Балалардың психикалық дамуына ойынның ықпалын зертте
Мазмұны
Кіріспе.......................
І Бөлім. Баланың негізгі іс-әрекеті – ойын
1.1. Таным процестерін дамытатын
ойын түрлері..................
1.2. Ойынның ерекшелігі............
1.3. Ойынның психологиялық даму
теориясы......................
ІІ Бөлім. Балалардың психикалық дамуына ойынның ықпалын зерттеу
2.1. Балалардың ойын арқылы ойлау
қабілетін дамыту..............
2.2. Балалардың ойын арқылы сөйлеудің функциясын дамыту..................25-26
2.3. Балаларда ойынның
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер....................
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев 2009 жылы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында атап өтілгендей, әлем елдері арасында қуатты дамушы елу елдің қатарына қосылу межесі барша қазақстандықтарға қуат беруде.
Қазақстан бүгінде әлем таныған өркениетті елдер қатарына қосылуға бет бұрған жағдайда демократиялық жолмен дамушы мемлекетіміздің қалыптасуы жағдайында өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениетін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімдерін арттыру қажетті туындап отыр.
Бүгінгі таңда ағымдық ақпараттық құралдар мен компьютерлік технология қуатты дамып отырған кезде қоғам талабына сай білім берудің озық технологияларын пайдалана білуі қажет. Осы орайда әлемдік білім берудің озық үлгісін қолдана отырып білім беру деңгейін көтеру, балаларға кәсіби бағдар беруді іс жүзінде қуаттандыра біліп, балабақша шеберханаларын қажетті материалдармен, құрал жабдықтармен сұраныссыз жабдықтап отыру, ең негізгісі – жеке тұлғаны жауаптырақ тәрбиелеуді талап етіп отыр.
Демек, бүгінгі күні технология психологияны оқытуда мектепке дейінгі жастағы балаларға саналы тәрбие мен сапалы білім беру деңгейін көтеру мақсатында балада ойын әрекеті және оның түрлері арқылы баланың дүниетанымын қалыптастыруда, болашақ жас ұрпақты дамытуда басты құрал болып саналады.
Зерттеудің мақсаты: Балада ойын әрекеті және оның түрлерін зерттеу.
Зерттеудің міндеті: Баланың негізгі іс-әрекеті – ойын.
- Таным процестерін дамытатын ойын түрлері;
- Ойынның ерекшелігі;
- Ойынның психологиялық даму теориясы;
- Балалардың психикалық дамуына ойынның ықпалын зерттеу;
- Балалардың ойын арқылы ойлау қабілетін дамыту;
- балалардың ойын арқылы
- Балаларда ойынның психологиялы
Зерттеудің теориялық қолданымы: Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті. Ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық жөнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әпбір адам ойнап өседі.
Зерттеудің практикалық қолданылымы: Ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең. Жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ. Әрине, ойын адамның дамуына, қалыптасуына әртүрлі әсер береді. Кей бла ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей бала ішкі сезімін білдіреді.
І Бөлім. Баланың негізгі іс-әрекеті – ойын.
1.1. Таным процестерін дамытатын ойын түрлері.
Баланың өмірге кадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті – ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойынды зерттеу мәселесімен тек психологтар мен педагогтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар және өнер қайраткерлері мен бала тәрбиесін зерттейтін ғалымдар да шұғылданды. Көптеген балалар жазушылары бала ойының психологиялық мәнін және ойынға тән ерекшеліктерді көркем бейнелер арқылы суреттегені де мәлім.
Адам іс-әрекетінің ерекше бір түрі – ойынның пайда болуын зерттеушілердің біразы өз еңбектерінде өнер және ойын көркемдік іс-әрекеттің алғашқы қадамы деп түсіндіреді. Ойында шындықтың көрінісі, оның бейнелі сәулесі қылаң береді. Жалпы ойынға тән нәрсе өмірдің әртүрлі құбылыстары мен үлкендерің түрлі іс-әрекеттеріне еліктеу екені белгілі. Ойынның шартты түрдегі максаттары бар, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттер бала үшін қызықты. Балаларға ақыл-ой, адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр. Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады. Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді.
Сондықтан да педагогикада бала ойынына ерекше мән беріледі, өйткені ойын үстінде қалыптасатын балалық шақтың түйсігі мен әсері адамның көңіліне өмірбақи өшпестей із қалдырады. Бала ойын арқылы өзін толқытқан қуанышын немесе ренішін, асқақ арманын, мұрат – мүддесін бейнелесе, күні ертең сол арман қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Сөйтіп бүгінгі ойын, бейнелі әрекет ертеңгі шындық ақиқатқа айналатын кезі аз емес.
Ойны мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына игі ықпал ететін жетекші, басты құбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырады, қоршаған орта мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды. Былайша айтқанда болашақ қайраткердің тәрбие жолы, тәлімдік өнегесі ойыннан бастап өрбиді.
Ойын мен еңбектің бір-біріне ұқсас сипаттары көп, сондықтан кейбір педагог-ғалымдар «жақсы ойын-жақсы жұмыс сияқты да, жаман ойын-жаман жұмыс сияқты» деп қарап, бұлардың арасындағы айырма шамалы деген түйін жасайды. Өйткені, әрбір жас кезінде ойын тиісті дәрежеде ақыл мен қажыр-қайратжұмсауды керек етеді. Белсенді іс-әрекет пен күш-жігер жұмсалмаған ойын, жақсы ойын болып табылмайды. Жақсы ойын да, жақсы жұмыста көңілді қуанышқа толтырып, рахатқа бөлейді. Демек, осы жағынан ойын мен жұмыстың ұқсастығы байқалады. Баланың ойыныңда да белгілі дәрежеде тиісті жұмыстағыдай жауапкершілік болуға тиіс. Олардың негізгі айырмашылығы тек мынада: баланың ойыны нақты материалдық рухани байлықты көздемейді, ал жұмыс ондай игілікті өндірудің негізгі жолы екені айқын.
Баланың қуанышы мен реніші ойыңда айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада:олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындайды белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды.
Ойын үстінде бала бейне бір өмірдің өзіндегідей қуаныш, реніш сезіміне бөленеді. Бірақ одан ойын екенін білмейді деген тусінік тумайды. Сондықтан шындықтағыдай «сөйтейік, бүйтіп көрейік» деуі, олардың «ойынды ойын» деп түсінуінде жатыр. Осыдан келіп ойын туралы мынандай тұжырым жасалады:
- Ойын-тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді тәрбиелейді.
ә) Ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілтіреді.
б) Ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі.
в) Эстетикалық тәрбие беру құралына айналады.
г) Еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді.
д) Дене күшінің жетілуіне көмектеседі.
Демек, ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады.
Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қана қоймай, оның өмір құбылыстары жайлы таным түсінігіне де әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып жақсы ұғысады, бірінен-бірі ептілікті үйренеді. Ойын үстінде дене қимылы арқылы өзінің денсаулығын нығайтады. Халқымыз ойындарды тек балаларымыз ды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарасының, мінез-құлқының қалыптасуы құралы деп те ерекше бағаланған. Қазір бізге жеткен ұлт-ойындарымыз: тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары. Қазақтың көне жыр-дастандарында ұлттық ойындар – балаларды тәрбиелеуде ерекше орын алғандығы айқын көрінеді. Мәселен, «Қобыланды», «Алпамыс», «Ер Тарғын» сияқты эпостық жырларда елін сүйген батырлардың, жұртшылық сүйіспеншілігіне бөленген ер-жігіттердің ең алдыменұлттық ойындарда сайысқа түсіп, одан кейін көп кісі қатысқан ойын-сауықтарда өздерінің мергендік, палуандық, шабандоздық шеберліктерін көрсеткендіктері айтылады. «Домбырамен күй шерту», «Аттың құлағында ойнау», «Аударыспақ», «Күлкі ойыны», «Балалар ойыны», Ақ сүйек», «Тоғыз құмалақ», «Жұмбақ айтыс», «Асық ойнау» өте ерте заманда пайда болған. Мұның өзі біздің ата-бабаларымыздың ұлттық ойыдарының ғасырлар бойы өмәр сүргендінін айқын көрсетеді. Балалардың жиі ойнайтыны «Ақ сүйек» ойыны байқағыштыққа, қырағылыққа, батылдыққа. Ептілікке, шапшаңдыққа баулиды. Баланың ақыл-ойын дамытатын тәжірибелік маңызы зор тағы бір ойынның түрін – «он бір қара жұмбақ» деп атайды. Оның басты ерекшелігі есеп сұратарын қою арқылы баланың ойлау қабілетін дамытады. Бөбектерді тәрбиелеуде де ұлттық ойындардың берері мол. «Санамақ», «Жылдам айт», және тағы басқа тартымды ойындарды үйрету, тіл өнеріне негіз салады деп есептеліген. Балалар негізінен ойын ұстінде бір-бірімен тез тіл табысады. Ойынына қарап бала психологиясын аңғаруға болады. Бес саусақ бірдей емес дегендей, әр отбасынан шыққан балалардың мінез-құлқы бірдей емес.
Балалар ойынында кейде өлең-тақпақтар жиі кездеседі. Ол өлең-тақпақтардың негізгі мақсаты тапқырлыққа, шындыққа, ептілікке баулу, шапшаңдыққа, қиялына қанат беріп, ойын ұштау, өз бетімен іскерлікке, қысылған жерде дұрыс шешім қабылдауға тәрбиелеу. Бұған қоса кз-келген ойынның аяғында жеңу бар да, жеңілу бар. Жеңгендер әрі қарай өз билігінде қалуға тырысса, жеңілгендер айып тартады. Ол көбінесе тақпақ айту, ән салу, би билеу түрінде болады. Бұдан қай ойынның да түпкі нысанасы балалардың бойында өнердің нұрын себу, өлең, тақпақ айтуға төселдіру екенін аңғару қиын емес.
Жалпы ойынның қандай түрі болмасын, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа, ауысып отырады. Халық ойындары өмірлік қажеттіліктен туады да, психологиялық жағынан денсаулық сақтауға негізделеді. Тапқыр да, алғыр, шымыр да, епті, қайратты да, қажырлы бала өсіруді армандамайтын отбасы жоқ. Демек, ойынның өзі бала үшін біліктің, тәлімнің қайнар көзі болып табылады. Балаларға ұлттық ойындарды үйретіп, оған өзгеше әр беріп, жаңартып өткізіп отыруды ата-аналар, тәрбиешілер бір сәт те естен шығармағандары абзал. Өйткені жас өндір ойнай да, ойлай білсін!
Танымдық іс-әрекет сипатына сәйкес ойын түрлері:
- Балалардың орындаушылық әрекетті талап ететін ойындар.
- Қайта жаңғырту іс-әрекетін орындауға бағытталған ойындар.
- Қайта жасау іс-әрекетін жузеге асыруға бағытталған ойындар.
- Оқушылардың іс-әрекетін бақылауға бағыттаған ойындәр.
- Ізденіс іс-әрекетіне бағытталған ойындар.
Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған сауатты, саналы адамзат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу-ағарту жүйесінің үлесіне түсетінін ескерсек, білім негізі бастауыштан басталғандықтан, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында ойынның алатын орны ерекше. Ойын арқылы оқушыны білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Мазмұны бойынша барлық дидаткалы ойындар оқушыпардың ақыл-ой белсенділігін қалыптасырудың маңызды қыралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта-ықылас қоюына баулиды және оқушылардың зейінің ойлау, зерде үрділерін дамытады. Өмір тәржірибесін бір жүйеге келтіруге үйретіп, нерв жүйесін демалдырады. Міне, сондықтан да ойын оқу-әрекетінде жетекші рол атқарады.
Мұның барлығы дидактикалық ойындарды бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетінде белгілі бір жүйемен пайдалану қажеттілігін дәлелдейді.
Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде бастауыш сыныптарда пайдаланатын: ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойын есептер, ұлттық ойындар, т.б. Бұндай ойындар оқушыны жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.Оқу үрдісінде - кеңінен қолданылатын ойынның тағы бір түрі ол - дамытушы ойындар. Дамытушы ойындардың маңыздылығы балалардың ынта-ықыласын есепке ала отырып, оқуды қызықты етіп, білім, білік, дағдыны қалыптастыру. Дамытушы ойда қойылатын бірінші талап - оқушының танымдық әрекетің қызығушылығын дамыту.
Ұлы Абайдың "Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?" деген пікірінен бала өмірінде ойынның маңыздылығын көруге болады. Бастауыш сынып балаларының психикасының дамуына ойын әрекеті шешуші рөл атқаратындығы туралы белгілі ғалымдар ез еңбектерінде айтып кеткен. Ж.Аймауытұлы, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердіұлы. С.Торайғыров, Т.Тәжібаев т.б.
Ал ертедегі ұлы ойшылдар Ж.Ж.Руссо мен И.Г.Песталоцци ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген. Ойынның теориясы мен маңыздылығы туралы К.Д.Ушинский мен П.Ф.Лесгафт, тәрбиеде және оқыту барысында ойынның алатын орны туралы ВАСухомлинский, С.П.Шацкий және Н.К.Крупская өз пікірлерін білдірген.
Педагогикалық үрдісті жетілдіру ойынның алар орны жөнінде қазақстандық ғалым Н.Құлжанова да зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу, инстинкт күнделікті негізгі іс-әрекет және өмірі деп дәлелденген. Н.Құлжанованың айтуы бойынша ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатқа пайдалану - болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеу және өмірдің талаптарына сай бейімдеу деп түсіндірген.
Д.Коменский "Ұлы дидактика" деген еңбегінде 6 жастан 12 жасқа дейінгі жас кезеңін өнерлі және қамқорлық тәрбие мектебі деп атайды. Бұл кезеңдерде балаларды нақты, түсінікті ана тілінде білім беру керек. Сонымен қатар білім балалардың есінде қалатындай болуы тиіс. Бұл кезеңде балалар қиындықты сезінбейді, сол себептен оларға оқу әрекеті жеңіл болып көрінеді. Осыған орай бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетін жеңілдетудің бірден-бір құралы ретінде "ойынды" айтуға болады. Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін аса зор ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты олар ойынға өте ынталы келеді. Ойын барысында балалар тез серігіп, тапсырманы жылдам, дәл орыңдауға тырысады.
Төменгі сынып оқушыларына ойын түрлерін қолдану, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, сабаққа белсенді түрде қатысып, түсінбегенін түсінуге мүмкіндік туғызады.
Ойын түрлерін мұғалім сыныптан сыныпқа өткен сайын дидактикалық "деректіден дерексізге, жеңілден ауырға, жақыннан алысқа" деген принципті негізге ала отырып, бірте-бірте күрделендіре жүргізуіне болады. Мүмкіншілігіне қарай, әр тақырып бойынша ойын түрлерін қолданып сабақ жүргізу мұғалімнің шеберлігін шыңдап, сабақтың сапасын арттырары сөзсіз.
Ойынның негізгі мақсаты - баланы қызықтыра отырып білімді берік меңгерту болса, мұғалімнің міндеті - сол ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушыларды өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу.
Оқу үрдісінде ойын түрлерін пайдалану - бағдарламада анықталған білім, білік, және дағдыларды қалыптастыру, тиянақтау, бекіту немесе тексеру болып табылады. Сондай-ақ мұғалім ойын түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлеңдіре отырып, жаңа тақырыпты өткенде, етілген материалды кайталағанда, білімді тиянақтау жөне тексеру кезінде, яғни сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдалануға болады.
Қорыта келгенде, бастауыш сыныптың оқу үрдісінде "ойын'' түрлерін пайдалану, біріншіден оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден бапалардың қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады.
Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар
Қуыршақтың туған күні
Сіз балаға жақын арада Катя есімді қуыршақтың туған күні екендігін айтып, оны құттықтау үшін қонақтар келетінін хабарлайсыз. Ал қонақтардың есімдерін сіз оған кейінірек айтуыңыз керек. Сіз төрт-бес ойыншық алып (қуыршақтар, қояндар, қонжықтар жэне т.б.), балаға олардың есімдерін атап шығасыз. Сосын қонақтардың барлығы ұстел басына отырып шәй ішуге кіріседі. Бала қонақтардың эрқайсысының аттарын айтып шәй ұсынады. Ойынды қуыршаққа әртүрлі қонақтарды шақырып және оларды әртүрлі есімдермен атап түрлендіруге болады. Бара-бара қонақтардың саны алты-жетіге дейін көбейеді.
Суреттерді есіңе сақтап ал.
Бұл ойып ушін алдын ала 10-12 сурет дайындау қажет. Әр суретте бір заттың сурсті болу керек. Ойынды бірнеше балалардың арасындағы жарыс түрінде огкізуге немесе баламен өзіңіз жарыссаңыз болады - кім көбірек суретті ссіне сақтап қалар екен. Ойыншылар суреттерді екі-үш минут ішінде мұқият қарап шыққан соң, суреттер алып тасталынады. Содан кейін барлығы сстеріне сақтап суреттерді атай бастайды. Кезекпен бір суреттен атауға болады. Соңында басқалары әлі атамаған суретті кім атаса, сол жеңіп шыққан болып саналады.
Бір-бірінің айтқанын қайталау.
Бұл ойынды бір немесе бірнеше баламен ойнауға болады. Бірінші ойыншы кез-келген сөзді айтады, екіншісі соны қайталайды да, оған өзінің ойындағы бір сөзді қосып айтады. Сөйтіп, әр ойыншы естіген сөздерді қайталап, оған өз сөзін қоса береді. Қателескен ойыншы ойыннан шығады.
1.2. Ойынның ерекшелігі
Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті. Ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық жөнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әпбір адам ойнап өседі. Ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең. Жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ. Әрине, ойын адамның дамуына, қалыптасуына әртүрлі әсер береді. Кей бла ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей бала ішкі сезімін білдіреді. Ойынның дамуына және баланың ойынға араласуынаәсер ететін факторлар өте көп. Мысалы, үлкендердің ойынға басшылық жасауы, ойыншықтар, баланың өсетін ортасы, балалар ұжымы, баланың тәрбиесі және тағы да басқы. Дегенмен де ойын тек әрекет емес, балалардың да үлкендердің де қызығушылық ермегі, адамды рахат және қанағат сезіміне бөлейтініс-әрекеті. Балалар тұрмақ, үлкен адмдарда әлікүнге дейін ойнайды, әрине ойынның түрлері өте көп. Балалар ойынына талдау жасайтын болсақ, оның өзгеріп отыруы балалардың жас және жеке дере ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, сюжеттік рөлді, қимыл-қозғалыс, драматизациялық, музыкалық, дидактикалық, құрастыру, ұлттық, спорттық дамытушы ойлардың түрлері бар.әрқайсысынаң өзінің өзіндік міні бар, ерекшеліктері, мазмұны, ережелері, дамытушылық функциялары бар. Оның әрқайсысына жеке тоқталатын болсақ, сөжеттік рөлді ойындар ойыннық алғашқы танымы десек, артық болмас.
Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшінеңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса да, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскенсоң жұмыстада көп жағынан сондай болады.сондықтан келешек қайраткердітәрбиелеу алдымен ойында басталады.». Мысалы, сюжеттік - рөлдік ойындар.
Ойынның негізгі ерекшелігі ол балалардың қоршаған өмірді – адамдардың қимылын, іс-әрекеттерін бейнелеу болып табылады. Ойында бөлме теңіз, аспан кеңістігі де, темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар жадайға ойынның өздері ойлағантүпкі ниеті мен мазмұнына лайықты маңыз береді.
Ойын іс-әрекетінің тағы да бір ерекшелігі – оның әрекеттік сипаты. Балалар ойын шығарушылар, ойынды жасаушылар болып табылады. Олар ойында өздеріне мәлім өмір құбылыстары мен оқиғалары туралы білімдерін білдіреді.
Балалар ойынының ерекшелігі сондай-ақ бейненің, ойын әрекеті мен ұштасуымен өзара байланыстылығында. Бұл оның сыртқы белгісі емес, шын мәні. Ойында бала өзі бейнелеген қаһарманның іс-әрекетімен, сезімімен тыныстайды. Кейде бейненің баланы баурап әкететіні соншалық, ол тіпті өзін әдеттегідей шақырғанға жауап та қатпайды.
Балалар үн-түнсіз ойнамайды. Тіпті бала жалғыз болғанның өзінде ойыншықтармен сөйлесіп жүреді. Ойындағы қиялға қатысушылармен әңгімелеседі және тағы да басқа. Сөз нақ бір ойын әрекетін сүйемелдеуші болып табылады, бейнені, оған баланың өз қатынасын толығырақ ашады.
Ойын процесінде сөйлесу үлкен рөл атқарады. Сөйлесе жүріп балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойында сөзбен уәделесу ұйымдастырушылық қызмет атқарады, балалар арсында өзара түсінісу мен достықтың, қоршаған ортаның қайсыбір фактілері мен құбылыстарына бірдей көзқарастың пайда болуына және дамуына көмектеді.
Бейненің, ойын әрекеті мен сөздің өзара байланысы ойын қызметінің өзегі болып табылады, шындықты бейнелеудің құралы қызметін атқарды.
Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынның түпкі ниеті; сюжеті немесе мазмұны; ойын әрекеттері, рөлдер; ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережелері. Бұл элементтер өзара тығыз байланысты және ойынды балалардың өзінше бір іс-әрекеті ретінде көрсетеді.
Ойынның түпкі ниеті – бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы, мәселен: «дүкен», «аурухана», «әскер», «қызы мен шешесі», «мектеп» және тағы сол сияқты болып ойнау. Ло сөзде тұжырымдалынып, ойын әрекеттерінің өзінде бейнеленеді, ойынның мазмұнында қалыптасады және ойынның өзегі болып табылады.
Ойынның түпкі ниетіне қарай ойындарды азды-көпті мынадай типтік топтарға бөлуге болады:
а) Тұрмыстық құбылыстарды бейнелейтін ойындар («отбасы», «мектеп», «балабақша» және тағы басқа болып ойнай);
б) жасампаз еңбекті бейнелейтін ойындар ( корабль салу, үйлер, стадиондар тұрғызу және тағы басқа)
в) қоғымдық оқиғаларды, дәстүрлерді бейнелейтін ойындар ( мерекелер, демонстрациялар. Қонақтарды қарсы алу, саяхатар және тағы басқа).
Ойындарды бұлай бөлу, әрине, шартты ғана, өйткені ойын өмірдің алуан түрлі құбылыстарын бейнелеуді қамтуы мүмкін.
Ойынның сюжеті, мазмұны – бұл оның жанды тұлғасын құрайтын, ойын әрекеттерінің, балалардың өзара қарым-қатынастарының дамуын, көп жақтылығын және өзара байланысын анықтайтын..... Ойынның мазмұны оны қызықты етеді, ойнауға деген ықылас пен ынтаны қоздырады.
Ойынның құрылымдық ерекшелігі мен түйіні – бала атқаратын рөл. Ойын процесінде рөлге берілетін маңызына қарай көптеген ойындар рөлді-сюжетті ойындар деп аталады. Рөл әрқашан адамға немесе жануарға, ол қиялдағы қулықтарға, іс-әрекеттерге, қарым-қатынастарға қатысты болады. Солардың бейнесіне енген бала сол өзі қалап алған нәрсеге айналады, яғни белгілі бір рөлді ойнайды.
Ойын процесінде балалардың өздері (ал кейбір ойындарды – ересектер) ойнаушылардың мінез-құлқы мен өзара қарым-қатынасымен анықтайтын және реттейтін ереже белгілейді. Ереже ойынға ұйымшылдық, тұрақтылық сипат береді, оның мазмұнын баяндыетеді және қарым-қатынас пен өзара қарым-қатынастардыңодан арғы дамуын, күрделене түсуін анықтайды. Сонымен бірге ойын ережесі жасқаншақ, ұялшақ балалардың ойынға белсендірек қатысуына көмектеседі.
Ойынның осы құрылымдық элементтерінің бәрі типтік болып табылады, бірақ олардыңәлі маңызы бар және әртүрлі ойыдар ішінде көпшілік ара-қатынаста болады. Әрине ойынның түріне сипаттама беруге болады, ойындардың өзіндік , тәрбиелік, дамытушылық мәні болады.
Рольді ойын элементтері сәбилік шақта пайда болып, дами -бастайтындығын біз айтып өткенбіз. Рольді ойындарда балалар үлкендермен бірге болуға тырысып, ерекше ойын түрінде ересектердің өзара қарым-қатынастары мен еңбектегі қызметін еске түсіреді.
Мектепке дейінгі шақта ойын іс-әрекеттің басты түріне айналады, алайда бұл қазіргі баланың, әдетте, көп уакытын өзіне қызғылықты ойындармен өткізетіндігінен емес, ойын баланың психикасында сапалы өзгерістер туғызатындығынан болады.
Мәселен, қолына түскен затпен қимылдар жасағанда немесе үлкендердің үйреткендерін орындағанда (әсіресе, шынайы заттармен емес, ойыншықтармен орындалса) бала ойнап отыр деп жиі айтамыз. Бірақ бір әрекетімен екінші бір әрекетті, бір затпен екінші бір затты бейнелегенде ғана нағыз ойын болады. Ойын әрекеті белгілік(символикалық) сипатта өтеді. Тек ойында ғана бала санасында белгілік функция қалыптасатындығы не-ғұрлым айқын байқалады. Белгілік функцияның ойын үстінде көрінуінің өз ерекшеліктері бар. Заттар мен ойын балаларының ұқсастығы, мәселен, суреттің бейнеленген болмысқа, (шындықққа) ұқсастығы әлдеқайда төмен болады. Әйтседе ойьншық алмастырғыштар балама затпен әрекет жасағандай дәрежеде олармен әрекет жасауға мумкіндік беруге тиіс. Сондыктан бала таңдап алынған загтың баламасына өзінше ат беріп және оған белгілі бір тән қасиеттерді таңа отырып, оның да кейбір ерекшелік-'терін ескереді. Мектеп жасына дейінгі бала негізгі заттың баламаларын таңдағанда олардың нақты шынайы қарым-қатынастарын негізге алады. Мысалы, шырпының талы—қонжык, тұтас талы — кірекей (ана- аю), шырпы қорабы — қонжықтың төсек-орны болатындығына ол бірден келіседі. Бірақ қораптың— қонжық, шырпы талы — оның төсек орны болуы керек деген шешімге ол мүлде келіспейді. Бала бұған: «Бұлай болмайды»,— деп жауап береді.
Мектеп жасына дейінгі бала ойын іс-әрекетінде заттарды ажыратып қана қоймай, сонымен қатар өзіне қандай да бір рольді алады да, сол рольге сәйкес іс-әрекет жасай бастайды.Бала өзін аттың немесе қорқынышты аңның, орнына қоя тұрса да, көбіне ол ересек адамдарды: анасын, тәрбиешісн, ұшқышты, шоферді бейнелейді. Балаға ойын іс-әрекеті процесінде адамдар арасындағы қарым-қатынастар, олардың праволары мен міндеттері біртіндеп ашыла түседі.
Айналасындағыларға қатысты міндеттер— баланың өз басына алған рольді орындау қажет екендігін сезгендігі. Өзге балалар одан өзіне алған ролін дұрыс орындауды күтеді және талап етеді. Мысалы, сатып алушының ролінде бала өзінің алғандары үшін ақша төлемей кетуге болмайтындығын түсінеді. Дәрігердің ролі оны шыдамды болуға және ауруға талап қоя білу және тағы басқаға да міндеттерді. Міндеттерді орындай отырып, бала ойынға қатысушылардық ролін орындайтын басқалардың да праволарына ие болады. Мәселен, сатып алушының роліндегі бала өзіне ойыншықтар сөресінде бар кез келген товарды жіберуді талап етуге және басқа сатып алушыларға жасалатыыдай қатынасты талап етуге правосы бар. Дәрігер өзіне құрмет пен сенімділік қарым-қатынасты, өзі берген нұсқауларды емдеушілердің орындауларын талап етуге правосы бар. Сюжетті ойынның мәні рольді орындаушының өзіне койылған міндеттерді орындауы мен ойынға қатысушы өзгелерге де қатысты праволарды іске асыру болып табылады.
Ойынның сюжеті мен мазмұны. Балалар өздерінін, рольді ойындарында айналасындағы шындықтың көп жақтылығын көрсетеді. Олар үй тұрмысынан, үлкендердің, еңбектегі іс-әрекеті мен олардын, еңбектегі қарым-катынастарынан көріністер көрсетіп, замана оқиғаларын (космостық ұшулар, арктикалық экспедициялар) және басқаларды бейнелейді. Балалар ойындарында көрсетілетін шындық ролъді ойындардың сюжеті болады, Балалар араласатын өмір ауқымы неғұрлым кең болса, ойын сюжеті де соғұрлым кең де сан алуан келеді. Сондықтан да, мектепке дейінгі кішкентайлардың ойын сюжеттері шағын, ал мектепке дейінгі ересектердің ойын сюжеттері өте сан алуаң Бес- алты жастағы балалар қонақтар, қызы мен анасы, балабақша ойындарын ғана емес, колхоз өмірі, көпір салу, космос кораблін: ұшыру сияқты ойындарды да ойнайды.
Ойын сюжетінің әр алуандылығы артқан сайын ойын уакытының ұзақтығы да артады. Мәселен, үш-төрт жастағы балалар ойынының ұзақтығы бар болғаны 10—15 минут болса, төрт-бес жаста балалар ойынының ұзақтығы 40—45 минутқа, мектепке дейінгі ересектерінің ойыны бірнеше сағатқа, кейде тіпті бірнеше күнге созыла береді.
Балалар ойынының кейбір сюжеттері мектепке дейінгі кішкентайларда да, ересектерінде де қызы мен анасы, балабақша ойындары кездеседі. Бірақ ойын сюжеттері мектепке дейінгі жастағы балалардың бәріне ортақ болғанымен ойындардың ойналу сипаты түрліше бір тақырып төңірегінің өзінде мектепке дейінгі ересектер ойыны кішкентайлар ойынына қарағанда анағұрлым алуан түрлі. Әрбір жасқа ортақ сюжет төңірегінде болмысты түрлі жақтарынан көрсете білу тән. Мәселен, челюскиншілер болып ойнауда балалар дамуының түрлі сатыларын байқауға болады. Сәбилер үшін бұл ойынның ең түйінді жері— мұзжарғышпен жүзу. Жас сатысы жоғары болғанда бірінші орынға полярлық эпопеяға қатысушылардың сыртқы әлеуметтік қарым-қатынастары мен әлеуметтік сатысы (кімнің жолы үлкен), капитанның, машинистің, радистің тағы басқаларының мінез-құлық ережелері шығады. Ақырында, моральдық, асқақ сезім түріндегі ішкі әлеуметтік қарым-қатынастардың бәрі өзекті мәселеге айналады. Ұқсас ойындарды балалар кез келген жаста ойнай береді, бірақ түрліше ойнайды.

- Балалардың табиғаттағы еңбегін ұйымдастыру
- Балаларды табигатпен таныстыру
- Балаларды табиғатпен таныстыру
- Балалар ойыны және оның ерікті дамытудағы мәні курстық жұмыс
- Балалық кезеңдегі қабілет нышандарының байқалуы және оны жетілдіру жолдары
- Балалық кезеңдегі қабілет нышандарының байқалуы және оны жетілдіру жолдары
- Балалық кезеңдегі қабілет нышандарының байқалуы және оны жетілдіру жолдары
- Балалар бақшаларын ашу
- Балалар бақшасындағы мерекелер
- Балалар бақшасының балаларын ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
- Балаларды есеп құрылымымен таныстыпу
- Балаларды мектепте оқуға әзірлеуде сөйлеу тілін дамытудың жұмыстары
- Балалардың жас мөлшері мен дербес ерекшеліктерін оқу – тәрбие
- Балалардың коммуникативтік – тілдік құзыреттілігін дамыту Жобаның тақырыбы