Басқару туралы түсінік және қызметтерінің түрлері

 

                                                             ЖОСПАР

 

  Кіріспе............................................................................................................3

І-бөлім. Басқару туралы түсінік және қызметтерінің түрлері ............6

    1.1 Басқару құрылымы .............................................................................10

    1.2 Басқарудағы әдістемелік тәсілдері ..................................................12

2-бөлім. Басқарудың заңдылығы мен принциптері ............................18

    2.1. Басқаруда заңдылықты  қамтамасыз ету  түсінігі……………..…..20

    2.2. Басқарудың  принциптері жіктеу......................................................22

    2.3. Қазіргі менеджменттің бастапқы принциптері.................................24  

Қорытынды .....................................................................................................26

Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................28

 

                                                   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                 КІРІСПЕ

 

  Қазақстан  экономикасында  ақырғы  он  жылда  өткізілген  нарықтық  реформалар    өндіріс  пен басқару үдіріміне қатысушылардың  арасындағы, мемлекеттік органдар  мен шаруашылық  субъектілердің  және  іскерлік  серіктестіктердің    арасындағы  өзара қатынастың  мәні  мен түрлерінде  елеулі  өзгерістерді  туғызды. Кәсіпкерлік іс-қызметпен айналысатын  субъектілердің  жұмысын  бағалау  өлшімімен  бірге, осы  субъектілердің  өздері  үшін  іс-қимылдарының  негізгі  болып  табылатын  мақсаттарын  да  өзгертті.

   Бұның  бәрі  өндіріс  үдерімін  және  жұмыскерлер  ұжымын  басқару  ісін  ұйымдастыруға    қатысты  көзқарастың  өзгеруіне  әкелді.  Басқарудың  және  жұмыскерлер құрамын  еңбектің  өнімділігіне  ынталандырудың  жаңа нысаны  мен  түрлері  пайда  болды.  Басқару  сферасымен  айналысқан  қызметкерлерге  енді  кәсіпорындардың  іс-жұмысының нәтижесіне  ықпалын тікелей немесе  жанама  түрде тигізетін жаңа  сыртқа  және  сыртқы    факторлардың  пайда болғанын   ескеріп қана  қоймай, есепке  алып  отырулары керек.

    Басқару  ғылымының  эволюциясы  мен  оның  әрі  қарай  дамуы  және  бұл  орайдағы  отандық  шетелдік  зерттеулердің    жетістіктері,  менеджменттің  оқу  пәні  ретінде  жеке  бөлініп  шығуы  табиғи  қажеттілік  екені  байқалады.  Бұл  орайда  айта  кететін  жағдай,  басым  түрде  орталықтанған    жоспарлауға  негізделген  басқарудың  отандық  тәжірибесін  стихиялы  қалыптасып  жатқан  нарық  жағдайында  толық  қолдану  мүмкін  емес, бірақ  кәсіпорындарды  басқарудың  теориясы  мен практикасының   жекелеген  қағидаларын  бүгінгі  жағдайда  пайдалануға  болады.  Бұнымен  бірге шет елдерде қалыптасқан менеджмент  жүйесі    ұйымдастырудың  мақсатына жету  ептілікті қажет етсе  де,  адамдардың  жүріс тұрысының ынта-ықыласын,  интелектілігін,  еңбегін жұмылдыра алатын  болса да,  біздің  елдің экономикасында  ойламай, бірден  оның  көшірмесін  пайдалануға  және  ұлттық   менталитетті    ескермей,  бұл  жүйені  тиімді  түрде  жүзеге  асыруға  болмайды.  Соныдқтан, менеджментті  басқарудың  тәжірибесі  ретінде  өмірдің  барлық  жағдайына    жарамды  дайын рецепт  немесе  шешімдер  жиынтығы  түрінде  қарастыруға  болмайды.

     Менеджмент  іс-тәжірибенің  негізінде  қалыптасқан  постулаттар, принциптер  және  ережелер  арұылы  мақсаттар мен  міндеттерді  дұрыс  қою  мен  оларды  оңтайлы  шешуге  үйретеді. Бұл  орайда  шығармашылық  істің  ыңғайы  болмаса,  бүгінгі  таңдағы  менеджменттің    барлық  жаңалықтары  тосқан   нәтижені  оңай  бере  алмайды.  Шаруашылықты  жүргізудің  жаңа  шарттары    өндірісті  ұйымдаструда  және  және  ұжымды  басқаруда    менеджердің  атқаратын  ролін  күшейте  түседі  және  оның  жеке  кәсіби  қабілетіне  қойылатын  талаптарды  қатаңдатады.  Басқарудың  тиімді  жүйесін  құру  үшін,  менеджер  кәсіпкерлік  білімнің   жиынтығын  толық  түрде   біле  отырып,  практикалық  іс-қызметте  оны  қолдануға қажетті тәжірибені   меңгеруі  керек,  бұныммен  бірге ұжыммен және   жеке  адамдармен  қалай жұмыс істей алатындығын да  білуі қажет.

    Менеджмент (ағылшынша манаге – басқару, меңгеру, ұйымдастыру) – ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу, әлеуметтік, оның ішінде білім беру үрдістерін басқару принциптері, әдістері, құралдары мен нысандарының жиынтығы.[1] “Менеджмент” ұғымының мәні мен мазмұны “басқару” түсінігіне ұқсас. Сонымен қатар менеджмент жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру, бақылау, ынталандыру сияқты қызметтерді атқарады. Ғылыми менеджменттің негізін салушы белгілі ағылшын ғалымы Фредрик Уинстоу Тэйлор (1856 – 1915). Оның еңбекті ұйымдастыру және өндірісті басқару жүйесі алғаш рет АҚШ-та 19 ғасыр мен 20 ғасыр тоғысында кең пайдаланыла бастады. Қазіргі замандағы менеджмент, негізінен, барлық экономикалық мектептердің тәжірибелері мен бағыттарының жетістіктерін қорытындылау арқылы дамуда. Менеджмент мақсат қоюға, жоспарлауға және саясатты қалыптастыруға міндетті. Ол үшін болжам жасайды. Менеджмент бойынша дәлелденген және жоспарланған операциялары бар ұйымдық құрылым жасау, адамдар арасында міндеттерді бөлу және жауапкершілік деңгейді белгілеу, нұсқау шығару мақсатында әр түрлі шешімдер қабылданады. Қазақстанда менеджмент қағидаттары, тәсілдері, амалдары нарықтық экономиканың өркендеуіне сай кеңінен таралған.

Нарықтық  экономикада менеджмент фирманы  басқарудың негізгі формасы болады. Менеджмент шешімдер қабылдап, оларды орындауға бағытталған жүйе. Материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдалану варианттарының мүмкіндігінше ең жақсы оптималдығын жүзеге асыру кезделеді.

Менеджменттің пайда болуы корпоративтік кәсіпкерліктің дамуымен байланысты. Осы болмыста, фирманың мүліктерін басқару қызметі меншік иесінің өкіліне — менеджерлерге көшеді.

Менеджер  деп акционерлердің пайда алуын  мақсат ететін, ақы алып фирма қызметкерін  ұйымдастыратын жалдама жұмысшылар аталады.

Өндірістің  тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік  тудырған еңбекті рационалдау мен оньің қарқындылғын арттыру шарттарын ашқан Тейлор болды. Бұның пікірі бойынша, осы мақсатқа жету үшін басқару саласында төрт қызмет орындалуы керек: мақсатты таңдап белгілеу, мақсатқа жету құралдарды тандау, құралдарды дайындау, нәтижелерді бақылау. А.Файоль бойынша, менеджердің міндеті: болжау, ұйымдастыру, жарлық ету (жүргізу), келістіру, бақылау.

  Осы заманда менеджменттің төрт қызметі аталады: жоспарлау,ұйымдастыру, мотивациялау, бақылау.

  Жоспарлау фирманың іс-әрекеттерінің мақсаттарын, оларға жетудің басты бағыттары мен құралдарын анықтауды (белгілеуді) тілейді. Бизнес-жоспар — жоспарлаудың негізгі элементі. Есеп беру құжаты және инвестициялардың басты дәлелі болатын осы бизнес-жоспар, фирма дамуының кешендік жоспарын жасаудың мақсаты — басқарушыларға фирманың жағдайы туралы толық мәлімдеме беру болады. Бизнес-жоспарды жан-жақты дәлелдеп жасау инвесторлар жағынан олардың инвестицияларының тұрақты болатындығына және компанияның басқарушыларына сенімділік тудыруды көздейді. Бизнес-жоспар 3—5 жылға жасалады. Ол мына бөлімдерден тұрады:

нарыққа талдау жүргізу және маркетингтік стратегия;

өнімдік стратегия;

өндірістік  стратегия;

фирманы басқару  жүйесінің және меншіктің дамуы;

қаржылық (экономикалық) стратегия.

    Өздерінің даму дәрежесіне байланысты, әрбір жеке фирмалар жоспардың жекеленген бөлімдеріне бірдей маңыз бермейді. Жұмысқа жаңадан кіріскен фирмалар қаржылық стратегияға назарын кебірек аударады.

    Дамыған, қалыптасқан фирмалар көбінесе өнімдік және өндірістік стратегияның қамын ойлайды. Көпшілік үшін бизнес-жоспар қысқаша рефератпен толықтырылады.

   Ұйымдастыруга фирманың құрылымын құру және көзделген мақсаттарға жету үшін оның бөлімдерінің озара өсері мен үйлесімдігін қамтамасыз ету жатады

   Ұйымдастыруға фирманың құрылымын құру және көзделген мақсаттарға жету үшін оның бөлімдерінің өзара өсері мен үйлесімдігін қамтамасыз ету жатады.

   Мотивацияға жұмыскерлердің еңбекке деген ішкі ынтасын оятып жандандыру жатады. Осы бөлімде экономикалық қана емес, психлогиялық аспект орын алады

    Бақылауға жоспарланған нәтижелер мен нақты қол жеткен нәтижелердің сәйкестігін анықтау және фирма қызметеріне түзету енгізу жатады

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                 1-бөлім. Басқару туралы түсінік және қызметтерінің түрлері 

 

    Басқару-адамдардың кәсiптiк қызметi. Бұл қызметтiң мәні –мазмұнын айқындау үшiн оның анықтамасын берейiк. Басқару –бұл ұжымдағы адамдарға және жекелеген адамдарға, олардың бiрлескен жұмыс процесiнде мақсатты жүйелi ықпал ету.

 Осы анықтамадан  бiрқатар қорытынды жасауға болады. Басқару ең алдымен, ықпал ету, демек мұның өзi сол әрекетке билiк ету қажеттiгiн көрсетедi.

 «Мақсаттылық» анықтамасы  басқару мiндетiн-ұжымның алдына  қойған мақсатына жетуiн қамтамасыз  етудi көздейдi. Оның үстiне мақсат  қою да басқару мiндетi.

 «Жүйелiк» анықтамасы  дүркiн-дүркiн емес жүйелi, үздіксiз  жүзеге асыру қажеттiгiн көрсетедi. Әлеуметтік басқару, кең мағынасында, өзінің сапалық, дамуын камтамасыз етіп отыратын коғамдық, жүйеге тән құбылыс. Ал, тар мағынасында, бұл термин белгілі 6ip мақсатқа жету процесінде қоғамньң әлеуметтік қызметі жүйесін тәртіптеу, жетілдіру үшін саналы, орнықты, ұйымдасқан түрде әрекет ету ұғымын білдіреді.

    Әлеуметік басқару — ұйымдық, жағынан қалыпқа келтірілген құрылымдардың, олардың арасындағы басқару байланыстарының жиынтығы. Ол индивидтерге, әлеуметтік топтар мен қауымдарға, коғамньң саяси, әлеуметтік және басқа да институттарына басқару мақсатымен әсер етуді жүзеге асырады. Әлеуметтік басқару коғамның өмip cүpyi, әлеуметтік жүйе ретінде дамуы, адамдардың өмip cүpyi үшін маңызы бар барлық, объектілер мен процестерді қамтиды.

    Ол жекелеген, топтық, және қауымдық, мүдделердің арасындағы қайшылықтарды тәртіптеп шешіп отырады. Әлеуметтік басқару — қоғамдағы адамдардың, мүдделері мен ic-әрекеттерінің бағытын, оның мазмұны мен  реттеп, адамдардың коғамда алатын орны мен рөлін айқ- ындайтын әлеуметтік қатынастарды үйлестіріп отыру. Осындай басқару нәтижесінде коғамдағы мүдделердің (территориялық, ұлттьқ, ұжымдық, жекелеген, т.б.) үйлесімділігі камтамасыз етіліп, алға қойған мақсатқа, жалпы жетістіктерге жету үшін әлеуметтік әрекеттер ұйымдастырады. Әлеуметтік басқару, жүйесіне, мемлекеттік басқару жүйесіне байланысты.

Қазақстанда жүргізілген  мемлекеттік басқару жүйесін  қайта кұру кезеңін негізгі екі кезеңге бөлуге болады.

     1991 жылдан басталған бірінші кезеңде Қазақстанның егемендігі жарияланды, Президенті сайланды, ұлттық теңге айналымға түсті, соған сәйкес өзіндік экономикалық саясаты қалыптаса бастады. Саяси және экономикалық салалардағы сапалық. өзгерістер басқару жүйесін жетілдіруде көрініс тауып, орталық және жергілікті басқару органдарында бірнеше кең көлемді шаралар жүзеге асты.

      Мұның негізгі мақсаты экономиканы басқарудың нарықтық, формалары мен әдістерін өмipre енгізу болатын. Бірақ та нормативтік-құқықтық және әдістемелік базаның әлсіздігінен жүргізілген өзгepicrep айтарлықтай тиімді болып шықпады. Басқару кадрларын даярлауда, олардьң қызметін ынталандыруда, бақылау істерінде елеулі кемшіліктер жіберілді.

      Тәжірибе көрсеткендей, Қазақстанда қалыптасқан мемлекеттік басқару жүйесі күрделі болып шықты. Саясатты жасап, жүзеге асыруға жауапты орталық атқару органдары — Қазақстан министрліктер мен мемлекеттік комитеттердің рөлі мен кызметі нақтылы белгіленбейді.

     Осындай кемшіліктерді жою үшін 1997 жылдың наурыз айында Қазақстан Президентінің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдар жүйесін реформалаудың кезекті міндеттері туралы» Жарлығы қабылданып, мемлекеттік басқару жүйесін қайта құрудың екінші кезеңі басталды. Осы- ған сәйкес республика үкіметіне қарасты орталық атқару органдарының саны 50%-ке қысқарды. Қабылданған шаралар жекелеген мемлекеттік атқарушы органдар кызметінің қосарлануын, басқарудьң ортақ буындарын жойып, ұйымдық құрылымның жүмысын жеңілдетті. Бұл ауқымы жағынан соңғы жылдардағы мемлекеттік атқарушы органдарды ұйымдық жағынан қайта құрудағы ең үлкен шара болды.

     Дамыған шет елдердің тәжірибесі мемлекеттік аппаратқа неғұрлым мамандығы жоғары, идеялық жағынан тұрақты қызметкерлерді тарту қажеттілігін көрсетті. Республика Президентінің «Қазақстан — 2030″ стратегиялық бағдарламасының басым бағыттарының 6ipi «Қазақстан үшін нарықтық экономикаға оңтайлы келетін тиімді, қазіргі заманның мемлекеттік қызметі мен басқару құрылымын жасау» болып отыр.

    Әр ұйымның адамдар жасаған табиғаты бар. Ұйым өз құрылымын және технологияларын күрделендіруге ұмтылады. Ұйымның арнаулы органы оның мүшелерінің мақсаттарын қамтамасыз етіп, олардың ұмтылыстарын реттейді. Осы қызметті басқару деп атайды.

     Басқару ұйымның барлық бөліктерінің қызметінің бағытын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік мекеменің әр бөлімнің жұмыскерлерінің жұмыс уақытын, олардың жұмысының саны мен сапасын реттейтін мөлшерлері мен ережелерін жасайды. Бөлімнің басшысы басқару қызметін атқарып, осы мөлшерлер мен ережелердің орындалуын, бақылауды және мадақтау мен жазалау тәсілін қолданады.

    Ұйымды басқарудың алғашқы сипаттауларын Г. Файоль белгілеген. Жалпы сипаттамаларына әрекеттің жалпы бағытын жоспарлау және алдын ала көру; адамдық және материалдық қорларды ұйымдастыру; жұмыскерлердің іс-әрекетінің оңтайлы тәртібін сақтау үшін ұйғарымдар беру;ортақ мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттерді үйлестіру және бар ережелерге және қалыптарға сәйкес ұйым мүшелерінің жүріс-тұрысын бақылау.

     Бұл – ХХ ғ. Басындағы басқару үдерісінің сипаттаулары. Қазіргі ұйымдардың құрылымы әлдеқайда күрделі, технологиясы аса күрделі, жұмысшы күшінің біліктілігі жоғары; оның үстіне ұйымдар қазіргі нарықтың күрделі құрылымында әрекет етеді. Сондықтан бүгінгі басқару – өнерге, ойынға, жоғары ғылымға тән. Қазіргі басқару жүйесінің нобайы мынадай: 1) ұйымдасқан бірлестіктің жетекшісі мен бастаушысы ретінде; 2) өзара әрекет-түйісулерді қалыптастыру және қолдау; 3) ақпаратты қабылдау, іріктеу және тарату; 4) қорларды үйлестіру; 5) жұмысшы кадрлардың ағымын және бұзушылықтардың алдын алу; 6) келісім жүргізу; 7) жаңалықтарды енгізулерді жүргізу; 8) жоспарла; 9) бағынушылардың іс-қимылдарын бақылау мен бағыттау.

   Бұдан  басқа да басқару әрекеттері бар: жарнамамен шұғылдану, қосымша қаражатты табу және т.т. Нағыз басқарушы жоғары білікті маман болуы керек. Басқару то Бұған дейін біз бизнесті тек “өзінің қара басына пайда табушылар», ал маркетингті — «жеке өзіне ғана пайда табу мақсатында өндірісті басқару мен тауар өткізу жүйесі» деп есептеп келдік.

    Бұрын «менеджмент» және «менеджер» ұғымдары қанаушылық немесе қанаушы тап өкілі ретінде қолданылды. Ал қазір бұл сөздер жалпы бұқаралық мәнге ие болып, адамдардың әлеуметтік биік дәрежесін, олардың арнайы қызмет түріне жататындығын бейнелейді.

 Менеджмент сөзін қазақшаға дәл аударатын болсақ, онда «басқа біреу арқылы өз мақсатына жету» болып шығады екен. Алайда сөзбе сөз аудару сөздің түпкі төркінін әрқашанда дәл бере бермейді.

 «Менеджмент» (басқару)  ағылшын сөзі, оның түп төркіні  гректің «монус», яғни «қол», «күш» деген сөзінен шығып, алғашында мал бағу саласында, дәлірек айтқанда ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін білдірген. Кейіннен бұл атау адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми, практикалық мәнін білдіретін болды.

 Ағылшын тіліндегі  Оксфорд сөздігінде бұл ұғымға  мынадай түсінік беріледі:

1. Адамдармен қарым-қатынас  жасау әдісі, үлгісі;

2. билік және басқару  өнері;

3. шеберліктің ерекше  түрі және әкімшілік дағды;

4. басқару органы, бөлігі.

   Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шүғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді. Тіпті білікті басқару саласының өзінде де менеджмент ұғымы түрліше түсіндіріледі.

    Егер менеджмент теориясын алғашқы жасаушылардың бірі Ф. У. Гейлордың пікірінше менеджмент ережелер мен принциптерге негізделген іргелі дәл шынайы ғылым деп есептелсе, Ф. Друкердің түсіндіруінше — жоғарыда аталған элементтері бола тұрса да, менеджмент ғылымнан кері, практикаға жуықтау. Ол менеджмент үғымына кең мағынада түсінік беруге қарсы болып, оны іскерлік, кәсіпкерлікке, былайша айтқанда тауар өндіру мен алуан түрлі экономикалық қызмет көрсетуге жатқызады.

    Менеджмент үғымына Э. Петерсон мен Э. Плоумен кеңірек түсінік береді. Бұлар батыстағы іскерлік әлемге «Бизнес пен менеджментті ұйымдастыру» кітабының авторы ретінде танымал. Олар былай деп жазады: «Кең мағынада әлеуметтік тұрғыдан қарағанда менеджмент дегеніміз адамдарға тән тенденцияда топты қалыптастыру нәтижесінде өрістейтін техника немесе тәсіл. Мұндай топтың мысалы ретінде үкіметті, алуан турлі клубтарды және іскер кәсіпорындарды жатқызуға болады. Қандай топ болмасын, оның өзінің дербес менеджменті болуы тиіс. Осы тұрғыдан алғанда менеджментті тәсілдер жиынтығы ретінде қарастыруға болады, әрі сол арқылы белгілі бір адамдар тобының мақсаттары мен міндеттері белгіленеді».

 Басқарудың осындай  жалпы қағидасы, деп атап көрсетеді  авторлар, адамдар топтарының алуан  түріне түрліше қолданылғанымен  оның түп негізі, мағынасы сол  қалпында сақталады. Осыған орай белгілі бір әлеуметтік топтарға сәйкес келетін менеджмент негізгі 6 түрге тармақталады:

1.Үкімет. Менеджмент  ұғымы үкімет қызметіне қолданылмағанымен,  Петерсон мен Плоуменнің пікірінше,  оның қызметі барлық жағынан  алғанда менеджменттің жалпы анықтамасына сәйкес келеді.

2.Мемлекеттік менеджмент. Көп мемлекеттік мекемелерді  ұйымдастыру және оларға жетекшілік  ету.

3.Әскери менеджмент. Мемлекеттік менеджменттің ерекше  түрі. Қарулы күштерді ұйымдастыру  және оларға жетекшілік ету.

4.Құрама одақтық (ассоциялық) немесе клубтық менеджмент.Мемлекеттік мекемелер секілді мұнда да қызметкерлер тобының іс- әрекетін ұйымдастырып, оларға басшылық ету қажет.

5.Бизнес-менеджмент. Үкіметтіктен  және мемлекеттіктен өзгеше келетін  менеджменттің ерекше түрі.

6.Мемлекеттік меншіктегі менеджмент. Бизнес- менеджменттің арнайы түрі.

 Жеке меншік іскерлік  кәсіпорын функциясына менеджментпен  қоса, менеджмент сипатына мемлекеттік  және әлеуметтік проблемалар  мен ой-пікірлер де ықпал етеді.  Петерсон мен Плоумен былай  деп атап көрсетеді: менеджменттегі мұндай өзгешеліктердің көп жағдайда елеулі айырмашылығы бола тұрса да, бұлардың барлығы адамның мінез-құлқы туралы «негізге алынатын түсініктерге» сүйенеді. Осы айтылғандар менеджментті жеке адамдар арасындағы психологиялық жағдайларға тәуелсіз ретінде қарастырады, өйткені соңғы айтылғандардың алуан түрлілігінде шек жоқ.

 Менеджментке алуан  түрде түсінік бергенімен, классиктердің  бұл жөніндегі тұжырымдары көп  жағдайда ұқсас келеді.бына кеңсешіл әкімшілік кіреді.

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          1. Басқару құрылымы

 

   Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екен дегін республикакамыздың тәуелсіздігінің 15 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және жыл сайын келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.

    Қазіргі Қазақстан экономикасы, соның ішінде несие-ақша және қаржы шаруашылығы: ақша несие жүйесін реформалау; қатаң инфляция жағдайында бізде бұрын-соңды болмаған жаңа ақша-несие қатынастары; нарық экономикасымен және меншіктің көп түрлі формасында бейімделген екі буынды банктік жүйенің қалыптасуы; жоғары дәрежеде монополияланған мемелекеттік банктік құрылымдардың әкімшілік- әміршіл басқару жүйесінен – пайда табуға, коммерциялық жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған жеке және ұжымдық қатар маңызды өзгерістерді жүзеге асыруда. Басқару құрылымы — басқару деңгейлерінің төменнен жоғары қарай рет-ретімен орналасуы.

  Социология ғылымы классиктерінің бipi М.Вебер әкімшілік басқарудың «идеалдық, тиін», «бюрократия» теориясын жасады. Онын негізгі сипаттамалары мьнандай:

 — белгілі бip ұйым  аддында тұрган мақсатқа жету  ушін қажетті барлық ic-әрекеттер  қарапайым амалдарға жіктеліп, оларды  атқарушы әр буынньң міндеті  қатаң, түрде ресми анықталуы  керек. Еңбектің барынша жіктелуі  басқару жүйесінің барлық, буындарында өз міндеттерін тиімді орындау ушін толық жауапкершілікте болатын сарапшы мамандарды пайдалануға жағдай туғызады;

 — ұйым әкімшилік  иерархия принципі бойынша, яғни  төмен тұрған қызметкер, не  бөлімше жоғары тұрғанға бағынады. Әкімшілк иерархиядағы әpбіp қызметкер жоғары тұрған бастықтың алдында өзінің ғана емес, барлық бағыныштыларының ic-әpeкeттepi үшін де жауап береді;

 — ұйым қызметі  ережелер мен нұсқаулардың жүйесімен  реттеліп отырады. Нақтылы ережелер  мен нұсқаулар ұйымның әpбіp мүшесінің  жауапкершілігі мен олардыц жеке ic-әрекеттерін үйлестіру формаларын анықтап отырады;

 — ұйымның жоғары  деңгейде қалыпты жұмыс жасауы  жеке ойлар мен көңіл-күйдің, симпатия  мен антипатиянъң жоқтығына негізделеді.  Қызмет бабындағы симпатияларды  жою — барлық қызметкерлердің мүдделеріне жау¬ап беретін, әкімшілік кызметіндегі демократиялық принциптерді дамыта түсетін қолайлы фактор;

 — басқару жүйесіндегі  қызметкерлердің біліктілігі олардың  атқарып отырған кызметіне сай  келуіне негізделіп, қызметкерлер eшбір  негізсіз жұмыстан босатудан қорғалуы керек. Ұйымдағы қызмет мансаппен тығыз байланысты, сондықтан да қызметкерлердің тәжірибесіне, не жемісті жұмысына қарай қыз¬мет бабымен өсуін қамтамасыз ететін жүйе болуы керек. Кадрларға қатысты осындай саясаттың жүргізілуі қызметкерлердің арасында «бірлік рухын» дамытады. Оларды бастамашылыққа, ұйым ісіне барынша берілгендікке тәрбиелейді;

 — ұйымның қызметкерлерді  жұмысқа алуы оған үміткерлердің  кәсіби билігіне негізделеді,  лауазымды қызметкерлер сайланбайды,  тағайындалады, сондықтан да олар сайлаушыларға емес, өзінен жоғары тұрған бастықтарға тәуелді. Ұйымның барлық қызметін арнайы әкімшілік штаты басқарады; оларға ұйымның алдына қойған мақсаттарына жету жолындағы тиімді ic-әрекетерін қамтамасыз ету міндеттеледі.

   Бұл басқарудың, типтік құрылымы. Басқару құрылымьн тігінен және көлденеңінен деп екіге бөлуге болады. Атқарушылардың аралығында сатылар көп болса, тігінен, ал аз болса, көлденеңінен болады. Мыңдаған жылдар бойы өмір cүpiп келе жатқан басқарудың дәстүрлі құрылымы желілік құрылым деп аталады. Ал басқару құрылымына көптеген қызмет салалары (кадр, конструкторлық, жарнама, жабдықтау, маркетинг бөлімі, бухгалтерия) кірсе, ол желілік-штабтық, құрылым болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                         1.2. Басқарудағы әдістемелік тәсілдері      

 

   Басқару  жүйесі  аса  күрделі,  әрі  жауаптылықты  қажет етеді.  Сондықтанда  бұл  мәселені  талдауда  ең  алдымен  оның  зерттеу  тәсілдеріне  ерекше  мән  беріледі.  Отандық  және  шетел  баспаларында  көптеген  ғалымдардың  пікірі  бойынша  негізінен  басқару  жүйесінде  үш  тәсіл  қолданылады:  процестік,  жүйелі  және  ситуациялық  тәсілдер.

    Процестік  тәсіл:  Бұл  концепция  басқару  жүйесіндегі  елеулі  өзгеріс,  жаңалық,  бүгінде  іс  жүзінде  кең  қолданып  жүр.  Мұнда  басқару  процесс  ретінде  қаралады.  Басқару  үшін  үздіксіз  өзара  байланысты  болатын  санқилы  әрекет  қажет  болады.  Бұл  іс-әрекеттің  әрқайсысы   ұйым  табысы  үшін  аса  қажет.  Мұның  бәрі  басқару  функциясы  деп  аталады.

  Бұл  концепцияның  алғашқы  негізін  қалаған  Анри  Файоль  бес  функцияны  айрықша  бөледі.  Оның  айтуынша  басқару  дегеніміз – жоспарлау,  ұйымдастыру,  билік  жүргізу,  координациялау  және  бақылау  жасау.  Ал,  қазіргі  заманғы  баспада  жарияланған  туындыларды  қорытып  жинақтасақ,  басқарудың   мына  функцияларын  атауға  болады:  жоспарлау,  ұйымдастыру,  үкім  жүргізу,  мотивация(дәлелдеу),  басшылық  жасау,  координациялау,  бақылау,  коммуникация,  зерттеу,  бағалау,  шешім  қабылдау,  кадр  іріктеу,  өкілдік,  келіссөз  жүргізу не  келісім жасау.

    Әр  автор  өзінше  басқару  функциясының  тізімін  жасайды.  Аталған  функциялардың  ішіндегі  барлық  ұйымға  ортақ  болатыны  мыналар:  жоспарлау,  ұйымдастыру,  мотивация,  бақылау.

Осы  функцияларға  қысқаша  сипаттама  бере  кетелік:

Жоспарлау.  Жоспарлау  функциялық -  ұйымның  алдына  қандай  міндет- мақсат  қоюға  болатыны  жайлы  шешім  белгілейді  және   ұйым  мүшелері  не  істеуге  тиіс,  қандай мақсатқа  жетуі  тиіс  екені  жобаланады.

Жоспарлау  функциясы  мына  негізгі  үш  сұраққа  жауап  бере  алады:

Қазір біз қандай  денгейде  тұрмыз?

Біз  қайда  бара  аламыз?

Мұны   қалай  орындауға  болады?

Жоспарлау  тәсілі  арқылы  басшылар  ұйымның  барлық  мүшелерін  белгіленген  мақсатты  орындауға  жұмылдыруды   қамтамасыз  етеді.

Ұйымдастыру – деп,  белгілі  бір  құрылмды  құру.  Басшы  нақты  жұмыс  істейтін  адамдарды  тандап,  оларға  тапсырма  беріп,  ұйымның  ресурсын  пайдалануға  рұқсат  етеді  не  соны  атқаруға  делегат  жідереді.

   Делегат  субъектісі  сол  міндетті  орындауды  өз  жауапкершілігіне  алады,  бірақ  ол  сол  басшыға  бағынады.

   Мотивация-функциясының  міндеті  ұйым  мүшелері  жұмысты делегат  қойған  талабына  сай  белгіленген  жоспармен  орындалуы керек екені дәлелденуі  керек.

   Бақылау жасау – басшылардың  алғашқы  белгіленген  міндетінен  күтпеген  ішкі және  сыртқы   жағдайлардың әсерінен ұйым  негізгі  бағыттан  ауытқуы  мүмкін. Сондықтан  белгіленген  тапсырманы  орындау  барысына бақылау  жасау  қажет  болады.  Бақылау деп – ұйымның өз  мақсатына шын мәнінде жетуін  қамтамасыз  ету процесі.

  Басқару  тарапынан  жүргізілетін  бақылаудың  3  түрі  болады:

1.Стандартты  белгілеу  – бұл  нақты  мақсатты  белгілі  бір  мерзімде  орындауды   анықтау. Бұл  тек  белгіленген  жоспарға ғана  сүйенеді.

2.Белгілі  бір   мерзім  ішінде  нақты  орындалған  істі — өлшеу  және  қол   жеткен  нәтижені, алдағы  орындалатын   нәтижемен  салыстыру.

3.Алғашқы  белгіленген   жоспардың  орындалу  брысында   көп  алшақтық  болса, онда  нақты шара  қолданылады.

   Жоғарыда  аталған  басқарудың  4  функциясы  — жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация  және бақылау  жасауға  ортақ  болатын  екі  сипаттама  бар:оның  барлығы  да  шешім  қабылдауды  қажет  етеді  және  бәріне  де  коммуникация  қажет  болады.

    Шешім  қабылдау – ұйым  жақсы  жұмыс  істеу  үшін  басшы  әртүрлі  альтернативті  мнмкіндіктердің  ішінен  ең  дұрыс  дегенін  таңдауы  қажет. Альтернативтердің  біреуін  таңдау  бұл  шешім  қабылдау  деген сөз.  Демек  шешім  қабылдау  деп  таңдау, іріктеу, былай айтқанда, қалай  және  нені  жоспарлау  керек,  қалай  және  нені  ұйымдастыру, мотивация  жасау  бақылау  керек. Міне, жалпы  алғарда  басшы  адамның  қызметінің  негізгі  мәніне  осылар  жатады.

Басқару туралы түсінік және қызметтерінің түрлері