Банктағы арнайы шоттар бойынша операциялар есебінің схемасы
Д.А.Қонаев атындағы көлік және құқық
гуманитарлық университеті
Практика жұмысы
Орындаған: ЕжА-10СКОБ
тобының студенті
Баймуханова Шынар
Алматы 2013
Кассалық операциялар есебінің схемасы
Есеп айырысу және валюталық шоттар бойынша операциялар есебінің схемасы
Банктағы арнайы шоттар бойынша операциялар есебінің схемасы
Жоспар:
1.Бухгалтерия құрылымы және бухгалтердің қызметтік
міндеттері
2.Есеп саясаты
3.Ақшалай қаражаттар және есеп айырысу есебі.
4.Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің есебі
5.Еңбектің және оның төлемдерінің есебі.
6.Дебиторлық қарыздар мен міндеттемелердің есебі
7.Кәсіпорынның кірістері мен шығыстарының есебі
8.Қаржылық есеп беру
Бухгалтерия құрылымы және шаруашылық субьектінің есебін ұйымдастыру.
«Transservice»ЖШС-де бухгалтерлік есепті арнайы қызмет – бухгалтерия атқарады. Бұл жеке бөлімше, бас бухгалтермен басқарылады, оған қоса бир бухгалтер және кассир бар.
Бас бухгалтер қызметіне қабылдау,тағайындау және босату, бухгалтерлік есепті тексеру актісі мен серіктестіктің есептер беруімен рәсімделеді.
Бухгалтерді ауыстыру кезінде екі жақты актісі «істерді қабылдау- тапсыру» толтырылады. Оған серіктестіктің бас бухгалтері , тағайындалатын және жұмыстан шығарылатын бухгалтерлар қол қояды.
Бас бухгалтер ақша қаражаттарын
қабылдау және беру, несиелік және есеп
айырысу міндеттемелері , материалдық
жауапкершілік жөніндегі
Бухгалтерияның басты тапсырмасы – шаруашылық қайраткерліктің жақсы, оңды нәтиже беруін жүзеге асыру. Ол үшін мыналарды қамтамасыз ету керек.
- Басқарудың барлық деңгейіне қажетті, кәсіпорынның қызметінің фактілерімен қамтамасыз етілген нәтижелері ,қорытындылары туралы ақпараттар;
- Құралдардың сақталуына және оның заңды және дұрыс жұмсалуына бақылау жасау;
- Кірістер мен шығыстар туралы шынайы есеп;
- Нақты есеп және өз уақытында бюджетпен,жеткізушілермен,мерд
ігерлермен және басқа да несие берушілермен әртүрлі жарналар мен төлемдер бойынша есеп айырысу; - Бухгалтерлік есеп берудің дұрыс және белгіленген уақытында жасалуы;
Бухгалтерлік есептің басты мақсаты – Серіктестіктің шаруашылық қызметін бейнелеу болып табылады.Бұл қызмет үздіксіз әрекеттердің тізбегінен тұрады. Сондықтан барлық шаруашылық қызметті қамту үшін бухгалтерлік есеп серіктестік жүргізетін әрбір әрекетті бейнелеп көрсетеді.
Бухгалтерлік есеп орындалатын барлық шаруашылық әрекеттерді бейнелей отырып, сонымен қатар осы әрекеттер элементтері болып табылатын процестері де қамтиды.
Сөйтіп, серіктестік жүзеге асыратын шаруашылық әрекеттері мен процестері бухгалтерлік есептің обьектілері болып табылады деп қорытынды шешімге келуге болады.
«Transservice»ЖШС-нің басқа кәсіпорындармен арасындағы есеп айырысу қатынастары оның басқа кәсіпорындарға қызмет көрсетулерді асықпай ақы төлеумен байланысты шаруашылық әрекеттердің нәтижесінде туындайды.
Есеп айырысу қатынастары
екі жақты сипатқа ие және ол
«Transservice»ЖШС-нің басқа
Егер де «Transservice»ЖШС-нің қандай да бір кәсіпорындарда қарыздары болса, онда ол кредитор немесе қарыз беруші болып саналады. Ал керісінше басқа кәсіпорындарға өзі қарыз болса онда ол дебитор немесе қарыз алушы болып табылады.
«Transservice»ЖШС-нің сонымен қатар мемлекеттік органдармен мысалы, Қаржы министрлігімен – салықтар мен алымдар бойынша және жеке тұлғалармен (төлем ақы бойынша) да есеп айырысу қатынастары бар.
«Transservice»ЖШС-нің банктік қарызы деп - банктің «Transservice»ЖШС-нің иелігіне белгілі бір мақсаттарға және белгілі бір мерзімге ақша қаражаттарын қарыз түрінде ұсынуын айтады. Кәсіпорын алған қарыз оның банкке қарызы болып табылады.Кәсіпорын берілген мерзімі өткеннен кейін қарызды өтеуі керек. Белгілі бір шаруашылық әрекеттердің нәтижесінде есеп айырысу- несиелік қатынастар туындайды және өтеледі. Осы әрекеттерді ескере отырып, бухгалтерлік есеп олармен арадағы байланысты есеп айырысу- несиелік қатынастарды есепке алып қамтиды.
Сонымен бірге «Transservice»ЖШС-нің шаруашылық қызметінде туындайтын есеп айырысу – несиелік қатынастар да тиісінше бухгалтерлік есептің обьектісі болып табылады.
Бухгалтерия жұмысшыларының функционалдық міндеттері.
Бас бухгалтер есеп саясатын құруға жауапты, бухгалтерлік есепшоттарда шаруашылық әрекеттерді бейнелеуді және бақылауды, оралымды ақпараттарды ұсынуды, бекітілген мерзімде бухгалтерлік есеп беруді құруды, серіктестіктің ішкі шаруашылық резервтерін анықтау және мобилизациялау мақсатында қаржы-шаруашылық қызметтің экономикалық талдауын жүргізуді (басқа қызметтермен бірге) қамтамасыз етеді. Бас бухгалтер серіктестіктің басшысымен бірге ақша қаражаттарын қабылдау және беру, сонымен қатар есеп айырысу, несиелік және қаржылық міндеттемелер мен шаруашылық келісім-шарттар үшін негіздеме болып табылатын құжаттарға қол қояды.Аталған құжаттар бас бухгалтердің қолынсыз жарамсыз болып табылады және орындауға қабылданбайды. Қолтаңба қою құқығы кәсіпорын басшысының жазбаша үкімімен осыған өкілетті тұлғаларға берілуі мүмкін.
Бас бухгалтерге келісім-шарт және қаржылық тәртіпті бұзатын және заңдылыққа қайшы келетін әрекеттер бойынша құжаттарды орындауға және рәсімдеуге қабылдауға болмайды. Осындай құжаттар туралы бас бухгалтер серіктестік басшысына жазбаша хабарлайды, ол жазбаша үкіммен осы құжаттарды есепке алады. Осы сәттен бастап орындалған әрекеттердің заңсыздығына серіктестік басшысы жауапкершілік атқарады.
Бас бухгалтерді қызметке тағайындау, босату және ауыстыру келісіледі. Алғашқы есеп құжаттарына қол қоюға құқығы бар тұлғалардың тізімі кәсіпорын басшысы бас бухгалтермен келісе отырып бекітіледі. Шаруашылық әрекеттерді құжатты рәсімдеу және құжаттар мен мәліметтерді бухгалтерлік қызметке тапсыру бойынша бас бухгалтердің талаптары серіктестіктің барлық қызметкерлері үшін міндетті болып табылады.
Бас бухгалтерге тікелей ақша қаражаттары және материалдық құндылықтармен байланысты жауапкершілік жүктелген. Оған чектер және басқа құжаттар бойынша кәсіпорын үшін ақша қаражаттары мен тауарлы материалдық құндылықтарды алуға рұқсат етілмейді.
«Transservice»ЖШС-де бухгалтер
қызметтертеріне мыналар
Есеп саясаты туралы түсінік және оған қойылатын талаптар.
Кәсіпорынның Есеп саясаты
дегеніміз – ұйымның
Бухгалтерлік есепті жүргізу
әдістеріне шаруашылық қызмет
фактілерін топтау мен бағалау
әдістері, активтердің құнын есептеу,
құжат айналымын қабылдауды
Ұйымның өзінің есеп саясатын
өңдеу мүмкіндігі мен
- Бухгалтерлік есептің уақытылы және есеп берудің толық тиісті талаптарына сәйкес жүргізілуі;
- Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын синтетикалық және аналитикалық шоттарының жұмыс жоспары;
- Алғашқы есеп құжаттарының типтік нысандары;
- Ұйымның ішкі бухгалтерлік қорытынды есеп құрудағы құжат нысандары;
- Актив пен міндеттемелерді бағалау әдістері;
- Құжат айналымы ережелері мен есеп ақпараттарын өңдеу технологиясы;
- Шаруашылық операцияларды бақылау тәртібі;
- Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға қажетті басқа шешімдер.
Кәсіпорынның қабылданған есеп саясаты сол ұйымдағы бухгалтерлік есептің маңызды мәселелерінің бірі.
Ұйымның есеп саясатын таңдауы мен негіздеуіне келесі негізгі факторлар әсер етеді:
- Меншік нысанасы мен құқтық –ұйымдастырушылық (жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ашық акционерлік қоғам, жабық акционерлік қоғам, өндіріс кооператив) және т.б;
- Салалық қызметінің түрі (өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік, ауыл шаруашылығы және т.б.);
- Қызметінің көлемі, жұмысшылар мен қызметкерлерінің орташа тізімдік саны және т.б.
- Салық салу жүйесі мен арақатынасы (әртүрлі салық түрлері бойынша жеңілдіктер немесе салық төлеуден босату, салық мөшері және т.б);
- Қаржы-шаруашылық қызметін даму стартегиясы (ұйымның экономикалық дамуының ұзақ мерзімдік перспективасының мақсаттары мен міндетті, инвестициялардың жұмсалу бағыты, келешектегі мәселелерді шешудің тактикалық тәсілдері);
- Ұйымның ақпараттық қамсыздандыру жүйесі (оның тиімді әрекетіне қажетті барлық бағыттары бойынша);
- Материалдық базасының болуы (компьютерлік техника мен басқа оргтехника жабдықтармен қамсыздандырылуы, бағдарламалық-әдістемелік қамсыздандыру және тағы басқалар);
- Кәсіпорындағы бухгалтер мамандарының (қаржы бөлімі қызметкерлерінің) біліктілігі және басшылардың экономикалық батылдылығы, ынталылығы мен тапқырлық деңгейі.
Кез-келген ұйымның өзінің қызметін іске асыру үшін таңдап бекіткен есеп саясаты толықтылық, уақыттылық, сақтық, қарама-қайшылықсыздығы мен орындылық талаптарына сай болу қажет
Көрсетілген
талаптардың әрқайсысының
Толықтылық. Кәсіпорынның таңдап алған есеп саясаты оның объектілерді есептеу жолын толық қамтамасыз етуі керек.
Уақыттық. Кәсіпорынның
шаруашылық әрекетінің
Сақтық. Қолданылатын
есеп әдістері бухгалтерлік
Қарма-қайшылықсыздығы.
Есептің таңдалынған әдістері - әр
айдың соңғы күнтізбелік
Орындылық.
Кәсіпорынның есеп саясаты
Кәсіпорынның есеп саясаты сол кәсіпорында қолданылатын бухгалтерлік есеп жүйесінің тұтастығын және оны құраушы әдістемелік, техникалық, ұйымдастырушылық жақтардың барлығын қамтиды.
Есеп саясатының әдістемелік жағына мына элементтер кіреді: мүлік пен міндеттемелерді бағалау әдістері, мүліктің әрбір түрлері бойынша амортизация (тозу) есептеу әдістері, табысты (түсімді) есептеу әдістері және т.с.с.
Осылайша белгіленген заңға сәйкес кез-келген заңды тұлға болып табылатын ұйым өзінің есеп саясатын құрастырған уақытта төменде аталған бухгалтерлік есептің негізгі әдістемелік аспектілерін айқындау қажет.
- Негізгі құралдарына амортизациялық аударым сомасын есептеу әдістері.
- Материалдық емес активтеріне амортизациялық сомасын есептеу және оларды есептен шығару жолдары.
- Шығындарды топтау мен өндіріс шығындарына жатқызу әдістері.
- өндіріс шығындарын және өнімнің өзіндік құнын есептеу, яғни калькуляциялау жүйесі.
- Жанама шығындарды анықтау және оларды объектілер арасында тарату әдісі.
- Дайын өнімдерді кіріске алу есебі.
- Аяқталмаған өндірісті анықтау және бағалау жолдары.
- Материалдық қорларды бағалау әдістері.
- Негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындар есебін ұйымдастыру.
- Курстық айырманы есептеу
- Тағы да басқалар.
Өндірістік шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын есептеу яғни калькуляциялау жүйесі.
Өндірістің технологиялық және ұйымдастырушылық ерекшеліктеріне, өндірістік циклдық ұзақтығына, өнім түріне, оның күрделілігіне, өндірістің түрі мен сипатына байланысты кәсіпорындар шығындарды есептеу мен өнім құнын калькуляциялаудың келесі негізгі әдістерін қолдана алады:
- Нормативтік әдіс
- өндірістік өңдеу сатысы
- тапсырыстық әдіс
Жанама шығындарды калькуляциялау объектілері арасында тарату әдісі.
Жанама шығындарды тарату базасы ретінде кәсіпорын мына төменде аталған әдістерді пайдалана алады:
- өндірістік жұмысшылардың еңбекақысын төлеуге байланысты тікелей шығындар;
- тікелей шығындардың жалпы сомасы;
- материалдық шығындардың жалпы сомасы;
- сметалық мөлшерлеме;
- өткізілген өнім көлемі.
Аяқталмаған өндірістің бағалануы.
Жаппай және сериялы өндірісте аяқталмаған өндіріс былайша бағаланады:
- нақты немесе нормативті өндірістік құн бойынша;
- тікелей шығындар бойынша;
- жұмсалынған шикізаттар мен материалдардың құндары бойынша.
Өнімнің бір ғана түрін
өндіретін кәсіпорындардың
«Бухгалтерлік есеп
және қаржылық есеп беру
Кәсіпорынның
есеп саясаты осы ұйымның
Бұйрықтың құрамында
есеп саясатының есеп беру
жылына қабылданған барлық
Кәсіпорынның
есеп саясатына енгізілген
- Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беруінің өзгеруіне сәйкес;
- Бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік актілердің өзгеру салдарынан
- Жаңа бухгалтерлік есеп стандартына көшуге байланысты және т.б.
Кәсіпорынның бухгалтерлік есепті жүргізу жолдары ұйымның есеп саясаты дайындалған кезінде таңдалып алынады. Бұл есеп саясаты кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелерде олардың орналасқан орындарына қарамастан қолданылады. Ұйымның филлиалдарының, еншілес және тәуелді серіктестерінің және тағы басқа бөлімшелерінің өзіндік бухгалтерлік есеп жолдарын жүргізуіне, яғни басқа есеп саясатын таңдауына құқығы жоқ.
Бас кәсіпорын қаржылық қызметінің бөлімшелерін есеп саясатындағы болған өзгерістер туралы алдын ала қамтамасыз ету қажет.
Ұйымдардың түсініктеме
жазуларында жыл бойы
Ақшалай қаражат және есеп айырысу есебі
«Transservice»ЖШС-нің БанкЦентрКредит және Халық Банкінде есеп айырысу шоттары бар, ол бойынша операция белгіленген тәртіпте жүргізіледі.Ақша қаражаттарының ұлттық валютадағы көріністері « Банк есеп шотындағы қолма-қол ақша» 1030 шотында көрінеді. «Transservice»ЖШС шет мемлекеттерде валюта шоттарында қолма – қол ақша иеленбейді.
Кассалық операцияларды жүргізу үшін, міндетті түрде кіріс және шығыс ордерлерін тіркейтін журнал мен кассалық кітап ашылып, толтырылып отырылады. Олардың парақтары нөмірленіп, тігіліп, кәсіпорынның мөрі басылып, жауапты тұлғалар қол қояды. Кассалық кітап журнал тектес болады, онда жазу міндетті түрде көшірме қағаз арқылы жүргізіліп, көшірмесі кассирдің есебіне тігіліп отырады. Кассалық кітапта барлық кіріс және шығыс ордерлері тіркеледі, олардың нөмірі, сомасы, фамилиялары және корреспонденттік шоттары көрсетіледі. Сонымен қатар есеп жасалған күннің аяғындағы ақша қалдығы, келесі күннің басындағы ақша қалдығына сәйкес келуге тиіс.
Қолма-қол ақша бойынша жүргізілетін операциялардың дені серіктестікке қызмет көрсететін банктегі есептесу шоты арқылы іске асырылады. Қызмет көрсетуден түскен ақша, есептесу шотына апарылып салынады, еңбек ақы мен іссапарлары шығынына жұмсалатын ақша ж.т.б. есептесу шоты арқылы банкіден алынады. Банкке ақшаның толық көлемде өткізіліп тұруы, кассалық шығыс ордерлерімен, кассирдің есебімен, банк құжаттарымен, банк түбіртектеріне сай тексеріліп отырады, олардың көрсеткіштері бір бірімен сәйкес келуге тиісті.
Есептесу шотынан алынған ақша мөлшері, кассалық кіріс ордерімен, банкілік құжаттармен, чек кітапшасының түбірімен, кассалық кітаппен және банкілік құжатқа қоса берілетін кассалық кіріс ордерінің түбірімен салыстырылып отырады. Олардың сомалық көрсеткіштері бір біріне сай келуге тиісті.
Кассалық ордерлердің нөмірі жыл басынан бастап, ретімен қойылып отырады. Қажетті бастапқы құжаттарға серіктестік басшысы мен бас бухгалтердің қолдары қойылғаннан кейін ғана кассалық құжаттар рәсімделеді.
Кассалық ордерлермен ақшаны қабылдау және беру, тек құжат жасалған күні іске асырылады.
Кассалық ордерді алғаннан кейін, кассир міндетті түрде бас бухгалтердің қолының бар жоғын және оның шынайылығын, сонымен қатар серіктестік басшысының рұқсаты бар ма, жоқ па және қосымша құжаттардың дұрыс толтырылып, толық болуын тексеруге міндетті.
Егер аталған талаптардың ең болмаса біреуі сақталмаған болса, онда кассир құжаттарды толық рәсімдеп әкелу үшін бухгалтерияға қайтарып береді.
Кассадағы ақша қаражатының есебі. Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау мен беруге арналған серіктестік кассасы бар.
Кассир касса операцияларын жүргізу тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынады. Егер еңбек ақы мен басқа да төлемдерді беру үшін серіктестік басшысының жазбаша бұйрығы бойынша басқа адамдар тартылатын болса, онда бұлардың материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы олармен де шарттар жасалынады.
Кассадағы операциялар есебі 1000 «Ақша қаражаты» бөлімшесінің активті жинақтаушы шоттарында:
1010 «Кассадағы теңгемен ақша қаражаты» шоттарында жүргізіледі.
«Кассадағы теңгемен ақша қаражатының» есебі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі бекіткен кассалық операцияларды жүргізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі.
Кассаға ақша қабылдау кассаның кіріс ордерлері бойынша жүзеге асырылады, оған бас бухгалтер қол қояды. Кассаға ақша салған жеке немесе заңды тұлғаларға бас бухгалтер қол қойған ақшаны қабылдағаны туралы түбіртек беріледі. Төлемдерге ақшаны қабылдаған кезде кассир «Төлем таңбаларын анықтау тәртібін» басшылыққа алуға міндетті. Кассаға қабылданған теңге сомасы жазумен жазылып, тиын сандармен жазылады.
Кассадан ақша беру кассаның
шығыс ордерлерімен немесе басшы
мен бас бухгалтер қол қойған
тиісінше рәсімделген төлем
Сенімхат бойынша берілген ақша жағдайында касса шығыс ордерінде ақшаны алуға сенім білдірген адамның тегі, аты мен әкесінің аты көрсетіледі. Егер ақша төлем тізімдемесі бойынша жүргізілетін болса, ол тізімдемеге: «Сенімхат бойынша» деген жазу жазылады. Бұл жазуды касса шығыс ордеріне немесе ведомостқа қоса тіркейді.
Кіріс және шығыс касса ордерлері мен оның орнына жүретін құжаттарды бухгалтерия дәл әрі айқын етіп сиямен немесе түтікше қаламмен жазып береді.
Жалақы, уақытша еңбекке
қабілетсіздігі жөніндегі жәрдемақылар
мен сыйлықтар төлем тізімдемес
Банктен ақша алынғаннан кейін үш күн өткен соң, бухгалтер төлем тізімдемесіне еңбек ақысы бойынша тиесілі сомасын алмаған адамдардың аты-тегінің тұсына мөр қояды немесе «Депозитке салынады» деп қолымен жазып белгі қояды, берілмеген сома төленбеген жалақы тізіміне енгізіледі; тізімдемеде нақты төленген сома мен депозитке салынуға тиісті сома жөнінде жазылады. Егер төлемді бухгалтер емес, уәкілдік алған адам жасайтын болса, төлем тізімдемесінде «Тізімдеме бойынша ақша таратқан (қолы)» деген жазу жазылады. Касса ордерлерінде өшіріп жазуға, бүлдіруге және түзетуге жол берілмейді.
Жазылған касса ордерлері немесе олардың орнына жүретін құжаттар кіріс және шығыс касса құжаттарын тіркеу журналында тіркеледі. Онда мыналар көрсетіледі: кіріс және шығыс ордерінің толтырылған күні мен нөмірі, кассаға түскен және жұмсалған ақшалардың (жалақы, сыйлықтар, стипендиялар, іссапарға төленген және басқа да шығыстар) нысаналы мақсаты көрсетіледі. Касса ордерлері бойынша ақшаны қабылдау мен беру олардың рәсімдеген күнінде ғана жүргізіледі. Ордерді алған бухгалтер өзі мен басшы қолдарын; олардың дұрыс рәсімделуін; ордерлерде көрсетілген қосымшалардың болуын тексеруге міндетті. Операциялар жүргізіліп болғаннан кейін оған тіркелген қосымша құжаттарға штамп басылады немесе жазумен: күнін, айы мен жылын көрсете отырып «Алынды» немесе «Төленді» деп белгі қойылады.
Касса операцияларының есебін бухгалтер Касса кітабында жүргізеді, ол нөмірленуге, тігілуге және оған сүргі салынуға тиіс; ондағы парақтар санын басшы мен бас бухгалтер қол қойып куәландырады.
Касса кітабының әрбір парағы бір бөліктен тұрады.
Касса операциялары шағын болса, онда касса есебі 3-5 күнде бір рет жасалуы мүмкін. Касса кітабында ақшаның кімнен алынғаны және кімге берілгені жөніндегі құжаттың нөмірі, корреспонденцияланған шоты, сомасы (кіріс, шығыс) көрсетіледі. Күн сайын, жұмыс күнінің аяғында бухгалтер берілген ақшаның жиынтығын шығарады және күн аяғындағы қалдықты есептейді. Өшіру мен ескертілмеген түзетулер енгізуге кітапта жол берілмейді. Түзетулерге бухгалтердің қолы қойылуы керек.
Касса бойынша операциялардың, яғни 1010 шоттың кредиті мен дебеті есебін бухгалтер жүргізеді. Регистрлерге жазулар бухгалтерияға касса есебінің түсуіне қарай жүргізіледі. Бірыңғай корреспонденцияланған шоттардың сомалары біріктіріледі. Айдың аяғында есепті айдан кейінгі бірінші жұлдызында регистрлердегі қалдық шығарылады, ол кассирдің есебіне және Бас кітаптағы 1010 шоттың қалдығына сәйкес келуге тиіс.

- Банктегі, есеп айырысу шотындағы ақша қаражаты
- Банктегі,есеп айырысу шотындағы ақша қаражаты
- Банктегі тұтыну несиесін беру жүйесін жетілдіру жолдары
- Банктердегі несиелік саясат, оның элементтері.
- Банктердің депозиттік саясаты
- Банктердің жалпы сипаттамасы
- Банктердің несиелік процесі
- Банкрутство та порядок ліквідації підприємства
- Банкрутство як багатокроковий керований процес
- Банк РФ как орган контроля и регулирования деятельности коммерческих банков
- Банк система
- Банк: структура, функции и формы организации
- Банк сущность, понятие, содержание
- Банктiк жүйе тоша