Балаларды табиғатпен таныстыру
Жоспар
ЖОСПАР:
І.КІРІСПЕ.....................
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.........................
БАЛАБАҚШАНЫҢ БҮГІНІ МЕН
БОЛАШАҒЫ......................
2.1.БҮГІНГІ БАЛАБАҚША ТӘРБИЕСІ
..............................
2.2. БАЛАБАША ТӘРБИЕСІНДЕ ХАЛЫҚТЫҚ
ПЕДАГОГИКАНЫҢ МАҢЫЗЫ........................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
2
КІРІСПЕ
Тәрбиенің сан алуан келелі
мәселесін шешетін, қарапайым дағдыларды
бала санасына орнықтыратын
1. Бөбектік шақ (туылғаннан 1 жасқа дейін);
2.Сәбилік шақ (1 жастан 3 жасқа дейін);
3.Мектеп жасына дейінгі кезең (3 жастан 7 жасқа дейін);
4.Төменгі сынып жасындағы балалар (6-7, 10-11 жас аралықтары).
Жалпы балалардың дамуының
ерекшеліктері олардың іс-
Балабақша - бұл балдырғандардың ойын дамытуға, оқуға құлшынысын арттыруға, мінез-құлқын көпшілік ортада ұстай білуге, әдептілікке, имандылыққа, жоғары адамгершілікке баулитын, сөйтіп отбасымен қатар жасөспірімдердің қабілет-дарындарының дамып, жан-жақты жетілулеріне тікелей ықпал ететін әлеуметтік институт.
Балабақшада тәрбиеленуші тұлға бұл – балдырған, бүлдіршін. Балдырған – сәби жасынан асқан ойын дамытуға, білуге ұмтылған, мінез-құлқынан әдептілік, имандылық көріністері сүйсіндіретін бала, өсер ұрпақ. Балдырған шақта баланың қызығушылығы, әсерленгіштігі айрықша болады да, тәрбиені, білімді тез қабылдайды. Оқуға, ойнауға, ізденуге құмар болады, әдептілігі қалыптасады. Осыған қарай балдырған тәрбиесі балабақшадан терең әлеуметтік, рухани-моральдық тәрбие мен білім беруді талап етеді .
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауында еліміз дамуының жаңа кезеңінің келесі он жылға арналған бағыт-бағдарын айқындап берген болатын. Осыған орай бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен психология қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру - отбасының, балабақшаның, барша халықтың міндеті. Замана алға қойған бұл міндеттерді өз мәнінде шешу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделуде. Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы – мектепке дейінгі ұйымдардан басталғаны орынды. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс–тәсілмен берілетін тәлім-тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, мектепке жан-жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады .
Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті ойын. Сондықтан оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай өсер бала бола ма?» – деп айтқандай баланың өмірінде ерекше орын алады. Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін тәрбие құралы. Ойын баланың барлық қабілетінің дамуына, айналасындағы дүние жайлы түсініктерінің кеңеюіне, тілінің дамуына, құрбыларымен жақындасуына көмектеседі. Өйткені бала нәресте шағынан бастап адалдыққа, батылдыққа, мейірімділікке, еңбек етуге тәрбиелеудің құралы ойын. Осыған орай бүгінгі күндері тәрбиешілер алдында балаға білім., білім дағдыларын игеріп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімін, ерік-жігерін жан-жақты етіп дамыту міндеттері тұр. Болашақ қоғамымыздың тағдыры да бала тәрбиесіне тікелей байланысты. Қоғамды дамытушы да, ілгері апарушы да осы жас жеткіншектер. Тәрбиенің сан қилы дағдыларын бала бойына дарытатын алғашқы білім баспалдағы – балабақша, жол сілтеп, жетелеп, үйретуші – тәрбиеші. Балабақшадағы тәрбие – қазақи ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан парасатты, адамгершілік қадір – қасиеті мол, физикалық және моральдық жоғары белсенді жеке адамды қалыптастырып шығару процесі болып табылады. Тәрбиелеу мен білім берудің әрекеті практикалық процесс үстінде қалыптастырылады. Тәрбиелеу мен оқытудың міндеттері баланың осы іс-әрекет түрлерін қалыптастыру және оны белгілі бір мақсатқа бағыттап отыруды көздейді. Ойнау, еңбек ету, және білім алу барысында ақыл-ой, адамгшершілік, физикалық және көркем тәрбие, даму процесі қатар жүреді. Бала осы кезде белгілі дәрежеде білім алады, іскерлікке үйренеді, өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға, қоғамдық өмірдің әдет дағыларын игеруге бейімделеді
Іс-әрекеттің тап осы түрлерін ғана дамыту арқылы тәрбиелеу білім беру міндеттерін шешуге, бала дамуын дұрыс жолмен бағыттап отыруға мүмкіндік туады. Жақсы ойнап, еңбек ете білетін әрі оқуға қабілетті баланы ересек адамдар мен балалар қоғамында өмір сүруге қажетті қасиеттерді толық игерген тәрбиелі бала деп аталуы мүмкін. Жоғарыда аталып өткен іс-әрекеттің әрқайсысы бала дамуына өзіндік, өзіне тән үлесін қосады. Мысалы, тәрбиенің ең маңызды міндеті саналатын ақыл-ой тәрбиесінің өзі бала ойының: еңбегін және балалардың оқуын үнемі бағыттап отыру арқылы жүзеге асатыны бізге балаларды тәрбиелеу тәжірибесінен таныс. Адамгершілікке тәрбиелеу міндеттері жөнінде де осыны айтуға болады. Бала өзін-өзі көрсете білсе, ендеше ойын, оқу еңбекте адамгершілікке тәрбиеленеді деген сөз. Өйткені, мұнда олардың өзара ересек адамдармен қарым-қатынасы қалыптасады. Іс-әрекеттің әрбір түрінде осылайша өзара ұштасып жататын педагогикалық мүмкіндіктерді ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың тіршілік әрекеттерін, тәрбиелік мақсатқа сай ұйымдастыра аламыз.
Ойын, еңбек, оқу арқылы біз балаларға белгілі бір тұрғыдан ықпал жасай аламыз. Бірақ біз іс-әрекеттер ойын, еңбек, оқыту өзара ұштасқан жағдайда ғана баланың жеке басын дамытуда толық нәтижеге жете аламыз. Балабақшаның негізгі міндеті – баланың жеке басының бастапқы қалыптасуын қамтамасыз ету. Бұл жас баланың ақыл-ойының дамуы мен даярлығы үшін қолайлы кезең. Осы кезеңде бала оқу мен тәрбиені қалыптастыруға, өз қызметін білуге, тілдік қатынастың қарапайым тәжірибесінде өзін-өзі таныта білуге, мінез-құлық мәдениетіне, жеке гигиеналық және салауатты өмір салтының негіздеріне бағдарланады.
Жас ұрпақты кішкентайынан
Халқымыздың дәстүрінде қол алысып амандасуға ерекше көңіл бөлген, жас баланы сәби кезінен үлкендермен қол алысып амандасуғы тәрбиелейді. «Көкеңе қолыңды беріп амандас», «Ағаңның қолын ал», «Атаңа екі қолыңды бер» деп үйретеді. Ондай кезде үлкендер яғни аталар, әжелер «Ой азамат болыпты ғой!», «Таудай бол!» деп баланың қолын алып, сәлем беруге ынталандыратын сөздер айтып ынтасын тудырады. Баланы жастайынан осындай инабаттылыққа баулу, ол есейгенде сыпайы, әрі жеке тұлға болып қалыптасуына негіз болады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Жас ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік
тақырыбы. ұлттың бүгіні де, болашағы да
тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Баланың
шын мәнісіндегі адам болып қалыптасуы
қыруар уақыт пен тер төгетін, зор еңбекті
қажет ететін, ауқымы кең, жауапкершілігі
мол жұмыс. Ұлы абай: Адам ата-анадан туғанда
есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып
ескерсе дүниедегі жақсы-жаманды таниды
дағы сондайдан білгені, көргені көп болған
адам білімді болады , десе, француз педагогы
Жан Жак Руссо: Бала туғанда ақ қағаздай
болып туады, оның үстінде шимайды қалай
салсан, қағаз бетіне солай түседі, бала
тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең,
ол солай тәрбиеленеді , деген екен.
Адамның дамуы дене, психикалық және әлеуметтік
жетілу, пісу процесі болып табылады да,
туа біткен және өсе келе бойға сіңген
қасиеттердің, сандық және сапалық өзгерістерінің
бәрін қамтиды. Дене дамуы бойдың, салмақтың
өзгеруімен, бұлшық еттер күшінің артуымен,
сезім мүшелерінің жетілуімен, қимылдардың
үйлесімділігімен т.б. байланысты. Психикалық
даму процесінде танымдық, еріктік, эмоциялық
процестерде, жеке адамның психикалық
сипаттары мен белгілерінің қалыптасуында
елеулі өзгерістер болады. Даму барысында
баланың биологиялық индивид ретінде
адамға, жеке адам ретінде адамзат қоғамының
мүшесіне айналуы жүзеге асады. Адамның
дамуы дегеніміз – оның тегінде бар және
туа біткен белгілердің жай ғана сандық
көрінісі емес. Даму – бұл ең алдымен айналадағы
болмыстың ықпал жасауымен ағза мен психикада
болып жатқан сапалық өзгерістер. Адамның
дамуы мен оның жеке басының қалыптасуы
біртұтас процесс.
12 жылдық білім
берудің қажеттілігі, бес жасар балаларды
мектепалды даярлықтан өткізу мәселелерімен
бірге, жалпы білім беретін мектептерде
және балалар бақшасында білім, білімділік
бағдармалардың сапасын арттырып, тәрбие
жұмысын жетілдіруді көздейді.
Балаларды мектепке дайындауда психологиялық
өріс-еркіндік, батылдық, имандылық тәрбиелерін
бала бойына сіңіріп, оларды жеке тұлға
ретінде қалыптастыру шешуші роль атқарады.
Адамды - жер бетіндегі тіршіліктің заңды
жалғасы және оның өркендей өзгеріп жетілген
биік шыңы деп қарастыратыны орынды.
Баланың 4-5 жасар шағы, ең бір танымдық қабілетті, үздіксіз жұмыс істеген, айналасындағы құбылыстарды сезіну, білуге деген ынталығы да мол байқалатын мезгілі. Көп жағдайларда оның жан дүниесінің қозғалыстарына тән құбылыстардың үлгере алмауынан, үнемі асығыс-қимылдардың артықшылығынан сүрініп-жығылып, құлап жататыны байқалады. (Біз оны қазақша тұсау кесер мезгілі дейміз. Ол да шындыққа ұласады). Өйткені олар "көнілдегі көк дөненнің" жүрісін тежей алмай әлекке түседі. Ондай қозғалыс осы мерзімде өте жиі кездеседі. Бала бұл шағында сан-сапалы тағылымдарды игеріп, неше түрлі күрделі құбылыстарды ұсына алатын жағдайда жетеді. Оның миының үстіңгі қабығы қауырт жетілу себепті - баланың мінез-құлықтары мен іс-әрекеттерін пәрменді ықпал етумен бірге, өзінің күллі нерв талшықтары мен жұлын-жүйкелерінің жұмыс істеу қабілетін күшейте береді. Жан дүниесінің осыншалық қауырт жетілуінің арқасында, оның тән құрылыстары да ерекше икемділікпен тығыршықтай тарылып марқая түседі.
Әрдайым қозғалыс үстінде баланың денесі қалыпты салмақты мөлшер-де өсіп отырады.
Олардың әр жастағы көрсеткіштері төмендегідей болып келеді.
- 4 жастағы орташа салмағы 15-16 кг, бойы - 100 см болса, бір жылда 1,3 кг салмақ қосып, тұлғасы 6,7-7 см өседі.
- 5 жастағы орташа салмағы 17-18 кг, бойы 106-107 см болады.
- 6 жастағы орташа салмағы 19-20 кг, ал бойы 1, 12-1, 13 см.
- 7 жастағы орташа салмағы 22-23 кг, бойы 1,19 см. Кеуде қуысы көлемі 58-59 см болуға тиіс.
Балалардың бала бақшасы жасындағы кезеңінде, яғни, 4 пен 7 жас аралығында әсіресе ұлдар үшін жалпы қозғалыстың көлемі 7 және 9 км мөлше-рінде болады. Нақтырақ айтсақ ұлдар 4-5 жасында 6-7 км, 6-7 жастағылар
- 9 км, жол жүре алады. Мұндай жас мөлшеріндегі қыз балалардың қозғалысының мөлшері 2 км аз болып келеді.
Төрт-бес жасар балалардың салыстырмалы ойлай алатын қабілеттері ерекшелене түседі. Санамақтарды игеріп, аз және көп сандарды, қалың мен жүқаны ажыратумен қоса, айдың айын, күннің сәтін дегендей, жыл мезгілдерін ажырата алатын халге жетеді. Бұл жастағы балалардың танымындағы артықшылық мөлшері де әр түрлі болып келеді. (Кейбір балалардың қалада, бала бақшасы бар, жан ұяда информатикалық хабар алатын компьютер бар жерде танымдары терең, жан-жақты болуы мүмкін. Ал керісінше үй жағдайы жоқ, бақша көрмеген, үйінде жарық та жоқ, компьютердің не екенін білмейтін балаларда бар, ол тіптен мәңгүрт десе де артық болмайды). Бірақ ондай балалар тез жетіледі. Техниканы, компьютерді тез меңгереді.
Біз көбінесе өмірде байқалып, анықталып, зерттеліп, өмір тәжірибесінде көрініп жүргеніндей осы жастағы (4-5) балалардың айнала қоршаған дүниеге, өзінің айналасында жүрген адамдарға, ата-анасы мен тәрбиешілерге, тіптен кез-келген адамдарға деген ізеті мен мейірімділігін байқай бермейміз. (Біз әлі де болса тәрбиенің әкімшілік әдісін кеңінен пайдаланамыз. Олардың бұйрық арқылы қатаң тәртіпте ұстауды жақсы көреміз. Ол солай бұрыннан қалыптасқан).
Осы жастағы балада табиғи дамудың гендікжүйесінен (немесе ұрпақтан ұрпаққа берілудің қасиетінен) сүттей тұнық, үлкеннің айтқанын қағыс қалдырмай орындайтын қасиеттері пайда болады. Сол ерекшелікті ата-ана да, тәрбиеші де ескеріп отырғаны жөн. Олар айтылған, тапсырылған жұмысты жан-тәнімен (бар мүмкіндігімен) орындауғатырысады. Дұрыстығына қуанады, марқаяды, мақтанады. Өзін өзгеге солай көрсеткісі келеді, осы кезде ата-ана, тәрбиеші сол жас ерекшелікті, бала орындай алатын жұмысты көбірек тапсырған жөн. Оны ары қарай бірте-бірте жетілдіріп отырса, бала болашағына жаңа іске, жаңа нәтижелерге деген үлкен құлшыныс туады. Осы жастағы "Еңбекке баулу" балалар ер жетіп өскен кезде ұқыптылыққа, тазалыққа, еңбек сүйгіштікке, бар ынта-жігерімен бой алдырады. Әрине оған жоғарыдағы талаптарды орындау мүмкіндігі болған кезде ғана ол әсерлі болады.
Төрт-бес жастағы бақшада балалар үшін өздерінің ойнайтын орындарын және сабақ өтетін бөлмелерін барынша таза ұстауға үйрету тәрбиеші міндеті. Оның дұрыс орындалуы қатаң қадағалануы керек. Оны бала өзінің жеке міндеті екенін жақсы түсіну қажет. Ойын соңында ойыншықтарды жинау, тамақ алдында қол жуу, тамақтану кезінде кезекті, реттілікті сақтау. Осының бәрі тәрбиешінің басшылығымен жүзеге асады. Бізде ондай маңызды, әрі өмірлік қажетті жұмыстарды орындатпау, немесе өздеріне орындауға тапсырма беру өте қате.
Оқушылар немесе балалар осы кезде айнала қоршаған дүниедегі бар нәрсеге назар аударады, көз салады. Өзін қоршаған ортада гүл, ағаш, тас т.б. түсін ажырата алады. Суретке салады. Табиғатта әсем көрініске бөлегісі келеді, суреттен көрме жасайды. Мұның бәрі табиғи кұбылыс. Ол құбылыс әркімнің қолынан келе бермейді.
Осы жастан бала талғамы байқала бастайды. Оған дұрыс бағыт беру ол баланың болашақ мамандығына, кәсіпкерлігіне жол ашады.
Бақшадағы балалардың күн режімі және оны жасаудың қажеттілігі
Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен кейін-ақ белгілі бір реттілік пен режім (тәртіп) арқылы дамып, өсіп жетілетіні белгілі. Оған дәлел: адам бір тәулік бойы тіршілік ету керек болса, сол тәулікте не істеу керектігі табиғи түрде (ешкімнің айтуынсыз, табиғи түрде реттеледі). Тамақ ішеді, жұмыс істейді, демалады, ұйықтайды (қосымша өзін-өзі күтетін жұмыстар атқарады).
Бұл реттілік адам өмірі, оның дұрыс өсіп жетілуі, ұзақ өмір сүруі, денсаулығын сақтау үшін аса қажет. Оны бұзуға, өзгертуге болмайды.
Сондықтанда балалар бақшасында мынадай схемадағы күн режімі жасалады
Орындауға тиісті өрекет-қимылдар |
4 жас |
5 жас |
уақьптары |
сағат, минут | |
Үйде (түру, жуыну, киіну, бақшаға жету) |
6,30-7,30 |
6,30-7,30 |
Бала бақшаға (қабыддау, тексеру, таңертеңгі гимнастика) |
7,30-8,30 |
7,30-8,30 |
Ертеңгі тамақ ішу |
8,30-8,55 |
8,30-8,55 |
Сабаққа әзірдену, сабақ өткізу |
9,00-9,45 |
9,00-9,45 |
Ойнау, далаға шығып серуендеу |
9,45-11,50 |
9,45-11,50 |
Серуеннен оралу; (түскі тамақ ішу) |
11,50-12,15 |
11,15-12,15 |
Ұйықтауға әзірлік, күндізгі ұйқы |
12,15-12,50 |
12,15-12,50; |
Ойын ойнау, серуендеу |
12,50-15,00 15,00-15,25 15,25-15,50 |
13,10-15,00 15,00-15,25 15,25-15,50 |
Даладан оралу |
15,50-17,50 |
15,45-18,00 |
Кешкі тамаққа әзірлену, кешкі тамақ ішу |
17,50-18,15 |
17,50-18,20 |
Ойнау, үйге киіну қайту |
18,15-18,45 |
18,20-18,45 |
Үйге келу |
18,45-19,00 |
18,45-19,00 |
Алты жасар баланың тәрбиесі
Баланың 5 жастан асып алтыға аяқ басуын, алты жасар дейтініміз рас. Бұл бала-бақшасындағы үлкен топтың мүшелері. Бұл шақ адам ғұмырындағы алғашқы іштей түлеудің саналы сәті десек те, немесе саналы ғұмырдың ағарып атқан ақ таңы тәрізді екенін ескеруміз керек. Осы жастағы бала тәрбиесіне біраз назар аударайық:
"Ең бастысы адамдарды - ой саралауга үйрету" - деген Брехт.
Расында да әрбір адам өз қабілетін, өз мүмкіндігін өзі біліп соған сәйкес жұмыс істеу керек. Мысалы, сенің балалар бақшасына тәрбиеші болу мақсатында болды. Біліміңде, тәжірибеңде, сабақ оқыту мен тәрбие жүргізу әдістемеңде жетеді. Бірақ балалар бақшасының бұрынғы бар құрылысы қазір жоқ. Президентіміз Н.Назарбаев мектепке дейінгі тәрбиеден бастап, бүкіл оқыту жүйесін қайта даярлау, талабын қойды. Неден бастау керек?
Бала бақшаның материалдық техникалық базасы қандай болу керек
Рас, қазір болашақ ұрпақ тәрбиесін қайта жалғастыру үшін, оның жаңа нұсқауларын дайындау, ол дамыған қоғам талаптарына сай болу керек. Оның көлемін, архитектурасын жаңаша кұру, құрылыс мамандарының міндеті.
1. Бұрынғыдан білетініміз
2. Болашақ үйдегі жағдайы. Оның жаңа талапқа сай әрбір отбасында үйдің болуы. Оның балалар бөлмесі, демалыс орны болғанда ғана бақшамен үйдің тәрбиесі, білімі бір-біріне үйлеседі.
3. Бақшадағы шаруашылық талаптар. Балаларды жылы, жарық бөлмелермен қамтамасыз ету, оқу, демалу, жуыну бөлмелері мен спорт және ойын алаңдарының болуы. Баланы бақшаға қабылдаудың барлық мүмкіндігі болуы.
4. Бақшадағы оқу мен тәрбие
жұмыс жоспары. Бүкіл оқу-тәрбие
жұмысына қойылатын
Балаларды еңбекке жаттықтыру. Ересек балалар тобы кез келген ойындарынан және сабақтарынан соң, белгіленген бағдарлама бойынша -еңбекке жаттығу сәті - ең әуелі өздерін ретке келтіруден бастап, ойын сабақтарын өткізу бөлмелерінен басталып, әрбір нәрсені өз орнына қою.
Ол үшін үйренетін еңбектің түрлеріне, адам өміріне қажет мазмұнына да сан жетпейді. Үйреніп алған жанға оның тіпті де керегі жоқ. Осы сан қилы еңбектерді балаға ойын үстінде, әртүрлі сабақтар өткізгенде де, ас алдындағы жуынып-шайынғанда да, тіпті ұйықтағанда да, ұйқыдан кейінде, әйтеуір олардың іс-әрекеттері мен қимыл-қозғалыстарының бәріне де шым-шымдап сіңірілген еңбекке баулудың көріністерімен үйлесіп жатады, Оның ішінде балаға үйрететін қол еңбегінің маңызы ерекше десек артық емес. Тәрбиеші оларды жәй ғана ойнату емес, жоспарланған кесте бойынша ғана пайдалы ойындарды ойнатады. Оларды топ-топқа бөліп ойнату пайдалы. Олар мұндай ойынға бар ынта-жігерімен қатынасады. Олар өз қиялдарымен алдарындағы ойыншықтарды, сәндік бұйымдарды, орамал, жалауша, сумка, тақия, кітапша, т.б. көптеген заттардан ойыншықтар жасайды. Осы кезде баланың неге икемділігі көріне бастайды. Еңбек үстінде бірін-бірі сыйлау сыйластығы да қалыптасады. Осыдан келіп, бірінен-бірі үйрену, тәлім алу сияқты тәрбиелік, игілікті істер қалыптасады. Сөйтіп олар балалық шақтарынан-ақ, хал-қымыздың дана тұжырымы: "Адамның күні - адаммен" деген сөздің мағынасын түсінеді.
Жеті жасар, немесе О-ші класс
Бала бақшаларының өмірге қанат қақтырар жеткіншектері - алты жастан өтіп, жетіге толған балалар екендігі әркімге аян. Жетіге толған балалар күзде бірінші кластарға баратындықтан, бала бақшаның соңғы жылы негізінен мектепке әзірлік жұмыстарын жүргізеді. Мұны педагогика тілінде 0-ші класс деп атайды. Ал қазірге кездегі еліктеушілікпен баланы 6 жасынан мектепке беру дейтін тұжырымының әлі де зерттеуді қажет ететін кемшіліктерінің көп екенін батыл түрде айтуды азаматтық парыз деп атаған жөн. Алты жасар бала дене бітімі жөнінен шымыр болуы да мүмкін, бірақ жеті жастағы балаға қарағанда әлі сәби екені анық. Сондықтан баланың жеті жасқа толған соң ғана мектепке баруы орынды. Өйткені, адам ең әуелі биологиялық ген ретінде, ол міндетті түрде биологиялық және физиологиялық заңдылықтарға бағынып, ол өзінің физиологиялық кезеңдеріне лайықты іс-әрекеттер жасауға тиісті. Баланың жеті жасқа толу сәтін, оның саналыққа тұрақты түрде тоқтаған алғашқы баспалдағы деуге болады.
Себебі, ол кезде адам баласының жыныс бездері мен жұлын-жүйке сөлдерінің үндесе қызмет етулерінің арқасында, адамдық темпераменттерінің негіздері ғана қалыптасып қоймай, сонымен қатар әр адам өз алдына жеке тұлға ретінде ерекшеленіп, оның мінез-құлықтарының да даралана дамуының күрделі сатыларынан өте бастайды. Міне, бұл баланың жеті жасынан ғана мектепке баруын құптамайтын, аз ғана дерек пен есептей алмаймыз. Бұған қосымша ретінде, әр халықтың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отыратын тектік сипаттарын да, міндетті түрде есептеген жөн. Өйткені балаға баба зердесі де әсер етпей қоймайды. Адам тәрбиесінің осы кезеңінде, барлық әрекеттің зиянсыз болғаны ауадай қажет. Оның тәуліктің тамақтануы мен тазалық режімдері де, өткен жылдағымен салыстырғанда аса үлкен өзгерістерге ұшырамағаны мен, жеті жасардың ойлау мен ойлану тәрбиесіне көптеген өзгерістер енеді.
Сондықтан ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин балаларды жеті жасқа келгенде оқуға шақырып ұран тастаған.
Бір құдайға табынып,
Кел балалар оқылық.
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық!...
Осы өлең жолдарының алғашқы жолын діни ұғым деп алдырып тастаған. Ғылымның да, өмірдің де дәлелдеуі жеті жастан - он жеті жас оқу жасы болған. Оған ешкімде көз жұма алмайды. Ұрпақ тәрбиесіне даналық оймен қараған Қазақтың ақиын ақыны Мұқағали Мақатаев:
Анау сенің мектебің,
Онда онжыл тұрасың.
Тарыдай боп кіресің,
Таудай болып шығарсың...
Сонда Ұлы ақынның ойы мектеп "адам" деген қасиетті тұлғаны жан-жағынан жетілдіріп, оқытып, тәрбиеліп, өмірдің жолының оң солын көрсетіп, таудай білім беретінін дәл айта білген.
Еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақты азаматық пен имандылыққа баулу – тәрбиенің басты міндеттерінің бірі. Сонымен қатар ата-аналар мен мектепке дейінгі ұйымдар ұлттық тәрбиеге де мән бергендері жөн. Бұл саладағы күш – жігер алдымен бүлдіршіндерді отандыққа тәрбиелеуге бағытталады. «Отан» деген ұғым балаға дүние есігін ашқан үйі , ата-анасы, ағайын туыстары, туған жері, кең – байтақ гүлжазира даласы, тау – тасы, өзен – көлі, сылдырап аққан мөлдір бұлағы бейнесінде қабылданып, ең қасиетті де құдіретті алтын бесігі ретінде үйретуге тиіспіз.
Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту басты міндет болып табылады.
Біріншіден, білім мен тәрбие
беруге арналған дамытушы
Екіншіден, тәрбие мекемесінің
басшысы мен тәрбиеші
Үшіншіден, балабақшада еңбек
етуге толық жағдай жасалып, тәрбиелеу
мен білім берудің
Баланы тәрбиелеу, дамыту және
білім беру мәселелерінде
Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Бұл мақсаттар өзара тығыз байланыста болғанда ғана нәтижелі болады. Баланы өмірге дайындау үшін дамытудың маңызы ерекше. Даму барысы:
1. Зердесін дамыту
2. Эмоциясы мен сезімдерін
3. Күрт қиыншылықтарға төтеп бере алуын дамыту
4. Өзіне-өзінің сенімділігін, өзін-өзі қабылдау, жақсы көруді дамыту
5. Танымдық үрдісін дамыту
6. Өзін-өзі алып жүре алуын, дербестігін дамыту
7. Өзін-өзі көрсете алуына, өзін-өзі жетілдіруге ынтасын дамыту .
Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудағы жеке бағытталған көзқарас
Замандас жағдайда педагогиканың дамуы әр алуан түрде белсендіріледі: ізгілікті, әлеуметтік, диагностикалық, түзетуші, эксперименталды, ынтымақтастық педагогика. Ізгілік педагогикасының пәні: ізгілікті бостандығы бар, келешек демократиялық қоғамда өмір сүріп, жаңа нәрселерді тудыра алатын тұлғаны, яғни АДАМДЫ тәрбиелеу.
Бала тұлғасы жалпы
адамдық бағалығы ретінде
Жеке бағытталған педагогика
балалардың жеке тәжірибесі
Жеке бағытталған технологиялар:
· Топтық оқыту технологиясы;
· Ш.А. Амонашвилидің ізгілік-жеке технологиясы;
· Интерактивті оқыту;
· Ойын технологиялары;
· Мария Монтессори технологиясы;
· Дамыта оқыту технологиясы;
· Мәселелік оқыту технологиясы;
· ТРИЗ шығармашылық технологиясы.
Жеке бағытталған оқытудың мақсаты:
· Табу, қолдау және адамда адамды қолдау;
· Оған өзіндік дамуы, өзін іске асыру, өзін қорғау және өзін тәрбиелеу механизмдерін енгізу.
Жеке жұмыс - ол әр баланың дамуының ерекшеліктерін есепке алатын,педагогтың қызметі. Тәрбиелеудегі дифференциалды көзқарас әр педагогтың бала тәрбиесінің деңгейіне, жынысына, жасына қарай тәрбиелілік міндеттерді іске асыру қарастырады.
Дифференциация тұлғаның сапасын, оның қызығушылықтарын, бейімділіктерін зерттеуіне бағытталған. Дифференциалды көзқарас жағдайында балалар парасаттылығындағы, мінез-құлықтарындағы, қарым-қатынасындағы, бастаушы сапаларының ұқсастығына негізделіп, топтарға бөлінеді. Осы жұмыстың тиімділігі педагогикалық кәсіптіліктің және педагог-тәрбиешінің шеберлілігінен байқалады. Сонымен бірге оның тұлғаны зерттеп, осы тұлға әрдайым жекеленгенін, оны басқа адамдардан айыратын, нақты бір адамға өзіне тән психологиялық және физикалық ерекшеліктерінің сәйкестілігін есепке алады. Осыны есепке алып, педагог әр баланың тұлғасына тәрбиелілік әсерінің әдістері мен түрлерін анықтайды. Осының барлығы педагогтан тек педагогикалық білімді ғана емес, сонымен бірге психологиядан, физиологиядан, диагностикалық негізінде (индикаторлар) құрылған тәрбиелеудің ізгілік технологиялардан да білімді қажет етеді.

- Балалар ойыны және оның ерікті дамытудағы мәні курстық жұмыс
- Балалық кезеңдегі қабілет нышандарының байқалуы және оны жетілдіру жолдары
- Балалық кезеңдегі қабілет нышандарының байқалуы және оны жетілдіру жолдары
- Балалық кезеңдегі қабілет нышандарының байқалуы және оны жетілдіру жолдары
- Баламасы жоқ лексика
- Баланс азота и углерода при установлении общей питательности корма
- Баланс активов и пассивов
- Балаларды есеп құрылымымен таныстыпу
- Балаларды мектепте оқуға әзірлеуде сөйлеу тілін дамытудың жұмыстары
- Балалардың жас мөлшері мен дербес ерекшеліктерін оқу – тәрбие
- Балалардың коммуникативтік – тілдік құзыреттілігін дамыту Жобаның тақырыбы
- Балалардың психикалық дамуына ойынның ықпалын зертте
- Балалардың табиғаттағы еңбегін ұйымдастыру
- Балаларды табигатпен таныстыру