Балалардың коммуникативтік – тілдік құзыреттілігін дамыту Жобаның тақырыбы
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Мемлекеттік білім беру қызыметкерлерінің біліктілігін
арттыру және қайта даярлау институты
Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасы
Кіші жоба
Балалардың коммуникативтік – тілдік құзыреттілігін дамыту
Жобаның тақырыбы
Орындаған: жУНУСОВА
Жұмыс орны, қызметі
балабақша тәрбиешісі
Ғылыми жетекші: Ермағанбетова Ф.А.
МД және БББ кафедрасының меңгерушісі, доцент
Жұмысты өткізу мерзімі: 21.09.10ж.
Қарағанды 2010
Мазмұны
І. Кіріспе
1. Жобаның
қысқаша негіздемесі
2. Жобаның мақсаты мен міндеттері 4
3. Күтілетін нәтижелер 5
ІІ. Жобаның негізгі мазмұны
- Теориялық негіздемесі.
6 - Жоба өнімінің сипаттамсы
7
3. Жобаны жүзеге асыру іс - әрекетін жоспарлау 16
Қорытынды 17
ІІІ. Жоба тиімділігін
бағалау критерийлері.
ІҮ. Жобаны тиімді бағалауда кездесетін кедергілер 18
Ү. Глоссарий 19
ҮІ. Қолданылған әдебиеттер тізімі 20
ҮІІ. Қосымша 21
І. Кіріспе
1. Жобаның
қысқаша негіздемесі
Уақыт талабынан туындап, білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер, мектепке дейінгі мекемелерге, отбасы тәрбиесіне де қозғау салып, баланы тәрбиелеу, қарапайым білім негіздерін меңгертудің мазмұнын жаңартуды, осы заман талабына сай үйлесімді деңгейде қайта құруды міндеттейді. Өйткені, болашақ қоғам қажетін өтерлік, ел иелігіне берік, іс тетігін шеше білетін, бойында ұлттық сана – сезім, ұлттық психология нышандары орныққан, ғылым мен техника жетістіктерінен хабардар, білікті парасатты ұрпақты қалыптастырып өсіру – отбасы, балабақшадан басталатын үзіліссіз тәрбиелеумен, оқытумен жүзеге асырылатын ұзақ үрдіс.
Қазақ балалары өте ұяң болады, ойын жинақтап айта алмайды, өйткені тіл байлығы төмен, сөздік қоры аз. Сондықтан, балалардың тіл байлығын дамыту, ана тілін жетік меңгерту қажет. Сол себепті осы тақырып мен үшін үлкен проблема болып отыр.
Бұл тақырыптың өзектілігі тіл мәдениетін дамыта отырып, қарым-қатынас құзыреттілігін арттыру болып отыр.
Егер, осы жобада алынған мәселе бойынша балалардың тіл байлығын дамытатын болсақ, балаларды мемлекеттік тілде еркін сөйлеткен болар едік. Ата – аналар қоғамын ашып, балаларды оқыту процесінде ойын арқылы сөйлеу қабілетін арттыру. Психо-диагностикалық зерттеулер жүргізіледі. Шығармашылық құзыреттілігі дамыған тұлға қалыптасады.
Сондықтан, тұғыры биік елімізде өнерлі, білімді өрісі кеңге жайылған саналы ұрпақтарымыз көп болса, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену біздер үшін толғандырмас мәселе болары анық. Ендеше, әрбір бала бір жұлдыз, жарқырата білейік! Талапты бүлдіршіндеріміздің болашағы жарқын, атар таңы арайлы болсын!
2. Жобаның мақсаты мен міндеттері
Мақсаты:
Тіл байлығын дамыта отырып, таным қабілетін арттыру арқылы сөйлеу машығын қалыптастыру, тілдік қарым-қатынас іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру.
Міндеті:
- сөздік
қорын байытып, сөйлеу
- тілдің грамматикасын дұрыс сақтау дағдысын қалыптастыру;
- өз ойларын дұрыс, қысқаша жеткізе білу дағдылырын қалыптастыру;
- тілдік шығармашылыққа
тұрақты қызығушылығын
- қарым-қатынас
мәдениетінің қарапайым
- балалардың тілдік құзыреттілігін дамытуға мүмкіндік жасау.
- бала тілін дамытуда ата – аналарды оқу – тәрбие процесіне қатыстыру.
- бала тілінің дамуын зерделейтін диагностика жасау.
3. Күтілетін нәтижелер
- Баланың ой – өрісі кеңейді;
- Сөйлеу тілі дамыды;
- Сөздік қоры молайды;
- Оқуға қызығушылығы артты;
- Жан –жақты жетілген бәсекеге қабілетті тұлға қалыптасты;
- Ата – ана процеске қатысты.
ІІ. Жобаның негізгі мазмұны
1.Теориялық негіздемесі.
Оқу – тәрбие үрдісінде - кеңінен қолданылатын ойынның тағы бip түpi ол-дамытушы ойындар. Дамытушы ойындардың маңыздылығы балалардың ынта- ьқыласын есепке ала отырып, оқуды қызықты етіп, білім, білік, дағдыны қалыптастыру. Дамытушы ойындарға қойылатын бipiншi талап -баланың танымдық әрекетін, қызығушылығын дамыту.
Бұл талаптар төмендегідей сұраныстарға жауап береді:
a) балаларға
өзінің қабілетін көрсете
ә) баланы басқалармен жарыса білуге қалыптастыру;
б) білік пен дағдыны қалыптастыру үшін білімді
өзі ізденуге
қамтамасыз ету;
в) ойын барысында балаға жаңа білім, білік дағдылардың қайнар көзіне жету;
г) баланың ойын
барысында жеткен жеңісі оның жаңа алған
білім,
білік, дағдыларымен сәйкес келетіндігі.
Осы керсетілген сұраныстардың ішінде балалардың танымдық әрекеттерін дамытуда әcipece кейінгі 3 бөлімнің маңызы зор. Дамытушы ойындардың ішінде оқушылардың өздері қолдан жасап, құрастырып ойнайтын ойыншықтардың орны ерекше.
Өйткені, өздері ойын барысында жаңа білім алып, олардың елестету, есте сақтау, ойлау, сөйлеу тілімен олардың түрлі қабілеттері: конструкциялық, музыкалық, ұйымдастырушылық т.б. қасиеттері дамиды.
Сабақты бірыңғай әдістермен жүргізе беру балаларды жалықтырары сөзсіз. Егер арасында ойын араласып келіп отырса, балалар сабақ мазмұнына аса назар аударып, тез қабылдап, ұғып алады.
Білім үрдісінің жеке тұлғаларының құзырлығын дамыту
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Бәсеке басы – білім деген.
Ендеше ұстаздар мен тәрбиешілер қауымы ел басқаратын болашақ жастардың білімділігі мен біліктілігін қамтамасыз етіп, Елбасымыздың үкілі үмітін ақтауға барлық күш-қуатымызды жұмсағанымыз жөн.
- педагогикалық эксперимент жүргізу;
- әртүрлі мәтінмен, сюжетті суретке әңгіме құрау әдістерін қолдану;
- әңгеме, сауал сұрақтар, байқау, салыстыру;
- құзіреттіліктің
бастапқы негіздерін
- педагогикалық эсперимент нәтижелерін ғылыми тұрғыдан қорытындылау.
Қазіргі талап - әрбір балаға сапалы да терең білім беру. Сондықтан да мектептегі оқу процесінің барысы әртүрлі педагогикалық әдіс-тәсілдермен жүйелі түрде оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытып, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру. Мектепалды даярлық сынып балаларына білім беру субъектісі ретінде, балаларды ойын технологиялары арқылы дамыту, білім беру, тәрбиелеу. Тұлға педагогикалық субъект ретінде меңгерілетін, қалыптасатын, білім мазмұнына ендірілетін, қызметтік формаға ие болатын адам тәжірибесі.
Білім беру саласында балалардың әр пәнді игеруге деген құлшынысын арттыру үшін жаңа педагогикалық технологияны тиімді пайдалану қажет, себебі жаңа технологияларды қолдану тәрбиешілер мен балалармен мүмкіндіктерін кеңейтіп, пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Өзекті мәселелердің бірі болып отырған « Қазақстан – 2030» жолдауында да, «Білім туралы» заңда, Елбасымыздың «Болашақтықтардың форумында» сөйлеген сөзінде оқушыларды шығармашылықпен қалыптасқан және жеке тұлға ретінде оқытып, дамыту қажеттілігі айтылған. Бұл мақсат, міндеттерді іске асыруда, оқушыларды шығармашылық іске баулу, оқушыларды іріктеу, еңбекке және қоғамдық істерге араластыру, олармен ғылыми, шығармашылық ізденіс бағытында жұмыс істеу жүргізу.
Біздің жас ұрпақтарымыз ана тілін терең оқып жете білуге, өз елін туған жерін сүюге тәрбиеленуге тиіс. Егер бала кішкентай кезінен өз халқының ұлттық психолдогиясында тәрбиеленбесе, ана тілінің қасиетін ана сүтімен бірге бойына сіңірмесе, халқының тарихын, мәдениетін, өнерін, әдебиетін біліп өспесе, онда ол ешқашанда өз халқының толыққанды тұлғасы бола алмайды.
Тәлім – тәрбиенің сабақтастығы туралы М.Жұмабаев өзінің «Педагогика» атты еңбегінде: «Бала бар нәрсеге ұмтылса, сол нәрсеге баланың денесі, жаны, ақылы, сезімі, қайраты – бәрі бірге жұмсалады – дей отырып, адамның әрбір ісіне жан көріністерінің үшеуі де ақыл, ішкі сезім, қайрат қатынасатын болғандықтан үшеуін бірдей тең тәрбие қылу тәрбиешінің міндеті» - деген ой – пікірлерін басшылыққа алуға болады.
Тілге деген құрмет, оны қастерлей білу отбасынан басталатыны, бұл орайда тек мұғалімдер ғана емес, ата – ананың да үлесі мен жауапкершілігінің әсері бар. Тілді үйрету барысында сабақтағы материалдармен шектеліп қана қоймай, балалардың танымдық қабілеттерін арттыру, тек тілдік қарым – қатынас емес, сонымен бірге тыңдау, ақпараттық құралдармен жиі жұмыс жүргізу өз нәтижесін бере алады. Ұзтаздар тарапынан мектепте аптаның бір күнін қазақ тілі күні деп белгілеп, осы күні оқушылар да мұғалімдер де қазақ тілінде сөйлесе деген ұсыныс та айтылған жағдайлар болған.
Оқушыларға тілді үйретуде тілге деген қажеттілікті сезіну және оны күнделікті өмірде қолдана білуге тәрбиелеу – әрбір қазақстандықтың басты міндеті деп саналуы қажет.
Балалармен ұйымдастырылатын әр түрлі іс – шаралар, сынып сағаттары ұлттық тілімізде жүргізілуі арқылы балаларға тілдің маңыздылығы мен оны білу өмір талабы екендігін ұғындыру міндет – соған байланысты жоғарыдағы жағдайлар жобаның өзектілігі болып отыр.
Мектепке дейінгі тәрбие
мен оқыту саласында ғасырдан
астам тарихы бар және әлемдік
қоғамдастықта балаларды
- Жоба өнімінің сипаттамсы
Мектеп жасына дейінгі балалардың мекткпке дейінгі сапалы білім беру бағдарламаларына қолжетімділігін арттыру нысандарының бірі мектепалды институты болады, ол балаларды балалар бақшасында, жалпы білім беретін мектепте және отбасына мектепалды даярлауды барлық жерде ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Мектепалды – бұл мектепке дейінгі ересек жастағы, негізінен бұрын балалар бақшаларына бармаған балалар үшін оқу – тәрбиелік процесті мақсатты бағытта ұйымдастыру институты. Мектепалды даярлаудың функциялары мыналар:
балалардың тән сұлулығы мен психикалық саулығын сақтау әрі нығайту;
балалардың интеллектуал
және жеке тұлға ретіндегі
дамуын қамтамасыз ету,
балалардың дамуындағы кемістіктерді түзету;
баланың толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін отбасымен өзара іс – қимыл жасау.
Отбасына да үлкен жауапкершілік жүктеледі. Онда баланы мектепалды даярлауды – дербес, мектепке дейінгі ұйыммен немесе мектеппен бірлесіп ұйымдастыруды таңдауға хақылы. Отбасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген білімді, дағдылар мен қарым – қатынастарды баланың меңгеруін, сондай – ақ күш – жігері мен психологиялық жағынан мектеп бағдарламасын игеруін қамтамасыз етуге міндетті.
Мектеп жасына дейінгі тәрбие мен оқытуды ресурстық қамтамасыз ету – мектепке дейінгі білімнің жалпы білім беретін бағдарламары мен бастауыш мектептер бағдарламарының сабақтастығын қамтамасыз етуге тиіс. Балаларды мектепалды даярлауды енгізудің қажеттігін ескере отырып, оқу құралдары, балалар кітаптары әзірленуге әрі жасалуға тиіс.
Қазіргі таңдағы әлеуметтік жағдайларды ескере отырып, жеке тұлғаны жан – жақты қалыптастыруда білім мен тәрбие ұштасқан тұста ғана оқу үрдісі нәтижелі болады. Баланың тілін дамыту процесі күн тәртібінен еш уақытта түсіп көрмеген – бұл қазіргі кезде оқу – тәрбие ісіндегі басты мәселенің бірі болып отыр.
«Адам ата – анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды – дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адал білімді болады» - деген Абай сөзін ұмытпай, әр кез жадымызда сақтап, тәжірибемізге басшылық етуіміз қажет.
Бала тілін, ақыл – ойын, қиялын ұштап дамыту үшін ауыз әдебиетінің орны ерекше: ертегі, мақал – мәтел, жұмбақ – жаңылтпаштар оқу, тіл сабақтарында жөнімен қолданылып, пайдаланылса нұр үстіне нұр болар еді.
Сонымен қатар, оқудың жаңаша әдіс – тәсілдерін де ұтымды пайдаланған абзал. Мысалы: «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы», «Тәй – тәй» бағдарламасы, «Қараевтың технологиясы» «Өзін – өзін тану» әдіс – тәсілдері арқылы баланың тілін, ақыл – ойын, санасын, танымын, шығармашылық қабілетін, интелектуалдық іскерлігін дамытуға маңызы зор болып табылады. Төменде өзім сабағыма пайдаланып жүрген тірек – сызбалар, жаңаша оқыту технологияларына байланысты әр түрлі көрнекіліктер, тест жұмыстарының нәтижелері көрсетілген.
Қоршаған орта туралы түсініктерін қалыптастыру барысында сөздік қорын дамыту. Оны түрлі сөз таптарына (зат есім, етістік, сын есім, үстеу) қатысты сөздермен байыту.
Заттардың бөліктерін (көйлек пен жейденің – жеңі, жағасы, түймелері) ажыратып, атай білуге үйрету.
Сөздік қорын заттардың қасиеттері мен сапасын (көлемі, түсі, пішіні, қандай материалдан жасалғаны және не үшін керектігі) білдіретін сөздермен толықтыру.
Заттарды топтастыруға, оларды атай білуге үйрету (ойыншықтар: доп, машина, қуыршақ және т.б., киімдер: жейде, шалбар, тон және т.б, ыдыс-аяқтар: кесе, қасық, тостаған және т.б.).
Балалардың сөздік қорына қарама-қарсы мағыналы сөздер — антонимдерді (үлкен-кіші, жақсы-жаман, мейірімді-мейірімсіз, алыс-жақын) енгізу.
Балалардың сөздік қорын
тұрмыстық заттардың
Балалардың
сөздік қорын ұлттық және бұрын көрмеген
«таңқаларлық» заттардың
Коммуникативті-тілдік құзыреттілік
Кіші сала |
1 жастан бастап 3 жасқа дейін |
3 жастан бастап 5 жасқа дейін |
5 жастан бастап 6 жасқа дейін |
Қатынас мәдениеті |
Қүрдастарымен байланысқа түсе алады |
Ересектерді «Сіз» деп атайды, сұрақтары мен өтініштеріне жауап береді, ересектермен қатынасқа түседі |
Қоғамдық
орындарда өзш-өзі ұстау сақтайды |
Тілдің грамматикалық құрылымы |
Түсінікті болу үшін ойын дұрыс айтуға тырысады |
Сөздерді
өзгертеді, басқа сөздермен |
Грамматикалық дұрыс сөйлеуге тырысады, тілге сыни қатынасын білдіреді |
Тілдің дыбыстык мәдениеті |
Дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс айтады |
Ана тілінің барлық дыбыстарын дұрыс айтады |
Сөздерді орынды колданады, дыбыстарды ажыратады, мәнерлеп оқудың түрлі тәсілдерін пайдаланады |
Сөздік |
Өзі, отбасы мушелері, сүйікті ойыншықтары жайлы сұрақтарға жауап береді |
Көрнекі ұсынылған жағдайларға сүйенбей сөздіктерді қолданады, сөйлеу барысында етістіктерді жиі қолданады |
Антоним, синоним және көп мағыналы сөздерді түсініп, сөйлеу барысында қолданады |
Байланыстырып сөйлеу |
Тілек, сезім және ойын білдіру үшін сөздерді қолданады |
Қарым-қатынастың негізгі түрі -диалогты меңгеріп, 2-3 сөйлеммен пікірін жеткізеді |
Түрлі сөз таптарын, эпитеттер мен теңеулерді колданып, монолог жасайды |
Мемлекеттік тіл |
Ойыншыктардың аттарын түсінеді |
Өзінің атын, тұрмыстық заттар мен жануарлардың аттарын атайды |
Мемлекеттік
тілдің грамматикалық дұрыс |
Шығармашылық тілдік қызмет |
Саусақ ойындарын, тақпақтарды жатқа айтады |
Таныс ертегілерді айтады, ойыншыктар жөнінде шағын әңгіме құрастырады |
Окиғаларды кұрастырады, ауыспалы және астарлы мағыналы ойларды түсініп, оларды қолдана біледі |
Шығармаларды қабылдау |
Халық ауыз әдебиеті шығармаларына эмоционалды түрде өз ойын білдіреді |
Өзіне ұнайтын бірнеше шығармаларды атайды, ойында әдеби бейнелерді қолданады |
Кітапқа қызығушылық білдіреді, өлеңдерді мәнерлеп жатқа айта алады |
Тілдің дыбысталу мәдениеті
Тілдегі барлық дауысты және дауыссыз дыбыстарды анық, таза айтуға үйрету.
Сөйлеу қарқынын өзгерте білу ептілігін дамыту: ақырын сөйлеу, жаңылтпаштар айту.
Есту қабілеттерін жетілдіріп, тілдегі дауыс ырғағының мәнерлілігін сезінуіне мүмкіндік туғызу.
Дауыс және артикуляциялық аппаратын дамыту.
Тілдің грамматикалық құрылымы
Балаларға сөздерді жақ, шақ, септіктерде қолдана білуге үйретуді жалғастыру.
Зат есімдер мен көмекші есімдерді байланыстырып қолдануға үйрету (үстелдің астында, шкафтың үстінде, үйдің жанында, әжесінің қасында, есіктің артында, айнаның алдында және т.б.).
Жануарлар мен олардың төлдерін (аю-аюлар, қонжық-қонжықтар, жылқы- жылқылар, құлын-құлындар) білдіретін зат есімдерді жекеше, көпше түрде айтуға үйрету.
Өздері білетін заттар мен ойыншықтарды септік жалғауларын жалғап, көпше түрде айтуға үйрету (доптардың, қуыршақтарға, қонжықтарда, т.б.).
Сөйлеу тілінде бірыңғай мүшелерді (мен атама, әжеме, апама барамын) қолдана білуге үйрету.
Байланыстырып сөйлеу
Сөзді тыңдап және оны түсіну, әңгімеге араласып, өзіне қойылған сұрақтарға жауап беріп, өзін қызықтырған сұрақтарды сұрауға үйрету.
Тәрбиешінің көмегімен ойыншық туралы, сурет бойынша 2-3 сөзден тұратын қысқаша әңгіме құрау.
Балаларға таныс әдеби шығармалар мен ертегілердің үзінділерін драмалауға қатыстыру.
Шығармашылық тілді дамыту
Шағын тақпақтар мен өлеңдерді жатқа айтуға үйрету.
Тақпақтап, ұйқасты сөздер айтып ойналатын ойындарды балалар қызығатындай етіп өткізу керек. Сол арқылы баланың тілі дамиды.
Қол мен саусақты жаттықтыруға арналған ойындар мен ойыншықтарды қатыстырып шағын оқиғалар құрастыру, өздері білетін ертегілерді драмалау.
Сөйлеу барысында дауыс ырғағы мен қарқынын қадағалап, кейіпкерлердің бейнесін, мінез-құлқын дұрыс жеткізуге жаттықтыру.
«Қатынас» білім беру саласындағы педагогикалық процеске қойылатын талаптар
Ерте жас (1 жастан бастап 3 жасқа дейін):
- ойын технологиялары негізіне құрылады;
- тілдерді ерте үйренуге ықпал етеді;
- жеке және шағын топтарда балаға таныс түрлі тақырыпта күнделікті әңгімелесу; қазақ және басқа да халық ертегілері мен тақпактарын, балалар жазушыларының халық ауыз әдебиеті шыгармаларын оқуды қарастырады;
- балаларға таныс оқиғалардан ойыншықпен шағын инсценировкалар, ақ театрының қойылымдарын қоюды қарастырады.
Мектепке дейінгі кіші жас (3 жастан бастап 5 жасқа дейін):
- балалармен ойын жағдайындағы карым-катынасты карастырады;
- балаларды
балалар жазушыларының
- шағын өлеңдер
мен халық ауыз әдебиеті
Мектепке дейінгі ересек жас (5 жастан бастап 6 жасқа дейін):
- бала тәжірибесі мен әлеуметтік жағдайлар негізінде сөйлеу іс-әрекетін қарастырады;
- мемлекеттік
тілді меңгеруге, шет тілдерге
қызығушылығын тәрбиелеуге
- шығармашылық тілді дамытуға (ертегілер құрастыру, сөздік ойындар, импровизация) ықпал етеді;
- қарым-қатынас ортасының кеңесіне жағдай жасауды қарастырады;
- сауат ашу негіздерін үйренуді қарастырады.
Ерте және мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істейті педагогтарға қойылатын жалпы талаптар
Педагог баланың өмірі мен денсаулығына, баланың психологиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес өз іс-әрекеті н әтижесінің сапасына жеке жауаптылықта болады.
Педагог:
- ішіне педагогикалық білім, талдау және зерттеу дағдысы, бала дамуының психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыра білу кіретін кәсіби құзыреттілікті меңгеруге;
- балалардың
жасына сай анатомиялық-
- тәрбиелеу
мен оқыту процесін
- диагностика
нәтижелері негізінде
- әр баланың жеке білім беру бағытын әзірлей білуге тиіс.
Педагог бала тұлғасын дамыту, оның бойында тұлғаға тән өмірлік қасиеттер мен сапаларды қалыптастыру мақсатында ата-аналармен және басқа да отбасы мүшелерімен өзара іс-әрекетті ұйымдастырады.
«Қатынас» білім беру саласы:
- сауатты, эмоционалды мәнерлеп сөйлеу тілін игереді;
- баланы қатынастың
негізгі, тиімді тәсілдеріне
- баланың сөйлеу тілін, коммуникативтік білім мен іскерлікті қалай игеретінің біледі;
- өзінің бақылауы
нәтижелері мен күтілетін
- тілдік минимум шегінде мемлекеттік, ана тілі және басқа тілдерде қатынас жасай алады, дұрыс сөйлеу үлгісін көрсетеді;
- әр баланың құрдастарымен қатынасы қалай дамып келе жатқанын айды және соған сәйкес бала тәжірибесін байытады.
КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ ШЫҒАРМАЛАР ТІЗІМІНІҢ ҮЛГІСІ
Жануарлар әлемі
М Әлімбаев «Мысық пен тышқан»
Ө. Бесекеева «Кірпі» (жаттау)
С. Қасымов «Үй жануарлары»
І. Жансүгіров «Жануарлар дүниесі»
А. Барто «Төбет» (жаттау)
«Түлкі мен қасқыр» ертегі
«Құлын, қозы, лақ» қазақ ертегісі
«Мысық неге тамақ ішкен соң жуынады» литва халық ертегісі
«Маша мен маймақ», «Мысық, әтеш және түлкі», орыс халық ертегісі
«Су жүрек қоян», «Әтеш-әтеш» орыс халық ертегісі (жаттау)
К. Ушинский «Көжек пен кірпі»
Өсімдіктер әлемі
Т. Молдағалиев «Жапырақтар»
М. Әлімбаев «Ұшты, ұшты»
Ә. Табылдиев «Көкөністер»
Т. Шопашев «Анар», «Алша»
Қ. Мырза Әлі «Асқабақ пен қияр»
Өлі табиғат
М. Әлімбаев «Кемпірқосақ»
К. Көпішев «Сырғанақ»
Қ. Баянбаев «Сырғанақ»
А. Асылбеков «Қыс»
М. Әлімбаев «Жаңбыр»
М. Жаманбалинов «Күркіреді күн, күн»
Қолдан жасалған әлем
М. Әлімбаев «Менің ойыншықтарым»
Ж. Смағұлов «Қуыршақ»
Ә. Табылдиев «Машина»
С. Маршак «Доп», «Кім сақинаны табады?»
А. Барто «Ойыншықтар»
Ш. Смаханұлы «Добым менің»
К. Чуковский «Телефон»
Өзіңді-өзі таны
Ж. Құрманалиев «Жылауық», «Батыр»
Н. Жанаев «Бөпем ұйықтасын»
М. Әшімбаев «Кім сотқар»
Менің үйім, менің отбасым
«Үш жалқау» қазақ халық ертегісі
М. Әлімбаев «Сен кімнің ұлысың?»
С. Көбеев «Қарттар мен балалар»
Л. Толстой «Бәрінен де жақсы»
М. Төрежанов «Әжесін қайсысы жақсы көреді?»
А. Сопыбеков «Біздің отбасы»
С. Мәуленов «Ата ақылы»
Адамдар еңбегі
А. Шынбатырова «Автобуста»
Н. Сералиев «Балабақшада»
М. Алимбаев «Кілем-алаша» (жаттау)
Ж. Карбозин «Дәрігер» (жаттау)
Ә. Дүйсекеев «Біздің үйде»
Қоғамдық өмірдің құбылысы
З. Александрова «Шырша жыры»
Т. Мұратов «Наурыз мерекесі»
А. Қалманбетов «Отаным»
Е. Өтетілеуов «Отан»
Мезгілдер
Ш. Ахметов «Бұл қай кезде болады?»
Қ. Мүсірепов «Күз»
Қ. Баянбаев «Қыс»
Н. Әлімқұлов «Жаздыгүні»
Ө. Ақыпбеков «Көктем»
Қорытынды
Қазіргі күнде білім
берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда.
Ал бұл процесс білім
Жеке тұлға – бұл адамның психикалық рухани мәні, ол әр түрлі жинақталған қасиеттер жүйесіне тән.
Мектептегі оқу ісіне қойылатын бүгінгі заман талабы – өзіндік ой – тұжырымы бар, логикалық ойлау қабілеті дамыған, өз көзқарасы мен пікірін ашық айта алатын, ақпараттар ағымынан қажетін іріктеп ала білетін, қоғамдық ортаға икемді, өз жолын дұрыс таңдай алатын жас ұрпақ тәрбиелеу, ендеше бұл міндетті жүзеге асыруда барлық оқу пәндерінің қосар үлесі аз болмауға тиіс.
Оқу үрдісіндегі таным әрекеті оқу, үйрену арқылы жүзеге асады. Бала белгісізден белгіліге, білімсіздіктен білімділікке, таным жүйесіне талпынады. Таным әрекетінің оқушының жалпы дамуы және жеке тұлғаның қалыптасуы үшін маңызы зор. Таным әрекетінің ой – сана үрдісінің бәрі дамиды. Білімді меңгеру үшін, тек оларды есте сақтап қалу емес, салыстыру, жүйелеу, анықтау, жалпылау, талдау сияқты жұмыстар жүргізілу керек.
Қазақ тілінен білім беруде тақырыптың мазмұнына қарай білім беру, тәрбие беру және жеке тұлғаны ақыл – ой жағынан пайдалы білім беру игерудің дамыту жағы көзделеді. Бұл кезде мұғалім сабақ үстінде білімді қабылдау қабілеті, ақыл, ес, сөйлеу, ойлау, ерекшеліктеріне тікелей әсер етіп оқушыны дамыта оқытуда әр түрлі әдіс – тәсілдермен жұмыс жүргізіледі.
Тілді оқытудың, оның ішінде ана тілін оқытудың көптеген ерекшеліктері бар. Оны танып – білуіміз әлі де жеткіліксіз болып жатыр.
Сондықтан қазіргі қойылып отырған басты міндет – дамыта отырып оқыту, баланы қабілетіне қарай мүмкін және міндетті деңгей көлемінде білім алуына жағдай жасау.

- Балалардың психикалық дамуына ойынның ықпалын зертте
- Балалардың табиғаттағы еңбегін ұйымдастыру
- Балаларды табигатпен таныстыру
- Балаларды табиғатпен таныстыру
- Балалар ойыны және оның ерікті дамытудағы мәні курстық жұмыс
- Балалық кезеңдегі қабілет нышандарының байқалуы және оны жетілдіру жолдары
- Балалық кезеңдегі қабілет нышандарының байқалуы және оны жетілдіру жолдары
- Бала қиялдарын дамыту жолдары
- Балалар бақшаларын ашу
- Балалар бақшасындағы мерекелер
- Балалар бақшасының балаларын ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
- Балаларды есеп құрылымымен таныстыпу
- Балаларды мектепте оқуға әзірлеуде сөйлеу тілін дамытудың жұмыстары
- Балалардың жас мөлшері мен дербес ерекшеліктерін оқу – тәрбие