Банктің несиелік саясаты және "Альянс банкі" ақ-ның марапаттары мен жетістіктері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 |
БАНКТІК НЕСИЕНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ФОРМАЛАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ |
|
1.1 |
Несиенің мәні мен пайда болуы және қажеттілігі |
4 |
1.2 |
Несиенің формалары және түрлері |
8 |
2 «АЛЬЯНС БАНКІ» АҚ-НЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАЛДАУ |
||
2.1 «Альянс Банкі» АҚ-ның тарихы мен қызметі |
13 | |
|
17 | |
2.3 «Альянс Банкі» АҚ -ның қаржылық қызметіне және есептілігіне талдау |
18 | |
3 БАНКТІҢ НЕСИЕЛІК САЯСАТЫ ЖӘНЕ «АЛЬЯНС БАНКІ» АҚ-НЫҢ МАРАПАТТАРЫ МЕН ЖЕТІСТІКТЕРІ |
||
3.1 Банктің несиелік саясаты |
25 | |
|
27 | |
ҚОРЫТЫНДЫ |
30 | |
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ |
32 | |
ҚОСЫМША |
||
КІРІСПЕ
Нарықтық экономикада несие банк жүйесінде маңызды рөл атқарады. Несиенің экономикадағы алатын орны елеулі екендігіне ешбір күмән жоқ. Олай болса, бұл тақырыптың өзекті екеніне көз жеткізуге болады. Жұмыстың мақсаты капиталдың, яғни қарызға берілген ақша капиталының жүру формасын несие, ақша капиталының ақша айналуын және несие берушінің қарыз алушы арасындағы қатынастарды көрсетеді. Оның көмегі арқылы жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттің бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, қарыз капиталына айналуы және белгілі уақытқа қолдануға ақылы түрде беріледі.
Несиенің маңызы, сонымен бірге оны қолдау аясы елдің экономикалық жағдайына байланысты үнемі өзгеріп тұрады. Айталық, экономиканы орталықтанған жоспарлы түрде басқарудан нарықтық экономикаға өтуге байланысты біздің елімізде коммерциялық және ипотекалық, лизингтік, трастылық қаржылық банктік операцияларды пайдалану жаңғыртылады, сонымен бірге несие қатынастары мен несиенің көлемі, несие ставкасы де өзгереді.
Сонымен қатар несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары мен түрлері сипаттайды. Несиенің негізгі екі формасы: коммерциялық және банктік несие болады. Бұл екі несие бір-бірінен несие субъектілері, құрамы, қарыз объектісі, динамикасы, пайыз мөлшері және қызмет ету аясы бойынша ажыратылады. Несиенің түрлері бұл белгілі бір түрдегі экономикалық қатынас ретіндегі несиеден келіп шығатын белгілі бір қасиеттерге ие.
Қазақстан Республикасының қазіргі уақыттағы экономикалық жағдайы, оның ішінде несиелі ақша жүйесінде үлкен өзгерістер болып отыр. Несие толығымен экономикамен және оның жеке секторларымен тығыз байланысты. Сондықтан да бүгінгі таңда Қазақстанда күрделі өзгерістер болуда, яғни елдің экономикасының дамуы мемлекеттің несие саясатымен тікелей байланысты. Осы жерден байқайтынымыз несие қазіргі уақыттағы экономиканың тірегі болып табылады. “Несие” деген сөздің өзі, латын тілінен аударғанда “сенім” деген мағынада, ол белгілі - бір тұлғаның мойнына алған міндетін орындауға сенім көрсетуге дегенді білдірсе, екінші жағынан, несие, банктердің филиалдарымен несиелік мекемелердің қанат жаюымен ұштасып, сол арқылы қазақ даласының қойнауының капиталын кеңейтуге мүмкіндік береді.
1 БАНКТІК НЕСИЕНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ФОРМАЛАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ
1.1 Несиенің мәні мен пайда болуы және қажеттілігі
Тарихтың қай кезеңінде болса да, несие, алуан түрлі экономикалық және қоғамдық ойшылдардың назарын аудартатын. Экономика ғылымы, өзінің пайда болған күнінен бастап несиенің проблемасымен шұғылданып келеді. Ал, қазіргі нарық кезіңде несиеге, экономикалық санат ретінде, аса көп көңіл бөлініп отыр. өйткені, нарық кезінде несиелік қарым – қатынас ең жоғарғы рәсімделуіне жетеді, сөйтіп несие, төңірегіндегі алуан түрлі практикалық және теориялық сауалдардың шиеленіскен түйініне айналады.
Несиенің түпкі тамыры тауарлық өндірістің пайда болған кезінде жатыр. Содан кейінгі экономикалық даму сатыларының әрқайсысында да несиенің маңызы зор болды. Тарихтың өткен дәуірлерінің бәрінде де дамытпалы несие, барлық қоғамдық қарым – қатынасты жаңартудың және түрлендірідің революциялық қозғаушы күші болды. Ол жеке тауар өндірушілер арасында мүлде ақиқат байланыс орнатты, олардың мүдделерін қосып бекітті және қоғамдық өндіргіш күштерін қайта бөлудің ұтымды әдісі болды.
Осыған байланысты болашақ экономисттерге несиенің арғы негізін, қазіргі жағдайда оны пайдаланудың керегі неде екенін түсіну керек. Оның үстіне, әр түрлі деректерде несиенің экономикадағы маңызы әр түрлі түсіндіріледі. Мысалы, кейбір экономисттер, несие өнімсіз шығынды көбейтіп ( әңгіме төленетін процент жөнінде ), өндіргіш күштердің дамуына кедергі келтіреді, нарықтық экономикаға тән қарама – қайшылықтарды шиеленістіре түседі, сондықтан экономикалық дағдарысты жоймайды, керісінше, оны тереңдетіп, оған тікелей себепші болады деген пікір айтады. Басқалары, керісінше, несие экономиканың тұрақты, үздіксіз дамуына мүмкіншілік береді дейді. Осындай қарама – қайшы пікірлер орын алған жағдайда істің жәйін түсіну үшін алдымен несиенің қажеттілігі қайдан шығады деген сауалға жауап беру қажет. Бұл сауалдың жауабын жұмысымның келесі бабында толығымен талқылаймын.
Ақшадан кейін несиені ойлап шығару – адамзаттың данышпандық табысы. Себебі несиені пайдаланудың нәтижесінде шаруашылық қажетін және жеке қажеттілікті өтеу уақыты қысқарады. Қарыз алушы кәсіпорынның несие алу арқылы өз өндірісін кеңейтуге, ал жеке тұлғаның өз ісін ұлғайтуға, не болмаса қажетті заттарды болашақта емес, қазір алуға мүмкіндік туады. Мен осы пікірмен толығымен келісемін. Себебі, қол жеткізе алмай жүрген ісіңе немесе қандай да болмасын тауарларды сатып алуға немесе ісіңді алға басуда, қазіргі таңда банктер тарапынан үлкен жәрдем көрсетіліп жатыр.
Әзірше, қазақстандықтардың бәрі бірдей несие алып оны өтеуге қол жеткізе
алмайды. Бірақ, жұмыс жасап жүрген әр адам несие көмегімен қажеттіліктерін қанағаттандыратын уақыт та көп кешікпей келетін болады деген сенімдемін.
Несие қатынастары алғашқы қауымдық құрылыстың мүдіктік жіктеліп ыдырауы нәтижесінде бір қауымның бай отбасы және кедей отбасы болып бөлініп, біреуінде артық қалған өнімнен оны кейін қайтарып беруге келісіп, екіншісі өз мұқтажын өтеуге алуынан пайда болды. Бұл кейінірек өсімқорлық ( ростовщиченский ) несие деп аталды.
Өсімқорлық несиеге тән белгілер: несие берушілер – көпестер, саудагерлер, салық жинаушылар, шіркеу иелері мен үлкен діни ордалар, ал қарыздар – ұсақ өнім өндірушілер, құл иеленушілер мен феодалдар. Шаруалар мен кәсіпкенрер несиені ағымдағы тұтыну мұқтажын өтеуге ғана алса, билеуші топтар қанаушылық, жауыздық іс - әрекеттерге жұмсады. Бұл несие үшін өсім ақының деңгеінің өте жоғарылығы ұсақ өнім өндірушілер мен кәсіпкерлерді өз шаруашылығын жабуға мәжбүр етті.
Мысалы, феодализм тұсындағы Германияның әр түрлі қалаларында өсімқорлық несие үшін төленетін ақының деңгейін 21 %- дан 43 %- ға дейін көтеруге, ал кей жағдайларда 100 - 200 % -ға жеткізуге рұқсат етілді. Ескі өндіріс әдістері ыдырап, жаңа әдістер пайда болуына негіз дайындалды.
Сөйтіп, несиенің нышандары алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы кезінде пайда болып, капиталисттік тауарлы өндіріс тұсында дамуының жоғары сатысына жетті. [98-99] Сонымен,
Несие – нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементі.
Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай – ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың айырбас сферасыннан іздеу керек.
Тауар айырбастау – бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.
Құнның қозғалысы – бұл несиенің қозғалысының кіндігін сипаттайды. Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға болады.
Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған да негіз бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбінесе ақшалай түрде берілуде. Бірақ бұл жерде ақша мен несиенің әр түрлі ұғымды білдіріп, әр түрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығармайық. Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бір санайтындар да аз емес, несие – бұл ақшалай қаражаттың екі жақты қозғалысын, яғни қаражаттың уақытша берілуін және уақыт өткен соң қайтарылуын баяндаса, ал қаржы – сол қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейді, яғни қаржы: дотация, субвенция, субсидия түрінде берілсе, олар қайтарымсыз сипатқа ие.
Несие – бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға, яғни қарызға берілетін ссудалық капитал қозғалысы.
Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады. Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылықтар бар:
Несие – бұл банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын және сондай – ақ олардың жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Ссуда – бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.
Экономикалық категория ретінде, несие – кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай – ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі – бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.
Зерттеу заты сияқты несие құрылымы бір – бірімен өзара байланысты элементтерден тұрады. Мұндай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастар субъектілері жатады. Несиелік мәміле бойынша несиелік қатынастар субъектісіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.
Қарыз беруші – қарызды беретін несиелік қатынастың бір жағы. Қарыз беруші – бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субъектілер болып табылады. Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес мекемелер, мемлекет, шаруашылық субъектілері және де халық жатады.
Қарыз алушы – бұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті, несиелік қатынастың екінші жағы.
Борышқор және қарыз алушы бір – бірімен жақын сөздер болғанымен дағы, олардың түсініктері екі түрлі. Мысалға, кәсіпоын немесе жеке азаматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т.б. байланысты төлемдері кешігуі мүмкін, бірақ бұл жерде ешқандай да несиелік қатынас туындамайды. Борыш тек қана экономикалық қатынасты емес, сондай – ақ адамзаттық қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш – бұл тек ауқымды ұғым. Ал қарыз алушы – бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар тұлға.
Қарыз беруші және қарыз алушымен қатар несиенің құрылымының элементіне берілетін объекті де жатады. Беру объектісі – бұл құнның ерекше бөлігі, яғни қарызға берілген құнды білдіреді.
Жоғарыда айтылғандай, несиенің түбірін тауарлы өндірістің пайда болған кезінен іздеу керек. Тікелей айтқанда, тауар айырбастау, оның бір қолдан екінші қолға ауысуы, несиелік қатынастың дәл шыққан жері деуге болады.
Қоғам дамуының кейінгі кезеңдерінде, несиелік қатынастың пайда болып және өркендетілуінің, нақты экономикалық негізін, капиталдың айналымы мен ауыспалы айналымы құрайды.
Өндіріс құрал – жабдықтары, құндық тұлғасында дәл бір уақытта ақшалық, өндіргіш күштері және тауарлық нысанында бола алады. Өндіріс пен айналым процесінде, олар бір нысанна екінші нысанға ауысып отырады, яғни үзбей ауыспалы айналымда жүреді. Осы ауыспалы айналым 3 сатыдан тұрады:
І – саты: құнның ақшалай нысаны өндіргіш күші нысанына ауысады, яғни ақшаға өндіріс құрал – жабдықтары сатылып алынады.
ІІ – саты: адамның, өндіріс құрал – жабдықтарды пайдаланып істеген әрекеттерінің нәтижесінде дайын өнім пайда болады. Енді өндіргіш күштің нысанындағы құн тауарлық нысанға ауысады. Осы сатыда өндіргіш құралдарының құнына, адам еңбегінің құны, яғни жаңадан пайда болған құн қосылады.
ІІІ – саты: дайындалған өнім ақшаға сатылады. Сөйтіп, құнның тауарлық нысаны қайтадан, өзінің бастапқы нысаны – ақша нысанына ауысады, тек бұрыңғыдан өскен мөлшерде ( өндірушінің таза пайдасы қосылады ).
Сонымен қатар, өндіру мен өткізу процесінде басқа да, айналымды жеңілдететін немесе бәсеңдететін, кездейсоқ қозғаушы күштер пайда болады. Мысалы:
- шикізаттар мен материалдардың түсуінің бір қалыпты болмауы;
- тасымалдау жағдайының қиындылығынан дайын өнімді өткізудің кідіруі;
- өткізілген өнім үшін немесе көрсетілген қызмет үшін, уақытында төленбеушілік т.с.с.
осы сияқты күштердің салдарынан пайда болатын, өндіру мен өткізу процесінің әр шаруашылықта бір кезден басталып, бір кезде аяқталмайтындығынан олардың кебіреуінде уақытша бос қаржы пайда болады, ал кебіреуіне өндірісті үздіксіз жалғастыру үшін, қосымша қаржы керек болады.
Дәлірек айтқанда, уақытша бос ақша мынадай жағдайлардан шығады:
- әрбір шаруашылық, жұмысшы – қызметкерлерге еңбек ақыны екі рет, өткен 15(30) күнге төлейді, ал жұмысшы – қызметкерлер материалды құндылықты күн сайын жасайды. Сондықтан да соңғы еңбек ақы төлеген күннен бастап, келесі төлем күнге дейін шаруашылықта 15(30) күн ішінде күн сайын өсіп отыратын қаржы резерві пайда болады;
- шаруашылық, өткізген өнімнен түскен таза пайдасын бір сәтте жұмсап жібермейді. Ол керекті кезіне дейін уақытша бос қаржы болады;
- өткізілген өнімнен түскен түсімнің ішінде өндірістің негізгі құрал – жабдықтарының тозығының орнын толықтыру үшін жұмсауға арналған ақша бар – амортизация. Сол ақша да күрделі өңдеу жұмыстарын жүргізетін кезге дейін бос қаржы болып, шаруашылықтың есеп шотында қалады;
Сонымен, әрбір шаруашылықта, жоғарыда айтылған себептерге байланысты уақытша бос ақшаның пайда болу кезі мен оны өндіру мен өткізу процесін үздіксіз жүргізу мақсатына жұмсау кезінің арасында салыстырмалы қарама – қайшылықтар туып отырады. Осындай қарама – қайшылықты реттеу үшін пайдаланатын бірден – бір экономикалық құрал осы несие болып табылады. Сөйтіп, несие тауарлы өндірістің сөзсіз атрибутына айналды. Кез – келген қоғам біріншіден, босаған ақшаның бекер, пайда түсірмей « өлі капитал » болып жатқанына құмар емес, екінші жақтан, экономикалық ұдайы және кеңейтілген ауқымда дамуына ынталы.
1.2 Несиенің формалары және түрлері
Несие экономикалық категория ретінде формаларға ие. Форма әр уақытта қандай да бір объектілерге тән тұрақты, қажетті байланыстардың жиынтығын білдіреді. Несиеге қажетті байланыстардың жиынтығын білдіреді. Несиеге қатысты оның формасы бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың әр түрлі сыртқы және ішкі өзгерістер кезінде сақталатын негізгі қасиеттерінің көрінісі. Қарызға берілген құнға қатысты кредитор мен қарыз алушы арасындағы байланыс қалай өзгерсе де, несиенің формасы оның бүтін ретіндегі мазмұнын білдіреді.
Несиенің формалары, оның құрылымымен және белгілі-бір дәрежеде несиелік қатынастардың мәнімен тығыз байланысты. Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің формасы сол күйінде сақталады.
Несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары мен түрлері сипаттайды. Несиенің мазмұны мен түрі диалектикалық бірлікте болады. өндірістік қатынастардың өзгеруі несиенің мазмұны мен оның қолданылатын түрін өзгертеді.
Несиенің формасы- бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісі. Экономикалық әдебиетте, әдетте, несиенің негізгі екі формасы қарастырылады: коммерциялық және банктік. Тауар түрінде берілетін несиені – коммерциялық, ал ақша түріндегі несиені банктік деп атайды. Бұл екі несие бір – бірінен несие субъектілері, құрамы, қарыз объектісі, динамикасы, процент мөлшері және қызмет ету аясы бойынша ажыратылады. Сонымен қатар көптеген жарияланымдарда несие формаларына: тұтыну, мемлекеттік, халықаралық, үкіметаралық, фирмалық және т.б. жатқызады. Олар осы екі форманың тәжірибеде қолдануынан туады.
Мемлекеттік несие – азаматтарға және заңды тұлғаларға қатысты қарыз алушы немесе кредитор ретінде мемлекет және жергілікті билік органдары болатын несиелік қатынастар жиынтығы.
Мемлекеттік несиенің негізгі формасы – мемлекеттік займдар, сонымен қатар қысқа мерзімді қазыналық міндеттемелер, тұрғындардың жинақ кассасындағы салымдар болып табылады. Қысқа мерзімді қазыналық міндеттемеле ( вексельдер және де т.б. несиелік міндеттемелер ) ресми түрде бюджеттегі уақытша кассалық үлесті жабу үшін, бірақ іс жүзінде бюджет тапшылығына байланысты шығарылады. Қазақстанда 1994 жылдың сәуір айынан бастап қазыналық вексельдер аукционы үнемі өткізіледі.
Үкімет несие проблемасына шалдыққан екінші деңгейлі банктерге қарыз беретін болды. Бүгін Үкімет Елбасы тапсырмасы бойынша Банктердің проблемасын шешуге 4 млрд долларды қарызға беру жолдарын қарастырды. Биліктің бұл қадамы тұрғын үй салымшыларын, шағын және орта бизнесті қорғау үшін жасалып отыр.
Үкімет несие проблемасына шалдыққан екінші деңгейлі банктерге қарыз беретін болды. Бүгін Үкімет Елбасы тапсырмасы бойынша Банктердің проблемасын шешуге 4 млрд долларды қарызға беру жолдарын қарастырды. Биліктің бұл қадамы тұрғын үй салымшыларын, шағын және орта бизнесті қорғау үшін жасалып отыр.
АҚШ-ғы ипотекалық несиелендіру проблемалары салдарынан халықаралық қаржы нарығында туындаған тұрақсыздық елдің қаржылық жүйесіне үлкен әсер етуде. Еліміздің екінші деңгейлі банктерінің қор жинау көлемі азайды. Дегенмен Үкімет елде экономикалық дағдарыс жоқ дейді. Проблеманы еліміздің республикалық бюджетінен бөлінетін 4 млрд ақш доллары шешпек. Әзірге Үкімет банктердің қорын толтыратын бұл соманы қандай пайызбен беретінін шешкен жоқ. Үкімет екінші деңгейлі банктерге қарыз бере отырып, мынандай талап қойып отыр.
Банктерді қолдауға бөлініп отырған 4 млрд доллар, бюджеттің үштен бір бөлігі болып табылады. Бұл ретте қаржыны түпкі алушылар болып Қазына орнықты даму қоры мен Қазақстандық ипотекалық компания белгіленді. Бұл екі даму институттары екінші деңгейлі банктерді қаржыландыра отыра, шағын және орта бизнесті несиелендіруді, ипотекалық несиені қаржыландыруды қамтымақ. Биыл бюджеттен банктерге берілетін қаржы көлемі 1 млрд ақш долларын құрайды. Ал келесі жылы қалған 3 млрд доллар банк қорларына түспек. Енді банктерге бюджеттен құйылып жатқан қаржыны қайтару механизіміне келетін болсақ. Ол Даму банкінің мойнына міндеттелген.
Несие түрлері – бұл белгілі – бір түрдегі экономикалық қатынас ретінде несиеден келіп шығатын белгілі – бір қасиеттерге ие оның бір түрі.
Түрдің формадан айырмашылығы – түр диалектика категориясы болып табылмайды, ол несиені ерекше түрдегі экономикалық қатынастар ретінде түсінуді анықтайтын жіктеудің категориясы болады.
Осыған байланысты несие түрлері төмендегідей жіктеледі:
- мерзімдері бойынша:
а) қысқа мерзімді ( 1 жылға дейін );
ә) орта мерзімді ( 1 жылдан 3-5 жылға дейін );
б) ұзақ мерзімді ( 3-5 жылдан жоғары );
- несиелеу объектілері бойынша:
а) негізгі қорларға берілетін несие;
ә) айналым қорларына берілетін несие;
- несиелеу әдістері бойынша:
а) қалдық бойынша несиелеу;
ә) айналым бойынша несиелеу;
Айналым бойынша сауда және жабдықтаушы - өткізуші ұйымдар несиеленеді, ал қалғандарында айналым бойынша да, қалдық бойынша да несиелеудің элементтері бар.
Мысалы, тұтыну несиесінің түрлері тауарлы және ақшалай болуы мүмкін, ал халықаралық несиені төмендегідей жіктеуге болады:
- несиелеу объектісі бойынша: тауарлы және қаржылық несиелер;
- экономикалық мазмұны бойынша: сыртқы сауда операцияларымен байланысты коммерциялық және қаржылық, кез – келген мақсат үшін пайдаланылады ( қарызды өтеуге, бағалы қағаздарға инвестициялау );
- несие субъектілері бойынша: жеке, үкіметтік және халықаралық қаржылық ұйымдар беретін;
- мерзімдері бойынша: қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді.
Шетелдік әдебиеттрде несиелердің келесі жіктеулері кездеседі:
Несиелердің категориялары:
а) қарызалушының типі бойынша:
- тұтыну
- бөлшек ( көтерме )
- ауыл шаруашылығы
- коммерциялық ( өнеркәсіптік )
- қозғалмайтын мүлік
- энергия
- үкімет - федералдық
ә) мақсаты бойынша:
- тұтыну ( мысалы, тұтыну тауарлары, көлік т.с.с.
- айналым капиталы
- құрылғылар
- ғимараттар
- жобалар
- лизингтік қаржыландыру
б) әрекет ету мерзімі бойынша:
- қысқа мерзімді ( 1 жылға дейін )
- орта мерзімді ( 1 жылдан 4 жылға дейін )
- ұзақ мерзімді ( 5 жылдан жоғары )
в) өтелу кестесі бойынша:
- бірдей төлемдермен ( тұтыну несиесі үшін ай сайын )
- кезеңді төлемдермен ( тоқсан сайын, жарты жыл сайын, жеңілдікті кезеңді немесе жеңілдіксіз кезеңді, модификацияланған несие – « шар », яғни өтелуі кезінде бұрын жүргізілген төлемдерге қарағанда анағұрлым көп төлемді талап ететін несие )
- бір рет төлемді ( қысқа, орта және ұзақ мерзімді несие – « шар »)
г) қамтамасыз етілуі бойынша:
- қамтамасыз етілмеген
- кепілмен қамтамасыз етілген ( қолма – қол бағалы қағаздар, дебиторлы қарыздар, қорлар, құрылғылар, жерлер мен ғимараттар )
- кепілдендірілген
- басқа да қамтамасыз етілулер ( міндеттеме, келісім, міндеттемесі бар хат )
Қазақстанда несиелердің келесі түрлері дамыған:
- Ұлттық банктің несиелері:
- аукциондық - Ұлттық банктің ақша – несие саясатының уақытша құралы болып табылатын және екінші деңгейдегі банктерге аукциондық негізде, республика банктерінің 1 айдан 3 айға берілетін қысқа мерзімді несиелерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатындағы берілетін несие
- ломбардтық - Ұлттық банктің мемлекеттік бағалы қағаздарды кепілге ала отырып, жоғары пайызбен қысқа мерзімге беретін несиесі
- бюджеттік - Ұлттық банк Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне қайтарымдылық ( нарықтық ) шартымен беретін несиесі
Ұлттық банктің республикалық бюджетті несиелеуі қысқарып және бұл 1998 жылдан бастап бюджет тапшылығын инфляциялық емес жабуға көшумен байланысты тоқтатылады.
- Екінші деңгейдегі банктердің несиелері:
- өз айналым қаражаттарының жеткіліксіздігін уақытша толықтыруға
- күрделі жұмсалымдарды қаржыландыруға
- импорттық бойынша контрактілерді төлеу үшін берілетін импорт
- ипотекалық
- несиелік желі негізінде – қарыз алушының бірінші талап етуі бойынша және белгілі – бір кезең бойында келісілген лимит шегінде оған несие беру туралы банктің заңдық рәсімделген міндеттемесі
- консорциялық – несиелік, кепілдік немесе басқа да банктік операцияларды бірігіп жүзеге асыру үшін қандай да бір ірі банктің қамқорлығымен уақытша бірлескен екі немесе одан да көп банктер беретін несие, бұл кезде бір банктің мүмкіншілігі қандай да бір себептерге байланысты бұл функцияларды дербес жүргізуге жетпеуі мүмкін
- тұтыну мақсаттарына
- банкаралық
Банкаралық несиелердің негізгі көлемі ұйымдастырылған банкаралық нарықта аукциондық сату арқылы ұсынылады. Негізгі кредиторлар ретінде ірі банктер ( Халықтық банк, Казкоммерцбанк ) болады.
Қарыз портфелін жіктеу және екінші деңгейдегі банктердің несиелік қызметінен келетін шығындарды жабу үшін резервтер ( провизиялар ) құру тәртібі туралы Ережеге сәйкес Ұлттық банк қарыздардың сапалары бойынша олардың келесі бөлінулерін белгіледі: стандартты, стандартты емес, қанағаттанарлықсыз, күдікті, шығынды
2 «АЛЬЯНС БАНКІ» АҚ- НЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАЛДАУ
2.1 «Альянс Банкі» АҚ-ның тарихы мен қызметі
«Альянс Банкі» акционерлік қоғамы қазақстандық жетекші банкілердің бірі болып табылады және банкілік қызмет көрсету нарығында 17 жылдан аса уақыт жемісті еңбек етіп келеді.
Бүгінгі күні «Альянс Банкі» АҚ активтер мөлшері бойынша елімізде алтыншы орында және бөлшек нарықта артықшылық фокуспен бизнестің барлық бағыттары бойынша, сондай-ақ ШОБ субъектілерін кредиттеуде әмбебап қаржы институты ретінде дамуда.

- Банктің тартылған қаржылары
- Банктің халыққа қызмет көрсетуіндегі соңғы жаңалықтар
- Банк туралы түсінік, оның түрлері, қызметтері
- Банктық карточкалар
- Банк уралтрансбанк
- Банк шоттары мен есеп айырысу
- Банк Японии
- Банктің корпоративтік бағалы қағаздармен операциялары
- Банктің меншікті капиталы
- Банктің меншікті капиталы
- Банктің мешікті капиталы
- Банктің несиелік операциялары мен маңызы
- Банктің несиелік саясаты
- Банктің несиелік саясаты