Баскару есеби. 2

1 –тақырып.  Басқару есебінің пайда болуы. Тарихи аспектілері.

 

1. Есептің мәні және  ерекшелігі.

2. Басқару есебінің пайда  болуы.

3. Бюджеттендірудің тарихи аспектілері.

 

  1. Есептің мәні және ерекшелігі.

 

Басқару есебі - экономикалық субъектіні жоспарлау, бақылау және басқару іс-әрекетін реттеу мен шешім  қабылдау процесі арқылы басқару. Бұрын  көрсетілгендей, отандық бухгалтерлік теория мен практикада «Басқару есебі» ұғымын, салыстырмалы түрде алғанда, жуықта ғана пайда болды.

Басқару есебінің негізінде  қаржылық, материалдық және еңбек  ресурстарын тиімді басқару жүйесі жатыр. Нақ басқару есебі кәсіпорындағы  міндетті іс-қызмет процестеріне тығыз  байланысты әдістемеге негізделеді, оның үстіне, басты назар, мысалы, бөлімшелер қызметін бағалау және өнім мен өндірістің пайдалылығын бағалау сияқты аспектілерге байланысты шығындарды басқару есебіне  аударылады.Осылайша,басқару мақсатымен есептің ақпаратты өзгерту қажеттілігіне  байланысты нормативті есеп орнына, әрине  басқару есебі келеді.

Басқару есебінің мазмұнын жалпылай алсақ, екі топқа: өндірістік ресурстар, шаруашылық процестері мен  олардың нәтижелеріне біріктіруге  болатын өндірісті басқарудың бүкіл  циклі процесіндегі объектілердің жиынтығы жатады .

 Біздің елімізде кәсіпорын  қызметінің барлық кезеңдерінде  бухгалтерлік ақпаратқа дәстүрлі  түрде объективтілік, шынайылылық,  өз уақытылық және дәлдік сияқты  талаптар қойылады. Бірақ, басқаруды  жетілдіру, нарықтық экономиканы  қалыптастырудың қазіргі кезеңінде  тек осы талаптарды ғана қою  жеткілікті емес. Қазіргі жағдайларда  ұсынылатын ақпарат жоғары сапалы  және тиімді болуы, ақпарат  ішкі және сыртқы қолданушылардың  қажеттіліктерін қанағаттандыруы  қажет. Бұл бухгалтерлік ақпарат  көрсеткіштердің аз санын қамтуы, бірақ басқару баспалдағының  әртүрлі деңгейлеріндегі оның  қолданушыларының ең үлкен санын  қанағаттандыруы қажет дегенді  білдіреді. Ұсынылған ақпарат  артық көрсеткіштерді болдырмайтындай,  қажетті, мәнді және мақсатты  болуы қажет. Бұдан басқа, бухгалтерлік  ақпарат еңбек пен уақыттың  барынша аз шығындарымен қалыптасуы  қажет. 

Жоғарыда айтылғандарды  жалпылай отырып, есептік ақпарат  бухгалтерлік есептің өзі үшін ғана емес, оның ішкі және сыртқы қолданушыларына  пайдалы болуы, болжау, жоспарлау, нормалау, талдау және бақылау процесстерін жүзеге асыру үшін қажетті негізі, яғни тиімді басқару шешімдерін қабылдаудың  маңызды құралы болып қызмет атқаруы  қажет. Жоғарыда аталған барлық талаптарды қанағаттандыру үшін ақпаратты жинау, өңдеу және бейнелеудің әртүрлі  әдістерін қолдану қажет екендігі айқын. Экономикалық дамыған елдерде бұл мәселе бухгалтерлік есептің бүкіл жүйесін қаржылық және басқару жүйешелеріне бөлу арқылы шешілген.

Қаржылық есеп тек қана ішкі басқару үшін қолданылатын ақпаратты ғана емес, сонымен бірге контрагенттерге, яғни тараптық қолданушыларға хабарланатын ақпаратты да қамтиды. Бұл ақпарат фискалдық мемлекеттік органдардың, сонымен бірге компания акционерлерінің, облигация және басқа да құнды қағаздарды ұстаушылардың, қуатты инвесторлардың қажеттіліктерін қанағаттандыруы қажет. Оларды жүргізу нормалары мен ережелері ұлттық стандарттармен реттеледі.

Ал, басқару есебі кәсіпорынды басқарудың ішкі мақсаттарын шешу үшін арналған және оның «ноу-хауы» болып табылады. Қаржылық есеппен салыстырғанда басқару есебі субъективті және құпиялы, бірақ ол басқару шешімдерін қабылдауды қамтамасыз етудің негізгі жүктемесін көтереді, және онымен жоғары дәрежелі кәсіби мамандар айналысады.

Отандық кәсіпорындарда көптеген бас бухгалтерлер дәстүрлі бухгалтерлік есеппен айналысады. Басқару есебі  көптеген кәсіпорындарды жүргізілмейді  немесе өте нашар дамыған. Оның көптеген элементтері біздің дәстүрлі бухгалтерлік және оперативті есепке, экономикалық талдауға кіреді. Сонымен бірге, отандың  есептік практикада маркетингтің барлық мүмкіндіктерді әлі де қолданылмай  келеді, онда нақты шығындардың болжамдық  шығындардан ауытқуы анықталмайды, сонымен қатар болашақ теңге  және т.б. категориялар қолданылмайды.

Енді мына сұраққа жауап  беруге тырысайық: «Басқару есебінің мәні неде?»

Белгілі болып отырғандай, қандай да бір құбылыстың мәнін түсіну үшін оны қалыптасу және даму тарихында  қарастыру, сонымен қатар себептік-салдарлық  байланыстарын анықтау қажет.

 

  1. Басқару есебінің пайда болуы.

 

Басқару есебінің туындауы мен қалыптасуын калькуляциялық және өндірістік есептердің даму тарихынан  оқшаулай отырып, дұрыс түсіну мүмкін емес.

Калькуляциялық есеп шаруашылық есептің туындауымен бірге пайда  болды және айырбас операцияларының  салдары болып табылады. Өндіруші әрқашан өнім өндірісі мен өнім сату (айырбасы) ол үшін қаншаға түсетінен  білуі қажет.

Өзінің алғашқы даму кезеңдерінде калькуляциялық есеп қарапайым, жай  түрде болды. Өнімнің өзіндік  құнын есептеу бойынша барлық қажетті процедураларды есептік  жазбаларда бейнелемей ақ, есте жүзеге асыруға мүмкін болды.

XVIII ғ. болған өнеркәсіптік  төңкеріліс, жеке және манифактуралық  өнеркәсіптен өндірістің фабрикалық  ұйымына ауысу, көпсанды өнеркәсіптік  кәсіпорындар, компаниялар, акционерлік  қоғамдар және еркін кәсіпкерліктің  пайда болуы бәсекелестіктің,  капитал, тауарлар мен еңбек  нарықтарының, сонымен қатар еркін баға қалыптасудың туындауына ықпал етті. Осы жағдайларда калкуляциялаудың мәні, ең алдымен тауарлардың рентабельділігі, нарықтық бағалардың пайдалалық деңгейінің бағалау құралы ретіндегі мәні өсті.

Алдыңғы жоспарға жалпы кәсіпорын  бойынша жүргізілген шығындар мен  алынған табыстар турлаы ақпаратты  дұрыс тіркеу және бейнелеу процедурасы  ғана емес, өндірілген және жүзеге асырылған  тауарлар түрлері кесіндісінде осы  жазбалардың талдамалығы қойылатын  болды. Бәсекелестік күрес, және оның салдарынан бағаларды төмендеті қажеттілігі  мен мүмкіндігі бағалардың төмендету  шектерін дәл білу үшін өзіндік құнды  калкуляциялаудың мәнін жоғарлатты.

 

3. Бюджеттендірудің  тарихи аспектілері.

Калкуляциялық есеп XIX—XX ғғ. барысында жаңа даму қарқынын алды. Ғылыми-техникалық прогресс негізінде  өндірістік шоғырлануы әрі қарай  еңбектің бөлінуі мен мамандануымен  ілесті. Жаңа ұйымдық және техникалық шешімдер пайда болды: ағымдық өндіріс, бұйымдардың конвейерлік құрастырылуы, өңдеудің автоматты желілері. Қысқа  уақыт ішінде нарыққа тауарлардың  төлемқабілетті сұранысты толық  қанағаттандыратындай көлемі шығарылды. Өндірісті басқару түбегейлі  күрделенді, өнімді өткізумен, айналым  құралдарының жетіспеуі және несиелік капиталды тартумен байланысты мәселелер  туындады. Өз кезегінде салық органдары, акционерлер, несие берушілер, кәсіподақтар мен басқа да мүдделі тұлғалар уақыт өткенсайын кәсіпкерлерден олардың  қаржылық және өндірістік-коммерциялық қызметі туралы барынша көп ақпарат  ұсынуды талап ете бастады. Осымен бір уақытта калкуляциялық есептің  кемшілігі анықталды, жедел шешім  қабылдау мүмкін болмағандықтан, ол туралы «өлім ақпараты» деп айтайтын.

Ірі жаппай өндірісте өндірілуі  ондаған цехтар, жүздеген участкелерде жүзеге асырылатын ақырғы өнімнің өзіндік  құны туралы орташа берілгендер оның қымбаттауының жасырын себептері  мен кінәлілерін табу мүмкіндігін  бермегендіктер, өзіндік құн қалыптасуының  бүкіл суретін бейнелей алмады. Бұл  жағдайда пайда табу көбіне басқару  жұмысының тиімділігінен, өндірістік анық ұйымдастырылуы мен ресурстарды  үнемлеу режимінің саясатын жүргізуден біршама тәуелді болды, ал бұл  кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің  бүкіл жүйесін қайта құруды талап  етті.

Бухгалтерлік есептің  бәсекелес экономика жағдайларына сәйкестігінің қажеттілігі, ақпаратты  қолданушылардың барынша кең  ауқымына ұсыну, сонымен қатар коммерциялық құпияны сақталуын қамтамасыз ету  бұрын бүтін бухгалтерияны екі  жеке бөлікке – қаржылық және калкуляциялық  бухгалтерияға бөлуді шарттады.

Бухгалтерияны жеке бөліктерге бөлу қаржылық есепті орталықтандыруға және калькуляциялық есепті орталықсыздандыруға  әкелді.

Калькуляциялық бухгалтерия  өз мақсаттарын көздейтін болды, ол өндірісті тиімді басқаруға ықпал  етуге, яғни басқару процесін жедел-талдамалық ақпаратпен қамтамасыз ету, барлық өндірістік құрылымдық бөлімшелерді, олардың шығындары  мен табыстарын бақылау аясында  ұстауды қамтиды.

Шығындарды оперативті бақылау  және өзіндік құнды реттеудің  өте қажеттілігі өндіріс пен  өткізудің оперативті-калькуляциялық есебі – стандарт-кост есебі жүйесінің  құрылуы мен таралуына әкелді. Өндірістік менеджмент қағидаларының  бірі болып табылатын, шығындарды нормативтік  анықтау әдісі Ф.Тейлор және сол  кездегі басқа да инженерлермен  ұсынылғанын атап кеткен жөн. Өндірістік менеджментті ұстанушылар еңбек  пен материалдық ресурстарды  қолданудың «жалғыз ең жақсы жолын» анықтау үшін нормативтер қолданды. Нормативтер материалдар мен  еңбекті тұтыну ең аз мәнге ие болатындай етіп, жұмыс барысын жоспарлау  процесін ақпаратпен қамтамасыз етті. Бірақ өндірістік менеджментті ұстанушылар  нормативтерді қаржылық шығындарды бақылау құралы ретінде қарастырмады. Алғаш рет Ч.Гаррисон 1911 жылы шығындарды нормативтік анықтаудың толық қызметтегі жүйесін жасақтады және енгізді. Онымен сонымен бірге, 1918 жылы алғаш  рет шығындар айнымалыларын талдау үшін теңдеулер жарияланды. Нормативтік  есеп жүйелеріне арналған қазіргі әдебиеттерде көптеген мәліметтер оның еңбектерінен алынған.

Шығындар стандарттарын, стандартты сметалар, өнімнің стандартты калкуляциясын жасақтау нақты шығындардың  стандартық шығындарға сәйкестігін  өндіріс барысында жедел бақылауға, туындаған ауытқуларды оперативтік  анықтау және жоюға мүмкіндік  берді, яғни өзіндік құн қалыптастыру процесін реттеудің жаңа әдісі –  ауытқулар бойынша басқару пайда  болды.

Стандарт-кост есебі жүйесін  құру және қолдану калкуляциялық  есеп жүзеге асқан шаруашылық құбылыстар мен фактілердің жай ғана тіркеушісі емес, ауытқуларды басқару негізінде  өз назарын болашаққа бағытқа  бағыттауына әкелді. Есептің осы  жүйесін АҚШ пен Батыс Еуропаның  өнеркәсіптік фирмалары әлі күнге  дейін кең қолданатынын айта кету керек. 

Басқару есебінің қалыптасу  жолындағы кезекті кезең болып  табылатын, калкуляциялық есептің  кемелденуінің басқа бағыты директ-костинг  есебі жүйесін жасақтау деп есептелінеді. Алғаш рет бұл термин АҚШ-та 1936 ж. пайда болды. Осы жүйенің негізгі  идеясы американ зерттеушісі И.Н.Гаррисонның  мақаласында баяндалды, ол Өндірістік есептің Ұлттық Ассоциациясының  бюллетенінде 1936 жылдың қаңтарында жарияланған  болатын. Бұл жүйенің негізіне шығындарды тұрақты және айнымалыларға бөлу қағидасы салынған. Директ-костинг  жүйесінде өнімнің өзіндік құны жоспарланады және тек қана айнымалы шығындар бөлігінде есептелінеді. Өзінің сипаты бойынша олар өндірістік болып  табылады және өнім құнына оларды негізінен  тікелей жолмен қосады. Тұрақты шығындарды өнімнің өзіндік құнына кіргізбейді, олар туындаған кезең қызметінің нәтижесінен алып тастайды. Сауда соммасы мен айнымалы шығындар арасындағы айырма кәсіпорынның маржиналды табысын білдіреді. Ол өнімді зиянсыз өткізу бағасын анықтауға, сонымен қатар шығындар, сату және пайда көлемінің өзарабайланысы мен қатынасына талдау жүргізуге көмектеседі.

Директ-костинг есебінің жүйесі әсіресе кәсіпорынның бағалық  және стратегиялық саясаты саласында  шешуші мәнге ие бола бастады.

Калкуляциялық есепті дамытудағы маңызды сәт деп жауапкершілік  орталықтары кесіндісінде шығындар есебін ұйымдастыруды есептеуге  болады. Жауапкершілік орталықтары  стандарт-қост есебі жүйесіне жаңа қосымша ретінде ойластырылған  болатын. Есептің осындай ұйымдастырылуы қандай да бір менеджерлердің жұмысын  бағалауда нақты шығындардың  стандартты шығындардан туындаған  теріс және оң ауытқуларын қолдану  мүмкіндігін бере бастады. Бұл Дж.Хиггинспен жауапкершілік орталықтары тұжырымдарын қалыптастыруға, яғни белгілі жеке тұлғалардың өз жұмыс нәтижелері деңгейлерін анықтауға әкелді. 

Сөйтіп, өндірістік кәсіпорындарда есептің жаңа әдістерін енгізу (стандарт-кост, директ-костинг және «жауапкершілік орталықтары» бойынша шығындар есебі) калкуляциялық есеп жүйесін байытты  және дамытты, оны өндірістік есеп жүйесін  айналдырды, оның салдарынан өндірістік есептің басқару есебіне айналуына  және, демек өндірістік бухгалтерияның басқару бухгалтериясына айналуына  маңызды әсер етті.

Біздің жүзжылдығымыздың 40-шы жылдарының аяғында АҚШ-та және Батыс Еуропаның кейбір елдерінде  «өндірістік есеп» термині біртіндеп  «басқару есебі» терминімен алмастырыла  бастады.

Бұл кезеңде бухгалтерлік есеп басқару саясатының қалыптасуы мен орындалуына белсенді қатыса бастады, ал бухгалтер болжау, жоспарлау, шешімдер қабылдау және кәсіпорынның басқару қызметтерін ақпаратпен қамтамасыз етуді бақылауға назарын  аудара бастады, яғни онда басқару және шаруашылық шешімдерін қабылдау саласында  қосымша функциялар пайда болды. Басқару есебінің қалыптасу және даму жолындағы практикалық қадам  қолданыстағы бухгалтерия базасында  екі өз алдына жеке – қаржылық және басқару есептік жоспарларды  қолдану болып табылды.

Басқару есебін бухгалтерлік есептің өз алдына жеке түрі ретінде  ресми мойындау 1972 жылы болды. Бұл  кезде американ бухгалтерлерінің ассоциациясымен  бітірушілерге бухгалтер-талдаушы біліктілігі берілетін, басқару  есебі бойынша диплом алу бағдарламасын  жасақтады. Сәйкесінше басқару есебі  жеке оқу пәні ретінде жоғары оқу  орындарының оқу жоспарларына енгізілді. Басқару есебінің пайда болуы  терминдердің жай ғана ауысуы емес, бұл өндірістік есеп аясында даму алған жаңа құбылыс және бухгалтерлік есептің бүкіл жүйесін үлкен  ұйымдастырушылық және әдістемелік  қайта құруды талап етті.

xt-indent:35pt">XX ғ. соңғы  онжылдығында нарықтық экономикасы  дамыған елдерде стратегиялық  басқару ролі өсті, ол басқару  есебінің мазмұнында да өз  бейнесін тапты. 

Әдебиеттер: [1], [2], [3].

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

1. Басқару есебі  дегеніміз не?

2. Есептің ерекшеліктері  қандай?

3. Бюджеттендірудің мәні  қандай?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 – тақырып.  Бюджеттендірудің артықшылығы

 

  1. Экономикалық жүйе контролингі
  2. Маркетингтік талдау.

 

 

  1. Экономикалық жүйе контролингі

Контроллингтің жалпы тұжырымдамасы, басқару функциясы ретінде, оперативті және стратегиялық мақсаттарға жету үшін түрлі салалар қызметін үйлестіре  және біріктіре отырып, кәсіпорын  қызметінің барлық сфераларын қамтиды: қаржы және есеп, менеджмент және маркетинг. Бұл жерде тек маркетингтегідей компанияны басқару жүйесінің нарықтық бағытталуы туралы ғана емес, сонымен  қатар, ұйымның ішкі және сыртқы ортасындағы  өзгерістердің жоғары қарқыны жағдайында контроллинг жүйесінің қойылған міндеттерді орындау қабілеттілігі  туралы да айтылады.

Менеджменттің жүйелік көзқарасы  «контроллингті» менеджмент жүйесіндегі  барлық кіші жүйелер қызметін үйлестірудің ұйымдастырушылық функциясы деп  анықтайды.  Дитгер Ханның пікірі бойынша, контроллинг автоматтандырылған басқару  жүйесі ретінде сипатталады, осыдан контроллинг үш компонентке негізделеді  деген тұжырым жасауға болады: экономикалық жүйе, басқару, ақпараттық жүйе.

Кәсіпорында контроллингті  қолдану процесін оперативті контроллинг  әдістерін қолданудан бастау, одан кейін стратегиялық контроллингті  енгізу ұсынылады. Контроллингті жүзеге асырудың мұндай тәжірибесін көптеген ірі компаниялар қолданады. Стратегиялық контроллинг фирманың өмір сүруін қамтамасыз етуге және оның белгіленген даму стратегиясына жылжуын бақылауға, ал оперативті контроллинг компанияның  ағымдағы мақсаттарына қол жеткізу  үшін басқару жүйесін жасауға  бағытталған.

Контроллинг құралдарына, оның мақсаттарына жету үшін қолданылатын құралдар ретінде, төмендегілер жатады:

1. Контроллингтің барлық  кезеңдерін қамтитын ақпараттық  жүйе;

2. Экономикалық және қаржылық  көрсеткіштер жүйесі, олар кәсіпорын  қызметінің барлық сфераларын  қамтиды: өндіріс; материалды-техникалық  жабдықтау; өткізу; әкімшілік; қаржыландыру; ғылыми-техникалық және конструкторлық; персоналды басқару;

3. Ішкі өндірістік шығындарды  есептеу және талдау жүйесі, оларды  төмендету бағдарламаларын жасау;

4. Инвестициялық шешімдерді  бағалау жүйесі.

Контроллинг функцияларының біртұтас жиынтығында басқару үшін қажетті ақпаратты беру функциясы  мен тікелей шешім қабылдау функциясын немесе, анығырақ айтқанда, шешім қабылдау және оларды үйлестіру әдістемесін бөліп көрсетуге болады. Контроллингтің ақпараттық қызмет көрсетуі кәсіпорын қызметінің ақырғы нәтижесінің мақсатына жетуге бағытталған жоспарлау, нормалау, есептеу және бақылау жүйелерінің көмегімен қамтамасыз етіледі. Ақпаратта міндетті (нормативті, жоспарлы және нақты) мәліметтер және бөлімшелер тұрғысындағы есептеу әдістерімен анықталатын кемшіліктер болуы керек.

Бюджет – бұл жоспар немесе стандарт, және оның қаржылық болуы  міндетті емес.

Бюджеттендіру – бұл смета  және экономикалық көрсеткіштер көмегімен  жұмысты келісілген жоспарлау және  бөлімшелер қызметін басқару процесі. Компания мақсатына коллегиалды, ұйымдасқан түрде қол жеткізілетіні белгілі, және бюджеттеу ең алдымен жоспарлау, содан кейін жалпы мақсаттарға  жетуде бөлімшелердің әрбіреуінің  үлесін өлшеуге мүмкіндік береді.

Жоспарлау ұйымдастыру құрылымы бойынша кезекпен таралады. Есептік  кезең басында бюджеттердің әрбіреуі жоспар немесе стандарт түрінде болады. Соңында ол менеджерге әрі қарай  қызметті жақсарту үшін алынған нәтижелерді  жоспарланғандармен салыстыруға («жоспар/нақты» салыстыруы) мүмкіндік беретін өлшегіш  ролін ойнайды.

Бюджеттер көмегімен экономикалық жүйенің контроллингі – жоспарланған (нормативтік) көрсеткіштерден ауытқу бойынша басқару жүзеге асырылады. Көрсеткіштер ретінде бюджеттердегі  шығындар баптары, таза немесе маржиналды пайданың мәндері, рентабелділік, өзіндік  құн, түскен табыс көлемі, өнімділігі және т.б. қолданылуы мүмкін. Ауытқуды есептеу үшін материал шығындары, жабдықтар, қызметкерлер жұмысының норма-сағаттары, сатуға квоталар және т.б. нормативтері берілуі қажет. Оперативті басқаруда  ауытқуларды талдай отырып, қандай факторлардың нәтижеге әсер еткендігін (өндіріс жағдайы, бәсекеқабілеттік, тәуекел деңгейі, өндірістік қуаттардың шектеулігі, өнім ассортименті, баға қалыптастыру саясаты, активтердің айналымдылығы, қоймадағы қорлар, нарықтағы жағдай тенденциясы, жұмысшылардың саны және олардың кәсіби деңгейі, шикізаттың бар болуы және құны, технологиялық  ерекшеліктер) және теріс ауытқулар  үшін кімнің жауапкершілік көтеретінін  анықтауға болады.

Кәсіпорында бюджеттеуді  енгізу үшін негіз басқару есебі  – нақты шығындар есебі мен  экономикалық көрсеткіштер есебінің жүйесі болып табылады. Сонымен бірге, бюджеттеу  – жоспарлар, ауытқулар, нормативтер, басқару есептері, ауытқулар бойынша  басқару.

 

  1. Маркетингтік талдау.

Бюджеттендіру – бұл қысқамерзімдік (жыл немесе одан аз) және ұзақмерзімдік  жоспарлаудың ажырамас бөлігі. Кез  келген жағдайда ұйым ресурстары, бәсекелестердің  әрекеті және әсіресе, ағымдық және жобаланған нарық сұранысы сияқты стратегиялық аспектілер бөлінеді. Стратегиялық талдау жүргізгеннен кейін құрылған жоспарларды  сандық бейнеленуі бюджет деп аталады. Схема түрінде оны келесі түрде  көрсетуге болады:

 


 

 

 

 

 

 

 

Кәсіпорындарда бұрын  жоспарлық-экономикалық бөлімдер қызмет атқарды, олар нормативтер жасақтау және сметалар құрумен айналысты. Қиындығы, жоспарлық-экономикалық бөлім сату бөлімімен ешқандай байланысты болған жоқ, және олар біріге – қоймамен байланысты болған жоқ. Бұл жерде жоспарлық-экономикалық жоспарлаумен салыстырғанда бюджеттеу  технологиясы қандай жаңа нәрсе құрайтыны  туралы сұраққа жауап жатыр. Қысқаша  айтсақ, бұл жүйелі бағыт және маркетингтік талдау көмегімен кәсіпорынның сыртқы мақсаттарын қалыптастыру. Бірінші  қағида: бюджетпен фирманың барлық менеджерлері айналысады: сату, жабдықтау, маркетинг, өндіріс, инвестиция бөлімдері  және т.б. Олардың әрбіреуі тек қаржылық жоспардың өз бөлігін дайындап қана қоймай, сонымен бірге оның негізінде  менеджердің өз жұмысы мен ол басқаратын бөлімше қызметі бағаланатын  көрсеткіштер үшін жауап береді.

Бюджеттендірудің екінші маңызды қағидасы: менеджерлермен бөлімше  бюджеттері дайындалғаннан кейін бюджетпен  жұмыс аяқталмайды, ол тек енді ғана басталады деп айтуға болады.

 

Әдебиеттер: [1], [2], [3], [7].

 

Өзін-өзі тексеруге  арналған сұрақтар

1. Бюджет дегеніміз  не?

2. Бюджеттендіру дегеніміз не?

3. Контролинг қалай жүзеге асырылады?

4. Маркетингтік талдаудың қажеттілігі қандай?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 – тақырып.  Бюджеттендірудің мәні

 

1. Бас бюджет құрылымы

2. Операциялық және қаржылық  бюджет дайындау.

 

 

 

2. Операциялық  және қаржылық бюджет.

Операциялық бюджеттер жүйесі келесі бюджеттерді қамтиды: сауда, дайын өнімдер қоры, өндіріс, тікелей  материалдық шығындар (материалдарды  сатып алу бюджеті және өндірістік шығындар бюджеті), тікелей өндірістік (операциялық) шығындар, жалпы өндірістік шығындар, өткізілген өнімнің өзіндік  құны, коммерциялық шығындар, басқару  шығындары. Операциялық бюджеттер  біріктіріледі және табыстар мен  шығындар туралы есептің болжамы (табыстар мен шығындар бюджеті), ақша құралдарының қозғалысы бюджеті (кассалық смета), болжамды бухгалтерлік балансты (баланстық  парақ бойынша бюджет) қамтитын қаржылық бюджеттер (кейде негізгі деп  аталады) жүйесін құрайды.

Компаниядағы операциялық  және қаржылық бюджеттер басқа, көмекші  және арнайы бюджеттер қолданылуы мүмкін. Көмекші бюджеттер арасында капитальды шығындар (бастапқы) жоспары мен  несиелік жоспар (қаржылық ресурстарды  тарту жоспары) ең үлкен мәнге  ие. Олардың мақсаты бизнес активтері  динамикасын барынша мұқият жоспарлаудан және осы бизнес үшін бекітілуі мүмкін шарттар мен шектеулер жүйесін  анықтаудан тұрады. Арнайы бюджеттер  негізгі бюджеттердің жеке статьяларының  калькуляциялануын немесе таратылуын көрсетеді: салық, табысты бөлу, жеке жобалар мен бағдарламалар. Осы  бюджеттердің жинағы шаруашылық қызметінің ерекшелігіне байланысты кәсіпорынның басшылығымен анықталады.

Көмекші және арнайы бюджеттер  негізгі бюджеттер құру және олардағы қорытынды ақпаратты өңдеу үшін қажетті бастапқы ақпаратты дайындау үшін; қаржылық жоспарлаудың нормативтері мен мақсаттық көрсеткіштерін барынша  дәл анықтау үшін, жергілікті салық  салу ерекшеліктерін барынша анық есепке алу үшін қолданылады. Бюджеттендіру  процесі бюджеттік нысандар, нұсқаулар  және процедуралар көмегімен стандартталуы  қажет. Сауда көлемін болжау негізінде  құрылған бюджеттерді дайындауда компанияның  әртүрлі бөлімшелері қатынасады. Негізгі бюджеттерді құруда екі  бағыт қолданылуы мүмкін: 

- тіке (операциялық бюджеттер,  дебиторлық және несиелік қарыздарды, шикізат және дайын өнім қорларын  анықтаудан шыға отырып және  осының негізінде қаржылық қажеттіліктер  мен қаржылық мүмкіндіктердің  негізгі қатынасын анықтау);

- жанама, барынша жеңілдетілген  (табыстар мен ағымдық шығындарды, бастапқы (бастаушы) шығындар мен  сыртқы қаржыландыруды теңестіру  негізінде).

Бастапқыда бюджеттер  менеджерлерге қойылған мақсаттарды  нақтылауға көмектеседі, содан кейін  компаниядағы істердің жағдайын талдауға: ағымдық кезең қалай өтті –  табыстар немесе шығындар әкелді ме; есеп-шотта  ақша бар ма; жақын болашақта нені күтуге болады; жаңа технология енгізген тиімді ме – олардың шығындарының орны жаюыла ма немесе жоқ па; және көптеген басқа сұрақтарға жауап анықтауға  мүмкіндік береді. 

Бюджеттендіру шаруашылық қызметінің жақсы үйлестірілуін қамтамасыз етеді, кәсіпорынның ішкі өзгерістер (ұйым құрылымы, ресурстар, кәсіпорын қуаты) мен сыртқы (нарық конъюктурасына) ортаға бейімділігін және басқарулығын жоғарлатады, басқаруда қателіктер жіберу және қиянат ету (мысалы, сату бөлімі қызметкерлерінің сатып алушылармен  сыбайластыққа келуі және т.б.)  мүмкіндігін төмендетеді, қаржылық-шаруашылық қызметтің әртүрлі аспектілерінің өзарабайланысын қамтамасыз етеді, кәсіпорын жоспарлары мен  оларды жүзеге асыруда туындаған мәселелердің бірыңғай көрінісін қалыптастырады, мамандардың шешім қабылдауда барынша  жауаптылығын,  олардың қызметі  мен бағалануының жақсы ынталануын  қамтамасыз етеді.

Алдыңғы кезеңге жасалған бюджеттермен қатар бюджеттендіру  процесінде өткен кезең үшін бюджеттердің орындалу есептері құрылады. Бюджеттер  бойынша есептерді бизнес процесстерді жоспарлау, есебін жүргізу, бақылау  және талдау бойынша ақпараттармен  бірге жинақтайды. Менеджерлер бюджеттердің орындалуын қадағалауы және компания қызметіндегі «әлсіз жерлерді» анықтауы қажет.

Бюджеттер бойынша есептер  ай сайын (ең жиі жағдай), тоқсан сайын, жарты жыл сайын және жылына бір  рет дайындалуы мүмкін. Кейбір мәліметтер бойынша күн сайын (мысалы, жүк  тиеуде), басқа мәліметтер бойынша  апта сайын (мысалы, өндіріс және өткізу бойынша) есеп беріледі. Есептердің кезеңділігін анықтау үшін «шығындар/пайдалар»  талдауы жүргізіледі. 

Жоспар-фактілік ауытқуларды  талдау шаруашылық қызметтің бірінші  кезекті назар аударуды талап  ететін мәселелі салаларын анықтауға,бюджеттерді  жасақтау процесінде қарастырылмаған  мүмкіндіктерді анықтауға, сонымен  бірге әрбір жауапкершілік орталығы мен оның басшыларының қызметін бағалауға  мүмкіндік береді.

Компания қызмет атқаруының кейбір ішкі және сыртқы факторлары өзгеріп  отыратындықтан, бюджеттеу процесінде осы өзгерістерге шұғыл түрде  назар аудару қажет. Бюджеттер бойынша  есептер дайындауда жұмсалымдардың өзгергіштігін ескеру маңызды.  Басқаша  айтқанда, қызметтің бір деңгейіндегі нақты жұмсалымдарды екінші деңгейдегі сметалық жұмсалымдармен салыстыру  дұрыс емес. Бастапқы смета қызметтің  нақты деңгейі бойынша түзетілуі  қажет. Бұл процесті иілгіш смета  құру деп атайды.

Бюджеттердің орындалуын талдау менеджерлерге ауытқулар  бойынша басқару жүйесін –  техникадағы автоматты реттеу жүйесі қолдануға мүмкіндік береді, онда менеджер назары жоспарлы көрсеткіштерден біршама ауытқуы бар көрсеткіштерге шоғырланады. Бюджеттер, қаржылық-экономикалық көрсеткіштер, нақты және жоспарлы мәндер арасындағы ауытқулар басқарудың кез келген деңгейінде талдануы мүмкін. Әртүрлі бөлімшелермен (кәсіпорындар) берілген бюджеттік мәліметтер,  сонымен бірге орташа салалық мәліметтер арасындағы айырмашылықтар да талдауға жатқызылады. Уақыт бойынша көрсеткіштердің тенденциясын талдау да өте маңызды.

Сөйтіп, мақсаттардың, стратегиялар мен оларды жүзеге асыру бойынша  көзделген шаралардың сандық сипаты, жоспардың сандық сипаты бола отырып, кәсіпорын бюджеттері оларғадағы енгізілген экономикалық көрсеткіштерге талдаудың  ақпараттық базасын қамтамасыз етеді. Бюджеттеу процесінде компанияның  болжамды қаржылық жағдайы есептелінеді. Егер бюджеттер жүйесі (өтімділік, табыстылық, рентабельділік және т.б.)  негізінде  есептелінген нәтижелік қаржылық көрсеткіштер қанағаттанарлық болмаса, онда қаржылық жағдайға бюджеттердің негізгі параметрлерінің  әсерін және олардың өзгеруі жағдайында оларға енгізілген нормативтерді талдау жүргізіледі.

Баскару есеби. 2