Банктің несиелік саясаты. 2
Мазмұны
КІРІСПЕ....................... |
2 | |
1 |
Коммерциялық банктің несие саясатының теориялық аспектілері |
|
1.1 |
Коммерциялық банктің несие
саясатын қалыптастыратын негізгі факторлар..................... |
3 |
1.2 |
Несие саясатын құру және оны іске асырудың шетелдік тәжірибесі.. |
8 |
2 |
Коммерциялық БАНКТІҢ НЕСИЕ САЯСАТЫН ТАЛДАУ («Цеснабанк» Акционерлік Қоғамының мысалында) |
|
2.1 |
«Цеснабанк»АҚ-ның қызметінің
жалпы сипаты........................ |
14 |
2.2 |
«Цеснабанк»АҚ-ның несие саясатын
бағалау....................... |
25 |
ҚОРЫТЫНДЫ..................... |
33 | |
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ........................
Кіріспе
Несиенің мәні мен ролі өте ауқымды, оның көмегіарқылы біз экономикалық жүйенің алдында тұрған бар мәселелерді шеше аламыз. Бос ақшалай қаражаттардың уақытша бір телімнен босатылуы, ал басқаларындаоған деген қажеттіліктің туындауы сияқты қиындықтарды несиенің көмегіарқылы жеңуге болады. Бір қалыпты ұдайы өндіріс процесін қалыптастыру үшін несие бостатылған капиталды шоғырландырып және капиталдың құйылуын күтеді. Сонымен қатар, несие ақшаайналыс процесін жылдамдатады және де сақтандыру, инвестициялық, нарықтық қатынастарды реттеуде маңызды орын алады.Несие беру қызметін бастамастан бұрын банк әуелі өзінің несиелік саясатын қалыптастырып алуы тиіс, сондай-ақ оны шынайы тәжірибеге енгізудің жолдары мен құралдарын қарастырып, нақтылап алуы қажет. Банк саясатының қалыптасуы банк қызметін жоспарлау кезеңдерінің құрамдас бөлігі табылады.Банктің несиелік саясаты, біріншіден, клиенттер мен несиелік құралдарды таңдау басымдықтары арқылы, екіншіден, банк қызметкерінің тәжірибелік қызметін реттейтін және осы басымдықтарды тәжірибеде жүзеге асыратын нормалар мен ережелер арқылы, үшіншіден, банк басшылығының құзіреттілігі мен несие қызметкерлерінің біліктілік деңгейіарқылы анықталады.
ҚР ҰБ несиелік нарықтың жай-күйіне тоқсан сайын жүргізетін зерттеулердің нәтижесі көрсетіп отырғандай, банктердің несиелік саясатты жұмсарту себептерінің бірі сапалы заемшылардың тапшылығы болып табылады. 2012 жылы банктерден алынған ақпарат бойынша несиелік ресурстарға корпоративтік сектор тарапынын да, сол сияқты жеке тұлғалар тарапынын да сұраныстың өскені байқалады. Бұл ретте, егер ірі және шағын бизнес тарапынан несиелік ресурстарға сұраныстың төмендегені байқалса, орташа бизнес тарапынан ұлғаю байқалады. Ірі кәсіпорындар тарапынан сұраныстың төмендеуі банктердің қатаң несиелік саясатымен, сондай-ақ банктердің негізінен айналым қаражаттарын қаржыландыруға және қазіргі борыштарды қайта құрылымдауға қысқа мерзімді кредиттер берумен түсіндіріледі, оның салдары ретінде көптеген ірі кәсіпорындар өз ресурстарын пайдалануды артық санайды. Банктердің ұзақ мерзімді қаржыландыруды ұсынуды қаламауы екі негізгі фактормен түсіндіріледі – сапалы заемшылардың және жобаларды несиелеу үшін ұзақ мерзімді ресурстардың жетіспеуі [1].
Несиелік портфель сапасының төмендігі және салыстырмалы түрде алғанда тәуекелдің жоғарғы деңгейі банктердің несиелік белсенділігін тежейтін факторлар болып қалуда.
- Коммерциялық банктің несие саясатының теориялық АСПЕКТІЛЕРІ
- Коммерциялық банктің несиелік саясатын қалыптастыратын негізгі факторлар
Несиелік операциялар банк үшін де, ол қызмет көрсететін аймақ үшін де маңызды, сондықтан несиелік саясатты тұжырымдауда көптеген факторларға көңіл бөлген жөн. Едәуір көлемде осы факторлар банктің екінші ретті резервтерінің көлемі мен құрылымын және инвестицияларын анықтайды.
Олардың маңыздысы 1-суретте бейнеленген. Банктің жемісті жұмыс істеуі үшін пайда (таза табыс) қажет, сондықтан барлық банктер ссудалық саясатты құрудаосы факторды ескереді. Кейбіріоған үлкен көңіл бөледі. Пайдаға өткір мұқтаждығы бар банктер пайда шешуші мәнге ие емес банктермен салыстырғандаагрессивті ссудалық саясатты ұстануы мүмкін. Мұндай агрессивті саясат сауда-саттық және өнеркәсіп фирмаларына берілетін қысқамерзімді ссудаларға қарағанда, әдетте едәуір жоғары процент әкелетін мерзімді несиелер мен тұтыну несиелерінің салыстырмалы жоғары үлесінен көрінеді.
Өзінің несиелік саясатын тұжырымдай отырып, банк депозиттердің категориясы мен ауытқуларының сипаттамаларын ескеруі керек. Банк жеткілікті бірінші ретті және екінші ретті резервтер құралғаннан кейін, несиелер беруге құқылы. Резервтердің қос түрі депозиттердің болжанатын ауытқулары мен ссудаларға деген сұранысты ескеруге бағытталатындығына қарамастан, болжанбас сұраныстың болуы банктерді ссудалық саясатты тұжырымдауда депозиттердің тұрақтылығына назар қоюға мәжбүр етеді.
Несиелік саясатқа банк қызмет көрсететін аймақ экономикасы ықпал етеді. Шаруашылықтың маусымдық және циклдық ауытқуларға сезімталдығына қарағанда, көбінесе оның тұрақтылығы либералдық несиелік саясатты жүргізуге септігін тигізеді. Экономикалық құлдырау мен өсу кезеңдерінде салымдар шаруашылықтық тұрақтылықтарға қарағанда, жедел ауытқуларды бастан өткереді. Бұл ретте ел экономикасының жалпы ахуалын ескеру қажет. Жаплы шаруашылық жағдайға кері ықпалын тигізетін факторлар іріауқымға ие болсаақырында жергілікті жағдайға да өз әсерін тигізбей қоймайды.
Банктердің ссудалар ұсыну қабілетіақша-несие саясатына және фискалдық саясатқа тәуелді. Коммерциялық банктердің иелігіне қосымша резервтер ұсынылса, банктің ссудалық мүмкіндіктеріарта түседі. Бұл жағдайда банктер өз резервтерінің өсімі тежелетін немесе қысқаратын жағдайға қарағанда, либералдық несиелік саясатты ұстанады.
Банктің несиелік саясатын жасауда несиелік операцияларды жүзеге асыратын кәсіби біліктілігі елеулі мәнге ие емес. Мысалы, кейбір қызметкерлер сауда-саттық және өнеркәсіптік кәсіпорындарды несиелеу тәжірибесіне машық болғанына қарамастан, өз тәжірибесінде қозғалмайтын мүлік кепілдігіндегі ссудаларды ұсынумен ұшыраспауы мүмкін. Кейбіреуі тұтыну несиелеріне маманданған болуы да мүмкін. Банктердің тұтыну несиелері саласынаараласа бастауының мүмкін себептерінің бірі кәсіби білікті персоналдың жоқтығы болған сияқты. Кейбір банктер несиенің белгілі бір аясындағы өзге банктердің ссудалық саясатына әсер ете алатындай болуы мүмкін.
Әрине, коммерциялық банктердің несиелік саясатына қызмет көрсетілетін аймақтың өзіне тән ерекшелігі әсер етпей қоймайды. Банктерге чартер берудің негізгі мақсаты қызмет көрсетілетін аймақтың несиеге мұқтаждығын қанағаттандыру. Егер банк мұны жасамаса, оның әрекет ету мәні шамалы. Банктер ақылға қонымды және экономикалық негізделген несиелік сұраулар салған заем алушыларға ссудалар беруге моральды түрде міндетті. Мысалы, банктер мал шаруашылығы үстем аймақтарда бұл саланы несиелеуден бас тартаалмайды, олар өз саясатын сәйкес шаруашылықтар сұрауларын ескере белгілеуі қажет.
1 - сурет. Банктің несие саясатына әсер ететін факторлар
Е с к е р т пе –сурет [15] дерек көзі негізінде автормен құрастырылған
Коммерциялық банктің несиелік әлеуеті банкте (жинақталған) мобилизацияланған қаражаттар мен өтіміділік резервінің айырмасынан шығатын шамамен анықталады. Коммерциялық банктің өтімділігінің жалпы резерві Ұлттық Банкпен бекітілетін міндетті резервтер нормасына және банкпен өзі үшін анықталатын өтімділік резервінің деңгейіне тәуелді келеді. Әрбір коммерциялық банк өтімді қаражаттардың төменгі резервін жасауға және өзінің өтімділігі, сенімділігі, табыстылығынан туындай келе, жоғары несиелік әлеуетті қамтамасыз етуге тырысады. Коммерциялық банктің несиелік әлеуетінің деңгейі, өз кезегінде, келесі факторлармен анықталады: банкте жинақталған қаржаттардың жалпы шамасы; депозиттердің құрылымы мен тұрақтылығы; ҚР ҰБ-гі міндлетті резервтер деңгейі; ағымдағы өтімділікті ұстап тұру үшін ағымдағы резервтерді қолдану тәртібі; банк міндеттемелерінің жалпы сомасы мен құрылымы. Несиелік әлеует қаражаттарын қолдану тиімділігіне шарттар кешені сақталғанда қол жеткізіледі, егер:
- өтімділіктің қажетті минимумы қамтамасыз етілгенде;
- несиелік әлеует қаражаттарының барлық жиынтығы қолданылғанда;
- несиелік әлеуетте жоғары табысқа қол жеткізілгенде.
Аталмыш заңдылықтарды банк өтімділігі мен несиелік әлеует қаражаттарын үлестіру саласында дұрыс несиелік саясатты жасауға қолдану қажет. Несиелік әлеует қаражаттарын үлестірудегі банк саясатының негізгі мақсаттарының бірі банк қаржаттарының көзі мен депозиттерінің құрылымының сәйкестігін қамтамасыз ету. Банктік қызметтің арнайылығы мен ақшаағымдарының динамикасы банкке несиелік әлеует қаражаттарын жедел трансформациясын жүзеге асыру үшін, яғни несиелік әлеует қаражаттарының жеделдігіне қарағанда, едәуір ұзақ мерзімге ссудалар беруге нақты мүмкіндіктер жасайды. Қазақстандық және шетелдік тәжірибе несиелік әлеует қаражаттарының трансформациясы банк өтімділігі проблемасының шығуының негізгі себептерінің бірі екенін көрсетеді. Трансформация тәуекелдігін төмендету үшін банк активтері мен пассивтерін сомалары мен мерзімдері бойынша реттеу орынды.
Несиелік әлеует қаражаттарының сандық және сапалық келімі мен кетімі банк өтімділігін ұстап тұру тәжірибесінде маңызды фактор болып табылады.
Банктің несиелік әлеуеті банктің несиелік және пайыздық саясатын анықтайтын факторлардың бірі. Ссудаларға деген тұрақты сұраныс пен бос қаражаттардың салыстырмалы аз-маз үлесінде банктің пайыздық ставкасы артады. Кері жағдайда – ол төмендейді, сонымен қатар, пайыздық ставка банктің несиелік ресурстарына деген сұраныс пен ұсыныстың арақатынасымен ғана емес, оның ресурстарының ақылығы дәйегімен реттеледі[25, 95б.].
Несиелеу тәуекелдігінің дәрежесі коммерциялық банкте коммерциялық банктің түрі, заем алушының типі (клиенттер құрамы), қарыз алушының қаржылық жағдайы, ссуда бойынша қамсыздандырылу мен кепілдік бар-жоғы, тәуекелдің уақыттық үлестірілуі бойыншаанықталады. Осы критерийлерге байланысты әрбір берілген сома бойынша пайыздық ставкаайқындалады.
Шынында, коммерциялық банктер қызметінде күнделікті ұшырасатын банктік тәуекелдер коммерциялық банк түріне қарай түрліше болады. Мамандандырылған банкте өнімді өндіру технологиясы алғашында жүзеге асырылуы қиындыққа соғатын тәукелді кәсіпорындарды несиелеумен байланысты жоғарлатылған тәуекелдер үстем болады. Бұл банктік тәуекелдіктерді реттеудің ерекше тәсілдерін, соның ішінде, кепілдіктердіалу, кепілзат құқығы мен т.б жүзеге асыруды талап етеді. Салалық банктерде басқалармен қатар берілген саланың экономикалық дамуымен байланысты тәуекелдік дәрежесін ескерген жөн. Осыған байланысты, әрбір банк объективті және субъективті себептерге байланысты ол үнемі ұшырасып отыратын тәуекелдіктерді басқарудың, реттеудің дербес тиімді моделін жасауға кірісуі керек.
Банк клиенттерінің құрамы банктің тәуекелдікті және оның дәрежесін есептеу тәсілін білдіреді. Сонымен қатар, бір заем алушыға немесе бір-бірімен байланысты заем алушылар тобына, салаға, аймаққа немесе елге берілген ірі несиелер банк банкроттығының себебі. Сондықтан, ірі несиелерді ұсыну тәуекелін реттеу тәсілдерінің біріолардың мөлшерінің шектеу болып табылады. Банк клиенттерін таңдауға, қаржылық ауқаты тұрақсыз клиенттерді несиелеуге таңдауды дағдарыстық емес тұрғыдан қарағанда несиелеу кезіндегі тәуекелдік дәрежесіартады. Несиелік тәуекел бір клиенттің бірнеше банкке шашыратқанда да пайда болады. Бұл алынған несиенің мақсатсыз қолданылуына, клиенттік қаржылық жағдайы мен оның тәуекелдіктерін қате бағалауға, соның салдарынан ссуданың қайтарылмай қалу қаупін арттыруғаәкеп соқтырады.
Тәуекелдікті уақытқа телу нарықтық уақыт жағдайында маңызды фактор болып есептеледі. Жалпы экономикалық және саяси тұрақсыздық жағдайындағы Қазақстан коммерциялық банктерінің іс-әрекеттері жалпы заем алушыларды қысқамерзімді несиелеуге бағдар алады, бұның көптеген сыртқы және ішкі факторлардың өзгеруімен байланысты болашақтағы тәуекелдіктердің дәрежесін төмендетуде маңызы зор.
Несиелік тәуекелді сипаттауда коммерциялық банк депозиттердің тұрақтылығын, депозиттердің ауытқу сипаты мен түрлерін ескеруі керек. Несиелік тәуекелдерді төмендету үшін берілген банкқызметтерінің ерекшеліктерін ескеріп, депозиттердің тұрақтылығы коэффициентін есептеген жөн және депозиттердіактивтерге орналастырудаалынған мәліметтерді басшылыққаалуы қажет. Сондай-ақ депозиттерді қалыптастыруда пайда болатын пороценттік тәуекелді ескерген абзал.
Қызметінің осы кезеңінде берілген банктің ұсынатын операциялары мен қызметтерінің спектрі бір рет бекітіліп, өзгеріссіз болып табылмайды. Ол экономикалық өмір мен қаржылық саланың және т.б. өзгерістеріне бейімделіп дамиды. Банкпен ұсынылатын операциялар мен қызметтердің түрлері мен сипатын анықтаудағы критерий болып,олардың рентабельдігі мен бәсекеқабілеттігі табылады. Солай тұра, банктер міндетті түрде оларға әсерін тигізетін факторлар қатарын ескеру керек: сұраныс, ұсыныс, өзіндік құн, баға (соның ішінде баға), банктік қызмет пен т.б. тұрған өмірлік цикл кезеңі.
Банктік қызметтер мен операциялар нарығының қазіргі нарығын және оның даму келешегін бағалау үшін коммерциялық банктің несиелік саясатын анықтайтын сыртқы және ішкі факторларын айқындау ғанааздық етеді. Олардың қызметіне әсер ету бағасын берген де құптарлық. Сондықтан, банктер едәуір экономикалық негізделген жасауға мүмкіндік беретін нарықты маркетингтік зерттеу ісін жүргізеді.
Коммерциялық банктің несиелік саясатының өзіндік шекаралары бар. Несиелік саясаттың шекараларын анықтауыш шек, жеткілікті норма ретінде қарастырғанда коммерциялық банктің несиелік саясаты мыналармен анықталады деп айтуға болады:
- коммерциялық банктердің іс-әрекетінің экономикалық нормативтері, шектеулері және басқа көрсеткіштері түрінде нақты көрініс тапқан ҚР ҰБ жалпы ақша-несие саясаты;
- несиелік саясат жөніндегі нұсқаулық түрінде айшықталған коммерциялық банктің дербес стратегиясы мен (тактикасы) әрекет тәртібі. Дегенмен, несиелік саясатты жасау мен тәжірибелік жүзеге асырудағы шекаралар жоғарыда қарастырылған факторлардың ықпалымен анықталады (немесе анықталуы тиіс). Макроэкономикалық деңгейде несиелік саясаттың шекаралары экономиканың қажеттіліктерімен, ал микроэкономикалық деңгейде (коммерциялық банк деңгейі) банктің несиелік әлеуетімен немесе кең ресурстық базасымен және олар әрекет ететін нарықтың конъюнктурасымен анықталады.
Банктің несиелік стратегиясы терең талдауды қажет етеді. Орын алған экономикалық жағдайға байланысты коммерциялық банктерге талдаудың келесідей негізгі бағыттарын ұсынуға болады:
- персоналды таңдау және даярлау (несиелік саясатты жүргізу аясындағы персоналдың корпоративтік мәдениеті);
- несиелік портфельдің ахуалын бағалау және бақылау;
- тәуекелдік дәрежесін ескергендегі баға құралу;
- банк операцияларын диверсификациялау: экономика секторлары, аймақтар, операциялар мен қызметтер түрлері бойынша; банктің жалпы несиелік тәуекелін төмендету үшін. Банк диверсификациялау саясатын көп жүргізген сайын, банк соғұрлым ерекше банктік тәуекелдікті шектейді, төмендетеді. Дегенмен банктің жалпы тәуекеліне тек ішкі ғана емес, сыртқы тәуекелдіктер де кіреді. Мысалы, біздің банк үшін сыртқы болып табылатын нарықтық тәуекел мүлдем диверсифкацияланбауы мүмкін.
- бухгалтерлік есеп және салық салу ережелеріне келісті несиелер бойыншаорын алатын жоғалтулардың орнын толтыруға резервтер қалыптастыру;
- проблемалы ссудаларды мұқият бақылау және қадағалау.
Алынған талдау нәтижелерін ескеріп, банк кейінгі даму стратегиясын жасай алады. Жақсы жүргізілген талдау банктің бағдарын дәл анықтауға, банкпен таңдалған даму бағыттарына енгізілген түзетулерді негіздеуге мүмкіндік береді.
Бұл ретте коммерциялық банктің сыртқы саясаты несиелік процесті ұйымдастыруға қатысты:
- елдегі экономикалық және саяси жағдайлардың ахуалын және оның динамикасына банктің қалай баға беретінін, осы факторлардан туындай келе, ол өзінің несиелік іс-әрекетіне (депозиттерге қаражаттар тарту мен ссудалар ұсынуға қатысты) қандай шектеулер қоятынын;
- нарықтардың қандай мақсатты нарықтары мен сегменттерін банк несиелеу үшін ұтымды әріорынды және қандайларын қолдануға келмейді деп санайтынын;
- әлеуетті заем алушылар олардың несиеқабілеттігін талдау позициясынан алғанда қандай талаптарды қанағаттандыруы керектігін;
- нормативтік база, қадағалау және реттеу органдары талаптарынан, сондай-ақ акционерлердің жалпы жиналыстарының шешімдерінен туындай келе несиелеу процесіне қандай талаптар қойылатынын нақтылауы қажет.
Банктің ішкі саясаты мыналарды қамтуы керек:
- несиелеу процесін басқару орындары мен бөлімдерінің құрылымы;
- несиелік комитеттің құрылымы мен уәкілеттігін бекіту;
- параметрлеріне қарай несиелерді бекіту процедурасы;
- несиенің сапасына байланысты банк үшін мүмкін табыстылық пен тәуекелдік деңгейі;
- банк өзіне тиімді деп тапқан капиталдың өтімділігі, табыстылығы мен жеткіліктігі және дағдарыстық деңгейден дағдарыстық ауытқулар;
- банк міндетті деп есептейтін несиелік технологиялар;
- несиелік департамент қызметкерлеріне қойылатын талаптар және т.б.
Демек, несиелік саясат шекараларының шартты бөлінісі мынадай: экономикалық шекаралар, олар нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың ықпалымен және банктің несиелік экспансия немесе рестрикцияның ақылға қонымдылығы туралы ой түйінімен анықталады; әкімшілік шекаралар (банк іс-әрекетінің нормалары мен нормативтері (ҚР ҰБ-мен анықталатындарын қоса), банктің өзімен бекітілетін несиелік операцияларды орындауға шектер мен несиелеудің бақылау сандары); несиелік қатынастардың субъекттеріне қарай – сыртқы шекаралар (макро- және микроэкономиалық, дербес) және ішкі шекаралар (акционерлермен, құрылтайшылармен және банк персоналымен несиелік қарым-қатынас аясындағы шекаралар); уақыттық шекаралар (несиелік қатынастардың жеделдігінің приоритеттерін анықтайды); кеңістік шекаралары (банк қызметінің географияық, аумақтық шекаралары); сапалық шекаралар (несиелік портфельдің сапасын анықтайды) және сандық шекаралар (несиелік әлеуетпен анықталады; несиелеудің шектері мен бақылау сандары); несиелік саясаттың жоғарғы және төменгі шекаралары.
- Несие саясатын құру және оны іске асырудың шетелдік тәжірибесі
Отандық қаржы, әсіресе, банк ісі бойынша әдебиеттерде, соңғы уақытта оптимальді несие саясаты қалыптасуына, қаржылай мекемелердегідей, өндірістік немесе сауда компанияларында несиелік мәдениет құруға көп көңіл бөлініп жатыр.Бұл кездейсоқ жағдай емес: банктің көптеген клиенттері кредиттік қарызын қайтармауынан пайда болған, тәуекелді несиелік саясат кесірінен әр түрлі қиын жағдайлар туындаған. Әрине, бұдан пайда болатын тұжырымдама – кредиттер төленбеуі сол банктердің төлем қабілеттілігі мен кредиттерді жабу деңгейінің төмендеуіне әкелді.
Жапония және басқа да Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің банк жүйесінің кризисі, олардың түйінді түпкі мәселесі – тәуекелді несие саясаттың болуы, кредит беру кезінде сақтық принципін сақтамауында деп көрсетеді. Және сол мезетте әр банкте артық тәуекелден арылуға көмектесетін нақты нұсқаулық пен регламенттер бар.
Банктің несиелік саясаты былай анықталады: біріншіден, клиенттермен операцияларға қатысты жалпы жағдайлармен, олар несиелік саясат туралы меморандумда шығарылып және бекітіледі, екіншіден, бұл жағдайларды іске қосатын банк қызметкерлерінің тәжірибелік жұмысымен анықталады. Американдық банктердің несиелік саясатында, заңдар несиелік операциялар бойынша жалпы жауапкершілікті банктің директорлар кеңесіне жүктейді. Директорлар кеңесі төменгі деңгейде басқару үшін, несиелерді ұсыну бойынша қызметтерін делегирлейді және несиелік саясаттың жалпы ұстанымдарын және шектеулерін қалыптастырады. Үлкен банктерде жазбаша түрде несиелік саясат туралы меморандум шығарылады, және онымен банктің барлық қызметкерлері басшылыққаалады. Әр түрлі банктер үшін меморандумның мазмұны мен құрылымы әр келкі болып келеді, бірақ негізгілері мұндай құжаттарда кездеседі.
Ең алдымен несиелік саясаттың жалпы мақсаты қалыптастырылады, мысалы сенімді және табысты несиелерді ұсыну. Тәуекел дәрежесі банктің әкімшілік шығыстарын және несиелік ресурстардың құндарын қоса несиелер бойынша жалпы табыстылық нормасына сәйкес келуі қажет. Меморандум несиелердің шекті сомаларын анықтайды, ол бойынша түрлі басқару категорияларының қызметкерлері шешімді қабылдауы мүмкін. Құжатта банк әкімшілігі несиелер түрлерінің қайсысын беруге болатының, ал қандайларынан ұстану керек екенін көрсетіледі. Мысалы, банк баланспен және пайда мен шығындар шотымен қанағаттарлық фирмаларға қысқа мерзімді коммерциялық несие беруге болатынына ұсыныс бере алады, сонымен қатар кепілге алынған жабдықтар арқылы орта мерзімді коммерциялық несие бойынша ұсыныс береді. Сонымен бірге банк ұзақ мерзімді инвестициялар үшін несиелерді, күмәнді репутациясы бар тұлғаларға несиелерді, жабық түрдегі компаниялардың акциялары бойынша несиелерді беруді кеңейтуді ұсынбайды.
Құжатта банктің несиелік экспансиясы болуы мүмкін, географиялық аймақтар анықталынуы мүмкін. Меморандумда банктің өз қызметкерлеріне несие беру реті туралы, мерзімі өткен қарыздың алу жолдары туралы, овердрафттар туралы ережелер болуы мүмкін. Әрине, меморандум тек жалпы бағыттар мен ұсыныстарды енгізеді. Ол банк қызметкерлерінің инициативаларын жаппау керек. Мысалы, тиім салынған қаржылық жағдайы тұрақсыз фирмаларға несие беру, несиелік қызметкер балансында кейбір кемшіліктері бар фирмаларға, қосымша қамтамасыз ететін фирманың басқарушысы өз меншігіндегі мүлкін бергенде, несие беруі мүмкін [26, 75б.].
Жоғарыдаайтылғанның қорытындысына, американың үлкен банктерінің меморандумының сызбасы келесі түрде көрсетілген. Бұл құжат бес бөлімнен тұрады: жалпы ережелер, несиелердің категориялары, несиелік саясаттың әр түрлі сұрақтары, несиелік портфелдің сапасына бақылау және банктердің комитеттері.
Қазіргі таңда банкпен іс-әрекетінің негізгі мақсаттары мен бағыттары және жүйелі ұйымдастырудың ерекшеліктеріайқындалды, оларды жетілдіру жақын күндердегі жұмыс еншісінде. Басты мақсат болып банктің капитализациялану деңгейін көтеру қойылды. Сондай-ақ қазір тәуекелдіктердің барлық түрлерін басқаруды бір блоккаорталықтандыру, олардың мониторингісі мен басқарудың кешенді жүйесін құру қажеттілігіорынды, бұл банк басшылығына пайыздық, бағалық және бағамдық саясаттың мәселелерін жемісті шешуге, несиелік тәуекелдікті реттеу механизмін жетілдіруге және соның нәтижесінде активтер мен пассивтерді басқару деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.
Осыған байланысты қазіргі уақыттағы жаңа технологияларды қолданаотырып, банктік өнімдерді біріктіру амалы шығындарды топтастыруға және олардың өтелу мерзімін төмендетуге мүмкіндік береді, жер-жерде кеңінен тираждау мүмкіндігі есебінен айырбас пен енгізуге ерекше жағдайлар туғызады. Филиалдардың санын кемітпей біріктіру және ірілендіру арқылы әкімшілік шығындардың дифференциалдық стандартын енгізу өзекті болып отыр.
Басқару икемділігін арттыру, өкілеттіктерді тиімді үлестіру және бөлімшелер қызметін қаржылық нәтижелердің өсуіне бағдарлау бағытында банктің ұйымдастырушылық құрылымын қайта құру жоспарлануда.
Орталықтандырылған басқаруды сақтай отырып, стратегиялық даму, құрылымдық саясат, тәуекелдіктерді басқару мәселелерімен клиенттермен жұмыс істейтін филиалдар мен бөлімшелердің уәкілеттіктерін кеңейту жоспарланып отыр, соның арқасында елеулі географиялық шашырандылықпен шартталған Банктің филиалдық желісін басқару қиыншылықтарын жеңу, шешімдердің қабылдану және орындалу жеделдігін төмендететін факторлардың ықпалын шектеу, басқару жүйесінің құрылымдық звенолары арасында қызметтер мен уәкілеттіктердің үлестірілуінде тиімді тепе-теңдікке қол жеткізу көзделіп отыр.
Ұйымдастырушылық құрылым және филиалдық желі клиенттердің аймақтық ерекшеліктері мен қажеттіліктері ескеріле оптимизацияланбақ. Басқашаайтқанда мобильді ете отырып банк құрылымын модернизациялау, қайталанбалы қызметтердің орын алуын болдырмай, бақылау функцияларын қатаң ету жоспарлануда.
Маңызды бағыттардың тағы бірі банктің техникалық жарақтануын жоғарылату ІТ (ақпараттық технологиялар) болып табылады. Бұл құжаттардың ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыруға, төлемдердің өту мерзімінің қысқаруын қаматамасыз ететін жаңа технологиялық шешімдер табуға, есеп айырсуларды жетілдіруге, есеп айырысулардың жылдамдығы мен ұсынылған қызметер сапасының бірегей стандартын енгізуді ескере отырып, электрондық құжат алмасуды дамытуға мүмкіндік береді.
Персоналдың кәсіби біліктілігін бағалау ісі қайта қарастырылмақ, бастапқы звено мен филиалдар қызметкерлерінің профессионалдық деңгейін арттыруға көңіл бөлінуде. Өкінішке орай. қазір персоналды моральдық және материалдық ынталадыру, мотивациялау жүйелерінің тиімділігіонша емес, бұл кадрларды жоғалту тәуекелін тудырады және даярлау мен оқытуға деген ақталмаған шығындарға әкеледі. Банк басшылығы бұл мәселені түбегейлі өзгертпек.
Халықаралық іс-әрекетте жуырда едәуір агрессивті бәсекелестік саясатты жүргізу көзделіп келеді. Банктің капитализациялану деңгейін арттыруды жариялау банкке қойылған мақсаттарға, соның ішінде синдикаттық заемдарға қол жеткізуге көмек берері сөзсіз.
Халықаралық капитал нарығында қаржыландыруды тартумен қатар, активтіоперацияларды арттыру үшін ресурстық базаны кеңейту мақсатында қаражаттарды тарту мерзімін ұзарту, ресурстардың жалпы құнын төмендету, тартылған ресурстар құрылымын "баға-мерзім-қайта бағалау тәуекелі" параметрлері бойыншаоптимизациялау жоспарланып отыр.
Өз қызметтерінің тартымдылығын арттыру үшін Банк салым өнімдерін несиелік және сақтандыру өнімдерімен біріктіруді қарастырмақ, салымшылардың тұрғын үйге, ірі сатып алуларға деген, оқуғаақы төлеуге қатысты, туризм және демалыспен байланысты қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған біріккен сызбалар жасалады, яғни басқашаайтқанда, банк өзінің депозиттік өнімдерінің тартымдылығын арттыру үшін пайыздық емес тетіктерді қолдану қарастылып отыр.
Қаржыландыру мен несиелеуді ұсынуда Банк клиенттеріне кеңестер беру мен қосымша қызметтер көрсетуге ерекше мән қойылмақ. Жоғарыдааталғандардың барлығы клиенттермен ұзақ мерзімді серіктік қатынастарды дамытуға бағытталған және корпоративтік клиенттер шоттарындағы қалдықтардың ауытқу тәуекелдіктерін қысқартып, оларды едәуір божамды әрі жоспарлы етуге мүмкіндік береді.

- Банктің несиелік саясаты және "Альянс банкі" ақ-ның марапаттары мен жетістіктері
- Банктің тартылған қаржылары
- Банктің халыққа қызмет көрсетуіндегі соңғы жаңалықтар
- Банк туралы түсінік, оның түрлері, қызметтері
- Банктық карточкалар
- Банк уралтрансбанк
- Банк шоттары мен есеп айырысу
- Банктің есеп айырысу операциялары
- Банктің корпоративтік бағалы қағаздармен операциялары
- Банктің меншікті капиталы
- Банктің меншікті капиталы
- Банктің мешікті капиталы
- Банктің несиелік операциялары мен маңызы
- Банктің несиелік саясаты