Балалар бақшасының балаларын ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Абай атындағы Жамбыл Гуманитарлық колледжі
Педагогика және
психология ПЦК-сы
сырттай бөлім
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Балалар бақшасының балаларын
ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Орындаған: сырттай бөлімнің 3 курс 4 топ білімгері
Ғылыми жетекшісі: Жаманбаева Мейрамкүл
Тараз – 2013ж
Мазмұны
Кіріспе. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
І тарау. Балалар ұжымы. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
- Ұжым, ұжымшылдық, ұжымның қалыптасу кезеңдері _ _
- Ұжымның қалыптасу шарттары _ _ _ _ _ _ _ _ _
- Ұжымдық қарым-қатынас тәрбиелеу _ _ _ _ _ _
Қорытынды _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Практикалық бөлім _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Пайдаланылған әдебиеттер _ _ _ _ _ _ _ _ _
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Бала және балалар ұжымы біртұтастық көрсетеді. Себебі, бала ұжым мүшесі. Ұжым – тәрбиенің маңызды құралы. Жеке адам өзінің нышынын тек ұжымда дамытуға мүмкіндік бар. «Ұжым – ортақ бір мақсатты көздеген адамдар жиынтығы. Адамдардың ұжымға бірігуі көбіне бірлесіп жұмыс істеп, қызметтес болу нәтижесінде асады ». Бұл анықтама балалар ұжымына да қатысты. Балалар балабақшада ортақ қызығушылық бағытта топтасып ұжым құрады. Бір бала бірнеше ұжымның мүшесі болуы мүмкін. Ол – жанұяда, балабақшада, үйірмелерде, аулады т. б.
Балалар ұжымы туралы еңбек жазған ғалымдар А. В. Луначарский, Н. К. Курпская, А. С. Макаренко, С. Т. Шацкий, В. А. Сухамлинский т. б. мысалы, А. В. Луначарский адамды қалыптастырудың негізгі жағдайы ұжым десе, Н. К. Курпская жеке адамның дамуы мен қалыптасуы ұжымда өтеді деген. Балабақшадағы қоғамдық ұйымдарға, балалардың қарым-қатынасына үлкен мән берген. Балаларды ұжымда өмір сүре және қызмет істей алатындай етіп, тәрбиелеудің қадет екенін ескерткен. Бұл ой бүгінгі күні де өз құндылығын жойған жоқ. К. Курпская балабақшадағы ұжымға көп мән берген. Бүгін ол заманның қоғамдық ұйымдары болмаса да, бұл күннің ұйымдары бар: «Балдырған», «Жас Ұлан», «Ұлан». Сондықтан К. Курпская еңбектері, әсіресе ұйым, ұжым туралы ойлар өз құндылығын жойған жоқ. А. С. Макаренко ұжымда жеке адамды тәрбиелеудің бірізді теның айтқан қағидаларының дұрыстығына соғармызориясын жасады. Оның «Педагогикалық поэмасы», «Мұнараның басындағы туы» атты еңбектері осы уақытқа дейін өз маңызын сақтауда. Іс-әрекет, қарым-қатынас, дәстүр сияқты тәрбие проблемалары ұжым өмірінде шығармашылық дамудың негізі болып есептеледі. А. С. Макаренко ұжымда жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығын ерекше атады. Ұжымда тек жай ғана мейірімді адам болу жеткіліксіз, ол ұжым мүддесімен, қоғам мүддесімен өмір сүре білуі керек. әрине бұл қағида бүгін ескергендей болып көрінеді. Бүгінгі талап алдымен өзіңді жарылқа, сонан соң қоғамға үлесіңді қос деміз. Бір жағынан бұл да дұрыс шығар. Бірақ «адамның күні адаммен», деген қағиданы есте ұстағанымыз жөн. Ерте ме кеш пе әйтеуір қоғам мүддесін ұмытпайтын уақыт та келер. Сонда А. С. Макаренко айтқан қағидалардың дұрыстығына қайта ораламыз.
А. С. Макаренко жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығы тұрғысынан ұжымның кейбір сапасын, белгілерін көрсетті:
- Ұжым тәрбиенің мақсаты, объектісі. Жеке адам ұжымнан тыс дамымайды.
- Ұжым адамдарды жалпы мақсатқа, еңбекке және еңбекті ұйымдастыруға біріктіреді.
- Ұжым барлық ұжымдардың табиғи байланысты бір бөлігі.
- Ұжымның өзін - өзі басқару орындары, өкілдері, ұйымдастырушылары болады.
Қазіргі кезеңде А. С. Макаренко идеясын дамытуда И. П. Ивановтың Коммунар әдісі игі әсер етуде. В. А. Сухомлинский де балалар ұжымын дамыту теориясына айтарлықтай үлес қосты. Оның терең ойлары бірсыпыра ғылыми еңбектерінде «Ұжымның құдыретті күші» т. б. баяндалады.
Зерттеу мақсаты:
- Балалар бақшасының балаларын ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Зерттеу міндеттері:
- Балалар бақшасының балаларын ұжыммен бірігіп ойнауға, жұмыс істеуге дағдыландыру.
- Балалар ұжымның даму кезеңдерін қалыптастыру.
І тарау. Балалар ұжымы.
1.1. Ұжым, ұжымшылдық, ұжымның қалыптасу кезеңдері
Мақсаттары ортақ, оларды жүзеге асыру бағыттары ортақ, мүдделері ортақ бір жауапкершілікпен біріккен адамдар тобы Ұжым деп аталады.
Ұжымшылдық – ұжым құрамында өз міндетін түсінетін, қажетіне қарай өз мүддесін қоғам мүддесіне бағындыра білетін, оның жетістіктері мен табыстарына өз үлесін қосатын, жолдастық сезімде көрінетін адамгершілік сапа.
Педагогика ұжымды тұлғаның жан-жақты даму шарты деп қарайды. Себебі ұжымда адам басқа адамдармен қарым қатынаста болады, тәжірибе жинайды, қуаныш қайғыны бөліседі, бірігіп күш жұмсайды. Тек ұжымда ғана адам еркіндікті, қажетті қамқорлық пен ілтипатты сезінеді, бұл оның өз күшіне сенімін нығайтады, адамгершілік сезімінің өсуіне көмектеседі. Ұжым – жеке адамның қоғамдық бағыты қалыптасуының шарты.
Ұжым жеке тұлға қалыптасуының маңызды шарты. Тек ұжымда ғана баланың жеке басы толық және жан-жақты дами алады. Ерте басталған ұжымшылдық өмір баланы ортақ іске жан тәнімен берілетін нағыз азамат етіп шығарады.
Бала ұжымда қоғамдық өмірге дайындық мектебінен өтетіндіктен ұжымды А. С. Макаренко тәрбиенің мақсаты мен құралы деп санады.
Бір-біріне ұқсамайтын жеке адамдардың күрделі ұштасуы ұжым екенін В. А. Сухамлинский атап көрсетті. «Ұжымның тәрбиелеу күші әрбір жеке адамның бойындағы барынан, әрбір адамның рухани байлығынан, оның ұжымға не қосып, өзгелерге не беретінінен, адамдардың онан қандай үлгі алатынынан басталады» - дейді.
«Ұжым» деген ұғымның мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыста өз ерекшеліктері бар. Балалар ұжымы пайда болуының және орнығуының шарты – іс-әрекетті бірігіп жасау, бірге әсер алу.
Күрделі адамгершілік сапа – ұжымшылдық. Ол мектепке дейінгі балалармен құрбыларына деген сезімдерден туады, олар құрбы құрдастармен қарым-қатынас жасаудағы жақсы көру, достасу, ниеттестік,қолда барды бөлісу, бірге ойнау, белгілі бір міндетті бірге шешу сияқты қажеттілікке негізделеді.
Бірігіп әрекет жасау – келісе білуге, даулы мәселерді әділ шешуге тәрбиелейді.
Балалар ұжымының қалыптасуы – ұзақ, күрделі үдеріс. Балалар ұжымының қалыптасуы үш кезеңнен тұрады: алғашқы кезең бірге әрекет етіп, бірге ойнаудан туындайтын, 3-6 адамнан тұратын сан жағынан шағын балалар бірлестігі, бұл бірлестік – құраамы жағынан тұрақсыз, қысқа мерзімді, оңай тарап кететін бірлестік. Сәби балалардың алғашқы бірлестіктерін тәрбиеші ұйымдастырады: оның айтуы бойынша шағын топ ортақ бір ойнайды (біреуі қуыршақты ұйқыдан тұрғызады, екіншісі оны жуындырады, үшіншісі тамақтандырады; 4-5 ұл балалар құрылыс жабдықтарымен «құрылысшылар» болып ойнайды, ал педагог оларға роль бөлісуге көмектеседі және т. б.). балалар бірлестігін құруда тәрбиеші балалардың шағын тобымен әңгіме айту, ән салу, қызықты ойыншық көрсету сияқты жұмыстар істейді. Осының нәтижесінде балаларда ортақ мақсат пайда болады, оны жүзеге асыруға бағытталған бірлескен іс-әрекет жасалады. Тәрбиеші балалардың алғашқы бірлестіктерін қолдайды. Тәрбиеші балалардың алғашқы бірлестіктерін жасауда балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, балалардың жалпы тобынаширақ және біршама сылбыр, белсенді және енжар балаларды тартады.
Балалар ұжымын қалыптастырудың келесі кезеңі – осы алғашқы бірлестіктерді тұрақты ету, олардың іс-әрекетін уақыт жағынан ұзарту. Бұл кезеңде бірлестікке қатысушылар ұйымдастыру шеберлігі көрініп, саны өсіп, 8-10 адам болуы мүмкін. Балалардың біріккен ойындары мен еңбектеріне күрделі мақсаттар қойылады. Бірлестіктердің құрамы тұрақтала түседі.
Балалар ұжымын қалыптастырудың неғұрлым жоғары кезеңі балалардың дербес әрекет етуінің дамуы: балалар өздері бірлестіктер ұйымдастырады, қарым-қатынастарды реттейді, олардың мінез-құлықтарына баға береді, өз қалауы бойынша ойынға адам алмай қояды немесе ойыннан оны шығарып тастай алады. Осының нәтижесінде өзін ұжымның бір мүшесі ретінде сезіну пайда болады.
Осыдан бастап топ балаларын бір ұжымға біріктіру мүмкіндігі туады. Бұған қоғамдық маңызы бар ортақ тапсырма орындау көмектеседі: сәбилерге ойыншық жасап беру, мектепке дейінгі ұйым ауласын тазарту, т. б. Әр бала бүкіл топтың өміріне қатысушы ретінде барлығы үшін маңызды тапсырма: кезекшілік, жануарлар мен өсімдіктерді күту, мерекеге арнап топ бөлмесін безендіру және т. б. орындайды. Бұл кезеңде тәрбиеші өзінің ұстанымын өзгертеді, ол тура ықпал етпейді, жанама әсер етуді пайдаланады, ұйымдастырушыларды, бастама жазушыларды ақылшы, жасы үлкен жолдас ретінде қолдайды, мұндай істерге балалардың көбірек қатысуын қарастырады.
Балаларды ұжымшылдық сезіміне тәрбиелеуде ұжымға айтылған жағымды пікірдің әсері зор. Мысалы: «Бүгін кезекшілер бәріміз үшін жұмыс жасады. Олар тамақ ішу үшін бәрімізге арнап үстел жабдықтады, балаларға үстел басына отыру қолайлы». Сондай-ақ балалар бүкіл топ атынан жасалған ескертулерді де естулері керек: «Қанат, сен балаларға кедергі жасап тұрсың, саған бола бәрі кешігіп отыр» және т. б. Ұжым қалыптасуының белгілі бір көрсеткіші - өз жолдастарының бірі үшін бәрінің бірлесіп әсер алуы.
Тәрбиешінің балалар ұжымының пікірімен және берген бағасымен санасатындығы, оны мақтан тұтатындығы, олардың өмірін қызықты, қуанышты етуге тырысатындығы жеткілікті дәрежеде қалыптасқандығын көрсетеді.
Балалар мектепке дейінгі ұйымға келген соң қоғамның мүшесі ретінде ережелерде көрсетілген мінез-құлық нормаларын игереді:
- Керек жерінде көне білу және келісе білу;
- Жолдасына көөмектесуге оған қамқорлық жасауға дайы болу;
- Басқаның еңбегін қадірлей білу;
- Еңбек нәтижесін, өзіңнің және жолдастарыңның қылықтарын әділ бағалай білу.
Жолдастық қарым-қатынас әуелі бірігіп әрекет етуде, қуаныш пен ренішке ортақтасуда қалыптасады. Педагог балаларды бір-бірімен таныстырып, әр баланың бейімділігін анықтап, бағалауына көмектеседі: біреуі жақсы сурет салады,екіншісі құрылыс тұрғызалы, үшіншісі кезекші болады.
Біртіндеп құрбылар ұжымдағы өмір тәжірибесінің жинақталуы нәтижесінде «мен», «маған», «менікі», деген ұғымдармен қатар «біздер», «біздерге», «біздердікі» деген ұғымдар пайда болады да, өзі ұжымның бір бөлігі екенін балалар түсіне бастайды.
Балаларды жолдастық қарым – қатынасқа тәрбиелеуде әдеби шығармалар көп көмектеседі.
- Ұжымның қалыптасу шарттары.
Ұжымды ойдағыдай қалыптастырудың шарттары мыналар:
- Балалардың ұжымдық іс-әрекеті;
- Бірге қуануы мен қайғыруы;
- Балалар бақшасы қызметкерлерінің ынтымақтастығы.
Бірлесіп әрекет ету балалар ұжымын қалыптастырудың негізгі шарты және құралы. Балаларды ортақ мақсатқа біріктіріп, еңбек нәтижелері ортақ жұмысы ретінде бағаланса олар өздерін ұжым екендерін ұғынады. Қуыршақ театрын көру, мерекелі ертеңгіліктерге қатысу, қызықты ертегілер тыңдау, бірігін ән салу терең эмоциялық сезім тудырады.
Балалар ұжым және ұжымдық мінез құлықтың қалыптасуында ересек адамдардың тату ұжымы болуы шарт. Мекеменің өмір тәртібін, қызметкерлердің қарым-қатынасын балаларт күнде көріп отырады. Ұжымдағы үлкендердің сыйластығы, құрмет көрсету, жолдасы үшін шын қуану, оған көмектесуге дайын тұру, өз ісін жауапкершілікпен орындау – балалар ұжымында мінез-құлық нормасына айналады.
Балалар ұжымының негізгі тәрбиелік функциясы-балалардың қоғамдық жүйенің қатысына араластыру, тәжірибе жинақтау. Бұл бірінші функцияға жатады. Қоғамдық жүйе, қоғамдық қатынас балабақшадан басталады. Бала өзара ұжымдық қатынаста, өзін қоғамның мүшесі ретінде сезінеді, қоғамдық тәжірибені өзінікіндей қабылдап, өмірде қолданады.
Балалар ұжымының екінші тәрбиелік функциясы балалар қызметінің негізгі ұйымдастырушы түрі. Балабақшадағы, еңбектегі, қоғамдық, ойын қызметтері арқылы бала өседі, дамиды, білімге, еңбекке қоғамдық қарым қатынасқа, ойын арқылы қарысм-қатынас қалыптасып, машықтанады. Ұйымдасудан ұжым шығады. Ұйымдасуда қызметтес тәуелділік, жауапкершілік, бір-біріне көмек, бақылау, өзін-өзі бақылау, бір-біріне талап қою т. б. міндетті түрдегі болашақ ұжымның қаңқасын құрайтын ереже-зеңдары пайда болады. Осы ереже-заңға сүйене отырып, ұжым құрылады. Бұл ереже-заңды орындау әр ұжым мүшесіне міндет. Қазақтың мақалындай «Басында қатты болса, аяғында тәтті болады», дегендей. Осындай қарым-қатынастың нәтижесінде балалардың өзара тату-тәтті өмір сүруіне, сыйластықта, достықта болуына мүмкіндік туады. Мұндай жағдайда әр бала ұйымдастырушы, орындаушы.
Балалар ұжымының үшінші тәрбиелік функциясы – түрлі қарым-қатынас арқылы оқушының өнегелігі, адамгершілігі, сұлулыққа құштарлығы, өмірді сүюі, өзін-өзі сыйлауы қалыптасады. Осындай көзқарас оқушының материалдық, рухани байлығын қалыптастыра отырып, оның өмірге құштарлығын дамытады, дамандықтан арылтады.
Балалар ұжымының төртінші тәрбиелік функциясы – кейбір нашар мінезді, қылықты, қоғамға жат істерді жеке балалар мен топтарға педагогикалық ықпал етеді, дұрыс жолға түсуіне көмектеседі. Балалар ұжым ы күшті болса, ондай нашар топтағы балаларға дұрыс ықпал етуге толық мүмкіндігі бар. Бұл жерде қоғамдық мүдде мен жеке мүдде таразының екі басына түседі. әрине, қазір жеке мүжже таразының басын басып кетуі мүмкін. Бірақ, қара бастың қамын ойлай, қалың көптің қамын ойлаған жөн шығар.
А. С. Макаренко балалар ұжымының дамуының үш кезеңге бөлген:
а) бірінші кезеңде оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ. Сондықтан ұстаз сынып өмірін ұйымдастыру үшін, жұмысты талап қоюдан бастайды. Талап іс-әрекеттің процесінде орындалуға тиістінақты міндеттер. Талап қою балаларды мінез-құлық нормасына үйрету, әлеуметтік тәжірибеге тарту. Бұл кезеңде ұжым іс-әрекетінде белсенді, ынталы, инициативалы балаларға сүйену керек. Ұжым өмірінде мұндай тәсілтопта белсенді жұмыс істейтін балалар тобын көбейтуге және балалар мен тәрбиешілірдің жұмысты бірлесіп істеуіне әсер етуі мүмкін. Бұл кезеңде:
- Ұжымды нығайтуға бағытталған мақсаттарды анықтау.
- ұжым іс-әрекетінің дамуы.
- балалар арасындағы қарым-қатынас, іскерлік, адамгершілік қатынастарының пайда болуы.
- барлық ұжым мүшелері қолдайтындай белсенділер тобының бөлінуі байқалады. Осы уақытта тәрбиешінің негізгі қызметі – балалардың ұжымдық іс - әрекетін ұйымдастыру, қатыстыру, ұжымды оқушыларға педагогикалық ықпал жасайтын құралға айналдыру болып табылады.
б) екінші кезеңде ұжым өзін - өзі басқаруға көшеді. Негізгі ұйымдастыру жұмысын белсенділер атқарады. Ұстаздың қызметі – коммуникативті, яғни балалармен байланыс жасау, ұжымның жалпы өмірі үшін балалардың бастамасын, ынтасын қуаттау, жалпы міндеттерді орындауда барлық балалардың күш-жігерін біріктіріп нығайту. Ұжымның бұл даму кезеңінде паралельді ықпал жасау принципі қолданылады, яғни жеке адамға талап қою, ұжым арқылы жұмыс істейді, ұстаз және ұжым оқушыға тәрбиелік ықпал етеді.
в) үшінші кезең бұдан былай пікірмен сипатталады. Қоғамдық пікір-бұл ұжым мүшелерінің талаптарды, пікірлерді бағалаудағы бірлігі. Бұл бірлікте ұжым кейбір ұжымдар және құбылыстар жайындағы пікірлерді мақұлдаййды немесе кінәлайды.демек, ұжымда талқылау, бағалау, жариялылық, әрекеттілілік-қоғамдық пікірдің негізгі ерекшелігі.
1.3. Ұжымдық қарым-қатынас тәрбиелеу
Балада қарым-қатынас жасау қажеттілігі ерте, өмірдің алғашқы жылының аяқ кезінде пайда болады. Тәрбиеші балалар қарым-қатынасын ұйымдастыра отырып, бірін-бірі жақсы көруге негіз болатын өзара қарым-қатынасты жолға қояды. Балалардың ойындағы алғашқы бірлестігін қолдайды, мадақтайды: «Арман мен Жанар ынтымақты ойнап отыр!».
Мектепке дейінгі ұйымға келген алғашқы кездері баланың отбасында бойға сіңген менмендік күшті болады: өзін жоғары ұстайды, басқаларға көңіл аудармайд, елегісі келмейді, ойыншықтарды өзі ғана иеленгісі келекді, бәрін «Менікі!» - деп, ұнаған ойыншықтарды тартып алады, тәрбиешінің назарын өзіне аударғысы келеді, т. б. Мұндай жағдайдың болмауы үшін төзімділікпен жұмыс жүргізіп, баланың психикасының өзгеруіне ықпал етуі керек, бала құрбыларына көңіл аударып, ойыншықтарын бөлісе бастайды, онда бірлесіп ойнауға тілек пайда болады.
Тәрбиеші балаларды құрбылармен сәлемдесуге, жаңадан келген баланың сәлеміне жауап қайыруға үйретеді, ауырып қалған балаға хат жазуды, суреттер жіберуді, телефон соғуды және т. б. ұсынады. Балалар бақшасында ұзақ уақыт болмаған баланың келуіне қуанышты кездесу ұйымдастырады, оған ерекше көңіл бөледі.
Естияр балалар бірлестігі тұрақты, олар бірге ойнайды, бірге еңбек етеді: балалар жиһаздынемесе бөлме өсімдіктерінің жапырақтарын сүртеді, ойыншықтарды жинастрыады, т.б.
Мектепке дейінгі ұйымда балалардың туылған күнін мерекелеу олардың өзара қарым-қатынасына жағымды әсер етеді.
Тәрбиеші балаларда бір-біріне деген құрмет, сыйастық тәрбиелеу үшін күнелікті өмірдің, тұрмыстық іс-әрекеттің кез-келген мүмкіндіктерін пайдаланады. Балаларды көп күттіруге болмайтындығын түсіндіре отырып, жуыну және киіну кездерінде жылдамдықты талап етеді, киінуде және шешінуде балаларды көмек сұрауға және көмектесуге тәрбиелейді.
Педагог 5-6 жастағы балалардың өзара қарым-қатынасы күрделі болғандықтан іс-әрекет ұйымдастыруға жағдай тұғызады, оларды таласты және даулы мәселелерді әділ шеше білуге, ұжым пікірімен санаса білуге бағыттайды. Бұған балалардың оқу кезіндегі іс-әрекеттері көмектеседі: олар жолдасын тыңдауға, көрші отырған балаға кедергі жасамауға, көмек көрсетуге, қолынан келетін жұмысты өзі істеуге, оқу сағаттарында жауап беруге тиіс.
Сәбилер тобында ауланы жинау, қардан төмпешіктер тұрғызу, ойыншықтар жасау, серуенге шығу үшін киінуге көмектесу сияқты тапсырмалар орындау сәбилерді мейірімділікке, қамқорлық жасауға тәрбиелейд, ересек топтың балалары өз ауласында сәбилерді қабылдап, оларға құыршақ театрын көрсетеді, олардың қатысуымен көңілді ойындар ұйымдастырады.
Ұжымда өзін қалай ұстауға, жақсы жолдас болуға тәрбиелеу үшін тәрбиеші әдеби шығармалар пайдаланады: әңгімелер, өлеңдер оқиды, әндер айтқызады, суреттер көрсетеді.
Мектепке дейінгі ұйымдағы мерекелік ертегілер, көңілді кештер, оларғы дайындық, мерекенің өтуін күту балаларды ынтымақтастыққа тәрбиелеп, көпшіл, қонақжай болуға итермелейді. Ұйым қызметкерлерінің мерекелерді өткізуге қатысуы балаларды қуанышқа бөлейді.
Жолдастық қарым-қатынастан достық қарым-қатынас ұласқан шағын топ 2-4 адамнан ғана тұрады.
Балалар жақындағанда олардың бір үйде тұруы, бір үстелде тамақ ішуі, т.б. себеп болады, олар жақсы көрушілік, қорғау, кейде өзіне қымбат нәрселермен бөлісу пайда болады.
Мұндай достықты тәрбиеші қолдайды: балаларды кезекшілікті бірге өткізуге серуен кезінде қатар жүруге, үстелдің басында бірге отыруға мүмкіндік жасайды.
Қорытынды
Мақсаттары ортақ, оларды жүзеге асыру бағыттары ортақ, мүдделері ортақ бір жауапкершілікпен біріккен адамдар тобы Ұжым деп аталады.
Ұжымшылдық – ұжым құрамында өз міндетін түсінетін, қажетіне қарай өз мүддесін қоғам мүддесіне бағындыра білетін, оның жетістіктері мен табыстарына өз үлесін қосатын, жолдастық сезімде көрінетін адамгершілік сапа.
Педагогика ұжымды тұлғаның жан-жақты даму шарты деп қарайды. Себебі ұжымда адам басқа адамдармен қарым қатынаста болады, тәжірибе жинайды, қуаныш қайғыны бөліседі, бірігіп күш жұмсайды. Тек ұжымда ғана адам еркіндікті, қажетті қамқорлық пен ілтипатты сезінеді, бұл оның өз күшіне сенімін нығайтады, адамгершілік сезімінің өсуіне көмектеседі. Ұжым – жеке адамның қоғамдық бағыты қалыптасуының шарты.
Бірлесіп әрекет ету балалар ұжымын қалыптастырудың негізгі шарты және құралы. Балаларды ортақ мақсатқа біріктіріп, еңбек нәтижелері ортақ жұмысы ретінде бағаланса олар өздерін ұжым екендерін ұғынады. Қуыршақ театрын көру, мерекелі ертеңгіліктерге қатысу, қызықты ертегілер тыңдау, бірігін ән салу терең эмоциялық сезім тудырады.
Балалар ұжым және ұжымдық мінез құлықтың қалыптасуында ересек адамдардың тату ұжымы болуы шарт. Мекеменің өмір тәртібін, қызметкерлердің қарым-қатынасын балаларт күнде көріп отырады. Ұжымдағы үлкендердің сыйластығы, құрмет көрсету, жолдасы үшін шын қуану, оған көмектесуге дайын тұру, өз ісін жауапкершілікпен орындау – балалар ұжымында мінез-құлық нормасына айналады.
Практикалық бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер.
- О. Сатқанов. Оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге үйрету әдістемесі. Алматы. Рауан, 1993.
- В. С. Мухина. Алты жастағылар мектепте. Алматы. Мектеп, 1986.
- В. С. Мухина. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы. Алматы. Мектеп, 1986.
- К. Б. Сейдалиев. Тәрбие теориясы. Алматы. Мектеп, 1986.
- С. А. Ұзақбаева. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халық дәстүрі. Алматы, 1990.
- А. К. Меңжанова. Мектепке дейінгі педагогика. Алматы. Рауан, 1992.
- М. Жұмабаев. Педагогика. Алматы. Ана тілі, 1992.
- Козлова С. А. Дошкольная педагогика. Москва. Академия, 2000.

- Балаларды есеп құрылымымен таныстыпу
- Балаларды мектепте оқуға әзірлеуде сөйлеу тілін дамытудың жұмыстары
- Балалардың жас мөлшері мен дербес ерекшеліктерін оқу – тәрбие
- Балалардың коммуникативтік – тілдік құзыреттілігін дамыту Жобаның тақырыбы
- Балалардың психикалық дамуына ойынның ықпалын зертте
- Балалардың табиғаттағы еңбегін ұйымдастыру
- Балаларды табигатпен таныстыру
- Балабақша тәрбиешісінің адам өміріндегі ролі
- Балабақша тәрбиешісінің адам өміріндегі ролі
- Балада як жанр англійської поезії (на матеріалі творчості поетів "озерної школи")
- Бала қиялдарын дамыту жолдары
- Бала қиялдарын дамыту жолдары
- Балалар бақшаларын ашу
- Балалар бақшасындағы мерекелер