Баспасөз және сөз бостандығы

«Баспасөз және сөз бостандығы» 

курстық жұмыс 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе ................................................................................................................. 3

1. Баспасөз және  баспасөз бостандығы ........................................................ 6

1.1. Қазақстандағы  баспасөз саласының қазіргі жағдайы  ................. 8

1.2. Баспасөз саласындағы  көкейкесті мәселелер ............................... 9

2. Сөз  бостандығы саласындағы «сөз  шектеулер» ................................... 13

2.1. Сөз бостандығы  саласындағы көкейкесті мәселелер  ................ 13

    2.2. Дүниежүзілік баспасөз бостандығының жағдайы ...................... 15

  Қорытынды ...................................................................................................... 19

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

     

   "Ғаламдық жаһандану арқылы адамзаттың алдынан жаңа постидеоло гиялық кезең ашылды. Оның бізге не берері бүгінгі ұрпақтың білім мен білі гіне байланысты. Күллі әлем үшін ашық та айқын ақпарат таратуға негіздел ген жаңа заманға бастайтын жаһан дану БАҚ-тарға қойылатын талапты күшейте түсті. Сондықтан олар өздері нің әрбір сөзі үшін моральдық жауап кершілікті терең сезінуі керек",- деді Н.Назарбаев. Елбасының пайым дауынша, "сөз бостандығы шексіз емес. Ол табындыратын ғана емес, талқан дайтын да қуатты күш. Ол саясатты жасап қана қоймайды, сонымен бірге ел тағдырына ықпал ететін қоғамдық пікір мен қалың бұқараның санасын да сомдайды. Сондықтан сөз бостандығы дегенді журналистік ар-ұждан жауап кершілігі деп те танығанда рыңыз жөн".

     Курстық жұмыстың өзектілігі. Бұқаралық ақпарат құралдары қоғам дағы, экономикадағы және іскер топтар дағы күштердің ара салмағын да айқындайтын құрал. Газеттер жеке тұлғалар мен корпорациялар дың иелі гінде болса да, сөз бостандығы тек халық тың құзырында. Жарқын бейнесі ұлттық теңгемізде әдіптелген Отырардан шыққан ұлы бабамыз, философ Әбу Насыр Әл-Фараби өзінің "Ізгілікті қала тұрғындарының игілікті ұстындары туралы" әйгілі трактатында: "Ізгілікті халықтың арасында өзара татулық пен келісім орнығуы үшін тәртіп пен береке-бірлік қажет. Сонда бүкіл жер бетіне шапағат нұры шашылып, адамдар бір біріне бақытқа жету жолында көмек қолын созатын болады" деген екен".

    Қазақстан  тәуелсіздік алып, демократиялық журналистиканың негізі қаланған кезден бастап баспасөз бостандығы көрініс тапты.  Марат Қабанбай, Мұхтар Мағауин, Қабдеш Жұмаділов, Сейдахмет Құттықадам, Сапа Мекебаев, Шәріп Құрақбаев, Жүсіпбек Қорғасбек, Тұрсынжан Шапай, Мырзан Кенжебай, Ермұрат Бапи, Әміржан Қосанов, Ақас Тәжутов, Дәурен Қуат, Ораз Әлімбеков, Бақытжан  Қосбармақов, Жұлдыз Әбілда, Еренғайып Қуатайұлы сынды еркін ойлы тәуелсіз  журналистердің жазу шеберліктерінде пайда болған еркіндік пен сапалық ілгерілеушілік  жанрлардың айырмашы лықтарын мейлінше азайтып, олардың бір-біріне сіңіп кетуіне жол ашты.

    Мерзімді  баспасөзде әртүрлі жанрлардың  сипатын көрсететін аралас тұрпаттағы  материал дәл осы тәуелсіздік  жылдарында көбейді. Сонымен қатар  бұрынғыдай жанрлардың белгілі  топтарына жатқыза салуға келмейтін немесе бәріне ортақ сипатта жазылатын туындылар да жасалып келді.

      Сонымен қатар БАҚ бейтараптыққа бейімделіп, журналистер қауымы үшін шығармашылық бостандықтың нақты көріністке айналуы журналистика жанрларының мазмұнын тереңдетумен бірге формасы мен тәсіліне де  айтарлықтай ықпал етті. Оның сыртында журналистер мен зерттеуші-ғалым дардың жанр атты ұғымға өзгеше тұрғыдан қарай бастағаны тағы бар. Журна листиканың күнделікті тәжірибесінде жанрлар таза қалпында даралануды қойды. Керісінше, жанрлар бір-бірінен туындаған немесе мидай араласқан гибрид тұрпатта кездесіп жатады. Сондықтан, жанрларды анықтағанның өзінде дәл қай түрінің басым түсіп жатқанымен санасуға тура келетін жағдай туды. Жаңа ақпараттық сананы қалыптастыру үрдісі күрделі жағдайға, қиындық пен кедергілерге тап болып отырғанын қазіргі Қазақстан журналисти касының өмірі айғақтауда. Бұрынғы позициялары мен бағыт-бағдарларына біржолата көз жазған тәуелсіз елдердің барлығының журналистикасы үшін ортақ мәселелер мыналар болды:

1. ақпарат нарығын  тиімді әрі оңтайлы үйлестіру;

2. тәуелсіз баспасөзді шынайы мазмұнына сай құру;

3. ақпарат құралдарының дербестігін қамтамасыз ету;

4. БАҚ жүйесінің құқықтық ахуалын дұрыс қалыптастыру;

5. ақпарат құралдарын журналист мамандармен қамтамасыз ету.

 

       Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасындағы баспасөз саласының қазіргі күйін қарастыру, баспасөз нарығындағы көкейкесті мәселе лерді зерттеу.

 

        Курстық жұмыстың мақсатына жету  үшін келесі міндеттер белгіленген:

Қазақстандағы баспасөз саласының қазіргі жағдайын, сөз бостандығы сала сындағы көкейкесті мәселелерді зерттеу, дүниежүзілік баспасөз бостандығы ның жағдайын қарастыру.

 

      Курстық жұмыстың объектісі: Қазақстан Республикасындағы баспасөз саласы мен сөз бостандығын орнатуға байланысты қоғамдық қарым – қатынастар.

 

Курстық жұмыстың пәні: Қазақстандағы БАҚ бір саласы болып табылатын баспасөз саласы.

 

Курстық жұмысты  әзірлеу барысында қисынды, тарихи, салыстыр малы әдістер пайдаланылған.

 

Курстық жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, курстық жұмыс тың тақырыбын ашатын екі тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Баспасөз және  баспасөз бостандығы.

1.1. Қазақстандағы  баспасөз саласының қазіргі жағдайы. 

 

    Баспасөз — халық арасында әр түрлі ақпараттар тарата отырып, қоғамдық пікір қалыптастыруға, саяси жұмыстар жүргізуге, мемлекеттің, әлеуметтік топтардың не жекелеген тұлғалардың мүдделі мұраттарын танытуға қызмет етеді. Мерзімді баспасөзге тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар және кемінде жарты жылда бір рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшасы жатады. Олар шығармалық-өндірістік процестердің ұйымдастырылу ерекшеліктеріне, тақырыптық-мазмұндық бағыттарына, әкімшілік-аумақтық бөлініс деңгейлеріне, оқырмандар аудиториясының сипатына, т.б. белгілеріне орай бірнеше түрлерге жіктеледі. Мерзімді баспасөздің ең негізгі әрі көне түрлерінің бірі — газет. Қағаз өндірісінің дамып, полиграфиялық технологияның бастапқы тәсілдерінің жетілдірілуіне байланысты Батыс Еуропада (Германияда — 1609 жылы, Ұлыбританияда — 1622 жылы, Францияда — 1631 жылы) алғашқы газеттер шыға бастады. Қазақ тіліндегі алғашқы мерзімдік басылым — 1870 жылы Ташкент қаласында жарық көрген “Түркістан уәлаятының газеті”. Бұл басылым қазақ даласында Ресей империясының отарлаушылық саясатын жүргізудің құралы ретінде дүниеге келгенімен, ұлттың Баспасөзін қалыптастырып, зиялы қауымның азаттық идеяларын бұқараға жеткізуде Баспасөздің маңызы зор екендігін түсінуіне ықпал етті. Мерзімді баспасөзге жататын журналдар, альманахтар мен бюллетендер шығу мерзімділігіне, көлемі мен безендірілуіне газеттен ерекшеленіп тұрады (қара Газет, Журнал, Альманах). Баспасөздің екінші түрі — мерзімсіз басылымдарға кітаптар, кітапшалар, плакаттар, күнтізбелер, ноталар, т.б. жатады. Оның ең негізгі әрі көне түрі — кітап. Кітап басу ісі 8—9 ғасырларда Қытайда басталды. Алғаш рет ксилографиялық (ағаштан ойылған қалыппен басу) әдіспен буддистердің “Жақұт сутра” (868) деген қасиетті кітабы басылып шықты (Еуропаға бұл жаңалық 4 ғасырдан кейін келеді). Қазақ тіліндегі алғашқы кітап — “Сейфүл-мәлік” қиссасы 1807 жылы Қазан қаласында жарық көрген (қара Кітап). Қазіргі кезде Қазақстанда 1200-ден астам газет-журналдар, апталықтар жарық көреді. Сондай-ақ, әр түрлі меншік нысанындағы 260-тан астам баспадан мыңдаған таралыммен кітаптар, буклеттер мен плакаттар, т.б. шығады. Республикадағы Баспасөз жүйесінің қызметі ҚР-ның “Бұқаралық ақпарат құралдары туралы” заңымен (1999, 23 шілде) реттеледі.

      Баспасөз бостандығы — мемлекеттегі конституция кепілдік беретін адам құқылары мен бостандықтарының бірі. Ол баршаға ортақ әлеуметтік еркіндіктің — пікір айтып, сөз сөйлеу бостандығының құрамдас бөлігі ретінде саналған. 1789 жылы Францияда қабылданған Адам және азамат құқыларының бостандығы декларациясында (қара Француз революциясы) тұңғыш рет жарияланған Баспасөз бостандығы ұғымы баспасөз басылымдарын (газеттерді, журналдарды, т.б.) емін-еркін ашып, кез келген баспа өнімдерін қалауынша шығарып, таратудың, сондай-ақ, цензураға тыйым салудың мүмкіндігі ретінде түсіндіріледі. Кейбір демократиялық мемлекеттердің арнаулы заңдарында асыра сілтеп, артық кететін өрескелдікке жол бермеу үшін Баспасөз бостандығына бірқатар шектеулер қойылады; бұл шектеулер сөз бостандығына қойылатын шектеулермен бірдей болады (қара Сөз бостандығы). ҚР Конституциясының 20-бабында сөз бен шығарма еркіндігіне кепілдік берілетінін, цензураға тыйым салына тынын, әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға қақылы екендігін атап көрсеткен. Сонымен қатар, “республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеу меттік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді” делінген. Дүние жүзінде бұқаралық ақпарат құралдарының жаңа түрлері (теледидар, радио хабарлары, интернет, т.б.) көбейе түсуіне байланысты “Баспасөз бостандығы” деген ұғым ескіріп, соңғы кезде қабылданып жатқан заңдарда “бұқаралық ақпарат бостандығы” атауын қолдану дәстүрге айналды.

    Аталмыш проблемада қарқынды болмаса да белгілі деңгейде алға жылжу бар. Қысқа мерзім ішінде ақпарат құралдарының саны күрт өсті, бүгінде ресми тіркелген 7000-ға жуық БАҚ-тың 2500-ге жуығы тұрақты жұмыс істеп отыр. Оның 80 пайызының мемлекеттік емес нысанда болуы ақпарат құралдарының дербестігі шынайы көрініске айналғандығының белгісі деуге негіз бар. Олардың арасындағы «Жас Алаш», «Дат» жобасы бойынша жарыққа шыққан және шығып келе жатқан газеттер, «Қазақстан», «Свобода слова», «Время» секілді тәуелсіз ойлы, оппозициялық ұстанымдағы газеттер жұрт назарын көбірек аударатыны жасырын емес. Сондай-ақ, «Түркістан», «Алтын Орда» (М. Ақдәулетұлы, Д.Қуат басқарған тұстағы), «Жас қазақ» (Т.Ешенұлы, Д.Қуат басқарған тұстағы), «Айқын» (журналист А.Көшкенова, К.Тасболат т.с.с) сынды газеттер жекелеген журналистерінің өз деңгейіндегі дербестігімен, бей тарап бағыттағы еркін ойларымен, салмақты салиқалы пікірлерімен оқыр мандардың ықыласына бөленіп келді. Мерзімді басылымдардың сыртында жекеменшік теле, радиоарналардың саны өсіп, қарқынды даму бағыты байқалғанымен әзірше баспасөзбен бәсекеге түсуге қабілетті емес.

   Қазақстандағы  еркін ақпарат ағынындағы жалпы  үрдіс БАҚ-тың ішкі мазмұнынан бұрын сыртқы келбетіне басымдық беруге әуестеніп барады. Сан жағынан бір-біріне дес бермеген баспасөз енді өзге елдермен бірлесіп қазақ-орыс, қазақ-түрік сипатындағы («Известия-Қазақстан», «АиФ-Қазақстан», «Қазақстан-Zaman») үлгіге көшті.

 

 

 

 

 

 

 

1. 2. Баспасөз  саласындағы көкейкесті мәселелер. 

 

    Әлемді  ақпарат билеген заманда дәстүрлі  медианың болашағы алаңдатпай  қоймайды. Өйткені бүгінде қандай  жаңалықты болмасын, оқырманға һәм  көрерменге әп-сәтте жеткізуші  электронды БАҚ-тың дәурені жүріп тұр. Әсіресе, интернеттің алдағы 20-30 жылда газет-журнал атаулыны ақпарат кеңістігінен ығыстырып тастауы мүмкін. Отандық БАҚ-тың дәстүрлі форматтан мультимедиялық форматқа көшу жолындағы жанталасы осыған саятындай.  Газеттер біртіндеп өз орнын интернетке беретін болады. Қазірдің өзінде қазақстандықтардың 7 миллиондайы күн сайын бір рет интернетті пайдаланады екен. Интернет барлығын қамтиды, сондықтан оның танымалдығы мен функционалдығы әу бастан жоғары. Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаевтың пікіріне сәйкес: «Мен еліміздегі қағаз ақпарат тасымалдаушылары тек алдағы 10 жыл емес, 50 жылда да болады деп есептеймін. Сондықтан ертең газеттер жоғалады екен деп ойламау керек. Әрқайсының өз орны бар. Бірақ біздің барлығымыз интернетке назар аударуымыз керек. Келешек – сонда. Бүгінде Қазақстан халқының 25 пайызы – интернеттің белсенді пайдаланушы лары және ол көрсеткіш жыл сайын өсе береді», – деген пікірде.

Статистикаға  сүйенсек, ғаламтор қолданысқа енгеннен кейінгі алғашқы 5 жыл ішінде оны 50 млн. адам қарап үлгеріпті. Радио мұндай аудиторияны 38 жылда, телевидение 13 жылда жинап үлгерген. Алаңдататыны – мерзімді басылымның болашағы. Күллі жұрттың көңілі интернетке ауған шақта оқырманнан айрылып қалу қаупі еселене түсті. Өркениет көшіне ілеспесе тағы болмайды. Премьер-министр Кәрім Мәсімовтің твиттеріндегі: «Блоггерлер – мерзімді баспасөзді жерлеу шілер», – деген тосын пікірі ақпаратты ғаламторға орналастырудың тиімді лігін көрсететіндей. Оның үстіне, бүгінде қатары көбейген блог жүргізу шілері дәстүрлі журналистердің алдын орап әкететін болды. Алайда, блог ресми БАҚ саналмайды және сенімді ақпарат көзі деуге келмейді. Әрі жаңа технология ауылдарға әлі жете қойған жоқ. Газет-журнал шығарушылардың әзірше бір үміті – осы ақпарат нарығы күн санап жаңа газет-журналдармен толыға түсуде. «Қазпочта» арқылы жазылушылар үлесі соңғы есеп бойынша 1 000 данаға шаққанда 262-ден келіп тұр. Ал республикалық көрсеткіш 200-ге де жетпейді. Жазылушы лардың да саны көбейіп келеді. 2010 жылдың І жартыжылдығында – 166 мың болса, 2011 жылдың ІІ жартыжылдығында 173 мың данаға жетті. Барлық көрсет кіштің 45-46 пайызы – ресейлік және республикалық, ал қалғаны – жергілікті газеттер. Соның ішінде қоғамдық-саяси басылымдарға сұраныс тың көптігі байқалады.

Хат-хабардың орны бөлек деп жиі айтқанымызбен, оның уақыт ағымынан қалып бара жатқанына көзіміз жетіп отыр. Интернетке төтеп беру мүмкін емес. Балаларымыз негізінен интернетке үңілсе, біз сияқты орта және аға буын өкілдері газетті парақтап оқығанды ұнатады. Сондық тан 20-30 жылдың көлемінде баспасөз жоғалады дегенге келіспеймін. Мерзімді басылымға жазылушылар саны күрт төмендеуі мүмкін, әрине. Газет пен хат тасымалы біздің байырғы саламыз болған дықтан, қазіргі жағдай жұмысы мызға әсер етпей қоймайды. Әр аймақта орналасқан байла ныс бөлімшелерін жинақтауға әкеп соқтыруы, штаттық бірлік қысқаруы ықтимал.

   Материалдық  базалары сын көтермейтін, дәріс  оқитын мамандары жеткіліксіз  университеттерде журналистика  бөлімдері мен факультет ашылуы  онсыз да жағдайы мәз емес  қазақ журналистикасының ахуалын тіпті ауырлатып жіберді. Десек те, уақыт сыны, нарықтың қатал заңы бәрін өзіне лайық орындарына қоя бастаған жалпы үрдіс алда журналист даярлайтын ЖОО-ды да айналып өтпесі анық.

     Нарықтық  экономика қатынасының жетістігі  мен кемшілігі БАҚ мазмұнымен тікелей байланысты екендігін ерекше атап айтқан жөн. Ол үшін өткеннен сабақ алудың артықтығы жоқ. Айталық, тоталитар қоғам дағы БАҚ сұрғылт мадақ пен құрғақ ақпаратпен жұртты мезі етіп, жоқшы лықты, кедейшілікті мағынасыз насихаттауының салдарынан журналис тиканың беделін түсіргені белгілі. Олай болса, халық арасында «аш та жап» деп аталып кеткен бірер ірі таралымды газет тура сол тоқырау кезе ңіндегі жүрісінен жаңылмай брежневтік қалпына қайта түсті. Олардың жағымпаздана дәріптеуге сөз таппай  «сіз біреу, қалғанымыз тіреу» деп жырлаған әуендері бүгіннің өзінде әзіл әңгіменің тұздығына айналып үлгерді. Ондай жарамсақ газеттің билікке қандай ықпалы болмақ. Қазіргі ақпарат нарығы БАҚ жүйесін, оның құрылымын уақыт талабына сай өзгер туді талап етіп отыр және оның өзі журналистиканың болашағын анық таушы, шешуші фактор екендігі анық. Қоғамдық ой, пікірдің күшті қаруы болып табылатын БАҚ кімнің қолында болуы керек деген сауалға жауап іздегенде мемлекет, үкіметтің монополиялық құқығын шектеу, тәуелсіз баспа сөзді шынайы мазмұнына сай дамыту деп қана қарау жеткіліксіз. Оны Қазақстан журналистикасының болашығымен тығыз байланыс тырудың маңызы зор. Қазіргі Қазақстан радио, телевизиясы шығармашылығының мазмұны мен сапасы жағынан мерзімді баспасөзбен бәсекелесетін жағдайға жете алған жоқ. Соған қарамастан билік газеттен гөрі телевизия бағдарлама ларына көбірек бақылау жасауға тырысады. Алайда, мұның өзі уақытша құбылыс. Жалпы БАҚ-қа бақылау жасау үшін тырысушылық тың өзі билік үшін күрестің шынайы көрінісі. Мұндай күрес соңғы жылдары біршама күш алып келеді. Партия жетекшілері, үкімет билеушілері белгілі бір баспасөз, ақпарат ұйымын өз идеологиясының құралы еткісі келеді. Өз мүддесін, көзқарасын БАҚ арқылы қорғатуға, оны өз саясатын насихаттай тын мінбер етуге тырысады. Осындай қызу бәсекелес тұсында баспасөз бостандығы мәселесін кім дұрыс әрі тиімді көтере біледі сол ғана ақпарат нарығында өзінің лайықты орнын таба алады. Алайда, бұл мәселенің дәл қазір оңайлықпен шешіле қоймасын қазақ журналистикасының бүгінгі таңдағы даму кескін-келбеті анық көрсетуде. Қазақстан баспасөзі саласындағы реформалық өзге рістер одан бұрыны рақта өткен Шығыс Еуропа елдеріндегі жағдайлармен төркіндес болды. Алғашқы кезеңде дәл сондағыдай Қазақстанда да БАҚ елдің саяси өмірін жаңартуда алдыңғы орында болып, жетекші рөл атқарды. Әртүрлі көзқа растардың мінбері, бұқараның үні болу арқылы БАҚ жаңа саяси қозға лыстар мен партиялардың пайда болуына елеулі ықпал етті. Бұл БАҚ нары ғындағы дамудың үшініші кезеңі болатын. Дәл осындай үрдіс Мажарстан, Чехия, Польша секілді елдерде әртүрлі деңгейде жоғарыдағыдай жүрілген еді. Аталмыш жайлардың бәрі Қазақстанда тәуелсіз баспасөздің пайда болуына игі ықпал еткенімен бостандықтың тұрақтануына, қалыптасқан үрдістің ары қарай қарқынды жүрілуіне сенімді тетік бола алмады. Кейде мерзімді баспасөзде ұсақ-түйекті дабырайтуға, ұлттық сананы лайлауға тырысушылық тың бой көрсетуі сөз бостандығын жеке мүддеге пайдалануды көздеуден туған әрекеттер болатын. Тарихта кім болғаны беймәлім «батырларды», «данышпан дарды» дәріптеушілік, қазіргі күні көзі тірі біреулерді де жер-көкке сыйғызбай, жөн-жосықсыз мадақтау, тіпті табындыруға тырысушылық белең алды. Кейбір журналистер билік иелерінің дау-дамайларына, күрес-қайшылықтарына сілтейтін қолшоқпарына айнал ғаны да бар. Мұның бәрі айналып келгенде, БАҚ даму ындағы жаңа бетбұ рыстың бастауы еді. Нәтижесінде, көптеген газеттер іс қыз меттерін өзгертіп, жаңартты, кейбірі жұмыстарын біржолата тоқтатты. Ал, мем лекеттік нысандағы газет-журналдардың таралымы азайды. Ондаған журна листер әртүрлі себептерге байланысты өз кәсіптерінен қол үзуге мәжбүр болды.  Өздерінің байырғы саясаттары мен бағыттарынан үзілді-кесілді бас тартқан газет, журналдар нарық экономикасына, жаңа жағдайға, заман тала бына бейімделіп, іс қызметтерін жаңалауға белсенді қадам жасады. БАҚ жүйе сіндегі аумалы-төкпелі жағдай журналист мамандарын іріктеу саяса тына да елеулі ықпал етті. Жаңа жағдайға лайық тың серпінмен, озық идея мен, жаңа ша тәсілмен жұмыс істейтін, тәуелсіз баспасөз мамандары талап етіле бас тады. Журналист даярлайтын жоғары оқу орындарының саны 26-ға жеткен кезі болды. Кейін азайғанның өзінде бұл сан 17-18 - ден түспеді. Барлық облыс орталықтары мен кейбір шағын қалалардағы оқу орында рының өзі журналист даярлауға тырысуларының салдарынан сапасыз, қазіргі журналис тиканың талаптарына жауап бере алмайтын БАҚ қызметкерлерінің көбеюіне әсер етіп отыр.

2. Сөз  бостандығы саласындағы «сөз  шектеулер».

2.1. Сөз  бостандығы саласындағы көкейкесті  мәселелер. 

 

«Сөз бостандығы»  дегеніміз «Ақпарат бостандығы» атты атау алған барынша жалпы құқықтың құрамдас бөлігінен тұратын азаматтың саяси құқықтары мен адамның негізгі жеке құқықтарының бірі. Өзінің пікірін (ойларын) жария түрде (ауызша, бұқаралық ақпарат құралдарын пайда лана отырып жазбаша) білдіру мүмкіндігі түрінде көрінеді. Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары мен журналис тердің қыз метін реттейтін заңнамасы айтарлықтай деңгейде халықаралық стандарт тарға сәйкес келмейді. Онда мемлекеттік шекарадан тәуелсіз ақпа ратты еркін тарату қағидасы бекітілмеген.

ҚР Қылмыстық  кодексінде ел Президенті, Парламент  депутаттары, билік өкілдерін қоса алғанда, лауазымды тұлғалардың жеке мүліктік емес құқықтарын қорғаудың күшейтілген шараларын қарастыратын бес бап бар. Жала жабу мен қорлау қылмыс санатына жатқызылып, үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазаларының бір түрі ретінде қарастырылады.

БАҚ мен журналистерге  жасалатын жеке мүліктік емес құқықтарды қорғау жөніндегі шағымдар бойынша шағымдану ескілігінің мерзімі жоқ, моральдік зиянды өндіріп алу сомалары анықталмаған. Әкімшілік заңна мада бұқаралық ақпарат құралдарының қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтардың қырықтан астам дербес құрамдары бар.

Сонымен қатар, көпшілік жағдайда, санкциялар ретінде  БАҚ шығарылымын (шығуын) тоқтата  тұру және тоқтату қарастырылған.

«Бұқаралық  ақпарат құралдары туралы» Заң  БАҚ мемлекеттік органдардың  тарапынан жүргізілетін рұқсатнамалық тіркеуден өткізуді қарастырады.

БАҚ қызметі  және сөз бостандығын қамтамасыз ету заңнамасын реформалау қарамақайшы  әрекет болды. Либералды жаңартпалармен қатар, сөз бостан дығын шектейтін  нормалар да қабылданды.

   Сөз бостандығының  жай-күйіне зерттеу жасап отырған «Әділ сөз» ұйымының пікірінше «Қазақстандағы сөз еркіндігінде өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай ілгерілеушілік байқалмайды, есесіне қорқыту-үркіту, неше түрлі келеңсіз жағдайларға бару жылдан-жылға артып келе жатыр»  2012 жылдың 4 айында 2011 жылға қарағанда журналисттерді сөз бостандығы үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту оқиғалары көбейді. Қазақстан Республикасының жеткен жетістігі мен артып отырған үміті - жаңадан дайындалған БАҚ туралы заңмен байланысты. Аталмыш заң парламентке жолданған қалпында қабылда натын болса, онда журналистті қылмыстық жауапкершілікке тарту жайлы бап алынып тасталмақ. Егер жүзеге асатын болса бұл үлкен жетістік болар еді.

     «Әділ  сөз» ұйымының деректеріне жүгінсек, биылғы жыл басынан бергі өткен  4 ай ішінде Қазақстанда өз пікірлерін еркін білдіргені үшін 1 журналист "жоғалып", 3 журналист қорқыту-үркітуге тап болған. 4 рет редакцияға шабуыл жасалса, журналистің кәсіби қызметіне кедергі жасаудың 8 оқиғасы тіркелген. Ал 6 журналист қылмыстық қудалау көрген, БАҚ пен журналистке қойылатын азаматтық-құқықтық талаптардың саны 40-қа жеткен, оның 37-сі – «ар-намысты қорғау» жөніндегі талап. Ар-намыс пен іскерлік беделге келген шығынның сомасы 37 млн. 150 мың теңгені құраған.

Қазақстандағы сөз бостандығының жай-күйі алаңдарлық жағдайда екендігі Баспасөз бостандығы күні қарсаңында жарияланған халықаралық «Фридом Хауз» ұйымының биылғы жылғы баяндамасында да айтылды. Аталмыш ұйымның "Баспасөз бостандығы-2007" деген баяндамасында Қазақстан, Ресей және Әзірбайжанда экономика біршама жақсарып жатқанымен, сөз бостандығы барған сайын нашарлап жатыр деп көрсе тіледі. Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаевтың пікірінше Қазақстанда белгілі бір деңгейде сөз бостандығы бар, алайда, қысым көретін телеарналар мен басылымдар да бар екенін, сөз еркіндігі шектелетінін де айтады. «Әр журналисттің іштей өз цензурасы бар, ол көзге көрінбейді. Себебі, кейбір журналистер батыл тақырыптарға бармайды, оны көтермейді», - дейді Сейітқазы Матаев.

   Дүниежүзілік  Баспасөз бостандығы күні ЮНЕСКО бастамасымен                         1991 жылдың мамыр айының 3-і күні қабылданған Виндхук деклара циясына арналып белгіленді. Аталмыш декларация дүние жүзіндегі тәуелсіз баспасөздің маңызды рөлін баяндау үшін жазылды. Ол құжатта барлық елдердің үкіметтерін өз елдерінде баспасөз бостандығын кепілді түрде қамтамсыз етуге шақырған.

 

2.2. Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күні.

 

    1992 жылдан бері БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Ұйымының (ЮНЕСКО) қолдауымен Африка елдерінің тәуелсіз баспасөзі өкілдерінің ұсынысы бойынша атап өтіледі.

    Мамырдың 3-і текке таңдап алынбаған, 1991 жылы нақ осы күні Намибияның астанасында қол қойылған, бүкіл әлем мемлекеттері үкіметтерін баспасөз бостандығы мен оның демократиялылығын қамтамасыз етуге шақырған «Виндхук декларациясының» құрметіне орай, 1993 жылғы желтоқсанның 21-індегі Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының шешімімен атап өтіледі. Декларацияда кез-келген демократиялық қоғамның құрамдас бөлігін ерікті, жариялы және тәуелсіз баспасөз құрайтыны атап көрсетілген.

     1986-ншы  жылы қаза болған колумбиялық  журналист Гильермо Кано атындағы  баспасөз бостандығы ісіне қосқан  үлесі үшін Бүкіләлемдік сыйлық  тапсыру мерекелеудің басты шарасы  болып табылады. Бұл сыйлық 1997 жылы  тағайындалған, жеке адамдарға,  ұйымдар мен мекемелерге тапсырылады. Баспасөз бостандығы күні кәсіби міндеттерін атқару үстінде қаза тапқан журналистерді еске түсіреді.

     Сөз  бостандығы және адам құқығының  бұзылуы – күллі әлемнің басын  қатырып отырған күрделі сауал.  Елімізде құқықтар мен бостандықтар саласында көптеген мәселелерді шешуге тиісті 2009-2012 жылдары Ұлттық іс-шаралар жоспары қабылданған. Сол кезде делегаттардың бірқатары төрағалық демократиялық қоғам құрудағы алға басушылықта Қазақстан үшін айтарлықтай стимул болатындығынан үміттенді. Қазақстанда қазіргі уақытта баспасөз бостандығы, адам құқығын қорғауда әлі де іске асырылмай жатқан жағдайлар ара-тұра кездесіп жүр. Осы күнге дейін сайлау жүйесіне демокра тиялық реформалар жүргізуде Копенгаген және ЕҚЫҰ-ның басқа да құжаттары бойынша республика міндеттеме леріне сай келетін ешқандай нақты қадамдар жасалмады. Бұқаралық ақпарат құралдарының ішінде, әсіресе «оппозициялық» деп жекешеленіп кеткен басылымдар әр түрлі мемлекеттік құрылымдар тарапынан қысымға ұшырауы толастар емес. Тілшілер қауымы сот барысында өз құқықтарын қорғауға әрекет жасағанымен, ол ешқандай нәтиже бермей жататыны анда-санда жер-жерде қылаң беріп жүр. Оған осы жылы жабылған 2 газеттің бұлыңғыр тағдыры дәлел бола алады. Азаматтардың бейбіт жиналыстарын өткізуге тыйым салу «тәжірибесі» әлі жалғасып келеді. Тіпті, бейбіт жолмен жиналуларды өткізуге рұқсат алудың құқықтық механизмі халықаралық стандартқа қайшы келіп жататын сәттері де аз емес.

Демократиялық елдердің заңнамасы мен сот тәжірибесі, сөз бостандығын теріс пайдаланушылыққа жол бермеу мақсатымен оны шектеудің жүйесін жасап шыкты. Атап айтқанда, әлемнің көптеген мемлекеттерінде сөз бостандығын заңды билікті күштеп кетіруге, мемлекеттік құпияны жариялауға, қылмыс жасауға арандатуға, ұлттық, нәсілдік, діни және басқа араздасуды тоқтату үшін пайдалануға, басқа адамдарды қорлау және оларға жала жабу үшін пайдалануға, қоғамдық мораль мен адамгершілікке қастандық жасау құралы ретінде пайдалануға тыйым салады. Бұл тізімдер ауқымы ТЖ режимі әрекеті кезеңінде недәуір кеңуі мүмкін.

Сөз бостандығы және адам құқығының бұзылуы – күллі әлемнің басын қатырып отырған күрделі сауал. Елімізде құқықтар мен бостандықтар саласында көптеген мәселелерді шешуге тиісті 2009-2012 жылдары Ұлттық іс-шаралар жоспары белсенді түрде насихатталып келеді. Барлығымызға мәлім, 2007 жылдың 15 қарашасында Мадридтегі ЕҚЫҰ сыртқы істер министрлер Кеңесі Қазақстанның Ұйымға төрағалық етудегі өтінішін қарау барысында Марат Тажин елімізді демократиялау бойынша сөз қозғаған болатын. Сол кезде делегаттардың бірқатары төрағалық демократиялық қоғам құрудағы алға басушылықта Қазақстан үшін айтарлықтай стимул болатындығынан үміттенді. Дегенмен, Мадридтегі кездесуден кейін Қазақстандағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтары сақталуы бойынша ахуалдар жақсара қоймады деген де әңгіме бар. Айталық, республика бойынша баспасөз бостандығы, адам құқығын қорғауда әлі де іске асырылмай жатқан жағдайлар ара-тұра кездесіп жүр. Бұл туралы Астана Саммиті кезінде ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы жөніндегі өкілі Дунья Миятович та қынжыла мойындаған болатын.

     Осы  күнге дейін сайлау жүйесіне демократиялық реформалар жүргізуде Копенгаген және ЕҚЫҰ-ның басқа да құжаттары бойынша республика міндеттемелеріне сай келетін ешқандай нақты қадамдар жасалмады. Бұқаралық ақпарат құралдарының ішінде, әсіресе «оппозициялық» деп жекешеленіп кеткен басылымдар әр түрлі мемлекеттік құрылымдар тарапынан қысымға ұшырауы толастар емес. Тілшілер қауымы сот бары сында өз құқықтарын қорғауға әрекет жасағанымен, ол ешқандай нәтиже бермей жататыны анда-санда жер-жерде қылаң беріп жүр. Оған осы жылы жабылған 2 газеттің бұлыңғыр тағдыры дәлел бола алады. Азаматтардың бейбіт жиналыстарын өткізуге тыйым салу «тәжірибесі» әлі жалғасып келеді. Тіпті, бейбіт жолмен жиналуларды өткізуге рұқсат алудың құқықтық механизмі халықаралық стандартқа қайшы келіп жататын сәттері де аз емес.

   БҰҰ-ның  арнайы баяндамашысы Манфред  Новактың айтуынша, түрмеде жазасын  өтеушілерді азаптау әрекеті  тыйылар түрі жоқ. Барлығы да  бәз-баяғыдай, жыл басынан бері  еліміздегі түзеу мекемелеріндегі  орын алып жатқан жағдайлардан  қорытынды шығатын сыңай байқалмайды. Ағымдағы жылы БҰҰ-ның азаптауларға қарсы тұру жөніндегі арнайы баяндамашысы Манфред Новак Қазақстандағы азаптаулар ахуалы жөнінде баяндама оқып кеткен-ді. Онда ол: «Соңғы кезде Қазақстандағы қамау орындарының көпшілігінде өмір сүру жағдайлары мәз емес», — деп нықтаған болатын. Мысалы, жаза атқартушы мекемелер лықа толған, камераларда сотталғандар кезек-кезек демалуға мәжбүр. Осылай деген сарапшы маман тәуелсіз Ұлттық превентивтік механизмді құру қажеттілігіне назар аудартып: «Қазақстанда азаптау туралы шағымдарды тиімді, әділ де тез анықтап беретін тергеу механизмі қалыптаспай отыр. Қажет десеңіз, бүгінгі кезде азаптаудың қолданылуы туралы шағымдар бойынша тергеу істері үстеріне шағым түскен ведомстволардың қызметкерлерімен жүргізіледі», — деген еді. Өкінішке орай, сол кезде айтылған сөздің орындалу барысы қалай жылжып жатқанын жоғарыдағы мәліметтерден байқау қиындық туғызбайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

     Бүгінгі  таңда  кейбір тәуелсіз басылымдар бұқараның санасына мемлекттік және ірі саяси партиялардың газеттерінен артық ықпал ете алатынын аңғару қиын емес. БАҚ-тың саны артып, олардың 80 пайызы мемлекеттік емес нысанда болуы азат журналистика жайында оптимистік ойға жетелегенімен оның тек сандық көрсеткіш ғана екендігін естен шығармауымыз қажет. Егер оған БАҚ қызметін, мақалалар мен эфир бағдарламаларының мазмұнына үкімет тарапынан және саяси, бизнес топтарынан көрсетілетін тікелей, жанама түрдегі қысымдарды қоссақ, мүлде басқаша көрініске тап боламыз. Балама ақпарат таратқан баспа сөздің журналистері түрлі қысымдарға ұшырап келгені жасырын емес. Олардың арасында соққыға жығылдары, тұтқынға алынып, қылмыс іс қозғалғандары, бас бостандықтарынан айырылғандары бар.

Баспасөз және сөз бостандығы