Банктің несиелік саясаты

Жоспар

Кіріспе

І бөлім. Несие туралы түсінік және олардың  мәні мағынасы

1.1. Қазақстандағы несие саясаттын жетілдіру жолдары

1.2 Ақша – несие  саясатының түрлері

1.3. Ипотекалық кредит. Қазақстанда ипотекалық несиелендірудің даму мәселесі 

ІІ  бөлім. Несиенің мәні және функциялары

2.1. Несиенің мәні  және қажеттілігі

2.2. Несиенің құрылымы

2.3. Несие экономикалық  категория ретінде.

Қорытынды

Қосымшалар

Пайдаланылған әдебиеттер

Мазмұны 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе. 

      Несие – ақша сияқты тарихи экономикалық категория болып табылады. «Несие» деген сөз, «қарыз», «кредит» деген мағына береді. Ол экономикалық категория ретінде әр түрлі экономикалық қоғамдарда қызмет етеді. Ол тауар өндірісінің пайда болған кезінен бастап  қарпайым формаларында:  бай және кедей қоғамдарда көрінеді. несие қатынастары  ақша қатынастары сияқты үнемі даму үстінде болады. Алғашқы кредит табиғи түрде (астық, мал, еңбек құралдары және т.б.) қоғамның дәулетті топтарынан мүліксіз шаруалар мен кәсіпкерлерге тұтыну мұқтаждығы мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған, тауар ақша қатынастарының дамуымен кредит ақша түріне кшті.

      Қаражатқа деген қажеттілік пен босауы арасында туындаған қарама-қайшылық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қалыпты  қызметі үшін қажет материалдық  және қаржылық ресурстарды нақты  байланыстыратын кредиттің жәрдемімен ғана шешіледі.

      Несиенің  мүмкіндігін шындыққа айналдыру  үшін белгілі бір талаптар бар. Біріншіден, кредит келісімінің қатысушылары –  несие беруші мен, қарыз алушы  – экономикалық байланыстардан туындайтын міндеттемелердің  орындалуын өз мойнына алуға материалдық жағынан  кепілдік беретін дербес заңды субъектілер  болуы керек. Екіншіден, егер кредит беруші мен кредит алушының мүдделері бір жерден шықса, онда бұл жағдайда  кредит өте қажет болады.Несие келісімін жүзнгн асыру үшін оның қатысушылары міндетті түрде кредитке өзара қызығушылық танытуылары керек. Ф.Энгельс: «Әрбір қоғамның экономика  мүддесі, ең алдымен мүдде ретінде алға шығуы керек» деп жазды.

      Несие беруші мен қарыз алушының арасында мүдделік бірдей болған кезде. Бір жағынан, кредитке ақшалай қаражатты ұсынуда, екінші жағынан – оны алуда кредиттік қарым-қатынастар туындайды.

      Несие объективті қажеттіліктен туындаған  және  ол қоғамдық  өндіріс процесінде маңызды рөл атқарады. Несие ақшалай  капиталдың қарыз трансформациясын қамтамасыз етеді және несие берушілер  мен қарыз алушылардың  арасындағы қарым қатынасты білдіреді.

      Оның  көмегімен мемлекеттің, халықтың, ұйымдардың және кәсіпорындардың табыстары  мен бос (еркін) ақшалай қаражаттары  жинақталып, уақытша пайдаланудың төлеміне аударылатын несие капиталына айналады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     І бөлім. Несие туралы түсінік және олардың  мәні мағынасы

       1.1. Қазақстандағы несие саясаттын жетілдіру жолдары 

     Әлемдік тәжірибеде Орталық банктің және коммерциялық банктердің несиелері арасында тұрақты өзара байланыс байқалады. Бұндай байланыстар әртүрлі елдер бойынша ерекшелінеді, мысалы Германияда Орталық Банктің ставкалары несиелер бойынша банктік ставкалардың ең жоғарғы шегін белгілейді, ал Франция мен Италияда ең төменгі шегі белгіленеді.

     Орталық банктің несиелері банктік ресурстар  көзі болып табылады, соған сәйкес пайыздық саясаттың әсер етуі жалпы экономикаға таралады. Ақша-несиелік реттеудің осы құралы Қазақстандық банктік жүйені реформалау кезінде ереқше танымал болды, себебі ҚРҰБ-нын, резервтері сыртқы факторларға қарсы түру үшін жеткіліксіз болды, ал ашық нарықтағы операциялар дамымады.

     Ал  қазіргі кезде ақша-несие саясатының жалпы бағыты ставка деңгейлерін бақылау сақталуда, бірақ осы құралдың мәні біртіндеп азайып келеді. Бірақ, пайыздық саясаттан толық бас тарту мүмкін емес, өйткені осы құралдың инфляцияға қарсы тиімділігінің маңыздылығы зор. Мысалы, АҚШ ресми ставкаларды белгілеуден бас тартқан елдердің бірі болып саналады. Германия, Жапония, Швеция елдерінде ресми пайыздық ставка инфляцияға қарсы реттеу құралы және ұлттық валюта бағамын реттеуші ретінде пайдаланылады.

     Әлемдік тәжірибеде пайыздық саясатқа жанама әсер ету шараларына көшу тенденциясы байқалуда. Бірақ, көптеген жағдайларда пайыздық ставкаларда жанами реттеу банктік резервтер келеміне әсер ететін әдістер арқылы ставкаларды тікелей белгілеуді ауыстыруды болжайды.

     Нарықты экономикасы дамыған елдерде  макроэкономикалық реттеу салаларында жеткілікті мөлшерде көп тәжірибе жинақталған. Бірақ осы салада басқа елдердің тәжірибесін толық пайдалану қажетті нәтижеге қол жеткізбейді. Сондықтан макроэкономикалық реттеудің мақсаттары мен әдістерін таңдау кезінде экономиканың дамуының нақты тарихи жағдайын ескеру қажет.

     Ақша-кредит саясатын iске асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi мынадай операция түрлерiн жүзеге асырады:

     1) қарыздар беру;

     2) депозиттер қабылдау;

     3) валюталық интервенциялар;

     4) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қысқа  мерзiмдi ноталарын шығару;

     5) мемлекеттiк және басқа да бағалы  қағаздарды сатып алу және  сату, оның iшiнде керi сатып алу құқығымен;

     6) коммерциялық вексельдердi қайта есепке алу;

     7) Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының  шешiмi бойынша басқа да операциялар.

     Қазақстан Ұлттық Банкi қайта қаржыландырудың  ресми ставкасын ақша рыногының  жалпы жай-күйiне, қарыздар бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейiне және инфляциялық болжалдарға қарай белгiлейдi.

     Мемлекеттiк  және басқа да бағалы қағаздарды сатып  алу мен сатуды Қазақстан Ұлттық Банкi жалпы ақша-кредит саясаты  шеңберiнде жүзеге асырады.     

     Қазақстан Ұлттық Банкi жүзеге асырылатын ақша-кредит саясаты шеңберiнде қаржы рыногындағы  рыноктық сыйақы ставкаларына әсер ету  мақсатында ақша-кредит саясатының негiзгi операциялары бойынша сыйақы ставкаларын  белгiлейдi.

     Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатының қабылданған бағдарларына сәйкес банктердiң қарыз алуының жалпы көлемiн реттейдi.

     Банктерге берiлетiн қарыздарды беру мен өтеу тәртiбiн, талаптарын, түрлерiн, мерзiмдерiн  және лимиттерiн Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайды.

     Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясатты экономикадағы диспропорцияны бірте-бірте жоймай елестету мүмкін емес.

     Инфляцияға  қарсы саясаттың басты элементі - қаржыны сауықтыру мен халық шаруашылығы экономикасын тұрақтандыру, залалды және шамалы рентабелді шаруашылық субъектілерін қысқарту болып табылады. Бұған халық тұтынатын тауарлаға бағаны көтеру жолымен емес, интенсификация негізінде және өндірістің тиімділігін көтеру арқасында қол жеткізіледі. Шетел несиелерін солай пайдаланған маңызды, оларды тезірек иесіне қайтарып, сөйтіп аса мол пайда табу. Шетел ғалымдарының пайымдауынша, Қазақстандағы аса пайдалы салаларға — түсті металлургия, ауыл шаруашылығы, мұнай өндеу өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп және туризм жатады. Сондықтанда осы салалар басымдылықлен дамуы қажет. Сырткы саудамен айналысатын кәсіпорындарға толық валюталық өзін-өзі өтейтін жолға көшіру керек. Бір сөзбен айтар болсақ, тұрғындардың өмір денгейіне әсер ететін инфляцияның келеңсіздігін төмендету үшін шаралар жүйесін іске қосқан жөн. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     1.2 Ақша – несие  саясатының түрлері 

     Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады.

     ҚҰБ ақша-несие саясатының басты мақсаты: Ұлттың валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді. Ақша-несие саясаты — бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.

     Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектісіне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасының жиынтығы жатады.

     Шаруашылық конъюктурасының жағдайына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:

1. Рестрикциялық ақша-несие саясаты;

2. Экспанцондық ақша-несие саясаты.

     Рестрикциялық ақша-несие саясаты — екінші денгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатан шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің денгейін арттыруга бағытталатын шаралар жиынтығы.

     Экспанциондық ақша-несие саясаты — несие беру көлемін кеңейтумен, айналыстағы ақша массасынын өсуіне бақылаудың, әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінін төмендеуімен байланысты шаралар.

     Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жетуде Ұлттық банк қатаң ақша-несие саясатын жүргізуде. Заңға сәйкес Ұлттық банк мынадай ақша-несие саясатының негізгі құралдарының көмегімен реттеледі:

Сыйақы  мөлшерлемелерін белгілеу;

  • Ең төменгі міндетті резервтер нормасын белгілеу;
  • Мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сатуы бойынша ашық нарықтағы операцияларды жүргізу;
  • Банктерге және үкіметке несиелер беру;
  • Валюталық нарыққа интервенциялау;

     Кейбір  жағдайларда, несиелік операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен  көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу.

     Қазіргі уақытта жоғарыда аталған құралдардың ішінде іс жүзінде қолданылып отырғандары: ресми сыйақы мөлшерлемелері, қысқа мерзімді ноттарды эмиссиялау, ашық нарықтағы операциялар.

     Ұлттық  банк өзінің жүргізетін операциялары бойынша мынадай ресми сыйақы мөлшерлемелерді белгілейді:

  • ресми қайта қаржыландыру мәлшерлемесі;
  • ресми есептік (дисконттъщ) мөлшерлемесі;
  • РЕПО және кері РЕПО операииялары бойынша сыйакрі мвлшерлемесі;
  • «овернайт» займдары бойынша сыйақы мәлшерлемесі;
  • күндізгі займдар бойынша сыйақы мөлшерлемесі.

     Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі — ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция және күтілетін инфляция деңгейіне байланысты белгіленеді. Ұлттық банкінің заң актілері, ҚР Президентінің актілері негізінде немесе ҚҰБ Басқармасының жеке қаулылары бойынша жүргізілетін заем операциялары бойынша қолданылады.

     Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлемесі — ақша нарығының жалпы жағдайына, несиелер бойынша сұраныс пен ұсыныс көлеміне байланысты белгіленеді және Ұлттың банктің коммерциялың вексельдерді қайта есепке алу операцияларында қолданылады. Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлеме жылдың пайыздың мөлшерлеме болып табылады және ол айналыс мерзімі алты айлың вексельдерді қайта есептеуде қолданылады.

     РЕПО  және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелері — жылдың пайыздық, мөлшерлемелер, ішкі қаржы нарығының жағдайына байланысты белгіленеді және мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүргізуде қолданылады. РЕПО-ның мақсатты мөлшерлемесінен ауытқу жағдайында ақшалай қаражаттарды орналастыру немесе тарту жолымен РЕПО нарығындағы сыйақы мөлшерлемелерді реттеу арқылы сыйақы мөлшерлемелердің елеулі ауытқуын болдырмау.

     «Овернайт»  заемдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі — Ұлттың банктің екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚҰБ-ғы корреспонденттік шоттары бойынша есеп айырысуды дебеттік қалдықпен аяқтауы барысында бір түнге берілетін заемдары бойынша крлданылады.

     Күндізгі  заемдар бойынша сыйақы мөлшерлемелері — Ұлттың банктің екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚҰБ-ғы теңгеде ашқан корреспонденттік шоттары бойынша төлем жүргізуге немесе ақшалай аударымдар жасауға ңажетті ақша қаражаттары уақытша болмаған не жетіспеген жағдайларда займдар бойынша қолданылады.

     Ұлттың  банктің ресми сыйақы мөлшерлемелерін  төмендегідей 1-кестемен беруге болады.

    1. Ұлттың банктің ресми сыйақы мөлшерлемелері пайыздар, кезеңнің соңына
Сыйақы мөлшерлемесінің  түрлері 2004 2005 2006
1 Қайта қаржыландыру 14 9 7,5
2 Есептік (дисконттық) 12,5 8 8
3 Овернайт зайымдары  бойынша 20 12 9
4 РЕПО операциялары бойынша,

оның  ішінде:

овернайт

1 жұма

2 жұма

 
 
-

6,5

5,5

 
 
5

5

5,5

 
 
5,5

5,5

5,5


Сандық  мәліметтер ҚҰБ статистикалық  бюллетенінен алынған №6(92) 2006 ж 

     Ескерту: РЕПО операциялары бойынша мөлшерлемелер 8.12.2006 ж. бастап, мерзімдер бойынша күн сайын белгіленеді.

     Ақшалай нарықтағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуде банктерге берілетін несиелер көлемін реттеуде банктің өтімділік деңгейін реттеуде және олардың міндеттемелері бойынша төлемсіздікті төмендетуде, сол сияқты банктің салым иелері мен акционерлерінің мүдделерін қорғау максатында Ұлттың банк ең төменгі резервтік талаптар механизмін қолданады.

     Резервтік талаптар, ашық, нарықтағы операциялар және пайыз саясатымен қатар коммерциялық банктерді жанама ақшалай-несиелік реттеудің негізгі құралдарының біріне жатады. Қазақстан банк жүйесінің бүгінгі даму жағдайында резервтік талаптар, бір жағынан, сақтандыру институттарының жоқ кезінде, коммерциялың банктердің депозиттерін сақтандыру қызметін, екінші жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликация процесін реттеу қызметтерін атқарады.

     Ақша-несие  саясатының бұл құралы 1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген «ҚР коммерциялық-кооперативтік және жеке банктердің қызметін реттеу туралы» нұсқауға сәйкес міндетті резерв нормативі 18 — 20% мөлшерінде бекітілген болатын. Қазіргі уақытта ол төмендеп, 6%-ды құрайды. Банктердің резервтерінің артық болуы, яғни Ұлттық банктегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттардың өсуіне байланысты резервтік талаптар шамасын төмендетіп қана қоймай, сол сияқты резервтеудің альтернативтік тәртібіне өтуге, яғни бұл банктердің пруденциалдық, нормативтерді орындау барысында корреспонденттік шоттағы қаражаттар сомасын ең төменгі резервтер мөлшерінің төмен болмауын сақтап отыруға тиістілігін білдіреді.

     Әлемдік тәжірибеде міндетті резервтердің өте жоғары деңгейде болуы, банк жүйесінің қаржы делдалы ретіндегі тиімділігін нашарлатып, ал ең төменгі резервтер нормасының артуы несиелік ресурстардың экономикаға құйылуына тосқауыл болатындығын көрсетеді. 

1.3. Ипотекалық кредит. Қазақстанда ипотекалық несиелендірудің даму мәселесі. 

    Ипотекалық  несиелендіру тұрғын үй, тұрмыс саласына инвестицияларды

тартудың  ең тиімді әдістерінің бірі болып табылады. Ипотека тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсартуда, банктердің тиімді және табысты қызмет атқаруына, құрылыс комплекс өндірісінің жедел дамуына елеулі ықпал етеді.

    Тұрғын  үй құрылысын қаржыландыру тетігін  жасау, халықтың қалың жіктерінің тұрғын үй проблемаларын шешу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің                                     2000- 2002 жылдарға арналған іс- қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс- шаралар жоспарына сәйкес тұрғын үй құрылысын ынталандыру мақсатында «Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамыту және тұрғын үй қорын сақтау тұжырымдамасы» әзірленіп, көптеген алға қойған мақсаттар жүзеге асырылды.

    «Қазақстан  Республикасында тұрғын үй құрылысын  ұзақ мерзімді қаржыландыру және ипотекалық несие беру жүйесін дамыту тұжырымдамасы» Қазақстан Республикасы үкіметінің 2000 жылғы 21 тамыздағы № 1290 қаулысымен мақұлданған.

    Құрылыстың  жинақ жүйесін дамытумен қатар, тұрғын үй мәселелерін шешудің маңызды  бағыттарының бірі ипотекалық несие  беру жүйесін дамыту болып табылады. Осы мәселені жүзеге асыру мақсатында 2005 - 2010 ж.ж. арналған «Қазақстан Республикасының ипотекалық несие беру жүйесін дамыту» бағдарламасы іске асуда. Сонымен қатар қазіргі кезде жылжымайтын мүлікті кепілге салған халыққа несие беруге банктердің қатысуын жандандыру есебінен ипотекалық несие беру жүзеге асырылып жатыр.

    Индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақов  Қазақстанда 2008-2010 жылға арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасын қабылдау қажеттігін жария етті. Жаңа бағдарламада негізінен, бюджет саласында қызмет істейтін мамандардың, оның ішінде дәрігерлер мен мұғалімдердің әлеуметтік жағдайы қарастырылуы тиіс. Бағдарлама жобасын жасаушылар 2008-2010 жылдар аралығында Алматы мен Астанада шамамен 230 мың пәтерді пайдалануға беру жағы қарастырылып отырғанын мәлімдеді.

    Қазақстан Республикасында 2001 жылы ипотекалық несиелендіру саласында халықаралық тәжірибеге сүйене отырып құрылған АҚШ- «Фанни Мэй» мен «Фредди Мак» және Малайзияның  «Кагамас Бергхад» ипотекалық несиелендірудің  классикалық моделі еңгізілді. Бұл модель ипотекалық несиелендіру нарығының жағдайы тұрғын үй нарығы, құқықтық қамтамасыз ету және үй сатып алуға негізделген несие ресурстар нарығының дамуына тікелей байланысты екендігін дәлелдейді.

    Ұзақ  мерзімді несиелендірудің мәселесін  шешу жолдарының бірі – нарық механизмінің дамуына, оның тыныс - тіршілік ортасына жағдай жасау, бюджеттен тыс ресурстарды мобилизациялау және оларды несиелік - қаржы саласына бағыттау болып табылады.

    Бүгінгі таңда ең негізгі мәселе – ипотекалық несиелендіру саласына ақша қаражаттарын тарту болып отыр. Сондықтан қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Ипотекалық компаниясының тұрмыстық ипотекалық займдарды талап ету құқықтары бойынша ішкі нарыққа ипотекалық облигациялар шығару көзделуде.

    Егер  сандық көрсеткіштерге сүйенетін болсақ, Қазақстандағы тұрғын үй жағдайы жақсы болып көрінеді – халықтың саны 15 млн. адам республикадағы тұрғын үйдің жалпы көлемі 253 млн. шаршы метрді құрайды, яғни бір адамға орта есеппен 17 шаршы метрден келеді. Алайда тереңірек үңілсек, осы салада елеулі кемшіліктердің жеткілікті екендігін көруге болады.

    Тұрғын  үй жағдайын жақсартуға мұқтаж, тиісті әкімдер қызметтерінде есепте тұрған 264 мың отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету және республикада бар екі  миллионнан астам апатты және тозған тұрғын үй қорынан көшіру үшін жылына кемінде 3- 3,5 млн. шаршы метр жаңа тұрғын үй салу қажет.

    Қазақстанда экономикалық өзгерістердің басынан  бастап, өзінің маңыздылығына қарамастан тұрғын үй реформасы өте баяу қарқынмен  жүргізілуде. Жаңадан салынған тұрғын үйге халықтың көпшілік бөлігінің төлем қабілетінің төмен болуы, сондай- ақ дайын тұрғын үйді сатып алуға ұзақ мерзімді несиенің толық дамымауы жағдайында, реформаның алғашқы жылдарында құрылған тұрғын үй нарығы қажетті несие – қаржы                       тетіктерімен қамтамасыз етілмейді.

    Жылжымайтын мүлікке азды - көпті сұраныс қалыптасқан  бірден - бір орталықтар – Алматы мен Астана қалалары болып табылады, себебі бұрынғыдай бизнес таңдаулары ғана емес, шетелдіктерді қоса алғанда, сонымен бірге мемлекеттік органдар қызметкерлерінің көпшілігі жиналған, сондай- ақ бұған өнеркәсіп саласының негізінен жұмыс істеп тұрған өндіруші және қайта өңдеуші кәсіпорындары шоғырланған кейбір қалалар енеді.

    Нарықтық  тетіктердің дамуы үшін жағдай жасау, қоғамның бюджеттен тыс ресурстарын жұмылдыру және оларды несие - қаржы саласына бағыттау ұзақ мерзімді ипотекалық несие беру нарығын қалыптастыруды қаржыландыру көзі, сонымен бірге кәсіпорындардың, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтандыру ұйымдары мен инвестициялық қорлардың қаражаты тартылатын болады.

    Ұзақ  мерзімді тұрғын үй құрылысын дамытуға бірінші кезекте халықтың қаражатын  тарту мақсатында «Қазақстан Республикасындағы  құрылыстық жинақ туралы» Заңының  жобасы әзірленді және Қазақстан  Республикасы Парламентінің қарауына ұсынылды. Құрылыстық жинақ жүйесі жеке және заңды тұлғалардың қаражатын банктік салымдарға тартуға және осы жинақтар есебінен салымшыларға несие беруге негізделген тұрғын үй құрылысын қаржыландырудың тұйықталған жүйесі болып табылады.

    Құрылыстық  жинақ жүйесі – дамыған қаржылық нарықтарды қажет етпейді және орташадан төмен табыстары бар халықтың қалың жігіне бағдарланған. Құрылыстық жинақ банкі төлеген қаражат тұрғын үй жағдайын жақсарту жөніндегі іс - шараларға жұмсалуы мүмкін.

    Ұзақ  мерзімді несие беру бағдарламасының мақсаты азаматтардың меншікті қаражаттары мен ұзақ мерзімді ипотекалық несиенің есебінен монополиядан арылған тұрғын үй нарығында тұрғын үй сатып алудың нарықтық қағидаттарына негізделген, орташа табысы бар азаматтарды шамасы жетерлік баға бойынша, тұрғын үймен қамтамасыз етудің тиімді жұмыс істейтін жүйесін құру болып табылады.

    Ұзақ  мерзімді несие беру жүйесінің қалыптасуы мен дамуы үшін мынадай негізгі  міндеттер қойылады:

  • заңнамалық және нормативтік базаның жетілдіруі, ипотекалық несие

беруді  қаржыландырудың қосымша көздерін қамтамасыз етуші зейнетақы активтерін орналастыру тәртібіне өзгерістер еңгізілуі;

  • ипотекалық несие беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға үміткер екінші

деңгейдегі  банктерге қойылатын өлшемдердің  белгіленуі;

  • екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық облигацияларды шығару

тәртібінің  белгіленуі,

  • зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың жинақтаушы

зейнетақы активтерінің есебінен ипотекалық облигациялар сатып алуына рұқсат ету тәртбінің  белгіленуі;

  • ипотекалық несиелер алушы азаматтардың, кредитордың мен

инвесторлардың  салықтық ынталандырылуы,

  • заемшыларды кредиторлардың әрі заңсыз әрекеттеріне де, әрі бұрын

алған ипотекалық несиені өтей алмаған  жағдайда, үйден шығару рәсімі кезіндегі, оларды әлеуметтік бейімделуі үшін де әлеуметтік қорғау тетіктерінің жасалуы;

  • әрі жеке, әрі мүліетік сақтандыру нарығының дамытылуы көзделуі тиіс.

     Қазақстан Республикасында қазіргі уақытқа  дейін ипотекалық несиелендірудің  интенсивті дамуын тежейтін фактор орташа несиелендіру мерзімі 3- 5 жыл болып табылды. Мұның себебі банктік міндеттемелерінің көп бөлігі қысқа және орта мерзімді қаржыларды және маманданған банктік емес ұйымдардың ұзақ мерзімді қаржыларды қажет етуінде.

    Қазіргі уақытта қаржы нарығы инвестициялық көлемін жоғары

дәрежеде  ұсына алады. Бірақ дәл осы кезде қаржы инструменттерінің

жетіспеушілігі  байқалады. Республикалық бюджеттің  жақсаруы қарыз төлемдерін азайтты, сондықтан да ипотекалық бағалы қағаздар инвесторлар салымдары үшін альтернативті  инструмен ретінде қарастырылады.

    Халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, мемлекеттік бағалы

қағаздарен  қатар әлемдік ипотекалық бағалы қағаздарды шығаруға жағдай жасау керек. Мысалы, инвесторларға қойылған талаптар, нормативтерді орындауға мүмкіндік  беру, соның ішінде  банктер үшін – капитализациялау мен өтімділікті, сақтандыру ұйымдарына- резервтер құруға, зейнетақы қорлары үшін – активтерді орналастыру тб.

    Сонымен қатар, ипотекалық облигацияларды шығару және тіркеу

рәсімін максималды түрде жеңілдету, алымдар  мен салымдардың қатаңдығын азайту маңызды.

    Ипотекалық  несиелендірудің дамуы орташа еңбекақының төмен

болуынан  және несиелендіру ставкаларының жоғары болуынан тежеліп отыр. Қазақстан  Республикасының ипотекалық несиелендірудің  басқа да проблемалары бар:

  • салық жүйесінің қатаңдығы, салық мөлшерлемесінің жоғары болуы;
  • ипотекалық несие арқылы тұрғын үй сатып алумен байланысты келісім –

шарттың мемлекеттік тіркеудің тым ұзақтығы және қымбаттылығы тб.

    Ипотекалық  несиені алуға барлық тұрғындардың қаражаттары жетпейді.

Сондықтан да мұндай проблемаларды шешу мақсатында «Тұрмыстық құрылыс жинақтар туралы» заң қабылданды. Тұрғындарды қолдау мақсатында мемлекеттік бюджеттен тұрмыстық құрылыс жинақтарына салымдар бойынша қайтарымсыз мемлекеттік сыйақылар мен қаражаттар бөлінуі болжанып отыр.

    Жасалған  бағдарламалар бойынша тұрмыстық салаға инвестициялар

Банктің несиелік саясаты