Банк жуйеси

    ЖОСПАР 
 
 

    КІРІСПЕ------------------------------------------------------------------------------3 

    І. БАНК ЖӘНЕ БАНК ЖҮЙЕСІ: ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ЭВОЛЮЦИЯСЫ--------------------------------------------------------------------------5

    1.1. Банктің мәні және пайда болуы----------------------------------------------5

    1.2. Банк жүйесінің қалыптасу кезеңдері----------------------------------------8

        1.3  Нарықтық  реттеудің түрлері мен әдістері тәсілдері--------------------11 

    ІІ.  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ-----------------------------------------------------13

    2.1 Банк жүесінің қызметін бақылау мәселелері------------------------------13

    2.2 Банк жүйесінің қызметін реттеу әдістері ----------------------------------20

    1. Банктік қадағалаудың мәні және әдістері-----------------------------22
 

    ІІІ.  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ  БАНКТЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ  МЕН ҚЫЗМЕТІ-----------------------------------------------------------24 

    ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------29 

    ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР----------------------------------------31 
 
 
 
 
 

    КІРІСПЕ 

    Нарықтық  қатынастардың одан ары дамуының біріңғай кредит саясатын соның ішінде банк заңдылығын жетілдіруді талап  етті. 1993 жылы 13 сәуірде Қазақстан  Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 12 –ші шақырылған 10 – шы сессиясында «Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы» Қазақстан Республикасы заңы қабылданды. Бұл заңды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің міндеттерін, қызмет үрдістері, құқық мәртебесі және өкілеттілігі, оның банк жүйесіндегі ролі, мемлекеттік өкімет органдарының өзара қатынастары анықталды. Заң Қазақстан Республикасының ақша және несие қорларына қажеттілігін қамтамасыз ету кепілдігін, салымшылар мүдделеріне қорғау және мемлекеттік кредит саясатын іске асыруды қарастырады. Заңмен Ұлттық банктің негізгі міндеттері, ақша айналымы, кредит, банктік есеп айырысу және валюталық қатынастарды ұйымдастыру, банк, кредиттік, есеп айырысу мекемелерінің салымшыларының және кредиторлардың, сондай-ақ валюта сатып алу, сату және ауыстыру операцияларын жүзеге асырушы мекемелер клиенттері мүдделерін қорғау.        

    1993 жылы қарашада Қазақстан Республикасында  Ұлттық валютаның енгізілуіне  байланысты Ұлттық Банкке ақша-кредит  саласының қызымет істеуіне, оның  бюджетпен және банктермен өзара қатыстарының класикалық үрдістерін жүргізуге, қызымет реттеу жүйесін нығайту толық жауапкершілік жүктелді. Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы – теңгенің ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету – Ұлттық Банктің  негізгі міндеттерінің бірі болады. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің (Жалпы бөлім) қабылдануы, саясат және экономика саласында болып жатқан өзгерістреді есеспке алатын заңдылықты одан әрі жетілдіру, 1995 жылы 30 наурызда ҚР Президентінің заң күші бар «Қазақстан Респуликасының Ұлттық Банкі туралы» жарлығының шығуына ықпал етті. Жарлықта Қазақстан Респуликасының Ұлттық Банкісінің құқықтық мәртебесі және өкілеттігі, міндеттері, қызымет принцптері, оның банк жүйесіндегі ролі анықталады. Жарлық шықаннан бері Жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты оған бірнеше рет өзгерістер және толықтырулар енгізілді.

    ҚР  Президентінің заң күші бар «Қазақстан Респуликасының Ұлттық Банкі туралы»  жарлығына сәйкес указының ұлттық банк Қазақстан Республикасының Орталық  болып табылады және Республикадағы Банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейіне айқындайды.

    Қазақстанда 1998 жылғы 1-ші қаңтарындағы мәлімет  бойынша 2-ші деңгейлі 83 банк тіркелген, соның ішінде: мемлекетаралық-1, мемлекеттік  немесе жарғылық капиталға 100% үкімет қатысуымен (резидент емес банктердің еншілес банктерін қосқанда)-20.

    Ұлттық  банк тарапынан екінші деңгейлі банктерді  капиталдандыру және өтемділік талаптарының өсуі банктерді тарату және бірігу процесін жеделдетті. 1997 жылы екінші деңгейлі 23 банк лицензиясы кері шақырылды, сонын ішіндегі жұмыстағы кемшіліктері үшін 17, ерікті таратылуға байланысты-1, және бірігуге байланысты-15.

    Екінші  деңгейлі банктердің жиынтық меншікті капиталы 1997 жылы 1 желтоқсанда 33 млрд. теңге құрады.

    1998 жылдың соңында республиканың банк жүйесіне шетел капиталының қатысуын шектеуді алып тастау  туралы Ұлттық банк көзқарасы сақталуда. 1998 жылдың соңына қарай, бірінші топқа енгізілген банктер капитал жетекшілігі, активтер сапасы және тараптануы, менежмент деңгейі, бухгалтерлік есеп, ақпарат беру және қорғау жағынан халықаралық стандартқа сәйкестігіне жетуі тиіс. Банк саласын сауықтандыру мақсатында екінші деңгейлі банктерде ішкі бақылау жүйесі енгізілді. Банкпен берілген ақпарат шындығын және баланс мөлдірлігін арттыру үшін банктерді шот есептің жаңа жоспары бойынша мәліметтерді автоматтандырылған өңдеуге көшіру жоспарланады. 
 

    І. Банк және банк жүйесі: қалыптасуы және эволюциясы

    1.1. Банктің мәні және  пайда болуы

    Батыстағы банк жүйелері мен олардың құқықтық негіздері ғасырлар бойы қалыптасса, Қазақстанда және Ресейде бұл үрдіс тым жылдам жүріп жатыр (Гарегин Тосунян. Банковское дело и банковское законодательство в России: опыт, проблемы, перспективы. М.: «Дело ЛТД», 1995, 12-бет). Алайда банк ісінің дәстүрлері жоғалған, өзіндік тәжірибе ұмытылған, ал еліміз үшін бүгінгі таңда қандай банктік жүйе және қандай банк заңнамасы қажет екендігін ортақ (бірдей) түсіну жоқ болған жағдайдағы қарқынды өсіп жатқан инновациялар ағымын басқару аса қиын. Нәтижесінде банк жүйесінің құрылымы да, банк қызметін реттейтін заңнама да қалыптасып үлгермей-ақ, ескіріп кетеді және өз кезегінде экономикалық реформа барысын тежей түседі.

    1987 жылға дейін банк жүйесі үш монополист — банкті қамтыды;                                                                                                                      КСРО-ның Мемлекеттік банкі, КСРО-ның Құрылыс банкісі және КСРО-ның Сыртқы сауда банкісі. Мұнымен қатар мемлекеттік-еңбектік жинақтаушы кассаларының жүйесі де әрекет еткен. Банк жүйесіндегі үстемдік жағдайына КСРО-ның Мемлекеттік банкісі ие болды. Ол эмиссиялык, институт бола отырып, сонымен бір мезгілде қысқа мерзімді несиелеу, шаруашылыққа кассалық және есеп-айырысу қызметтерді көрсету орталығы болды. Эмиссиялық функциялар мен клиенттерге есептік-несиелік қызмет көрсету функцияларын біріктіру, оларды бір банкке монопольдық бекітіп беру КСРО-ның Мемлекеттік банктік мемлекеттік басқару және бақылау органына айналдырады. Экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесі жағдайында несие ресурстары формальды сипатта болғандықтан Мемлекеттік банк іс жүзінде, несие ресурстарына шектелмеген монополияға ие болды. Оның шоттарында мемлекеттік несиелік қорды қалыптастыра отырып барлық бос ақша қаражаттары жиналды. Банк мекемелері болса клиенттердің емес, жоғары тұрған ұйымдардың алдында жауапты болды.

    Нарыққа өту жағдайында экономиканы басқаруды  орталықсыздандыру экономиканы  басқару механизміндегі банк жүйесінің рөлін өзгертуді талап етті. Оны қайта ұйымдастыру 1987 жылғы КПСС ОК және КСРО Министрлер кабинетінің 1987 жылғы 17 шілдедегі № 82110 қаулысы қабылдауымен басталды. Банк жүйесінің ұйымдық құрылымын өзгерту, банктердің рөлін арттыру, олардың халық шаруашылығының дамуына ықпалын күшейту, несиені әсерлі экономикалық тетікке айналдыру көзделді.

    1988 жылғы 26 мамырда қабылданған КСРО-ның «КСРО-дағы кооперация туралы» заңы ерекше маңызды болды. (Бұл да сонда 124-бет). «КСРО-дағы кооперация туралы» заңды, оның елде басталған экономикалық қайта құрулары, оның ішінде, банк жүйесін реформалауды тереңдетудегі рөлі тұрғысынан бағалай отырып, мынаны атап өткеніміз жөн.

    Кеңес билігінің бүкіл тарихы бойына жаңа экономикалық саясаттан кейін алғаш  рет заң жүзінде жеке тұлғаның еңбек аясындағы еркіндік дәрежесі айтарлықтай кеңейтілді. Енді заң азаматтарға, олардың қалауы және қабілеттілігіне сәйкес кооперативтерге бірігуге және заңмен тыйым салынғандардан басқа қызметтің кез келген түрлері мен айналысу үшін кедергісіз шығуға рұқсат берді. (Закон СССР «О кооперации в СССР» 26 мая 1988 г. № 8998-6 ведомости ВС СССР. 1988 № 22, 355-бет). Мұнымен қатар заң мемлекеттік және кооперативтік органдарға кооперативтің шаруашылық қызметіне араласуға қатаң тыйым салынады, осылайша, кооперативке өндірісті жоспарлау және оны жүзеге асырудан бастап, өндірілген өнімді бөлу және сату және кооператив мүшелерінің еңбегін төлеу мәселелерін шешу арқылы көрініс тапқан толық шаруашылық дербестік берілді (Бұл да сонда 23-бап, 5-тармақ).

    Осымен  бір мезгілде заң азаматтарға  берілген құқықтарды іс жүзінде жүзеге асырудың әсерлі механизмін де қарастырды. Атап айтқанда кооперативтік меншікті және кооперативтердің сәтті қызмет етуінің жағдайларын нығайту және дамытудың заңдық кепілдіктері көзделді. Осы жағдайлардың қатарына елде кооперативтік банктерді құру туралы мәселені заң деңгейінде шешуде жатқызылады.

    Заңның 23-бабына сәйкес, «кооперативтердің одақтары (бірлестіктері) шаруашылық-есептік салалық немесе аумақтық кооперативтік банктер құруға құқылы болды».

    Сонымен қатар осы заңның бірқатар ережелері, әсіресе кооперативті банктерді  және жалпы кооперативтерді құруға қатысты ережелері жедел жүзеге аса бастады және КСРО-дағы мемлекеттік емес банктер жүйесінің қалыптасуына және мемлекеттің банк қызметіне қатысты монополиясын жоюға бастау болды.

    Осының  барлығы кәсіпорындар мен ұйымдардың, олардың жоғарыдан жоспарланбаған қаржылық қаражаттарға деген қажеттілікті тудыра отырып, шаруашылық дербестігін күшейтті. Нәтижесінде, елде орын алған несие механизмі мен бүкіл банк жүйесінің жетілмегендігі барынша айқын сезіле бастады.

    Осылайша, «КСРО-дағы кооперация туралы» заңының  қабылдануы елде кооперативтік және коммерциялық банктердің туындауына мүмкіндік туғызса, ақша-несие қатынастары аясында жиналған проблемаларды шешудің күттірмес қажеттілігі бұл мүмкіндікті шындыққа айналдырады.

    Уақыты  брйынша соңғы болған, КСРО-ның  мемлекеттік мамандандырылған банктерінің қызметін түбегейлі жақсартуға ұмтылыс 1989 жылдың басында жасалды. Ол кезде наурызда «КСРО-ның мемлекеттік мамандандырылған банктерін толық шаруашылық есепке және өз-өзін қаржыландыруға еткізу туралы» үкіметтік қаулы қабылданды. (Е.В.Осипов-мл научный сотрудник НИЦентра частного права Каз ГУЮ: Понятие банка и банковской деятельности в Республике Казахстан. Юрист справочная система. Юрист 4,0).

    Сонымен қалыптасып жатқан, нарықтық қатынастарға бара-бар ақша — несиелік реттеу жүйесін қалыптастыру мақсатында Мемлекеттік банктің мәртебесі мен оның ел экономикасындағы рөлі өзгертілді.

    1.2. Банк жүйесінің  қалыптасу кезеңдері

      Қазақстан Республикасы Азаматтық  кодексінің жалпы бөлімінің күшіне  енуіне және оның ерекше бөлімінін  қабылдауға дайындығына байланысты, жаңа Азаматтық кодекс банк қызметіне байланысты шарттардың жеке түрлерін реттеуге бағытталған. Тиісті тараулар заем және кредит, банк салымы және шот есеп шарттарын реттеуге арналған. Кодекс кредиторларын құқын қорғауды күшейтудегі принциптік ерекшеліктерден тұрады: құқықты бұзған емес, құқығы бар тарап қорғалады. Екінші ерекшелігі кодекс нормасы және олардың бұзылған нормаларымен коллизиясы мүмкін арақатынасты көрсетеді. Тағы бір ерекшелігі кодекс нормалары және басқа заң не нормативті құқық актілеріне енгізілген нормаларымен олардың  коллизиясы мүмкін арақатынастар. Банк заңдылығы Азаматтық кодекстен, заң күші  бар Қазақстан Республики президентінің жарлықтары “Ұлттық банк туралы” “Қазақстан Республикасы банктер және банк қызметі туралы” және басқа актілерден тұрады.

    Біздің  республикамыздың банк жүйесінің қалыптасу  проблемасына толығырақ тоқталайық. Қаржы нарығының (ақша нарығы) қызмет атқаруынын ажырамас құрамдас бөлігі меншік иелерінің жинақ салымдары  болып табылады: заңды және жеке тұлғалар және дамыған банк жүйесі. Басқа қаржы делдалдарымен  қатар банктер тұрғындар жинақ қаражаттары, оларды ұтымды пайдалану әдістерін табатын қарыз алушы фирмалар және кәсіпорындарға бағыттайды.

    Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, нарық  шаруашылығы жағдайында көптеген жинақ  салымдары жеке тұлғалармен жүргізіледі де, ал шығындар негізінен кәсіпорындармен жүзеге асырылады.

    Капитал өндіріс қорлары бір саладан  екіншісіне ауыса алмайды. Меншік иелері жинақтарынын қарыз алушыларға тікелей  ауысуы тіке және жанама қаржыландыру әдісімен жүзеге асырылады. Тіке қаржыландыру бұл фирманың ақша қаражаттарын алып орнына инвестициялық жүзеге асыру үшін осы фирма меншігіне үлестік қатысу құқын беру, мүліктерін иелену, билік ету және баскару құқын жаңа ережелер дайындау.

          Банктер тұрғындарға  сыйақы сомаларын төлеу арқылы инвестициялық, зейнетақы және сақтандыру шоттарын ашу жіне дивидиенттер мен проценттерді капиталға айналдыру үшін қолайлы  жағдайлар  жасау арқылы қызметтік  кен спектрін ұсыну да, банктердегі  тұрғындардың жинақ салымының ұлғайғанына ықпал жасайды.

          Банк жүйелері атап айтқанда ресейлік банк жүйесі Европадағы универсалды банк жүйесіне көшетіні әбден ақиқат, өйткені американдық  немесе жапондық үлгі жоғарғы деңгейлі сипатталады.

          Ресейдің банк жүйесінің дамуына сыртқы сондай-ақ ішкі факторлар да әсер етті. Ішкі факторға жататындар ең алдымен елдегі жалпы экономикалық ахуал. Банк жүйесі жоғарғы информация және бүкіл макроэкономикалық ортаның аса тұрақсыздығы кезінде қуатты импульс алды, бұл банктерге уақытша өз активтерін және пассивтерін көлемінің тез өсуіне мүмкіндік береді.

          Көптеген коммерциялық банктердің тұрақсыздық жағдайын тудырған алдарында банкроттық және тарату қаупін тудырған аса елеулі факторларға  кредит ұйымдарының белгіленген  экономикалық нормативтерді сақтамау нәтижесінде таратылған активтер үшін жеткіліксіз кредит саясаты болып табылады. Көптеген жағдайларда жеке банктердің қолайсыз жағдайларын себептері біліктіліксіз басқару, әлсіз менеджмент, стратегиялық жоспарлау жоқтығы кредит қаржысын сауатты қалыптастыра алмау және кредит тәуекелділігін басқара алмау, әлсіз ішкі аудит болды.

          Халықаралық тәжірибеде жеткілікті ірі меншікті капиталы бар  банк ірі банк болып есептеледі.

           Қазір республикада  меншікті капиталы 1 млрд тенгеден  астам екінші деңгейлі 8 банк қызмет атқарады. Бұл «сегіздікке мына банктер» кіреді: Казкомерцбанк, Халықбанк, Туранәлембанк, АВN, AMROBANK, Темірбанк, Евразиялық банк, Эксимбанк, Казагроөнеркәсіпбанк .

          Екінші деңгейлі банктерді күштеп тарату механизмі  де дұрыс даңгейде әрекет жасамағанын атап өткен жөн, әйтседе Қазақстан Республикасы банктерді және банк қызыметі туралы»  (63-68) бапта банктерді күштеп тарату процедурасын қолданудан құқықтық негіздері айқын баяндалған.

           Сонымен қатар  екінші деңгейлі банктердің активтерін шектен тыс көбейту тенденциясы байқалуы.

          Төлемсіздік дағдарысын шешудің жолдарының бірі  республикада бірінғай вексель бағдарламасын  енгізу және осы негізде өзара  есеп айырысудан вексельді нысанын  дамыту.

    Банк  жүйесінің тұрақтылығын сақтау және кредит механизмін жетілдіру мақсатында мынандай проблемалар шешуі қажет:

  • банк өтемділігін қолдау және клиенттер талабын неғұрлым тиімді қанағаттандыру үшін банк активтерін және қызымет көрсетуді барынша этаптандыру, ірі жобалар мен бағдарламаларды кредиттеуді немесе консиорционалды несие беру жөніндегі шарт негізінен басқа банктермен бірлесіп несие беруде тәжірибеге енгізген жөн.
  • Банк кірісін және табысын ұлғайту, олардан тұрақтылығымен ең алдымен өнімсіз ұтымсыз шығындарды азайту есебінен, ал сонымен бірге әкімшілік басқару персоналын ұстау шығындарын  және шығындарды кұрт қысқарту есебінен қамтамасыз ету.

    Жоғарыдағы  көрсетілгендермен қатар, клиенттер  көрсетілетін банк операцияларының  дәстүрлі емес түрлері «трасталық», «лизинг», «фактоинг», «инженеринг» және кеңес беру қызыметтерінің санын ұлғайту қажет.

    Дамыған елдердің коммерциялық банктерінің  кірістерін 60% жуығы валюталық процентті, фьюгер операциялары, мәміле сияқты қаржы туындыларын қолданудан баланстан тыс операциялардан түскен түсім есебінен қалыптасатынын атап өткен жөн. Мұндай мәмілелер әсіресе банк тәуекелділігін басқаруда маңызды орын алады.

    Бұл көрсетілген операцияларды енгізу және дамыту техникалық жағынан қиындық  тудырмайды, өйткені қазірдің өзінде барлық дерлік ірі коммерциялық банктер  СВИФТ және РЕЙТЕР сияқты қаржылық коммуникациялық жүйе қызыметін пайдаланады. Сондықтан отандық банк жүйесіне көрсетілген банк құрлымдарының игеру және енгізу банк жүйесінің жуық арадағы негізгі міндеттерінің бірі болмақ. 

1.3    Нарықтық реттеудің түрлері мен әдістері тәсілдері 

    Нарықты реттеу әдістері - бұл нарық механизімінің қалыпты  жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін қолданылатын мемлекет және оның мекемелерінің ұдайы өндіріс процесіне мақсатты бағытта әсер ету тәсілдері. Бұндай реттеудің элементтері алғаш рет бірінші дүние жүзілік соғыс кезінде пайда болды. Ал екінші дүниежүзілік соғыстан кейін экономиканы мемлекеттік реттеу өнеркәсіпті-дамыған елдерде жалпы құбылысқа айналды.

    Біздің елімізде бөліп үлестіру методологиясына негізделген шаруашылық жүйесінен бас тарту экономиканы реттеу әдістерінің мазмұнын түбегейлі өзгертеді. Нарықты құру - жаңа экономикалық қатынастарға көшу, соның ішінде, халық шаруашылығың жоғарыдан төмен қарай немесе тікелей басқару құрылымынан бас тарту, оны көлденең құрылымдармен алмастыру дегенді білдіреді Нарық мемлекетпен және тауар өндіруші кәсіпорындармен реттеледі. Яғни, реттеу әдістерін оның реттеу субъектілеріне қарай, шартты түрде, мемлекеттік және мемлекеттік емес, ал нарықтың тепе-теңдікке әсер ету тәсілдеріне қарай-тікелей және жанама деп классификациялауға болады. Тікелей реттеу әдістері көбінесе экономикалық процестердің өзіне және оның шамасына әсер етумен байланысты. Олар әдетте белгілі бір адрестік сипатта болады және қайсыбір объектіге бағытталған. Нарықты тікелей реттеу әдістерінен төлем қабілеті бар жиынтық сұранымды құру, сонымен бірге халық шаруашылығын тұрақтандыру үшін пайдаланылатын орталықтандырылған тәсілдер жатады. Бұл жерде әңгіме .мемлекеттік атқаратын жалпы қызметі жөнінде болып отырған жоқ, текі қана нарықтың тиімді жұмыс жасауына мүмкіндік туғызатыны қолайлы әлеуметтік ахуалды қамтамасыз ету үшін қолданылатын мемлекеттік тәсілдер туралы болып отыр. Бұл негізінен, экономиканы шамадан тыс монополизациялауды шектейтін, бәсекелестіктен дамытатын, тұрғындардың төлем қабілеті бар жағдайларын қолдайтын әлеуметтік қорғау саясатын жүзеге асыратын шараларды қамтиды.

    Нарықты жанама реттеу әдістері негізінен адрессіз, бірақ барлық шаруашылық субъектілері үшін міндетті болып табылады. Олардың қызметі көбінесе экономикалық қаракеттің шарттары мен нәтижесіне әсер етумен байланысты. Тікелей жәке жанама әдістердің арасындағы айырмашылық, белгілі бір дәрежеде, шартты түрде ғана болады. Нақты өмірде олар бір-бірімен тығыз байланысты және әсер ету объектісі ретіндегі меншік типіне қарай жіктеліп әртүрлі тіркесте қолданылады. (1-ші суретті қара). 

    1-Сурет. Нарықты реттеу 

    

      ІІ.  Қазақстан Республикасы банк жүйесінің қызметін ұйымдастыру

    2.1 Банк жүйесінің қызметін бақылау мәселелері 

    Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызда қабылданған «ҚР Ұлттың банкі» және 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған «ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңдарын басшылыққа алады.

    Коммерциялық банктер банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді. Олар банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғалармен кең көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады.

    Қазіргі коммерциялық банктер жүйесі 1990 жылдың аяғынан бастап қалыптасты, яғни қазақстандың банктік жүйенің не-бары 13 жылдық тарихы бар. Коммерциялық банктердің соңғы сегіз жылдағы сандың құрамы 1-кестеде берілген.

    90-шы  жылдың, басында банктердің саны 200-ден асты, әрине бұл олардың  экстенсивті жағынан дамуын снпаттаса,  сол жылдың орта кезінен бастап, күні бүгінге дейін банктеріміздің саны біртіндеп азаюда, ал бұл құбылысты олардың қарқынды өсуімен байланыстыруға болады.

    ҚР екінші деңгейдегі банктері ҚР Ұлттық банктің берген лицензиясы негізінде қызмет етеді.

    Лицензияның өзіндік стандартты формасы бар және онда коммерциялық банктердің айналысатын қызмет түрі жазылады. Қазақстанда берілетін лицензияның дамыған шет елдерден айырмашылығы әмбебаптығы болып табылады.

    ҚР-дағы банк қызметінде мемлекеттік органдар банктердің мамандануын белгілемейді, мысалға, инвестициялық-ипотекалық қызметтерді жүзеге асырады және т.б. Қазақстандық банктер бағалы қағаздар нарығына да тікелей қатысуға толық құқылы.

    Банктік операцияларды жүзеге асыруға алатын лицензиядан басқа ҚР Ұлттық банктен валюталық операцияларды жүзеге асыруға бас лицензия алады. Бас валюталық лицензия оларға өз қылмысты жүзеге асыруы үшін қажетті саналатын банктер қатарымен корреспонденттік қатынастар орнатуға, сондай-ақ дамыған шет елдерде өз филиалдары мен өкілеттігін ашуға құқық береді.

    Сонымен қатар, Қазақстандық коммерциялық банктерге бағалы металдармен операцияларды жүзеге асыру үшін ҚР Ұлттық банкі лицензия береді.

    1995 жылдың 31 тамызында қабылданған «ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР-ның заңына сәйкес ҚР-да банкті ашу немесе оның қызметін ұйымдастыру мынадай үш кезеңнен тұрады:

    1)    Банк ашуға Ұлттық банктен рұқсат алу;

    2)    Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өту;

    3)     Банк операцияларын жүргізуге Ұлттық банктен лицензия алу.

    Аталған заңға сәйкес банкті заңды және жеке тұлға ашуға құқылы.

    Бірінші кезеңде, банк ашушы Ұлттық банкке банк ашу үшін рұқсат алуға өтініш береді және оған қоса темендегідей құжаттарды тапсырады:

    •  рұқсат алу үшін беретін өтініші;

    •  құрылтайшылың шарт (түпнұсқа);

    ■   банктің жарғысы (тұпнұсңа);

    ■   банк жарғысын қабылдау және банк орғанын сайлау тур-лы хаттама;

    ■  құрылтайшылар туралы мәліметтер (Ұлттық банктің белгілеген тізімі бойынша);

    ■ құрылтайшылардың  соңғы  екі  есептік   жылдағы бухгалтерлік балансы (заңды тұлғалар үшін);

    ■ құрылтайшылардың қаржылық жағдайлары туралы аудиторлың қорытынды;

    ■  егер бір немесе одан да көп құрылтайшылары ҚР-ның президенті болмаса, ондай жағдайда сол мемлскеттегі тиісті мемлекеттік немесе қадағалау органынан жазбаша келісімі;

    ■ егер банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банк ретінде қайта құрылса, онда оның жарғысы, құрылтайшылық шарты, соңғы есептік мерзімге жасалған бухгалтерлік балансы, ұйымның қаржылық жағдайы туралы аудиторлық қорытынды;

    ■ банктің жетекшілік қызметіне тағайындалатын тұлғалар туралы мәліметтер, оның ішінде банк төрағасы мен бас бухгалтерінің банк жүйесінде кемінде — үш жыл, ал олардың орынбасарларының кемінде екі жыл, банк филиалының бірінші жетекшісі мен бас бухгалтерінің кемінде — бір жылдың еңбек тәжірибесі болуы және т.с.с;

    ■ жаңадан құрылатын банктің толық ұйымдастырылу құрылымы (банктің өкілетті органымен бектілуі тиіс);

    ■ жаңадан құрылатын банктің ішкі аудит қызметі туралы ережесі (банктің өкілетті органымен бектілуі тиіс);

    ■ жаңадан құрылатын банктің несиелік комитеті туралы ережесі (банктің, өкілетті органымен бекітілуі тиіс);

    ■  жаңадан құрылатын банктің бизнес-жоспары, оның ішінде болу керек, оның ішінде банк қызметінің стратегиясы, бағыттары мен ауқымы, қаржылық болашағы (есеп айырысу балансы, бастапқы қаржылық (операциондық) үш жылға арналған пайда және зиян туралы есебі, маркетинг жоспары (банк клиенттерін қалыптастыру), еңбек ресурстарын қалыптастыру жоспары);

    ■  тапсырылған бизнес жоспарына сәйкес дайындық шарлары туралы құрылтайшылардың есебі;

    ■  нотариалды түрде куәландырылған, құрылтайшылардың атынан өтініш беруге құзыретінің барлығын растайтын құжатты;

    ■    басқа банктің жарғылық капиталына қатысуы туралы мәліметтері.

    Банк  ашу үшін рұқсат алуға берілген өтініш үш ай, әрі кеткенде алты ай мерзім ішінде Ұлттың банкте қаралады.

    Ұлттық банк банк ашуға рұқсат алуға берілген өтініштердің есебін жүргізеді.

    Екінші  кезенде жаңадан құралатын банк Ұлттық банк рұқсат берген күннен бастап, бір ай ішінде Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынады. Оған Ұлттық банктің банк ашуға берген рұқсатын және Ұлттық банктің келісімімен расталған құрылтайшылық құжаттарын тапсырады.

    Үшінші кезеңде банктік операцияларды жүзеге асыру үшін Ұлттық банктен лицензия алады. Лицензия алу үшін мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, бір жылға дейін мыналарды орындауға тиіс:

    —   ұйымдастырушылық – техникалық шараларды орындау, оның ішінде Ұлттық банктің нормативтік талаптарына сәйкес бөлмелерді және құрал-жабдықтарды дайындау, тиісті біліктілігі бар қызметкерлерді қабылдау;

    — жарияланган жарғылық капиталды төлеу.

    Лицензия  алуға берген өтінішпен бірге жоғарыда аталған талаптарды орындағандығын растайтын құжатты беруге тиіс. Өтінішті берген уақыттан бастап, бір ай ішінде Ұлттық банк қарайды. Лицензияның мерзімі шектелмейді және онда банктің жүргізетін барлық операциялар тізімі көрсетіледі.

Банк жуйеси