.Баға беру  нітижесінің әдісі әрқашан жоғары сатыға көтеріледі. Олар сандық және сапалық көрсеткіштерін ескереді.Жапонияда осы сұрақтарды бақылау, министрлікте арнайы бөлім құруды қадағалайды, бұл үшін арнайы заңшығарушылық жағдай қабылданған. Үлкен мағына олардың творчествалық поиенциалының ең үлкен ашылуына ықпал ететін қызметкерлердің кадрлық ротациясының ұстанымына беріледі.

   Кадрлық айырбас министрліктің  ішіндегі бөлімшелерінде ғана  емес, әртүрлі министрліктер арасында, оның ішінде СІМ мен қорғаныс  басқаруымен, Экономика министрлігімен, сауду және өнеркәсіп, қаржы министрлігімен және т.б. 2000 жылы өз күшіне енген арнайы заңға сәйкес СІМ және үкіметтік емес ұйымдар белгілі бір уақыт тәжірибесіне қызметкерлерімен алмаса алады, ол ортақ шаралар мен жоспарларды тиімді үйлестіре алады [9, c. 54].

   Жапонияның СІМ де мамандықты  көтарудің комплекстік тәртібі  бар. Қызметкерлердің әр түрлі  курстары арнайы жапондық мемлекеттік  қызметкерлердің квалификациясын  көтеру, ал шетелдерде жетекші  мемлекеттердің оқу ортасының  келісімімен (США, Великобритания  және т.б.) жүргізіледі.

      Орталық аппараттағы қызмеикрлердің мезгілдік жіне жобалық қысқаруы нәтижесінде министрлікте арнайы запастағы «пул» бар. Қызметкерлер уақытша СІМ не тәуелді басқа ұйымда , оның ішінде халықаралық мәселелер институтында (ғылыми зерттеулер), Жапондық халақаралық байланыс ұйымында (экономикалық, техникалық және басқа да байланыстар жобасы), Жапондық фондта (мәдени және гуманитарлық қарым - қатынас) болады, ал одан кейін министрлікке қайта оралады.

Қазіргі кездегі Жапония мен Қытай дипломатиясы