Қазақ ұлттық педагогикасының қалыптасуы
Мазмұны
Кіріспе.......................
1 Қазақ ұлттық педагогикасының қалыптасу тарихы
1.1. ХІХ ғасыр аяғы мен
ХХ ғасыр басында жүргізілген
елдегі оқу-ағарту жұмыстары.....................
1.2. Алғашқы қазақ ағартушы-
1.3. Ғылыми-педагогикалық
ойдың қалыптасуы..............
2 Халықтың саяси санасы мен мәдениетін көтеру және қалыптастыру жолында
2.1.Қазақ ағартушы азаматтары
көзқарастарының ықпалынан туындаған
елдегі өзгерістер....................
2.2. Зиялы азаматтардың
қазақ халқы арасында
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер....................
Кіріспе
Зерттеудің көкейтестілігі: Қазіргі Республика мектептеріне
білім беру және тәрбиелеу теориясы жөнінде
бағыт нұсқаушы материалдар мен қатар
өткен мұраларға барынша мұқият қарап,
бүгінгі күн талабына сай талдап, оның
ішінен пайдалы ілімдері ала білу ұлттық
мектептер үшін аса қажет шарттардың бірі.
Бүгінгі таңда республикамызда «Қоғамның
жаңару жағдайындағы ұлттық мектептердің»
қалыптасуы мен даму тарихы зерттеудің
мәні орасан зор. Қазақстан республикасының
Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің
Қазақстан халқына жолдауында: "«Мәдени
мұра» бағдарламасын іске асыруды жалғастыра
беру, сөйтіп өткенді пайымдау арқылы
қазіргі заман мәдениетін жан-жақты дамыту
қажет. Біз осы саланы мемлекеттік қолдаудың
толымды бағдарламасын қалыптастыруымыз
керек. Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің
басты факторларының бірі-еліміздің мемлекеттік
тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан
әрі дамытуға күш-жігер жұмсауымыз керек"
-деп атап көрсеткенін, әрі ХХІ ғасырда
білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа
тірелері анық. Бәрі де мектеп қабырғасынан
басталады.Қазақстан Республикасы егеменді
ел болғалы ғылым, мәдениет салаларында
жасалып жатқан шаралардың барлығы жастарға
жалпыадамзаттық және жеке ұлттық игіліктер
негізінде тәрбие мен білім беру ісін
неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге ықпал
етуде. Бүгінгі таңда қоғамдық өмірді
демократияландыру және ізгілендіру жағдайында
ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын рухани
мәдениетімізді жетілдіру қажеттілігі
туындап отыр. Отаршылдық езгісі әсер
еткен ұлттық менталитетімізді қалпына
келтіріп, нығайту және өркениетті елдер
қауымдастығы қатарынан орын алу – ұлттық
мемлекетімізді қалыптастырудағы басты
алғышарттардың бірі.Бұл мәселелер Қазақстан
Республикасының «Білім туралы»Заңында,Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың
2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында,
«Мәдени мұра» бағдарламасында басты
назарға алынған.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы»
Заңында білім беру жүйесінің басым міндеттері
ретінде ұлттық және жалпыадамзаттық
құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері
негізінде жеке адамды қалыптастыруға,
дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған
сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар
жасау, азаматтық пен патриотизмге, өз
Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке,
халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу,
отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне
баулу,қазақ халқы мен республиканың басқа
да халықтарының тарихын,әдет-ғұрпы мен
дәстүрлерін зерделеу атап көрсетілген. Мемлекетімізде
ұлттық маңызы бар бірқатар бағдарламалар
болса, соның бірегейі «Мәдени мұра» бағдарламасы
болып табылады. Ұлт тарихын түгендеу,
ұлт руханиятын қайта түлету мақсатында
жасалынған бұл бағдарлама ұзақ мерзімге
бағытталған кешенді, жүйелі іс-шаралардың
мазмұнын құрайды. Бағдарлама елдің рухани
және білім беру саласын дамыту, мәдени
мұрасының сақталуын және тиімді пайдаланылуын
қамтамасыз ету мақсатын көздейді. Бұл
мақсаттың тиімді шешімін табуда әлемдік
ғылыми ой-сананың, ұлттық мәдениет пен
өнердің таңдаулы жетістіктерінің негізінде
гуманитарлық білім берудің мемлекеттік
тілдегі толыққанды қорын жасау міндеті
қойылып отыр.
Зерттеу жұмысының мақсаты: ХІХ ғасыр аяғы мен ХХ ғасыр басындағы зиялы қауым өкілдерінің педагогикалық көзқарастарын жүйелі түрде қарастыру, әрі зиялы азаматтардың еңбектерінің құндылығы ашып көрсету.
Зерттеу пәні: Күнделікті сабақтарда ұлттық дүниетанымды қалыптастыру әдістемелік ұсыныстар беру.
Зерттеу міндеттері:
- тақырыптың мазмұнын қарастырған ғылыми – теориялық әдебиеттер мен мерзімді басылымдарды зерттеу;
- оқу-тәрбие
процесіне бақылау жасап,
Зерттеу әдістері:
- ғылыми-теориялық әдебиеттерді талдау;
- дидактикалық
және оқу-әдістемелік
Тақырыптың ғылыми жаңалығы:
- зиялы қауым өкілдерінің педагогикалық көзқарастары мен ХХ ғасыр басында қалыптаса бастаған ұлттық мектептер мен бүгінгі таңдағы ұлттық мектептер арасындағы ерекшеліктер мен сабақтастықты танып білуге септігін тигізді.
1 Қазақ ұлттық педагогикасының қалыптасу тарихы
- ХІХ ғасыр аяғы мен ХХ ғасыр басында жүргізілген елдегі оқу-ағарту жұмыстары
Қазақ даласындағы бастауыш мектептердің даму тарихын өткен ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың алғашқы (1861-1930 ж. ж.) жартысындағы өтпелі кезеңдері мен әр түрлі құрылымдық деңгейлеріне мән берсек, қайталанбас асыл мұралар бар. Бұл мұралар осы уақытқа дейін қазақ жеріндегі бастауыш мектептердің тарихына айтылған кері пікірлер мен қазақ өлкесінде жүргізілген оқу-ағарту жүйесінің дамуы жөніндегі ойларды жаңаша мәліметтермен толықтыратыны күмәнсіз. Қазан төңкерісіне дейін Ресейлік патшалықтың отарлау саясатының бодауында болған, одан кейінгі кеңес өкіметі кезіндегі саяси және идеологиялық дербестігінен айрылған шақта қазақ ұлтының даму тарихын әсіресе, жас ұрпаққа білім беру саласында өзіндік жүйесі болып із қалдырған түрлі оқу мекемелері мен орындарын толығымен жоққа шығаруы бастауыш білім берудегі кадими, жадидтік, ұлттық, т. б. мектептер мен медреселер немесе оларды өздеріне тән етуі өткенімізді бұрмалауға апарды.
Көрсетілген тарихи мерзімде қазақ жерінде бастауыш мектептің дамып қалыптасуын мектептің жаңа типтері, олардағы білім мазмұны мектеп қажеттерінің елеулі өзгеріске ұшыраған уақыттарын деректі мұрағат құжаттарына сүйене отырып, үш кезеңге бөліп қорытындылауымызға тура келді.
Бірінші кезең (1861-1890 ж.ж.) отаршылдардың оқу-ағарту саласындағы жұмыстары, бастауыш орыс, орыс-қазақ (орыс-түзем немесе аралас) мектептердің пайда болуы және олардың мұсылмандық ескі оқу жүйедегі оқу орындарымен қосарлана дамуы.
Екінші кезең (1891-1916 ж.ж.) бастауыш орыс-қазақ мектептері қызметінің дамуында оқуды әр халыққа ана тілінде ұйымдастыру мәселелері және мұсылмандық жаңа оқу жүйесі жадизмнің қалыптасып дамуы мен қазақ ұлттық бастауыш мектептерінің іргетасының қалануы.
Үшінші кезең (1917-1930 ж.ж.) Жадидтік оқу жүйесіндегі ұлттық қазақ бастауыш мектептері және кеңестік қоғам құрылымындағы мектеп, ондағы білім берудегі жаңашылдық сипат.
ХІХ-ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ өлкесіндегі мектеп жүйелерінің құрылысы өзгерістерге ұшырай бастады. Оған негізгі төрт себеп болды. Олар: біріншіден, қазақ жерін отарлау, қазақтарды орыстандыру мақсатындағы патша өкіметінің саясаты және осы негізде орыс, орыс-қазақ мектептерінің құрылуы, екіншіден, осындай тарихи құбылыстардан қазақ даласындағы араб тілінде білім беретін ескі (қадими) жүйедегі мектептерде білім беру тілінің татар тіліне ауысуы, үшіншіден, ескі жүйедегі мектептердің оқу бағдарламасына орыс тілінің енуі, төртіншіден, қазақтарды орыстандыру барысында балаларға арналған оқулық, оқу құралдары мен әдеби кітаптардың баспа бетінен орыс әрпімен қазақ тілінде жазылуы.
Ресей үкіметінің оқу ағарту министрлігінің 1870 ж. 26 наурыздағы «Ресейді мекендеуші бұратаналарға білім беру шаралары туралы» заңы орын алды. Бұл заңдардың негізінде қазақ даласында оқу ағарту жұмысы діни және азаматтық екі бағытта жүргізілді. Діни бағыттағыға ескі жүйедегі (қадими) мектептер, медреселер, шіркеу, приход мектептері еніп, ондай мектептердің өз мүмкіндігінше және ұстанған жүйе бағыты бойынша балалардың сауатын ашуға айтулы қызмет атқарғаны белгілі. Ал, азаматтық сипаттағы мектептер қазақ өлкесінде ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастау алып дамыды, олардың қатарында азаматтық мектеп, қалалық училищелер, кәсіптік гимназиялар, орыс, орыс-қазақ және жадидтік мектептер болды. Мұндай оқу орындары көптеп ашылып, онда жұмыс жасайтын мұғалімдер Ресейдегі жоғары оқу орындарын бітіріп келгендер еді.
Мектептерде қолданыста болған оқыту әдістері: Сауаттау әдісі, дыбыстық әдіс, тұтас сөз немесе американдық әдіс, буындап оқу, өз бетінше іштей және дауыстап оқу, оқығанын баяндап беру, жаттау әдісі, араб, парсы сөздерінің аудармасын түсіндіріп беру әдісі, аударма (орысшадан қазақшаға, қазақшадан орысшаға, т. б. мектеп типіне байланысты) әдісі, сөздік әдісі, сұрақ-жауап, әңгіме, көрнекілік әдісі, жалқылау (айырыңқы) әдісі, жалқылау-жалпылау әдісі, т. б.
Мұсылмандық діни мектептер мен медреселерге қатысты Ресейлік патша үкіметінің саясатына келсек, мұсылман халқы орналасқан елде исламға қарсы ашық күресуге бата алмаған Кауфман мұсылмандардың діни нанымдарына «қол сұқпаушылық» ұранын көтере отырып, діни мектептерге әкімшілік іс-шаралар жүйесімен зиян келтірді. Біріншіден, қалада балалардың медресе, мектепке баруын қадағалайтын «райстар» қызметін қысқартты. Екіншіден, орыс үкіметі дін басы шағымдарын қарастырмайтын болды (бұған дейін олар хандарға, бектерге шағым жасай алатын). Үшіншіден, төменгі әкімшілікті және соттарды бекіту үшін орыс балаларын және медреседе оқымаған кандидаттарды тағайындауды жөн көрді. Отаршылардың бұндай астарлы идеологиясы әкімшілік үстемдігінің алғашқы кезеңінде мұсылмандық діни мектептер мен медреселердің құлдырауына әкеп соқтырды. 1884 жылы мұсылмандық шариғатты оқыту орыс-қазақ мектептеріне енгізіле бастады. 1890 жылдардан медреселер мен діни мектептерге түбегейлі тексерулер басталды (бұл жұмысқа Наливкин тағайындалды).
Зерттеу аумағына енген
кезеңдегі Қазақстандағы
Мұсылмандық дүниетанымға үйрету мен баулу, білім мен тәрбие беруге негізделген оқу мекемелерін, әсіресе, мұсылмандық ескі мектептер жөнінде сөз қозғасақ, бұл мектептер (бәд-әл-мағариф - (араб т.) бастауыш білім, көпшілігінде аталуы ибтида - (араб т. - бастауыш, алғашқы) балалардың білім алуының алғашқы сатысын қамтитын оқу орны болған. Бұл мектептер христиандардың приходттық училищелері, еврейлердің хедері, көне-жапондық бастауыш мектептерімен ұқсас. Негізгі мақсаты балаларға діни ережелерін үйрететін оқу орны және мұсылман адамдар арасындағы қарым-қатынас жасау ережелерді орындауға үйрететін. Мұнда 6-14 жас аралығындағы балалар оқитын. Дегенмен, көп кездесетін жайлардың бірі мұсылмандық мектептердегі балалардың ұлтына қарай ақындардың поэзиялық шығармаларын ана тілінде оқытылуы жүзеге асырылып отырған, сондай-ақ, мұнда арифметика мен жазуды үйретті. Алған білімдерін олар кейіннен жеке сауда ісінде немесе аудармашы яки көшірмеші мамандығына пайдаланса, кейбіреулері бұндай бастауыш мектептерді бітіргеннен кейін үлкен қалалардағы атақты медреселерде оқуын жалғастырып жатты. Осылай кеңінен таралған міндетті бастауыш мектептер қазақ даласында да өзіндік орын алған, бірақ қазақ халқының дүниетанымдық көзқарасымен сол кездегі мұсылмандық оқу жүйенің үйлесімдігінің тамыры әлі де болса тереңге бойлай қоймаған еді.
Бұл жүйедегі ерлер мектебі әдетте мешіттерде орналасты, оларға көбінесе имамдар мен даммоллдалар сабақ берді. Ал ірі қалалардағы медресе, мектептерде жоғары кәсіби - мұғалімдер яғни, мүдәрристер мен мусаниэфаттар болғаны анық. Бұл типтегі мектептерде білім берудегі оқу бағдарламасына енген пәндерді шәкірттердің игеруі оқу кітаптарындағы бөлімдерді меңгеруге байланысты болған және баланың қабілетіне қарай оқу жылдары қысқартылып немесе ұзартылып отырған. Мұсылмандық оқу жүйенің құрамында тағы бір мектеп түрін - Қарыхана деп атаған. Қарыхананың білім беру жолындағы оқыту жұмысын ұйымдастыру жоғарыда айтылған екі мектептен өзгешелеу болған. Тек ислам дінінің негізінде мұсылмандық оқу орны болғандықтан құран сүрелерін жатқа айтқызуға үйретті, бірақ, сауат ашу жұмысы, алфавитті тану, буындап оқу немесе өз бетінде сөз оқу мүлдем болмады десе де болады. Себебі, мұндай қарыханаларға оқуға көбінесе соқырлар тартылатын.
ХІХ ғасырдың 1870-1990 жылдардағы ағарту саласындағы саясат жаңа мектеп уставтарының қабылдауымен ерекшеленді, олар: 1871 жылы гимназиялар мен прогимназиялар уставы; 1872 жылғы реальдық училищелер уставы; 1874 жылы бастауыш халықтық училищелер туралы жаңа ережелер; 1884 жылғы университет уставы, шіркеулік-приход мектептері туралы ережелер қабылданды. Онда мектеп түрлері және олардың тәрбие мен білім берудегі ұстанымдары анықталған болатын.
1864 жылы гимназиялар мен прогимназиялар уставы бойынша гимназиялардың екі түрі бекітілді. Классикалық және реалдық болып екіге бөлінеді. Классикалық гимназиялар оқушыларды университеттерге және басқа оқу орындарына бағыттап, көптеген көне тілдерді, орыс сөз өнерін, жаңа шет тілдер мен тарихты оқуға бөлді. Реалдық гимназияларда азаматтық және әскери қызметке дайындап, көне тілдердің орнына математиканың төрт амалын оқытуға көп күш салды, заңтану сабағы енгізілді. Прогимназия - гимназияның бастауыш сатысы болып табылады. Гимназиядағы педагогикалық оқыту бағдарламаларын бекітуге, оқулықтарды таңдауға бағытталған құқық берілген. Гимназиялар мен прогимназиялардың барлығы ақылы болды. Бастауыш пен орта мектеп аралығында ешқандай сабақтастық ескерілген жоқ.
Бірақ, прогимназияның бастауыш білім беру атысында орыстарға ана тілі мен әдебиеті, құдай заңы болған жоқ. Кейінен, 1864 жылы философия, саяси экономика, комерциядан білім беретін пәндер алынып орнына жаратылыстану пәндерінің біршамасы ендірілді. Сондай-ақ, көне және жаңа тілдерді, математиканы оқыту мен құдай заңы пәндері жүргізілді. Ал, приходтық және шіреулік діни білім беретін мектептерде христиан дінінің негіздерін оқыту басымдылық орын алып, қалған ғылыми негіздерден білім беретін пәндер орыс-қазақ мектептерінің оқу жоспарының үлгісімен жүргізілді.
Қалалық, приходтық училищелерде бір 4 сыныптық, алты 3 сыныптық ал қалғандары облыс қалалары мен Алматы станциясында болды. Оқушылардың 1906 жылы жалпы саны 4448, оның 3221 ер бала, 1227 қыз балалар болған. Оқу жоспары мұғалімдер мен оқушыларға үлкен жүктемені орындауға алып келді. Мұғалімдер тек қана нұсқау берілген оқулықтарды қолдануға міндетті болды.
Приходтық мектептерді - губерниялық, уездік қалаларда және приходтық шіркеуге қарасты мекендерден ашуға мүмкіндіктер болды. Олар уездік училищелерде оқуға дайындау мен балаларға (ер балалар мен қыздар бірге оқуға болатын) жалпы білім беретін ілімдерді оқыту мақсаттарын көздеді.
Шіркеулік (діни) мектеп 1906 жылы үш 2 сыныптық, отыз төрт 1 сыныптық және 10 мектепте хат тануға (грамоты) жалпы саны 47 болды. Жалпы шіркеулік мектепте 1448 ер бала, 1268 қыз бала оқыды.
Діни шіркеу мектептің оқу жоспары: Құдай заңы, Шіркеу өлеңдері, Шіркеу, азаматтық баспа мен жазу кітаптарын оқу. Арифметика негіздерінен білім беруге жалпы уақыттың 46%- пайызы бөлініп, қалған уақыт тек діни пәндерді оқытуға арналды. Бұдан оқылатын оқу материалдарының мазмұнының басқалары да христиандық дінге байланысты болған, өйткені бұл оқу мекемесінің мұғалімдері діни қызметкерлер болған.
- Алғашқы қазақ ағартушы-ойшылдары және олардың дүниетанымдық көзқарастары
1730 жылы Кiшi жүздiң ханы
Бұл жайында “қазақтың көне тарихы” атты кiтапта: “XIX ғасырдың 20-жылдарында Ресей өкiметi қазақ арасында хандық үкiметтi бiржолата жойып, ел басқарудың жалпы ресейлiк тәртiбiн жақындатуға тырысты...”,— деп, қазақ елiнiң отар елге айналғаны жайында әңгiмелейдi.
Қазақ жерiне қоныстана бастаған орыстар шұрайлы егiстiк жерлердi, мал жайылымдарын заңсыз тартып алды, бағынбағандарды жазалады. Мектептер мен шiркеулер салынып, балаларды шоқындыру мен орыстандыру саясатын жүргiздi. Патшалы Ресей бай-сұлтандардың балаларына арнап орыс-қазақ мектептерiн ашты.
Осындай мақсаттағы оқу орындары Қазақстанда 1789 жылы Омбы қаласында “Азиатское училище” және 1841 жылы Батыс Қазақстандағы Бөкей ордасында қазақ бай-феодалдарының мектептерi ашылды. Орыстандыру, отарлау саясатын қатты сынаған Мұрат Мөңкеұлының, Шортанбай Қанайұлының, Дулат Бабатайұлының шығармалары халық арасында кең тарады. Отарлау саясатына қарсы Сырым Датұлы, Исатай Махамбет, Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерiлiсi Қазақстан даласында 15-20 жылға созылды.
XIX ғасырдың екiншi жартысында Қазақстан даласында Ресейдiң алдыңғы қатарлы демократиялық ой-пiкiрдегi (Герцен, Белинский, Радищев, Чернышевский, Ушинский т.б.) оқымыстыларының жолын қуушы А.Янушкевич, Ф.Достоевский, Э.Михаэлисс, Н.Долгополов, С.Гросс, Т.Шевченко т.б. зиялы-демократтар жер ауып келiп, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А. Құнанбаев сияқты қазақ демократ-ағартушыларымен достасып, олардың саяси-идеялық, ағартушылық көзқарастарының қалыптасуына игi әсерiн тигiздi (44, 6).
Қазақ даласында бiлiмнiң дамуы мен қалыптасуына белгiлi қоғам қайраткерi, педагог, этнограф, жазушы және ағартушы Ыбырай Алтынсарин өте үлкен еңбек сiңiрдi. Ы.Алтынсарин патшалы Ресейдiң орыстандыру, шоқындыру және байлардың балаларына жеке мақсаттары үшiн бiлiм берудi| көздеген саясаттарын батыл айыптады. Орыс-қазақ мектептерiн ашу туралы мәселелердi насихаттаумен қатар, Алтынсарин тәрбие жұмысы барысында қазақ халық ауыз әдебиетiнiң үлгiлерiн пайдалануды қуаттады. Осы принцип негiзiнде құрастырылған өзiнiң “Қазақ хрестоматиясын” (1879 ж.) жазып, ұсынды.
Халық ағартушылары, қоғам қайраткерлерi: Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Құрманғазы Сағырбаевтар ұлттық ғылым мен өнердiң, мәдениеттiң, философияның негiзiн салды. Шоқанның ашқан ғылыми жаңалықтары, Абай өлендерi мен қара сөздерi және Құрманғазының музыка өнерi жас ұрпақтарды жетiлдiрiп төрбиелеуде зор ықпалын тигiздi.
XX ғасырдың барысында империалистiк патшалы Ресейдегi саяси-әлеуметтiк жағдайлар шиеленiсе түстi. Халықты қанау басым сипат алды. Ел арасында толқулар басталды.
Ресей империясының құрамында болып келген Қазақстанның зиялы қауымы осы мәселелер төңiрегiнде саяси-демократиялық қозғалыстарға белсене араласты. Олар патшалы Ресейдiң отаршылық және “орыстандыру саясатын батыл айыптады, қазақтардың шұрайлы жерлерiн қайтарып беру және жастардың бiлiм алуларына жағдай туғызу, мектептер салу туралы талаптар қойды. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мiржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Хәлел Досмұхамедов, Мұхтар Әуезов, т.б. қазақтың зиялы қауым өкiлдерi ұлттық сана-сезiм мен тәлiмдiк идеялардың көсемдерiне айналды. Қазан төңкерiсiне дейiн шыға бастаған “Дала уәлаяты” (1889-1902 ж.ж.), газетi “Айқап” журналы мен “Қазақ” газетi (1911-1916 ж.ж.) және басқа да басылымдар қазақ халқының ұлттық ерекшелiктерi, мүмкiндiктерi, мәдениетi, ғылымы, тарихы мен этнографиясы хақында аса маңызды ой-пiкiрлер жариялап отырды. Бұл орайда, белгiлi қоғам қайраткерi, ғалым-түрiктанушы Ахмет Байтұрсынов “Қазақ” газетiнде былай деп жазады: “...қазақ жерiнде өндiрiс жоқ, шикiзатын сатады, ал сол шикiзаттан жасалған өнiмдi 2-3 есе қымбат түрде сатып алады. Бұл надандықтан келген кемшiлiк — бiлiм-ғылымнан қалыс қалушылық. Ал қалыс қалуға үлкен себеп – қазақ жерiнде мектептер өте аз...”, — дедi (“қазақ” газетi, 1913 жыл, N 26, 15 тамыз).
1917 жылы Ленин бастаған
Соғыстан кейiнгi жылдары жаппай орыстандыру мәселесi қолға алынды. Қазақстанның тың жерлерiн игеру мақсаты отаршылық принципке негiзделiп, өкiмет тарапынан жүзеге асырылып отырды. Мемлекеттiк басқару жұмыстары, iс қағаздары, қоғамдық жиындар бiрыңғай орыс тiлiнде жүргiзiлдi. Шеттен келген басқа ұлттардың Қазақстанға қоныстануына мәжбүр еткiзген өкiмет саясатының нәтижесiнде көптеген қазақ мектептерi, бала-бақшалары, жоғары, арнаулы оқу орындарындағы қазақ бөлiмдерi қысқартылды. Халық педагогикасы жөнiнде ғылыми-зерттеулер жүргiзуге шек қойылды. Ұлттық салт-дәурлердi дәрiптеу санадағы ескiнiң сарқыншағы деп бағаланды. Мектеп, мектептен тыс мекеме және балалар мен жастар ұйымдарының тәрбие жұмыстары коммунистiк идеологияға негiзделдi. Оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк құралдар орыс тiлiнiң аудармасы негiзiнде пайдаланылды. Қазақ тiлiнде оқу-тәрбие жұмыстарына арналған әдiстемелiк нұсқаулар жазу назардан тыс қалды. Дегенмен, ұзақ ғасырлардан берi келе жатқан қазақ педагогикасының қоғамдық өмiрдiң қажеттiлiгiне айналуына бағытталған туындылар: М. Жұмабаевтың “Педагогика”, А. Байтұрсыновтың “Оқу құралы”, “Сауат ашқыш”, “Тiл құралы”, “Ж. Аймауытовтың “Тәрбиеге жетекшi”, “Психология” атты еңбектерi, С.Көбеевтiң, Н.Құлжанованың, М.Әуезовтiң, М.Дулатовтың, Қ.Жұмалиевтiң, Е.Смайыловтың, М.Ғабдуллиннiң, Ә.Марғұланның т.б. шығармалары жас ұрпақтың бойына ұлттық сана-сезiм көзқарасын қалыптастырды. Кеңестiк дәуiрде педагогика, психология ғылымдары саласында М.Жұмабаевтың, Ж.Аймауытовтың, Ш.Әлжановтың, Р.Г.Лембергтiң, А,П.Нечаевтың, И.Л.Стычинскийдiң, Т.Тәжiбаевтың, Ә.Сембаевтың, Ә.Сыдықовтың, Қ.Бержановтың, Е.Суфиевтiң, А.Темiрбековтiң, А.Асылбековтың, Қ.Б.Жарықбаевтың, Т.Сабировтың, К.Құнантаеваның, М.Мұхановтың, А.Мәдиннiң, С.Мусиннiң, Ә.Б.Сейтешевтiң, Т.А.Умановтың, Н.П.Хмельдiң, А.Көбесовтiң т.б. әлденеше монографиялық еңбектерi жарық көрдi. Педагогикалык ғылыми-әдiстемелiк “Қазақстан мектебi” журналы (1925) шығарылып, онда мектеп мұғалiмдерi мен педагог ғалымдардың еңбектерi үнемi жарық көрiп отырды. Педагогикалық, психологиялық оқулықтар ана тiлiнде шығарылып, ғылыми терминдерi қалыптасты. Сөйтiп, педагогика, психология және әдiстеме ғылымдары жеке ғылым болып шықты. Алайда Кеңестiк педагогикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарында халық педагогикасына терең мән берiлмей, көп жағдайда коммунистiк тәрбие тұрғысынан зерттеу талап етiлдi. Балалар мен жастарға жан-жақты тәрбие беруде үлкен жауапкершiлiктi мойындарына алған пионер-комсомол ұйымдары негiзiнен коммунистiк тәрбие принциптерiне сүйендi. Қазақ мектептерi, негiзiнен, ауылды жерлерде орналасқандықтан, оның материалдық-техникалық базасына көп мән берiлмедi. Мектептегi оқу-тәрбие жұмысының бағдарламалары, әдiстемелiк нұсқаулар ұлттық тәлiм-тәрбиенiң ерекшелiктерiмен санаспаған, орыс тiлiнде жазылған еңбектердiң аудармалары арқылы жүзеге асырылды.
1.3. Ғылыми-педагогикалық ойдың қалыптасуы
Шоқанның өскен ортасы. Әжесi Айғанымның, әкесi Шыңғыстың маңына аңшы, әңгiмешi, ертекшi, әншi, күйшi, ақын, құсбегi т.б. өнер адамдарының үйiр болуы. Олардың Шоқанның жастайынан қазақ өнерiмен сусындауына ықпал етуi, Ауыл молдасынан оқып хат тануы. Ел билеу тiзгiнiн берiк қолда ұстау мақсатында Шыңғыстың 11 жасар Шоқанды Омбыдағы Кадет корпусiне әскери оқуға беруi. Шоқанның орыс тiлiн тез меңгеруi. Шоқанның Омбыдағы Кадет корпусiнде оқу кезiнде озық ойлы орыс интелигентерiнен бiлiм алуы. Оның ұстаздары И.Вас.Ждан, Пушкин, Николай Федорович Костымцский, Александр Андреевич Сотников, Василий петрович Лобадовсий т.б. болуы: Орыс география қоғамының негiзiн салушы П.П.Семенов – Тяньшанский, географ ғалым Н.Г.Потанин, саяси жер ауып келген орыс зиялылары: Ф.М.Достаевский, С.Ф.Дуров, А.Н. Майковтармен достық қатынаста болуы. Олардың прогрессивутiк идеяларының Шоқанға тигiзген әсерi; Шоқанның Кадет корпусында оқып жүрiп те Батыс-Шығыс халықтарының әдебиетiмен, тарихымен, салт-дәстүрiмен, дiнiмен, тiлiмен терең танысуы.Шығыс халықтарының әдет-ғұрпын, тұрмыс-тiршiлiгiн, тiлi мен дiни наным-сенiмдерiнжетiк бiлген Шоқанды Батыс Сiбiр генерал-губернаторы қырғыз елi мен ұлы жуз қазақтары, Қытайдың Жоңғария даласына саяхатқа жiберуi 1856-57 ж.ж. Шоқанның Қазақ, Қырғыз, Дұнған, Ұйғыр, Қытай халықтарының салт-дәстүрiн, ауыз әдебиет үлгiлерiн, тарихын зерттеп еңбектер жазуы; Сiбiр қарамағындағы қазақтардың сот реформасы туралы жазба”, “Жоңғария очерктерi”, “Қырғыздың манас жыры туралы”, “Абылай”, “Шаман дiнiнiң қазақтар арасындағы қалдығы” деген еңбектерiнiң мазмұны мен тәлiмдiк мәнi .Шоқанның ел билеу мәселесiн демократиялық жолмен шешпек болуы. Қазақ қыздар тәрбиесi жөнiндегi ой-пiкiрлерi. Шаман, мұсылман дiндерiнiң шығу тарихы туралы ойлары. Қырғыз халқының Алатауға келiп орналасуы, салт-дәстүрi туралы көзқарасы. Манас жыры туралы ойлары, онда кездесетiнқазақ батырларының (ЕРсайын, Ер Қосай, Орақ-Мамай) аттары жөнiнде, қазақ-қырғыз салт-дәстүрлерiнiң ұқсастық себептерiтуралы пiкiрлерi, Шаман дiнiнiң шығу тарихы, Шаман дiнiмен байланысты ырымдардың қазақ арасында күнi бүгiнге дейiн сақталуы. (Айға бата жасау, отқа май құю, келiннiң отқа салар апаруы, ауру адамды отпен аластау). Шоқанның қазақ ырымдарын талдауы, (көз тию, садақа беру, әулиелердiң басына түнеу, ақ сарбас айту, хайуанаттарды киелi санау, буаз аңдарды атпау т.б.) Қорқыт Көрұғлы туралы, Асанқайғы жөнiндегi ой-пiкiрлерi. Шоқанның қазақ салт-дәстүрлер мен дiни наным-сенiмдердi зерттеу еңбектерiнiң құндылығы. Шоқанның 1860-61 ж.ж. Петербургтегi сапары кезiндегi ғылыми қызметiне сипаттама; Шоқан өмiрiнiң соңғы кезеңдерi (Чернияев армиясынан кетiп қалуы, Тезек төренiң ауылына барып, оның қарындасына үйленуi). Шоқан еңбектерiн зерттеушiлер: Ә.Марғұлан, Қ.Хайдарова, Б.Сүлейменов т.б. Шоқанның есiмiн мәңгi есте қалдыру жолында iске асырылған iс-шаралар:
Қазақстан ұлттық ғылым академиясының тарих және археология институтының , Көкшетаудағы университеттiң оның атымен аталуы, Алматы, Көкшетау қалаларында оған ескерткiш орнатылуы, көшелердiң аты берiлуi. Талдықорғанның Алтын-Емел станциясындағы бейiтiне ескерткiш орнатылуы, Алтын -Емелде, Көкшетауда мұражай ұйымдастырылуы, оның атындағы тарихи ғылыми еңбектерге жыл сайын мемлекеттiк сыйлық тағайындау, орысша-қазақша оның көптомдық еңбектерiн шығару т.б. iстер атқарылды.
Ыбырайдың атасы Балғожа бидiң тәрбиесiнде болуы, оны Балғожаның өз орнына әкiм етiп тәрбиелеудi көздеуi. Орынбор шекара комиссиясы жанында 1850 жылы ашылған орыс-қазақ мектебiне берiп тiлмаш, писарь етiп шығаруы.
Ыбырайдың ауыл-ауылды аралап елден қаржы жинап 1864 ж. Торғайда тұңғыш орыс-қазақ бастауыш мектебiн ашуы. Әсiресе соңғы 10 жылда Торғай облысында мектеп инспеторы болып, оқу-ағарту iсiмен айналысуы. (Торғайда, Ырғызда, Тобылда, Қостанайда, Красноуфимскiде орыс-қазақ мектептерi, Қостанай, Торғай, Ақтөбеде қолөнер училищесiн, қыздар пансионатын ашуы).
Ыбырайдың “Мұсылмандық тұтқасы” атты (1884) оқулық жазып, дiндi тәрбиенiң құралы ретiнде пайдалануы, шала молдаларға қарсы күресi.
Ыбырайдың проф. Н.И.Ильминскиймен достық қарым-қатынаста болуы, оны өзiнiң ағартушылық iсiн алға апаруға пайдалануы, астыртын миссионерлiк саясатқа қарсы күрес ашуы, отарлау саясатына қарсылық бiлдiруi.
Ыбырайдың К.Д.Ушинский,
Л.Н.Толстой еңбектерiн
Онда қазақтың құда түсу, жетi атаға дейiн қыз алыспау рәсiмдерiнiң елдi бiрiктiрудегi прогрессивтiк мәнiн ашып көрсетуiмен бiрге әмеңгерлiк зияндылығын айыптауы;
Молдалардың неке қиюдағы жас қыздарға жасайтын қиянатын, некенiң ерiксiз қиылатыны айыпталады. Сондай-ақ өлген адамдары жерлеу рәсiмдерiне талдау жасай келiп, молдалардың өлген адамның күнәсiн “сатып алмақ” болып, мал-мүлкiн тонау сияқты жексұрын әрекеттерiн әшкерелейдi. Жоқтаудың тәлiмдiк мәнiн аша келiп, өлген адамның жетiсiн, қырқын, жылын, асын беру, бейiт тұрғызу салттарын жан-жақты талдап баяндайды. Өлген адамға асты 63 жасқа (пайғамбар жасына) келген атақты бай, билерге беретiнi, аста көп мал сойып, аста төк жасайтыны, ысырапқорлыққа жол берiлетiнi айтылады. Күрес, ат бәйгесi, т.б. ұлт ойындары ұйымдастырылатыны, аттың бәйгесi мен күрестiң бәйгесiн рулы елдiң талап алып кетiп, балуан мен ат иесiне түк тимейтiнi, мұның бiр жағы мақтаншақтық-даңғойлық екенi айтылады. Ыбырайдың қазақ халқының салт-дәстүрлерiн зертеудегi мақсаты дәстүрлердiң шығу тарихына ғылыми талдау жасай отырып, озығы мен тозығын ажырату, тәлiмдiк мән-мағынасын ашу, озық дәстүрдi тәрбиенiң құралы ету едi. Сонымен бiрге қазақ мәдениетiн орыс достарына бiлдiрудi мақсат еттi. Ол сол кездегi орыс чиновниктерi ойлағандай қазақтардың “ұры”, “тағы, көшпелi, жабайы халық” емес, өзiндiк мәдениетi, өнерi бар халық екенiн бiлдiрудi көздедi.

- Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері
- Қазіргі жағдайда қаржыны басқару
- қазіргі жағдайы мен даму болашағы
- Қазіргі замандағы әлемдік ақшалар
- Қазіргі замандағы Испанияның дипломатиялық қызметі
- Қазіргі заман саилау жүйесі
- Қазіргі кездегі Жапония мен Қытай дипломатиясы
- «Қазақтелеком» АҚ филиалының қаржылық тәуекелін талдау
- Қазақ тілі-егемен Қазақстанның мемлекеттік тілі
- Қазақ тілінің сөздік қоры мен сөздік құрамы және оны оқыту
- Қазақ тілін оқытудың теориясы мен технологиясы - ғылым
- қазақ тіл синтексиі
- Қазақтың әдет-ғұрып құқығының қайнар көздері мен дамуының тарихи-құқықтық мәселелері
- Қазақтың ұлттық бас киімін тігу әдістемесі. Бөрік