Банктердің депозиттік саясаты
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Курстық жұмыс
Тақырыбы: «Банктердің депозиттік саясаты»
Орындаған: _________________
_____________________________
Тексерген: ___________________
_____________________________
Кіріспе.......................
1 Бөлім Банктердің
депозиттік саясаты және оны
құру тәртібі.................
1.1 Депозиттік нарық түсінігі
және оның мәні..........................
1.2 Жеке және заңды тұлғалардың депозиттерін сақтандыру жүйесі,
оның қызметі.................
1.3 Банктердің депозиттік саясаты
және оның депозиттер нарығын жетілдірудегі
маңызы........................
2 Бөлім Салым операцияларының
есебі.........................
2.1 Талап
ету салымдарының есебі........
2.2 Мерзімді салымдардың
есебі.........................
2.3 Шетел валютасындағы
депозиттік операциялардың
3 Бөлім Депозиттік саясаттың даму перспективалары мен мәселелері...31
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер
тізімі........................
Қосымшалар....................
Кіріспе
Қазақстан банктерінің депозиттік операциялары пассивтік операциялардың ең басты және негізгі бағыты болғандықтан банктің ресурстарының көп бөлігі осы депозиттік агенттер есебін қамтиды. Сондықтан Қазақстан банктері депозиттермен айналыспас бұрын депозиттік саясат құрып қалыптсатырып отыруы керек. Депозиттік саясат дегеніміз- коммерциялық банктердің нарықтық ортада сырттан қаражат тарту мақсатында және өзінің қалыптасқан депозиттік портфелін тиімді басқару үшін ұйымдастырылған іс-әрекеттердің жиынтығы.
Депозиттік операциялар — бұл заңды және жеке тұлғалардың тартылған қаржылары бойынша белгiлi бір мерзімге немесе талап ету салымы бойынша банктердің операциялары.
Депозиттік
операцияларды жүргізу кезiнде
кез келген банк өздері
— депозиттік операциялар банктің пайда табуына немесе болашақта пайда табуға мүмкіндік жасауға негiзделiп ұсынылады;
— депозиттік операцияларды
ұйымдастыру үдерiсiнде
— депозиттік операцияларды жүзеге асыру барысында осы және депозиттер мен несиелiк салымдардың мерзiмдерi мен сомалары бойынша несие ұсыну операциялары арасындағы өзара байланыс пен өзара келісімділіктің болуын қамтамасыз ету қажет;
— депозиттік операцияларды ұйымдастыру үдерiсiнде банк балансының өтiмдiлiгiн жоғары деңгейде қамтамасыз ететiн мерзiмдiк депозиттерге ерекше назар аударған жөн;
— депозиттік операцияларды ұйымдастыра отырып, банк депозиттік шоттардағы бос қаржы резервтерінің ең аз болуына талпынуы керек;
— депозиттердi тартуға әсер ететiн банктiк қызметтерді дамыту және қызмет керсету сапасы мен мәдениетiн жоғарылату шараларын қарастырған жөн.
Көптеген ұсақ және шағын банктер үшін депозиттер ақша қаржыларының басты көзi болып табылады. Банктер қаржы нарығында қаржылық делдал ретiнде басқа кәсіпорындар мен ұйымдардың, тұрғындардың уақытша бос ақша қаражаттарының iрi сомасын орналастырады. Банктер бұл қаржыларды тиiмдi пайдаланып, олардың сақталуын қамтамасыз етедi және қарыз алушыларға табысты негiзде ұсынады. Көптеген жеке тұлғалар, iскер фирмалар, акционерлiк компаниялар, және кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар, үкiмет мекемелерi, мемлекеттiк кәсіпорындар, жергiлiктi органдар өз қаржыларын коммерциялық банктерге салады.
Банк жүйесінің капиталдануы дамып отырса да, әлі де көптеген кемшіліктердің бар екендігін атап айтуға болады. Бұл жіберіліп отырған кемшіліктер Қазақстан Республикасының Нарықтық экономика жолына түскеніне онша көп бола қоймағандығымен түсіндіріледі.
Осы тақырыптың ең бір өзекті проблемалы мәселенің бірі - ол банктік жүйенің халық пен кәсіпорындар алдындағы міндеттемелерін, яғни депозиттік салымдарын қайтарып беру бойынша кейбір жағдайларда өз міндеттемелерін мезгілінде орындай алмай қалып отыруында болып тұр.
Негізінен депозиттік саясаттың
мақсаты - олардың активтері мен
пассивтерінің үйлесімділігі
Коммерциялық банктердің негізгі қызметі – салымдарды тартумен байланысты салым операциялар болғандықтан, осы операцияларды жүргізуде банктер өз кәсіби шеберліктерін, заңдық, әдістемелік, техникалық негіздерін және тағы басқа тұстарды әр уақытта жетілдіріп отыруы қажет.
Егер банк жүйесінде салым ретінде салынған 1000 теңгенің
мультипликациялануы нәтижесінде 20000
теңгеге дейін артатынын ескерсек , онда
халық қолындағы экономикаға тартылмай
отырған қаражаттардың біз үшін
қаншалықты маңызының бар екенін көруге
болады. Бұл қаражат иелерінің өз қолдарындағы
ақша қорларын тиімсіз сақтап отыруы
ол банк жүйесінің 90-жылдардың басындағы
экономика дағдарысына байланысты халық
сенімінен шығып қалуының салдарынан
болып отыр.
Қалай болған жағдайда банк жүйесіне деген
ел сенімін арттырып, олардың мүдделерін
жан-жақты қорғап, экономикаға қызмет
етпей бос жатқан ақшалай қаражаттарын
әрбір атқан күннің басты мәселесі болып
қала береді.
Банктердің депозиттік саясаты және оны құру тәртібі
1.1 Депозиттік нарық түсінігі және оның мәні
Банктің жалпы депозиттерінің белгілі бір тұрақты бөлігі болып келетін және нарықтық орта өзгерістеріне онша әсер етпейтін және сыйақы мөлшері төмен болып келетін немесе банк үшін депозиттерді тарту шығындары төмен болатын салымдар жиынтығы депозиттік база деп аталады. Ал депозиттік портфель коммерциялық банктердің депозиттік саясаты нәтижесінде қалыптасқан баланс пассивінде көрсетілген сырттан тартылған қаржылардың немесе банк мідеттемелерінің жалпы жиынтығы.
Депозиттік портфельдің экономикалық мағынасы құрамымен құрылымын анықтайтын бірнеше факторлар бар:
- Банктің көтерме сауда нарығындағы репутациясы;
- Банктің бөлшек сауда нарығындағы репутациясы;
- Банктің басқа банктермен корреспонденттік қатынастардың дамуы;
- Банктің клиентуралық нарығындағы стратегиясы мен тактикасы;
- Географиялық немесе аймақтық орналасуы;
- Жұмыспен қамтамасыз ету деңгейі және азаматтардың табысы;
- Депозиттік портфельді басқарудағы депозиттік портфельдің диверсификациясы. Егер банктің депозиттік портфелінің диверсификациясы жоғары болса, онда мұндай банк депозиттік базасы да орнықты болады.
Депозиттік нарық дегеніміз – заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос ақша қаржыларын жинақтап оларды тиімді немесе табысты орналастыру мен байланысты сұраныс пен ұсыныс пайда болатын ресми және бейресми орналастырылған, ұйымдастырылған экономикалық орта. Депозиттік нарықтың мынандай атрибуттары бар:
- Сауда-саттық контрагенттік, яғни ақшаға деген сұраныс пен ұсынысты жасаушы тұлғалар;
- Сауда-саттық объектілері яғни заңды немесе жеке тұлғалардың бос ақша тұлғалары;
- Сауда-саттық инструменттері яғни тауарға баға белгілеу, пайыздық мөлшерлеме, депозиттік шарт ережелер;
- Нарықтық құрылым;
- Бәсекелестік.
Депозит бойынша пайыздық ставкалар.
Депозиттік пайыздық ставкалар сыйақы ставкалар нарықтық ставкалардың немесе нарықтық индекаторларының қатарына жатады. Депозиттік пайыздық ставкалардың индекаторы деп – бұлардың мөлшері депозиттік нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына байланысты, бұлардың мөлшері үнемі өзгеріп отырады. Депозиттік пайыздық ставкалардың деңгейіне немесе мөлшеріне байланысты депозиттік нарықта қатысушылардың мінез-құлқына баға беруге болады. Депозиттік сыйақы ставкаларының мынандай түрлері бар:
- нақты депозиттік пайыздық ставка;
- тұрақты депозиттік пайыздық ставка;
- номиналды депозиттік пайыздық ставка;
- өзгермелі депозиттік пайыздық ставка;
- аралас депозиттік пайыздық ставка;
- базалық депозиттік пайыздық ставка.
Банктік тәжірибеде депозиттік пайыздық ставканы есептеудің жай және күрделі әдістері қолданылады. Бір жылға дейінгі қаржылық операциялар үшін пайызды есептеудің жай әдісі бір жылдан жоғары мерзімдерден операцияларды есептеу үшін күрделі әдіс қабылдайды. Ал егер де төлемдер сайын жүргізілетін болса, аннуитет қолданылады.
1.2 Жеке және заңды тұлғалардың депозиттерін сақтандыру жүйесі, оның қызметі
Қазақстан Республикасы банк жүйесінің екінші деңгейлі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарын сақтандыру қажеттігі көп жылдардан бері шешімін таппай келе жатқан мәселелердің бірі болатын. Мұндай мәселенің туындауы Қазақстан Республикасы экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне және халықтың банктердегі көптеген жылдар бойы жинаған ақша қорларының, яғни жинақтарының 1990 жылдардың басында инфляция әсерінен банктердің жабылуы салдарынан жоғалып кетуімен байланысты болып отыр. Бірақ жеке тұлғалардың салымдарын сақтандыру қоры құру оңай мәселе болмады. Халықтың коммерциялық банктердегі салымдарын сақтандырудың біріншіден, халық қолындағы айналысқа түспей отырған ақшалай қаржаттарын экономикаға тарту, екіншіден, ақша иелерінің табыстарын өсіру, үшіншіден, банк жүйесін ақша ресурстарымен қамтамасыз ету, төртіншіден, экономиканың нақты секторларына жұмсалынатын несие ресурстарын көбейту, бесіншіден, өндірістерге ішкі инвестицияны тарту және тағы басқа да көптеген пайдалы тұстары бар.
Екінші деңгейлі банктердегі тұрғындардың және ұйымдардың салымдарын банктердің төлем қабілетінің болмай қалуынан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық Банкке екінші деңгейлі ірі банктерімен бірлесе отырып қысқа мерзімде тұрғындардың салымдарын ұйымдық сақтандыру жүйесін құруды және оны іске қосуды тапсырды. Көп ұзамай, 1999 жылдың 5 қарашасында Ұлттық Банк екінші деңгейлі банктер, банктер ассоциациясы және қаржыгерлер ассоциациясымен бірлесе отырып, екінші деңгейлі банктердегі жеке тұлғалардың салымдарын міндетті түрде ұжымды сақтандыру ережесін енгізді. Осы сақтандыру жүйесі шеңберінде жарғылық қоры 1 миллиард теңгені құраған «Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарын сақтандыру қоры» құрылды. Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарын сақтандыру Қоры «Қазақстан Республикасы екінші деңгейлі банктердегі жеке тұлғалардың салымдарын міндетті түрде ұжымды сақтандыру Ережесі» негізінде және басқа да Қазақстан Республикасы Конституциясына, Заңдарына нормативті актілеріне сүйене отырып қызмет ететін қаржы мекемесі. Бұл қордың негізгі мақсаты – қатысушы банктердің еріксіз жойылуы жағдайында жеке тұлғалардың салымдарын сақтандыру жолымен салымшылардың мүддесін қорғау. Қор салымшы мен банктің арасындағы қатынастасалымның сақталуының кепілі ретінде үшінші тұлға болып қызмет атқарады. Салымшылардың мүддесін қорғау банктерге деген халықтың сенімін қайта қалыптастыруға бағытталған . Өйткені халықтың банктерге, қорларға, басқа да қаржы мекемелерге деген сенімі соңғы бес-алты жыл бұрын өте төмендеп кеткен. Бұған себеп, аталып отырған мекемелердің өз қызметтерін дұрыс атқара алмауы нәтижесінде жабылып қалуы, банкротқа ұшырауы, міндеттемелерін өз уақытында орындамауы, оған мемлекеттің қолданатын шараларының болмауы және тағы басқа көптеген жағдайлар.
Қазақстанның салымдарды сақтандыру қорының қарамағында әр уақытта өсіп отыратын қордың резервін құрайтын сақтандырылмаған салымдар бойынша өтеу үшін төлеуге арналған ақша соммасы бар. Әр тоқсан сайын қатысушы банктердің күнтүзбелік жарналарды аударуымен қордың резерві толығып отырады. Егер қатысушы банктің бірінің жойылуы барысында сақтандырылған салымдар сомасын өтеуге арналған қордың активтері жеткілікті болмай жатса, онда жетпеген ақша сомасының жартысы қатысушы банктердің қосымша жарна төлеуі есебінен төленеді.
Салымдарды өтеу, қордың қатысушы банктер арасынан тендр өткізіп анықтаған агент-банкі арқылы іске асады. Осы агент-банк арқылы салымшылар өз салымдарын алуына болады. Ал қордың алған қарызы, төлеген қосымша жарна сомасы және өтелінуге жұмсалынған алғашқы қордағы бар резервті активтер сомасы жойылып жатқан банкке регрестік талап қою есебінен қайтарылады. Қордың алған қарызы және жарғылық қор есебінен сақтандырылған салымдар сомасын өтеуге жұмсалынған қаражаты қатысушы банктердің күтілмеген жарнасы есебінен өтелінуі мүмкін. Мұнан түсінетініміз – салымдарды сақтандыру жүйесі ұжымды болып табылады. Сондықтан да қатысушы банктер еріксіз жойылып жатқан банктің салымдарын өтеу бойынша бірлесіп жауапкершілік жүктейді. Ақшалай қаражаттарын банк салымдарына салу барысында салымшы ол банктің сақтандыру жүйесінің мүшесі ме, әлде жоқ па екенін білуі керек. Салымдарды сақтандыру жүйесіне мүше болып табылатын банктердегі мерзімді салым қана сақтандыру объектісі болып табылады, ал басқа салымдар сақтандыруға жатпайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Басқармасының бекіткен «Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарын міндетті ұжымды сақтандыру Ережесі» Қорды басқарудың негізгі құжаты болып табылады. Ұлттық Банк қормен бірлесе отырып, салымдарды сақтандыру жүйесін жетілдіре түсу мақсатында жұмысын жалғастыруда.
Осылайша, салымдарға сақтандыру жүйесі банктің қызметін бақылау дәрежесін арттырады, себебі қор сақтандыру жүйесіне кірген кезде және сол сияқты шарттың қолданылуы кезеңінде банктің қаржылық жай-күйін бақылайтын тағы да бір ұйым болып табылады. Екіншіден, ол банктің жүйеге қаражаттың құйылуын ынталандыра, қолма-қол ақшаның айналымын азайта, тауарлар және қызмет көрсету нарығына, оның ішінде валюта нарығына жүктемені төмендете отырып елдегі ақша айналысын тұрақтандыру факторы болып табылады. Және ең соңында, салымдарға сақтандыру жүйесі халықтың әлеуметтік қорғалуын арттыруға мүмкіндік жасайды, себебі бұл жүйе банк еріксіз тартылған жағдайда салымдарды қайтаруға кепілдік бере отырып салымшылардың мүддесін қорғайды.
Қорытындылай келгенде,
салымдарға сақтандыру жүйесінің тұрақты
жұмысының арқасында
1.3 Банктердің депозиттік саясаты және оның депозиттерді жетілдірудегі маңызы
Депозиттік саясат зерттеу жұмысында салымшылар мен баска да кредиторлардың тартылған қаражаты бойынша банктің стратегиясы мен тактикасы ретінде қарастырылып отыр және қаражат көздерінің ең тиімді комбинациясын аньқтауға мүмкіндік береді. Бұндай тәсілдеме банк ресурстарының тиімді, оңтайлы комбинациясын аньқтауды болжайды. Банктің депозиттік саясатын оңтайландыру - бұл күрделі көп факторлы міндет, оның шешімінің негізі біздің ойымызша елдің экономикальқ кызығушылығын тұтасымен коммерцияльқ банк экономиканың субъектісі peтiндe банктің клиенті және мамандары табылады. Олардың ынталары әрқашан 6ipiнe сай келмейтіндігі айқын. Сондьқтан оңтайлы депозиттік саясат, ең алдымен, олардың мүдделерінің келісуін болжайды. Бұдан басқа депозиттік саясат коммерциялық банктің несиелік саясатының 6ip бөлігі ретінде, несиелік саясат үшін тиімділіктің, оңтайлылықтың жалпы талабына бағынады - бұл өтімділік, табыстылық және тәуекелдің оңтайлы ара қатынасы.
Банктердің депозиттік саясатының мақсаты - олардың активтері мен пассивтерінің үйлесімділігі мен тиімділігін қолдау үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшалай қаражаттарын тартуды оңтайлы басқару болып табылады.
Банктің депозиттік саясатының негізгі міндеттері:
- халықтың
қысқа мерзімді депозиттеріне
қарағанда ұзақ мерзімді депози
- талап еткенге дейінгі депозиттердің баламасы ретінде карточкальқ шоттарды (пластикальқ карточкаларды) кезеңдер бойынша көбейту;
- клиенттерге
көрсетілетін депозиттік және
онымен байланысты банктік қызм
- қаржылық және қаржылық емес салалардың клиенттерінің депозиттерін арттыру.
Банктердің депозиттік саясаты олардың тарифтік, мүдделік саясаттарымен өзара байланысты болады және келесі мәселелерді шешуге бағытталады:
барынша аз қаржылық
ақшалай қаражаттарды шоғырландыру үшін депозиттердің жаңа түрлерін дайындау және енгізу;
инвестицияны қаржыландыру мен несиелеу үшін депозиттердің жеткіліктілігін қамтамасыз ету;
депозиттерге қызмет көрсету бойынша банктің шығындарын азайту және т.б.
Депозиттік саясаттың қағидалары:
- ақшалай
қаражаттарды депозиттерге
- нарықтьқ конъюктура
тұрғысына қарағанда
- жинақтарды
жинақтау үшін депозиттердің
шартының қолайлылығы;
Депозитік саясат депозиттер бойынша сыйақы ставкаларын, жинақтарды тарту әдістерін, депозиттерді сақтау мерзімдерін оңтайландыру, қызмет көрсету аясын кеңейтуді, клиенттерге қызмет көрсету технологиялық үрдісін өзгертуді икемді реттеу жолымен жүзеге асырылады.
Банктің депозиттік портфелінің оңтайлылығы және диверсификациясы өтімділікті ойдағыдай басқаруға қажетті шарт болып табылады. Банктің негізделген және заңды клиенттерінің қажеттіліктерінің қабілетсіздігі тиімді келісім-шарттардың тез арада жоғарылауына, оның бәсекелік позициясыньң әлсіздігіне және ақырында, нарықтық қатынастың өміршең қабілетті cyбъектici ретінде банктің күйреуіне әкeлeдi. Банк қызметінің мақсаты (басқа да экономикалық қызметтер сияқты) — минималды тәуекелділікте максималды мүмкін пайда (табыс) алу. Басқаша айтқанда, бұл анықтама – тәуекелдің табысқа немесе табыстың тәуекелге қатынасы. Табыстылық пен тәуекелдің оңтайлы комбинациясы тәуекелдің табысқа қатынасы үшін минимумға жету немесе эквивалентті бөлу табыстың тәуекелге қатынасы үшін максимумға жету болып табылады. Табыстылық пен тәуекелдің оптималды комбинациясын Морковиц-Шарп моделіндегі бағалы қағаздар портфелінің оңтайлы 6ip уақытта ұштастырылуы мынадай екі шартты орындайды:
- бұдан басқа eшбip табыстылық пен тәуекелдің бұдан басқа eшбip комбинациясы берілген табыстылықтың көп немесе тәуекелдің аз деңгейінде қамтамасыз етілмейді;
- табыстылық пен тәуекелдің бұдан басқа eшбіp комбинациясы берілген аз немесе табыстылықтың жоғары деңгейінде қамтамасыз етіле алмайды.
Мұндай комбинация тәуекелдің бip түрі ғана қабылданғанда және табыс кездерін баламасыздығын тек бipey ғана болған кезде қалыптасады. Көп қабылданған тәуекел және сараланған табыс көздерін қолдану кезінде мұндай оптимумдар бірнеше болуы мүмкін, ол тәжірибеде ереже болып табылады. Бұндай жағдайда табыстылық пен тәуекелдің ара қатынасының оңтайлылығын iздey кезеңі бойынша өткізіледі, тәжірибеде жүзеге асыру жолында тізбектілік итерацияда негізгі бағыттарды байқай отырып "градиент" сияқты кеңестік ықтималдық жоғары жағдайында.
Дегенмен, саналы тәуекелді қабылдаудан басқа, оны минимизациялауды банк өзінің қызметін мынадай түрде: минимумды жоғарылытуды өзіне анықталған табысты қамтамасыз етуде icкe асыру керек. Мұндай минималды табыс деңгейі деп табыстылықтың жеткіліктілігін айтамыз. Онда табыстылықтық тәуекелдігін бірнеше аймаққа бөлуге болады, оның әрқайсысы қызметтің айрықша жағдайымен сипатталады.
Болашақтағы сұраныстың анықталмаған жағдайында өтімділіктің қалыпты мөлшерін анықтау қиын. Коммерциялық банктердің өтімділік жағдайын нақты бағалау үшін анықталған кезеңде қолма-қол ақшаның түcyi және қолма-қол қаражаттарының қажеттілігі күтілген деңгейде өтімді активтердің нақты болжамдары қажет.
Несиелік саясатты әзірлеу кезінде:
1.базистік кезең деңгейімен салыстырғанда салымдар мен ссудалардың әр күтілген өзгерістеріне сүйенуі мүмкін.
2. банктің өтімділік ресурстарының қажеттілігін есептегенде.
Коммерциялық банктердің несиелік саясатын анықтайтын өтімділік динамикасына мынадай үш негізгі фактор әсер етеді:
А) салым сомасының азаюына немесе көбеюіне байланысты қаражаттарды сатып алу немесе жоғалту;
Ә) инвестиция және ссуда сомаларының қысқаруы мен өсуіне байланысты қаражаттардың түcyi немесе жылыстауы;
Б) салым сомасының қысқаруынан немесе өсуінен міндетті резервтік мөлшерінің төмендеуі немесе өcyi.
Коммерциялық банктердің депозиттік саясатын анықтауда нарықтық ерекшеліктерін талдауға сүйенеді, сондай-ақ банктің ресурстарының оңтайлы комбинациясының критерийлерін, негізгі талаптарын жасауға болады. Сонымен бipгe біздің көзқарасымыз бойынша, жеке таңдаулы банктің депозиттік саясатының ерекшелігі айырықша көрінеді және барлық банктер үшін жалпы критерийлер болуы керек.
Қазақстан банктерінің депозиттік саясатының жалпы оңтайлы критерийлері мыналар:
- банктің
қаржылық тұрақтылығы, оның
- банк ресурсының тәуекелдігін минимизациялау мақсатында диверсификациялау;
- депозиттік портфельді сегменттеу (клиент, өнім және нарық бойынша);
- әр түрлі клиенттер
тобына саралау тәсілдемесі (тұрғындардың
жоғарғы
депозитіндегілер,
байлар, кедейлер үшін әр түрлі өнімді
жинақтау);
-
банктің өнімі және қызмет
көрсетуі басқа бәсекелес
- жоғары
тәуекел жағдайында банктің
- депозиттік портфель
мен салымдардың гаммасын тұтасымен
қалыптастыру процесінде
өміршендік кезеңде есепке алу концепциясы.
Депозиттік
саясаттың оңтайлы
Халыққа банктік қызмет көрсету нарығын маркетингтік зерттеу нәтижесі жоғарыда айтылғандай, сонымен қатар шетелдік банк тәжірибесін зерделеу мынадай қорытындағы әкеледі, банк қызметінің түбегейлі бағыты депозитке қаражаттарды тарту, бұл - салымдар гаммасының кеңеюі берілген жағдайды негіздеу үшін депозиттер нарығының қaзipгi жағдайын және жекелей алғанда Қазақстандағы банктердің салымдар жүйесі зерттеу өте қажет.
Халықтың ақшалай жинақтарын талдау қазipгi кездегі Ресей жинақтау жүйесінің үш негізгі элементтен қалыптасқанын көрсетеді банк шотында салым түрідегі жинақ ақша сақтандыру полисі түрінде және бағалы қағаздар түрінде. Ең маңызды рөлі банк шотындағы салым түріндегі жинақ ақша алады, және жоғарыда көрсеткендей жинақ банктегі салымдар тарихи басымды.
Салымдар бойынша операциялар несиелік айналымның және халықтың жинақ ақшаларын оңтайлы ұйымдастыру мәселесіне тікелей байланысына қарамастан осы уақытқа дейін "депозит" жинақ iciнiң теориясы мен тәжірибесінде « салым» түсінінің біржақты анықтамасы жоқ.

- Банктердің жалпы сипаттамасы
- Банктердің несиелік процесі
- Банктердің өтімділігі мен төлем қабілеттілігі
- Банктердің пайда болуы
- Банктердің пассивтік операциялары
- Банктер қызметіндегі несие түрлері
- Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу
- Банк сущность, понятие, содержание
- Банктiк жүйе тоша
- Банктағы арнайы шоттар бойынша операциялар есебінің схемасы
- Банктегі, есеп айырысу шотындағы ақша қаражаты
- Банктегі,есеп айырысу шотындағы ақша қаражаты
- Банктегі тұтыну несиесін беру жүйесін жетілдіру жолдары
- Банктердегі несиелік саясат, оның элементтері.