Банктің есеп айырысу операциялары



 

ЖОСПАР

 

Кіріспе

І бөлім. Есеп айырысу операциялары

1.1. Есеп айырысу операциялары және олардың жіктелуі

1.2. Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу есебі.

1.3. Төлем талап-тапсырмасымен есеп айырысу есебі.

 

ІІ бөлім. Инкоссалық өкімдермен есеп айырысу есебі

2.1. Инкоссалық өкім.

2.2. Чектермен есеп айырысу есебі.

2.3. Есеп айырысудың аккредитивтік нысанының есебі.

Қорытынды

Қосымшалар

Пайдаланылған әдебиеттер

Мазмұны

 

 

Кіріспе

 

              Кәсіпорын және ұйымдардың ақшалай қаражатты банкте олардың қызмет сипатына сәйкес ағымды  және есеп айырысу шоттарында сақталады. Шаруашылық қызмет үрдісінде субьектілер арасында анықталған талаптар мен міндеттемелер пайда болады, оларды реттеу үшін  төлем жүйесін ұйымдастыру қажет. Бұл кезде төлем борышқордың өз міндеттемелерін орындау үрдісі болып табылады, ал оның соңғы кезеңі – есеп айырысу.

              Осы есеп айырысу міндеті – қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысанда төлем айналысына қызмет ету болып табылады.  Кәсіпорын және ұйымдар арасындағы төлем айналысы негізінен екінші деңгейлі банктерде ашылған банктік шоттар жүйесі арқылы қолма-қол ақшасыз түрде жүзеге асырылады.

              Банктік шот – бұл банк тәжірибесінде қалыптасқан іскерлік  қатынас салтында қолданылатын заңдылықтар мен келісімшарттарда қарастырылған, клиентке банктік қызмет көрсетуді жүзеге асырумен байланысты депозитті қабылдау және банктік қызмет көрсетуді  жүзеге асырумен байланысты депозитті қабылдау  және банктік операциялар жүзеге асыруы бойынша банк пен клиент арасындағы келісімшарттық қатынасты бейнелеу әдісі.

              Клиенттің есеп айырысу  шоты банктік шот келісіміне немесе есеп айырысу – кассалық қызмет келісімшартына сәйкес жүргізілідеі. Келісім клиенттің шот ашуға  жазған өтініші негізінде жасалады. Осы келісім шартқа сәйкес банк клинетке есеп айырысу және басқа да  шоттарды ашады, оған түскен қаржыны есепке алады, клиент тапсырмасы бойынша  шоттан қаржы алады, клиенттен қолма-қол ақша қабылдайды, босатады, қалдықты сақтағаны үшін пайыз төлейді және шот бойынша басқа да операцияларды жүргізеді.

              Банктік келісімшарттың негізгі деректемелері келесілер: келісім мәні; салық төлеушінің нөмірі көрсетілген салық қызметі органдарында есепке тұрғандығын куәландыратын құжат; банктегі ақшалай қаражатты қолдау тәртібі, сондай-ақ банк көрсететін қызмет пен оны  төлеу тәртібі. Банктік келісімшарт екі тарап келісетін басқа да шарттарды  қарастыруы мүмкін.

              Банктік шот ашу үшін Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:

-         клиенттің салық есебінен тұрғандығын растайтын салық қызметі берген құжаттың түпнұсқасы;

-         мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын құжат көшірмесі;

-         жарғының нотариалды бекітілген көшірмесі, ал оқшауланған бөлімшелер үшін – бекітілген ереженің көшірмесі;

-         қол қойылыпы, мөр басылған  катрочка үлгісі;

Бұл кезде бір данасы банк клиентінің іс құжатында сақталуы тиіс.

              Банктер теңге және шет ел валютасында  шот ашуға, жүргізуге құқылы, олар: ағымды, жинақтық және байланыстырма (корреспонденттік) шоттарға бөлінеді. Ағымды және жинақтық шоттар – заңды және жеке тұлғалардың  оқшауланған  бөлімшелерінің банктік шоттары, ал байланыстырма (корреспонденттік) шоттар – банк операцияларының жекелеген түрлерін өткізетін банктік емес мекемелер банктердің банктік шоттары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І бөлім. Есеп айырысу операциялары

1.1. Есеп айырысу операциялары және олардың жіктелуі

 

              Қатысушыларға байланысты банктің есеп айырысу операциялары  негізгі екі топқа бөлінеді:

      клиенттік есеп айырысу  операциялары, мұнда негізгі субъект ретінде банк және оның клиенттері қатынасы;

      негізгі субъект банк  болып табылады, таза банктік есеп айырысу операциялары және банкаралық есеп айырысулар

 

Жіктелу критерийлері

Қатысушылар құрамы

Төлем құралдары

Операцияның атқарымдық бағыты

Есеп айырысу нысандары

Банкаралық

Төлем тапсырамалыр мен есеп айырысу

Шот ашу бойынша  операциялар

Аккредитивтік операциялар

Клиенттік

Төлем талап тапсырамары мен есеп айырысу

Шот жүргізу бойынша операциялар

Аударым операциялар

Ішкі банктер

Чекпен есеп айырысу
Вексельмен есеп айырысу

Карточкамен есеп айырысу

Кассалақы операциялар

Акцептік операциялар

Талаптарды беру операциялары

 

Авальді операциялар

Инкоссалық операциялар

 

Клирингтік операциялар

 

              Есеп айырысу нысандарындағы ерекшеліктерге байланысты банктік келесі есеп айырысу  операцияларын бөліп көрсетуге болады:

      аккредитивтік операциялар;

      инкоссалық операциялар;

      аударым-операциялары;

      клирингтік операциялар;

Есеп айырысу операцияларында қолданылған төлем құралдарына

байланысты есеп айырысу операциялары былайша  жіктеледі;

-         төлем тапсырмаларымен есеп айырысу;

-         чектермен есеп айырысу ;

-         вексельдермен есеп айырысу;

-         төлем қарточкаларымен есеп айырысу;

-         қолма-қол есеп айырысу,

Атқарымдық негіздеріне, есеп айырысу мәні мен жүзеге асыру

кезеңдеріне қарай  банктік есеп айырысу операциялары былайша бөлінеді:

-         ағымды, мерзімдік есеп айырысу және басқа да шоттар операциялары;

-         әр түрлі шоттарды жүргізу, қаржыларды өтеу және қосу , сыйақы мен комиссиялық ақылар қосу операциялары;

-         кассалық операциялар (қолма-қол ақшаны қолма-қол емес ақшаға айналдыру операциялары және керісінше);

-         тиісті құжаттарды  төлеуге  төлеушінің келісімін (немесе қарсылығын) алуға байланысты  акцептік операциялар;

-         төлем алу құқығын беруге  байланысты акцептік операциялар;

-         төлем алу құқығын беруге байланысты операциялар: факторингтік, есептік, инкоссациялық (банк индоссант болып табылатын кездегі);

-         банк төлемге келіп немесе тапсырыс беруші болып табылатын, банктік авальді (кепілді тапсырмасының) операциялары.

Банктегі есеп айырысу операцияларын ұйымдастыру 2000 жылғы 25 сәуірдегі №179 «Қазақстан Республикасы аумағында қолма-қол емес төлем және ақша аударымдарын жүзеге асырудың төлем құжаттарын қолдану ережелеріне» сәйкес реттеледі. Осы ережелерде есеп айырысу  құжаттарын рәсімдеу және есеп айырысуды жүзеге асыру  тәртібі көрсетілген.

                            Банк аударым операцияларының үлкен көлемін жүзеге асырады, яғни заңды және жеке тұлғалардың  қаржы аударымдарын  жүзеге асыру тапсырыстарын орындай бойынша операциялар.

                            Аударым операцияларын жүзеге асыру үшін банктік төлеуші мен алушы арасындағы есеп айырысудың  есеп айырысудың келесі нысандары қолданылады:

-         төлем тапсырмаларымен;

-         төлем талап-тапсырмаларымен;

-         инкоссалық өкімдерімен;

-         чектермен;

-         аккредитивтермен;

-         вексельдермен;

-         банктік карточкалармен.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу есебі.

 

              Төлем құжаты ақша жөнелтушінің қызмет көрсетуге банкке, тапсырмада көрсетілген соманы, оның ақшасын бенефициар есебінен аудару туралы берген тапсырмасы. Аударымды жүзеге асыру үшін жөнелтуші өзіне қызмет көрсетуші банкке бекітілген үлгідегі  төлем тапсырмасын ұсынады. Төлем құжатында міндетті түрде келесі деректемелер (реквизиттер) көрсетілуі тиіс:

-         құжаттың аты;

-         оны жазу күні, айы, жылы, құжат нөмірі. Күн – санмен, ай – сөзбен, жыл – санмен көрсетіледі;

-         ақша жөнелтуші заңды тұлғаның ұйымдастыру-құқылық нысанын қоса, толық атауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің нормативтік-құқықтық актілерімен кодтық белгіленуі;

-         санмен және сөзбен көрсетілетін төлем сомасы;

-         салық төлеуші бенефициар мен ақша жөнелтушінің тіркеунөмірі.

Ақша аударымы  резидент емес бенефициар есебінен жүргізілсе (ақша

жөнелтуші банк болған жағдайдан тыс), өзіне қызмет көрсетуші  банкке бекітілген  үлгіде шетел валютасында ақша аударымына өтінішті ұсынады. Мұндай өтініш ақша жөнелтушінің алушы банкке аударымы туралы берген төлем құжаты болып табылады.

              Ол Қазақстан Республикасы заңдылығына сәйкес, төлем тапсырмасы мен аударымға өтініштен тыс төлем негізін дәлелдейтін  басқа да құжаттарды  талап етуге міндетті. Ақша жөнелтуші қызмет көрсететін алушы банк келісімі бойынша  төлем тапсырмасында  немесе ақша аударымы өтінішінде  валюталау күнін көрсетеді.

              Жөнелтушінің төлем құжатын орындаудағы банк міндеттемесі төлем құжатының акцепті деп аталады. Акцепт кезінде алушы банкке жөнелтушінің  банктік шотынан төлем тапсырмасында көрсетілген мөлшерде,  сондай-ақ оны орындаумен байланыстырады шығындар үшін ақша алу құқы беріледі.

              Алушы-банк төлем тапсырмасын  акцептеу үшін, аталған төлем тапсырмасын орындауға жеткілікті ақша сомасы жөнелтушінің банктік шотында  болуы тиіс. Қажетті ақша сомасын қамтамасыз ету ақша жөнелтуші  қаржысының есебінен немесе келісімдер көрсетілсе, алушы-банк заемы есебінен жүргізіледі.

              Төлем құжатын  бюджет және басқа  да Ұлттық банктің нормативтік құжаттары мен заңдылығында  қарастырылған  мақсатқа ұсынғанда, қаржы жетіспесе төлем ордері қолданылады (Қазақстан Республикасы Ұлттық банк басқармасының 2000 жылғы 25 қарашадағы №133 қаулысымен бекітілген, клиент пен оған  қызмет көрсетуші  банк арасында қолма-қол емес төлемдерді  жүзеге асыру Ережесіне сәйкес)

              Төлем құжатымен есеп айырысуды  жүзеге асыру кезінде шоттардың  келесі  корреспонденциясы құрылады:

2.        Егер ақша жөнелтуші мен бенефициарға  бір банкте қызмет

көрсетілсе, онда келесі өткізбе құрылады:

Дт 2203 «Клиенттердің  ағымдағы есепшоттары» ақша жөнелтуші

Кт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары» бенефициар

3.        Егер ақша жөнелтуші мен бенефициарға әр түрлі банк қызмет

көрсетсе, олардың арасындағы есеп айырысу корреспонденттік шоттар арқылы жүргізіледі:

              Дт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есеп шоттары»

              Кт 1051 «Банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі корреспонденттік есепшоты»

Немесе

              КТ 1052 «Банктің басқа банктердегі  корреспонденттік есепшоты»

              3. Есеп айырысуды  жүзеге асырғаны үшін  банк комиссиялық ақы ұстайды:

              Дт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»

              Кт 4601 «Банктің аударым  операциялары бойынша көрсеткен қызметі үшін есептелген комиссиялық кірістер»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3. Төлем талап-тапсырмасымен есеп айырысу есебі.

 

              Төлем талап-тапсырмасы – бенефициардың жөнелтушіге жеткізілген өнім, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет келісімі бойынша құнын төлеу туралы  қызмет көрсетуші банкке жолданған  есеп айырысу және  тиеу құжаттары  негізінде берген талабы.

              Төлем талап-тапсырмасының бенефициар бланкте жазады және бенефициар банкінде  немесе жөнелтуші  банкке тізілммен (реестр) бірге төрт данада ұсынылады, егер төлем электронды  жолмен жүзеге асырылса, екі дана.

              Бенефициар банк төлем талап-тапсырмасын қабылдай отырып, өзіне инкоссалаушы  банк міндеттемесін алады.

              Инкоссалаушы  банк міндеттемесі  төлем талап-тапсырмасын инкассоға алумен байланысты,  бенефициармен  жасалған келісім  немесе қолданыстағы  заңдылық негізінде пайда болады. Бұл кезде инкоссалаушы  банк өзіне келесі міндеттемелерді қабылдайды:

-         Төлем талап-тапсырмасын  төлемге немесе акцепте кезекті ұсыну;

-         Бенефициарға акцептен бас тарту немесе төлем туралы төлем талап-тапсырмасын қайтару туралы хабарлама жолдау;

-         Төлем талап-тапсырмасының орындалғандығы туралы бенефициарға хабарлау.

Тиісті міндеттемелерді қабылдай отырып, инкассолаушы банк төлем

талап-тапсырмасын алғаннан кейінгі келесі операциялар күннен кешіктірмей қызметтің  орындалуын анықтайды. Инкассоға инициатордан  инкассолаушы  банктің  төлем талап-тапсырмасын қабылдай инкассолаушы  банктің операциялық  күні ағымында  жүргізіледі және оны инкассоға  қабылдау кезінде тізілімнің барлық данасына күні және  түсу уақыты қойылады. Ал жөнелтуші банк аталған құжатта төлем талап-тапсырмасын алған күні мен алу  уақытына белгілейді.

              Бенефициар банк аралық деректемелердіңтолтырылу  дұрыстығын

тексеріп, төлем талап-тапсырмасымен жөнелтуші банкке жолдайды, ал бір данасы  банк белгісімен бенефициарға  қайтарылады.  Жөнелтуші – банк  төлем  талап-тапсырмасын  алып, оларды тіркейді, барлық данасына  алу күін (жоғары, оң жақтан) қояды және акцепт үшін  ақша жөнелтушісіне жолдайды.

              Бұл кезде ол жөнелтуші  банкке түскен күннен бастап  үш күн ішінде

банкке төлем талап-тапрсырмасын  ұсынуға міндетті. Төлем талап-тапсырмасын тек жөнелтуші  шотында  ақша болған  жағдайда  ғана қабылданады.

              Төлем талап-тапсырмасын толықтай немесе жартылай  төлеуден  бас

тарту кезінде, төлеуші өз банкін  осы үш күн ішінде  хабардар етеді және төлем талап-тапсырмасын  тиеу құжаттарымен және төлемнен бас тарту туралы  хабарламамен бірге бенефициарға қайтарылады.

              Төлемге келісім білдірілген  жағдайда  аталған төлем-талап

тапсырмасын акцептеледі. Жөнелтушінің төлем талап-тапсырмасының акцептеуді  талап етпейтін төлем талап-тапсырмасын басқалары  соңғының аталған талаптарға сәйкес төлем жүргізуге келісімін білдіреді.

Егер ақша жөнелтушінің  банктегі шоты  Қазақстан Республикасының

заңдылығына сәйкс тұтқындалған болса, оның банктік шоты бойынша шығын операциялары  тоқтатылған болса,  төлем талап-тапсырмасына акцептеу болмайды.

Ақша жөнелтуші мен алушы-банк  арасындағы келісімді алушы бактің

әр түрлі құжаттарды  қабылдау және сақтау  міндеттері  қарастырылады. Алушы банктің  мұндай төлем құжаттарын қабылдау және сақтау келісімі  жағдайда аталған банкке тиісті міндеттемелер қойылады.

Төлем талап – тапсырмасынан толық немесе жартылай төлеуге келісім

білдірілген  жағдайда, жөнелтуші оның  барлық данасын  банктік  шотты жүргізуге  өкілетті  тұлғалар  қолы және мортаңбасымен  рәсімдейді және оны қызмет көрсетуші банкке жолдайды, оның:

-         Бірінші данасы жөнелтуші шотынан ақша алуға негіз болады және операция  аяқталған соң банктің құжаттарына  орналастырылады;

-         Екінші данасы бенефициарға қызмет көрсетуші банкке жолданады;

-         Үшінші данасы  тауар, көрсетілген қызмет, орындалған жұмыс үшін  төлем жүргізілгендігі туралы қолхат ретінде тиеу құжаттарымен қоса жөнелтушіге қайтарылады.

Төлемнің сома бөлігінде жөнелтуші шотынан алынуға тиісті сома санмен және сөзбени жазылуы тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ бөлім. Инкоссалық өкімдермен есеп айырысу есебі

 

1.1. Инкоссалық өкім.

             

              Заң актілеріне сәйкес ақша жөнелтушінің келісімінсіз оның шотынан ақша алу жүргізіледі, бұл кезде инкоссалық өкім деп  аталатын  құжат қолданылады, сондай-ақ салық қызметі және кеден ұйымдарының инкоссалық өкімі қолданылады.

              Ақша жөнелтушінің  банкіне  ақша өнідіріп алу туралы сот анықтамасы қаулыларының, шешімдерінің, өкімдерінің, аталған өндіріп алудың сендіретін сот бұйырығы  немесе көшірмесі, атқарушы  парақтар және бұйырықтарға қоса инкассолық өкім  ұсынылады. Салық қызметі органдары меғн кеден  органдарының  инкассолық өкімі ұсынылмайды. Бұл талаптарды Ұлттық банк бекітеді. Инкассолық өкімде жөнелтуші келісімінсіз  оның банктік  шотынан ақша  алуға құқық беретін  заң актісінің  сәйкес нөмірі мен  күні көрсетіліп, төлем мәні жазылуы тиіс. Салық және кеден қызметі органдарының инкоссалық  өкімінде қосымша бюджеттік  жіктелу  коді, операция түрі көрсетіледі. Бұл кезде өндіріп алудың дұрыстығына, сондай-ақ  ақша жөнелтушінің  келісімінсіз  ақша алуға негіз болған сілтемелерге  өндіріп алушы  жауапты. Банктер ақша  жөнелтушінің олардың келісімінсіз банктік шотынан қаржы алуға қарсылық білдірген арызын қарамайды.

              Егер келісім акцептелмеген болса, онда ол акцепт мерзімі аяқталғанға дейін  қайтарылып алынады. Бұйрықты орындау немесе акцептелген бұйрықты қайтарып алу  оны  алушы-банк орындағанға дейін жүргізілуі мүмкін.

              Жөнелтуші алушы-банкке  бекітлігне бланк нысанында  жазылған қайтарып алу өкімін жолдау арқылы бұйрықты  тоқтатуына болады. Қайтарып алу туралы өкімде төлем құжатының күні, оның нөмірі, сомасы және алушы –банк  бекіткен басқа да деректелемелір көрсетілуі керек. Электронды тәсілмен  жолданған өкім,  жөнелтуші мен алуш-банк арасындағы бекітілгене басқа да  деректелемелр көрсетілуі керек. Электронды  тәсілмен  жолданған өкім, жөнелтуші мен алушы-банк  арасындағы бекітілген  келісімге  сәйкес санкцияланбаған  төлемдерді қорғау тәртібі сақталған  жағдайда, жолданған болып табылады. Қағаз жеткізушіде  рәсімделген төлем  құжатын қайтару  туралы немесе оны тоқтату  туралы өкімді төлеу туралы  өкімді төлем құжаттарын  жөнелтуге өкілетті, төлем құжаттарына  қол қоюға құқылы тұлғалардың  қолы және мор болуы тиіс.

Алушы-банк  Қазастан Республикасы заңдылықтарының талаптарына және жөнелтуші мен алушы  бан арасындағы келісіміге  қайшы келетін бұйырықты қайтару  туралы  өкімдерді  қабылдамауы  тиіс. Алушы банк  немесе бенефициар банк төлем  тапсырмасын  қайтару туралы  өкімді уақытылы алмаса  ақша аударымын жүзеге асыруға құқылары жоқ. Бұл кезде  алушы банк  немесе бенефициар банк түскен соманы  жөнелтушіге қайтаруға міндетті. Бұйрық алушы түскен соманы жөнелтушіге қайтаруға міндетті. Бұйрық алушы банкке бұйрықты орындауды тоқтата туралы өкім жөнелтушінің  жолдауы арқылы тоқтатылуы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2.           Чектермен есеп айырысу есебі.

 

Есеп айырысудың  келешегі зор нысаны ретінде чектермен есеп

айырысуды  айтуға болады. Чек банк клиентінің (чек берушінің) банкке ақша қаражатын  өз шотынан алушы (чек ұстаушы) шотына аудару туралы арнайы бланкте  жазылған жазбаша тапсырмасын білдіретін бағалы  қағаз болып табылады.

              Батыс тәжірибесінде чек кімнің есебінен жазылғандығына

байланысты бірнеше түрге бөлінеді:

-         арнайы –тек осы кісіге төлеңіз;

-         ордерлік – осы кісіге немесе оның бұйырығы бойынша төлеңіз;

-         ұсынушы – ұсынушыға төлеңіз.

Ордерлік чек – ұстаушыға индоссамент – жолдау жазу көмегімен  басқа

тұлғаға ақшаны  алу құқығын  ұсынуға мүмкіндік береді.

Индоссаменттің 4 түрі қарастырылады:

-         банктің индосамент. Чек ұстаушы  чектің сыртынан өз қолын  қояды, оның нәтижесінде чек ұстаушы  құжаты болып табылады  және әрбір заңды  иесі ол бойынша банктен ақша алады;

-         атаулы индоссамент. Ұстаушы чек сыртынан  өз қолын қояды және чек бойынша  ақша алу құнын  алатын тұлға атын жазады;

-         мақсатты индоссамент. Чек ұстаушы чек сыртынан чекті  басқа тұлғаға ұсыну мақсатын көрсетеді және чек бойынша  ақша алу  мүмкіндігін шектейді;

-         айналымсыз индоссамент. Егер чекті  ұстаушы чек төленбеген жағдайда  арыз жасау мүмкіндігін болдырмауды немесе шектеуді қаласа, индоссамент мәтінінде «айналымсыз» деген сөзді қолданады.

Әр елде чек мазмұны біріңғай. Заңды құрамында мыналар  белгіленеді:

-         «чек» сөзі;

-         анықталған соманы төлеу бойынша шартсыз міндеттемесі;

-         банк трассат;

-         төлем орны;

-         шығарылған орны және күні;

-         трассат қол.

Коммерциялық құрамы:

-         чек нөмірі;

-         трассат шотының нөмірі;

-         трассат банктің қолы;

-         чек сомасының санмен қайталануы;

-         кодтау желісі.

Біздің Республикамызда чекті қолдану 2002 жылғы 13 мамырда ҚРҰБ

Басқармасы бекіткен Қазақстан аумағында чектерді қолдану Ережесімен реттеледі.

Қазіргі кезде  Ұлттық банк нұсқауы бойынша  есеп айырысуда  тек

депонирлерге  чектерді қолдану қарастырылуды. Қаржыларды депонирлеу чек беруші  клиентпен банктің 2221 «Клиенттердің   арнайы салымдары» шотында жүргізіледі, бұл аталған чек бойынша төлемдерді қамтамасыз етеді.  Чек кітапшаларын  рәсімдеу кезінде  чек жіберуші  банктің өкілетті  тұлғасы төмендегілерді орындауға міндетті:

      Чек берушінің немесе оның мүддесін көздеуші тұлғаның жеке басының кім екендігіне  көз жеткізуге;

      Чек кітапшасының мына мәліметтер көрсетілген немесе  қойылған  сыртқы бетін толтыруға:

-         чек беруші атын-жөні немесе атауы;

-         чек берушінің  (жеке тұлғалар үшін) немесе оның мүддесін көздейтін  тұлғаның  (заңды тұлғалар үшін) жеке куәлігінің  сериясы, нөмірі, кім және қашана бергені;

-         чек беруші банктің жеке банктің коды;чек банктердің нөмірлері (нөмірден нөмірге дейін);

-         чек кітапшасын қолдану мерзімі;

-         чек кітапшасындағы санмен және жазумен (соманы жазу жолдың  шетінен міндетті түрде үлкен әріппен басталып, санмен жазылған сома  бағанындағы бос орын және жазумен жазылған  сомадан кейін  асты  екі сызықпен сызылады);

-         чек кітапшасының берілу күні;

-         өкілетті тұлға қолы  және чек беруші  банктің мөрі;

      Чек кітапшасының  әрбір бланкіне:

-         мортаңбамен көрсетіп  чек берушінің  банкінің банктік жеке кодын және оның атауын қоюға;

-         чек берушінің (жеке тұлғалар үшін немесе оның  мүддесін көздейтін тұлғаның (заңды тұлғалар үшін) аты-жөнін толық жазуға;

-         салық төлеушінің – чек берушінің тіркеу нөмірін қою;

      Чек берушінің (жеке тұлғалар үшін) немесе чек беруші  чек кітапшасына ие болуға өкілетті  берген тұлға қорлының және мөр бедерінің (заңды тұлғалар үшін) үлгілері бар құжатты қабылдауға;

      Чек кітапшаларын  тіркеу журналына тиісті жазбалар жасауға;

      Чектерді қолдану туралы келісімде  көзделген  жағдайларда  бір мезетте бірнеше чек кітапшаларын  беруге рұқсат етіледі.

Чектермен есеп айырысу жасалған соң шоттардың келесі

корреспонденциясы жүргізіледі. Егер чек беруші мен чек ұстаушыға бір банктен қызмет көрсетілсе:

              Дт 2221 «Клиенттердің арнайы салымдары»

              Кт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»

              Егер чек беруші  мен чек ұстаушыға әр түрлі банктер қызмет көрсетсе, чек беруші  банкте:

              Дт 2221 «Клиенттердің арнайы салымдары»

              Кт2551 «Басқа банктермен  есеп айырысу»

Чек ұстаушы банкте:

              Дт2551 «Басқа банктермен есеп айырысу»

              Кт2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3.           Есеп айырысудың аккредитивтік нысанының есебі.

 

Аккредитив – банктің бір немесе бірнеше банктерге аккредитивтік

көрсетілген шарт негізінде қамтамасыз етілген сома шегінде жеке немесе заңды тұлғаларға клиент есебнен нұсқау бойынша тапсырысы.

              Аккредитивтік операция – банктің күрделі делдалдық опреациясы.

              Банктер аккредитивтік операцияларды  жүргізумен қатар  аккредитивті ақшаны және немесе жүргізгені үшін клиенттердің комиссиялық ақы алады.

              Аккредитивтің негізгі түрлеріне ақшалай және құжаттық аккредеитивтер жатады.

              Ақшалай аккредитив – бұл клиенттің банкке ақша сомасын енгізгендігін  растайтын құжат және осы банктің  бір немесе бірнеше банкке аккредитивтік ұстаушының сонда көрсетілген соманы төлеуі туралы тапсырысының сәйкестігі.

              Құжаттық аккредитив – клиент өтініші және нұсқауы бойынша немесе жеке өз қарауы бойынша, онда көрсетілген бенефициарға немесе оның бұйрығы бойынша төлем жүгізуге банктің  міндеттемесін қарастыратын құжаттық есеп айырысу  нысаны, сондай-ақ бенефициар қойған аудармалы вексель акцепті мен төлемін немесе аккредитивтің барлық шарттар сақталған жағдайда, белгіленген мерзімде аккредитивте көрсетілген құжаттарға қарсы негоциацияны көрсетеді, яғни сәйкес құжатты көрсеткен кезде төленеді.

              Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкінен кепіл операцияларын  өткізуге лицензиясы  болған жағдайда ғана банк аккредитив ашуға құқылы. Аккредитив ашу үшін бұйрық беруші қызмет  көрсетуші  эмитент банкке келесі  деректемелерден  тұратын өтінішті ұсынады:

-         бұйрық берушінің аты және мкен-жайы;

-         бенефициардың аты және мекен-жайы, оның банктік деректемелері;

-         эмитент банктің аты;

-         аккредитив түрі;

-         аккредитив сомасы;

-         аккредитивтің орындалу шарттары;

-         аккредитивке қарсы орындалатын құжаттар тізімі;

-         аккредитивтің әрекет ету мерзімі, тиеу мерзімдері, құжаттарды ұсыну мерзімдері;

-         аккредитив бойынша банктік шығындарды жабатын тараптар аты.

Бұл кезде аккредитив ашуға өтінішті екі данада ұсынады. Бірінші

данасы банкте аккредитив ашу үшін қалады, ал екінші данасы қабылданғаны туралы  белгімен банк бекітілген мерзімде клиентке қайтарылады. Одан соң банк алынғңан  өтініш негізінде бенефициар  банкке  жолдау үшін аккредитивті  рәсімдейді. Аккредитив нөмірі, ашу орны мен  күніне қоса, ашуға жазылған өтініш деректемелері болуы тиіс. Сондай-ақ аккредеитивте  қайтарылатын немесе қайтарылмайтын аккредитив екендігі анық көрсетілуі тиіс. Егер мұндай нұсқау болмаса аккредитив қайтарылмайтын болып табылады.

Қайтарылатын аккредитив – эмитент-банк бенефициарды

алдын-ала хабардар етпестен өзгерілтені  немесе жойылатын аккредитив, яғни оның  қызметі онда  көрсетілген мерзім басталғанға дейін тоқталылуы мүмкін.

Қайтарылмайтын аккредитив – банк пен бенефициарды сендіретін

эмитент банктің келісімінсіз өзгертуге  және жоюға жатпайтын аккредитив, яғни уақыты өткенге дейін жоюға құқы жоқ белгілі бір мерзімге ашылады.

Қайтарылған аккредитивті эмитент-банк өзгертуі немесе жойылуы

мүмкін. Егер өкілетті  банк аккредитив бойынша өзгертуге немесе  жоюға хабар алынбай тұрып  аккредитив бойынша төлем  жүргізген  болса, эмитент-банк оның жұмсаған ақшасын өтеуі тиіс. Аккредитивтер сондай-ақ жабылған және жабылмаған болып бөлінуі мүмкін.

 

Жабылған аккредитив -  клиент қаржысы есебінен жабылатын  аккредитив.

Жабылмаған аккредитив – банк есебінен есеп айырысуға кепілдік

жасалатын аккредитив.

Аккредитивтермен есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде келесі

шоттар  корреспонденциясы құрылады.

      Банкте жазылмаған аккредитивті ашу:

Дт 6005 «Шығарылған өтелмеген аккредитивтер бойынша болуы мүмкін талаптар»

Кт 6505 «ШЫғарылған өтелмеген аккредитивтер  бойынша болуы мүмкін міндеттемелер»

      Басқа банк ашатын  аккредитивті банктің бекітуі:

Дт 6010 «Расталған өтелмеген  аккредитивтер бойынша болуы мүмкін талаптар»

Кт 6510 «Расталған өтелмеген аккредитивтер  бойынша болуы мүмкін міндеттемелер»

      Клиент қаржысы есебінен ашылатын жабылған аккредитивті банктің ашуы:

Дт2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»

Кт2855 «Құжаттамалық есеп айырысу бойынша кредиторлар»

              Жабылған аккредитив банктің юасқа банктегі қаржысы есебінен ашылғанда:

                            Дт1855 «Құжаттандырылған есеп айырысу бойынша дебиторлар»

Банктің есеп айырысу операциялары