Банк жүйесі. 5
КІРІСПЕ
«Қазақстанның банк жүйесі тарапынан экономиканың келешегі зор секторларына нарықтық жағынан орнықты қолдау көрсетуі үшін жағдай жасалуын және банктердің өңірлік экономикалық жобаларға, соның ішінде мемлекеттік – жеке меншік әріптестік шеңберінде қатысуын күшейту қажет» деп Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауында айтып кеткен болатын.Осыдан біз Қазақстан үшін оның банктік жүйесі маңызды орын алатынын байқаймыз.
Қазақстан Республикасының екі деңгейлік банк жүйесі бар. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді.
Банктік жүйе – нарықтық экономиканыңең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.
Банктік жүйенің мақсаты мен міндеттері негізінен экономиканы жалпы басқарудың мақсаттары мен міндеттерімен бірдей, әйтсе де банктер басқарудың кішігірім жүйелері ретінде экономиканы басқарудың жалпы мақсатына жетуді қамтамасыз ететін, өзіне тән жеке міндеттерін орындайды. Экономиканы басқару органы ретіндегі банктің ролі оның өзінің қызметтерін орындау үрдісінде және банк ісін ұйымдастыруда жалпы принциптерді сақтауда көрініс табады.
Менің бүгінгі курстық
жұмысымның тақырыбы банктік жүйе болып
табылады және бұл жұмысымда мен банктік
жүйенің макроэкономикалық мәні, экономикадағы
ролі, Ұлттық және коммерциялық
банктерге талдау жасадым.
- Банктік жүйенің мароэкономикалық мәні мен экономикадағы ролі
1.1.Банктік
жүйенің макроэкономикалық
Қазақстан Республикасының екі деңгейлік банк жүйесі бар. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді. Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде басқа елдердің орталық банктерімен және банктерімен қарым-қатынастарда, халықаралық банктерде және өзге қаржы-кредиттік ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді.
Ұлттық Банк өзінің міндеттерін орындау кезінде пайда алу мақсатын басшылыққа алмауы тиіс.
Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Президентіне бағынышты, бірақ өз қызметін жүзеге асыруда оған заңнамада берілген өкілеттіктер шегінде тәуелсіз.
Ұлттық Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіреді, өзінің қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескеріп отырады және егер өзінің негізгі функцияларын орындауға және ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға қайшы келмейтін болса, оны іске асыруға жәрдемдеседі.
Кредиттік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммерциялық негізде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктіріледі.
«Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған (міне, осында «коммерциялық банк» деген атауға ие болды). Бірақ, өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де салаларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің «іскер» деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түріне қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болды. Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін кредиттік мекемелердің тобын білдіреді.Бүгінгі коммерциялық банктер өз кленттеріне 200-ге жуық әралуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзін де пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді.Бір операциялардан болған зиян, екінші бір операциялардан түсетін пайда есебінен жабылады. Нарық экономикасы дамыған барлық елдердің коммерциялық банктері кредит жүйесінің негізгі операциялық буыны болып қалуы кездейсоқтық емес. Олар өзгермелі ақша-кредит нарығының жағдайына көндігетін қабілетінің барлығын көрсете алады. Депозиттік-қарыздық операцияларды жүзеге асыра отырып коммерциялық банктер қаржы делдалы ролін орындайды. Банктің бұл қызметі екі жаққа да пайда әкеледі.
Салымшылар үшін өздерінің депозиттері айналыс құралы қызметі мен өтімді активтер қызметін атқара отырып, кей жағдайда оның үстіне пайыз әкеледі.
Қарыз алушылар кейде көптеген ұсақ қарызды пайдаланады. Бұл кезде көптеген ұсақ қарапайым клиенттердің банкке аз ғана соманы қысқа мерзімге салғанның өзінде де мүмкін болады. Мұндай кезде коммерциялық банктер іскерлік операциялар жүргізіп, уақытша бос ақша қаражатын тарту мүмкін емес.Шынында да, банктер мұндай операциялардан пайда көреді. Олар салымдарға төлейтіндеріне қарағанда, қарыздарға біршама жоғары пайыз мөлшерлемесін белгілеп табыс алады.Жалпы қоғамға көмек, олар банктен алған қарыздары есебінен өздерінің өнімдерін өндіріп, алға қойған мақсатына жеткенде ғана пайданы сезінеді (мысалға жалпы пайда нормасын 4-тен 5%-ға ұлғайтқанда). Болашақ қарыз алушыларды дұрыс таңдай отырып, олардың ішінде берілетін қарыз бойынша жоғары пайызды төлеуге кімнің жағдайы келсе, соларға банктер ақшалай қаражаттарын бере алады.
Коммерциялық
банктердің негізгі функциясы несие беру
және салымдарды өсіру. Осындай шаралардың
нәтижесінде коммерциялық банктер ақша
ұсынысын кеңейтеді. Банк жүйесі құнды
қағаздарды алып-салумен де айналысады.
1.2.Банктік жүйенің экономикадағы ролі
Банктік жүйе – нарықтық экономиканыңең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.
Банктер
қажылық делдал ретінде шаруашылық
органдардың капиталдарын, халықтық
жинақтарын және шаруашылық қызметтің
үрдісінде босаған басқа да бос
ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз
алушылардың уақытша пайдалануына береді,
ақшалай есеп айырылысу жүргізеді және
экономика үшін басқа да көптеген қыз
қызмет көрсетеді, соның арқасындаөндірістің
тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналысына
тікелей ықпал етеді.
Банктік жүйенің мақсаты мен міндеттері негізінен экономиканы жалпы басқарудың мақсаттары мен міндеттерімен бірдей, әйтсе де банктер басқарудың кішігірім жүйелері ретінде экономиканы басқарудың жалпы мақсатына жетуді қамтамасыз ететін, өзіне тән жеке міндеттерін орындайды. Экономиканы басқару органы ретіндегі банктің ролі оның өзінің қызметтерін орындау үрдісінде және банк ісін ұйымдастыруда жалпы принциптерді сақтауда көрініс табады.
Қолма-қол және қолма қолсыз ақша қозғалысының аясы бір ақша бірлігінде қызмет көрсетеді, әрі өзара тығыз байланысты.Банктер кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, жергілікті халықтың шот есептерін жүргізу арқылы ақша айналымының жиынтығын, ал олар арқылы ақша шаруашылық процестердің барысын қадағалайды,әрі оларға ықпал етеді.
Банктік жүйеде қоғамның барлық ақшалай қорлары шоғырландырылған:
- мемлекеттік шаруашылық буындардың қаражаты
- халықтың жинақ ақшалары және т.б.
Банктер осы қорлардың қалыптасуына белсенді қатысады, яғни пайдалану бойынша бақылау жүргізеді, ақша айналымын реттейді және сол арқылы ұдайы өндірістік үрдіске әсер етті.
Банктік
жүйенің негізгі мақсаты –
несиелік механизмді жетілдіру, ақша массасын
реттеудегі әдістерін жетілдіру,
есеп айырысуды тездету және төлем
тәртібін сақтау болып табылады.
2.ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ
БАНКТІК ЖҮЙЕНІҢ ДАМУЫНА ТАЛДАУ
2.1.Қазақстандағы банктік жүйенің даму тарихы
Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ, себебі республика аймағында КСРО-ның орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары мен бөлімдері қызмет етті.Осыған байланысты банктік жүйенің тарихы КСРО мен рекволюцияға дейінгі Ресей тарихымен тікелей байланысты.Патшалық Ресейдің банктік жүйесіне:Мемлекеттік банк, акционерлік банктер, қалалық банктер, ипотекалық несие банктері мен басқа да несиелік мекемелер кірді.
Ресейдің Мемлекеттік банкі
(өз қызметін 1860жылы бастады) барлық
несие жүйесінің Орталық
Акционерлік коммерциялық
Ипотеклық несие жүйесі –
1917ж. Қазан революциясынан кейін банк ісін ұйымдастыруда мемлекеттік монополия қағидасы іске асырылды. Елде Мемлекеттік банк құрылды, кейіннен жеке коммерциялық және басқа да банктерді ұлтшылдандыру нәтижесінде, бәрі бір мемлекетке жататын, салалық және аумақтық банктер құрылды.Банктік жүйенің бір құрамдас бөлігі мемлекеттік еңбек жинақ кассалары болды.
1922ж. деревнялар мен майдагерлік өнеркәсіпті жандандыру мақсатын көздеген несиелік және қарыздық-жинақ серіктестіктері мен олардың одағы ұйымдастырыла бастады.
1924 ж. ауыл шаруашылық кооперацияларына салым қабылдау, қарыз беру мен есеп айырысудағы делдалдық нысанында несиелік операцияларды жүргізу рұқсат етілді.Экономикалық социалистік секторының дамуына қарай кооперативтік және жеке несиелік органдар өз маңызын жоғалтты және қызметін тоқтатты.КСРО-да 1930-1932жж. жүргізілген несиелік реформаның нәтижесінде жаңа қағидаоарда салалық банктер ұйымдастырылды. Капитал жұмсалымдарды қаржыландыру және несиелендіруге байланысты 4 арнайы банк құрылды:
- Өнеркәсіп және электр шаруашылығын несиелендіру банкі (Промбанк)
- Социалистік жер бөлінісін қаржыландыру банкі (КСРО Ауыл шаруашылық банкі)
- Кооперация құрылысын күрделі қаржыландыру банкі (Всекомбанк)
- Коммуналдық және тұрғын үй құрылысын қаржыландыру банкі (Цекомбанк)
Одақтас республиканың барлығында, соның ішінде, Қазақстанда барлық банктердің республикалық мекемелері ұйымдастырылды.
КСРО-да банктік реформа 1987-
Мамандандырылған банктердің
КСРО Мембанкінен бөлінген коммерциялық
банктер негізінен
1988жылға дейін КСРО Мембанкі – Орталық, коммерциялық және инвестициялық банктердің қызметін атқаратын әмбебап несиелік мекеме болды.
70 жыл бойы КСРО-ның банктік жүйесінде, оның ішінде Қазақстанда қатаң орталықтандыру мен шоғырландыру, несиелік-банкті ықпал ету әдістемелерінде әкімшілік,өктемдік, ұсақ түйекті регламенттеу, сондай-ақ шаруашылық органдардың қызметінде де ұсақшыл регламенттеу басым болды.
Өз тәуелсіздігін алғаннан
1989ж басынан бастап, алғашқы коммерциялық,
аралас, кооперативтік жеке банктер
пайда бола бастады.
2.2.
Ұлттық банк, оның мақсаттары, міндеттері,
қызметінің бағыттары мен
Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның ролін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болып табылады. Олардың басшылық ролі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады.
Орталық банк елдің эмиссиялық, резервтік және кассалық орталығы, сондай-ақ ол норма шығару, басқару құқықтарына ие «банктердің банкі», «соңғы сатыдағы несие беруші» ролін атқарады, ақша-несиелік және валюталық саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша несие саясатын жүзеге асыру және елдің несиелік жүйесін басқару болып табылады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттің орталық банкіге кең өкілеттік беруі екінші деңгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Орталық банк мемлекет берген эмиссялық құқығы негізінде экономиканы жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар-ақша тепе-теңдік саясатын жүргізеді.
Орталық
банк тарапынан ақша-несиелік реттеудің
негізгі объектісіне
«ҚР-ның Ұлттық банкі туралы» Заңы бойынша ҚР-ның Ұлттық банкі ҚР-ның Орталық банкі және республикамыздағы банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып табылады.
Ұлттық банк – ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен, басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға. Мүліктің құралу көздеріне – банк ісінен түсетін табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар және сәйкес бюджеттерден түскен дотациялар жатады.
Заңның 9-бабына сәйкес, Ұлттық банк жарғылық қорын 10 млрд. теңге көлемінде мына қаражаттар есебінен құрайды: республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттар, мемлекеттен алынған негізгі қорлар және Ұлттық банк тапқан пайдадан аударымдар.
Нарықтық экономика жағдайында Орталық банктің жұмысын ұйымдастырудың әр түрлі құқықтық формалары бар:
- Оның капиталының қалыптасуы 100% мемлекеттің қаражат есебінен болатын унитарлық банк
- Акцияларының бөлігі мемлекетке тиісті (немесе мемлекеттің қатысуынсыз ) акционерлік қоғам
- Бірлестік типтес ұйым (мемлекеттің қатысуымен немесе қатысуынсыз)
- Орталық банктің қызметін бірігіп атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі
АҚШ-та орталық банктердің капиталына қатыспайды, олардың капиталы Федералды резервтік жүйенің (ФРЖ) мүше банктерінің жарна пұл төлемдерінен тұрады.
Негізі Ұлттық банк унитарлық орган болып табылады. Мемлекет – жарғылық қордың жалғыз иесі. Негізгі қор – ғимараттардан, құрылғылардан, көлік және басқа да құндылықтардан тұрады, ал айналым қаражаты – банкіге тиесілі басқа қорлар тұрады. Ұлттық банк резервтік және басқа қорлар құрады.
Ұлттық банктің қаржылық жылдағы пайдасы сол жылға жатқызылатын табыстар мен шығындардың айырмасы ретінде анықталады. Ондай шығындарға: активтер амортизациясы, оның ішіндегі банкноттар мен монеталардың құндарының бір бөлігі жатады.
Пайданың жарғылық, резервтік және басқа қорларды құрғаннан қалған бөлігі республикалық бюджетке аударылады. Ұлттық банк және оның мекемелері барлық салықтар мен төлемдерден босатылады.
ҚР-ның Ұлттық банкінің негізгі міндеті – ҚР-ның ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Сонымен қатар ҚР-ның Ұлттық банкіне мынадай қосымша міндеттер жүктеледі:
- Қазақсанның экономикалық дамуы және оның дүниежүзілік экономикаға интеграциялануы мақсаттарына жетуге көмектесетін ақша айналысы, несие, банктік есептеулерді және валюталық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жасау және жүзеге асыру
- Ақша несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектесу
- Банктік және басқа несиелік мекемелердің қызметін реттейтін ережелерді жасау және олардың орындалуына бақылау жасау негізінде банк несие берушілердің, салымшылардың мүдделерін қорғау
Ұлттық банк жүйесінің негізгі бағыттары:
- Елдегі несиелік ресурстарды және ақша айналысын басқару
- Өзіне бағынышты мекемелер арқылы ақшалай түсімді инкассациялауды ұйымдастыру және жүзеге асыру
- Халық шаруашылығындағы несиелік, есеп айырысу және кассалық операцияларды жүзеге асыру бойынша ережелерді, әдістемелік, инструкциялық нормативтік актілерді шығару, есеп жүргізу және банктердің есеп беруін ұйымдастыру
- Банк ісін лицензиялау, ақша-несиелік реттеудің әдістерінің формаларын талдау
- Банк ісін бақылау және қадағалау
- Елдің банк жүйесінің тәуелсіз балансын жасау
- Ғылыми-зерттеу және аналитикалық жұмыстар жүргізу
- Валюталық операцияларды жүргізу ережелерін және тәртітін жасау, біркелкі валюталық саясат жүргізу және т.б.
Ұлттық банктің несиелік ресурстары мыналардың есебінен құралады:
- Меншікті қаражаттар
- Басқа банктермен тартылған және келісім-шарт негізінде ұлттық банкіге орналастырылған ақшалай қаражаттар
- ҚР-дан тыс жерлерден тартылған қаражаттар
- Мемлекеттік арнайы қорлардан және бюджеттің уақытша бос қаражаттарынан
Ұлттық банк өзінің
1-сызба. ҚР Ұлттық банктің басқару құрылымы
Ұлттық Банктің құрылымына мыналар кіреді:
12 департаменттен (1 департамент Астана қаласында), 9 дербес басқармадан тұратын орталық аппарат
Орталық аппарат
- Зерттеу және статистика департаменті
- Төлем балансы және валюталық реттеу департаменті
- Заң департаменті
- Монетарлық операциялар департаменті
- Бухгалтерлік есеп департаменті
- Ақпарат технологиясы департаменті
- Ішкі аудит департаменті
- Қызметкерлермен жұмыс жүргізу департаменті
- Қолма-қол ақшамен жұмыс департаменті
- Төлем жүйелері департаменті
- Ұйымдастыру жұмысы, сыртқы және қоғамдық байланыстар департаменті
- Қаржы тұрақтылығы басқармасы
- Операция басқармасы
- Монетарлық операцияларды есепке алу басқармасы
- Бюджетті жоспарлау және бақылау басқармасы
- Тәуекел-менеджмент басқармасы
- Автоматтандырылған банктік ақпарат жүйелерін ендіру басқармасы
- Қауіпсіздік басқармасы
- Шаруашылық басқармасы
- Үйлестіру департаменті (Астана қаласы)
- Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі басқарма
16
аумақтық филиал және Алматы
қаласындағы екі филиал - Кассалық
операциялар және
Ұлттық Банктің 2 өкілдігі:
· Ұлттық Банктің Ресей Федерациясындағы өкілдігі
Ұлттық Банктің Ұлы Британия
және Солтүстік Ирландия
4 есеп беретін ұйым:
– «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны
– «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны
– «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны
– «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны
Ұлттық Банк:
«Қазақстанның депозиттерге
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Q-BRO» Резервтік Орталығы» акционерлік қоғамдарының құрылтайшысы болып табылады.
Ұлттық Банк мынадай акционерлік қоғамдардың:
"ГНПФ" жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамы;
«Қазақстан
Республикасының Үкіметі мен
Ұлттық Банкі жанындағы Ұлттық талдамалық
орталық» акционерлерінің бірі болып
табылады.
ҚР Ұлттық Банкінің Басшылығы
| ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы | Марченко Григорий Александрович |
| ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары | Ақышев Данияр Талғатұлы |
| ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары | Әлжанов Батырбек Асылбекұлы |
| ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары | Ғалиева Дина Түлеубекқызы |
| ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары | Тәжіяқов Бисенғали Шамғалиұлы |
