Банктік пайыз
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Банктік пайыздың теориялық негіздері 5
1.1 Банктік пайыз түсінігі және қызметтері 5
1.2 Банктік пайызды қолдану механизмдері 10
1.3 Бантктік пайыздық саясатының шетелдік тәжірибиесінде қолдану
2 «Эксим Банк» АҚ пайыздық саясатын талдау 15
2.1 «Эксим Банк»
АҚ даму тарихы мен
2.1 «Эксим Банк» АҚ қаржылық жағдайын
талдау
2.2 «Эксим Банк» АҚ пруденциалды нормативтерін орындауы н талдау 27
2.3 «Эксим Банк» АҚ пайыздық саясатын талдау 29
3 Банктік пайызды қолдану механизмдерін жетілдіру жолдары 31
Қорытынды 37
Қолданылған әдебиеттер тізімі 39
Қосымша А - «Эксим Банк» АҚ бухгалтерлік баланс 40
Қосымша Ә - «Эксим Банк» АҚ пайда және шығыны туралы есеп 41
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі нарықтық экономика жағдайында коммерциялық банктердің қызметі адекватты пайыз саясаттарына тікелей байланысты. Осыдан зерттеу жұмысының терең өзектілігі байқалады Проценттің мөлшері (ставка) деген қарыздардын несиені пайдаланғаны үшін несие берушіге төлейтін ақысы.
Оның мөлшері несие беру жөніндегі келісімде керсетіледі. Ол көптеген факторларға, әсіресе, несиенің мөлшеріне, пайдалану мерзіміне, жылдық төлем деңгейіне, сондай-ақ экономикалық қонъюнктураға байланысты әлсін-әлі өзгеріп тұруы мүмкін. Мысалы, нақты нарық конъюнктурасы ең алдымен тауарға сұраным мен ұсынымның тепе-тендік жағдайына байланысты болады. Ал осы тепе-теңдік көп факторлардың әсерінен ауытқиды.
Айталық, тұтынушылардың ақшалы табысына, тауарлардың бағасына, тауарлар қорының мөлшері мен құрылымына байланысты өзгереді.
Банктік пайыз ссудалық пайыздың бір түрі ретінде несиелік қатынастардың негізгі категориясы болып табылады.
Банк пайызы банк несие бергенде пайда болады. Пайыз инвестор-кредит берушінің және қарыз алушының арасындағы делдалдық қызмет үшін алынатын өтемақыны білдіреді. Бұл арада банкке кредитті қайтару бойынша қарыз алушы өз міндеттемесіне үлкен жауапкершілікпен орындамау қатері пайда болады. Осының салдарынан банк депозит жөнінде өз салушылар алдында міндеттемесін орындамау қаупі туады. Сондықтан да кредит бойынша банк пайызы депозиттік пайыздан маржа және кредитке қызмет көрсету бойынша банктің комиссиялық шығындарын жабуға қарағанда жоғары болуы керек.
Несиелік қатынастар пайыз дербес экономикалық категория ретінде тіркелетін тікелей негіз болып табылады. Қарыз пайызының мәнін оны қарыз капиталын қайтарымдылық принципімен пайдалану негізінде пайда болатын экономикалық қатынастар ретінде түсіну керек.
Бұл экономикалық қатынастардың субъектілері - қарыз пайызын тиісінше алушы және төлеуші ретінде болатын кредитор және қарыз алушы. Қарыз пайызына қатысты экономикалық қатынастар ерекше, оларды несиелік қатынастармен араластыруға болмайды.
Олардың айырмашылықтары арқылы қарыз пайызының экономикалық мәні ашылады, айырмашылықтары төмендегілер болып келеді:
- қарызға берілген құнның және несиені пайдаланғаны үшін төленетін пайыздық сома қозғалысының сипаты;
- несие мен қарыз пайызы арасындағы экономикалық-құқықтық айырмашылық;
- қарызға берілген кұн мен пайыз төлеу сомасы қозғалысының әр түрлі бастамасы;
- несие және қарыз пайызының ұдайы өндіріс процесінің әр түрлі сатыларында пайда болуы.
Егер несие - бұл қайтарымдылық негізінде құнның қозғалысы болса, онда пайыздық соманың төленуі құнның белгілі бір бөлігінің эквивалент алмай берілуін сипаттайды.
Несиені пайдаланғаны үшін төленген пайыз қайтарылмайды, оның сомасы толығымен субъектіге көшеді, яғни пайыздық соманы алушыға.
Пайыздық соманы төлеуге байланысты қа-тынастарда оның меншік иесі өзгереді: алынған құнға иелік ету құқығы қарыз алушыдан кредиторға өтеді, ал несиелік қатынастар кезінде меншіктік құкық өзгермейді, құн қарыз алушыға тек уақытша пайдалануға беріледі және белгілі бір мерзім өткеннен кейін өзінің занды бастапқы орнына қайтып келеді.
Зерттеу жұмысының мақсаты: банк пайызын қолдану механизмін зерттеу.
Зерттеу мақсатына сай келесі міндеттер қолданылды:
- Банк пайызының теориялық аспектілерін ашу;
- Банк пайызы түсінігіне талдау жасау;
- Банк пайызы категорияларын анықтау;
- Банк пайызын қолдану механизмін «Эксим Банк» АҚ мысалында көрсету;
- ««Эксим Банк» АҚ қаржы экономикалық жағдайын анықтау;
- «Эксим Банк» АҚ пайыз қолдану механизмін зерттеу;
- Банктерде пайыз тәуекелін жетілдіру мәселесін шешуге тырысу.
Объектісі, пәні
Қолдану
1 Банктік пайыздың теориялық негіздері
1.1 Банктік пайыз түсінігі, мәні және қызметі
Қарыз пайызы - ол уақытша қолдануға берілген құнның өзгеше бағасы болып көрінетін объективті экономикалық категория. Несиенің бағасы иррационалдық сипатта (өлшеусіз сандар) болады, алайда оның абсолюттік шамасы қарыздардың несиені пайдаланғаны үшін төлеген белгілі бір сомаға тең, оны проценттік сома деп атайды. Иррационалдық сипатта болатын себебі: біріншіден, қарызға берілген құнның ақша түрінде көрінуі; екіншіден, қарыздардың несие үшін төлеген проценттік сомасы алғашқы қарызға алған құнға тең болмауынан.
Қарыз пайызы тауарлы өндірістің негізінде кейінірек пайда болды. Оның пайда болуы дамыған тұрақты тауар-ақша қатынастары, оның ішінде меншік қатынастарына байланысты.
Қарыз пайызы меншік иесінің басқа біреуге белгілі бір құнды уақытша пайдалануға бергенде пайда болады. Қарызға алған құн оны пайдаланушыға - өндірушіге пайда түсіреді, ол бір жағынан, екінші жағынан несие берушіге табыс (процент түрінде) болады. Демек, қарыз пайызы пайда болуы үшін несие қатынастары болуы шарт. Несие қатынастары проценттің дербес экономикалық категория ретінде туындайтын бірден-бір негізгі ортасы.
Несие келісіміне қатысушы жақтардың мақсаты - пайда табу. Несие берушінің алатын пайдасы - процент. Проценттің мөлшері (ставка) деген қарыздардын несиені пайдаланғаны үшін несие берушіге төлейтін ақысы. Оның мөлшері несие беру жөніндегі келісімде керсетіледі. Ол көптеген факторларға, әсіресе, несиенің мөлшеріне, пайдалану мерзіміне, жылдық төлем деңгейіне, сондай-ақ экономикалық қонъюнктураға байланысты әлсін-әлі өзгеріп тұруы мүмкін. Мысалы, нақты нарық конъюнктурасы ең алдымен тауарға сұраным мен ұсынымның тепе-тендік жағдайына байланысты болады. Ал осы тепе-теңдік көп факторлардың әсерінен ауытқиды. Айталық, тұтынушылардың ақшалы табысына, тауарлардың бағасына, тауарлар қорының мөлшері мен құрылымына байланысты өзгереді.
Проценттің мөлшері: нақты бекітілген (немесе есепке алынған) және өзгермелі, номиналды және реалды, дисконтты болып бөлінуі мүмкін.
Нақты бекітілген (есепке алынған) процент мөлшерін, әдетте, ресми процент мөлшері деп те атайды. Оны Орталық банк басқа банктерге, бірінші кезекте коммерциялық банктерге несие бергенде қолданады. Бұндай операциялар коммерциялық вексельдерді қайта есепке алу түрінде жүргізілетіндіктен проценттің бұл мөлшерінің екінші атауы - "есепке алынған" деген содан шыққан. Орталық банк оның деңгейін өзгерте отырып елдегі коммерциялық банктердің несиелік мүмкіндіктеріне әсер етеді, екінші жағынан несиені қымбаттатып инфляцияның күшеюіне кедергі жасайды. Ондағы есеп; ресми проценттің мөлшері жоғары болған жағдайда коммерциялық банктер де клиенттеріне процент мөлшерін өсіреді.
Несиені беру кезінде келісім-шартта бүкіл несиені пайдалану мерзімінде нақты бекітілген тұрақты немесе өзгермелі процент мөлшері көрсетіледі. Өзгермелі мөлшер проценттің базистік мөлшерінің өзгеруінен туындайды. Ал соңғысына қарыз капиталы нарығындағы конъюнктура, қарыздың мөлшері мен қайтару мерзімі, қарыздардың қаржылық жағдайы мен оның даму болашағы сияқты факторлар әсер етеді.
Номиналды процент мөлшері негізінен екі фактордың: несие ресурстарына сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына және инфляцияның карқынына байланысты туындайды.
Реалды (іс жүзіндегі) процент мөлшері есептеу жолымен шығарылады, яғни номиналды процент мөлшерінен инфляцияның қарқыны алынып тасталады. Реалды процент мөлшері - несие берушінің алатын табысының көзі. Одан қарыз алу және инвестиция алу шығындарын өтейді. Реалды проценттік мөлшер: ағымдағы шығындардан (тартылған қаражаттар құны, әкімшілік және заңды шығындар, төлем қабілеті жоқ борышқорлардың шығыны) салықтан, тәуекел үшін төлемнен, пайдадан құрылады.
Процент мөлшері берілген несие мөлшерінің қарызы берілген құннан түскен табысқа қатынасымен анықталады, Бұл салыстырмалы мөлшер, әдетте, ол ондық бөлшек; түрінде, немесе процентпен шығарылады. Іс жүзінде 1995 жылы мамырдың он сегізіндегі Ұлттық банктің "Процент есептеудің тәртібі және Қазақстан Республикасындағы банктердің бухгалтерлік шоттарында оларды белгілеу туралы" Ережеге сәйкес базистік процент мөлшері шығарылады.
Қарыз пайызы біраз белгілерге байланысты жіктеледі:
- несиенің формасы мен түрлеріне қарай: коммерциялық, банктік тұтыну проценті; лизинг операциясы бойынша, мемлекеттік несие бойынша процент;
- несие мекемелерінің түрлеріне қарай: орталық банктің есепке алған проценті; ломбард операциялары бойынша процент;
- банктік несиені тартумен берілген инвестиция түрлеріне қарай: айналым құралдарына берілген несие бойынша процент; негізгі құралдарға берілген несие бойынша процент; бағалы қағаздарға салынған инвестиция бойынша процент:
- несиенің мерзіміне қарай: қысқа, орта, ұзақ мерзімді несиелер бойынша процент;
- несие мекемесінің операция түрлеріне қарай: депозиттік, вексельдік, банктің есепке алған проценттері; банкаралық несие бойынша процент.
Несие мен қарыз пайызы арасындағы экономикалық-құқықтық айырмашылық шарт бойынша қарыз алушы мен кредитор арасындағы екі міндеттемеде көрсетілген: несиені қайтару міндеттемесі және оны пайдаланғаны үшін пайыз төлеу міндеттемесі. Кредитор үшін қаражаттарды авансылау тән болса, ал карыз алушы үшін пайыз сомасын төлеу құнның шеңбер айналымының аяқталғанын, қаражаттардың белгілі бір сомасының қарыз алушыдан кредиторға өткенін білдіреді.
Несиеге және пайызға байланысты қатынастарда қозғалыстың басталуы әр түрлі сияқты. Қарызға берілген кұнның қозғалысы кредитордан қарыз алушыға қарай басталса, пайызды төлеу кері бағытта - қарыз алушыдан кредиторға карай жүреді. Несиелік және пайызға қатысты қатынастарды салыстырғанда қозғалыстағы құнның сапасы жағынан басқа шамадағы айырмашылықтарын көру маңызды. Несиенің аяқталу сатысы - бұл құнның қайтарылуы болса, ал пайыз - бұл қарызға өсімнің қозғалысы болады. Кейде несие сомасының қайтарылуы және қарыз пайызын төлеу уақыт бойынша сәйкес келмейді. Қарыз алушы алдымен несиені қайтаруы мүмкін, сонан соң оны пайдаланғаны үшін карыз пайызын төлейді. Былай болуы да мүмкін, қарыз алушы несиені қайтаруға жағдайы келмей, қарыз бойынша ұзартылған төлем орын алады. Бұл жағдайда алдымен қарыз пайызы төленеді, сонан сон жеткілікті көзі табылғанда қарыз өтеледі.
Несие және пайыз бір бірінен олардың ұдайы өндіріс процесінің әр түрлі сатыларында пайда болатындығымен де ажыратылады. Егер несие айырбас сферасында пайда болса, ал пайыз бөлу фазасында пайда болады. Егер несие қайта бөлу категориясы ретінде болса, ал пайыз бөлу категориясы ретінде болады. Қарыз пайыз төлеудің көзі, пайда бөлігі болып табылатын қосымша өнім. Демек, пайда және пайыз - бірегей бүтіннің бөлігі. Осыдан басқа жәйт келіп шығады: қарыз пайызы банк қызметінің нәтижесі емес, ол өзінің пайда болуы өндіріс сферасындағы жұмыскерлердің еңбегіне байланысты.
Ұлттық банктің пайыз саясатының басты мақсаты — айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі, шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол жеткізуге тиіс.
Ұлттық банктің мүдделендіру мөлшерлемесі ақша нарығындағы қаржылық операциялардың барлық түрлеріне пайыз мөлшерлемесінің белгілеу базасы ретінде қызмет етеді.
Қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің шамасы ақшалай қаражаттарға деген сұранысқа және инфляция деңгейіне байланысты келеді. Ұлттық банк мүдделендіру мөлшерін реттеу арқылы республикамыздағы ақша жиынының шамасына әсер етеді және несиеге деген сұранысты арттыруға немесе қысқартуға мүмкіндік жасайды. Ресми пайыз мөлшерлемесінің деңгейі екінші деңгейдегі банктер үшін, Ұлттық банк саясатының ақша жиынына бақылау жасау шегіндегі негізгі бағыттарын сипаттайтын басты бір көрсеткішті білдіреді.
Ұлттық банктің ресми пайыздары, оның тікелей бақылауына жатпайтын несиелік ресурстар нарығының шартына сай банктер дербес белгілейтін нарықтық пайыз мөлшерлемесіне жанама түрде ықпал етеді. Соның негізінде сұраныс пен ұсынысқа байланысты саудада белгіленетін Ұлттық банктің қысқа мерзімді шоттары бойынша, банкаралық несиелер және мемлекеттік қысқа мерзімді несиелер бойынша пайыз мелшерлемелері жыл бойына Ұлттық банктің мүдделендіру мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты темендеп отырған.
Пайыздың нақты бейнелері, өз кезегінде инвестициялау үшін әлуметтік ресурс болып табылатын депозиттердің несиелік мекемелерге ағылуын арттыра түсті.
Ұлттың банктің ресми сыйақы мөлшерлемелерін төмендегідей 1-кестемен беруге болады.
Кесте 1 - Ұлттың банктің ресми сыйақы мөлшерлемелері (пайыздар, кезеңнің соңына
Сыйақы мөлшерлемесінің түрлері |
2009 |
2010 |
2011 |
Қайта қаржыландыру |
14 |
9 |
7,5 |
Есептік (дисконттық) |
12,5 |
8 |
8 |
Овернайт зайымдары бойынша |
20 |
12 |
9 |
РЕПО операциялары бойынша, оның ішінде: овернайт 1 жұма 2 жұма |
- 6,5 5,5 |
5 5 5,5 |
5,5 5,5 5,5 |
Резервтік талаптар, ашық, нарықтағы операциялар және пайыз саясатымен қатар коммерциялық банктерді жанама ақшалай-несиелік реттеудің негізгі құралдарының біріне жатады. Қазақстан банк жүйесінің бүгінгі даму жағдайында резервтік талаптар, бір жағынан, сақтандыру институттарының жоқ кезінде, коммерциялың банктердің депозиттерін сақтандыру қызметін, екінші жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликация процесін реттеу қызметтерін атқарады.
Ақша-несие саясатының бұл құралы 1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген «ҚР коммерциялық-кооперативтік және жеке банктердің қызметін реттеу туралы» нұсқауға сәйкес міндетті резерв нормативі 18 — 20% мөлшерінде бекітілген болатын. Қазіргі уақытта ол төмендеп, 6%-ды құрайды. Банктердің резервтерінің артық болуы, яғни Ұлттық банктегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттардың өсуіне байланысты резервтік талаптар шамасын төмендетіп қана қоймай, сол сияқты резервтеудің альтернативтік тәртібіне өтуге, яғни бұл банктердің пруденциалдық, нормативтерді орындау барысында корреспонденттік шоттағы қаражаттар сомасын ең төменгі резервтер мөлшерінің төмен болмауын сақтап отыруға тиістілігін білдіреді.
Әлемдік тәжірибеде міндетті резервтердің өте жоғары деңгейде болуы, банк жүйесінің қаржы делдалы ретіндегі тиімділігін нашарлатып, ал ең төменгі резервтер нормасының артуы несиелік ресурстардың экономикаға құйылуына тосқауыл болатындығын көрсетеді.
Егерде Орталық банк тұрақты айналым курсын ұстап тұруды көздесе, онда дербес, тәуелсіз ішкі ақша саясаты болуы мүмкін емес, өйткені айнымалы курсты ұстау мақсатындағы әрекеттер, валюталық резервтердің көбеюі және азаюы экономикадағы ақша жиынының өзгеруіне әкеледі. (Мысалы валюта сатып алғанда экономикадағы ақша ұсынысы әседі.) Салық-бюджет және ақша саясаттарын бір-біріне сәйкес келтіру белгілі қиындықтарды тудырады. Егер мемлекет экономиканы мемлекеттік шығындарды көбейту арқылы ынталандырса, онда мұндай іс-әрекеттердің нәтижесі ақша саясатымен байланысты болады.
Қазыналық саясаттың нәтижесінде бюджетте тапшылық болса, онда мұндай жағдайда тиімді, тұрақты монетарлық саясат болмайды.
Ұлттық банктің пайыздық саясаты нарықта сапалы параметрді белгілеу жолымен ақша айналысын реттеудің маңызды құралы қызметін атқарады. Банктік несиелер құнын реттеу арқылы ақша айналымына тез және адекваттық әсер етуге қол жеткізуге болады. Ұлттық банктің несие құнына әсер ету мүмкіндігі оның соңғы сатыдағы кредитор қызметін қамтамасыз етеді.
Несие бойынша сыйақы ставкалары ақша-несие саясатын бір құралы ретінде нарықтық сыйақы ставкаларына әсер ету үшін пайдаланылады. Осы құрал Қазақстанның Ұлттық банкісінің белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкаларынан және оның іске асыратын операциялары бойынша тағы басқа сыйақы ставкаларынан тұрады. Ресми сыйақы ставкалары несие бойынша сұраныс пен ұсыныстан құралатын нарықтың жалпы жағдайына, инфляция деңгейіне тәуелді. Қазіргі кезде ресми сыйақы ставкаларының төмендеу тенденциясы байқалуда.
Позитивті пайыздық ставканы Қазақстанның экономикасын және қаржысын сауықтырудың кепілі деп жиі айтылатынын атап еткен жөн. Шынында да позитивті пайыздық ставка инфляцияға қарсы қызметті орындауға қабілетті, себебі ол жинақтарды ынталандыру нәтижесінде пайда болатын сұранысты тежейді және несиені қымбаттату арқылы инвестициялық салымдарды шектейді.
Қазақстан Республикасындағы экономикалық реформалар жылдарында қайта қаржыландыру ставкасын пайдалану қолайсыз болды. Тек 1994 жылдың екінші жартысынан бастап қана Ұлттық банк жанжақты сынға қарамастан позитивті ставканы белгілеуге көшті. Қайта қаржыландыру ставкасын 270 % -тен 300 %-ке дейін жоғарылату есебінен сұраныс инфляциясы төмендетілді, содан кейін бір айдан соң 340%-ке жоғарлатылды. Ставкалардың нақты мәні және оның нарықтық ставкамен сәйкестілігі несиелік ресурстар аукционында анықталды. Осындай өзгерістердің нәтижесінде валюталык операциялар бойынша табыстылық пен салыстырғанда несиелік операциялар бойынша табыстылықтың жоғарылауы байқалды. Соның нәтижесінде шетел валюталарына деген сұраныс пен валюта бағамының тұрақтылығы байқала бастады. Қайта қаржыландырудың жоғарғы ставкасын ұзақ мерзімге ұстап отыру тиімді болып табылды және қайта қаржыландыру ставкасын 340% деп белгілеген кезден соң бір айдан кейін, яғни қыркүйек айынан бастап Ұлттық банк жылдың соңына дейін оның мөлшерін 230% ке дейін төмендетті. Осындай шараны инфляция деңгейінің төмендеуі және айырбас бағамының тұрақтануы байқалғаннан кейін іске асыру мүмкіндігі туды.
2007 жылы қайта қаржыландыру ставкасын одан әрі қарай 45% ке дейін төмендету осы жылдың қараша айында оның деңгейін 52,5% ке дейін жоғарлатуға өтті, соның нәтижесінде инфляция деңгейі 2,4%-тен 4,4%-ке дейін өсті.
Мемлекеттік қазыналық міндеттемелері, Ұлттық банктің ноталарының және банкаралық несиелер бойынша пайыздық ставкалардың мөлшері олардың нарықтық мөлшерімен сәйкес келіп отырды. 2007-2008 жылдары аралығында нақты нарықтық пайыздық ставкалар оң нәтиже, ал валюталық спекулятивті операциялар бойынша табыстылық теріс нәтиже берді.
2008 жылы ҚҰБ позитивті пайыздық ставканы белгілеуді жалғастырды. Тек қана 1996 жылдың ішінде қайта қаржыландыру ставкасы он рет өзгерді және жылдың басымен салыстырғанда 24 пунктке, ломбарттық несиелер бойынша пайыздық ставка 31 пунктке төмендеді.
1.2 Банктік пайызды қолдану механизмдері
Қарыз пайызы пайданың бөлігі түрінде бола отырып, одан оның мөлшерін анықтайтын факторлармен ерекшеленеді. Мысалы, егер пайданың қалыптасуы жұмыскердің санына және еңбек өнімділігіне байланысты болса, ал төленетін қарыз пайызының шамасы - пайыздық мөлшерлеме деңгейіне және қарыз алушы алған несиенің сомасына байланысты. Қарыз пайызы өзіне тән ерекше белгілі бір белгілерді білдіре отырып, пайдадан ғана өзгешеленбейді, сонымен қатар баска да экономикалық категориялардан, мысалы, бағадан да өзгешеленеді.
Бағалар тауар айналысымен, айырбаспен тығыз байланыста екені белгілі, оның бөлу фазасында пайда болатын қарыз пайызынан өзгешелігі, ол - қайта бөлу категориясы болып табылады. Екінші өзгешелігі мынада, тауар бағасы тауар айналымы негізінде, ал пайыз - мүлдем басқа, несиенің қозғалысы негізінде пайда болады. Алайда, несиемен сауда жасау мүмкін. Несиелік мәміледе саудалық себеп банк ісіндегі сауда-саттықпен (коммерциализация) байланысты.
Осылайша, қарыз пайызының мәніне талдау жүргізу - несиені пайдаланғаны үшін пайыздық соманы төлеуге қатысты пайда болатын экономикалық қатынастар ретінде келесі сипаттауға мүмкіндік береді. Қарыз пайызы экономикалық категория ретінде екі функциямен орындайды: үлестіру және банктің неснелік потенциалын өсіру.
Бірінші - қарыз пайызының үлестіру функциясы - барлық құнның үлестіруімен емес, оның жаңадан құрылған құнды білдіретін бөлігімен байланысты. Пайыз арқылы үлестіру салалық емес, жалпы шаруашылық сипатта.
Халық шаруашылығы деңгейінде қарыз пайызын төлеу ұлттық табысты бөлумен байланысты. Пайданың бөлінуі пайызында қарыз пайызын алушы және төлеушінің орындары ауысуы мүмкін. Экономикалық қатынастардың сол және сол тәрізді субъекті бір мезгілде кредитор да, қарыз алушы да болуы мүмкін, яғни пайыздық сомалардың алушысы және төлеушісі ретінде жүре алады. Қарыз пайызы арқылы пайданың үлестірілуі меншік иесінің ауысуымен қатар жүреді. Жоғарыда айтылып өткендей, пайданың бір бөлігі өзінің иесінен кетіп, кредиторға өтеді.
Екінші функция банктің кредитор ретіндегі несиелік потенциалының ұлғаюымен және сақталуымен байланысты. Банктің несиелік потенциалының ұлғаюы - алынатын пайыз бен төленетін пайыз арасындағы айырмашылық есебіне болады.
Кредитор мен қарыз алушы арасындағы өзара қатынаста қарыз пайызы пайыздық мөлшерлеме түрінде болады. Қазіргі уақытта қарыз сипатына және ұзақтығына, несиелеу объектісіне, қарыз алушының несиелік қабілетіне, несиелік ресурстарға сұраныс пен ұсынысқа байланысты пайыздық мөлшерлемелердің көптеген түрлері бар.
Пайыздық мөлшерлеме тұрақты және өзгермелі, номиналды және нақтылы, дисконтты болуы мүмкін.
Тұрақты пайыздық мөлшерлеме қарызды пайдаланудың барлық мерзімі бойынша өзгеріссіз қалады.
Өзгермелі пайыздық мөлшерлеме несиелік ресурстарға деген сұраныс пен ұсыныс арқылы қалыптасатын ақша нарығының жағдайына байланысты, сонымен қатар экономикалық және қарыз алушыны қаржыландыру жағдайында несиелік немесе делозиттік шарттың барлық әрекет ету мерзімі бойында банк арқылы өзгертілуі мүмкін. Мөлшерлеменің өзгертілу шарттары тараптардың өзара келісімімен анықталады. Олар үнемі қайта қарастырылады және әдетте қарыз капиталы нарығындағы қандай да бір қаржылық актив бойынша пайыздық мөлшерлеменің өзгеруіне байланысты ауысып отырады.
Номиналды пайыздық мөлшерлеме екі факторға байланысты қалыптасады, несиелік ресурстарға деген сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына және инфляция қарқынына қарай.
Нақты пайыздық мөлшерлеме есептеу жолымен табылады - номиналды мөлшерлемеден инфляция қарқыны алынып тасталынады. Кредитордың көзқарасы тұрғысынан нақтылы пайыздық мөлшерлеме табысының көзі - несиелеу және инвестициямен байланысты шығындардың орнын толтырудың негізі болып табылады. Нақтылы пайыздық мөлшерлеме мынандай құрамдас бөліктерден тұрады: ағымдык шығындар (тартылған қаражаттар құны, әкімшілік және заңды шығындар, төлем қабілетсіз қарыз алушылардан келетін шығындар), салық, тәуекел үшін төлем, пайда.
Банктік тәжірибеде барлық пайыздық мөлшерлемелер номиналды шамада белгіленеді.
Математикалық пайыздық мөлшерлеме қарызға берілген құннан келетін табыстың осы құнның шамасына катынасы ретінде анықталады. Мысалы, 1995 жылы 18 мамырда Ұлттық банк бекіткен пайыздарды есептеу тәртібі және олардың Қазақстан Республикасы банктерінде бухгалтерлік есеп шоттарындағы орналастыру тәртібі туралы Ережеге сәйкес пайыздарды есептеудің келесі техникалары пайдаланылады:
Жай пайыздарды есептеудің техникасы. Жай пайыздар - бұл қарыздық берешек (депозит) сомасына, есептелген пайыздар.
Күрделі пайыздарды есептеу техникасы. Күрделі пайыздар - бұл қарыздық берешек (депозит) сомасына ғана емес есептелген пайыздан келетін табыс сомасына да есептелген пайыздар.
Пайыздарды есептеген кезде айдағы күндер саны шартты түрде 30 күн, ал жылдағы күндер саны - 360 күн деп қабылданады. 31 күндік айларда 31 күн есепке алынбайды, ал, ақпанда соңғы санға дейінгі қалдық 30 күнге қанша жетпесе, сонша қайталанады.
Күрделі пайыздарды
есептеу қажеттілігі түрлі
Нарықтық қатынастарды құрудың қазіргі уақыттағы сатысының өзгешелігі банктердің типіне және көлеміне, орналасқан жеріне, клиентурасына және шын мәніндегі өзіндік табиғаты бар басқа да міндеттемелеріне байланысты.
Екінші жағынан, банктік мекемелер жүргізетін пайыздық саясаттық ерекшеліктері сол және басқа да банктен тәуелсіз сипаты бар бірқатар жалпы факторлардың индивидуальдық көрінісінің салдары болып табылады. Жалпы жағдайда несие үшін пайыздық мөлшерлеменің қалыптасуының бастапқы негізі тартылған ресурстар үшін төлемнің орташа деңгейі болады. Нарық жағдайында орташа ресурстар үшін төлем мөлшерлемесінің екі шектік мәні бар: ең төменгі және ең жоғарғы. Бұл мәніне төмен және жоғары кезде ресурстарды сатып алу-сату мәмілесі жасалмауы мүмкін, өйткені оның шарттары тараптардың біреуін қанағаттандырмайды. Факторлар өз шекарасын қоса алғандағы, көрсетілген шектеулі мәндердің шеңберлерінде әрекет етеді.
Қарыз пайыздық мөлшерлемесі мазмұнының жалпы сызбасы келесі түрде көрсетілуі мүмкін. Жалпы жағдайда банк берген несие үшін пайыздық мөлшерлеме тартылған ресурстар үшін төлем мөлшерлемесі мен пайыздық маржаның қосындысынан тұрады. Соңғысы, өз кезегінде, бірнеше бөліктерден тұруы мүмкін: қалыпты маржадан, яғни банктің қызмет етуімен байланысты шығындарды жабуы және банктің қалыпты пайда алуын қамтамасыз ететін маржадан. Қалыпты маржа сенімділІгі жоғары дәрежелі несиелерге; неғұрлым жоғары болған сайын банктік қарыздың қайтарылатынына сенімділігі төмен болатын тәуекел үшін үстемелерге; нарықтың жағдайларына (сұраныс-ұсыныс), үстемелер (кемітулер) мен ондағы сатушының жағдайына қарай (монополия-бәсекелестік) бағдар ұстайды.

- Банктік ресурстардың қалыптастыру көздері
- Банктік ресурстар және олардың құралу көздері
- Банктік ресурстар және олардың экономикалық мазмұны мен түрлері
- Банктік тәуекелдерді басқару
- Банктік тәуекелдердің мәні мен түрлері
- Банктік шот ашу
- Банктін меншікті капиталы
- Банктік менеджментті жетілдіру жолдары
- Банктік менеджментті жетілдіру жолдары
- Банктік менеджментті жетілдіру жолдары
- Банктік менеджментті жетілдіру жолдары
- Банктік менеджментті жетілдіру жолдары
- Банктік несиенiң мәнi, мағынасы және түрлерi
- Банктік өнімдер мен қызметтер нарығында туындайтын мәселелерді шешу жолдары