Банктегі тұтыну несиесін беру жүйесін жетілдіру жолдары
ЖОСПАР
Кіріспе……………………………………………………………
1. Қазақстан Республикасының несиелік жүйенің ұйымдастырылуы
- Несие жүйесінің жалпы сипаты………………………………............
......5 - Банктегі несие беру процесі…………………………………….........
......8
2. Несие пайызы және оның нарық жағдайындағы экономикалық рөлі
2.1 Несие пайызының экономикалық
сиппаттамасы және оның
атқарымдары...................
2.2 Коммерциялық банктердегі
түтыну несиесінің мәселелері....................
3. Банктегі тұтыну несиесін беру жүйесін жетілдіру жолдары.
3.1Екінші деңгейдегі банктердің
тұтыну несиесін беру жүйесін
жетілдіру………………………………………………………
Қорытынды………………………………………………………
Қолданылған
әдебиеттер тізімі…………………………………………….27
КІРІСПЕ
Банктер ерте заманнан-ақ, құндылықтарды сақтау қызметімен қатар қарыз беру, яғни несиелендіру қызметімен де айналысты.
Физикалық тұлғаларды тұтыну мақсаттарына несиелендіру - банктік қызметтердің дәстүрлі түріне жатады. Сондықтан да бұлар, банк несиелік институт деп те аталады. Банк активтерінің басым бөлігі несиелік операцияларға тиеді.
Несие көбінде экономика дамуының алғышарты және маңызды талабы, сондай-ақ экономикалық өсімінің қажетті элементі болып табылады. Сондықтан да Елбасының «Қазақстан 2030» атты стратегиясының жетінші ұзақ мерзімді басымдылығында несиелендіру мәселесіне ерекше көңіл бөлген.
Бүгінгі күні банктер ұсынатын несиелендіру бағдарламалары көп, бірақ мен өз жұмысымда тұтыну несиесіне тоқталамын. Тұтыну несиесі - бұл тұрғындарға тұтыну тауарларын сатып алу және кейінге қалдыруға болмайтын қажеттіліктеріне төлем жасау үшін коммерциялық және банктік формада берілетін несие. Өндірістік мақсаттарға берілетін несиелерден ерекшелігі - бұл несие соңғы тұтыншылардың, яғни физикалық тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.
Соған орай, менің жұмысымның мақсаты - елімізде қалыптасқан экономикалық жағдайда халықты тұтыну мақсаттарына несиелендірудің маңыздылығын көрсетіп, ондағы менеджмент рөліне көңіл бөлу.
Бүгінгі менеджмент - бұл бір жағынан нарықтық жағдайды түсіндіруге тырысатын концепциялар жиыны, ал екінші жағынан - өмірлік жағдайлар мұхиты. Ол өмірдің көп түрлілігіне бағынатын басқа да әрекет сияқты әрқашан өнер болып табылады. Сондықтан да несие беруде оның маңызы зор. Банктегі менеджмент мақсаты - халықтың депозиттері мен салымдарын дұрыс және мақсатты пайдалану арқылы жаңа клиенттерді тартып, бұрынғыларын сақтап қалудың көмегімен адамдардың үнемі өзгеріп отыратын талаптарын тиімді қанағаттандыру. Осы себептен, тұтыну несиесін басқару мәселесі әрқашан өзекті мәселе болып қала бермек.
Жұмысымның зерттеу объектісі ретінде мен АҚ «Қазақстан Халық Банкін» таңдадым, өйткені бұл банктің тұтыну несиесін берудегі тәжірибесі мол және ол еліміздегі 35 екінші деңгейдегі банктердің ең ірі үштігіне кіреді,
Алға қойған мақсатымды жүзеге асыру үшін келесідей міндеттерді шешу қажет:
1) Қазақстан Республикасындағы
несиелік жүйенің ұйымдастырылуын
қарастыру;
- тұтыну несиесін қолданудың әлемдің тәжірибесімен танысу:
- АҚ "Қазақстан Халық Банкі" және АҚ "Банк Түран Әлем" мысалында
тұтыну несиесін ережелерімен танысу;
4) банктің 2001 -2003 жж. қаржылық әрекетін талдау;
5) тұтыну несиесін берудегі қарыз алушының несие қабілеттілігі мен төлемақықабілеттілігін талдау;
6) тұтыну несиесін жетілдіру жолдарын қарастыру;
Несиенің қажеттілігі мен мүмкіндігі қайта өндіру процесіндегі капитал айналымының заңдылықтарына сүйеиеді. Бір жерлерде несие көзі болып табылатын уақытша бос қаражаттар пайда болады, ал екінші жерде өндірісті кеңейту үшін вгсиеге деген қажеттілік туындайды. Сонымен, несие экономикалық өсімге негіз болады: несие беруші шсие үшін төлем алады, ал несие алушы өзінің өндірістік қорларын ұлғайтады.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НЕСИЕЛІК
ЖҮЙЕНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
1.1 Несие жүйесінің жалпы сипаты
Нарықтық экономикада несие - банк жүйесі маңызды рөл атқарады. Ол арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысулары мен төлемдері жүргізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың жинақтары мен табыстарын жұмылдырады және белсееді түрде жұмыс жасайтын капиталға айналдырады, сондай-ақ көптеген түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдақ, инвестициялық, сшім, кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды. Несие жүйесінің рөлі мен маңызы келесідегі бірқатар көрсеткіштермен сипатталады: несиелік жұмсалымдардың жалпы көлемі, кәсіпорындар мен үйымдардың негізгі және айналым капиталын қалыптастыруға банктегі қарыздардың үлесі, жалпы төлем айналымы және т.б.
Нарықтық қатынастар жағдайында несиелік жүйенің қызмет ету механизмінің, оның құрылымының, несиелік операциялардың ұйымдық-құқықтық формаларының, сондай-ақ несиелеу әдістері мш тәсілдерінің өзгеруіне байланысты несие жүйесі де құрылымдық өзгерістерге ұшырауда. Байқап қарасақ, халық шаруашылығының экономикалық дамуының әрбір тарихи кезеңіне сай келетін банк ісін ұйымдастыру типі, экномиканың жекелеген буындарының несие-қаржы қызметтеріне деген қажеттілігіне жауап беретін өзіндік несие жүйесі болады екен.
Несие жүйесі банк жүйесіне қарағанда ауқымды ұғымды білдіреді. Себебі оның құрылымына банктік жүйеден басқа, бектік емес мекемелер де кіреді. Несиелік жүйе - бұл несиелік операцияларды жүзеге асырудың құқықтық формаларының, сондай-ақ банктік және өзге де несиелік мекемелердің жиынтығын білдіреді.
Несиелік жүйе басты екі буьшнан тұрады: біріншісі - банктік жүйе, ал екіншісі - парабанктік жүйе. Қазақстан Республикасның несиелік жүйесінің құрылымы 1 суретте берілген.
Бүгінгі таңдағы Қазақстанда қызмет ететін банктік жүйенің не бары он жылдың тарихы ғана бар. Бұл жүйенің қалыптасуына КСРО-ның ыдырауының нәтижесінде еліміздің өз тәуелсіздігін алуының себеп болғандығын айта кету керек. Содан бері банк жүйесінде түбегейлі реформалар жалғасуда. Ондағы мақсат - отандық банктеріміздің қызметін халықаралық стандартқа өткізу болып отырғандығы да жасырын емес.
ҚР-ғы банктік жүйе, өз қызметінде 1995 жылғы шығарылған «ҚР Ұлттық банкі туралы» және «ҚР банктер және банктік қызмет туралы» заңдарын жетекшілікке алады.
01.01.95 |
01.01.96 |
01.01.97 |
01.01.98 |
01.01.99 |
01.01.00 |
01.01.01 | |
Екінші деңгейдегі банктердің барлығы: |
184 |
130 |
101 |
82 |
71 |
55 |
47 |
Соның ішінде: |
|||||||
Мемлекеттік |
4 |
4 |
4 |
6 |
1 |
1 |
1 |
Мемлекет аралық |
- |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
Шетел капиталының қатысуымен |
8 |
8 |
9 |
22 |
23 |
22 |
16 |
90-шы жылдардың басында отандық банктерінің тек сандық жағынан ғана өсіп, олардың саны 200-ге дейін жетсе, бүгінгі күні олар сапалық жағынан өсуде, яғни біріктіру және сауықтыру процесі нәтижесінде 35-ке (01.01.2001 ж.) дейін қысқарды, және ондағы уақытта әлі де азаяды деген жорамал бар. Екінші деңгейдегі банктердің дамуы жайлы 1-кестеден көруге болады. Кесте 1 Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің сандық құрамы
Сандық мәліметтер
Қ¥Б-нің статистикалық
Қазақстанның банктік секторында шетел капиталының қатысуы кеңейе түсуде. Айталық, 2002 жыл ішінде банктердің активтері банктік сектордың жиынтық активтерінің құрамында 12,3%-дан15,6%-ға дейін ұлғайған.
Қазіргі несиелеу жүйесіне келер болсақ, оның құрылымдық элементтеріне мыналар жатады:
- несиелік саясат;
-несиелеу шарттары
- несиелік механизм;
- несиелеу техникасы (механизмі).
Қазіргі несиелеу жүйесі банктің ресурсына негізделеді. Бүгінгі жағдайдың бұрыңғы әрекет еткен жүйеден айырмашылығы - ол уақытта несиелік мекемелер өздеріне жоғарыдан берілген несиелік ресурстармен ғана жұмыс жасаған болатын. Ал қазіргі кезде берілетін несиелердің көлемі толығымен банктердің тартылған каражаттарына байланысты. Бұл берілетін несиелердің ауқымының, сонымен қатар несиелік мекемеде қалыптасатын пайда мөлшерін көрсетеді.
Қазіргі несиелік механизм коммерциялық сипатқа ие. Мұндай жағдайда несиелеудің тек кәсіпорынның қосымша қаражатқа деген қажеттілігін қанағатандыру ғана маңызды емес, сонымен қатар несиелік мекеменің рентабельділігін арттыру үшін де несиелеудің маңызы зор.
Қазіргі несиелеу жүйесінің басты ерекшелігі банктердің меншікті және тартылған ресурстарына ғана байланысты емес, сол сияқты клиенттерді несиелеуді жүзеге асыратын коммерциялық банктер үшін Орталық банк бекітетін нормаларға және пруденциялық нормативтерге байланысты келеді. Мысалға, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі орталық резервтерге міндетті төлемдер аудару нормасын белгілейді.
Сондай-ақ, қазіргі несиелеу жүйесінің маңызды белгілеріне келесілерді де жатқызуға болады: келісім шартқа негізделу, несиелеудің объектіден субъектіге несиелеуге өтуі, банк несиелерін жоғары дәрежеде кепілдендіру формаларына өту.
Жалпы, кәсіпорындарды несиелеудің өзгерген жүйесі біршама дәрежеде нарықтық қатынастарға сай келетін үлгі ретінде оларды бағалауға мүмкіндік жасайды.
Қазақстанның банк жүйесінде берілетін несиелердің түрлері көп. Олар келесі белгілер бойынша ажыратылады:
а) қызмет ету саласына байланысты:
- негізгі қорлардың кеңейтілген қайта өндірісіне қатысатын
ссудалар; - айналым қорларын ұйымдастыруға қатысатын несиелер,
олардың өзі өндіріс саласына бағытталған және айналым саласына
қызмет ететін несиелер болып бөлінеді;
ә) пайдалану мерзімі бойынша:
- талап еткенге дейін;
- мерзімді, оның өзі бөлінеді: қысқа мерзімді (1 жылға дейін),
орта мерзімді (1-3 жылға дейін), үзақ мерзімді (3 жылдан жоғары);
б) көлемі бойынша: ірі - орташа - ұсақ;
в) қамтамасыз ету бойынша:
- қамтамасыз етілмеген;
- қамтамасыз етілген: кепілдендірілген, сақтандырылған;
г) беру әдісі бойынша:
1) компенсациялық (несие қарыз
алушы өзінің салынған
қаражаттарын толтыру үшін
оның есеп айырысу шотына бағытталады);
2) төлемдік (тікелей
есептік - ақшалай құжаттарды төлеуге
бағыталады);
д) өтеу әдістері бойынша.
- бөліп - бөліп өтелетін;
- бірден өтелетін.
Жалпы, несие - бұл банктердің делдалдық әрекеті. Қаржы нарығында бұл әрекет салымшылардың уақытша бос қаражаттарын анықтап, бұл қаражатарды банке тарту және оны қарыз қаражаттарын талап ететін тұлғадарға несие түрінде беру. Банктердегі несие процесін келесі бөлімде толығырақ қарастырамыз.
1.2 Банктегі несие беру процесі
Қазіргі несиелеу жүйесінің маңызды белгілері қарастырылып өткеннен кейін, банктегі несие беру процесіне тоқталайық. Банктердің тәжірибесінде қолданылатын несиелеу процесінің өзіндік кезеңдері болады. Несиелік процесс несиеге деген өтінішті өңдеуден басталып, несиенің толық қайтарылуымен аяқталады. Жалпы несиелік процесті төмендегі суреттен көрсетуге болады.
1-ші өтініш
2 өтініш
Сурет 2 Банктегі несиелік процесс
Қарыз алушыларға несие беру барысында банктер «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» 31.03.1995 ж. және «Қазақстан Республикасындағы банктер/және банктік қызметтер туралы» 30.08.1995 ж. Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлықтардың №1- ші 11.02.1994 ж. «Қазақстан Республикасының экономикасын қысқа мерзімді несиелеу ережесін» сондай-ақ банктің Жарғысы мен нұсқауларын басшылыққа алады. Несиелер төлем қабілеті бар қарыз алушыларға несиені қайтарудың нақты көздерінің және тұрақты қамтамасыз ету формаларының бар болуына қарай беріледі.
Әр кезеңце пайдаланатын несиелеу механизмінің элементтері несиелік операциялардың сапалы сипатын бере отырып, олардың жүзеге асырылу техникасын білдіреді. Несиелеу процесі мынадай кезеңдерді қамтиды:
- несиеге деген өтінішті қарау;
- несиелік қабілетін талдау;
- несиелік келісім-шарт жасау;
- несие беру;
- несиелік мәміленің орындалуына бақылау жасау.
1-кезең. Банкке келіп түскен несиеге деген өтінішті қарау. Кез-келген несиелік операциялар осыдан басталады. Мұндай құжаттарда қарыз алушы мен сүралатын несие туралы негізгі мәліметтер: мақсаты, мөлшері, түрі, мерзімі, мүмкін болар қамтамасыз ету мүлкі көрсетіледі. Банктің қоятын талаптарына байланысты өтінішке қосымша, яғни несиелік операциялар сипатына байланысты құжаттар беріледі. Клиенттердің әртүрлі топтары үшін құжаттар пакеті әзірленуі мүмкін. Мысал ретінде құжаттар пакетінің құрамына жататындар:
1) құрылтайшылық құжаттардың, жарғының, жалға алу шарттарының, тіркелген куәліктерінің немесе патенттерінің нотариалды түрде куәландырылған жерді пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар; азаматтардың төл құжаттары және клиенттің несие алуға құқығын растайтын басқа да құжаттардың көшірмелері;
2) соңғы екі жылдық қарыз алушының
балансы және оған қосымша
беттері;
3) несиеленетін шаралардың
рентабельділік деңгейін
және оның
қайтарылу мерзімін сипаттайтын
техникалық-экономикалық есебі;
- несиеленетін мәмілелерді растайтын келісім-шарттар көшірмелері
(материалдық құндылықтарды жабдықтауға және сатуға арналған шарттар,
т.с.с); - басқа банктерден алған несиелер туралы мәліметтер (шоттар бойынша көшірме);
- қамтамасыз ету мақсатында қепілге берілген мүлікке қарыз алушының меншік құқығын растайтын құжаттар;
- несиені қайтаруға байланысты міндеттемені куәландыратын құжаттар;
8) қызметін жаңадан бастаған, яғни қаржылық есептер және басқа да құжаттары жоқ кәсіпорынның бизнес жоспары.
Қажет жағдайларда банк қарыз алушыдан несиені қайтаруын қамтамасыз ететін басқа да құжаттар мен мәліметтерді талап ете алады. Сонымен қатар, банкпен тұрақты несиелік қатынаста болатын қарыз алушылар үшін кейбір құжаттар тізімі қысқаруы мүмкін. Қарыз алушы банке несие алуға өтініш жасаған уақытта банк несиелеудегі оның мүмкіндігін алдын ала бағалау үшін есеп карточкасын толтыруы мүмкін. Онда: фирманың жетекші мен қарыз алушының аты-жөні; қызметі және меншік түрі; клиенттің заңды мекен-жайы; есеп айырысу және валюталық шот ашқан банктің аты және реквизиттері; негізгі құрылтайшылары; ол сұрайтын несиенің мақсаты; сапасы және мерзімі; соңғы есептік күнге берілген баланс құрылымы және басқа да көрсеткіштер.
2-кезең. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау кезеңі.
Қарыз алушының несиелік қабілеті - қарыз толық көлемде алған ссудасы бойынша қарызды уақытында және толық көлемде бағалаумен сипатталады. Несиені қайтара алэдау тәуекелі көптеген факторлардың әсерінен болуы мүмкін, сондықтан да, банк клиентке несие беруге шешім қабылдаудан
бұрын оның несиелік қабілетін талдайды. Бұл көрсеткіш банктің өтімділігіне ықпал етеді.
Қарыз алушының несиелік қабілетіне талдау жасау барысында мынадай факторлар есепке алынады:
- Ссудаға қатысты қабілеттігі. Қарыз алушыға ссуданы бере отырып, қарыз алушының атынан шығатын тұлғаның құқықтық қуатын анықтайтын Жарғысы және нұсқауымен танысуға тиіс.
- Қарыз алушының іскерлік беделі. Несиелік мәмілеге тиісті беделі деп қарыз алушының қарызды қайтаруға дайындығын ғана түсінбейді, сондай-ақ келісім-шартқа байланысты барлық міндеттемелерді орындауы түсіндіріле/п.
- Табыс алу қабілеті. Банк қарық алушының ссуданы қайтаруға жеткілікті қаражатты табу қабілетіне баға беруі қажет. Қарыз алушының табыс алу қабілетін анықтау барысында сату көлемін, баға шығындарына, шығыстарға эсер ететін факторлар есепке алынады. Бұл факторларға: қарыз алушы кәсіпорынның орналасқан жері; оның тауарлары мен қызметтерінің сапасы; шикізат құны, қызметкерлерінің біліктілігі жатады. Несиелеудегі шетелдік тәжірибеде бұл факторларға қоса жарнамалау тиімділігін, бәсеке
сияқты факторлар ескеріледі.
3-кезең. Несиелік келісім - шарт жасау.
Қазіргі несиелеудің басты ерекшелігі бойынша банк қарыз адушының несиелік қабілетін тексеріп болғаннан кейін, несиелік шарт жасау үшін несиелеу субъектісімен қатынасқа түседі. Несиелеуге байланысты барлық сүрақтарды банк пен қарыз алушы келісім-шарт негізінде шешеді.
Несиелік келісім-шарт екі жақтың өзара міндеттемелерін және жауапкершіліктерін анықтайды. Онда: несиелеу мақсаты және объектісі; несиенің мөлшері, ссуданы беру мерзімі және қайтару шарттары; несиені қамтамасыз ету формасы; несие үшін төленетін сыйақы мөлшерлемесі, несиенің қозғалысын және клиенттің қаржылық жағдайын бақылау үшін қарыз алушының беретін құжаттарының тізімі; олардың берілу мерзімдері, сондай-ақ несиелеу процесіндегі банктің бақылау қызметі көрсетіледі.
Несиелік келісім-шарттың мазмұнын келісуші жақтардың өздері анықтайды. Бұл жерде отандық банктер, оның типтік формаларын пайдаланылады.
Несиелік келісім-шарттың мазмұнында несиелеу механизмі, оның негізгі элементтері (несие түрлері және объектілері, санасы, несиенің бағасы, несиелеу әдістері және судалық шоттар түрлері, ссуданың қамтамасыз етілу және қайтарылу тәсілдері, банк бақылауы және банк ссудаларының қозғалысы қарастырылады. Несиелеу тиімділігі осы элементтердің банктің жұмысында қалай іске асырылуына және өзара үйлесетіндігіне тікелей байланысты болып келеді.
Бұл несиелік механим негізінде несиелеу принциптері жатады. Несиелеу принциптеріндегі мәселелер әлі күнге шейін бір шешімге келген емес. Несиелеу процесінің үшінші кезеңіндегі несиелік келісім-шарт жасау барысында несиелеу принциптерінің орындалуы екінші деңгейдегі банктер мен қарыз алушылардың тиімді қызметінің маңызды алғышарттары болып табылады. Демек, несиелік келісім-шарттың экономикалық мәні несиелеу принциптерінің орындалуына негізделеді.
4-кезең. Несие беру кезеңі.
Бұл кезең ссуданың шот формасын, ссуданы беруді құжаттау тәртібі (қосымша құжаттар толтырылуы мүмкін), ссуданы беру тәсілін анықтайтын несиелеуді ұйымдастыру және техникалық шарттарын қамтиды.
Несие беруді құжаттау тәртібі судалық шот формаларына байланысты ажыратылады. Жай ссудалық шот ашылған қарыз алушы қорларының жинақталуына байланысты несиеге деген өзінің қажеттілігін өтінеді. Осы мақсатта ол банкке несиеленетін тауарлы - материалдық құндылықтардың төленген нормативтен жоғары қалдығы, олардың қозғалысы туралы мәліметтер беріп, банк соның негізінде ссудаға деген қажеттілік мерзімді міндеттемелер арқылы құжаталады. Арнайы ссудалық шот бойынша берілген ссуда әр алған сайын құжатталмайды, себебі, ол" шот ашу барысындағы өтініш-міндеттемесі негізінде жүргізіледі.
Несиенің көлеміне байланысты әр түрлі берілу тәсілдері болады. Біріншісі - несие клинттің шотына толығымен аударылып, қажет болған жағдайларда жұмсалады.
Екінші - несие алуға қүқығы қосымша қаражаттарға деген қажеттіліктің туындауына байланысты біртіндеп іске асады. Үшінші - белгілі бір сомманы алуға клиенттің құқығы бола отырып, ол оны алудан бас тартады (мысалы, артық сыйақы төлегісі келмейді).
5-кезең. Несиенң қайтару және оған сыйақы төлеуіне бақылау жасау -несиелік операцияның мыңызды кезеңі.
Ссудалар бойынша қарызды қайтару тәсілі ссудалық шоттар формасында, банк қаражаттарының пайдалану ұзақтығына лоне олардың төлем айналымын құраудағы рөліне байланысты.
Жай шоттар бойынша банкке қарызы есеп айырысу шотындағы меншікті қаражаттардан аударатын жарналар жолымен қайтарылады. Ссуданы қайтару мерзімі беру уақытында мерзімді міндеттемелермен құжатталады: егер де ссуда тұтас қайтарылатын болса, онда бір ғана мерзімді міндеттеме толтырылады, ал ссуда бөліп-бөліп қайтарылатын болса, онда әр төлемге бір мерзімді міндеттеме толтырылады.
Арнайы ссудалық шот бойынша банкке қарызы тікелей осы шотқа келіп түскен түсімдер есебінен жүзеге асырылады.
Ссуданың қайтарылуына бақылау жасау үшін банке ссудалар бойынша мерзімді міндеттемелердің картотекасын жүргізеді. Банк қызметкерлері күнделікті қайтарылатын мерзімі жеткен ссудаларды қарай отырып, қарыз алушының есеп айырысу шотынан қаражаттарды шегеруге үкім-ордерін береді. Жартылай қайтаруға байланысты төлемдер уақыты жеткен кезде мерзімді міндеттеменің келесі бетіне тиісті белгілерін жасайды. Егер де қарыз алушының есеп айырысу шоты бақа банкте ашылған болса, ссуда бойынша қарызды және сыйақы қайтару қарыз алушының төлем тапсырмасы негізінде жүргізіледі. Жекелеген жағдайларда, қарыз алушының уақытша қаржылық қиындықтарға кезігуіне байланысты банк қайтару мерзімін кейінге қалдыруға рұқсат етуі мүмкін, бірақ бұл қарыз жоғары сыйақымен құжатталады.
Сыйақы мөлшері, оны төлеу мерзімі және тәртібі, сондай-ақ оларды іздестіру механизмі несиелік келісім шартта анықталады. Сыйақы ай сайын, тоқсан сайын және т.б. есептелуі және қайтару кестесіне сәйкес іздестірілуі мүмкін.
Банктік тәжірибеде ссуда бойнша жай және күрделі сыйақы есептеу формалары қолданылады.
Жай сыйақыны есептеу формуласы келесідегі түрде беріледі:
J=
мүндағы і - сыйақы мөлшері
Р - қарыз қалдығы
п - сыйақы есептелетін кезеңді күндер саны
J - ссуданың барлық мерзіміне сетептелетін жай сыйақы
соммасы
Несие бойынша есептелетін күрделі сыйақыны есептеу формуласы төмендегідей:
J = Px[ ], (2)
мұндағы i - сыйақы мөлшерлемесі
P - несиенің бастапқы соммасы
J - несиенің барлық мерзіміне есептелетін сыйақы соммасы
п - аймен берілген несиенің ұзақтығы
Егерде несиелеу
мерзімі кезеңінде қарыз
Jg =Gx[(l +
мұндағы Jg - мерзімі өткен қарыздар бойынша есептелген сыйақы соммасы
G - мерзімі өткен қарыз соммасы
ig - мерзімі өткен қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі (айыппұл)
t1 - несие бергеннен бастап мерзімі өткен қарызға байланысты сыйақы естептелген күнге дейінгі уақыт мезгілі;
t2 - несие бергеннен бастап мерзімі өткен қарыз пайда болғанға дейінгі уақыт мезгілі.
Пайызды есептеу барысында шартты түрде айдағы күндер саны - 30, ал жылдағы - 360 күнмен алынады.
Банк несиелік келісім-шарттың орындалуына, қарыз алушының алған несиесін пайдалануына және оны толық қайтаруына бақылау жасайды. Осы мақсатта қарыз алушының шаруашылық қызметіне, оның қаржылық жағдайына талдау жасап, қажет болған жағдайларда, орнында ақшалай және есеп айырысу құжаттарын, бухгалтерлік жазуларды, есептік материалдарды тексереді.
Несиелік келісім-шартқа байланысты өз міндеттемелерін орындамаған қарыз алушыларға қатысты, банк: қарыз алушыға әрі қарай несиелеуді тоқтату туралы ескерту жасауға, несиелік шартында қарастырылғандай, беруді тоқтатуға құқы бар. Қарыз алушы несиелік келісімінің шарттарын жүйелі түрде орындамаған жағдайда банк несиені мерзімінен бұрын қайтаруды талап етуге қүқылы.
Несиелеу процесіне жасалатын бақылау банктің несиелік профилін мерзімді түрде тексеріп отыруымен де толықтырылады. Өйткені, банктің несиелік портфелі оның табыс көзі және несиелік операцияларды жүргізу барысындағы тәуекел көзі болып табылады.
Қарастырылып кеткен банктегі несие беру процесі несиенің бар түріне ортақ. Ал несиенің түрлері - бұл белгілі бір түрдегі экономикалық қатынас ретінде несиеден келіп шығатын белгілі бір қасиеттерге ие оның бір түрі. Келесі бөлімде тұтыну несиесінің мәні мен оны қолданудағы шетелдік тәжірибе қарастырылады.
2. Несие пайызы және оның нарық жағдайындағы экономикалық рөлі
2.1
Несие пайызының экономикалық
сиппаттамасы және оның
Несие пайызы қоғамда тауар өндірісі мен кредит қатынастарының даму жағдайында пайда болады.
Несие пайызы кредит ретінде - уақытша пайдалануга берілген құнның багасы болып көрінетін объективті эко-номикалық санат. Несие пайызының мэні мыналарды көрсетеді:
а)несиеге
берген құнды пайдаланғаны үшін төлеуді;
э) кредитке қосылған
үстемені;
б)кредит берушінің шыгынының орнын толтыруды.
Кредитті қарызға
алушы өндіргіш ретінде пайдаланғанда
несие пайызының көзі болып оның несиеге берген құнды пайдалану нэтижесінде алған пайдасы есептеледі. Сондыктан кредит берушінің несие берген құны мен оны өндірісте пайдаланатын карызға алушының арасында тұрақты түрде экономикалық қайшылықтар болады. Бүл қайшылыкты шешу
үдерісінде кредитті пайдаланған пайданы табыс пен несие пайызына бөлу жүреді.
Несие пайызын төлеу
қажеттілігі қарызға алушыны не
Қарызға алушыға кредитті бергенде несие пайызы банкінің негізгі мақсаты болып табылады. Сондыктан банк пайыз сомасын толық көлемде және уақтылы алуга мүдделі. Осы активті пайыз есебінен пассивті пайыз (банк өзінің кли-енттеріне банкіде ақша сақтаганы үшін толейді) телейді. Активті жэне пассивті пайыздар арасындагы айырмашылық банк маржасын немесе таза банк табысын күрайды.
Несие пайызы мәселесі бойынша экономикалық катынастар айрықшалыкты, оларды кредит қатынастарымен шатастыруға болмайды.
Несие пайызы мэселесі бойынша катынастар кредит қатынастарымен шектелмейді. Егер кредит қүн қозғалысын қайтарылымдық негізінде білдірсе, онда пайызды төлеу ба-ламасын алмай-ақ күнды табыстауды сипаттайды. Кредит-ті пайдаланганы үшін пайыз кайтарылмайды, оның сомасы карызга алушыдан кредит берушіге толық ауысады, ал сол кезде меншік қүқығы кредиттегі сияқты берілмейді, құн карызга алушыға уақытша пайдалануга беріледі жэне белгілі бір мерзім өткен кезде занды бастапқы нүктесіне қайтады.

- Банктердегі несиелік саясат, оның элементтері.
- Банктердің депозиттік саясаты
- Банктердің жалпы сипаттамасы
- Банктердің несиелік процесі
- Банктердің өтімділігі мен төлем қабілеттілігі
- Банктердің пайда болуы
- Банктердің пассивтік операциялары
- Банк система
- Банк: структура, функции и формы организации
- Банк сущность, понятие, содержание
- Банктiк жүйе тоша
- Банктағы арнайы шоттар бойынша операциялар есебінің схемасы
- Банктегі, есеп айырысу шотындағы ақша қаражаты
- Банктегі,есеп айырысу шотындағы ақша қаражаты