Банк жүйесіндегі инвестициялық қызмет
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
А.БАЙТҰРСЫНОВ АТЫНДАҒЫ ҚОСТАНАЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Экономикалық теория кафедрасы
Тақырыбы: Банк жүйесіндегі инвестициялық қызмет
Қостанай 2008
2
Мазмұны
І. Кіріспе.......................
1. Инвестициялық жобаларды
іске асыру кезіндегі
1.1. Инвестициялық жобалардың
тиімділігінің көрсеткіштері...
2. Инвестициялық қорлар есебі. Инвестиция
анықтамасы....................
2.1. Бағалы қағаздар
нарығы........................
ІІ. Қорытынды.....................
ІІІ. Қолданылған
әдебиеттер....................
3
І. Кіріспе.
7 шілде 2004 ж. ҚР «Инвестициялық қорлар туралы» №576-11 заңына сәйкес инвестициялық үлестік жарна немесе акционерлік қоры (ИҚ) құрылған болатын.
Қазақстан Республикасында инвестициялық қордың екі түрі бар:
1) акционерлік инвестициялық қор (АИҚ);
2) үлестік жарна инвестициялық қоры (ҮЖИҚ): олар келесі формада болуы мүмкін: ашық, аралық немесе жабық.
Ашық ҮЖИҚ ҚР «Инвестициялық қорлар туралы» заңында белгіленген тәртіп пен шарт негізінде компания басқарушысынан оның үлестік жарна иесіне үлестік жарнасын сатып алуды талап ететін құқықты ұсынады. Осы инвестициялық қордың (ИҚ) ережесіне сай екі аптада бір рет, ал ҮЖИҚ аралығында – ұзартпай жылына бір рет сатып алу, ұсынылады. Жабық ҮЖИҚ оның үлес жарнасының иеленушісіне осы кордың үлес жарнасын иеленушісінен жалпы жиналысына қатыс құқығын табыс етеді. Сонымен қатар қордың қарастырылған ережесімен үлес жарнасы бойынша және шарт тәртібінде дивиденттерді алуды ұсынады.
Жабық түрдегі ҮЖИҚ үлес жарнасын иеленушіге өзіне жататын үлес жарнасын компания басқарушысынан сатып алулы талап етуге құқы жоқ.
ИҚ инвестициялық қызметі лицензиясының бар кезінде дербес АИҚ инвестицияларының немесе осы қордағы жарналық үлесті иеленушілердің немесе басқарушы компания қоры акционерлерінің табыс алуқ мақсатының жинақталуымен қорытындыланады.
Инвестициялық кіріс (табыс) – оларды инвестициялау нәтижесінде алынған ақша түріндегі ИҚ активтерінің өсімі.
1) Инвестициялық акционерлік қор (ИАҚ) ҚР «Инвестициялық қорлар туралы» белгіленген заңның талаптарына сәйкес жинақтау мен инвестициялаудың айрықша қызмет түрі болып табылатын акционерлік қоғам. Сонымен қатар, осы қоғам акционерлері енгізген оның инвестициялық декларациясын, ақшасын және оның акциясын, осындай инвестициялаудың алынған нәтижесінде төлеу.
АИҚ активтерін басқару лицензия бар болғанда дербес немесе басқарушы компанияның сенімгерлік басқару шартына және осы қордың инвестициялық декларациясына байланысты жүзеге асырылады.
4
АИҚ активвтерінің сақталуы мен есепке алынуын кастадион жүзеге асырады.
Компания басқарушысы, кастодиан мен тіркеуші өзара үлестес болмауы керек.
АИҚ акциялары тек қана ұлттық валютаның ақшасымен төленеді. Оларды орналастыру кезінде акциялардың жарым жартылай төлемдеріне жол берілмейді.
2) Үлестік жарна инвестициялық қоры (ҮЖИҚ).
Үлестік жарна инвестициялық қор заңды тұлға болып саналмайды, ол шексіз мерзімге құрылады. Үлестік инвестициялық жарна қорының меншік активтерінің үлесіне құқық беруді басқарушы компания шығаратын үлес жарнасымен куәландырылады.
Үлестік жарна – құжатталмаған формада шыққан атаулы эмиссиялық бағалы және үлестік инвестициялық жарна қорындағы оның меншік үлесін дәлелдейді. Оның жұмысы тоқтаған кезде, сонымен қатар үлестік инвестициялық жарна қорының меншіктігімен, басқа да құқыктарға байланысты және үлестік инвестициялық жарна қорының активтерін өткізуден (сату) түскен ақшаны алуға құқық береді.
Үлестік инвестициялық жарна қоры активтерінің ең аз мөлшері есептік айлық елу мың еселік көрсеткішінің құрайды.
Егер басқарушы компания акционерінің жалпы жиналысында жарғылық айрықша құзыретіне бұл мәселе қарауға жатқызылмаса, онда осы қорды басқарушы компания директорлар кеңесінің, үлестік инвестициялық жарна қорын құру туралы шешімі қабылданады.
Үлес жарнасын алғаш рет (бастапқы) кезеңдегі ҮЖИҚ орналасуы қор ережесінде барлық инвесторлар үшін белгіленген атаулы (номинал) бірыңғай құны бойынша орналастырылды.
ҮЖИҚ ережесінің мазмұны мына атаулардан тұрады: қордың, тіркеушінің, кастадионның, басқарушы компанияның мекен-жайы, міндеті мен құқы, инвестициялық декларация, үлес жарнасын сатып алу тәртібі мен активтерді орналастыру және т.б.
ҮЖИҚ қызметі жоғарыда аталған «Инвестициялық қор туралы» заңымен реттліп отырылады. [1;]
5
1. Инвестициялық жобаларды іске асыру кезіндегі техникалық-экономикалық есептердің сатылары мен түрлері.
Инвестициялық жоба – күрделі жұмсалымның экономикалық мақсатқа лайықтылынған, оның іске асыру көлемі мен мерзімін негіздеу, сондай-ақ инвестицияны іске қосуының тәжірибелік амалын (әрекетін) жазу (суреттеу).
Бір сөзбен айтқанда инвестиция – табыс немесе пайда табу үшін ақшалай қаражаттарды жұмсау.
Оңтайлылық (оңтайландыру) – оңтайын, яғни белгілі бір техникалық-экономикалық міндеттер шешімнің межелі критерийлер мен айқындалған шектеулерден ең жақсы нұсқасын табу процесі.
Инвестициялық жобалар келесі топтастыру белгілер негізінде ажыратылады:
1. жобалау объектінің деңгейі бойынша;
2. бағалау кезеңінің ұзақтығы;
3. жобаның нақтылығы (жуық немесе толық, жете);
4. серпінділік (динамикалық);
5. оңтайландыру критерийлері (пайымдау негізі).
Жобалау объектінің деңгейі жөнінде төрт деңгейде ажыратуға болады:
1-ші деңгей. Шаруашылық-технологиялық
кешен (тау-кен байыту
2-ші деңгей. Шаруашылық-технологиялық кешеннің құрылымдық элементі (шахта, карьер, байыту фабрика, қайта өңдеу цехы);
3-ші деңгей. Тау-кен кәсіпорынның құрылымдық элементі (аршу, шахтадағы ішкі көлігі, карьерлік көлік);
4-ші деңгей. Кен қызу жөніндегі технологиялық процестер мен операциялар (бұрғылау, арттыру, тиеу, тасымалдау, қоймалау).
Бағалау кезеңінің ұзақтығы мынадай:
а) болашақ -15-20 жыл;
б) үзақ уақытты (мерзімді) - 5 - 15 жыл;
в) ора мерзімді
г) ағымдағы
д) жедел
6
Оңтайлы міндеттер шешімін шығындардың әр түрлі уақытқа қатыстылығы, анықтаушы фактордың серпінділігіне, инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау мерзімімен байланысты мыналарға бөлуі мүмкін: серпінді және статикалық.
Статикалық міндеттер шешімім мына келесі шарттарға сай болуы қажет:
бағалау мерзімі бойында әр нұсқа жылдық және ағымдағы шығындар өзгеріссіз және азғантай өзгеруі (5-15 пайыз);
нұсқалар көлемдері мен өнім сапасы, бағалау және басқа да анықтаушы параметрлер бойынша салыстырмалы түрге келтірілуі.
Статикалық әдістерге тау-кен жабдықты, кен қазбаларды жүргізу тәсілін, желдету, құрғату және басқа да осыларға ұқсас міндет шешімдері салыстыру мен бағалау жатуы мүмкін.
Динамикалық есептер мына келесі белгілермен сипатталады:
Жұмыстардың жылдық көлемі мен шығындардың бірқалыптылықсыздығы;
Тауар өніміне жыл бойы бағалардың өзгеруімен;
Жұмыс көлемінің, пайдалы кен байлық сапасының, сондай-ақ бағалардың өзгеруінің салдарынан пайданың өзгеруімен;
Өндіру, кен – дайындау және ашу жұмыстарына шығындардың әр түрлі уақытта жұмсалуымен;
Күрделі шығындарды тек кәсіпорынды салу кезінде ғана емес, сондай-ақ тағы кен орнын пайдалану уақытында жұмсау керектігімен. Пайымдау негізін таңдау қойылған мәселенің міндет артуымен, яғни инвестициялық жоба алдына қойылған мақсатпен, бағалау кезеңінің ұзақтығымен байланысты.
Инвестициялық жобалардың 1-ші және 2-ші деңгейлеріндегі объектілерге экономикалық критерийлер ретінде пайдалылықты, табыстылықты, инвестициялардың тиімділігін және олардың мөлшерін сипаттайтын көрсеткіштер қабылдануы мүмкін.
Инвестициялық жобалардың 3-ші және 4-ші деңгейіндегі объектілеріне критерийлер ретінде шығындардың, өзіндік құнның ең аз мөлшерін және өтелімділік мерзімін азайту көрсеткіштерін пайдалану болады.
Бір орталықтан жоспарлау, жабдықтау және тегін қаржыландыру кезінде министрліктердің ірі кәсіпорындардың көбі күрделі жұмсалымның, материалдық-техникалық жабдықтаудың ең үлкен мөлшеріне тікелей өте
7
құштар болғанда, меншікті келтірілген шығындар деген көрсеткіш нағыз экономикалық тиімді нұсқаны анықтауға көп мүмкіндік туғызған жоқ.
Бірақ технологиялық жабдық түрін таңдау кезінде мына формуланы пайдалануға болады:
Мұнда - нұсқалар бойынша ағымадғы (өндірістік) шығындар, өнімнің өзіндік құны;
- нұсқалар бойынша күрделі жұмсалымдар мәні;
- проценттік ставка (мөлшерлеме), дисконт нормасы.
Қай жағдай болса да ағымдағы шығындарды (өндірістік шығындар) да өнімнің өзіндік құнын да күрделі жұмсалымды да инвестициялық жобаның бастапқы немесе аяқтау кезеңіне келтіруге болады.
Болашақтағы шығындарды, пайданы, кен орнының бағалығын бастапқы мезетке мына формуланы пайдаланып келтіруге болады
мұндағы - болашақ экономикалық көрсеткіштердің қазіргі уақытқа келтірілген мәні;
- болашақтағы экономикалық көрсеткіштердің мәні; r – дисконт мөлшерлемесі (ставкасы);
- дисконттау коэффициенті - шығындар мен нәтижелердің алыстығы.
Кез келген өткен
жылдардың шығындары мен нәтиже
Техникалық-экономикалық есептер мына келесі жұмыстарды құрады:
- Жоба жасау алдындағы зерттеу;
- Инвестициялық мүмкіндіктердің техникалық-экономикалық зерттеу;
- Инвестициялық жобалар немесе техникалық-экономикалық негіздеу, бизнес-жоспар;
- Экономикалық есептерді орындау және объекті жаңадан салу мен пайдалану кезінде түзетулер енгізу.
Техникалық-экономикалық есептердің қажеттілігі мен бағалауы басы артық (бос) қаражаттарды жұмсауының ең жақсы нұсқасын негіздеу мен таңдау кезінде керек немесе әр түрлі инвесторлардың шарттар жағдайлар нұсқаларын бағалау, құрылысты ұйымдастыру үшін несие алу, жабық сатып алу үшін керек. [10;]
8
Жоба жасау алдындағы зерттеулер мыналарды кірістіреді:
- кен орнын барлау және өндіруге арналған өтінімді негіздеу;
- жер бөліп беру жобаны негіздеу;
- болашақ жобаның қоршаған ортаға тигізетін әсеріне экономикалық баға беру.
- кен орнын қазу тәсілін, технологиясын, негізгі жабдықтар түрлерін таңдауын алдын ала негіздеу.
Инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздеу техникалық шешімдерге экономикалық бағалауды, маркетинглік зерттеуді, баға нарығын, инвестициялық мүмкіндіктерді (несие, оны өтеу мерзімі, проценттік мөлшерлеме) зерттеуді алдын ала қарастырады.
Экономикалық есептер
- инвестициялық;
- операциялық (өндірістік);
- қаржылық.
Сонан соң осы есептер негізінде әр нұсқаның коммерциялық тиімділігі де жете зерттелінеді, яғни ақша ағындары (Сash flow).
Жобаның кандай түрі болмасын және олардың техникалық, технологиялық, қаржылық, салалық және аумақтық ерекшеліктеріне қарамастан инвестициялық жобалар тиімділігін бағалау негізінде мына келесі принциптер жатыр:
- жобаның барлық өміршендік кезені бойы қарап талқылау;
- барлық ақша ағындарын үлгілеу;
- әр түрлі жобалар нұсқаларын салыстыру талаптарының салыстырымдылығы;
- оң нәтижелік пен барынша жоғары тиімділік принципі;
- уақыт факторын есепке алу;
- алдағы шығындар мен кірістерді ғана есепке алу;
- инвестиция жобалардың барлық аса маңызды салдарын есепке алу;
- жобаға әр түрлі қатысушылардың түгелін есепке алу;
- инвестициялық жобалардың тиімділігіне айналмалы капиталдың қажеттілігінің әсерін есепке алу;
- инфляцияның әсерін еске алу;
- сандық нысанда белгісіздік пен тәуекелдіктің әсерін есепке алу.
Инвестициялық жобаның тиімділігі есептік кезең бойында бағаланады, ол жоба басынан оның аяқталуына дейінгі уақыт аралығын қамтиды.
9
Жобаның басы жобалау-іздестіру жұмыстарына қаражат жұмсаған күнінен бастап анықталады.
Инвестициялық жоба, басқа да қаржы операция сияқты, табыс алумен және шығындар жасаумен байланысты болғандықпен ақша ағындарын (нақты ақша ағындарын) туғызады.
Ақша ағыны (СҒ) – ақша қаражатының түсуі мен жұмсалуы.
Әр қадамында ақша ағынының мәні сипатталынады:
- Түсімен - осы қадамдағы ақша түсуінің шамасымен;
- Жұмсалуымен (жылыстаумен) – осы қадамдағы төлемдерге тең;
- Сальдо (актив балансы, нәтиже) – түсім мен жұмсалу арасындағы айырма.
Ақша ағыны (СҒ) әдетте кәсіпорынның әр түрлі қызметтер ақша қаражатының қозғалысынан тұрады:
- инвестициялық қызметтен ақша ағыны
- операциялық қызметтен ақша ағыны
- қаржы қызметтен ақша ағыны
Операциялық қызмет – кәсіпорынның, ұйымның табыс табу жөніндегі негізгі қызметі мен инвестициялық және қаржы қызметіне қатысты жоқ өзге де қызмет.
Инвестициялық қызмет ұзақ мерзімді активтер мен қаржы инвестицияларын сатып алу және сату.
Қаржы қызметі – меншікті капитал мен қарыз қаражаттарының мөлшері мен құрамындагы өзгеріс нәтижесі болып табылатын кәсіпорын қызметі.
Әр заңды тұлға ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беруге тиіс. Онда мынадай ақпарат берілуі тиіс:
- ағымдағы есеп беру кезеңіндегі түсетін және талап етіп алынатын ақша қаражаттар туралы:
- есеп беру кезеңі бойынша кәсіпорыннның операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтер туралы.
Операциялық қызметке байланысты ақша қаражаттарының қозғалысыс тікелей немесе жанама әдістер арқылы анықталады.
Тікелей әдіс - ақша қаражаттарының негізгі түрлерінің түсуі мен төленуін анықтайтын әдіс. Бұл әдіс әрбір ақша операциялары мен анықтамаларын қай қызметке жататынын зерделеуге негізделген.
Тікелей әдісті қолданған жағдайдағы операциялық қызметтің нәтижесінде туындайтын ақша қаражатының ағынына жатады:
10
- түсімдеріне - өнімдерді өткізуден алынған түсім; тауарлы-материалдық қорларды жеткізуден және қызмет көрсетуден түскен аванстар; түрлі сипатта
сыйақы төленген дивиденттер мен роялтилердің проценттері; басқа да және өткізуден тыс табыстар, басқа түсімдер:
- жұмсалуына жатады - өндірістік шығындары; тауарлы-материалдық қорларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға және көрсетілген қызметтерге берілген аванстар; материалдар мен тауарлар үшін жеткізушілер мен мердігерлерге төлемдер; жалақы бойынша төлемдер мен басқа да төлемдер; бюджетпен, әлеуметтік сақтандыру органдарымен, бюджеттің тыс қорлармен есеп айырысу; проценттерді төлеу; басқа да төлемдер.
Инвестициялық қызмет – ұзақ мерзімді активтерді сатып алу мен сату, өтелген несиелерді беру мен алу болып табылады.
Инвестициялық қызметтер бухгалтерлік баланстың ұзақ мерзімді активтерді қосатын бөлімінде бейнеленеді. Оған тағы да бухгалтерлік баланстың ағымдағы активтер деген бөлімінде бейнеленетін қаржылық инвестицияларға әсер ететін операциялар жатады. Инвестициялық қызметтер акцияларды және негізгі құралдар мен басқаларды сатудан түскен табыстар мен шығындар қаржы -шаруашылық қызметтердің нәтижелері туралы есепке бейнеленіп табылады.
Қаржылық қызметтерден түскен ақша ағынының түсіміне мыналар жатады:
- меншікті капитал жұмсаудан;
- сырттан тартылған
- акцияларды және басқа да құнды қағаздарды шығарудан;
- банктен ұзақ және қысқа мерзімді несиелерді алу.
Қаржылық қызметтің ақша қаражаттарының жұмсалуына мыналар жатады:
- банктік кредитті өтеу;
- меншікті акцияларды сатып алу;
- дивиденттерді төлеу;
- басқа төлемдер.
Ақша ағынымен қатар инвестициялық жобаларды балағанда корланған акша ағыны пайдаланылады, оны сипаттайды:
- қорланған түсім;
- қорланған жұмсалу (жылыстау) және қорланған сальдо (қорланған тиімділік).
Олар есептік кезеңінің әр қадамында берілген және барлық өткен қадамдарда сәйкес ақша ағындарының қосындысы болып табылады. [10;]
11
1.1. Инвестициялық жобалардың тиімділігінің көрсеткіштері
Ашық экономикалық жүйеміз дамығалы байланысты инвестиция түсігіне талдаулар жасай отырып, оған негізгі күрделі қаржы қорларын жатқызылуға болады.
1994 жылы № 27 желтоқсан № 266 толықтырулар мен өзгертулер енгізілген Қазақстан Республиканың Заңына сәйкес инвестицияларға келесі анықтама беріледі: «Инвестициялар дегеніміз кәсіпкерлік қызмет объектілеріне салынатын барлық мүліктік және интеллектуалдық құндылықтар түрлері, оның ішінде:
- жылжымалы және жылжымайтын мүлік және мүліктік құқық, ұстап қалу құқығы және өңдеусіз өткізімге арналған және импортталатын тауардан басқа;
- Акциялар және коммерциялық ұйымдарға қатысудың басқа түрлері;
- Облигациялар және басқа
- Инвестициямен байланысты
- Интеллектуалдық қызмет жұмысының нәтижелеріне құкық, оның ішінде авторлық құқық, патент, тауарлық белгі, кәсіпорын үлгілері, технологиялық процестер, ноу-хау, нормативті-техникалық, архитекторлық, конструкторлық және технологиялық жоба құжаттары;
Инвестициялық процестің құрылымын қарастырғанда, біз ең алдымен инвестициялык процесстің түсінігін білуміз қажет.
Инвестициялық процесс – бұл ақшаны ұсынатын және ақшаға сұранысы барларды қосатын механизм. Көбінесе екі жақ қаржы нарықтарында немесе қаржы институттарында кездеседі. Кейде, мысалға мүліктік құндылықтарға байланысты мәмілерлерде сатушылар мен сатып алушылар келісімді тікелей жүзеге асыра алады.
Қаржы институттары – бұл мысалға банктер, қарыз жинақтау ұйымдары сияқты ұйымдар – олар көбінесе салымдарды жинап, оны ақшалай түрде несие немесе басқадай түрлерде беріп, мүмкін болатын инвесторлар мен оны тұтынушылар арасындағы делдалды болады.
Қаржы нарығы – қаржы ресурстарын ұсынушылар мен оны қажет ететіндерді түйістіретін механизм болып, оны қор биржалары сияқты делдардар көмегімен келісімдер жасалады. Қаржы нарығының бірнеше түрі
12
бар: акциялар нарығы, облигациялар нарығы, опциондар нарығы және т.б.
Инвестициялық қызметіне тоқталатын болсақ бұл - өндірістік ұстаным тұрғысынан мелекеттік реттеу күрделі қаржы салымы түрінде жүзеге асырылып, Қазақстан Республиканың мемлекеттік органдарымен іске асырылады. Нақтырақ айтқанда бұл ғимараттар мен құрылыстар салғандағы құрылыс-монтаж жұмыстары, машиналар мен жабдықтарды монтаждау, сатып алу; жобалау-ізденіс жұмыстары; салынып жатқан. Кәсіпорын дирекциясын ұстап отыру; кадрларды даярлау және қайта даярлау; жер учаскелерін бөліп беру және құрылысқа байланысты көшу шығындар және т.б. жатқызуға болады.
Капитал құрушы инвестициялардың құрылымында негізгі орынды оның құрамына жаңа құрылысы, реконструкция, жұмыс істеп жатқан өндірісті, ауылшаруашылық, көліктік, сауда және басқа кәсіпорындарды техникамен қайта жарақтау, кеңейту, реконструкциялау, жаңа құрылысқа шығын, тұрғын үй және мәдени-тұрмыстық құрылыстар жатады.
Инвестициялық жоба – күрделі жұмсалымның экономикалық мақсатқа лайықтылынған, оның іске асрыу көлемі мен мерзімін негіздеу, сондай-ақ инвестицияны іске қосуының тәжірибелік амалын жазу.
Инвестициялық жобалардың тиімділігін есептеу үшін пайдаланылатын негізгі көрсеткіштер:
1) Таза табыс – қорланған нәтиже деп аталады және келесі формуламен есептелінеді:
мұндагы - қорланған нәтиже;
t-1,2, n-уақыт, мезгіл (жыл).
2) Келтірілген таза құн – есептік кезеңде дисконтталған қорланған нәтиже және келесі формула бойынша есептеленеді:
3) Пайданың ішкі нормасы
ағымдағы таза құнды нөлге теңестіретін
дисконттық нормасы.
Келесі формула:
мұндағы: - пайданың ішкі нормасына тең дисконттың мөлшерлемесі.
13
Пайданың ішкі нормасы егерде келтірілген таза құн кейбір берілген дисконт ставкасының мәнінде осы жоба тиімді екен бе деген сұраққа жауап бере алмайтын жағдайда есептеленеді. Егер онда жоба тиімді. Осы кезде
Пайданың ішкі нормасы жылдық ақша ағыны негізінде келесі формуламен анықталады:
Мұндағы ПІН – пайданың ішкі нормасы;
КТҚ – келтірілген (ағымдағы) таза құн – ақша құнының уақыт және дисконт ставкасына қарай өзгертіліп түзетілетін, қолма-қол ақша ағынына орай есептелген, салынған инвестициялардын қайтарым құнының есептік көрсеткіші;
-ның ең төменгі оң мәнге тең болатын дисконт ставкасы (проценттік ставка);
- -ның ең төменгі теріс мәнге тең болатын дисконт ставкасы.
Қосымша қаржыландыру керектігінің мәні инвестиция жобаның сырттан қаржыландыруының ең төмен дисконтталған көлемін көрсетеді.
Табыстылық, пайдалылық индексі – күрделі пайдалылықтың индексі. Табыстылық индексі инвестициялық жобаларға жұмсалған ақшалай қаражаттардың салыстырмалы «жобаның қайтарымын» сипаттайды.
Күрделі қаржы салымдарының біркелкі ағымдары кезінде табыстылық индексі былай анықталады:
Күрделі жұмсалымдар мөлшері бағаланатын кезенде әртүрлі болса, онда табыстылық индексі мына формуламен есептелінеді;
б) Өтелімділік мерзімі инвестиция жобаны жүзеге асыру басынан интегралдық экономикалық нәтиже оң мәнге келгенді көрсететін ең аз уақыт аралығы болып саналады.
Инвестициялық жобаның басталуынан өтелімділік мезетке дейінгі уақыт дисконттауды есепке алғандағы өтелімділік мерзімі деп аталады. [4;]
14
2. Инвестициялық қорлар есебі. Инвестиция анықтамасы.
Инвестициялық қорлар (ИҚ) – жеке және ұжымдық тұлғалар ақша қаражаттарын немесе активтерін басқару үшін кәсіпқой инвестициялық менеджерлерге беруге мүмкіндік беретін механизм. Мыңдаған инвесторлардың инвестициялық қорларға салған салымдары бір портфель ретінде басқарылып, әр инвестордың инвестициялық қорларға қосқан инвестициясына пропорционалды үлестері болады. Бұл келесідей артықшылықтар береді:
- Кәсіби басқару – акцияларды таңдау процедурасы мен қор нарығындағы жұмысқа ұсақ жеке инвесторлардың не білімі, не уақыты жетісе бермейді, бірақ олар акциялар мен облигацияларға салынған қаражаттан артықшылық алғылары келеді;
- Диверсификация – портфельді басқаруда диверсификация қауіптілікті төментеді, бірақ ұсақ инвесторлар операцияны өткізудің шығыны көп болуына байланысты және өз акция санымен бұған экономикалық жолмен қол жеткізе алмайды;
- Шығындарды төмендету – көп санды ұсақ инвестицияны бір үлкен портфель ретінде басқарғанда операциялардың ауқымының азаю есебінен үнемге жетуге болады, осыдан ұсақ инвесторлар басқару төлемінің аздығынан тиімділікке қол жеткізулеріне болады;
- Сенімділік – барлық елдерде іс жүзінде инвестициялық қорлар ұсақ инвесторлардың мүдделерін қорғауға бағытталған заңмен реттеудің объектісі болып табылғандықтан, инвестор өз қаражаттарының дұрыс деңгейде басқарылып, айтарлықтай дәрежеде қорғалатынына сенімді болуы керек.

- Банк жүйесінің даму тарихы
- Банк жүйесінің дамуының теориялық негізі
- Банк жүйесінің дамуының теориялық негізі
- Банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы
- Банк жүйесінің қалыптасуының теориялық ерекшеліктері
- Банк жүйесінің қызмет ету ерекшеліктері
- Банк жүйесінің мәні мен мазмұны
- Банк жүйесі
- Банк жүйесі
- Банк жүйесі
- Банк жүйесі
- Банк жүйесі және даму эволюциясы
- Банк жүйесі және даму эволюциясы
- Банк жүйесі: қалыптасуы және эволюциясы