Банк жүйесі туралы ұғым

БАНК ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ

 

ЖОСПАР

 

I-БӨЛІМ. БАНК ЖҮЙЕСІ  ТУРАЛЫ ҰҒЫМ

1.1 ҚР банк жүйесінің құрылымы

1.2 Қазақстандық банктік жүйенің даму тарихы

 

ІІ-БӨЛІМ. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ

2.1 ҚР банк жүйесін дамыту жолдары (реформалар)

2.2. Қазақстан Республикасындағы  91 жылдан бергі банк реформасы  және 95 жылғы банк жүйесін реформалау

 

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының  банк жүйесінің даму мәселелерін  қарастыру себебі, бұл халқымыздың  өсіп өркендеуіне, экономикасының дамуына тигізетін пайдасы зор. Біз осы саланың келешек мамандары ретінде банк жүйесінің қазіргі кездегі даму проблемалары мен тенденциялары арқылы оның тиімділігін көрсетуді мақсат еттік.

Жұмыстың негізгі мақсаты  банк жүйесінің қалыптасу және даму мәсәлесін ғылыми-теориялық негіздеу және банктердің халықаралық стандарттарға сай болуын тұжырымдау. Отандық экономиканы реформалаудың қазіргі уақытындағы сатысында тиімді, нәтижелі және перспективалы бағыттардың бірі банк жүйесінің дамуы болып табылады.

Бұл саланың маңыздылығы  әлемдік және отандық экономиканың тәжірибесі көрсетіп отырғандай, нарықтық экономикаға өту жағдайында банк жүйесіне көмек көрсету тұрақтандырылған экономикалық өсуге жетуге елеулі нәтижелер береді. Банк жүйесінің дамуы елдегі қаржы нарығының өркендеуіне және Ұлттық бнактің өз саясатын тұрақты қалыпта жүзеге асыруына мүмкіндік береді.

Соңғы бірнеше жылда, әсіресе 2000-жылдан бастап банк жүйесінің динамикалық  дамуы жүруде. Қазақстан банк секторының жанадануы және конденсациялық процестер жалғасуда.

Дегенмен, банк жүйесін мемлекеттік қолдау әлі де жеткіліксіз дәрежеде болып отыр. Бұл саланың өзіндік проблемалары шешілмей қалуда. Мұндай кемшіліктерді жою үшін банк жүйесінде жаңа бағдарламалар, реформалар жүзеге асуы тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

I-БӨЛІМ. БАНК ЖҮЙЕСІ  ТУРАЛЫ ҰҒЫМ

Банк – өзінің жарғысы  бар, толық шаруашылық есеп және өзін-өзі қаржыландыру негізінде қызмет жасайтын заңды тұлға. Ол ақша қаражатын тарту, орналастыру және басқа банктік операциялар жүргізетін мекеме. /1,3б/

 

1.1 ҚР банк жүйесінің құрылымы

ҚР банк жүйесінің құрылымын «ҚР банктер және банк қызметі туралы» республика Президентінің 1995 жылғы 31 тамыздағы Заң күші бар Жарлығында «Қазақстанда екі деңгейлі банк жүйесі бар. Ұлттық банк – мемлекеттің Орталық банкі, ол банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейіндегі банк. Басқа банктердің барлығы банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейіндегі банктер» делінген жолдардан көруге болады.

Біріншіден, Ұлттық банктің құрылымын қарастырсақ, оны « ҚР Ұлттық банкі туралы» Заңы және « ҚР Ұлттық банкі туралы» ережесі негізінде көруге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Қазақстандық банктік жүйенің даму тарихы

 

Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ, себебі республика аумағында КСРО-ның орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары мен бөлімдері қызмет етті. Осыған байланысты банктік жүйенің тарихы Ресей тарихымен тығыз байланысты. Патшалық Ресейдің банк жүйесіне: Мемлекеттік банк, акционерлік банктер, қалалық банктер, ипотекалық несие банктері мен басқа да несиелік мекемелер кірді. /2,169 б./

Ресейдің мемлекеттік банкі (өз қызметін 1860 жылы бастады) барлық несие жүйесінің орталық банкі болып табылады. Ол айналымға қағаз ақша шығарудың монополиялық құқығына ие болды.

Акционерлік коммерциялық банктер (47 банк 743 филиалымен) қарыз каипталы нарығында басымдық жағдайға ие болып, 1914 жылы шоғырланудың жоғары дәрежесіне жетті.

Орта және ұсақ буржуазиялық қызмет көрсету үшін мынадай ұсақ несиелік мекемелер қызмет атқарды: өзара несие беру қоғамы (11081), қалалық  қоғамдық банктер (343).

Ипотекалық несие жүйесі – мемлекеттік дворяндардың жер  банкі мен мемлекеттік жер  банкі, 10 акционерлік жер банктері, 36 қалалық несиелік банктер мен  ипотекалық несиенің басқа да банктерінен құрылды.

Несиелік мекемелердің ішінен, әсіресе, деревнялардағы дәулетті адамдарға қызмет көрсететін несиелік кооперация кеңінен танылды. Ол қарыз-жинақ кассалары мен несиелік серіктестіктерден тұрды.

1917 жылғы қазан төңкерісінен  кейін банк ісін ұйымдастыруды  мемлекет монополиялы түрде өз  қолына алып, нәтижесінде жеке  коммерциялық банктер мен басқа  несие мекемелері Мемлекеттік  банкпен біріктірілді. 1922 жылы Тұтыну кооперациясының банктері және Өнеркәсіп банкі құрылды.

1924 жылы акционерлік қоғам  үлгісіндегі сыртқы сауда банкі  құрылып, оның акционерлері мемлекет, кооперативтік және қоғамдық  ұйымдар болды.сөйтіп, 1925 жылы КСРО-да Мемлекеттік банк, Өнеркәсіп банкі, Сауда банкі және ауылшаруашылық банкі болды.сондай-ақ Орталық коммуналды банкі (Ценкомбанк), Кооперативтік банк және акционерлік, салалық, аймақтық банктер құрылды. Банктер қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несие түрлері бойынша да ажыратылды. 1928 жылы Өнеркәсіп банкі мен Электробанкі бірыңғай өнеркәсіп пен электр шаруашылығын ұзақ мерзімді несиелеу Банкіне біріктірілді. Жалпы 1927-1929 жылдары банктердің өзіне тән ерекшк қызметі –банктік несие беру жойылып, несие мемлекеттік жоспарлы қаржыландырудың түріне айналды. /3, 164 б./

КСРО-да 1930-1932 жылдары жүргізілген  несиелік реформаның нәтижесінде жаңа қағидаларда салалық банктер ұйымдастырылды. Капитал жұмсалымдарды қаржыландыру және несиелендіруге байланысты 4 арнайы банктер құрылды:

1.Промбанк, 1959 ж КСРО Құрылыс  банкі болып қайта ұйымдастырылды.

2. Ауылшаруашылық банкі, 1959 ж оның қызметтері КСРО Мембанкі  мен Құрылысбанк арасында үлестірілді.

3. Всекомбанк, 1939 ж Всекомбанк  өз жұмысын тоқтатты, ал активтері  мен пассивтері 1959 ж таратылған  КСРО Сауда банкіне берілді.

4. Ценкомбанк, 1959 ж таратылды  да оның қызметтері КСРО Құрылыс  банк мен Мембанк арасында  үлестірілді. /3, 165 б./

КСРО-да банктік реформа 1987-1988 жылдары жүргізілді. Нәтижесінде, КСРО Мембанкі мен КСРО Құрылыс банкін құру негізінде: Өнеркәсіп құрылыс банкі, Агроөнеркәсіп банкі және Тұрғын үй-әлеумеетік банкі; КСРО Мембанкінің құрамына кіретін жинақ кассалары негізінде: Сыртқы экономбанк, Жианқ банкі, құрылды. КСРО Мембанкі кәсіпорындар мен ұйымдарға кассалық және несиелік- есеп айырысу қызмет көрсетуін тоқтатты. Ол елдің Орталық банкі деп жарияланды.

Банк жүйесін бірсыпыра  реттеген 1990 жылдың аяқ шенінде одақтық  екі заң – «Мемлекеттік банк туралы»  Заң және «Банктер және банк қызметі  туралы» Заң бекітілді. Осы заңдарға сай бұрынғы маманданған банктер акцияландыру кезінде коммерциялық банктерге айнала бастады. /8, 181 б./

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар

Кіріспе 3

1. Банктің пайда болуы  және оның түрлері 4

2 Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу тарихы және дамуы 5

2.1 1930-1932 жж. несие реформасы  7

2.2 1988 ж. түбегейлі банк  реформасы. 8

2.3 Екі деңгейлі банк жүйесін құру 10

3 Ұлттық банк - Қазақстан  Республикасының Орталық банкі  13

3.1 Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкі: міндеттері, қызметтері және операциялары 17

3.2 Ұлттық банктің эмиссиялық  қызметі 19

3.3 Ұлттық банктің құрылымы  мен басқару органдары 20

4 Қазақстан Республикасындағы  коммерциялық банктер 22

4.1 Қазақстан Республикасындағы  коммерциялық банктерді ашу және  тарату тәртібі 24

4.2 Коммерциялық банктердің  ұйымдастырылу құрылымы 27

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 29

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Банк жүйесінің дамуының теориялық негізі МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе 3

 

I Банк жүйесінің дамуының теориялық негізі

1.1 Банк жүйесінің даму тарихы 5

1.2 Банк жүйесінің құрылымы 9

 

II Қазақстан Республикасының  банк жүйесінің дамуын талдау және жетілдіру жолдары

2.1 Орталық банк және оның қызметтері талдау 12

2.2 Коммерциялық банк және оның қызметтерін талдау 17

 

III Қазақстан Республикасындағы  банк жүйесіндегі мәселелер және жетілдіру жолдары 25

 

Қорытынды 28

 

Пайдаланылған әдебиеттер 30

 

К І Р І С П Е

 

Кез келген мемлекеттің экономикасында ірі кәсіпорындар,шағын және орта кәсіпкерлікпен қатар мемлекеттің дамуының негізі – банк жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі екенін әлемдік практика көрсетуде.

Нарық экономикасы, шаруашылық жүйесі интеграциялану кезеңінде қаражат  құрау мен оны пайдалану үрдісі әртүрлі экономикалық тұлғалар арасындағы әр-қилы қарым-қатынастарға сәйкес дамиды.Ондай тұлғалар – халықтың өзі,одан кейінгісі: мемлекет және банк,басқа қаржылық делдалдар.

Банктің мазмұны мен атқарылымы оның экономикадаы маңызын көрсетеді. Банктің маңызы оған жүктелген міндеттермен айқындалады. Банкке жүктелген міндеттер мыналарды қамтамасыз етеді:

- өндірістің үздіксіздігін және оны жеделдетуін қамтамасыз етуге керекті, бос ақша капиталды, ресурстарды шоғырландыру;

- ақша айналымын тәртіпке  келтіріп, оны рационализациялау болып табылады.

Банк -өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық есеп және өзін өзі  қаржыландыру негізінде қызмет жасайтын заңды тұлға. Ол ақша қараатын тарту, орналастыру және басқа банктік операцияла жүргізетін мекеме.

Уақытша бос ақша ресурстарды  шоғырландыру атқарымынан, бір жағынан банк уақытша бос ақша ресурстарын жинаушы, екінші жағынан, оларды басқа уақытша қосымша қаражатқа мұқтаж шаруашылық жүргізуші субъектілерге беруші.

Банктердің ақша қаражатын  шоғырландыру, кейіннен оларды қайта  бөлу, өндіріс пен айналымның үздіксіздігін қатамасыз етіп қана қоймай, бүкіл ұдайы өндірістің процессін жеделдетеді.

Банк ісінің ерте сатысының  өзінде банктер ақша қаржысын сақтауды, оларды, ішкі және сыртқы экономикалық, айналымдардан сауда операцияларына сәйкес аударуды қамтамасыз еткен және олар елдің ақша белгісін, екінші елдің  валютасына айырбастаушы болып көрінген. Одан бері банктің ісінің техологиясы айтарлықтай өзгерген.

Қазігі кезеңде нарықтық типпен дамыған едердің барығында  дерлік екі денгейлі банк жүйесі құрылып, белсенді түрде одан әрі өрістеуде.

Қазақстан Республикасында  «Қазақстан Респубикасы банктер  жәе банк қызметі туралы» республика Президентінің 1995 жылғы 31 тамыздағы  заң күші бар жарлығында «Қазақстанның  екі денгейлі банк жүйесі бар бірінші денгейдегі мемлекеттің Ұлттық банкі, ал басқа бактердің барлығы екінші денгейлі яғни коммерциялық банктер» делінген.

Банк және тауарлы, ақшалай  қарым қатынастардың даму тарихы тұрғыдан қатарлас жүреді және өзара тығыз байланыста болады. Банктік шаруашылық өмірдің орталығы барлық эконмиканың негізгі түйіні болып табылады.

Соңғы жылдары Қазақстан  Республкасының экономикалық ахуалының  дамуына қарамастан, ҚР дамушы мемлекеттердің белгілерімен сипатталады. Бұл белгілер ұлттық валютаның әрекет етумен шектелмейді және ол мемлекет тарапынан тыс еркін конвертацияланбайды, бағалы қағаздар нарығының төмен денгейіндегі өтімділігімен сипатталуда.

Қазақстан Республикасы Үкіметі  жалпы экономикалық тұрақтылық және инвесторлар сенімін өсіруді  қамтаасыз ету үшін бірқатар шараларды қолдануда. Бірақ, Қазақстандағы болашақ экономикаық тұрақтылықтың перспективалары мәнді түрде Үкіметпен, Қаржы Министрлігімен, Ұлттық Банкпен және басқа да мекемеердің қабылдаған бірқатар экономикалық шараларға тіклей тәуелді.

Курстық жұмыстың мақсаты- банк ісінің және банк жүйесінің дамуына, шыу тегіне сипатама бере отырып, Қазақстаннның банк жйесінің дамуына және ондағы мәселелер мен оларды шешу жолдарына тоқталу болып табылады.

Жұмыстың міндеттері болып:

- Қазақстанның банк жүйесі мен банк жүйесінің даму тарихына тоқталу;

- Орталық банктің дамуы  мен қызметтерін қарастыру; 

- коммерциялық банктердің  дамуы мен қызметтерін қарастыру. 

Курстық жұмыс екі бөлімнен: бірінші бөлімде банк жүйесінің теориялық негізі онда:банк жүйесінің даму тарихы мен банк жүйесінің құрылымы мен қызметтері, ал екінші бөлімде Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуын талдау және жетілдіру жолдары онда: Орталық банк және оның қызметтері талдау, коммерциялық банк және оның қызметтерін талдау жасай отырып, Қазақстан Республикасындағы банк жүйесіндегі проблемалар және жетілдіру жолдары қарастырылған және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

 

I Банк жүйесінің дамуының теориялық негізі

1.1 Банк жүйесінің даму тарихы

 

Банктер несие жүйесiнiң негiзгi буыны. Себебi банк мемлекетпен кәсiпорындардың . Акционерлiк Қоғамның және шаруашылық субъектiлердiң халықтың бос ақшасын шоғырландырып iс жәзiндегi капиталға айналдырады. Осы айтып өткен бағытына байланысты банк төлем есептеу, несие беру, сақтандыру және т.б. операцияны жәргiзедi.

Ежелгі ғасырлар тарихы кейінгі  ұрпаққа банктердің қашан пайда болғаны туралы ғана емес, сондай ақ олардың қандай операцияларды орындағаны туралы да толық мәліметтер қалдырмаған.

Кейбір ғалымдардың пікірінше, алғашқы банкттер капитализмнің мануфактура тұсында және ең бастысы Италияның жекелеген қалаларында (Венеция, Генуе) ХIV-ХV ғасырларда пайда болған. Олардың еңбектерінде банк тауар шаруашылығының ерекше институты ретінде тауар шаруашылығының ерте кезеңінде, яғни тауар ақша қатынастарының дамуына байланыссыз, ақша айналысын реттеу үшін пайда болған делінеді.

XVI-XVII ғасырларда Венецияда,  Генуеде, Миланда, Амстердамда,  Гамбургте, Нюркбергте саудагер  клиентте арасында қолма қол ақшасыз есеп айырысуды жүзеге асыру үшін Жиробанктер құрылды. Жиробанктер өздерінің клиенттері арасында белгілі салмағы бар бағалы металдардан жасалан ақша бірліктері арқылы есеп айырысулар жүргізді. Өздеінің ос ақша қаражаттарын жиробанктер мемлекетке, қалаларға және артықшылығы бар компанияарға ссудаға берді.

Ал кейбір мамандар банкті одан да ерте мерзімде феодализм тұсында, пайда болған деп атайды. Олар феодалдық шаруашылық тұсында банктегі төлемдегі делдалдық қызметінің қажеттілігінен пайда болғанын айтады /3/.

Дегенмен осы декектерге сүйене отырып, банктердің пайда болуының екі мың жылдық тарихы бар екендігін  айтуға болады.

Банк италян сөзiнен Bank – орындық мағынада “Айырбас орындағы-Айырбас орны” дегендi бiлдiредi. Бұл айырбас орыны туарлармен сауда жасалатын алаңдарда құрылады. Сауда мемлекеттермен қалалардың жекелеген тұлғалардың әртүрлі монеталарымен жасалған. Ол уақытта монеталардың біртұтас жүйесі болмағандықтан, олардың сауда саттық барысында әртүрлі формадағы монетаар кедескен. Банктер пайда болар алдын ақша сауда капиталының өкілдері саудагерлердің ақшалай салымдарын қабылдап, оларды әртүрлі елдің ақшаларын айырбастуға маманданып отырған. Уақыт өте келе, айырбастаушылар бұл салымдарды, сондай ақ өздерінің ақша қаражаттарын ссудаға беріп, пайыз алу үшін пайдалана бастады. Сөйтіп айырбастаушылар біртінде, банкирлерге айналды,

Біздің түсінігімізше банк ұғымы айырбастаушылардың және олардың айырбас орындарының болуымен сипатталады. Алғашқы банктердің Италияда пайда болу себебі, оның сол уақыттарда дүниежүзілік сауда орталығы болғандығы ескеріп, әр елдің ақшалары мен тауарларының сол елге қарай ағылып, банкирлердің сауда операцияларына тікелей қатысуына байланысты түсіндіріледі. Тарихшылардың пікірінше, б.э.д. 2300 жыл бұрын холдейлердің сауда компаниялары пайда болып, оар өздерінің тікелей қызметтерімен қатар, ссудалар берген. Олар б.э.д. IV ғасырда Ежелгі Грецияда да жасалған. Бір айта кететіні, ежелгі гректер салым қабылдай отырып, белгілі бір ақы төлеу арқылы ақшалар айырбасын жүргізіпи отырған.

Тарихшылардың пайымдауынша алғашқы банктік операцияларды  жекелеген тұлғалар және қолында ақшалай қаражаттары бар шіркеу мекемелері жүргізген екен.

Шіркеулер құндылықтарды сақтайтын ең сенімді орындар болған. Сол уақыттары елгілі гректің шіркеулері (Дельфа, Дело, Само, Эфсе) ақша сақтаумен айналысқан. Эфседегі Артемид шіркеуінде кіші Азия жағалауындағы елдердің салымдары, ал Дельфада Аполлон шіркеуіне барлық еуропалық Грецияның бос ақша қаражаттары шоғырланыпты.

Сөйтіп, алғашқы банктер жинақталған ақша қаражаттарын қозғалыссыз жатуға болмайтындығын, оарды уақытша пайдалануға беріп, пайда табу қажеттігін түсінеді.

Банктер несиелік оерациялар жүргізумен қатар, салым иелеріне біртіндеп  есеп айырысу қызметін де көрсетті. Есеп айырысулар банктегі салым иелерінің  бір шотынан басқа бір шотқа аудару арқылы жүргізіледі.

Есеп айырысуларды жеңілдету  мақсатында ежелгі банктер өздерінің  банктік билеттерін шығарды. Олар толық  құнды ақшалармен қатар айналыста  жүрді. Алғашы акционерлік банк Ағылшын банкі 1964 жылы құрылып, үкіметтен банкнота шығаруға құқық алды.

Мұның өзі алғашқы бактердің  капитализмнің мануфакиура жағдайында, банкирлер үйлері ретінде пайда  блғанын куәландырады. Мұндағы несие  беруші мен қарыз алушылардың  болуы банктердің пайда болуының тек алғышарттарын ғана сипаттайды.

Анықтамалық басылымдарда банк «ірі несиелік мекеме» ретінде сипатталады. Несиелік істің даму денгейіне байланысты және несие берушілердің несиелік операциялары бір жүйеге айналдыру нәтижесінде жеке несие беруші өзінің несие беуін тоқтатады. Несие теке қана тұтыну мақсатына ғана берілмей, шаруашылық операциялардың қажеттілігін де қанағаттандыра бастайды. Несиелік мәмілелер жасаумен бірге несие беруші өзінің клиентінің тапсырмалары бойынша есеп айырысу және басқа да операцияларды жзеге асырады. Сөйтіп, банктер ақша шаруашылығының осы даму сатысына өте отырып, барлық операцияларды бірдей көрсететін бітұтас орталыққа айналды. Демек, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура сатысынан да бұрын яғни мемлекеттің құрылу кезеңінде пайда болған дегенге негіз бар. Мұндай қатынастардың құл иеленушілік қоғамында болғандықтан тарих куә.

Ежелгі Римде нормалары  болан, ол нормаларға сәйкес б.э.д. III ғ. айырбас ісіне мамандандырылған Римдік банкирлерде кумулияр деп атады. Оларға несиелік операцияларды жүргізуге рұқсат етілмеген. Тарихшылардың айтуынша, Ежелгі Вавилон банктері тек қана несие беріп қана қоймай, сондай ақ жер бөлімшелерін сатып алу сату, және басқа да операцияларды орындаған. Жоғарыдағыларды ескере отырып біз банктердің жалпы операциялары мен қызметтерінің банктедің дамуына тоқталдық. Енді Қазақстанда банктердің дамуына кееті болсақ, Қазақстанда банк жүйесінің дамуы келесі кезеңдерден тұрды:

Бірінші кезең; 1917 ж.мен 1930 жылдар араығында патшалық Ресейден қалған банк жүйесін жаңадан қалыптастыру, бұл кезде әртүрлі меншіктегі банктер мен несие мекемелері қатар қызмет істеді.

Екінші кезең: 1930 жылдар мен 1987 жылдар аралығы елде КСРО Мемлекеттік банкі әмбебеп қызмет атқарады, яғни ол мемлекеттің Орталық банкі ретінде эмиссиялау және несие беру қызметімен қоса клиенттерге де қызмет көрсеті.

Үшінші кезең: 1988-1991 жылдар аралығында елде мемлекеттік мамандандырылған банктердің құрылуы, яғни КСРО мемлекеттік  банкі банктердің банкісі ретінде эмиссиялық, ереже, нұсқау және тағы басқа қызметтермен шұғылданып, ал маманданған банктер экономиканың әртүрлі салаларына қызмет көрсетті. Сонымен бірге 1990 жылы басыда кооперативтік әне коммерциялық банктер де құрыла бастады.

Төртінші кезең, 1991 жылдан қазірі уақытқа дейін нарықтық банк жүйесінің қалыптасу кезеңі, яғни тәуелсіз республиканың нарықтық қатынастарға өту жағдайында екі денгейлік банк жүйесінің пайда болуы және дамуы.

Осы кезеңдерді сипаттаманы  келе келесі кестеден көруімізге болады.

Кесте 1

Қазақстанда банк жүйесінің  қалыптасу және даму кезеңдері

 

1930 жылға дейінгі банк  жүйесі 1930-1987 жылдар (одақтық бір денгейлі банк жүйесі) 1988-1990 жылдар (одақтық бірденгейлі маманданған банктер жүйесі) 1991 жылдан бастап (дербес екі денгейі банк жүйесі)

Ресей Мемлекеттік банкі және көптеген несие банк мекемелері 1КСРО Мембанкі (оның ішінде КСРО мемлекеттік еңбек жинақ кассалары жүйесі).

2КСРО Мемлекеттік Құрылыс  банкі. 

3 КСРО Сыртқы сауда  банкі. 1банк жүйесін қайта ұйымдаст-ыру:КСРО Мем-банкі және маманданды-рылған банктер: КСРО Өнеркәсіп құрылыс банкі, КСРО Агроөнеркәсіп банкі, КСРО Тұрғын үй әлеуметтік банкі. КСРО Жинақ банкі. КСРО Сыртқы экономика банкі.

2 Жаңадан кооперативтік және коммерциялық банктердің құрыла бастауы. Егемен Қазақстанда өзінің банк жүйесінің құрылуы. Екі денгейлі банк жүйесі Ұлттық банк және коммерциялық банктер.

 

Қазіргі уақытта экономикасы  нарықтық типпен дамыға мемлекеттердің барлығында дерлік екі денгейлі банк жүйесі қалыптасқан. Оның бірінші денгейінде эмиссиялық, қадағалау, нұсқау ереже шығару, рұқсат ету тағы басқа қызметтер, ал екінші денгейіне клиентерге қызмет көрсету негізделген. Бұл елдердің тәжірибесі дәлелдегендей олардың арлық жүйесі ақша айналымын ұйымдастыратын орталық банкпен, ал кәсіпорындарды, ұйымдарды және халықты несиелейтін коммерциялық банктерден құрылған.

Банктерді эмиссиялық және коммерциялық деп бөлу Қазақстан мемлекеттінің  жаңа экономикалық механизімін құруға септігін тигізеді.

 

1.2 Банк жүйесінің құрылымы

 

«Қазақсатн республикасындағы  банктер және банк қызметі туралы»  республика Президентінің Жарлығында 1995 жылғы 31 тамыздағы заң күші бар  жарлығындағы «Қазақстанда екі денгейлі банк жйесі бар» деліген. Ұлттық банк –мемлекеттің орталық банкі, ол банк жүйесінің жоғарғы (бірінші денгейіндегі) банк. Басқа банктердің барлығы банк жүйесінің төмегі (екінші) денгейіндегі банктер делінген.

Қазіргі кезде Қазақстан  Республикасында нарықтық банк жүйесінде  әр түрлі меншік формасындағы банктер мен несие мекемелері қызмет істеуде. Олардың ішінде:

Мемлекеттік банк – үкімет қаулысымен құрылған екінші денгейлі банк, оның жарғылық қорының иеленушісі үкімет.

Инвестициялық банк – негізінен  тікелей және порфельдік инвестиция тартумен шұғылданатын екінші енгейлі банк.

5. Шетелдер қатысушы банк - орналастырылған акцияларының  үштен бiрiнен астамы:

а) Қазақстан Республикасының  резиденттерi еместердiң;

б) орналастырылған акцияларының немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерiнiң үштен бірiнен астамы Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң не соларға ұқсас Қазақстан  Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының иелiгiнде, меншiгiнде және/немесе басқаруында болатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының;

в) Қазақстан Республикасының  резиденттерi емес тұлғалардың қаражаттарына билiк етушiлер (сенiм бiлдiрiлген адамдар) болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң иелiгiнде, меншiгiнде және/немесе басқаруында болатын екiншi деңгейдегi банк.

Мемлекетаралық банк - халықаралық  шарт (келiсiм) негiзiнде құрылып, жұмыс iстеп тұрған, құрылтайшылары Қазақстан Республикасының Үкiметi (немесе ол уәкiлдiк берген мемлекеттiк орган) мен сол шартқа (келiсiмге) қол қойған мемлекеттердiң үкiметтерi болып табылатын банк.

Банктік емес несие қаржы  мекемелері Ұлттық банктің лицензиясы негізінде кейбір банктік операция жүргізуге құқы бар банктік емес заңды тұлғалар.

Банк - осы Заңға сәйкес банк қызметiн жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.

Банктiң ресми мәртебесi заңды тұлғаны әділет органдарында (тіркеуші органдарда) (бұдан әрі - әділет органдары) банк ретiнде мемлекеттiк тiркеумен және банк операцияларын жүргiзуге қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкілетті органның (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) лицензиясы болуымен белгiленедi.

Банкiнiң ресми мәртебесi жоқ бiрде-бiр заңды тұлға "банк" деп атала алмайды немесе өзiн банк қызметiмен айналысушы ретiнде сипаттай алмайды.

Банк басқармасы тұрған жер (почта бойынша мекен-жайы) банк тұрған жер деп танылады.

Коммерциялық банктер  – кәсіорындармен ұйымдарға, ондай  ақ халыққа тікелей және жан жақты кешенді қызмет көрсеттін банктер. Бұл олардың басқа арнаулы несие мекемелерінен айырмашылығы. Ал банктік емес несие мекемелерінің банктерден өзгешелігі олар тек кейбір банктік операциялар жүргізумен және кейбір қызмет түрін көрсетумен шұғылданады. Коммерциялық банктердің негізгі мақсаты неғұрлым жоғарғы пайда табу.

Банктің жарғылық қоры оның міндеттемелерін қамтамасыз етіп, банктік опреациялар жүргізудің негізгі көзі олып саналады. Алғашқыда ол (мемлекеттік банкті қоспағанда) акция сату есебінен, немесе құрылтайшылардың жарнасы есебінен қалыптасады. Банктің құрылтайшылары мен акционерлері сатып алған акцияларына тек ақша төлеуге міндетті. Жабық акционерлік қоғам түріндегі банктің акциясын төлеуге оның несиеге алған, кепілге алған және басқа да тартылған қаражатты қолдануға болмайды. Банктің акциясы алғашқы нарықта барлық құрылтайыларға бірдей құнмен, яғни акцияның көрсетілген құнымен сатылады. Жаңадан құрылған банктің оның құрылтайы қаражаттарында жарияланған жарғылық қорының елу процентін акционерлері банк тіркеден өткен кезге дейін, ал тіркеуден өткен кезеңнен басап бір жыл ішінде түгел төлеуі қажет /10/.

Жарғылық қорды молайту  екі жолмен жүргізіледі:

Біріншіден, қосымша акцияларды шығару, оның ішінде банктің пайдасын капталдандыру және банктің облигациясын оның акциясына айырбастау есебінен.

Жалпы банктердің қызметтерi:

- уақытша бос ақша қаражатын тарту жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру;

- кәсiпорындарға мемлекетке  жеке тұлғаға несие беру, бағалы қағазбен операция жүргiзу;

- ақша айналымын реттеу;

- айналымға несие құралын шығару;

- экономикалық, қаржылық  кеңес беру;

- эмиссиялық қызмет атқару.

Банк өзiнiң жарғысы  бар толық шаруашылық есеп және өзiн-өзi қаржыландыру негiзiнде қызмет жасайтын заңды тұлға болып табылады. Мемлекеттiк банк осы заң бойынша қызмет атқарып жоғарғы кеңесiне есеп бередi. ҚР заңына сай мемлекеттiк банк деп капиталы толығынан әкiмет иелiгiнде немесе акционерлiк капиталдың басым бөлiгi мемлекеттiк құрылтайшылардың акциясы болғанда есептеледi. Коммерциялық банктер ол өздерiнiң акционерлер жиналысында қабылданған жарғысы бойынша қызмет iстейдi.

Екіншіден акцияның көрсетілген  құнын өсіру жолымен.

Банктің жоғары асқаушы органы акционерлердің жалпы жиналысы, оның ағымдағы қызметін банктің басқармасы жүргізеді. Банктің басқарушы қызметкерлері болып, қадағалау кеңесінің төрағасы және оның мүшелері, Басқарманың төрсағасы және оның орынбасарлары, банктің бас бухгалтері және оның орынбасарлары, банк бөлімшесінің бірінші басшысы және басбугалтері мен олардың орыбасарлары саналады. Банктің заңға сәйкес банктің Басқармасының төрағасы және оның орынбасарлары, банк бөлімшесінің бірінші басшысы және бас бухгалтері қызметке Ұлттық банктің келісімімен тағайындалады. әдетте оладың банк үйесіндегі: төраға мен бас бухгалтер үш жылдан кем емес, ал олардың орынбасарлары екі жылдан кем емес қызмет стажы болуы шарт. Осы айтылған қыметкерлер Ұлттық бактің келісімін үш айға дейін алмаса, өз міндеттерін әрі қарай орындауға құқы жоқ.

Акционелердін жиналысы кезекті  және кезектен тыс блып бөлінеді. Кезекті жиналыс жылма жыл есепті жылдағы банк балансы жасалғаннан кейін бір айдан аспай шақырылуы керек, ал кезектен тыс жиналыс құрылтайшылардың , қадағалау кеңесінің , Тексеру комиссиясының талабы бойынша шақырылады.

Банктің Ұйымдық құрылымы әрқайсысы белгілі бір міндетер мен талаптарды атқаратын қызмет тараулары мен бөлімшелерден тұрады.

Жалпы кез келген банктің  ұйымдық құрылымы банктік оерацияларды атқаратын міндеттерін ескеріп қалыптасады.

 

II Қазақстан Республикасының  банк жүйесінің дамуын талдау және жетілдіру жолдары

2.1 Орталық банк және оның қызметтері талдау

 

Ұлттық банкінің республикадағы банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейіндегі банк,өз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 30 наурыздағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Заң күші бар Жарлығы бойынша жүргізеді және осы Жарлыққа сай Президентке есеп береді. Сонымен қатар Ұлттық банк өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа заңдарды, халықаралық шарттар мен келісімдерді басшылыққа алады.

Ұлттық банк - заңды тұлға, дербес балансы бар, өзіне тікелей  бағынатын төменгі бөлімшелері  мен бірге тіке бағыныстағы біртұтас орталықтандырылған құрылым,іс-әрекетін толық шаруашылық есеп негізінде жүргізеді.Әр түрлі салық жинаудан,баж салығғын және кеден салығын төлеуден босатылады. Ол республиканың кез келген жерінде және одан тыс жерлерде өзінің басқармасын және басқада бөлімшелерін ашуға құқығы бар. Өз жұмысын үкіметпен келісіп, үнемі кеңесіп жүргізеді.Үкімет Ұлттық банктің міндеттемелері бойынша жауапты емес,дәл сол сияқты,егер өзіне белгілі бір жауапкершілік алмаса, Ұлттық банк те үкіметтің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.Үкіметтің өкілдік және атқарушы органдарының Ұлттық банк пен оның құрылымдық бөлімшелерінің заңды қызметтерін атқаруқа араласуқа құқығы жоқ.

Банк жүйесі туралы ұғым