Банк жүйесінің мәні мен мазмұны

Кіріспе

 

 

Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланыста болады.Банктердің және тауарлы- ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болар. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналысына тікелей ықпал етеді.Банктік жүйенің құрылымы: Орталық банк, банктік емес несиелік институттар, коммерциялық банктер, арнайы ұйымдар(банктік операцияларды жүргізбейтін, бірақ банктің қалыпты қызмет атқаруын қамтамасыз ететін ұйымдар: банктердің аудиті жөніндегі, банктердің рейтінгін анықтайтын, сондай-ақ банктерді материалдармен, ақпаратпен қамтамасыз ететін ұйымдар). «Қазақстан Республикасының банк жүйесі» тақырыбындағы курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстандағы банк жүйесінің даму ерекшелігін анықтау, банк жүйесінің негізгі мәселелерін зерттеу арқылы оларды шешу жолдарын ұсыну.Курстық жұмыстың мақсаты: нарықтың экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі банктік жүйе туралы дұрыс түсінік қалыптастырып, хабардар ету;

Курстық жұмыстың міндеттері:

- банк жүйесіне теориялық тұрғыдан сипаттама беру;

- банктің экономикадағы роліне тоқталу;

- Қазақстандағы банк жүйесін талдау;

- Қазақстанның банк жүйесінің дамуындағы мәселелерді анықтау.

Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде банк жүйесінің мәні мен мазмұны, банк жүйесінің даму тарихы, екінші бөлімде ҚР-ның банк жүйесінің ерекшелігіне жан-жақты талдау жасалады, ал, үшінші бөлімде банк жүйесін дамытудағы мәселелер мен даму перспективалары қарастырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Банк жүйесінің мәні мен мазмұны

 

 

1.1 Банктің пайда болуы , қалыптасу тарихы мен дамуы.

 

Банктер немесе сондай-ақ институттар  өте ертеректе пайда болған. Египетте  банктік операциялар біздің эрамыздан  бұрын 2700 жылы жүзеге асырылған.

Банктердің бастапқы қызметі  төлемдегі делдалдық болған. Осындай  делдалдың нәтижесінде банктер  бос ақша капиталын пайыз әкелетін қызмет етуші капиталдарға айналдырады. Қазіргі түсініктегі алғашқы банк Италияда 1407 ж. Генуеде пайда болған. ХІІ ғасырда Италияда алғашқы вексель пайда болды.

Банк (италянша bankо — үстел) — ақша қаржылары мен қорларын жинақтау, кредит беру, мемлекеттер, кәсіпорындар (фирмалар), мекемелер және жеке адамдар арасындағы өзара төлемдер мен ақшалай есеп айырысуда делдалдықты жүзеге асыру, ақшаның белгілі бір түрін айналымға қосу, ақша мен құнды қағаздар шығару, алтынмен, шетелдік валютамен түрлі операциялар жасау және басқа да қызметтер атқаратын қаржы мекемесі.

Банк ісі - қарыз капиталын жинақтаумен  және оны бөлумен шұғылданатын  кәсіпкерліктің ерекше түрі. Қазіргі кезде банктер көптеген операциялар жүргізеді. Олар ақша айналымы мен несие қатынастарын ұйымдастырумен ғана шұғылданып қоймай, сонымен қатар банктер арқылы халық шаруашылығын қаржыландыру, сақтандыру операциялары, бағалы қағаздарды сатып алу-сату, ал кейбір жағдайларда делдалдық келісімдер және мүлікті басқару операциялары жүргізіледі.

Осы айтылған жағдайларды қорыта  келе банктің атқаратын қызметтерін  негізінен төмендегідей топтастыруға  болады.

- Уақытша бос ақша қаражатын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру.

- Кәсіпорындарға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы - қағаздармен операция жүргізу.

- Ақша айналымын реттеу. Банк - әртүрлі шаруашылық субъектілерінің төлем айналымы жүретін орталық. Банк өзінің есеп айырысу жүйесі арқылы клиенттеріне айырбас, капитал және ақша айналымын жүргізуге мүмкіндік туғызады.

- Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентін тек жинаған уақытша бос ақша қаражатымен несиелеп қоймай, сонымен қатар депозиттік чектерді, вексельдерді шығарумен де несиелейді.

- Экономикалық және қаржылық кеңес беру.

- Орындайтын айрықша қызметтеріне байланысты банктер: эмиссиялық және эмиссиялық емес болып екіге бөлінеді.

Эмиссиялық банк – ол айналысқа ақша белгілерін эмиссиялауға (шығаруға) құқы бар, әдетте, орталық банк. Әр мемлекеттерде орталық банк әр

түрлі аталады. Мысалы, бұрынғы  КСРО-да ол мемлекеттік деп, ал  қазіргі Қазақстанда – Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі деп аталады. Мемлекеттің Орталық банкінің негізгі мақсаты – айналысқа ақша бірлігін шығару, банктерге ерекше тауар – ақша белгісін сату және банк жүйесінің несие-есеп, эмиссиялық жұмысын басқару. Ол – елдің екі деңгейлі банк жүйесінің - жоғары деңгейіндегі банк.

Мемлекеттердің басқа банктердің  барлығын да ақша белгілерін  шығаруға құқы жоқ эмиссиялық емес банктер. Олар коммерциялық, инвестициялық, инновациялық, ипотекалық және т.с.с. банктер. Коммерциялық банктер клиенттерге көрсететін қызмет түрлерін үнемі ұлғайтып тұратын әмбебап үлгідегі банк. Ал басқа банктер бір-екі қызмет түріне маманданған банктер.

Инвестициялық және инновациялық  банктердің екі түрі де ұзақ  уақытқа ақша қаражатын шоғырландырумен  маманданады, яғни олар облигация, акция және басқа бағалы қағаздар  шығару арқылы ақша тартып, кейін  ұзақ мерзімге қарызға береді. Инвестициялық банктер кәсіпкерлерге қарыз берсе, ал инновациялық банктер технологиялық жаңалықтарды өңдеуді және оны игеруді несиелейді.

Ипотекалық банктер – жерді және жылжымайтын мүліктерді кепілдікке алып, ұзақ мерзімге несие береді. Олар ипотекалық облигация, акция және басқа бағалы қағаздарды сату арқылы ақша жинақтайды.

Кеңес үкіметі тұсында Қазақстан  одақтас республикалардың бірі  болғандықтан оның дербес банк-несие жүйесі болған жоқ. Қазақстан территориясында КСРО-ның орталықтанған банк-несие жүйесінің филиалдары мен бөлімшелері қызмет көрсетті. Сондықтан Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы қазан төңкерісіне дейінгі патшалық Ресейдің және КСРО-ның банк жүйесінің тарихымен тығыз байланысты.

Ресейдің банк жүйесі батыс  елдердің банк жүйесіне қарағанда  әлдеқайда кеш қалыптаса бастады, өз дамуы жолында бірнеше кезеңдерден өтті. Алғашқы банктер XVІІІ ғ. екінші жартысында мемлекеттік банк түрінде пайда болып, XІX ғ. аяғы және XX ғ. басында Ресейдің банк жүйесі негізінен мынадай банк-несие мекемелерінен құрылды:

  • Мемлекеттік банк (1860 ж. құрылған);
  • Қоғамдық қалалық (252 банк) және жер банктері;
  • Көп буынды жеке банктер: акционерлік банктер (49 филиалдары бар 44 банк), өзара несиелейтін қоғамдар (83), коммерциялық банктер (32), несие-жинақтау серіптестіктері (729) және т.с.с.

Бұлардан басқа банктік операциялардың  көпшілігін жүргізіп, сонымен қатар  жоғары қауіпті операциялар жүргізу  үшін клиенттердің қаражатын  тартумен шұғылданатын банктік  кеңселер, сауда үйлері, айырбастау  дүкендері болды.

1917 ж. қазан төңкерісінен кейін банк ісін ұйымдастыруды мемлекет монополиялы түрде өз қолына алып, нәтижесінде жеке коммерциялық банктер мен басқа несие мекемелері Мемлекеттік банкпен біріктірілді. Сонымен қатар Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында кооперативтік, жеке, мемлекеттік-капиталистік, шетел капиталының қатысуымен мемлекеттік және басқа банктер құрыла бастады. 1922 ж. Тұтыну кооперациясының банктері және Өнеркәсіп банктері құрылды.

1924 ж. акционерлік қоғам үлгісіндегі  Сыртқы сауда банкі құрылып, оның  акционерлері мемлекет, кооперативтік және қоғамдық ұйымдар болды. Ол КСРО-ның Мемлекеттік банкісінің құрамында болып, сыртқы сауда операцияларын және халықаралық есеп айырысу жұмыстарын жүргізді. Сөйтіп 1925 ж. КСРО-да Мемлекеттік банк, Өнеркәсіп банкі, Сауда банкі және Ауыл шаруашылық банкі болды. Сондай-ақ орталық коммуналды банкі (Цекомбанк), Кооперативтік банк (Всекобанк) және акционерлік, салалық, аймақтық (Қиыр Шығыс, Орта Азия) банктер құрылды. Ұсақ тауарлы өндірістің дамуына байланысты өзара несиелеу қоғамдары, ауыл шаруашылығын несиелейтін қоғамдар, жинақ кассалары, несиелік кооперативтер пайда болды.

1927 ж. КСРО Орталық атқару комитеті  мен Халық комиссариаты Кеңесінің «Несие жүйесін құру принцптері туралы» қаулысына сәйкес бүкіл банк жүйесін тікелей басқару Мемлекеттік банкке тапсырылды. Сол қаулыға сай маманданған банктер және банктердің проценттік саясат жүргізудегі дербестік құқы жойылды. Банктер қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несие түрлері бойынша да ажыратылады. 1928 ж. Өнеркәсіп банкі мен Электро банкі бірыңғай өнеркәсіп пен Электр шаруашылығын ұзақ мерзімді несиелеу Банкіне біріктірілді. Қысқа мерзімдік несиені басқа шаруашылық салалардың бәріне олардың тоқсандық жоспарларына сай Мемлекеттік банк беру тиіс болды. Жалпы 1927-1929 жж. банктердің өзіне тән ерекше қызметі – банктік несие беру жойылып, несие мемлекеттік жоспарлы қаржыландырудың түріне айналды.

 

 

1.2   Банк жүйесінің  даму тарихы

 

Банктер несие жүйесiнiң негiзгi буыны. Себебi банк мемлекет пен кәсiпорындардың, Акционерлiк Қоғамның және шаруашылық субъектiлердiң халықтың бос ақшасын шоғырландырып iс жүзiндегi капиталға айналдырады. Осы айтып өткен бағытына байланысты банк төлем есептеу, несие беру, сақтандыру және т.б. операцияны жүргiзедi.

Банктер несиелік операциялар жүргізумен қатар, салым иелеріне біртіндеп есеп айырысу қызметін де көрсетті. Есеп айырысулар банктегі салым иелерінің бір шотынан басқа бір шотқа аудару арқылы жүргізіледі.

Есеп айырысуларды жеңілдету мақсатында ежелгі банктер өздерінің банктік билеттерін шығарды. Олар толық құнды ақшалармен қатар айналыста жүрді. Алғашқы акционерлік банк Ағылшын банкі 1964 жылы құрылып, үкіметтен банкнота шығаруға құқық алды.

Мұның өзі алғашқы банктердің капитализмнің мануфактура жағдайында, банкирлер үйлері ретінде пайда болғанын куәландырады. Мұндағы несие беруші мен қарыз алушылардың болуы банктердің пайда болуының тек алғышарттарын ғана сипаттайды.

Анықтамалық басылымдарда банк «ірі несиелік мекеме» ретінде сипатталады. Несиелік істің даму денгейіне байланысты және несие берушілердің несиелік операциялары бір жүйеге айналдыру нәтижесінде жеке несие беруші өзінің несие беуін тоқтатады. Несие теке қана тұтыну мақсатына ғана берілмей, шаруашылық операциялардың қажеттілігін де қанағаттандыра бастайды. Несиелік мәмілелер жасаумен бірге несие беруші өзінің клиентінің тапсырмалары бойынша есеп айырысу және басқа да операцияларды жүзеге асырады. Сөйтіп, банктер ақша шаруашылығының осы даму сатысына өте отырып, барлық операцияларды бірдей көрсететін біртұтас орталыққа айналды. Демек, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура сатысынан да бұрын яғни мемлекеттің құрылу кезеңінде пайда болған дегенге негіз бар. Мұндай қатынастардың құл иеленушілік қоғамында болғандықтан тарих куә.

Ежелгі Римде нормалары болған, ол нормаларға сәйкес б.э.д. III ғ. айырбас ісіне мамандандырылған Римдік банкирлерде кумулияр деп атады. Оларға несиелік операцияларды жүргізуге рұқсат етілмеген. Тарихшылардың айтуынша, Ежелгі Вавилон банктері тек қана несие беріп қана қоймай, сондай-ақ жер бөлімшелерін сатып алу сату, және басқа да операцияларды орындаған. Жоғарыдағыларды ескере отырып біз банктердің  жалпы операциялары мен қызметтерінің банктердің дамуына тоқталдық. Енді Қазақстанда банктердің дамуына келетін болсақ, Қазақстанда банк жүйесінің дамуы келесі кезеңдерден тұрды:

Бірінші кезең: 1917 жыл мен 1930 жылдар арасындағы патшалық Ресейден қалған банк жүйесін жаңадан қалыптастыру, бұл кезде әртүрлі меншіктегі банктер мен несие мекемелері қатар қызмет істеді.

Екінші кезең: 1930 жылдар мен 1987 жылдар аралығы елде КСРО Мемлекеттік банкі әмбебеп қызмет атқарады, яғни ол мемлекеттің  Орталық банкі ретінде эмиссиялау және несие беру қызметімен қоса клиенттерге де қызмет көрсеті.

Үшінші кезең: 1988-1991 жылдар аралығында елде мемлекеттік мамандандырылған банктердің  құрылуы, яғни КСРО мемлекеттік банкі банктердің  банкісі ретінде эмиссиялық, ереже, нұсқау және тағы басқа қызметтермен шұғылданып, ал маманданған банктер экономиканың әртүрлі салаларына қызмет көрсетті. Сонымен бірге 1990 жылы басында кооперативтік және коммерциялық банктер де құрыла бастады.

Төртінші кезең, 1991 жылдан қазіргі уақытқа дейін нарықтық банк жүйесінің қалыптасу кезеңі, яғни тәуелсіз республиканың нарықтық қатынастарға өту жағдайында екі денгейлік банк жүйесінің пайда болуы және дамуы.

 

 

Осы кезеңдердің сипаттамаларын  келесі кестеден көруімізге болады.

  1. кесте Қазақстанда банк жүйесінің  қалыптасу және даму кезеңдері

 

1930 жылға дейінгі банк жүйесі

1930-1987 жылдар (одақтық бір денгейлі  банк жүйесі)

1988-1990 жылдар (одақтық бірденгейлі маманданған  банктер жүйесі)

1991 жылдан бастап (дербес екі денгейлі  банк жүйесі)

Ресей Мемлекеттік банкі  және көптеген несие банк мекемелері

1КСРО Мембанкі (оның  ішінде КСРО  мемлекеттік еңбек жинақ кассалары  жүйесі).

2КСРО Мемлекеттік  Құрылыс банкі.

3КСРО Сыртқы  сауда банкі.

1банк жүйесін қайта ұйымдаст-ыру:КСРО  Мем-банкі және маманданды-рылған банктер: КСРО Өнеркәсіп құрылыс банкі, КСРО Агроөнеркәсіп банкі, КСРО Тұрғын үй әлеуметтік банкі. КСРО Жинақ банкі. КСРО Сыртқы

экономика банкі.

2Жаңадан кооперативтік  және коммерциялық банктердің  құрыла бастауы.

Егемен Қазақстанда өзінің  банк жүйесінің  құрылуы. Екі денгейлі банк жүйесі Ұлттық банк және коммерциялық банктер.


 

Қазіргі уақытта экономикасы нарықтық типпен дамыған мемлекеттердің  барлығында дерлік екі денгейлі банк жүйесі қалыптасқан. Оның  бірінші денгейінде эмиссиялық, қадағалау, нұсқау ереже шығару, рұқсат ету тағы басқа қызметтер, ал екінші денгейіне клиентерге қызмет көрсету негізделген. Бұл елдердің  тәжірибесі дәлелденгендей олардың  барлық жүйесі ақша айналымын ұйымдастыратын орталық банкпен, ал кәсіпорындарды, ұйымдарды және халықты несиелейтін коммерциялық банктерден құрылған.

Банктерді эмиссиялық және коммерциялық деп бөлу Қазақстан мемлекеттінің жаңа экономикалық механизімін құруға септігін тигізеді.

 

 

1.3 Банк жүйесінің  құрылымы

 

«Қазақстан республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» республика Президентінің Жарлығында 1995 жылғы 31 тамыздағы заң күші

бар жарлығындағы «Қазақстанда екі денгейлі банк жүйесі бар» делінген. Ұлттық банк –мемлекеттің орталық банкі, ол банк жүйесінің жоғарғы (бірінші денгейіндегі) банкі. Басқа банктердің барлығы банк жүйесінің төмегі (екінші) денгейіндегі банктер делінген.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында нарықтық банк жүйесінде әр түрлі меншік формасындағы банктер мен несие мекемелері қызмет істеуде. Олардың ішінде:

Мемлекеттік банк – үкімет қаулысымен құрылған екінші денгейлі банк, оның жарғылық қорының  иеленушісі үкімет.

Инвестициялық банк – негізінен тікелей және портфельдік инвестиция тартумен шұғылданатын екінші денгейлі банк.

Шетелдер қатысушы банк - орналастырылған акцияларының үштен бiрiнен астамы: 

а) Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң;

ә) орналастырылған акцияларының немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерiнiң үштен бірiнен астамы Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң не соларға ұқсас Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының иелiгiнде, меншiгiнде және басқаруында болатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының;

б) Қазақстан Республикасының резиденттерi емес тұлғалардың қаражаттарына билiк етушiлер (сенiм бiлдiрiлген адамдар) болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң иелiгiнде, меншiгiнде және басқаруында болатын екiншi деңгейдегi банк. 

Мемлекетаралық банк - халықаралық шарт негiзiнде құрылып, жұмыс iстеп тұрған, құрылтайшылары Қазақстан Республикасының Үкiметi (немесе ол уәкiлдiк берген мемлекеттiк орган) мен сол шартқа қол қойған мемлекеттердiң үкiметтерi болып табылатын банк.

Банктік емес несие қаржы мекемелері Ұлттық банктің  лицензиясы негізінде кейбір банктік операция жүргізуге құқы бар банктік емес заңды тұлғалар.

Банк - осы Заңға сәйкес банк қызметiн жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға. 

Банктiң ресми мәртебесi заңды тұлғаны әділет органдарында (тіркеуші органдарда) (бұдан әрі - әділет органдары) банк ретiнде мемлекеттiк тiркеумен және банк операцияларын жүргiзуге қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкілетті органның (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) лицензиясы болуымен белгiленедi. 

Банкiнiң ресми мәртебесi жоқ бiрде-бiр заңды тұлға «банк» деп атала алмайды немесе өзiн банк қызметiмен айналысушы ретiнде сипаттай алмайды.

Банк басқармасы тұрған жер (почта бойынша мекен-жайы) банк тұрған жер деп танылады.

Коммерциялық банктер – кәсіорындармен ұйымдарға, сондай-ақ халыққа тікелей және жан жақты кешенді қызмет көрсеттін банктер. Бұл олардың басқа

арнаулы несие мекемелерінен айырмашылығы. Ал банктік емес несие мекемелерінің банктерден өзгешелігі олар тек кейбір банктік операциялар жүргізумен және кейбір қызмет түрін көрсетумен шұғылданады. Коммерциялық банктердің  негізгі мақсаты неғұрлым жоғарғы пайда табу.

Банктің жарғылық қоры оның міндеттемелерін қамтамасыз етіп, банктік опреациялар жүргізудің негізгі көзі болып саналады. Алғашқыда ол (мемлекеттік банкті қоспағанда) акция сату есебінен, немесе құрылтайшылардың жарнасы есебінен қалыптасады. Банктің құрылтайшылары мен акционерлері сатып алған акцияларына тек ақша төлеуге міндетті. Жабық акционерлік қоғам түріндегі банктің акциясын төлеуге оның несиеге алған, кепілге алған және басқа да тартылған қаражатты қолдануға болмайды. Банктің акциясы алғашқы нарықта барлық құрылтайшыларға бірдей құнмен, яғни акцияның көрсетілген құнымен сатылады. Жаңадан құрылған банктің оның құрылтайы қаражаттарында жарияланған жарғылық қорының елу процентін акционерлері банк тіркеуден өткен кезге дейін, ал тіркеуден өткен кезеңнен бастап бір жыл ішінде түгел төлеуі қажет.

Жарғылық қорды молайту екі жолмен жүргізіледі:

Біріншіден, қосымша акцияларды шығару, оның ішінде банктің пайдасын капиталдандыру және банктің облигациясын оның акциясына айырбастау есебінен.

Жалпы банктердің қызметтерi:

  • уақытша бос ақша қаражатын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру;
  • кәсiпорындарға,мемлекетке,жеке тұлғаға несие беру, бағалы қағазбен операция жүргiзу;
  • ақша айналымын реттеу;
  • айналымға несие құралын шығару;
  • экономикалық, қаржылық кеңес беру;
  • эмиссиялық қызмет атқару.

Банк өзiнiң жарғысы бар толық шаруашылық есеп және өзiн-өзi қаржыландыру негiзiнде қызмет жасайтын заңды тұлға болып табылады. Мемлекеттiк банк осы заң бойынша қызмет атқарып жоғарғы кеңесiне есеп бередi. ҚР заңына сай мемлекеттiк банк деп капиталы толығынан үкiмет иелiгiнде немесе акционерлiк капиталдың басым бөлiгi мемлекеттiк құрылтайшылардың акциясы болғанда есептеледi. Коммерциялық банктер ол өздерiнiң акционерлер жиналысында қабылданған жарғысы бойынша қызмет iстейдi.

Екіншіден, акцияның көрсетілген құнын өсіру жолымен.

Банктің жоғары асқаушы органы акционерлердің жалпы жиналысы, оның ағымдағы қызметін банктің басқармасы жүргізеді. Банктің басқарушы қызметкерлері болып, қадағалау кеңесінің төрағасы және оның мүшелері, Басқарманың төрағасы және оның орынбасарлары, банктің бас бухгалтері және оның орынбасарлары, банк бөлімшесінің бірінші басшысы және басбухгалтері мен олардың орынбасарлары саналады. Банктің заңға сәйкес банктің Басқармасының төрағасы және оның орынбасарлары, банк бөлімшесінің бірінші басшысы және бас бухгалтері қызметке Ұлттық банктің келісімімен тағайындалады. Әдетте оладың банк үйесіндегі: төраға мен бас бухгалтер үш жылдан кем емес, ал олардың орынбасарлары екі жылдан кем емес қызмет өтілі болуы шарт. Осы айтылған қыметкерлер Ұлттық бактің келісімін үш айға дейін алмаса, өз міндеттерін әрі қарай орындауға құқы жоқ.

Акционелердін жиналысы кезекті және кезектен тыс болып бөлінеді. Кезекті жиналыс жылма жыл есепті жылдағы банк балансы жасалғаннан кейін бір айдан аспай шақырылуы керек, ал кезектен тыс жиналыс құрылтайшылардың, қадағалау кеңесінің, Тексеру комиссиясының талабы бойынша шақырылады.

Банктің Ұйымдық құрылымы әрқайсысы белгілі бір міндетер мен талаптарды атқаратын қызмет тараулары мен бөлімшелерден тұрады.

Қорытындылай келе,жалпы кез келген банктің ұйымдық құрылымы банктік операцияларды атқаратын міндеттерін ескеріп қалыптасады.

Ал, банктердің пайда болуы мен дамуына келетін болсақ, бірқатар ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализм дамуының мануфактуралық сатысында - XIV және XV ғасырларда Италияда несие қатынасының кең ауқымды дамуымен байланысты пайда болған. Кейбір ғалымдар банктердің бұдан да ертерек - феодализм кезінде төлем делдалдары ретінде пайда болды деп есептейді.

 

 

1.4  Қазақстан Республикасының  банк жүйесінің экономикалық мәні мен сипаты. 

 

Қазақстан Республикасының егемен мемлекет ретінде дамуы, оның экономикалық қауіпсіздігі, мемлекеттік билік органдары мен жергілікті мемлекеттік басқару органдарының мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің үзбей және тиімді жұмыс істеу елдің стратегиялық маңызы бар банк жүйесінің жай-күйі мен тұрақтылығына әрі орнықтылығын қамтамасыз ету мәселелеріне тікелей байланысты болады.

Қазақстан Республикасының банк жүйесі жоғарғы (бірінші) деңгейі егемен Қазақстанның орталық банкі болып табылатын Қазақстан Ұлттық Банкінен тұрады.

Мемлекеттің монета аралық билігінің және мемлекеттік банктік менеджменттің басты органы Қазақстан Ұлттық Банкі өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық-қаржылық мүддесін тиісінше қамтамасыз етуге ат салысады.

Қоғам мен мемлекеттің мүддесіне сай инвестициялық-қаржылық және кредиттік құзыреті бар Қазақстанның Даму Банкі өзінің ерекше құқықтық мәртебесіне орай деңгей аралық мемлекеттік банк ретінде көрініс тапқан.

Қазақстан Республикасы банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін:

1) мемлекетаралық банктер;

2) Қазақстан Республикасының резидент банктері;

3) Қазақстан Республикасындағы резидент емес банктер;

4) Шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының резидент банкі- аралас капиталы бар банктер құрайды.

Қазақстан Республикасының осындай нарықтық үлгідегі банк жүйесінің құрылуы және оның нормативтік құқықтық негіздерінің айтарлықтай қалыптасуы елімізде үзбей  жүргізіліп жатқан экономикалық және құқықтық реформаның жемісті нәтижесіне жатады.

Қазақстан Республикасының банк жүйесінің нормативтік құқықтық негізін құрайтын  банктік заңнамалық актілердің нормаларының өзара генетикалық, функционалдық және құрылымдық  байланыстары банктік заңнаманың банк жүйесі ауқымында жүзеге асырылатын банктік қызмет (банктік операция, мәміле, іс-әрекет) барысында туындайтын қоғамдық банктік қатынастарды жан-жақты реттей алатынын көрсетеді.

Банк жүйесінде жүргізілетін әр алуан банктік операциялық қызметтің ұйымдастырылуы ерекшелігі және ресурстық – ұйымдастыру негізін құру процесінде айқындалады.

Қазақстан Республикасы банк жүйесінің құрылуы өзіне тән біртұтастық және құрылымдық ерекшеліктерге байланысты болады. Осындай иерархиялық, біртұтастық және құрылымдық сипаты-мәні банк жүйесінің тиісінше қалыптасуына септігін тигізеді. Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы банк жүйесі өз ауқымдағы мемлекеттік банктік менеджмент мән-жайларымен ғана емес, сонымен бірге өзіндік (корпоративтік) басқаруға және ұйымдастыруға қабілеттілігімен ерекшеленеді.

Сонымен Қазақстан Республикасының бүгінгі банк жүйесінің сипаттамалық белгілері мынадай көрініс табады:

1)Қазақстан Республикасының банк жүйесі күрделі әлеуметтік жүйе тобына жатады;

2)Банк жүйесінің қоғам мен мемлекеттік мүдделеріне жұмыс істеуіноның нормативтік құқықтық базасын құрайтын банктік заңнамалық актілер және заңға тәуелді нормативтік банктік актілер, сондай-ақ халықаралық банктік келісімдер мен банктік стандарт ережелері қамтамасыз етеді;

3)Қазақстан Республикасының банк жүйесі мемлекеттік банктік менеджмент (мемлекеттік басқару – реттеу ықпалы) ауқымында жұмыс істейді;

4)Банк жүйесі Қазақстан Республикасы қаржы – кредит жүйесінің аса маңызды бір бөлігі болып саналады;

5)Қазақстан Республикасының банк жүйесі екі деңгейлі иерархиялы, бір тұтас және өзіндік ұйымдастырылуға қабілетті құрылым болып табылады;

6)Жоғарғы және төменгі деңгейлі банк жүйесі Қазақстан Ұлттық Банкінен, Қазақстанның Даму Банкінен, Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысы жинақ банкінен, коммерциялық банктерден, мемлекетаралық банктерден, банктік инфрақұрылымнан және банктік рыноктан тұрады;

7)Банк жүйесінің жоғарғы бірінші деңгейдегі Қазақстан Ұлттық Банкі белгілі бір дәреже – көлемде тиісті мемлекеттік билік органдарының ықпалына тәуелсіз, кредиттік - қаржылық  сипатты айрықша құқықтық мәртебесі бар экономикалық субьект – мемлекеттік монетарлық биліктің басты органы болып табылады;

8)Қазақстан Республикасының банк жүйесі, оның ұйымдастырылу нысандары мен басқа да мән-жайлары Қазақстан Республикасы Конституциясымен, ҚР банктік заңнамалық актілермен, қатысы бар өзге де заңнамалық актілермен, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінің заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілермен регламенттелінеді;

9)Банк жүйесі экономикалық саясатын іске асыруға айтарлықтай септігін тигізеді және дүниежүзілік экономика аясындағы халықаралық банк жүйесімен өзара тиімді қары қатынас миханизмін құрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2   Қазақстан Республикасынның банк жүйесінің қазіргі жағдайын талдау

 

 

2.1 Ұлттық Банк  – Қазақстан Республикасының  Орталық банкі

 

Ұлттық банк - республикадағы банк жүйесінің  жоғары (бірінші) деңгейіндегі банк, өз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Заң» 1995 жылғы отызыншы наурыздағы күші бар Жарлығы бойынша жүргізеді және осы Жарлыққа сай Президентке есеп береді. Сонымен қатар Ұлттық банк өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа заңдарды, халықаралық шарттар мен келісімдерді басшылыққа алады.

Ұлттық банк - заңды тұлға, дербес балансы бар, өзіне тікелей бағынатын төменгі бөлімшелері мен бірге тіке бағыныстағы біртұтас орталықтандырылған құрылым, іс-әрекетін толық шаруашылық есеп негізінде жүргізеді. Әр түрлі салық жинаудан, баж салығын және кеден салығын төлеуден босатылады. Ол республиканың кез келген жерінде және одан тыс жерлерде өзінің басқармасын және басқада бөлімшелерін ашуға құқығы бар. Өз жұмысын үкіметпен келісіп, үнемі кеңесіп жүргізеді. Үкімет Ұлттық банктің міндеттемелері бойынша жауапты емес, дәл сол сияқты, егер өзіне белгілі бір жауапкершілік алмаса, Ұлттық банк те үкіметтің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Үкіметтің өкілдік және атқарушы органдарының Ұлттық банк пен оның құрылымдық бөлімшелерінің заңды қызметтерін атқаруға араласуға құқығы жоқ.

Банк жүйесінің мәні мен мазмұны