Банктік ресурстардың қалыптастыру көздері
ЖОСПАР
Кіріспе.......................
1 БАНКТІК РЕСУРСТАРДЫҢ
1.1 Банктік ресурстар және оларды қалыптастырудың экономикалық маңызы...........4
1.2 Банктік ресурстардың
2 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ РЕСУРСТАРЫНЫҢ КӨЗДЕРІН ТАЛДАУ
2.1 Екінші деңгейлі банктердің
ресурстарын талдау............
2.2 «Альянс банк» АҚ-ның
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ
БАНКТЕРДІҢ РЕСУРСТАРЫН
3.1 Коммерциялық банктер
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер....................
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Соңғы жылдары Қазақстанның банк секторындағы айшықты мәселелер ел назарын өзіне аудармай қоймады. Банктік жүйеміз сыртқы қарызға белшесінен батып, мемлекетттен көмек сұрай жөнелді. Ресурстық базасы әлсіреген банк секторы мемлекеттің қадағалау және реттеу ролін маңыздандыра түсті. Банктік ресурстарды қалыптастыру мен арттыру және дағдарыс салдарын еңсеретін активтер шамасын әзірлеу кезек күттірмейтін проблемаға айналуда. ТМД елдерінің ішінде көшбасшы ретінде көрінген мемлекетіміздің имиджі ірі банктеріміздің өз мәселелерін өздері шеше алмауының нәтижесінде қатты сынға алынды. Бұл тығырықтан табысты шықтық. Алайда коммерциялық банктердің алдағы кезеңдерде ресурстық базасын нығайту мәселесі өзектілігін алға тартып отыр.
Зерттеу пәні. Банктердің рестурстық базасын қалыптастыру мен жетілдіру мәселерінің тиімді нұсқалары мен шешімдерін бағалау.
Курстық жұмыстың мақсаты – дағдарыс тұсында мемлекет пен отандық коммерциялық банктердің ресурстар көлемін сақтау шараларына баға беру және банктің меншікті және тартылған қаражаттар құрылымының өзгерісіне талдау жүргізу.
Курстық жұмыстың міндеттері аталған мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді:
- Банктік ресурстардың банк қызметіндегі орнын анықтау және олардың қалыптасу көздерінінің құрылымын зерттеу;
- Отандык банк секторының жай-күйін, олардың активтері, міндеттемелері мен меншікті қаражаттарын талдау ;
- Банктік ресурстарды қалыптастыруда жолығатын тәуекелдерді анықтау және оларды бағалау, сондай-ақ тәуекелді төмендету шараларын тиімді қалдану параметрлерін зерделеу;
- Меншікті қаражат жеткіліктігі нормативтерінің мемлекет тарапынан жетілдіру шараларын шолып өту;
- Банктік ресурстарды басқару процесіндегі кемшіліктерді анықтау және оларды шешу мәселелерін қарау;
- Мемлекеттің қадағалау қызметіндегі роліне баға беру.
Банктік ресурстардың экономикалық мәні мен маңызы, олардың қалыптасу көздері туралы қамтылған.
Қазақстан банк
секторының жай-күйін, олардың меншікті
қаражаттарының құрылымын, міндеттемелеге
қатысты проблемлемаларын, резидент
еместер алдындағы
1 БАНКТІК РЕСУРСТАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ҚАЛЫПТАСУ КӨЗДЕРІ
1.1 Банктік
ресурстар және оларды
«Ресурс» сөзі француздың ressources сөзінен шын мағынасы қаражат, құрал, қор, мүмкіндік, бірнәрсенің көзі дегенді білдіреді.
Қаржылық-несиелік сөздікте банктік ресурсқа келесі анықтама беріледі: «Банктік ресурс – банктің иеленуіндегі және оның несиелік және басқа да активті операцияларын жүзеге асыру үшін қолданатын қаражат жиынтығы».
Бұл анықтаманың кемшілігі сол, онда банктік ресурстардың қалыптасу көздеріне, яғни банктің пассивтік операцияларына көңіл бөлінбейді.
Жоғарыда айтылғандарды тұжырымдай отырып, коммерциялық банктің ресрурстарына келесі анықтама беруге болады.
Коммерциялық банктердің ресурстары (банктің ресурстар) – бұл оның жарғылық капиталы және резервтері, сондай-ақ банктің пассивтік операцияларын жүргізу нәтижесінде жұмылдырылатын және банктің активтік операцияларын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын ақша қаражаттары. Бұл анықтама банктің несиелік потенциалын анықтауды талап етеді. Несиелік потенциал – бұл банкте жинақталған ресурстардың өтімділік резервін шегергендегі жиынтығы.
«Несиелік ресурс» түсінігі «банктік ресурс» түсінігіне қарағанда тар, өйткені несиелік ресурс банктік ресурстардың бір бөлігін, нақты айтқанда, банктің барлық жинақтаған ресурстарының несие беру мақсатына арналған, айтарлықтай бөлігін құрайды. Ал банктік ресурстар тек несие беру мақсатында ғана емес, сонымен қатар банктің басқа да пассивтік операцияларын жүзеге асыру мақсатына жұмсалады.
Несиелік ресурстардың шынайылы жақын және тәжірибемен байланыстылығын көрсететін анықтамасын берейік: Коммерциялық банктің несиелік ресурстары – бұл оның меншікті капиталы мен тартылған құралдарының ақшалай формада активті несиелік операцияларын жүзеге асыруға бағытталатын бөлігі. Несиелік ресурстар пайдалану мезетінде банк үшін ресурс болып саналмайды (несиелеу-тәуекелді операция), өйткені ол банктің запасындағы ақша қаражаты емес, орналастырылған банк ресурсы болып табылады.
Нарықтық қатынастар коммерциялық банктердің ресурстарының құрылымын айтарлықтай өзгертті. Жекелеген банктің ресурстарының құрылымы оның мамандану дәрежесіне, оның қызметінің ерекшеліктеріне, қарыз капиталы нарығының жағдайына тәуелді болады. Коммерциялық банк ресурстары банктің меншікті, тартылған және эмиссияланған қаражаттарынан қалыптасады.
Меншікті қаражатқа акционерлік (жарғылық), резервтік капитал және бөлінбеген пайда жатады.
Акционерлік капитал (немесе банктің жарғылық қоры) қарапайым акцияларды шығарып, орналастыру арқылы жасалады. Әдетте, банк қызметі дамыған және операциялары кеңейген сайын, ол жаңа акцияларын шығарылымын жүзеге асыруы мүмкін.
Резервтік капитал таза табыстан аударым жасау арқылы қалыптасады және банктің кездейсоқ, күтпеген залалдарын жабуға жұмсалады.
Бөлінбейтін пайда – дивиденттер төлеп, резервтік капиталға аударым жасалғаннан кейін бөлінбей қалған пайданың бөлігі.
Меншікті құралдар коммерциялық банк қызметі үшін өте маңызды роль атқарады. Меншікті капитал үлесінің төмендеуі кейде банкті банкротты ұшыратуы мүмкін. Мысалы, АҚШ-тың ең ірі 20 коммерциялық банктерінің бірінің - "Франклин нешнл бэнк" (1974 г.) – банкротқа ұшырау себебі банк балансындағы меншікті капиталдың үлесінің күрт төмендеуі болды.
Экономикалық және банктік дағдарыс кезінде ойластырылмай жүргізілген пассивтік және активтік операциялар банкті банкротқа әкелуі мүмкін.
Мысалы, АҚШ-та өткен ғасырдың 80-ші жалдарының екінші жартысында банктік банкроттық саны ұлғайды. АҚШ-тың ең ірі ондық құрамына кіретін "Континентал Иллинойс" банкінің банкротқа ұшырауынан арнайы үкіметтік бағдарлама ғана сақтап қалды, АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесі бірнеше миллиард доллар қарыз берді және депозиттерді сақтандырудың Федералды корпорациясымен және АҚШ-тың Қаржы министрлігімен біріге отырып банктің төлем қабілеттігіне кепілдік берді.
Тағы да бір осындай мысал - 1988 жылы ірі техастық "Репаблик бэнк корпорейшн" банкін банкроттықтан сақтап қаолу үшін депозиттерді сақтандырудың Федералды корпорациясы 1 млрд.доллар берді.
Тартылған қаражат коммерциялық банктердің ресурстарының негізгі бөлігін құрайды. Тартылған қаражаттарды екі топқа бөлуге болады: депозиттік ресурстар және депозиттік емес ресурстар.
Тарихи түрде, депозиттер – банктердің ресурстарының негізгі көзін құрайды. Бұл банктің классикалық функциясынан туындайды. Қазіргі күні де банктердің несиелік ресурстарының басым бөлігін салымдар (депозиттер) құрайды. Депозит (салым) түрлері әр елдің банктік жүйесінің, банктік өнімдерінің даму дәрежесіне қарай әртүрлі бөлінеді. Дегенмен, жалпы әлемдік тәжірибеде олардың банкте сақталатын мерзіміне байланысты келесі түрлері болады: талап етуге дейінгі салымдар, мерзімдік салымдар, ағымдық салымдар, шартты салымдар, жинақ салымдары. [1]
Банк жүйесінің даму дәрежесіне қарай осы аталған депозит түрлерінен туынды қаржылық құралдар пайда бола бастады. Мысалы, мерзімдік салымдардың бір түрі – депозиттік сертификаттар, жинақ сертификаттары. Депозиттік сертификат – бұл салым иесінің банкте ақша қаражатының депоненттелгенін растайтын куәлік, онда салым мөлшері, банктің сертификатты қайта сатып алу мерзімі және банктің төлейтін сыйақы мөлшері көрсетіледі.
Халықтың жинақ депозиттерінің
де маңызы зор. Әдетте, олар белгілі
бір мақсатқа ашылады. Мұндай салымдар
әсіресе экономикалық дамыған елдерде
халық ортасында өте кең
Банктер үшін әсіресе мерзімді салымдар тартымды, өйткені олар банктің өтімділігін күшейтетін ресурстар. Банктік ресурстардың маңызды көзі болып банкаралық несиелер табылады. Несие нарығында қысқа мерзімді банкаралық несиелер үлесі басым.
Банк ресурстарының тағы бір көзі – жоғарыда атап өткендей, клиенттердің ағымдық шоттарындағы ақша қалдығы. Мысалы, контокорренттік шот арқылы банк пен клиент арасындағы барлық несиелік және есеп айрысу операциялары жүзеге асырылады. Кей кезде бұл шот пассивтік болса (клиент шотында ақша болса), кейбір кезде – активтік сипатқа ие болады (клиент банкке төлем тапсырмасын ұсынған кезде немесе ақша алуға чек жазып берген кезде). Контокорренттік шоттың дебетіне де, кредитіне де пайыз есептеледі, дебеттік қалдығы бойынша пайыз мөлшері көбірек болады, екеуінің арасындағы айырмашылық банк маржасын құрайды.
Жоғарыда атап өткендей,
банктердің тартылатын ресурстарының
тағы бір айтарлықтай тез даму
алып келе жатқан көзі - эмиссияланған
қаражаттар. Банктерді әрқашан
Қазіргі әлемдік банктік тәжірибеде еківалюталық облигациялар кездеседі, яғни мұндай облигациялар бойынша купондық табыс облигация ұстаушысының таңдамасына сай ұлттық валютада немесе АҚШ долларында төленеді. Сонымен қатар әлемдік капитал нарықтарында еврооблигациялар да кеңінен таралған.
Тартылған банктік ресурстардың тағы бір көзі – РЕПО операциялары. Оның мәні мынада: банк өз балансындағы жоғары өтімді бағалы қағаздарды кепілдікке беру арқылы несие алады, келісілген уақыт өткеннен кейін кепілдікке берген бағалы қағаздарын қайтарып алады да, алған несиесін үстемесімен қайтарады. Осылайша, банктік пассивтер, яғни банктік ресурстар, соның ішінде несиелік ресурстар қалыптасады.
Банктік ресурстарды
қалыптастырудың негізгі
- шығыны аз ресурстарды тарту;
- ресурстарды ұзақ мерзімге тарту;
- міндеттемелер портфелі мерзімі және көлемі бойынша диверсификациялану керек
Банктік ресурстардың қалыптасуы және әртүрлі көздердің комбинациясының өзгеруі банк қызметі үшін өте маңызды, өйткені активтік операциялардың қорлану көлемін және бағасын анықтайды.
Банк ресурстарын тиімді басқаруда сауатты депозитттік саясат маңызды рөл атқарады. Бұл облыстағы специфика маңыздылығы мынада: кез келген клиент өзінің қаражатын өзі қалаған банкіне сала алады, ал банктер салымшыны өзіне тарту үшін бәсекеге түседі және клиентті жоғалтып алу өте оңай.
Банктік ресурстарды қалыптастырудың тағы да бір ерекшелігі меншікті капитал көлемі мен тартылған қаражаттар арасындағы қатынас. Меншікті капитал әдетте, қажет ақша ресурстарының аз бөлігін құрайды. [4]
Әлемдік тәжірибеде коммерциялық банк ресурстарының негізгі көзі болып тартылған қаражаттар болып табылады және барлық банктік ресурстардың 70-80% құрайды, ал меншікті қаражаттар 22%-дан 30%-ды құрайды. Ал Қазақстандық банктер тәжірибесінде тартылған қаражаттар банк ресурстарының 90%-сын құраса, меншікті қаражаттар сәйкесінше 10%-ды құрайды. Меншікті қаражаттар құрамы осы қаражаттарды құрайтын көздердің қолданылуына байланысты болып келеді. Осы құрылымның ішінде ең жоғарғы үлесті әртүрлі қорлардың қаражаттары алады. Ондай қорларға заң негізінде құрылатын. Жарғылық және резервтік капитал және банк бастамасымен құрылатын меншікті капиталдың өсімін қамтамасыз ететін қорлар, сондай-ақ сәйкесінше банк қызметінің көлемінің ұлғаюы.
Коммерциялық
банктер ресурстарының
Шоттардың функциялану режимі бойынша:
- талап етуге дейінгі шоттарының үлесі жоғары банктер;
- жедел салымдарының үлесі жоғары банктер.
Клиенттердің сипатына байланысты:
- жеке тұлғалардың салымдарымен басымдылық;
- басқа банктерден алынған несиелердің жоғары үлесі [2]
Банк ресурстары
қалыптастырғанда олардың банктердің
баланстарының пассивтерінде
Банктің пассивтік
операциялары – бұл банктің ресурстарын
қалыптастыратын
Пассивтердің қалыптасуы - кез келген коммерциялық банктің базалық міндеті. Пассивтік операциялар банк қызметінде үлкен рол атқарады. Осы операциялардың негізінде банктер активті операциялар жасау үшін ресурстарды жинақтайды.
Коммерциялық банктердің пассивтік операцияларының төрт формасын ажыратады:
- Жарғылық капиталға жарналар ( акциялар сатылымы немесе құрылтайшылар пайлары;
- Банктің табыс табуы, сонымен бірге қорлардың қалыптасуы немесе ұлғаюы;
- Депозиттік операциялар ( банктің өз клиенттерінен салымдар тартуы);
- Депозиттік емес операциялар.
Банктің меншікті капиталы тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банк қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат, құрал-жабдық, жалақыға жұмсалатын және т.б. шығындар жабылады. Себебі, меншікті капиталсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті капитал есебінен банкте қажетті резервтер құрылады. Сонымен қатар, банктің меншікті капталы ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі.
Банктің меншікті капиталы өз құрамында жарғылық, резервтік және басқа да қорларды қосады. Бұл қорлардың экономикалық маңызы банк қызметі барысында анық көрінеді. Мәселен, резервтік қорлар банктің залады болған кезінде сол заладың орныны жабуға кетеді, егер резервтік қорлар жеткіліксіз болған жағдайда банктің бөлінбеген таза табысының бір бөлігі сол залалдар орнын жабуға кетуі мүмкін.
Бөлінбеген
пайда – банктің қызметі
Депозиттік операциялар банктің тартатын қаражаттарының ең арзан көзі ретінде танылады. Өйткені бұл салымдар бойынша пайыздар және орналастыру мүмкіндіктері депозиттік емес қаражаттарға қарағанда анағұрлым жеңіл әрі тиімді болып келеді.
Депозиттік емесе ресурстар тартылаған қаражаттар құрамындағы қысқа мерзімді өтімділікті қамтамасыз етуде маңызды ролді атқарады. Өйткені бұл қаражаттар көздері қысқа мерзімге тартылады және банктің клиенттің алдындағы міндеттемелерге тез және сапалы жауап беруде таптырмас құрал болып табылады.
Банк ресурстары – банк қызметінің негізі және даму перспективасын анықтаушы. Міне, сондықтан да банк ресурстарының құрылымын не құрамын анықтау банк қызметінде негізгі фактор болып табылады. Дәстүрлі түрде банк ресурстарын меншікті және тартылған қаражаттар деп екіге жіктеп көрсетеді. Бұл жіктеме банк қызметінің бағытын анықтауға үлкен көмек тигізеді. Өйткені банктегі қаражаттар банктің өз қаражаты ма әлде заемдық қаражаттар ма деген сауалдарға жауап бере алады.
Жалпы банкте қалыптасатын ресурстардың кздерін және олардың құрылымын талдау өзекті мәселе. Бұл тұрғыда пассивтік операциялар негізінде қалыптасатын тәуекел түрлерін басқаруды атап өтуімізге әбден болады.
Банктік ресурстық базасы деген ұғымды қолданғанда біз жалпы банктің қызметіне шолу жасағанмен тең боламыз, өйткені ресурстар банктің негізгі және ең басты қызметінің бастауы болып саналады.
Банктің ресурстық базасының негізінде активтік операциялар, соның ішінде банк пайдасының негізігі көзі несиелік ресурстар қалыптасады. Олар осы ресурстарды орналастырудан пайда болады.
1.2 Банктік ресурстардың қалыптасу көздері және олардың құрылымы
Жалпы меншікті қаражаттар Жарғылық капиталдан, Резервтік капиталдан, бөлінбеген пайдадан және өзге де банк бастамасымен құрылған қорлардан тұрады. Ал тартылған қаражаттардың басым бөлігі депозиттерден тұрады. Сондай–ақ банкаралық несие нарығындағы алынған қаражаттар, Ұлттық банк несиелері, банктердің меншікті бағалы қағаздарын эмиссиялау нәтижесінде тартқан ресурстары, отандық және шетелдік қаржы нарығынан сатып алынған ресурстары жатады. Осындай ерекшіліктеріне байланысты тартылған қаражаттарды депозиттік және депозиттік емес ресурстар деп жіктейді.
Енді осы аталған ресурстар көздеріне тоқтала өтейік.
Меншікті қаражаттар түсінігі мен құрылымы. Меншікті капитал банк қызметінің негізін құрайды. Коммерциялық банктердің меншікті капиталының ролі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар мен ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие.
Меншікті және тартылған коммерциялық банк ресурстары Ұлттық банкте ашылатын корреспонденттік шотта көрсетіледі. Бұл активтік шот, сондықтан да дебеті бойынша ресурстар, ал кредиті бойынша несиелік жұмсалымдар беріледі. Банктің бос резервінің мөлшері бойынша активтік операцияларға жұмсалмаған шамасын білдіреді. Осы бос резервтер сомасы қаншалық жоғары болса, банктің тұрақтылығы соғұрлым жоғары, бірақ пайдасы төмен болады, керісінше, егер бос жатқан қаражаттардың шамасы аз болса, онда тұрақтылығы төмен, пайдасы жоғары келеді. Сондықтан да, әрбір коммерциялық банк өзінің корреспонденттік шоттағы қалдығын үнемі ықшамдауға ұмтылады. Меншікті капитал ұғымына әртүрлі анықтама берілгенімен олардың негізі бір болып келеді. Солардың бірнешесін қарастырып кетейік.
Лаврушин О.И., Мамонова И.Д., Валенцева және басқалары: меншікті капитал – өз қызметін жүзеге асыру үшін және салымшылардың сенімін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ кредиторлардың алдында міндеттемелерін өтеу үшін құрылатын әртүрлі қорлар жиынтығы. [3]
Коробова Г.Г. пікірінше, банктің меншікті капиталы міндеттемелерден тазарған банктің негізгі мүлкі немесе өзінің жеке банктік қаражаттары.[4]
Отандық әдебиеттерде, банктің меншікті капиталы – банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әртүрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы.
Банктің
ашылған уақытында
Сонымен қатар, меншікті капитал банк айналымынан несие, факторинг, лизинг операциялары бойынша бағалы қағаз және басқа да құқықтық жұмыстарға қатысуда, алдын-ала ақша салымшыларды күтпеген шығындардан, сондай-ақ қаражаттарды инвестициялаудан сақтайды. Сондай-ақ меншікті капиталдың жартысы есебінен қаржы қоры қалыптасады, ол банктің төлем қабілетін сақтауға және шығын пайда болғанда дұрыс қызмет етуді қамтамасыз етеді.
Осыған байланысты, банк қызметі әрдайым белгілі қауіптермен ілесе жүреді, олардың активі тиісті топтарға бөлінеді. Қауіпті есептей отырып активтердің квалификациясы және оның меншікті капиталының көлемімен дара байланысы банкті басқару сапасы және оның қаржы орнықтылығын көтеруге жол береді. Банктің меншікті қаражатына салынған салымның өсуі қаржыландырудың ең қауіпсіз үлгісі болып табылады және жүйе өзгешілігінің сілкінісінен аман қалуына көмектеседі.
Меншікті капитал банктің несие қоры сияқты қатыстырылған қорлармен байланысты болып, салалармен бірге айналым жасайды. Ол қатыстырылғандарға қарағанда әлде қайда сенімді қорларға жатады. Активті операцияларды жүзеге асыруға болатын шығынды естен шығармайды, олар қордың құрылуын талап етеді. Егер банк қызметінің нәтижесінде шығын болса, онда ол жарғылық капиталдың жартысын жоғалтады. Қор болса, онда ең соңғысын қор есебінен қалпына келтіруге болады, бірақ ол банктің демалыссыз жұмыс істеуіне алып келеді.
Банктер
минималды қор талаптары
Сонымен, банктің меншікті капиталы, бір жағынан, қауіптің негізі болса, екінші жағынан-қаржы шығынын жабатын жинақталған қаражат. Үлесте қауіп кезіндегі соманың айырмасы банктің төлем қабілетінің жағдайын көрсетеді. Банк кредиторларын банктің операцияларынан қорғау мәселесі, қауіпті есептей отырып, қойылған активтерді жабу үшін, банктің меншікті капиталының көлемін анықтау талап етіледі, яғни қауіп қандай үйлесімділікте банктің меншікті капиталын қалыптастыруға тиіс.
Меншікті капиталы банк қоры ретінде акционерлерге үлес-пайда үлгісіндегі баға болып табылады. Қордың осы түрі екі тәсілмен өсуі мүмкін: акционерлік капиталдың немесе банк кірісінің өсуі. Банк қаражаты құрылымындағы акционерлік капитал банк орнықтылығы мен оның жұмысының нәтижелілігін қамтамасыз етуде үлкен роль атқарады.
Меншікті капитал банк сауда қызметінің негізі. Ол банктің жауапкершілігінде қауіп салдарынан болатын келеңсіздікті реттеу негізі ретінде, оның қаржы орнықтылығын өз беттілігін және кепілдікті қамтамасыз етуге міндетті. Бұдан, меншікті капитал реттеп, қорғап, тұрақтылықты қамтамасыз етуге тиіс, осымен ол төменгі қызметтерді басшылыққа алады
Егер банк
сыртқы көздегі капиталды
- жай акцияларды сату;
- артықшылығы бар акцияларды сату;
- капиталды қарызды міндеттемелерді эмиссиялау;
- активтерді сату;
- негізгі қордың түрлерін жалға беру, негізінен банкке тиісті ғимараттарды.
Банк осы тәсілдердің қайсысын таңдайтынына қарай, бұдан акционерлердің пайдасына қандай нәтиже беретініне байланысты, бұл акция пайдасымен өлшенеді. Банк банк қаупіне төзімділігі, акционерлермен жүзеге асырылатын банк қадағалауына әсері, сатылған активтер мен міндеттемелер, сондай-ақ түрлі реттеу аспектілерінің нарық жағдайы сияқты маңызды факторларды назарға алуға тиіс.
Жай акцияларды сату. Жай акцияларды шығару және айналымға шығару сыртқы капиталды қатыстырудың маңызды тәсілі болып табылады, яғни шығарылған акцияларды реттеу және акционер пайдасымен байланысты үлкен қауіп. Банк акционерлері барлық жаңа акцияларды сатып ала алмаса, онда бұл акциялар банк қадағалауын азайтады және бір акцияға пайданы төмендетеді, тек жаңа қарастырылған қаражат жаңа құнды қағаздардың эмиссиясы бойынша шығысты жабатын кіріс алып келсе, бұл проблемаларды жабуға болады. Шығарылған акциялар банк пайдалана алатын несие қаражатының үлесін төмендетеді. Осы соңғы фактінің орнын акция көптігі толтырады, болашақта несие қаражаттарын қатыстыру бойынша банк мүмкіндігін көбейтеді.
Жай акцияларды сату сияқты, артықшылығы бар акцияларды сату банк капиталының ең қымбат көздері болып табылады.
Кейде, банктер өз қызметтерін ұстап тұру үшін офистерін толықтай немесе жартылай сатады да, оларды содан кейін жаңа иелеріне жалға береді. Бұндай келісім қанша-қол қаражаттың мөлшерлі түсімін, сондай-ақ банктің капиталды позициясын күшейтетін меншікті капиталына әжептеуір қосымын реттейді. Көп жағдайда инфляция және экономикалық өсім банк балансында көрсетілген алғашқы бағамен салыстырғанда мүліктің осы бағасынан әлде қайда жоғары болса, бұндай келісімдер жүзеге асырылады.
Соңғы жылдары, көптеген банктер капитал және активтердің қатынасын күшейту үшін, өз активтерін сатуды қолданған. Бұдан басқа, олар көп жағдайда қауіпті активтердің өсуін тежейтін, ал өздерінің активтерін актив көлемін күшейту үшін мемлекеттік құнды қағаздар мен басқа да инвестицияларға реттейтін.
Бонус эмиссиясы деп аталатын соңғы жаңа енгізулелерді есептегенде, банк активтерінің нарықтық бағасы оның баланс бағасымен салыстырғанда көтерілсе, банк сату стимулын жоғалтады. Жаңа акциялар акционерлік капиталды көбейтеді, бірақ жеке меншікті көбейтпейді және осы уақытқа дейін шығарылған акциялардың бағасын төмендетпейді.
Сыртқы көз есебінен капиталды қатыстыру тәсілдерін сайлау. Сыртқы капиталды қатыстыру тәсілі альтернативасы бар қаржы талдау негізнде жүргізілуі тиіс.
Меншікті капиталдың өсу көзі және оның қатынасы факторлардың күрделі жиынтығынан анықталады, осының ішінде кері шығыс, бір акция кірісімен өлшенетін акционерлік капиталдың пайдасына әсері, банк қызметінің меншіктілігіне және бақылауына әсері, капиталдың көзімен байланысты кері қауіп, жаңа капиталды қаражатты қатыстыру арқылы жүзеге асырылатын нарық капиталының күші және әлсіздігі сияқтылар үлкен роль атқарады, сонымен, Ұлттық банкті реттеу саясаты үлкен роль атқарады. [5]
Сыртқы капиталды қатыстыру тәсіліне акция эмиссиялары жатады, ол үлкен шығын және жоғары қауіппен байланысты.
Банктің тартылған қаражаттары. Банк ресурстарының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті қаражаттармен салыстырғанда өте жоғары, олардың есебінен банктің активтік операциялардың басым бөлігі жүзеге асады.
Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай-ақ ескі банктік жүйе үшін уақытша бос қаражаттарды тартудың дәстүрлі емес тәсілдерінің болуы, тартылған қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе де болады.
Банктік тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты екі топқа бөледі:
- депозиттік қаражаттар
- депозиттік емес тартылған қаражаттар

- Банктік ресурстар және олардың құралу көздері
- Банктік ресурстар және олардың экономикалық мазмұны мен түрлері
- Банктік тәуекелдерді басқару
- Банктік тәуекелдердің мәні мен түрлері
- Банктік шот ашу
- Банктін меншікті капиталы
- Банктін пассив операциясының тәуекелділігін басқару
- Банктік менеджментті жетілдіру жолдары
- Банктік менеджментті жетілдіру жолдары
- Банктік менеджментті жетілдіру жолдары
- Банктік менеджментті жетілдіру жолдары
- Банктік несиенiң мәнi, мағынасы және түрлерi
- Банктік өнімдер мен қызметтер нарығында туындайтын мәселелерді шешу жолдары
- Банктік пайыз