Банк жуйесінің құрылымы мен қызметіне талдау жасалған

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ......................................................................................................................3

 

ТАРАУ 1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ....................................................................................5

 

    1. Банк жүйесінің мәні, белгілері мен типтері....................................................5
    2. Қазақстандағы  банк жүйесінің қалыптасуы..............................................11

 

 

ТАРАУ 2.  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІН ТАЛДАУ МЕН БАҒАЛАУ..........................15

 

2.1 Коммерциялық банктердің депозиттік нарығын талдау..........................15

2.2 Банк секторындағы несиелік көрсеткіштерді талдау................................17

 

ТАРАУ 3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНДЕГІ БАНКТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ДАМУЫ...............................................................20

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................25

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................27

 

ҚОСЫМШАЛАР.....................................................................................................28

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Соңғы онжылдық біздің еліміз үшін «өзгерістер дәуірі» болды. Елімізде    көпукладты нарықтық экономиканы қалыптастыруға бағытталған толық    ауқымды реформалар жүзеге асырылады. Мұнда күшті де серпінді дамыған   банк секторын жасау маңызды рөл атқарады. Бұл кезең тарихта банк секторы ішіндегі бүкіл қарым – қатынас   жүйесін, яғни  Ұлттық банк тарапынан басқару және бақылау   саясатын   түбегейлі   өзгерткен   монобанктік   жүйеден   наріықтық    экономика    талаптарына   жауап   беретін    қазіргі   заманғы    жаңа  банк   секторына   көшу,  әмбебап    банктер   жүйесін    қалыптастыру    кезеңі   болды. Бірақ   мұның   барлығы    банкир     психологиясын    өзгертпейінше   жемісін   бермек   емес.

Қазақстан    Республикасы    осы   заманғы    әлеуметтік – экономикалық    даму    кезеңі   нарықтық    қатынаспен   сипатталады.  Бұл     қатынаста   жаңа   ақша – несие   жүйесі   қалыптасып, қаржы – несие    институтттарының    жаңа   түрлері   пайда   болып   жатыр, нарыққа   экономикаға   тән   жүйеге   сәйкес   банк  жүйесінің    құрылымы    өзгерді.

Еліміздегі  банктік   жүйесінің    халықаралық   банк   жүйесінің    жұмыс   істеу принциттеріне көшуі барысында  Қазақстан Республикасынындағы    өтпелі кезеңнің ерекшеліктерімен  әлемдік банктің технологиясын    ұштастыра   білудің     маңызы   өте    зор.

Дамыған банк жүйесін  құру кез келген   елдегі   түбегейлі   экономикалық   өзгерістердің  басты   шарты   болып   табылады. Қазақстан  нарықтық   экономикасы   бар   елдердегі    қаржы – кредит    институттарының    даму   үрдісін   және   қаржылық,  соның  ішінде   банктік   қатынастарды   құқықтық   тұрғыдан  реттеу тәжірибесін  басшылыққа   ала   отырып,  отандық   болмысқа    икемдеді. Мұның өзі  көптеген экономикалық және   әлеуметтік   өзгерістерден, мемлекеттің   өндірістік   әлеуетінің   артуынан   көрініс   тапты.

Қазақстан  Республикасы   Ұлттық   банкінің   экономиканың   нақты   секторына   әсері   банк   секторы   арқылы  жүзеге    асырылатындықтан,  ол   осындай   аса   маңызды   буын   болып   қала  береді.  Банк   қадағалауы   жөніндегі    Базель   комитеті   белгілеген    тиімді  банк   қадағалауының   түбегейлі   қағидаларының   негізінде   қадағалау    қызметінің    практикасына   банк   тәуекелдерін   реттеу   жөніндегі   әлемдік   банк   практикасындағы   жалпы   қабылданған   көзқарастарды   ұстану,   банк  есебінің,   бухгалтерлік   және   қаржылық   есептіліктің    халықаралық     стандарттарын    енгізу   және   т.б. жөніндегі жұмыстар   жалғасын   табуда.  Ал  бұл   қазақстандық    банктердің   әлемдік    деңгейде    көтерілуіне, біздің    елімізге  шет   елдік   әріптестер    тарапынан    көрсетілер    сенімнің    нығаюына    негіз болады.

Банктің  әр түрлі  меншік түріндегі шаруашылық жүргізуші  субъектінің  өзара қарым –  қатынасы  көп жағынан объектіге, несиелеудің әдісіне,  ссуданың  түріне,  қарыз алушының несиені     өтей   алатын   қабілетіне,   несие    берушінің тәуекелдік деңгейіне,  сондай – ақ    кассалық – есеп   айырысудың   қызметіне қарай ұйымдастырылады.

Қазақстан  банк  жүйесі жұмысының мәні,  мазмұны   және    қағидалары  баяндалған. Қазақстан   Республикасы   мен    халықаралық    ұйымдардың  банк   қызметін    реттейтін    нормативтік – құқықтық     құжаттары   пайдаланылған.

Курстық жұмыстың негізгі  мақсаты – банктік қызметін көрсетудің мәселелерін    кешенді әрі  құрылымдық  түрде ашу. Бұл банктің индустрия жүйесін  білудің   процесін біршама деңгейде оңайлатады. Курстың басқа экономикалық   пәндердің ең алдымен, банк мекемесінің мамандарын дайындау жүйесінде   базалық   курс   болып   табылатын   ақша,  несие   және  банк   теориясымен    тығыз   байланысты.

Курсты жұмыстың   міндеті – банк   жұмысын  ұйымдастыруда және    дамытуда     банк   мамандарына   аса  қажетті    теориялық    білім   беру    әрі   іс – тәжірибе    үйрену.

Бірінші тарауда  банк жүйесі туралы түсінік  ашылып,  сонымен  қатар    банк    жүйесінің  атқаратын   қызметі  мен   оның   мәні   туралы, белгілері  мен   типтері туралы жазылған. Банк жүйесінің қалыптасуы туралы   тұжырымдамалар   келтірілген.

Екінші тарауда нарықтық экономикадағы банк жүйесінің рөлі  қамтылған. Қазақстан Республикасының  қаржы нарығындағы депозит  нарығы және несие нарығына талдау жасалған.

Үшінші тарауда Қазақстан  Республикасындағы қазіргі банк жүйесінің  даму мәселелері туралы қарастырылған. Қазақстандағы банк жүйесінің   проблемасы мен қазіргі банк жүйесінің даму болашағы тұжырымдамалар   қарастырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТАРАУ 1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ

 

    1. Банк жүйесінің мәні, белгілері мен типтері

 

Банк жүйесі кредит жүйесінің  негізгі буыны, нарықтық экономиканың     маңызы құрамдас бөлігі болып табылады. Кредит және қаржы    операцияларының    негізі   болып    шоғырландырады. Кез келген жүйе барлық қажетті элементтерді қажетті  пропорцияда    жинақтауы    қажет. Бұл    жерде   олар    бірінен – бірі   өзара    әсер    етіп,  толықтырады   және   бір    жүйе    өзге,   неғұрлым    кең    жүйкнің    ішіне   кіреді.      Осыған    келіп,   бұл   принциптер     мен   талаптар    банк   жүйесіне     тікелей    қатысты    болып   шығады.  Мәселен,   кез  келген    елдің   банк     жүйесіне    банк   жүйесінің    элементтері    жеткілікті   мөлшерде     болады:  түрлі   типтегі   банктер,  банктік   емес    мекемелер,   банктік    құрылымдар,   банк   бірлестіктері    жне   т.б.         Құрамдас бөлік ретінде  банк  жүйесі үлкен жүйеге – елдің кредит    жүйесіне     кіреді.   Ал   кредит жүйесі – елдің     экономикалық    жүйесіне   кіреді.  Мұның   банктердің  қызметі мен дамуын қоғамның   қайталама     өндірісінің   процесімен    тығыз  бірлікте  қарастырудың  қажет екендігін    білдіреді.  Өзінің практикалық қызметінде банктер  мен банк  жүйесі бюджет – салық және басқа   да   жүйелермен    тығыз   бірлесе  отырып,  экономикалық   өмірді    реттеу   мен   басқарудың    ортақ   тетігіне   жымдаса  кірігеді.  Банк  жүйесін   өзге    жүйелерден  айрықшалайтын  белгілер   қандай? 1. Жоғарыда    атап   өтілгендей,  банк   жүйесінің    элементтері Орталық   банк   бастаған   белгілі   бір   бірлікке    бағына   отырып   өзара    әрекет   жасайды.  Онда   кездейсоқ элементтер  жоқ.       

Банк   жүйесі оның   құрамдас элементтері және  олар арасындағы   өзара   әрекеттер   арқылы    айқындалған    арнайы    қасиеттерге   ие. Онда  елдің   Орталық   банкі   белгілеген    қосымша  міндеттерді, тәртіптерді   орындайтын    тетік    жұмыс   істейді.      

Банк жүйесінің  элементтері  өзара  алмасуға   қабілетті. Оны  тұтастық   есебінде  қарастыруға  болады. Бұл оның жекелеген бөліктері  қажет   жағдайда  бір  - бірін алмастыра  аларлықтай  депозиттік операцияларын  коммерциялық    банктер орындай алады,  ауылдық жерлерде оларды пошта  -  жинақ жүйесіне    беруге  болады.  Бір  банк   банкротқа     ұшырағанмен   банк  жүйесі    орнында  қалады.    

Банк жүйесі динамикалық  жүйе және ұдайы, қозғалыс үстінде болып,  дамып  отырады. Ол    жаңа   элементтермен    жаңа   байланыстармен    толыға   алады.   Кредиттердің   және   қаржы  институттарының   жаңа   түрлері    пайда   болуда.      

Банк  жүйесі «жабық» жүйе ретінде көрінеді. Оның өзі тәртіптері,   ережелері, нұсқаулықтары мен ережелері   болады. Оларда  тек   осы   жүйеге   арналған   банк   құпиясы    деген   бар. Бірақ   оны толық    мәнінде   жабық   деп   айтуға   болмайды,   себебі   ол   сыртқы   ортамен,  өзге   жүйелермен   өзара   байланысқа   түседі.        

Банк  жүйесі   өзін  - өзі реттейтін, «өзін - өзі ұйымдастыратын »  қасиетке  ие. Жалпы  алғанда жүйе өзінің іс  -  әрекет   саясатын   құбылмалы    экономикалық,  әлеуметтік,   саяси   ахуалға    байланысты   өзгертіп   отырады. Экономикалық   дағдарыстар   кезеңінде   саясат   басқа   болады,  ал  экономика   тұрақты   дамыған   кезеңде   өзге    іс  -  қимыл   саясаты    қолданылады.           

Банк  жүйесі басқарылатын   жүйе болып   табылады.  Ол   арнайы   банк заңдарымен  реттеліп,  жұмыс істейді және  орталық атқарушы немесе   өкілетті    органдарға   бағынады. Бұл белгілердің барлығы Қазақстаннның банк  жүйесіне   де  тән Қазақстан Республикасындағы  банктер  және банк қызметі туралы   ҚР  Заңында   ( 3 – бап )  былай  деп   жазылған.       - Қазақстан Республикасы  (ҚР)  екі   деңгейлі    банк  жүйесіне   ие.  - Ұлттық   банк  мемлекеттің    орталық   банкі болып   табылады.  және    банк   жүйесінің    төменгі   (екінші) деңгейін  құрайды.   -  шет   елдік    қатысуы  бар   банк  -  екінші    деңгейдегі   банк, оның            акцияларының үштен  бірінен   астамы.      а) ҚР  резиденті    еместердің.        ә) ҚР  резиденті    еместердің   қаржысына   иелік    етушілер   ( сенімді       өкілдер   болып табылатын   заңды   тұлғалар  - ҚР   резиденттерінің        иелігінде,   меншігінде  және ( немесе ) басқаруында болады.   - Мемлекетаралық    банк  -  халықаралық    шарт  негізінде   құрылып,     жұмыс   істейтін   банк.         Банк жүйесіне сондай  - ақ банк  операцияларының   жекелеген  түрлерін   орындайтын   банктік емес мекемелер,  банк  инфрақұрылымын  түзетін   және   кредит   институтарының  өмір   сүруін   қамтамасыз   ететін    кейбір   қосымша   мекемелер   кіреді ( 1.1 – кесте ).      

«Қазақстан  Республикасының  Ұлттық банкі туралы» ҚР  Заңына  сәйкес    ҚР Ұлттық  банкі және оның аумақтық органдары банк жүйесінің жоғары  деңгейін білдіреді және елдің эмиссиялық, резервтік, есеп айырысу, кассалық   орталығы болып табылады. Сонымен қатар норма шығарушылық,  бақылаушылық   құқыққа   ие  соңғы   инстанциядағы   кредитор     рөлін   атқарады, ақша – кредит,  валюта   саясатын   белгілейді. Оның      қызметінің    басты    мақсаты   пайда  табу   емес,  ақша  - кредит   саясатын   өмірге   енгізу,  елдің     кредит  жүйесіне   басшылық   жасау.  

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, Орталық банкке мемлекеттің   кең өкілеттіктер  беруі   банк   жүйесінің екі   деңгейінің   тиімді   жұмысын    қамтамасыз  етуге мүмкіндік береді.     

Ұлттық банк мемлекеттік  биліктің атқарушы органдарынан     экономикалық және саяси тәуелсіздікке  ие. Оның қаржылық тәуелсіздігі     ұйымдастырушылық және қаржылық қырларында көрінеді. Ұлттық банктің    ұйымдастырушылық тәуелсіздігі оның  мемлекеттік бюджеттен жарғылық   капиталмен, мүлікпен қамтамасыз етілген және оларға  иелік ету, пайдалану    мен басқару өкілеттігін жүзеге асыратын дербес мемлекеттік  орган  болуынан   байқалады. Ұлттық банктің қаржылық тәуелсіздігі оның мемлекет   міндеттемелеріне, ал мемлекеттің оның міндеттемелеріне жауап бермеуінен   көрініс  табады.

ҚР Ұлттық  банкінің саяси тәуелсіздігінің  көрінісі ретінде Ұлттық банк   пен ҚР Үкіметі арасындағы формалды байланыстардың жоқтығын, кадр   мәселесіндегі тәуелсіздігін атауға болады. Заң бойынша ол тек  ҚР Президенті   мен Парламентіне ғана  есеп береді. Оның қызметіне республикалық және    жергілікті    атқарушы     органдар   араласа    алмайды.

Орындайтын     операциялардың     сипатына   қарай   банктер      әмбебап   және    мамандандырылған    болып   бөлінеді.  Әмбебап     банктер    банктік операциялардың    кең   ауқымын    орындайды: несие   беру,  депозиттік,  валюталық    және    инвестициялық    операциялар,   экономиканың    барлық    салаларында жеке   және   заңды   тұлғалармен    қолма – қол    ақшасыз   есеп   айырысуларды,   басқа   дәстүрлі    және   қазіргі   заманғы   операцияларды    жүргізу.  Қазақстанның    барлық   екінші    деңгейдегі    коммерциялық    банктері   әмбебап   болып   табылады.  Банктердің    әмбебаптық    мәртебесі    қызметтерді әртараптандыру     арқылы    тәуекелді    кемітіп,  клиенттерге   кешенді    қызмет    көрсетуді     қамтамасыз     етеді.   Жалпы    алғанда    Қазақстан   экономикасының    қазіргі      сұраныстарына   жауап    беріп,  банк   жүйесінің   дамуына     қолайлы     жағдайлар    туғызады.  

Халықаралық   банк   тәжірибесі    тарихы   банк   жүйесінің   бірнеше   түрін   біледі:            - орталықтандырылған   бөлуші  банк   жүйесі;      - нарықтық   банк  жүйесі;         - өтпелі   кезең   жүйесі.         Орталықтандырылған  бөлуші   банк   жүйесі    бұрынғы   КСРО  - да   және     социолистік   елдер   жүйесінде    болды.  КСРО – да   ол  бір    деңгейлі   болды  және   оның   басында  КСРО  Мемлекетттік   банкі    тұрды,  ал  банктік   емес   мекемелер   болмады  деуге    болады.  Мемлекеттік   банк  елдің     бірыңғай   эмиссиялық   және   кредиттік   институты   болды.  Онда   барлық    кредит   ресурстары   орталықтандырылып,  бөлініп   отыратын.    Бұған    қарама  - қарсы   нарықтық   банк   жүйесі   мемлекеттің  банктерге   қатысты   монополиясының    болуымен   сипатталады. Нарықтық    шаруашылықта   басқару   жүйесі     орталықсыздандырылған    банктердің    үлкен   шоғыры   жұмыс  істейді.  Олардың   арасында   эммисиялық    және   кредиттік   функциялар   бөлінеді. Коммерциялық   банктер   мемлекеттің   міндеттемелеріне     жауап  бермейді,   сондай  -  ақ   мемлекет  те  коммерциялық   банктердің   міндеттемелеріне   жауап   бермейді.   Өтпелі кезеңнің   банк  жүйесіне   Шығыс Еуропа   мен   посткеңестік    мекемелердің,  соның ішінде   Қазақстанның    қазіргі   заманғы    банк  жүйелеріне   жатқызамыз.  Оны   нарықтық   жүйе   деп   есептеуге   болады.  Дегенмен    оның   бойында    алдыңғы    банк   жүйесінің   « туабітті  меңдері » әлі   де   жойылған  жоқ,  ол   өтпелі   кезеңде,   даму   үстінде. Бұл жүйені    дамып келе  жатқан   банк   жүйесіне,  өнеркәсіптік    тұрғыда   дамыған    елдердің   банк   жүйесіне    болады.  Мұның   алғашқысында    банк   қызметінің    нормативтік  және   заңнамалық   базасы   ылғи  да   өзгеріп   отырады,  банктер   саны,  жалпы  банк   жүйесінің   құрылымы    ұдайы    өзгерісте    отырады,   банктер  саны,   жалпы  банк  жүйесінің     құрылымы   ұдайы   өзгерісте   болады. Мәселен,  Қазақстанда,   сондай  - ақ   Ресейде   де   банк  заңдары   соңғы 10 – 15   жылда   ең   кемі  2   рет    түбегейлі   өзгереді.  Оларға   үнемі   өзгертулер   мен   толықтырулар   енгізіліп отырады.  Банктер саны    он  және   одан   да   көп  есе   кеміп,  жаңа  банктер,  банктік  емес   мекемелер     бірде  пайда  болып,  бірде  банкротқа   ұшырап,  бір  -  біріне   қосылып   жатады   немесе    банктік  емес   мекемелерге  айнгалады.  Бір  сөзбен  айтқанда    өтпелі  кезеңнің   банк  жүйесі   әлі  қалыптасып   үлгермеген,  даму    сатысында.         Банк   жүйесінің    дамуы    елдегі   экономикалық    қатынастардың   дамуына   және   саяси   жағдайда   тәуелді   болады.       Банк    қызметі    қандай    мөлшерде    реттелетініне     байланысты   банк    ісін   ұйымдастырудың    екі   типі    ерекшеленеді:      - мамандандырылған    банк  ісі,   банктер мен банктік емес        мекемелердің    операциялары    арасында     қатаң    шегара    болады,       соңғыларға    заңдар     негізінде    тыйымдар    мен  шектеулер       қойылады;           - кредит    институттарының   барлық    түрлеріне   дерлік    қаржы -     кредит    қызметтерінің    алуан    түрлерін   жүргізуге    мүмкіндік       беретін   әмбебап   банк   ісі. 

Банк     нарығындағы      ахуалды      өзгертудің   шетел      банктерін     Қазақстан     нарығына    жіберу,   қаржы       жағдайы    мүшкіл      қазақстандық     банктерді   олардың     сатып    алуына   жағдай    жасау    болып   табылады.

Банк    жүйесінің   тұрақтылығын     қамтамасыз    ету    үшін   депозиттерді   ұжымдық    сақтандыры    қоры    құрылды. Екінші    деңгейдегі  барлық    депозиттік    банктер    оған   мүше    болып табылады.

Банк    реформасы     ауқымында    банктердің      бухгалтерлік    есептің   халықаралық  стандарттарына  көшуі  жөніндегі Орта  мерзімді    бағдарламасы  жасалды.  Қазақстан  Республикасының  банктерінде және  өзге   де   несие    мекемелеріндегі   бухгалтерлік   есеп   пен   епептілік   саласындағы   бірыңғай   әдістемелік    саясатты   қамтамасыз   ететін    банк    жүйесінің    бухгалтерлік   есебін     реформалау    аяқталды   деуге   болады.

Банк реформасы барысында  толығымен орындалады.  Қазіргі   таңда  34   банк қалды. Олардың  барлығы  халықаралық стандарттарға көшті және бұларда бухгалтерлік есеп пен  қаржы  есептілігі  халықаралық стандарттар бойынша   жүргізіледі. Екінші деңгейдегі банктерде бухгалтерлік есепті    автоматтандыруды жетілдіру жөніндегі жұмыс  жалғасын табуда.

Қазіргі таңда Қазақстанның барлық банктері, соның ішінде Ұлттық банк    қаржы есептілігінің халықаралық стандарттарына  сәйкес бухгалтерлік есеп    жүргізіп, қаржы  септілігін түзуде.

Қазақстан Республикасының  егемен мемлекет ретінде дамуы, оның    экономикалық қауіпсіздігі, мемлекеттік билік органдары мен жергілікті    мемлекеттік басқару органдарының, мемлекеттік кәсіпорындар мен   мекемелердің үзбей  және тиімді жұмыс істеуі елдің стратегиялық маңызы  бар   банк жүйесінің жай – күйі мен тұрақтылығына әрі орнықтылығын   қамтамасыз   етуі    мәселелеріне    тікелей   байланысты   болады.

Қазақстан   Республикасының   банк  жүйесі   екі     деңгейден   жоғарғы   және  төменгі    деңгейден   тұрады.

Қазақстан   Республикасы    банк    жүйесінің    жоғарғы ( бірінші )    деңгейі   егемен   Қазақстанның   орталық     банк    болып   табылатын    Қазақстан   Ұлттық   Банкінен   тұрады.

Мемлекеттің     монетарлық    билігінің    және   мемлекеттік   банктік    менеджменттің    басты    органы    Қазақстан   Ұлттық   Банкі  өз   құзыреті    шегінде   Қазақстан   Республикасының    экономикалық – қаржылық    мүддесін   тиісінше    қамтамасыз   етуге   ат   салысады.

Қоғам   мен   мемлекеттің    мүддесіне   сай   инвестициялық  – қаржылық    және    несиелік   құзыреті   бар   Қазақстанның   Даму   Банкі   өзінің   ерекше    құқықтық   мәртебесіне   орай    деңгей   аралық   мемлекеттік    банк    ретінде   көрініс    тапқан.

Қазақстан   Республикасы   банк   жүйесінің  төменгі ( екінші )    деңгейін:

1. мемлекетаралық   банктер;

2. Қазақстан   Республикасының    резидент   банктері ( заңды   

тұлғалары – коммерциялық   ұйымдары);

3. Қазақстан  Республикасындағы    резидент    емес   банктер;

4. шетелдік   қатысуы   бар    Қазақстан   Республикасының   резидент  банкі – аралық    капиталы    бар   банктер   құрайды;

Қазақстан   Республикасының    осындай    нарықтық    үлгідегі   банк    жүйесінің   құрылуы    және   оның    нормативтік   құқықтық    негіздерінің     айтарлықтай    қалыптасуы    елімізде   үзбей    жүргізіп    жатқан   экономикалық   және   құқықтық   реформаның   жемісті    нәтижесінде    жатады.

Қазақстан   Республикасы   банк   жүйесінің    нормативтік    құқықтық     негізін  құрайтын    банктік    заңнамалық   актілердің,  сондай – ақ    банк   секторына    қатысты    бар  өзге    де    заңнамалық   актілердің   нормаларының    өзара   генетикалық, функционалдық   және   құрылымдық     байланыстары    банктік   заңнаманың   банк    жүйесі     ауқымында    жүзеге     асырылатын    банктік қызмет   барысында    туындайтын     қоғамдық   банктік   қатынастарды     жан – жақты    реттей    алатынын   көрсетеді.

Банк    жүйесінде    жүргізілетін    әр   алуан   банктік  ( операциялық  ) қызметтің    ұйымдастырылу   ерекшелігі    және    ресурстық – ұйымдастыру     негізі    банк    жүйесінің     экономикалық,  сондай – ақ   заңнамалық    негізін   құру    процесінде   айқындалады.

Сонымен   Қазақстан   Республикасының    бүгінгі    банк    жүйесінің   сипаттамалық     белгілері     мынадай    көрініс   табады:

  1. Қазақстан   Республикасының   банк   жүйесі   күрделі   әлеуметтік     жүйе     тобына    жатады;
  2. Банк   жүйесінің    қоғам    мен    мемлекеттің   мүдделеріне   сай    жұмыс  істеуін   оның    нормативтік    құқықтық    базасын   құрайтын    банктік   заңнамалық   актілер    және    заңға   тәуелді     нормативтік   банктік   құқықтық    актілер,  сондай – ақ   халықаралық   банктік  келісімдер     мен   бданктік  стандарт   ережелері    қамтамасыз   етеді;
  3. Қазақстан   Республикасының    банк   жүйесі   мемлекеттік   банктік   менеджмент   ауқымында    жұмыс   істейді;
  4. Банк   жүйесі   Қазақстан  Республикасы     қаржы – несие   жүйесінің  аса   маңызды     бір    бөлігі   болып    саналады;
  5. Қазақстан   Республикасының   банк   жүйесі   екі   деңгейлі,  иерархиялы,  біртұтас    және   өзіндік    ұйымдастырылуға қабілетті    құрылым    болып   табылады;
  6. Банк    жүйесінің   жоғарғы ( бірінші )   деңгейіндегі   Қазақстан  Ұлттық   Банкі    белгілі    бір  дәреже – көлемде   тиісті   мемлекеттік   билік   органдарының    ықпалын    тәуелсіз,   несиелік – қаржылық    сипатты    айрықша    құқықтық    мәртебесі    бар   экономикалық    субъект – мемлекеттік   монетарлық    биліктің   басты   органы   болып   табылады;
  7. Қазақстан   Республикасының    банк   жүйесі,  оның   ұйымдастырылу    нысандары   мен   басқа  да   мән – жайлары   Қазақстан   Республикасы   Конститутциясымен,  ҚР   банктік    заңнамалық   актілерімен,   қатысты   бар  өзге   де   заңнамалық   актілермен,

сондай – ақ   Қазақстан   Ұлттық   Банкінің   заңға   тәуелді   нормативтік   құқықтық   актілермен    регламенттелінеді;

8.  Банк   жүйесі    мемлекеттің   экономикалық    саясатын   іске   асыруға     

айтарлықтай    септігін   тигізеді     және    дүниежүзілік   экономика   аясындағы    халықаралық    банк    жүйесімен   өзара   тиімді    қарым   қатынас    механизмін    құрады:

9.  Банк   жүйесі    мемлекеттік   меншікті   реформалауға,  баға        

     тұрақтылығын   және    ұлттық   валюта   тұрақтылығын      қамтамасыз

     етуге   септігін   тигізеді,  сондай – ақ   инфляцияны   төмендетуді

     нәтижелейді;

10.Банк   жүйесінің   жұмыс   істеуі   несиелік – қаржылық   қызметтер   

көрсетуді    тиісінше    ұйымдастыру    барысында   экономикалық,         салалық    және   жергілікті    мемлекеттік    басқару   органдарымен       тығыз    байланыс   арнасында    көрініс    табады;

11.Жоғарғы   және   төменгі  деңгейлі  банк   жүйесі  Қазақстан    Ұлттық   

Банкінен,  Қазақстанның   Даму   Банкінен, Қазақстан   Республикасының    тұрғын    үй    құрылысы   жинақ   банкінен, коммерциялық   банктерден,  мемлекетаралық  банктерден,  банктік   инфрақұрылымнан   және   банктік   рыноктан   тұрады.

Бүгінде     нарықтық   талаптарға   және   халықаралық   банктік  стандарт  

ережелеріне сай  жетілдірілген   Қазақстан   Республикасынын    банк   жүйесіндегі    барлық   банктер   бірыңғай    несиелік – қаржылық   механизм   ауқымында    өзара   іс - әрекеттері    мен   өздеріне   тиесілі   кәсіби    қызметін,  экономикалық – қаржылық    банктік   операцияларын    жүзеге    асыруда.

 

 

1.2 Қазақстандағы   банк   жүйесінің   қалыптасуы

 

Кеңес    үкіметі   тұсында    Қазақстан   одақтас    республикалардың  бірі    болғандықтан    оның   дербес    банк –  несие   жүйесі   болған   жоқ. Қазақстан  территориясында КСРО –ның    орталықтанған    банк –несие   жүйесінің    филиалдары   мен    бөлімшелері    қызмет    көрсетті. Сондықтан   Қазақстанда    банк    жүйесінің    қалыптасуы   мен   дамуы   қазан    төңкерісіне   дейінгі   патшалық   Ресейдегі    және   КСРО – ның   банк    жүйесінің   тарихымен    тығыз   байланысты.

Ресейдегі    банк  жүйесі   батыс   елдердің   банк   жүйесіне   қарағанда   әлқайда    кеш    қалыптаса    бастап,  өз   даму    жолында    бірнеше   кезеңдерден   өтті.  Алғашқы    банктер  XVIII  ғ. екінші   жартысында   мемлекеттік   ( қазыналық ) банк   түрінде   пайда болып, XIX ғ.  аяғы    және             XX ғ. басында   Ресейдің    банк   жүйесі   негізінде   мынадай    банк – несие   мекемелерінен   құрылды:

  • мемлекеттік   банк ( 1860ж.  құрылған );
  • қоғамдық    қалалық ( 252  банк )  және   жер  банктері;
  • көп   буынды   жеке   банктер: акционерлік   банктер  ( 49 филиалдары   бар  44  банк  ),өзара  несиелейтін   қоғамдар  ( 83 ), коммерциялық   банктер ( 32 ), несие – жинақтау    серіктестіктері   ( 729 ) және т.с.с.

Бұлардан  басқа   банктік   операциялардың   көпшілігін   жүргізіп,  сонымен   қатар   жоғары    қауіпті   операциялар   жүргізу   үшін   клиенттердің  қаражатын   тартумен   шұғылданатын   банктік   кеңселер,  сауда   үйлері,  айырбастау   дүкендері   болды.

1917   жылы    қазан     төңкерісінен   кейін    банк   ісін     ұйыдастыруды   мемлекет    монополиялы   түрде    өз    қолына    алып,   нәтижесінде   жеке   коммерциялық    банктер     мен   басқа   несие    мекемелері   Мемлекеттік  банкпен    біріктірілді.  Сонымен   қатар   Кеңес     үкіметінің     алғашқы   жылдарында     кооперативтік   жеке,   мемлекеттік – капиталистік,   шетел    капиталының    қатыуымен     мемлекеттік    және  басқа   банктер    құрыла   бастады. 1922   жылы   Тұтыну    кооперациясының   банктері   және    Өнеркәсіп   банкі   құрылды. 

1924   жылы    акционерлік    қоғам    үлгісіндегі   Сыртқы    сауда    банкі    құрылып,   оның   акционерлері    мемлекет, кооперативтік   және   қоғамдық    ұйымдар   болды.   Ол   КСРО – ның    Мемлекеттік    банкісінің    құрамында   болып,   сыртқы    сауда     операцияларын     және   халықаралық     есеп     айырысу   жұмыстарын    жүргізді. Сөйтіп   1925  жылы   КСРО –да   Мемлекеттік  банк,  Өнеркәсіп    банкі,   Сауда   банкі   және  Ауыл   шаруашылық   банкі     болды.    Сондай – ақ   Орталық   коммуналды    банкі

( Цекомбанк ), Кооперативтік    банк ( Всекобанк )   және   акционерлік,  салалық,  аймақтық   ( Қиыр    Шығыс,  Орта  Азия ) банктер    құрылды.  Ұзақ  тауарлы    өндірістің    дамуына    байланысты   өзара    несиелеу   қоғамдары     ауыл   шаруашылығын    несиелейтін     қоғамдар,   жинақ    кассалары,   несиелік    кооперативтер    пайда   болды.

1927  жылы    КСРО    Орталық    атқару     комитеті    мен    Халық     комиссариаты    Кеңесінің    « Несие    жүйесін     құру       принциптері   

туралы »   қаулысына    сәйкес    бүкіл    банк    жүйесін    тікелей    басқару   Мемлекеттік    банкке    тапсырылды. Сол    қаулыға     сай     маманданған    банктер   және    банктердің     проценттік    саясат     жүргізудегі     дербестік      құқығы      жойылды.   Банктер    қысқа     мерзімді   және    ұзақ   мерзімді     несие    түрлері     бойынша    да     ажыратылды.   1928  жылы   Өнеркәсіп    банкі    мен   Электробанкі   бірыңғай     өнеркәсіп   пен   Электр     шаруашылығын   ұзақ    мерзімді    несиелеу     Банкіне    біріктірілді.  Қысқа   мерзімді    несиені    басқа      шаруашылық    салаларының    бәріне    олардың    тоқсандық     жоспарларына     сай    Мемлекеттік    банк   беруі     тиіс   болды.  Жалпы   1927 – 1929    жылдары   банктердің    өзіне    тән     мемлзекеттік    жоспарлы    қаржыландырудың    түріне    айналды.

Банк жуйесінің құрылымы мен қызметіне талдау жасалған