Банктік тәуекелдердің мәні мен түрлері
Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі. Нарықтық құрылымдар жүйесінде коммерциялық банктер маңызды орынға ие. Олардың қызметінің дамуы нарықтық механизмді нақты құрудың қажетті жағдайы болып отыр. Қазіргі уақытта банктер тәуекелмен байланысты операцияларды атқарады. Сондықтан да тәуекелдер шектеулі, бағаланған және банктің қаржылық мүмкіндіктер шеңберінде болуы керек.
Қазіргі уақытта банктік
нарықты тәуекелдің болмауы
Банкте кездесетін тәуекелдердің бәрі банк саясатының және де Қазақстан Республикасының Ұлтық Банкінің бекіткен нормативтерінің бұзылуына жол бермейтін қатаң басқару жүйесінде болуы тиіс. Банктік тәуекелдерді басқару негізінде тәуекелдің деңгейін төмендету бойынша мақсатты бағытталған іздестірулер мен жұмыстарды ұйымдастыру, табыстылық пен тәуекелдің тиімді қарым – қатынасын табу, белгісіз қаржылық – шаруашылық жағдайындағы пайданы табу және оны көбейту өнері жатыр. Біздің республикамыздың ірі банктері үшін қызметтерінің барлығы тәуекелмен байланысты мақсатты бағытталған деп айтуға болады.
Тәуекелді басқаруға жүйелі тәсілді қолдану және оны ірі банктің активтері мен пассивтерін басқару жүйесін қалыптастыру кезінде (алдағы уақытта дамуы ішін де) қолданылуын есептеуге болады.
Тәуекел әрқашанда адам қызметінің кез келген аясында бірге болады және оның қызметінің табыстылығы тәуекел мәселесін жақсы шешуіне байланысты болады.
Тәуекел қаржылық операциялардың кез – келген жағдайында пайда болуы мүмкін, бірақ әр түрлі масштабта. Банктік қызметтің мақсаты тәуекелді алдын ала жолдарын ойластыру, пайда болған тәуекелдің деңгейін алдын ала болжау және төмендету.
Тәуекел – деп белгілі бір қаржылық операцияларды жүргізу нәтижесінде банктің қосымша шығындалатын өздерінің қаражат көзін жоғалту қаупі немесе ықтималдылығы.[1]
Тәуекел экономикалық категория ретінде кез келген кәсіпкердің қызметімен, соның ішінде банктің қызметімен байланысты болатын, оның нәтижелігінің анықсыздығын және сәтсіздік жағдайында қолайсыз нәтиже мүмкіндігін көрсететін жағдайдағы сипаттама болып табылады. Қолайсыз жағдай орын алғанда үш экономикалық нәтиже болуы мүмкін: кері (ұтылу, жоғалту, шығын); нөлдік және оңды (ұтыс, табыс, пайда).
Шығындардың пайда болуы мен пайданы жоғалту сияқты қолайсыз нәтижелер мүмкіндігі берілген несиелер бойынша төлем жасалмауы, ресурстық базаның қысқаруы, баланстан тыс операциялар бойынша төлемдерді жүзеге асыру нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Қазіргі банктік сектор тәуекелсіз болуы мүмкін емес, өйткені әр банк операциясында бар, бірақ белгілі бір тәуекелдің жіктелуі әр түрлі болуы мүмкін. Тәуекелден құтылу мүмкін емес. Сондықтан кез келген кәсіпкер тәуекел деңгейін минимумға түсіруге тырысады және бірнеше альтернативті шешімдер ішінен тәуекел деңгейі минималды шешімді таңдайды, сондай – ақ тәуекел деңгейі мен табыс шамасының оптималды қатынасын таңдауға тырысады. Осыған байланысты Қазақстандық банкирлерге банктік қызмет нарығында қалыптасқан жағдайды бағалау және батыс тәжірибесіндегі банктік тәуекел басқару мен мониторингіне көңіл аудару керек.
Банк ісіндегі тәуекел – бұл банкті шығындарға және банкроттылыққа әкеп соқтыратын, жоспарланған қаржылық операцияларды жүзеге асыру нәтижесінде қосымша шығындардың пайда болуы, табыстардың толығымен алмауы немесе банктің өз ақша – қаражаттарын жоғалту мүмкіндігі.
Банктің өз қызметі процесінде тәуекел түрлерінің әр түрлі жиынтығымен кездеседі. Осы жинақтар бір – біріне пайда болу уақыты мен орны, экзогендік факторлар жиынтығы (яғни экономикалық орта, коньюктурамен байланысты «сыртқы») және экзогендік факторлар банктің (өзіндік қате қызметінен пайда болатын «ішкі») бойынша ажыратылады. Сонымен бірге, барлық тәуекел бір – бірімен байланысты және банк қызметіне әсер етеді.
Банк қызметі табысты болу үшін, банк тәуекелді бөлшектеу және нақты тәуекел түріне ең жақсы басқару тәсілін қолдану қажет.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының негізгі мақсаты банктік тәуекелдер әдістерін талдау негізінде оларды бағалау, басқару тетіктерін жетілдіру бойынша тәжірибелік ұсыныстар жасау болып табылады.
Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін келесідей міндеттерді шешу қарастырылады:
- банктік тәуекелдің
- банктік тәуекелінің жіктелуі: несиелік тәуекел, валюталық тәуекел, пайыз тәуекелдерін басқару әдістерін анықтау;
- коммерциялық банктерде тәуекелдің басқарылу жолдары;
- банктік тәуекелді басқарудыың шетелдік тәжірибесі;
- банктік тәуекелдерді басқарудың заманауи тәсілдерінің жетілу жолдары, Қазақстанда несиелік бюроны құрудағы ұсыныстар қарастыру.
- БАНКТІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ
- Банктік тәуекелдердің мәні мен түрлері
Тәуекел әрқашанда адам қызметінің кез келген аясында бірге болады және оның қызметінің табыстылығы тәуекел мәселесін жақсы шешуіне байланысты болады.
Тәуекел – бұл табиғаттың әр түрлі құбылыстарынан және адамның қызмет түрлерінен пайда болатын жоғалтулар қаупінің мүмкіндігі. Тәуекел – тарихи және экономикалық категория болып табылады.
Тәуекел тарихи категория ретінде қоғам дамуымен байланысты болып және адамның болашақта болатын қаупі түсінуімен байланысты болады. Қоғамның даму барысында тәуекел экономикалық категорияға айналады.[2]
Банктік тәуекел – жоспарланған қаржылық операцияларды жүзеге асыру нәтижесінде қосымша шығындардың пайда болуы, табыстардың толығымен алмауы немесе банктің өз ақша – қаражаттарын жоғалту мүмкіндігі.
Банктің өз қызметі процесінде тәуекел түрлерінің әр түрлі жиынтығымен кездеседі. Осы жинақтар бір – біріне пайда болу уақыты мен орны, экзогендік факторлар жиынтығы (яғни экономикалық орта, коньюктурамен байланысты «сыртқы») және экзогендік факторлар банктің (өзіндік қате қызметінен пайда болатын «ішкі») бойынша ажыратылады. Сонымен бірге, барлық тәуекел бір – бірімен байланысты және банк қызметіне әсер етеді.
Банк қызметі табысты болу үшін, банк тәуекелді бөлшектеу және нақты тәуекел түріне ең жақсы басқару тәсілін қолдану қажет.
Сонымен, банк тәуекелінің қызықты классификациясын қарастырайық, ол өзіне категория, топтар, түрлер, түрлер арсындағы және тәуекелдің әртүрлілігін қамтиды (Қосымша 1).
Сонымен банктік тәуекелдің қағидалары мыналар:
- Банктік тәуекелдің әсер ету және қызмет ету аясы.
- Банк клиентерінің құрамы.
- Банктік операциялар сипаттамасы.
- Коммерциялық банктердің түрі.
Әсер ету мен қызмет ету аясында байланысты банктік тәуекелдер сыртқы және ішкі болып бөлінеді (Қосымша 2).[3]
Сыртқы тәуекелдерге банктік қызметке тікелей байланысты емес немесе берілген бір клиентпен байланысты емес тәуекелдер жатқызылады. Банкте анықталған ақша – қаражаттары болғанда, ол жанама түрде сыртқы тәуекелдерді алдын ала болжай алады және оларды өз уақытында басқара алады. Сыртқы тәуекелдер саяси – экономикалық, әлеуметтік – құқықтық, бәсекелестік, қаржылық және басқадай факторлардан пайда болады.
Саяси факторларға соғыс, жаулап, басып кіру (оккупация), саяси көтерілістер мен тәртіпсіздік, идеологиялық келіспеушілік, экономикалық қызығушылық қақтығыстары, саяси күштер мен әлеуметтік топтар қызығушылықтарының поляризациясы, саяси режимнің ауысуы, ұлттандырылуы, жекешелендірілуі, қарыздарды жалпылау (консолидация), эмбаргоны енгізу, импорттық лицензияны алып тастау, тікелей шеттел инвестициялар тәуекелі және т.б. жатқызылады. [3]
Экономикалық факторларға мыналар жатады: ЖҰӨ-нің төмендеу немесе өсу қарқынының баяулауы, өнімге деген бағаның тез өсуі, экспорттан түсетін табыстың төмендеуі, инфрақұрылымның нашар дамуы және т.б.
Әлеуметтік факторлар азаматтық соғыс, табыстардың бірдей бөлінбеуінен, идеологиялық және діни көзқарастардың қайшылықтары, ұлттық қақтығыстар, көтерілістер жағдайларынан туындайды.
Құқықтық факторлар келесіде: заңдылықтардың өзгеруі, оның бұзылуы. [1]
Бәсекелестік факторлар: банктің және банктік мекемелердің қосылуы, банктік операциялар мен мәмілелердің жаңа түрінің пайда болуы, басқа банктердің қызмет құнының төмендеуі, банктік қызмет сапасына деген талаптардың жоғарылауы, жаңа банктік мекемелер пайда болуының жеңілдігі, банктің банкротқа ұшырау қиындығы мүмкіндігімен байланысты болады. Қаржылық факторлар тәуекелдігі – жалпы ішкі өнім, сыртқы қарыздың экспортқа қатысты қызмет көрсетуінің көлемі, ЖІӨ - ге ағымдағы баланстың дефицитінің сыртқы қарызға қолайсыз қатынасы.
Банктің өзінің қызметіне байланысты және ол тәуекел жағдайларды белсенді түрде басқару мүмкіндігін иеленеді. Ішкі тәуекелдерге берілген жекеленген коммерциялық банк иеленетін кәсіпкерлік артықшылықтар әсер етеді. Атап айтсақ, қаржылық нарықтың берілген аясында банктің қызмет көрсетуін ұйымдастыру кезінде оның басшылары мен дұрыс таңдалған стратегиясымен саясаты. Банктік операциялар технологиялық процестерімен маманданған қызметкерлер жеткілікті минимумын оптималды басқару, тиімді маркетингтік стратегияны және тактиканы таңдау және т.б факторлар. Ішкі тәуекелдер банктің өз қызметінен клиенттердің қарыз алушылардың немесе оның берілген контр серіктестіктер қызметіне байланысты. Олардың деңгейіне банк басшыларының іскерлік белсенділігі, басқарудың тиімділігі мен тактикасы және басқадай факторлар үлкен әсер етеді. Осыдан келе тәуекелдер келесідей бөлінеді:
- банк активтерімен байланысты (несиелік, валюталық, нарықтық, лизингтік, кассалық, есеп айырысулық, факторингтік, корреспонденттік шот бойынша, қаржылық және инвестиция бойынша тәуекел және т.б.);
- банк пассивімен байланысты (салым және депозит бойынша, банкаралық несиелерді тарту тәуекелдері және диверсификация тәуекелі);
- банктің өзінің активтерімен пассивтерін басқару сапасымен байланысты (пайыздық тәуекел, өтімділік тәуекелі, төлем қабілетсіздігі, капитал құрылымы тәуекелі, банк капиталының жеткіліксіздік тәуекелі);
- қаржылық қызмет жүзеге асу тәуекелімен байланысты (операциондық, технологиялық тәуекелдік, жаңа енгізулер тәуекелдігі, стратегиялық, бухгалтерлік, әкімшілік тәуекелдігі, қауіпсіздік тәуекелі).[4]
Банк клиенттерінің құрамының тәуекелдігі банктік қызмет маркетингпен, қоғаммен қарым – қатынас жасаумен байланысты. Кіші орта және ірі клиенттердің талаптарының әр түрлілігі сол тәуекелдің деңгейін анықтайды, яғни ұсақ қарыз алушы ірі қарыз алушыға қарағанда нарықтық экономиканың кездейсоқ жағдайларына көбірек тәуелді болады. Сонымен қатар бір қарыз алушыға немесе бір – бірімен байланысты қарыз алушылар тобына, салаға және аймаққа немесе мемлекетке берілген үлкен несиелер көп жағдайда банктің банкротқа ұшырауының негізгі себебі болады.[5]
Банк үшін таңдамалы клиентті дұрыс таңдау үлкен маңызға ие. Әдетте осындай серіктестіктерде қаржылық тұрақтылықтарын жоғары деңгейі бар және өтімділік пен баланс төлем қабілеттігінің жақсы көрсеткіштері, табыстылық деңгейінің жеткіліктілігімен қамтамасыз етілген меншікті қаражаты бар кәсіпорындар жатқызылады. Нарықтық қатынастың дамуына байланысты банктік жүйенің тұрақсыздығы күшейеді, ал ол өз кезегінде экономика мен кәсіпорынның әр салалар жағдайына әсер етеді. Шаруашылық субъектілер өзіндік қаражаттар мен резервтерді қысқарта бастайды. Бұл несие ресурстар дұрыс айналымының бұзылуына және банк операцияларының тәуекелдерінің өсуіне алып келіп соғады.
Банк операциялар есебінің сипаттамасы тәуекелдерді келесідей бөлуді ұсынады: баланстық және баланстан тыс операциялар бойынша, активтік және пассивтік операциялар бойынша тәуекелдер. Бірақ, айта кететін жайт, баланстық операциялар бойынша пайда болатын тәуекелдер көбінесе баланстан тыс операцияларға таралады.
Банктік баланс тәуекеліне келесілер жатады:
- несиелік тәуекел (негізгі ссуда бойынша қарыздың қайтарылмау тәуекелі);
- пайыздық тәуекел (берілген ссуда бойынша пайыздың алынбау тәуекелі);
- өтімділік тәуекелі (банктің өз міндеттемелерін уақытында орындамау тәуекелі, өтімділік нормативтерін бұзу тәуекелі);
- капитал құрылымының тәуекелі (капитал жеткіліктілік нормативінің банк орындамау тәуекелі, оның капитал құрылымының рационалды емес ұйымдастыру тәуекелі).
Соңғысы банктің қосымша капиталы (несиелік тәуекелдерді жабуға арналған резервтер, бағалы қағаздардың құнсыздануынан резервтер және т.б.) негізгі капиталынан асып түскенде пайда болады.[6]
Баланстан тыс тәуекелдер банктің келесідей жағдайларға қызмет көрсете алмау мүмкіндігі:
- берілген кепілдер бойынша;
- шығарылған бағалы қағаздар, бағалы қағаздармен жасалған келісім – шарт бойынша;
- несиелік міндеттемелер
- валюталық мәмілеге отыру
Сонымен қатар, банктік тәуекелдер деңгейі лизингтік және факторлық операцияларды, бартерлік және клирингтік мәмілелерді жүзеге асырған кезде пайда болуы мүмкін.
Лизинг –жаңа техника және технологияны дамытуды қаржыландыру, нақты негізгі капиталдың жеке элементтерді жедел түрде енгізу қажеттілік кезеңінде құрал – жабдықтарды сатуды ұлғайту, тауардың өмір циклін қысқарту тәсілі.
Лизингтік мәмілелердің тәуекелін төмендету үшін амортизациялық аударымдар нормаларын жедел түрде өңдеу немесе оларды мерзімінен бұрын аударуды пайдалану керек. Қазіргі уақытта лизинг тәуекелі жоғары операция болып саналады. Сондықтан да одан келетін шығындарды жабу банктің резервтік қор есебінен мақсатты түрде жүзеге асырылуы керек.
Лизингтік операцияларды жүзеге асыратын субъектілер арасындағы қатынас формасына байланысты ол оперативтік, қаржылық, қайтарымды және халықаралық бола алады.
Жоғарыды көрсетілген лизингтің әрбір түрлері тікелей және жанама, шұғыл және қайта қалпына келетін (рефольверлік), таза және толық бола алады. [7]
1.2 Банктік тәуекелдердің жіктелуі
Банктік тәуекелдер белгілі бір жүйеге сәйкес және ерекшеліктеріне байланысты тәуекелдер төмендегідей жіктелінеді:
Ел (мемлекеттік) тәуекел – ел
тәуекелдері банктің өз
Банктің басшалығымен жіберілетін негізгі қателер шетел контрагенттердің қаржылық тұрақтылығын дұрыс бағалаумен байланысты.
Ел тәуекелі ең бірінші 1982 жылы Мексикада 90 млрд.$ мөлшеріндегі несиелік төлемдерді 400 Солтүстік Америка, Еуропа және Жапон банктеріне төлеу қабілеттілігі жоқ екендігін жариялаған уақытта пайда болды. 90 – жылдардың басында Бразилия мен Мексика 200 млрд.$, Оңтүстік Американың басқа елдері әлі 150 млрд.$ қарыз болды.
Африка елдері арасындағы алдыңғы қатарлы қарызгер Нигерия болып табылады, оның қарызы 20 млрд.$ бағаланады. Потенциалды түрде ел тәуекелі бар деп саналатын елдердің тізіміне Иран, Ирак, Кувейт, Ауғаныстан, Салвадор және тағы басқа елдер жатқызылады.
Ел тәуекелі деген түсініктің өзі мемлекеттің және басқа қарыз алушылардың сыртқы қарыз міндеттемелерін орындау мүмкіншіліктеріне әсер ете алатындай деңгейдегі мемлекеттің экономикалық, саяси және құқықтық жағдайларының өзгеру тәуекелін білдіреді.[8]
Ел тәуекелін анықтайтын себептермен жағдайларға байланысты тәуекелдің келесі категорияларын анықтау керек:
Саяси – бұл мемлекет құырылысының ерекшелігімен байланысты, мемлекеттің билік органдары қызметтерінің тұрақсыздығы (мысалы, үкіметтің тез ауысуы, басқару және саяси режимдерінің өзгеруі), үкіметтің экономикалық және басқа да саясаттарды дұрыс жүргізбеуі (национализация, жекешелендіру, т.б.), этникалық және аймақтық мәселелер, әлеуметтік топ мүдделерінің поляризациясы т.б.;
Құқықтық – банк қызметіне қатысты заңдық және басқа да нормативті шектеулер (мысалы, экспортты немесе импортты шектеу, шетел банктері қызметін лицензиялау, шетел инвестициясын лимиттеу);
Экономикалық:
- жалпы экономикалық тәуекелдер – экономикалық қиындықтар экономикалық саясатпет байланысты, ЖҰӨ өсуінің ұзақ мерзімді төмендеуі, импорттың экспорттан жоғары болуы, энспорттан тусетін табыстың азаюы;
- қаржылық тәуекелдер – ақша–несие жүйесінің дағдарысы, инфляция, сыртқы қарыздың күрт өсуі, сыртқы қарызды өтеу көлемінің төмендеуі, сыртқы қарызға жаппай мораторий, трансфертті тәуекел, елде несие мен займдар бойынша төлемдер жасау үшін қажетті мөлшерде шетел валютасының болмауы, сондай – ақ импортпен салыстырғанда шетел резервтерінің азаюы, жаңа экономикалық нормативтер, салықтар, алымдар, баждар, тарифтер мен квоталардың енгізілуі;
- техникалық – бану саласындағы іскер техникалық стандарттармен байланысты (негізінде ақша аудару саласындағы қаражат инновациялары, қауіпсіздік, т.б.);
- басқа да тәуекелдер – мысалы, қаржы саласындығы криминогендік жағдай, бюрократиялық машинаның үлкендігі. [9]
Көптеген авторлар сияқты, мемлекеттік тәуекелді сипаттайтын жиыньық тәуекелдерді талдау кезінде саяси, құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, демографиялық және басқа тәуекелдерді жеке қарастыруға болмайды, өйткені барлық ұлттық факторлары өзара байланысты. [10]
Сондай – ақ соңғы кездерде саяси емес, экономикалық және құқықтық тәуекелдерге көңіл аудару керек, яғни мемлекеттің ұлттық экономиканы тиімді басқару мүмкіндігіне.
Тәуекел дңгейін талдауда әр түрлі әдістер қолданылады, бірақ көп ретте, белгілі мемлекетті зерттейтін сарапшылар мен мамндарды тартады; осы елдің тәжірибесін зерттейді, статистикалық математикалық есептерді қолданады, елдің дамуын анықтайтын факторлардың үлес салмағының жалпы жиынын қолданады, елдің дамуын анықтайтын факторлардың үлес салмағының жалпы жиынын қолданады. [11]
Мемлекет тәуекелінің деңгейін талдаудың ұсынылатын әдістерінің бірі герман фирмасы «Бум» шығарған Бум индексі. Мұны 100 сарапшы экспертті бағалаулардың әр түрлі әдісін қолдана отырып, жылына 4 рет талдау жүргізеді.
Осылайша серіктес елдегі экономикалық және саяси жағдайлары жан – жақты талданады. Әр түрлі елдің мамандары белгісіз түрде жауап беретін анкетада 15 баға критерийлері бар. Олардың әр қайсысының үлес салмағы жалпы сомамен 100 – ге тең (1 - кесте).
1 – кесте Саяси және экономикалық жағдайларды талдау
|
Бағалау критерийлері |
Үлес салмағы |
Саяси тұрақтылық Шетел инвестициясымен пайда қатынасы Ұлт меншігіне айналдыру деңгейі Валюта девальвациясының деңгейі мен ықтималдығы және оған әсер ететін ішкі және сыртқы факторларға талдау Төлем балансының жай – күйі, сондай – ақ ұлттық және шетел салымшыларының тобына әр түрлі факторлардың әсері Мемлекеттік реттеу деңгейі ақша-несие жүйесінің тиімділігі Экономикалық өсу қарқыны Жалпы өнім өсуінің қарқыны: Валюта айырбастылымдылығы Келесі міндеттемелердің орындаудың талдауы Жалақы шығындары, еңбек өнімділігі деңгейі Мемлекет органдары мен қоғамдық ұйымдардың өзара байланысы Қысқа мерзімді несие алу шарттары Ұзақ мерзімді несие мен жеке капиталды алу мен қолданудың шарттары |
12% 6% 6%
6%
6% 10% 10%
2,5% 5% 7,5% 10% 6% 8%
4% 8%
8% |
Әр сұрақ балл бойынша бағаланады – пайыз шкаласы бойынша және жауаптардың 0 – ден (min) 4 – ке (max) дейін бес варианттары бар.
Мемлекеттік тәуекел талдауына басқа фирмалар қатары да көңіл аударуда. «International Reports» жыл сайын мемлекеттік тәуекел бойынша халықаралық анықтама шығарады. Онда 47 елге 1 жылға болжам ұсынылады, тәуекелдер топтарға бөлінеді: саяси – 13, қаржылық – 5, экономикалық – 6, ең көп сома 100 балл.[12]
«Business International» фирмасы балдық жүйемен бағаланатын, өзінің үлес салмағы бар 70 мемлекетте аналитикалық материалдарын шығаратын мемлекеттік тәуекелдің 56 көрсеткішін қолданады. Оның ішінде 5 жылға арналған жыл сайынғы мемлекеттік тәуекел.
«National Westminster Bank» мелекеттік тәуекелдің талдаудың әдістемесінде жеке бір елді несиелеу тәуекелінің (қатердің) 50 пайызы қаржылық факторлармен анықталады. 20 пайызы құрлымдық экономикалық диспропорцияларымен, 30 пайызы ішкі және сыртқы саяси факторлармен анықталады деп көрсетіледі. Болжанатын кезең көп болған сайын, мемлекеттік тәуекелді туыратын үлес салмағы аз болады, керісінше жағдайда жобаланатын кезеңнің 20 жылға өсуімен қаржы факторларының үлес салмағы аз болады, керісінше жағдайда жобаланатын кезеңнің 20 жылға өсуімен қаржы факторларының үлес салмағы 25 пайызға, ал саяси факторлар 50 пайызға дейін өскен деген қорытындыға келген.
«Гермес» герман сақтандыру фирмасы мемлекеттік тәуекел деңгейін талдауда барлық елдерді 5 категорияға бөледі:
- аз ғана тәуекелді елдер, негізінде ОСЕД елдері;
- салыстырмалы түрде аз саяси тәуекелді елдер, олармен жұмыс істеу тіжірибесі жақсы және төлем проблемаларының пайда болу қаупі төменірек;
- саяси тәуекел деңгейі жоғары елдерге – герман сақтандыру фирмасы «гермес» сақтандыруды жүзеге асыратын елдер, мысалы, дамушы елдер,
- жоғары тәуекелді елдерге, әсіресе сыртқы қарызды өтеуді кейінге қалдыруға рұқсат етілген елдермен халықаралық несиелерді жоюда проблемалары бар елдер;
- жоғары тәуекелді елде, оның ішінде қысқа мерзімді несие бойынша;
Әрбір нақты коммерциялық банк өз қызметі барысында қаржылық тұрақтылықты төмендетпеу үшін және күйреуге жол бермес үшін кез–келген әдістемелерді ескеруі қажет.[13]
Валюталық тәуекел – валюталық немесе курстық тәуекел – бұл қандай да бір шетелдік валютаға ұлттық валютаның қатынасы кезіндегі курсының өзгеруі нәтижесінде зиян шеккен банктерде өз қорларының бір бөлігінің жоғалуына, табыстардың толық алынбауына немесе қосымша шығындардың шығып кетуіне алып келеді.
Валюталардың курсы салыстырмалы түрде бір – біріне әрдайым да өзгерістер болатыны белгілі (ТЕҢГЕ/ДОЛЛ., DM/ДОЛЛ., YEN/BGP және т.б.), ол банк қызметінің пайдасымен шығынында көрініс табады. [14]
1.3 Банктік тәуекелдерді басқару әдістері
Нарықтық құрылымдар жүйесінде коммерциялық банктер маңызды орынға ие. Олардың қызметінің дамуы нарықтық механизмді нақты қүрудың қажетті жағдайы болып отыр. Қазіргі уақытта банктер тәуекелмен байланысты операцияларды атқарады. Сондықтан да тәуекелдер шектеулі, бағаланған және банктің қаржылық мүмкіндіктер шеңберінде болуы керек.
Қазіргі уақытта банктік
нарықты тәуекелдің болмауы
Банк ісіндегі тәуекел – бұл банкті шығындарға және банкроттылыққа әкеп соқтыратын, банк қызметіне байланысты немесе байланысты емес жағымсыз жағдайлардың нәтижесінде мүмкін болатын шығындарды айтамыз.[15]
Пайыз тәуекелі басқа да тәуекелдер сияқты өзінің белгісіздігімен сипатталады. Бұл жердегі белгісіздік пайыздық мөлшерлеменің қозғалсы мен деңгейінің болашақтағы бағытымен байланысты болады.
Пайыздық мөлшерлеме өзгергенде банктің табыстары мен шығындары, активтердің нарықтық құны, пассивтер және баланстан тыс шоттары да өзгереді. Бұл өзгерістердің нәтижесі банктің пайдасы мен капиталына әсер етеді. Өзінің табиғаты бойынша пайыздық тәуекелдер спекулятивті қаржылық тәуекел болып табылады. Пайыздық мөлшерлеменің өзгеруі пайдаға немесе шығындарға алып келеді. Пайыздық мөлшерлеменің өзгеруі экономикаға мемлекеттің араласуын төмендету және банктік өнімдердің санын ұлғайту пайыздық тәуекелдерді басқаруды банктің қызметінде маңызды салаға айналдырды. Осымен байланысты банктегі реттеуші және бақылаушы органдар пайыздық тәуекелге банктердің ұшырауын бағалауға үлкен көңіл бөледі және тәуекелді есепке алғандағы капиталға деген талаптар бойынша Базельдік Коммитетінің ұсыныстар соңғы уақытта өте өзекті мәселе болып табылады.
Пайыздық тәуекелдің формуласы Фишер моделі деп аталады және былай сипатталады:
і = r + p
мұндағы:
і – пайыздық нарық мөлшерлемесі;
r – нақты пайыздық мөлшерлеме;
р – инфляцияның күтілетін қарқыны.
Номиналдық және нақты пайыздық мөлшерлемелерді айыру қажет.
Номиналдық пайыздық мөлшерлеме = күтілетін, нақты тәуекелі жоқ пайыздық мөлшерлеме + инфляцияның күтілетін деңгейі + тәуекел – түзу (мерзімді сақтамау, қарызды өтемеу тәуекелі);

- Банктік шот ашу
- Банктін меншікті капиталы
- Банктін пассив операциясының тәуекелділігін басқару
- Банктің даму жолдары
- Банктің есеп айырысу операциялары
- Банктің корпоративтік бағалы қағаздармен операциялары
- Банктің меншікті капиталы
- Банктік несиенiң мәнi, мағынасы және түрлерi
- Банктік өнімдер мен қызметтер нарығында туындайтын мәселелерді шешу жолдары
- Банктік пайыз
- Банктік ресурстардың қалыптастыру көздері
- Банктік ресурстар және олардың құралу көздері
- Банктік ресурстар және олардың экономикалық мазмұны мен түрлері
- Банктік тәуекелдерді басқару