Балалық кезеңдегі қабілет нышандарының байқалуы және оны жетілдіру жолдары. 3
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Балалық кезеңдегі қабілет нышандарының
байқалуы және оны жетілдіру жолдары
Жоспар
Кіріспе
Тақырыптың көкейкестілігі:
1.1.Қабілеттілікті дамыту, дарынды балалармен жұмыс жасау жолдарын жетілдіру
Негізгі бөлім
2.1.Қабілеттілік туралы
2.2. Нышан белгілерінің мен түрлерінің
психологиялық ерекшелігі……..................
2.3 . Мұғалімді дарынды балалармен
жұмысқа даярлау маңызы мен ерекшелігі……………………………………………………
а) озық тәжірибеде бала қабілетін дамыту мәселесінің көріністері
ә)педагогикалық практикада бала қабілетін дамыту бағытындағы жұмыстарым...
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Қосымша материалдар
Әрбір бала бір жұлдыз -
Жарқырауына көмектес!
Кіріспе
Қазақстан Республикасы
Курстық жұмысымыздың
Қабілеттілік (способность)- тұлғаның өнімді, табысты іс- әрекетті орындаудың шарты болатын индивидумдық – психологиялық ерекшеліктер.
Бір немесе бірнеше іс - әрекеттің түрін ойдағыдай орындаудың шарты болып табылатын жеке тұлғаның дара психологиялық қасиетін қабілеттіліктер деп атаймыз.
Қабілеттіліктер әруақытта
да белгілі бір іс - әрекетті
орындау тұрғысынан
Курстық жұмысымыздың тақырыбы бүгінгі күні өзекті мәселені қозғап тұрғанын байқатады Әрбір қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық потенциалына байланысты. Олай болса, егеменді еліміз Қазақстанда дарынды баланы дамыту мен анықтаудың қажеттігі туындап отыр. Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда. Осыған орай, қоғамның жаңа талап-тілектері мен әлеуметтік сұранысын қамтамасыз ету мақсатында шығармашылық тұрғыда ойлаушы, тәуелсіз жеке адамды дербес шешім қабылдауға бейім ұрпақты тәрбиелеу – бүгінгі күнде аса маңызды мәселе болып отыр. Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептердің дамуында жағымды өзгерістер және оқыту мен тәрбиелеу ісінің ұтымды жақтары ашылып жатқанымен, оқушылардың жеке басының қабілеттілік жақтарына терең үңіле берілмейді.
Қазіргі кезде мектептердегі
білімдер жүйесінен бір
Зерттеудің мақсаты. «Балалар бойындағы қабілеттілігін жетілдіру жолдары мен оларды оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық ерекшелігін нақтылау, әрі жүйелеу.
Зерттеу обьектісі: Мектептегі қабілетті оқушы балалар.
Зерттеу болжамы: Балалар бойындағы қабілетін жетілдіру жолдары қарастыру, жасау, жүзеге асыру негізінде әр мектептегі дарынды оқушының интеллектуалдық ой- өрісінің артуына ықпалы зор болады. Егер мектептегі дарынды оқушымен жекеленген жұмыстар жасау негізінде Республика көлеміндегі қабілетті балалардың жан- жақты ашылуына септігін тигізеді .
Қазір әртүрлі елдерде
Негізгі бөлім
Қабілеттілік туралы теориялар
Психология ғылымында
Ал ХҮІІ ғасырда
Декарттың еңбектерінде туа
Ғылыми психология
1875 жылы ағылшын антропологі
әрі психологі Ф. Гальтон «
Гальтонның зерттеуі бойынша атақты композитор Бахтардың отбасында, мысалы, музыкалық талант алғаш рет 1550 жылы аңғарылды және бес ұрпақтан кейін ұлы композитор И.С. Бахта талант ерекше аңғарылды.Бахтардың отбасынан 60 –қа тарта музыкант шықты, оның ішінде 20 – сы ұлы музыкант болды.
Осыдан кейбір жалпы
Сонымен қатар Бахтардың
отбасының үлгісі музыкалық
Ғалымдардың кейбір
● Қабілеттіліктің проблемасы мына мәселелерді ескергенде шешіледі:
1. Адамның толыққанды, патологиясыз, ауытқусыз тұқым қуалау мұраларының (нышандарының) болуы.
2. Жан-жақты дамыған тұлға қалыптасу үшін жақсы әлеуметтік жағдайлардың болуы;
● Қабілеттіліктің жекелік-табиғи негізі бола тұрып, нышан-жағымды әлеуметтік жағдайлардың және белсенді өз іс-әрекеті болмаса қабілетке айнала алмай қалады.
● Ерте көрінетін жетістіктердің болмауы баланың қабілеттілігінің олқылықтығынан емес, дұрыс ұйымдастырылған іс-әрекет пен тәрбиенің болмауынан...
Тәрбие үш бастаудан негіз алады:
Табиғат – қоршаған адамдар – заттар.
Табиғат – адамның ішкі мүмкіншіліктерін, қабілетін, сезім мүшелерін; адамдар тәрбиесі – осы қабілеттер мен сезімдерін қолдана білуге үйретеді; заттар әсері оның тәжірибесін қалыптастырады, деп Жан Жак Руссо айтқандай,әртүрлі адамдардың өмірін бақылай отырып, олардың жұмыстағы жетістіктері мен ерекшеліктерін салыстырып, адамдардың қабілеттіліктеріне қарай бір – бірінен ерекше айырмашылықтары бар екендігін аңғару қиын емес. Қабілеттіліктердің дара ерекшеліктері туралы мәселенің қоғамдық мәні зор. Қабілеттіліктердің ерекшеліктері мектеп мұғаліміне айрықша қызығушылық туғызады. Мұғалім шәкірттерге жаңа материалды түсіндірісін немесе білімін тексерсін, ол әркез тек қана шәкірттердің даярлығы мен тәртіптілігін ойлап қоймайды, сонымен қатар олардың қабілеттіліктеріне ерекше мән береді. Мектеп оқушылардың қабілеттілігі туралы олардың әртүрлі пәндері жеңіл меңгеруі және жетістіктерінің сапасы білуге болады. Қабілеттіліктердің ерекшеліктері тұрақты қызығуларына әсер етеді. Осы ерекшеліктерін білмейінше оқытудың және жекелеген шәкірттердің дұрыс дамуының жалпы жетістігіне жету мүмкін емес.
Мектепте бір оқушы ойының ұшқырлығымен ерекшеленсе, екіншісі – техниканы жақсы біледі, үшіншілері – поэтикалық шағармаларды жақсы қабылдауымен, төртіншілері – тірі табиғатты бақылағыштығымен ерекшеленеді. Осы қасиеттердің көбі белгілі бір оқушыда анық байқалуы мүмкін.
Іс - әрекеттте табысқа әртүрлі психологиялық тұрғыдан түрлі жолдарымен жету мүмкін.
«Қабілеттілік» ұғымын
Екіншіден, қабілеттілік деп
кез – келген жалпы, дара
ерекшеліктер емес, тек қана қандай
да болмасын іс - әрекеті жемісті
орындауға қатысы барларын
Қабілеттіліктің дамуында
Жалпы қабілеттіліктерге жеке
тұлғаның қасиеті ретінде
Арнаулы қабілеттілік қандай
да белгілі бір іс - әрекетті
ойдағыдай орындауға
Қабілеттіліктердің бұл екі негізгі түрінен басқа үшінші түрін – практикалық іс - әрекетке қабілеттілікті ерекше атауға болады. Бұл түріне құрастырушылық – техникалық, ұйымдастырушылық, педагогикалық қабілеттіліктер жатады.
дамның қабілеті жайлы сөз болғанда
оның іс-әрекеттің белгілі бір
түрін орындай алу
Біркелкі тең жағдайларда (дайындық деңгейі, білім, дағды, білік, жұмсалған уақыт, ақыл-ой, дене күші) қабілетті кісі қабілеті төмендеу адамға қарағанда істе мейлінше жақсы нәтиже көрсетеді.
Қабілетті адамның жетістігі — оның нервтік психикалық қасиеттері комплексінің іс-әрекет талаптарымен сәйкес келуінің нәтижесі болып табылады.
Кез келген іс-әрекет күрделі де сан қырлы болып келеді. Ол адамның психикалық және физикалық қуатына әр түрлі талап қояды. Егер жеке адамда бар қасиеттер жүйесі осы талаптарға сай болса, онда іс-әрекетті табысты, әрі жоғары дәрежеде орындай алады. Егер осындай сәйкестік болмаса, онда индивидте қабілет болмағаны.
Міне, сондықтан қабілетті адамның басқа бір қасиетімен (заттың түстерін жақсы айыру, пропорцня сезімі, музыкалық есту т. б.) шатастыруға болмайды. Қабілет әр кезде де жене адам қасиеттерінің синтезі.
Сөйтіп, қабілетті іс-әрекет талабына
сай және онда жоғары көрсеткішке
жетуді қамтамасыз ететін жеке адам қасиеттерінің
синтезі деп анықтауымызға
Қабілет қоғамдық және жеке адамдық зор мәнге ие. Экономика мен ғылымның, өнердің дамуында әлеуметтік объективтік жағдайлармен қатар адамдардың қабілеттері де маңызды орын алады. Осы айтылғандармен қатар қабілеттілік адамның дамуын жеделдетеді, еңбекте творчестволық табысқа жеткізеді, оған материалдық және рухани ләззат береді.
2. Қабілеттің әрқайсысының
3. Қабілеттердің құрылымы жеке
адамның дамуына тәуелді.
Әрине, бұл деңгейлерді метафизикалық тұрғыдан қарастыру дұрыс емес. Біріншіден, репродуктивтік әрекеттің қандай түрінде де творчествоның элементі болады, ал творчестволық әрекетке репродуктивтік енеді, мұнысыз творчество болмайды. Екіншіден, қабілет дамуының аталмыш деңгейлері өзгермейтін қатып қалған нәрсе емес. Білімді және іскерлікті игеру процесінде, іс-әрекет процесінде деңгейлердің бірінішісінен екіншісіне «ауысып» отырады, осыған орай оның қабілетінің құрылымы да өзгеріске түседі. Тіпті өте дарынды адамдардың өздері де өмір жолын біреуге еліктеуден бастағаны, тек тәжірибеге ие болғаннан кейін ғана творчествоға ауысқаны белгілі.
Қабілеттің дамуы мен
Таланттылық даналықтың қалыптасуына
аса қолайлы жағдайлар жеке адамның
жан-жақты дамыған кезінде
Қабілетті осындай деңгейлермен қоса оның бағыт-бағдарына, мамандық ерекшеліктеріне қарай түрлерге бөлу қажет. Әдетте, психологияда осы бағытта жалпы және арнаулы қабілеттерді зерттейді.
Жалпы қабілет ретінде жеке адамның білім меңгерудің жеңіл де нәтижелілігін салыстырмалы түрде қамтамасыз ететін интеллектуалды қасиеттер жүйесі ұғынылады. Шетел психологиясында қабілеттің бұл түрін intelligens деп атайды, бұл «ақыл-ой қабілетті» деген сөздің мағынасын береді.
Арнаулы қабілет — іс-әрекеттің, мәселен, әдебиет, сурет өнері, музыка, сахна өнері т. б. арнаулы салаларда, жоғары нәтижеге жетуге жәрдемдесетін жеке адам қасиеттерінің жүйесі.
Қабілеттің аталған осы екі
түрінен басқа практикалық іс-
Буржуазиялық психологияда қабілеттің
осындай негізгі түрлері бір-
Өмір шындығының көрсетуі басқаша. Біріншіден, арнаулы қабілеттер жалпы, ақыл-ой қабілеттерімен табиғи байланыста. Адамның жалпы қабілетінің жақсы жетілуі оның арнаулы қабілетінің өрістеуіне ішкі жағдай туғызады. Арнаулы қабілеттер өз тарапынан белгілі жағдайларда ақыл-ойдың (интеллект) дамуына жақсы әсерін тигізеді.
Екіншіден, әр түрлі: әдеби, математикалық, ғылыми, өнерлік қабілеттері жоғары дәрежеде дамыған жеке адамдар аз кездеспейді. Бұл жайт қабілет түрлерін бір-біріне қарсы қоятын концепциясының жалған екендігін көрсетеді.
Үшіншіден, практикалық қабілеттер
творчестволық әрекетте жоғары деңгейде
дамыған интеллектісіз
Демек нұсқалып отырған жіктеудің реалды негізі бола тұрса да, қабілеттердің нақты түрін талдайтын жеке жағдайдың әрқайсысында жалпы және арнаулы компоненттері ескерілуі тиіс.
Психологияда қабілеттердің үш концепциясы бар. Олардың бірі — қабілеттер жеке адамның биологиялық анықталған қасиеттері, олардың көрініс беруі және дамуы атадан мұра болып қалған қорға тәуелді екенін қолдайды. Мұндай пікірді буржуазиялық маман психологтар ғана емес, сондай-ақ ғылым мен өнердің (математиктер, жазушылар, суретшілер) кейбір өкілдері де қуаттайды. Мұның біріншілері өз көзқарастарын нақты зерттеулерден алған деректермен дәлелдегісі келеді. Мәселен XIX ғасырда өмір сүрген Гальтон таланттың тұқым қуалаушылық жолымен болатынын көрнекті қайраткерлердің өмірбаяндарын зерттеу арқылы дәлелдегісі келген. Гальтонның көзқарасын ілгері дамытқан Котс (XX ғасыр) адам дарынының деңгейін белгілі адамдарға энциклопедиялық сөздікте берілген орын санымен анықтаған. Гальтон мен Котс талант тұқым қуалайды, ал қоғамның айрықша жағдайлы топтарының өкілдерінде мұндай мұра ерекше мол деген тұжырымға келген.
Осы ғалымдардың зерттеу
Қабілеттілік адаммен бірге туады дейтін концепцияның соңғы кездегі өкілдері өз пікірлерін бір аналық ұрықтан пайда болған егіздерді зерттеу арқылы дәлелдеуге тырысуда. Зерттеу әсіресе фашистік Германияда қарқынды жүргізілді. Егіздердің ақыл-ой сапалары мен мінез-құлқының кейбір ұқсастық жақтары негізінде олар қабілеттіліктің түгелдей туыстан екендігі туралы заңдылықты ұсынғысы келді. Тұқым қуалаушылықтағы бірдейлік қабілеттердің де бірдейлігіне әкеледі деп тұжырымдады фашизм идеологтары. Бірақ, біріншіден, аталмыш зерттеулер мұндай нақты тұжырым жасауға жеткіліксіз еді, екіншіден, кейбір егіздердің қабілеті мен мінез-құлқында байқалған айырмашылықтар бұл қорытындыға қайшы келіп жатты.
Қабілеттілік тұқым қуалайды дейтін көзқарастың шындықпен сәйкес еместігін өмір шындығы көрсетіп отыр. Мұнымен бірге атақты адамдардың өмірбаяндарын объективті тұрғыдан талдау көп жағдайда көрнекті адамдардың ерекше дарыны жоқ семьядан шыққандығын, сондай-ақ атақты адамдардың балалары мен немере-шөберелері дарындылық көрсетпегенін дәлелдейді. Бұған бірнеше музыкант пен ғалымдар семьясы ғана жатпайды.
Қабілеттік туыстан дейтін теория капиталистік елдерде еңбекшілерді кемсіту үшін кеңінен пайдаланылады. Мәселен, батыс Германия теоретигі Г. Вальтер өзінің «Қабілетті балалардың мектеп қабырғасында өту жолының әлеуметтік айырмашылықтары» (1959) дейтін еңбегінде қабілеттіліктің өскен ортаға тәуелділігі шамалы, ол түгелдей әуелден орын тебетіндікке, яғни, тұқым қуалаушылыққа байланысты деп жазды. Сонымен бірге ол үстем тап өкілдері балаларының қабілеттілік мүмкіндігі жоғары, ал төменгі топқа жататындардың, соның ішінде жұмысшылардың балаларының мұндай болмайтындығын дәлелдегісі келеді. Г. Вальтер кәсіп иелері мен интеллигенцияның белгілі топтары өкілдерінің балаларынан 94,6%-і жоғары оқу орындарына түсе алады, ал төменгі топтағылардан 13,6%-қана оқушы оқуға түсе алады деген цифрлық дерекке сүйенеді. Қалғандарының қабілеті жоқ болғандықтан жоғары оқу орындарына түсе алмайды-мыс. Тіпті қоғамның төменгі сатысында тұрғандардың 59%-нің балалары элементарлық мектеп деңгейіне де көтеріле алмайды, бұлай болғанның өзінде оған зорға жетеді дейді автор. Біле тұра жасалынған осы секілді жалған теориямен сөз таластырып жатудың ешбір мәні жоқ, бұған қарсы мысал ретінде ГДР-дегі халық ағарту жүйесінің ісін, ондағы еңбекші халықтың балалары орта және жоғары мектептерде білім негіздерін қалайша табыспен меңгеріп жатқандарын айту да жеткілікті.
Сөйтіп, жеке адам қасиеттері тұқым қуалайды дейтін теория сымақ даму проблемасын жоққа шығарады, буржуазияның реакциялық мақсат-мүддесіне қызмет етеді.
Батыс Европаның кейбір прогресшіл пиғылдағы ғалымдарының да тұқым қуалау теориясына қарсы екенін атап өткен жөн. Мәселен, швейцария психологы В. Бобен осы жасанды доктринаға орай тәрбие шараларынан бас тарту қылмыс болар еді деп атап айтқан. Алдыңғы қатарлы ағылшын педагогі Б. Саймон реакциялық теорияға бұдан да батыл және принципиалдылықпен қарсы тұрады. «Көп типті мектепке оқушыларды іріктеп алу жүйесі негізінен таптарға бөлінген қоғамға қызмет етеді, онда өзінің барлық азаматтарының қабілетін пайдалануға жағдай жоқ, сондықтан да олардың дамуына шек қойылады. Қоғамның әлеуметтік құрылымы саудада, өндірісте, азаматтық қызметте, армия мен юриспруденцияда жоғары қызметтердің барлығы да негізінен адамдардың шағын тобының еншісіне тиетіндей болып құрылған».
Мектепте бір оқушы ойының ұшқырлығымен ерекшеленсе, екіншісі – техниканы жақсы біледі, үшіншілері – поэтикалық шағармаларды жақсы қабылдауымен, төртіншілері – тірі табиғатты бақылағыштығымен ерекшеленеді. Осы қасиеттердің көбі белгілі бір оқушыда анық байқалуы мүмкін.
Дарынды және қабілетті балаларды тауып және жұмыстану үшін мұғалім:-Өз пәнін теориялық тұрғыда өте жетік білуі тиіс;
-бағдарламалық материалдардың
мақсатын оқушылардың жас
Белгілі бір тақырыпқа шығармашылық жұмыс түрлерін жаза білу қабілетінің болуы;
Қабілеттіліктердің ерекшелікте
Психология ғылымында қабілеттіліктердің біршама жеткілікті зерттелген салалары музыкалық қабілеттіліктер (Б.М.Теплов), математикалық (В.А.Крутецкий), бейнелеу өнері (В.И.Ягункова, В.Л.Дранков, Э.Г.Лейбовская), техникалық (П.М. Якобсон, С.М.Василевский, Н.Д. Левитов), педагогикалық (Ф.И.Гоноболин).
Қабілеттің дамуының деңгейі: нышан, бейімділік, қабілет, ептілік, шеберлік, талант, дарындылық түсініктерімен байланысады.
Көптеген қабілетті адамдар тек белгілі бір салада қабілеттілік танытты, мәселен, музыкада немесе математикада, немесе өнерде.
Психология ғылымында
қабілеттіліктердің біршама
Дамуының деңгейі: бейімділік, қабілет, ептілік, шеберлік, талант, дарындылық түсініктерімен байланысады.
Белгілі бір істі өз бетімен және ойдағыдай орындауда қабілеттіліктердің қиысып кеплуін талант деп атайды. Кейде балаларда математикалық және техникалық таланттары өте ерте аңғартылады.
Талантты адамджар
шығармашылық қызметке ерекше
қабілеттілік аңғартады.
Таланттылықтың жоғары деңгейін дарындылық деп атайды. Ғұламалық қоғамдық өмірде, ғылымда, әдебиетте, өнерде және т.б. жаңалықты аша білетін дарынды адамдар. Дарындылар, ғұламалар адамзат дамуында жарық жұлдыздар, тарихи қайталанбас белгілі дәуірдің тұлғалары. Абай, Шоқан, Мұқтар, Қаныш – сирек кездесетін дарынды тұлғалар. Дарынды тұлғалардың қатарына А.С.Пушкинді, М.В.Ломоносовты жатқызуға болады
Бала дамуының жеке ерекшелігі –
адамның өзіне тән
Жеке бір адамға тән жалпы және арнаулы қабілеттерінің байланысып келіп іс-әрекетте өзгелерден ерекше қырынан көрінуі дарындылық .
Осы дарындылықтың жоғары деңгейде дамыған түрін талант дейміз.Ал дарындылық пен талант одан әрі дамып, данышпандық қасиетін тудырады.
(Данышпан деген атаққа
Балалардың дарындылық қасиеттерінің барлығы бірдей бірден жарқырап көріне бермей де қалуы мүмкін. Оған сол адамның темпераменті, мінезі, т.б. себеп болуы мүмкін.
Өз табиғатында дарындылық қабілеті бар баланы да, тәрбиенің нәтижесінде жетістікке жеткен баланы да тәрбиелеу керек, сол балалардың бойындағы қабілетті танып, тауып, қабілетін ұштау –міндетіміз.Дарынды бала болашағымыз үшін, қоғам үшін өте маңызды. Әрбір талантты адам шығармашылық тапқырлықпен жігерлі еңбек етіп қоғамға ерен пайда келтіреді. Қоғамның болашағы тек қана саяси лидерлерге ғана байланысты емес, оның болашағы, прогресс сол қоғамда қанша дарынды, талантты балалар өсіп келеді, соған да байланысты.

- Баламасы жоқ лексика
- Баланс азота и углерода при установлении общей питательности корма
- Баланс активов и пассивов
- Баланс активов и пассивов и статистика национального богатства
- Баланс активов и пассивов и статистика национального богатства (нефинансовые непроизводственные активы)
- Баланс активтері мен олардың құрылым көздерінің ара-қатынасын талдау
- Баланс, анализ, финансовое состояние организации
- Балалардың психикалық дамуына ойынның ықпалын зертте
- Балалардың табиғаттағы еңбегін ұйымдастыру
- Балаларды табигатпен таныстыру
- Балаларды табиғатпен таныстыру
- Балалар ойыны және оның ерікті дамытудағы мәні курстық жұмыс
- Балалық кезеңдегі қабілет нышандарының байқалуы және оны жетілдіру жолдары
- Балалық кезеңдегі қабілет нышандарының байқалуы және оны жетілдіру жолдары