Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық ерекшеліктерінің теориялық негіздері

КІРІСПЕ

 

Курстық жұмыстың өзектілігі: Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында Қазақстан халқының білімі мен әл - ауқатын арттыруға, жас ұрпақтың рухани адамгершілігін жетілдіру мәселелеріне тың көзқарастардың қажеттігіне басты назар аударған. Сондықтан да, ұрпақ тәрбиесіндегі көкейтесті мәселелердің бірі – жетілген, адамгершілік мәдениеті қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу.

Бастауыш мектеп – үздіксіз білім беру жүйесінің  алғашқы сатысы ретінде өзінің белгілі  қызметін атқарады. Бастауыш сынып оқушыларының бойында жалпы адамгершілік қалыптармен гуманистік, моральдық, қайырымдылық, ізгілік, өзара түсінушілік, ізеттілік, кішіпейілділік, адалдық, сыпайылық тәрізді қасиеттерді сіңіріп, олардың өзара қарым-қатынас мәдениеті мен қоршаған ортамен қарым-қатынасына мән беруіміз керек. Бастауыш сынып оқушыларын сабақ барысында тәрбиелеудің - өзіндік ерекшеліктері бар, күрделі үрдіс. Оқу үрдісіндегі тәрбие міндетін іске асырудағы қиындықтың бірі сыныптағы оқушылардың адамгершілік түсініктерінің әр түрлі болуында және де тәрбие күрделі үрдіс болғандықтан, бір сабақта баланы адалдыққа, қайырымдылыққа, батылдыққа, шындыққа тәрбиелеу мүмкін емес.

Курстық жұмыстың мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық ерекшеліктерін бағалауда мұғалімнің қызметі мен маңызы, дамыту жолдарына сипаттама.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық ерекшеліктерінің теориялық негіздерін қарастыру;
  • Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық ерекшеліктерін талдау;
  • Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық ерекшеліктерін ұлттық ойындар арқылы жамыту жолдары.

 

Курстық объект: Есіл ауданы, Николаевка орта мектебі 2 «Б» - сынып 7 оқушы: 3 ұл бала, 4 қыз бала.

    1. Абдильманова Камила – 7 жаста;
    2. Алимситов Ермұхан – 7 жаста;
    3. Аубакирова Махаббат – 7 жаста;
    4. Ботина Рузана – 8 жаста;
    5. Қазантай Өрен – 8 жаста;
    6. Сатыбалдин Даурен – 7 жаста;
    7. Тулегенова Айша – 7 жаста.

Курстық жұмысты  жазу барысында Қазақстан Республикасының  Заңдар жинағы, сонымен қатар шетелдік және отандық әдебиеттер қолданылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

1.1 Тұлға: мәні, құрылымы, ерекшелігі

 

Психологиялық ғылымда "тұлға" категориясы іргелі ұғымдардың қатарына жатады. Бірақ "тұлға" ұғымы тек психологияға тән емес, ол барлық қоғамдық ғылымдармен зерттеледі, оның ішінде филасофиямен, әлеуметтанумен, педагогикамен, т.б. Сонда психологиялық ғылым шеңберінде тұлғаны зерттеу спецификасы неде және психологиялық тұрғыдан тұлға дегеніміз не?

Алдымен сұрақтың екінші бөлігіне жауап беруге тырысайық. Мұны жасау оңай емес, себебі тұлға деген не деғен сұраққа барлық психологтар түрліше жауап береді. Олардың жауаптары мен ойларыныд әр қилы болуы тұлға феноменінің күрделі екендігін білдіреді. Осы орайда И.С.Кон былай деп жазады: "Бір жағынан, он нақты индивидті әрекет субъектісі ретінде, оның барлық жеке бас қасиеттерімен, әлеуметтік рөлдерімен бірге белгілейді. Екінші жағынан, тұлға индивидтің әлеуметтік қасиеттері ретінде, осы адамның басқа адамдармен тура немесе жанама өзара әрекеттесуі нәтнжесінде түзілген бойындағы әлеуметтік маңызы бар қасиеттердің жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Тұлғамен қарым - қатынасқа түсетін адамдар оны еңбек, таным және қарым-қатынас субьектісінде көреді.

Ғылыми әдебиеттегі  тұлға анықтамаларының әрқайсысы  тәжірибелік зерттеулермен және теориялық негіздеулермен бекітілген, сондықтан "тұлға" ұғымын қарастырғанда оларды ескеру керек. Тұлға деп жиі әлеуметтік даму барысында бойына әлеуметтік және өмір үшін маңызды қасисттерді жинаған адамды атаймын. Демек, тұлға сипаттамалары қатарына адамның генотиптік және физиологиялық ұйымдасуымен байланысты ерекшеліктер жатқызылмайды. Адамның танымдық психикалық процсестерінің немексе әрекеттерінің жеке дара стилі даму ерекшеліктерін сипаттайтын қасиеттер тұлға қасиеттері қатарына жатқызылмайды, ал адамдар мен қоғамға қатысты көрініс беретін қасиеттер тұлғаның қасисттері болып саналады.

Тұлға — жеке адамның мақсатының орындалуы, ерік-жігерінің  іске асуы, өзі жөніндегі ойын, еркін  іске асыруға дайындығы және оны  іске асыруының нәтижесі. Ерік-жігер  механизмі дегеніміз - адамның өзіне тән қасиеттерін іске асыруы. Ол сезімнің, әсердің, ішкі күйініш – сүйініштің бойға жинақталған көрінісі.

Алайда, әр тұлғаның эмоциялық сезім дүниесі әр басқа. Біреу жауыздықты көргенде айғайлап, бақырып, ішкі сезімінің сыртқа шығуына  еркіндік берсе, екінші біреу іштей булығып, көгеріп - сазарып, тас - түйін болып қатып қалады. Бұл әр тұлғаның эмоциялық сезімі өзін - өзі ұстай алу еркіне байланысты құбылыс.

Жеке тұлға  дегеніміз – қоғам мақсатына  сай, ойлау – сөйлеу қабілетінің  арқасында саналы әрекет, қарым – қатынас жасайтын, рухани құндылықтарды бойында жинаған, тәрбие, білім, мәдениет, дүниетаным, рухани зерделілік, мінез – құлық ерекшеліктерімен дараланатын адам.

 


 

 

 

Сурет 1.1 – Жеке тұлға құрылымы

 

Темперамент дегеніміз  – адамның жүйке қызметінің қасиеттерімен көрінетін, мінез – құлқының импульсивті – динамикалық көрінісінің жалпылама сипаттамасы.

Темперамент жөніндегі  ғылымның ірге тасын қалаған ежелгі грек дәрігері – Гиппократ. Оның тұжырымы бойынша, адамдар төрт «дене шырындарының» - қан, шырыш, өт, запыран – өзара қатынасымен ажыратылады. Осы психологиялық тағылымды арқау ете отырып, ежелгі дүние дәрігері Клавдий Гален алғашқы рет темперамент түрлеріне ғылымдық сипат берді. Гален темперамент түрін жоғарыда аталған шырындардың бірінің басымдылығымен байланыстырады.

Ол біздің заманымызға  дейін жеткен темперамент атауларын  белгіледі: сангвиник (sangius – қан), флегматик (phlegma – шырыш), холерик (chole – өт), меланхолик (melaschole – запыран). Гален ендірген бұл ғажайып жаңалық кейінгі жүзжылдықтар желісінде көптеген ғалымдар ізденісіне күшті ықпалын тигізді.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 1.2 – Темперамент  түрлері

 

Мінез дегеніміз  – бұл адамның әлеуметтік мінез  – құлқының ерекшелігі. Ол әлеуметтік топтағы жеке адамның өмір қалпын бейнелейді және жүктелген іске, адамдарға қарым-қатынасынан көрініп отырады. Мінез негізінде жеке адамның моральдық – еріктік қасиеттері жатады.

Мінездің қасиеттері:

Мінездің мықтылығы. Мұндай мінезді адам қойылған мақсатқа жетуге, қиындықтарды жеңуге бнйім, өз сенімін дәлелдейді, іске қызу кірісіп, батылдық көрсете алады.

Мінездің ұяңдылығы  жасықтықпен, тартыншақтықпен, жалтақтықпен, көзқарастың тұрақсыздығымен, көнгіштікпен, қорқақтықпен байқалады.

Мінездің өзіндігі адамның басқалардан тым ерекшеленіп  тұратын жеке басының өзгешелігімен байқалады. Мысалы, аса сезімталдық, тым тұйықтық т.б.

Қабілет – кез - келген іс – әрекет күрделі де сан  қырлы болып келеді. Ол адамның  психикалық және физикалық қуатына  әр түрлі талап қояды. Егер жеке адамда бар қасиеттер жүйесі осы талаптарға сай болса – онда іс –әрекетті табысты, әрі жоғары дәрежеде орындай алады.

Қабілеттің  екі түрін ажыратады: жалпы және арнаулы. Жалпы қабілет ретінде  жеке адамның білім меңгерудің жеңіл  де нәтижелігін салыстырмалы түрде  қамтамасыз ететін интеллектуалды қасиеттер  жүйесі ұғынылады. Шетел психологиясында қабілекттің бұл түрі intelligens деп атайды, бұл «ақыл – ой қабілеті» деген сөздің мағынасын береді.

Өзіндік сана –  сезім – сананың өзіңді білу мен  өзіне қатынастың бірлігі ретінде  көрінетін бір түрі. Өзіндік сана – сезім сыртқы ортаны және өзіңді өзің танудың бейнеленуінен біртіндеп қалыптасады.

Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз — оның өзіне  тән мінез - құлғындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы. Әрбір оқушының танымдық іс - әрекетінін, әсерленушілігінің, ерік - жігерінің, мінезінің, жүріс-тұрысының тек өзіне ғана тән сапалық ерекшеліктері болады. Демек, жеке ерекшелік – бұл, адамның өз басындағы қасиеттерінің бір - бірімен сәйкестікпен түйісуі, оның басқа адамдардан өзгешелігі осы қасиеттері арқылы көрініс табады. Әркім өзінің жеке даму жолын бастан кешіреді, ал ол оның бойына табиғат берген қасиеттерге және тіршілігінің жағдайына байланысты болады.

Жеке тұлғаға  тән қасиеті - ақыл, ес, яғни, өмірді өзінің сана-сезім өлшемімен қарап  бағалауға бейім тұруы. Сондықтан өмірді танып білу - миллиондаған жеке тұлғалардың сезім, түсінігінен тұрады. Жеке тұлғаның еске сақтауы өзге адамдардық тәжірибесін жинақтауға да негізделеді. Әрбір тұлға оларды оқып, көріп, оңығанын, естігенін, көргенін өз ойына тоңып, содан сабақ алу арқылы да өзінің іс-әрекетін, мінез-құлқын, сана-сезімін байытады.

1.2 Бірінші сынып  оқушыларының мінез – құлықтық  және тұлғалық ерекшеліктерін  бағалаудың мәндері 

 

Балалардың  ойын және оқу әрекетін бақылау үдерісінде және әдептік - топтық және жекелей әңгімелесу нәтижесінде келесі көрсеткіштерді байқауға болады:

    1. Танымдық белсенділіктің және білуге құмарлықтық денгейі;
    2. Мінез - құлықтың еркін реттелуі;
    3. Қиындықтарды жеңуге дайындығы;
    4. Әлеуметтік белсенділігі.

Танымдық белсенділік пен білуге құмарлықтың деңгейі:

  • Әрқашан белсенді, көп сұрақтар қояды, танымдық сипаттағы ақпараттармен бөліседі;
  • Белсенділігі сезімдік – психологиялық жағдайына және жекелей қызығушылығына, орындалатын әрекеттің мәнділік деңгейіне тәуелді;
  • Шақырса ғана жауап береді, тапсырма орындауға шығармашылықпен келе алмайды;
  • Өзіне жекелей айтқанда ғана жұмыс істей алады, ойынға қызығушылығы басым;
  • Енжар, төменгі, бір сәттік қана қызығушылығы алдын – ала жетістігі белгілі жағдайда ғана пайда болады, байқалмайды.

Мінез - құлықтың еркін, өздігімен реттелуі:

  • Кез - келген істе, әрқашан да жинақы, шоғырланған;
  • Алаңдайды, басқаларға еліктейді, бақылауды керек етеді;
  • Кез - келген сылтау бойынша ауып кетуі, әрекетін жоғалтып алады, үнемі бақылауды қажет етеді, кейбір жағдайларда ғана ұзағырақ жинақталуы мүмкін;
  • Арнайы қозғамасан әрекетті бастамайды, егер үлгісі жоқ болса, өз бетінше кіріспейді, көмекті қажет етеді;
  • Тіпті көмек көрсетсең де, қажетті сәтте мақсатқа бағытталған қай істі болмасын атқарудан бас тартады, бірдеңені бастай тұрып,көп жағдайда оны аяққы (соңғы) нәтижесіне дейін жеткізбейді.

Қиындықтарды  жеңуге дайындығы:

  • қиындықтарды жеңуге дайындық танытады, шешуін табуды белсенді түрде іздестіреді;
  • әрекеттер жасайды, бірақ жетістік болмаған жағдайда шегініп кетеді, тек арнайы ықпал болған жағдайда ғана мәселені шешуге оралуы мүмкін;
  • алғашқы қиындыққа жолыққанда – ақ, көмекке жүгінеді, іздестіруді жалғастыруды қырағы бақылау арқасында ғана жүзеге асыруға қабілетті;
  • бірінші сәтсіздіктен кейін - ақ әрекеттен бас тартады, көмек беру және үлгілерді көрсету оған аз әсер етеді;
  • қозғалған деңгейдегі кез - келген тапсырманы орындаудан үзілді –кесілді бас тартады.

Әлеуметтік  белсенділігі:

  • ересектермен және балалармен жеңіл тіл табысады, араласуда бастама көрсетеді, кикілжіңдерді өз бетінше шеше алады;
  • таныс ортаны (қоғамды) жақсы көреді, бөгде жанның бастамасына бағынады;
  • біріккен әрекетке қосылады, бірақ қатынасты ұстап тұра алмайды, кикілжіңге құмар;
  • жеке жүреді, шақырса ғана біріккен әрекеттерге қосылады. Үлкендерден ұялады, құрдастарына тұйық, аралас, қатынасы ұзақ емес. Өкпешіл, бірақ шағымданбайды белсенді, қыйқарлығы бар, қарым - қатынасы ұзақ емес, дөрекілік жасайды, сынға дұрыс қарамайды;
  • не, оқшауланғыш, өзіне зейін аударғанды жақтырмайды, басыңқы, тар шеңберде ғана араласуды жөн көреді.

Бірінші сынып  оқушыларының мінез – құлықтық және тұлғалық ерекшеліктерін бағалаудың мәндерін толығымен қарастырып шықтық.

 

1.3 Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыру

 

Егемендi елiмiздiң болашағы жас жеткiншектердiң бiлiм дәрежесiнiң тереңдiгiмен өлшенедi. Қазiргi заманғы бiлiм беру әлеументтiк құрылымының маңызды элементтерiнiң бiрiне айналды. Адамның жеке басын қалыптастыру негiзi бастауышта қаланатыны бәрiмiзге белгiлi. Бастауыш мектептен бастап оқушыларға бiлiмнiң қыры мен сырын жетiк таныту, қабiлеттерiн шыңдау адамгершiлiк қасиеттерiн дарытып Қазақстан Республикасының азаматы деген атаққа лайық болатындай етiп тәрбиелеу - бiздiң мiндетiмiз болмақ. Сондықтан да бастауыш мектептен бастап оқушының жан - жақты дамуына басты назар аударылуы керек.

Оқушының жан - жақты дамуына бағыт - бағдар берушi - мұғалiм. Бастауыш бiлiмнiң мемлекеттiк стандартында оқушыларды ғылымдар негiзiмен таныстырып қою емес, баланың жалпы ойын дамыту, қажеттi тәрбие берiп, оны тәжiрибеде қолдана бiлу үшiн өздiгiнен жұмыс iстеуге, адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру талап етiледi. Бүгiнгi заманның педагогикалық, психологиялық зерттеулерiнiң анықтауы бойынша мектептiң бастауыш сыныбындағы кезеңi баланың қай жағынан болсын ең қарқынды дамитын кезеңi.

Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыру мәселелерi бiлiм мен тәрбие беру тұжырымдамасында негiзгi орын алады. Онда былай деп көрсетiлген: ”Жеке тұлғаның қалыптасуы үздiксiз күрделi процесс. Әрбiр балаға жеке тұлға ретiнде қарап, оның өзiне тән санасы, еркi, өзiндiк әрекет жасай алатын қабiлетi бар екенiн ескерiп, олардың ақыл - ой қабiлетiн, жеке бас қасиеттерiн дамытып, оны қоғам талабына сай iске асыруға көмектесу”.

Белгiлi психологтар Б.Г.Ананьев, В.В.Давыдов, Қ.Б.Жарықбаев, Ж.И.Намазбаева, М.М.Мұқанов, М.Б.Блонскийдiң, С.Л.Рубенштеин, Д.Б.Эльконин, Л.В.Занковтың еңбектерiнде арқау болып, зерттеулерiнде оқушылардың бiлiмдері мен рухани байлықтарына, мiнез - құлықтарына, дүниетанымдарына қалыптастырып отыру қажеттiлiгi айқындалған.

Д.Б. Эльконин оқу әрекетi арқылы баланың үлкендермен қарым - қатынастарының барлық жүйесi мен жеке қарым - қатынасы бiлiнедi, деп көрсеттi.

Оқушының iшкi позициясының балада қалыптасуы көбiнесе оның оқу әрекетiнiң белгiлi мөлшерде нәтижеге жетуiне байланысты болады. Психикалық процестердiң жұмыс iстеуiнiң бiршама жоғары түрде қалыптасуы ерiктi мiнез - құлық түрiнiң дамуының негiзiн құрайды, баланың мiнез - құлық актісiнде мотивациялық деңгейiнiң дамуымен байланысты барлық мақсатқа бағытталған ниет, талаптары артады. Өзiмен бiрге оқитын оқушылармен тығыз өзара қатынастардың құрылуы, құрбыларының арасында да орнын анықтау, әр түрлi жағдайлардағы мiнез - құлық ережелерiн меңгеру, оларды өзiне талап етiп қоюының қажеттiлiгi, бастауыш сынып оқушыларының мiнез - құлық факторлары, эмоционалды және адамгершiлiк жүгiн арттырады.

Бастауыш мектептiк кезең, кейiнгi зерттеулердiң дәлелдеуi бойынша, адамгершiлiк дамуының, моральдық мөлшердi меңгерудiң қарқынды даму кезеңi. Адамгершiлiк дамуы өзiне адамгершiлiк сана - сезiмдi, адамгершiлiк мiнез - құлық және адамгершiлiк қарым - қатынасты жинақтайды. Бұл кезеңде оқушыны тәрбиелеудiң негiзгi бағыты – мiнез - құлық мотивтерi мен әдеттердi қалыптастыру. Мектепке жаңа келген балаларда бұларды қалыптастыру бiршама қиындықтарды тудырып жатады, олар әлi де болса моральдық жағдайларды бiржақты қабылдайды, оларға талдау жасауға қиналады, жасы өсе келе бұл жастағы балалардағы бағалаулар бiршама бейiмделiп, адамгершiлiк мiнез-құлық ережелерi негiзделе бастайды. Оларға жан - жақты көмек, адамдық сезiмнiң жылылығы, шын көңiлмен сүю, ұғу қажет. Тiптi жай ғана мысалмен түсiндiруге болады: егер де гүлдi күтсең, суарсаң, жақсы қарасаң, онда ол жайқалып өседi, адамдарға көңiл әсемдiгiн сыйлайды. Ал егер оны қарамасаң, ол сарғайып, солып қалады. Мiне, бұл қарапайым шындық.

Бастауыш мектептен бастап қарым-қатынас мiнезi, құрбы-құрдастарымен өзара қатынастары айтарлықтай өзгередi. Тiптi олар үшiн өте маңызды болып саналатын жора - жолдастарына көмек қолын беруге дайын тұру, достықты сүю, мейiрiмдiлiк, қайырымдылық сияқты қасиеттер табылады.

Атақты орыс ғалымы Н.И.Пирогов: “Пайдалы азамат болуға дайындалған адам ең алдымен адамшылыққа үйренуі тиiс” деп жазады. Яғни, оқулықтағы әр тарау бойынша оқушыларға түсiндiрiлетiн материалдың адамгершiлiкке, еңбексүйгiштiкке, мамандықтың бәрi жақсы екендiгiне, оны қадiрлей бiлуiне байланысты қосымша материалдарды пайдаланып отыру қажет.

Мектептің ең негізгі  міндеті - балаға білім атаулының  әліппесін үйретумен қоса, оның өмірдегі өз орынын табуына көмектесу. Жеке тұлғаны  қалыптастыруда ең бастысы – ақыл - ой, адамгершілік, еңбек, эстетикалық, дене тәрбиесін өзара байланыста кешенді жүргізу. Сонымен, оқушылардың адамгершілігі тәрбиенің ең маңызды міндеті болып табылады. Адамгершілік адамның іс - әрекеті мен қылықтарынан көрінетін қоршаған ортаға деген қатынасын білдіреді. Қатынас дегеніміз субъектінің қоршаған ортамен қалауы бойынша анықталатын байланысы.

Зерттеушілер  қатынастар жүйесіне әртүрлі компонентерді  кіргізеді. Әрбір қатынас белгілі  бір білімдерді игеру дегенді  білдіреді, алайда бұндағы ең бастысы бұл білімдерді өнегелілік түрде түсіну, сезіну болып табылады.

Н.Е. Щуркова, А.П. Сейтешев жеке тұлғаның қасиеттерін  құндылық қатынастардың қалыптасу  нәтижесі деп түсіндіреді. Осылайша, басқа адамға деген құндылық қатынастың нәтижесі – гуманизм, өз өзіне – қадір - қасиет, еңбекке - еңбексүйгіштік, енбекқорлық болып табылады.

Жеке тұлғаның ең басты қасиеттерін осылайша бөлу өте маңызды, өйткені, қоршаған ортаға, адамға, материалдық және рухани дүниеге деген қатынастың қалыптасуы барысында адамгершіліктің барлық жақтарын қамту мүмкін емес.

Тәрбие нәтижелері туралы сөз етер болсақ, жеке тұлғаның басты қасиеттерінің қалыптасуы туралы айтуға болады:

    1. Басқа адамға деген қатынас – гуманизм.
    2. Өз өзіне деген қатынас – қадір - қасиет.
    3. Еңбекке деген қатынас – еңбексүйгіштік, еңбекқорлық.
    4. Ұжымға деген қатынас – ұжымшылдық.
    5. Отанға деген қатынас – отансүйгіштік, патриотизм.
    6. Табиғатқа қатынас – табиғатқа қамқорлық.
  1. Көркемдікке қатынас – көркемдікті эмоционалды - эстетикалық түрде қабылдау қабілеті.

Жеке тұлғаның осы бір қасиеттерін қалыптастыру – қоршаған орта туралы білімдерді өнегелілік түрде түсініп - сезіну. Сондықтан, оқушылардың қоршаған орта туралы білімдер жинағын адамгершілікпен сезінуі тәрбие жұмысының басты мақсаты. Оқу материалының, әрбір сабақтың өзіндік тәрбиелік маңызы бар екені белгілі. Олардың әрқайсысы оқушылардың қоршаған ортаға деген, құндылық қатынасын қалыптастыруда басқа адамның жеке тұлғаға құрметінен бастап, болмысты эмоционалды - эстетикалық қабылдауға дейінгі, құндылық сапаларын тәрбиелейді. Қазақстан Республикасының мектептерінде білім беру мазмұны үнемі жаңарып отырады.

Мұғалімнің  алдында тұрған өзекті мәселе оны  адамгершілік тұрғысынан түйсіну. Оқу  пәндеріндегі тәрбиелік мүмкіндіктерді мұғалім білуге тиісті. Бұл жөнінде  негізгі пәндер гуманитарлық циклде болып келеді. Мектептің тәрбие міндеттеріне сүйене отырып, өз сыныбындағы окушылардың ерекшеліктері мен тәрбиелілік деңгейлерін ескере отырып, осы мәселені шешуге пән мұғалімдері, оқушыларды, ата - ананы, демеушілерді т.б. тарта отырып, тәрбие жұмысын ұйымдастырады. Сыныптағы ұжымдық тұлғалық сана тәрбие процесі жағдайына тәуелді. Диагностикалық әдіс - тәсіл оқушының тұлғалық адамгершілік қалыптасу деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Оқушыларды адамгершілік құндылықты сезінуге үйретуде және сапалы білімді меңгеруге іс - әрекетті ұйымдастырудың мәні зор.

Тәрбие нәтижелерінің  диагностикасы негізінде жеке тұлғалық дамудың сипаттамасы. Сынып жетекшісінің диагностикалық іс - әрекеті тәрбиелік жүйені құрудың негізі болып табылады.

 

 

1.4 Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік сана ерекшелігін талдау

 

Еліміздің болашағы ұрпақ тәрбиесінде, оқу процесінде өркениетті қоғам мен құқылы мемлекеттің, нарықты экономика кезеңінің  қалыптасуы өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін  ойлау қабілеті мен шығармашылық, кәсіби біліктігі мен білімділігін керек ететіні белгілі.

Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне  тән санасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын ортасы бар екенін ескере отырып, оқушының білімге, ғылымға деген  ынтасын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, диалектикалық дүниетанымын, өмірлік мақсат-мүддесін айқындауға, жеке басының қасиеттерін дамытып оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу мектеп өміріндегі үздіксіз оқу – тәрбие процесінің ғана жемісі болып табылады.

Мектепке алғаш  келген балалардың ой - өрісінде, сана - сезімінде кездесетін жеке ерекшеліктер олардың психологиялық даму жағдайларына байланысты. Өйткені барлық қабілет-қасиеттердің негізі мектепке дейінгі кезеңде қаланып, кейінгі жаста тереңдей түсетіні психология, педагогика, психофизиология ғылымдарында теориялық және тәжірибелік тұрғыдан дәлелденген. Оқушыны тұлға ретінде жан-жақты зерттеп білу – оның даму бағытын айқындаудың басты шарты. Сондықтан да қазіргі педагогикалық психологияның оқушының саналы әрекетіне мән бере бастауының бір себебі осында. Біз өзімізді түсінуді үйренгіміз келеді. Тұлғалық қасиетіміз қалай қалыптасады? Адамдардың бізге ықпалы қандай? Біз күнделікті өмірдің түйткілінен арылу үшін өзімізді қалай танып, білуіміз керек? Өзімізді танығаннан кейін ғана, өзгелерді түсініп, өмірді танитын боламыз, тек сонда ғана алға қойған мақсатымызға жетеміз.

Тұлғаның өзін - өзі тануының негізгі құрамдас бөліктерін эксперименттік түрде анықтау мақсатымен оның төрт негізгі аумағын және олардың параметрлерін бөліп қарастырсақ, оларды төмендегідей көрсетуге болады.

1. Тұлғаның мотивациялық  аумағы: мінез - құлықтың және іс - әрекеттің мотивтері, әлеуметтік қажеттіліктер;

2. Белсенділік  аумағы: интерналдылық, инициативтілік, өзіне-өзі сенімділік, өзін - өзі таныту;

3. Тұлғаның құндылықтық-мағыналық  аумағы: құндылықтық бағдарлар, өмірдің мағынасы мен мақсаттары;

4. Тұлғаның этникалық  өзіндік санасының аумағы –  этникалық жаңсақ нанымдардың  негізінде қалыптасатын этномәдени  сәйкестілік.

Өзін - өзі танудың алғашқы қадамы: өзін - өзі тану, өзінің істеген ісінің салдарын білу, оны саналы түсіну. Өзін - өзі тану бастауыш буында оқитын жеке тұлғаның рухани - адамгершілігін дамытуда, оның бойында жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыруда ең маңызды орын алады, адамгершілікке тәрбиелеудің негізі, қарым - қатынас жасау мен дүниетанудың құралы, баланың зердесі мен шығармашылығын дамытудың арнасы. Ол арқылы оқушы қоршаған ортаны таниды, ұлттық мәдениетті, дүниетанымды сезіне бастайды, өзіндік пікірі қалыптасады, өзін-өзі танудың қарапайым қадамдарын жасай алады.

Өзін - өзі тану әңгімелесуге, шындықты бірлесе іздестіруге, білімді бірге игеруге, өздік шығармашылықты, ішкі белсенділікті оятуға бағытталған. Жеке тұлғаның бойында жақсы көру, бейбітшілік, әдептілік, шыншылдық, аяушылық, адалдық, имандылық, сыйластық, достық, сүйіспеншілік, кішіпейілділік, жанашырлық, жақсылық жасау, әділеттілік, елжандылық, ізеттілік, сенім, махаббат, қайырымдылық, қамқорлық жасау сияқты құндылықтарды қалыптастыру көзделген. Өзін - өзі тану психологиялық, педагогикалық, философиялық ғылым негіздеріне сүйене отырып, мына міндеттердің орындалуын көздейді:

- жеке тұлғаның  «Менің» (өзімшілдігін емес) ояту;

- қоршаған ортасына  деген қызығушылығын ояту;

- негізгі рухани - адамгершілік категорияларына көңіл аударту;

- балалардың  бойында әлем және адамзат  туралы түсінік қалыптастыру;

- өзінің адамгершілік  мінез - құлықтарына баға беру мүмкіндіктерін қалыптастыру және танымдық белсенділігін арттыру.

Өзіндік тану –  күрделі психологиялық құрылым, бірнеше қасиет ерекшеліктерін қамтиды. В.С. Мерлиннің есептеуі бойынша, біріншіден, өзінің бір беткейлігі, екіншіден, саналы түрде өзінің «мені», үшіншіден, өзінің психикалық қасиеттері мен ерекшеліктерін тану, төртіншіден, әлеуметтік - адамгершілік өзіндік бағалауын анықтау. Осы элементтердің барлығы өзара функционалды және генетикалық жағынан байланысты, бірақ олар бір мезгілде қалыптаспайды. Баланың санасы заттарды денесімен сезу арқылы ғана пайда болады. Үш жастан бастап өзін анықтай бастайды. Өзінің психикалық қасиеттерін тану мен бағалау әсіресе жеткіншек, жасөспірім шақта маңызды.

Өзiндiк сана – «Мен»  образын тану субьектiсi ретiнде «Мен» iс - әрекетi (Мен-концепциясы). «Мен» образы, «Мен» субьективтi ретiнде құрылымындағы реттеушi қызмет. Өзiндiк сана құрылымының төмендегi кестеден көруге болады.

Кесте 2.1 – Өзіндік  сана құрылымы

 

1. Эмоционалды құндылық  қатынасы

2. Өзiн - өзi тану

3. Өзiн - өзi реттеу

4. Өзiн - өзi бақылау

5. Өзiн - өзi бағалау

«Мен» субьект ретiнде  әртүрлi белсендi iс - әрекеттердiң әсерiнен өзiн - өзi тану қызметiн атқарады, оның өзi эмоционалды құндылық қатынасымен тығыз бiрге жүредi.

Қазіргі заман  психологиялық әдебиеттерде өзін - өзі тану мәселесін зерттеудің бірнеше тәсілі бар. Өзінің пайда болған сәтінен бастап Мен - концепциясы үш функционалды - рольдік аспектісінің белсенді бастауынан тұрады:

1. Мен - тұжырымдамасы - ішкі келісімді қамтамасыз ету құралы. Тұлға теориясының бірқатар зерттеулері адам жетістікке жету жолына әркез ішкі келісім негізінде барады. Ішкі үйлесімділік қажеттілігін сезу арқылы адам теңсізді жою үшін түрлі іс - әрекетке барады. Оның нақты факторы ретінде адамның өзі жайлы ойы саналады.

2. Мен - тұжырымдамасы - тәжірибе түсіндіру құралы. Бұл Мен - тұжырымдамасының функциясы адамның жеке тәжірибесін түсіндіреді, яғни адам өз тәжірибесі арқылы өзін, өз іс-әрекетінің тұрақты тенденциясын анықтайды.

3. Мен - тұжырымдамасы – күтілетін болжам жиынтығы тәрізді. Адамға әлде бір жағдайдың өту барысына болжау жасау қасиет берілген. Адам өз маңызына қарай өзгелердің өзіне деген қатынасын болжайды. Олар: ешкімге қажетсіз, ұнамауы мүмкін, соған байланысты әрекетке бару немесе өз қылығымен айналасындағыларға түсіндіру.

Мен - тұжырымдамасын күту, болжау, әр түрлі іс-әрекетке қатысты бағалау жүйесі ретінде қарастыра отырып, көптеген зерттеушілер бұл функцияны орталық деп санайды. Көптеген психологиялық теорияларды мен - концепциясы ең негізгі түсінік болып саналады. Содан бергі уақытта әлі бір әмбебап анықтама берілген жоқ, не терминологияда бірлік жоқ. Кейбір авторлардың мен-тұжырымдамасын жалпы белгілеуге қолданатын терминдерді кейбірі тек оның жеке элементтерін белгілеу үшін ғана қолданады.

Мен - бейнесінің үш негізгі құрамын қарастырайық.

1. Мен - тұжырымдамасы немесе Мен - бейнесінің когнитивтік құрамы.

Тұлғаның кей жағдайда өзі туралы түсінігі ереже бойынша сенімдірек болуы мүмкін, ол объективтік білім мен субъективтік пікірге негізделуіне байланысты емес. Кей кезде адамның қабылдау пәні - өз денесі, өз қабілеті, оның әлеуметтік қатынасы және тағы басқа ерекше құбылыстар болады. Мен-бейнесін қалыптастыруға жетелейтін өзіндік қабылдаудың нақты амалдары әр алуан болады. Адам өз өзін сипаттауда сын есімдерге жүгінеді, олар: «сенімді», «ашық», «әлді», «әдемі», тағы басқа, бұл сөздер абстрактілі мінездеме болып саналады, олардың нақты жағдайларға қатысы жоқ, яғни адам өзін, әрекетін, қылығын суреттейтін сөздер бұл оның өзіндік қабылдауында қалыпты. Бұл сипаттаулар: атрибутивті, рольдік, статусты, психологиялық, тағы басқа жалғастырыла беріледі. Осының бәрі өзін сипаттау сатысы элементтерін құрайды, олар өмір тәжірибесіне, еліктеу, өзге әсер ету кезіне байланысты өзгеріп отырады. Бұл орайдағы өзіндік сипаттау – бұл өзіне мінездеме беру әдісі, әр тұлғаның қайталанбас ерекше қасиеттерін көрсету. Бірақ адам өзін толық сипаттай ала ма? деген сұрақ туындайды. Сондықтан адамның өзі жайлы білімі ерікті, қарама-қайшылықты болуы мүмкін емес. Бұл Мен - концепциясының екінші құрамдас бөлігін көрсетеді.

Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық ерекшеліктерінің теориялық негіздері