Бастауыш сыныпта оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі музыканың рөлі. 2
Қазақстан Білім және Ғылым министрлігі
Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университеті
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Бастауыш сыныпта оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі музыканың рөлі
Тексерген: Сұлтанова Н.К
Орындаған: Маямерова Б.М
ПМНО(ССО) – 3 курс
Жоспар:
Кіріспе ------------------------------
1. Жас ұрпақты тәрбиелеуде эстетикалық тәрбиенің алатын орны
1.1. Оқушыларға эстетикалық білім берудің жолдары -----------------------------6
- .Бастауыш сыныптағы эстетикалық тәрбие - оқу тәрбие процесінің негізі-9
- . Эстетикалык тәрбиенің өнер әдістері арқылы дамуы ------------------------13
2.Эстетикалық тәрбиенің
музыкалық білім берудегі
2.1.Музыканың эстетикалық
білім берудегі рөлі ------------------------------
2.2.Қазақ фольклоры арқылы оқушыларға
музыкалық-эстетикалық тәрбие берудің
педагогикалық негіздері ------------------------------
2.3. «Отан
– менің ата-анам» атты
Қорытынды ------------------------------
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ------------------------------
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзетілігі: Қазақстан білім беру жүйесі мемлекеттік деңгейде ірі оң өзгерістерге ұшырап жатқаны белгілі. Білім сатыларының барлығын дерлік қамтып отырған бұл іс-шара мектепке дейінгі мекемелерден бастап, орта білім беру сатысы және жоғары білім беру сатысына дейінгі жүйелі жұмысты алға қойып отыр.
Музыка өнерінің мақсаты- өскелең ұрпақты тамыры терең ұлттық өнер қазыналарымен сусындату, дүниежүзілікүздік музыка өнерінің шығармаларына баулу, олардың әсемдік пен эстетикалық көзқарасын кеңейте отырып, олардыңәсемдік пен эстетикалық көзқарасын кеңейте отырып, оған деген аялы қатынасын орнату.
Көркеми талғамын қалыптастыру,
сұлулық пен әсемдік дүниесіне
өзтарапынан ойлы пайыдауларын
білдіруге тәрбиелеу болып
Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі қоғам амуындағы жалпы адамзат құндыықтарына деген, адамның өзіндік дара қасиетіне деген үндеуді сипттайтын бүгінгі жағдайы айқындау. Қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдай, іскерлікқасиеттерң жоғары адамгершілік қасиеттерімен үйлесімді келген тұлғаны қалыптастыруды міндеттейді. Міне, осыған байланысты жеткіншектердің музыкалық тәрбиесінің әлеуметтік маңызы да арта түсуде.
Жеткіншектердің музыкалық
тәрбиесімен білім алуында
ҚР қосымша және бастауыш музыкалық білім беру мазмұнын модернизациялаудың теориялық негіздеріне алдымен:
- болмыстағы құбылыстардың жалпыламалық байланысы туралы, үкіметтіңмузыка мектептерінің, өнер мектептерінің және арнайы музыкалық дарынды мектерінің жұмысын жетілдіру мәселесіне байланысты құжаттары басты орында тұруы керек.
Бүгінгі таңда республикамызда болып жатқан түрліәлеуметтік-экономикалық процестерде, халықтың ұлттық сезімін оятуды, жеткіншектерді ұлттық және жоғары музыка өнері арқылы патриоттыққа тәрбиелеу жұмыстарын жақсартуды талап етеді.
Жеткіншектердің музыкалық дамуындағы нақты міндеттерді шешуге қолайлы ерекшеліктерді әрбір музыкант-педагог басшылыққа алуы тиіс:
- оқушының өзіндік санасының дербестілікке және тәуелсіздікке ұмтылысы;
- жеткіншектің музыка шығармаларына әсерленуі, белсенділігі;
- өнер туындыларының көркемдік идеясын түсінуі және т.с.с.
Зерттеу объектісі: оқушылардың музыкалық-эстетикалық білімі
Зерттеу пәні: оқушылардың музыкалық білімін теориялық және әдістемелік тұрғыда дамыту процесі.
Курс жұмысының мақсаты: Бастауыш сыныпта эстетикалық тәрбие арқылы музыканы сүюге баулу жолдарын зерттеу;
Курс жұмысының міндеттері:
- оқушыларға эстетикалық білім берудің жолдарын айқындау;
- бастауыш сыныптағы эстетикалық тәрбие - оқу тәрбие процесінің негізі екенін негіздеу;
- эстетикалык тәрбиенің өнер әдістері арқылы дамуын анықтау;
- музыканың эстетикалық білім берудегі рөлін көрсету;
- Қазақ фольклоры арқылы оқушыларға музыкалық-эстетикалық тәрбие берудің педагогикалық негіздері
- «Отан
– менің ата-анам» атты
Зерттеудің болжамы: -егер оқушыларға эстетикалық тәрбие арқылы білім беруді қазіргі педагогикалық тұрғыда оқытып , тәрбиелесе, әр оқушының музыкаға деген көзқарасы қалыптасады.
Зерттеу пәні: бастауыш мектеп педагогикасы
Зерттеу әдістері: оқушыларымен мен мұғалімдер арасында сауалнама жүргізу, педагогикалық тұрғыда бақылау, озық эстетикалық педагогикалық тәжірибелерді талдау.
Жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, пайдаланған әдебиеттер тізімі тұрады.
1. Жас ұрпақты тәрбиелеуде эстетикалық тәрбиенің алатын орны
1.1.Оқушыларға эстетикалық білім берудің жолдары
Адам сезімін тәрбиелеу мәселесі көпжақты факторлармен шешімін табады, соның ішінде онер басты роль атқарады. Өнер арқылы адам өзінінің шынайы көңіл күйін білдіреді, өнердің өзінен үйрене отырып, оның қиын күрделі тілін түсіне білуге ұмтылады, рухани жан дүниесін эстетикалық талап тұрғысынан тәрбиелейді. Өнердің құндылығы сонда, ол адамның адамгершілік дамуына бағытталган. Нағыз әсем өнер ғана адам жанына рухани азық болады, адамның адамгершілік сезімін молайтады. Өнердің бастау бұлағы - сурет салу өнері. Тамыры тереңге кеткен өнер атаулы өзінің нәрін сурет өнерінен алады. Соңдықтан сурет салуды үйрену — жас ұрпақтың танымдық ой-өрісінің кеңеюіне, өнер әлемін тануына апарар жол боп табылады. Бүгінгі таңда өскелең ұрпаққа қазақ қолөнер кәсіпшілігі эстетикалық тәрбие беруде тиімді құралы болып отыр.
Тұрмыстық заттар мен құралдарын әшекелеуде қолөнер кәсібі, эергерлік өнер дамып эстетикалық мәні бар өнер шығармаларына айналып отыр. Қазақтардың қолданбалы өнері негізінен тұрмысты әшекейлеу үшін пайдаланғаны белгілі. Оның ішінде ең көп тарағаны ою-орнек өнері. Ою-өрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қолөнердің барлық түріне ортақ әсемдеп, әшексйлеудің негізі болып келеді. К Маркс: "Көне заман өнерлерінің шығармашылығы бізге әлі де болса көрермендер ләззатын беріп келеді және белгілі бір мағынада алғанда қол жетпес үлгі өнеге болу маңызын да сақтап отыр" – дейді. [6, 58]
Қолөнердегі көңілге қонымды мәнерлер мен ондағы қолданылған әдістер архитектурада кеңінен орын алып келеді. Өнер арқылы тәрбие беру жүйесінде музыка мен театр ерекше маңызға ие.
Әдемі ән әуені, тамаша музыка адамдардың жан дүниесін жадыратып, көңіл-күйін сергітеді, ой-өрісін байыта түседі. Жалпы музыка әуені адамдарға алғаш келген күндерінен бастап-ақ зор әсер етеді. Өйткені, ол жан дүниесінің азыға іспеттес, сондықтан ол эстетикалық тәрбиенің негізгі бір басты саласы боп саналады.
Музыка тілмен жеткізе алмайтын адамның тереңде жатқан нәзік сезімнің құралы. Атамыз Абай "Құлақтан кіріп бойды алар, әсем мен тәтті күй" - десе, Л. Н. Толстой, "Жақсы музыка- көңіл-күйдің, жан-сезімнің шежіресі"-деген.
Адамға рухани ықпал жасаудың тағы бір құралы – театр өнері. Жас ұрпаққа тәрбие беруде театрдың ықпалы ерекше, себебі оның эмоциялық ықпал ету күші бір мезгілде жүздеген көрермендерді өзіне тартады. Театр өнерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол-әдебиет, сөз өнері, музыка, бейнелеу өнерлерінің амал-тәсілдерін бойына жинақтаған синтездік өнер. Мұндай жиынтық сахна мен көрермендердің, олардың ойлары мен сезім-күйлерінің озара байланысын ортақтастығын орнатады . Жалпы сахна аясында адамның эстетикалық талғамының дамуына ықпал жасамайтын ұсақ-түйек нәрсе жоқ. Әртістің сахнаға шығуынан бастап, оның киген киімі, сөйлеген сөзі, өзін ұстай білуі, сөйлеу мәнері - бәрі көрермендерді сұлулық ләззатына бөлеп, талғамдарын қалыптастыруға, адамгершілік қасиеттерін шыңдауга үлкен ықпал етеді. Тіпті концерт залдары мен театрлардың, мәдениет сарайларының сахналары көрермендерге тек ізгілік пен әсемдіктің жарқын үлгілерін ұсынады. Келесі кезекте жас ұрпақтың көркемдік танымын қалыптастыруда, арман-қиялын дамытуда көркем әдебиет шығармаларын оқудың да игі әсері жоғары. Проза, поэзия арқылы бар жақсылықты сезініп, әдемілік пен жақсы істің әсерінен эстетикалық сана, талғамы артады, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік туғызады. Қазіргі әртүрлі информация тасқынының мол шағында жастардың көркемдік-эстетикалық бағдарын айқындауға, талғам түсінігін дамытуда әдеби-көркем шығармаларының тигізер пайдасы орасан мол. Эстетикалық тәрбие үрдісінде көрме залдары мен мұражайлардың атқаратын рөлі ерекше. Бұл бағыттағы жұмыс біздің елімізде, жан-жақта дамытылған . Мұражайда немесе көркем сурет галериясында болған жастардың жоғары адамгершілік қасиеттері қалыптасады рухани жан-дүниесі дамиды, тек жақсылыққа деген құштарлығы артады.Өнер арқылы тәрбиелеуде оқушылардың қолымен жасалған бұйымдары негізінде арнайы көрмелер ұйымдастырудың да маңызы зор. Бұл оқушы жастарды үлкен өнерге тәрбиелеумен қатар, олардың жақсы адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға да ықпал етеді. Тұлғаның эстетикалық көзқарасын, дүниетанымы мен мұратын бірлікте қамтамасыз ету жүйесінде баспасөз, радио, кино, көгілдір экран және кітапхана саласындағы жұмыстардың атқарып отырған қызметінің орны айрықша. Мәдениет ошақтарының бұл түрлері бүгінгі таңда жастардың жан-жақты жетілуінде айрықша мәнге ие болуда. Сондықтан өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде, соның ішінде эстетикальгқ тәрбиеде оның құндылығына айрықша мән беріп, оларды тиімді пайдалану, ұлтттық ерекшелікке сай оңдағы жұмыстардың бағыттары мен мазмұнын жаңартып отыру қоғамның, мемлекеттік саясаттың маңызды бір саласына айналып отыруы қажет.
Әсемдіктің таптырмас бұлағының бірі - табиғат. Ол адам баласының эстетикалық санасын қалыптастыруда оның беташары, қайнар көзі боп табылады. Табиғат құбылыстары мен оның сұлулығын, әсемдік жаратылысын танып білуде, табиғатпен бірге оған саяхат жасауда бала көңілінде қуаныш сезім орнайды, көңіл қуанышы шарықтайды, ерекше бір сезімге бой ұрады, жан-дүниесі рахатқа батады. Соның негізіндс балада рухани серпіліс пайда болып, туған еліне, жеріне, табиғатына деген сүйіспеншілігі артады.
Демек, бұның бәрі адам жанын байыту, рухани дүниесін ізгіліктендіру, оның өмірін мәнді де сәнді етіп тәрбиелеуде үлкен қазына.
1.2. Бастауыш сыныптағы эстетикалық тәрбие - оқу тәрбие процесінің негізі
Мектептегі эстетикалық тәрбие беру жұмыстары оқу-тәрбие процестерімен өте тығыз байланыста жүзеге асады. Оқушылардың оқу әрекетінде эстетикалық тәрбиеге қатысты теориялық білімдер беріліп, түрлі шығармашылық жұмыстар атқарылады. Ол мақсатты және жоспарлы түрде іске асады. Әрбір пәннің эстетикалық бағыты, оқу материалдарының мазмұны, сабақтар жүйесіндегі қолданылатын зстетикалық құралдар, мұгалімдер мен оқушылар арасындағы қарым-қатынастар - бәрі оқушылардың эстетикалық сезімі мен мұратын, талғамын, қабілетін тыңдауда жүйелі түрде қызмет етеді. Баланың эстетикалық сезімі ерте оянады. Мектеп жасына дейінгі кезенде ол сурет салуға, тақпақ оқуға, өлең айтуға құштар болады. Ендігі жерде мекгептің алдында тұрған міндет, сол құштарлықты дамытып, эстетикалық тәрбие міндеттеріне сай әрбір оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру, дамыту, өнерге қатысты дара қабілеттерін тәрбиелеу, оларға мүмкіншілік туғызу. Бұл бағытта оқу жүйесінде эстетикалық пәндер жоғары қызмет атқарады.
Олардың қатарына бейнелеу өнері, музыка сабақтары жатады. Әсемдік әлемінің таңгажайып сырын терең түсініп, көркемдік атаулыны шынайы сезініп, одан рухани ләззат алуға бағытталған бейнелеу өнері «Сурет", "Живопись", "Композиция", "Мүсіндеу", "Өнертану", "Көркем еңбек" салалары бойынша жүргізіледі. Бейнелеу өнерінің міндеті бізді қоршаған заттар мен құбылыстардың көрінісін, кескінін, түрін нақтылы суреттеуге, мүсіндеуге және композициясын құруды үйрету. Бейнелеу өнерінің ерекшелігі оқушылардың көркемдік тұрғыда ойлауға, шығармашылық елесін, қиялын, есте сақтау қабілетін жетілдіруде ықпалы зор. Қазіргі кезде жас ұрпаққа музыкалық – эстетикалық тәрбиеде нәтижелі табысқа қол жеткізілді . Музыка пәні сабағында оқушыларга осы саладан теориялық білімдері беріледі, оның тарихымен таныстырады, музыканы тыңдау, ән салу өнеріне үлкен мән беріледі. Оқушы жастарға сабақтар жүйесінде эстетикалық тәрбие беру жұмыстары тек эстетикалық пәндерді оқытумен шектелмейді. Сонымен бірге мектепте өткізілетін барлық оқу пәндерінің де оған қатысы бар. Атап айтсақ, тарих пәнда оқыту барысында адамзат қоғамның даму барысындағы әртүрлі халықтардың мәдениеті мен өнерінің дамуын; география пәні бойынша Қазақстанның табиғат жағдайларын, оның әсемділігі мен құдіретін, жер, су, қазба байлықтарын; әдебиет пәні сабақтарында сөз өнерін, оқу мәдениетін меңгеру, өмірді шынайы бейнесі тұрғысынан түсіну; шет тілі сабақтарында мәнерлеп оқу, оқылатын тақырыптарга сай көркем бейнелерін суреттеу, ән үйрену, оны нақышына келтіре айту т.б. толып жатқан эстетикалық тәрбиеге қатысты міндеттерді шешу барысында да атқарылады. Сабақтар жүйесінен бастау алған оқушылардың эстетикалық тәрбиесі, оқудан тыс кездерінде жалғасын табады. Оған оқушылардың сыныптан және мектептен тыс жұмыстарын жатқызамыз.
Мысалы, музыка пәнінен берілетін эстетикалық тәрбие тек күнделікті сабақта ғана шектелмсйді. Оны мектепте жүргізілетін көркемөнерпаздар үйірмелері, концерттік бағдамалары, байқаулары, таңертеңгіліктер, кештерді ұйымдастыру барысында жалғастырамыз.
Әдебиет пәні бойынша шағын көріністер қою, қыл қалам шсберлерімен кездесулер өткізу, қызықты кітаптар оқу, оқырмандар конференцияларын ұйымдастыру сабақтары барысында алған эстетикалык білімдеріміз бен түсініктерімізді одан әрі шыңдауға, қабілеттеріміз бен шығармашылық белсенділігіміздің одан әрі дамуына оң ықпалын тигізді. Сыныптан тыс тәрбие беру жүйесінде тәрбие сағаттарын ұйымдастыру, дайындау оны өткізу барысында олардың эстетикалык тартымдылығын қамтамасыз етудің де маңызы зор. Мұндай бұқаралық шараларды дайындау барысыңда оқушылардың қызығушылығы артып, ертеңгі күнге қуаныш сезімімсн қарайды, өткізілетін тәрбие тақырыбына сай безеңдіру жұмыстарымен қатар ән, би, көркемсөз өнерлерін әзірлеуде атсалысады. Оқушылардың осындай әрекетгері тартымды еңбек етулеріне, олардың іс-әрекет терін эстетикалық талапқа сай ұйымдасытуға жағдай туғызады. Сонымсн бірге осы саладағы мәдени құңдылықтарды оқушылар бойына сіңіруде мектеп кітапханасының парасатты қызметі ерекше. Дұрыс ұйымдастырылған кітапхана жұмысы тәрбие мектебі боп есептеледі. Кітапхана аясыңда өткізілген тәрбие шаралары оқушылардың көркем-әдеби шығармаларын сүю,
эстетикалык талғамдарын артгыру, мәдени ой-өрісін кеңейтуте орасан еңбек сіңіреді.
Оқушылардың эстетикалык сана-сезімін, көзқарасы мен талғамын, құштарлығын арттыруда, тәрбиелік ықпалдық нәтижесін қамтамасыз етуде ұстаздар ұжымының эстетикалық саласында білімдері мен қабілеттерінің болуы, оқушылар өмірін "әдемілік заңы" бойынша құруда олардың өздерінің белсеңді әрекеттерінің Қазақстанның табиғат жағдайларын, оның әсемділігі мсн құдіретін, жер, су, қалба байлықтарын; әдебиет пәні сабақтарында сөз өнерін, оқу мәдениетін меңгеру, өмірді шынайы бейнесі тұрғысынан
түсіну; шет тілі сабақтарында мәнерлеп оқу, оқылатын тақырыптарға сай көркем бейнелерін суреттеу, ән үйрену, оны нақышына келтіре айту т.б. толып жатқан эстетикалық тәрбиеге қатысты міндеттерді шешу барысында да атқарылады. Сабақтар жүйесінен бастау алған оқушылардың эстетикалық тәрбиесі, оқудан тыс кездерінде жалғасын табады. Оған оқушылардың сыныптан және мектепген тыс жұмыстарын жатқызамыз.
Мысалы, музыка пәнінен берілетін эстетикалық тәрбие тек күнделікті сабаққа ғана шектелмсйді. Оны мектепте жүргізілетін көркемонерпаздар үйірмелері, концерттік бағдамалары, байқаулары, таңертеңілікгер, кештерді ұйымдастыру барысыңда жалғастырамыз.
Әдебиет пәні бойынша шағын көріністер қою, қыл қалам шеберлерімен кездесулер өткізу, қызықты кітаптар оқу, оқырмандар конференцияларын ұйымдастыру сабақтары барысыңда алған эстетикалык білімдеріміз бен түсініктерімізді одан әрі шыңдауға , қабілеттеріміз бен шығармашылық белсенділігіміздің одан әрі дамуына оң ықпалын тигізді. Сыныптан тыс тәрбие беру жүйесінде тәрбие сағаттарын ұйымдастыру, дайындау оны өткізу барысында олардың эстетикалық тартымдылығын қамтамасыз етудің де маңызы зор. Мұңдай бұқаралық шараларды дайындау барысында оқушылардьщ қызығушылығы артып, ертеңгі күнге куаныш сезімімен қарайды, өткізлетін тәрбие тақырыбына сай безендіру жұмыстарымен қатар ән, би, көркем сөзөнерлерін әзірлеуге атсалысады. Оқушылардың осындай әрекеттері тартымды еңбек етулеріне, олардың іс-әрекеттерін эстетикалық талапқа сай ұйымдасытыруға жағдай туғызады. Сонымен бірге осы саладағы мәдени құндылықтарды оқушылар бойына сіңіруде мектеп кітапханасының парасатты қызметі ерекше. Дұрыс ұйымдастырылған кітапхана жұмысы тәрбие мектебі боп есептеледі. Кітапхана аясында өткізілген тәрбие шаралары оқушылардың көркем-әдеби шығармаларын сүю, эстетикалық талғамдарын арттыру, мәдени ой-орісін кеңейтуге орасан еңбек сіңіреді.
Оқушылардың эстетикалық сана-сезімін, көзқарасы мен талғамын, қүштарлыгын арттыруда, тәрбиелік ықпалдық нәтижесін қамтамасыз етуде ұстаздар ұжымының эстетикалык саласында білімдері мен қабілеттерінің болуы, оқушылар өмірін "әдемілік заңы" бойынша құруда олардың өздерінің белсенді әрекеттерінің болуы да мұғалімдер қауымына үлкен жауапкершілікті жүктейді. Өйткені оқу құралдары мен сыныптан тыс шаралардың мазмұны эстетикалық шараларға сай міндеттерді шешуде бізге жеткілікті сияқты көрінеді, ал оларды мұгалімнің оқу-тәрбие процесінде қолдана білуі өзінен-өзі мүмкін секілді болып есептеледі. Практика жүзінде ол, олай емес. Осыған орай мектеп мұгалімдерінде белгілі бір мөлшерде эстетикалық даярлықтың болуы оқушыларды көркемдікке тәрбиелеу мәселелері мен эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың бірден-бір кепілі болмақ. Бұл бағытта мсктептер мұгалімдерден құрылған көркемөнерпаздар үйірмелері, немесе үйірмелерде мұғалімдер мен оқушылардың бірігіп жұмыс істеуі мектеп үшін де, жалпы ұстаздар қауымы үшін де өнеге болмақ.
1.3. Эстетикалык тәрбиенің өнер әдістері арқылы дамуы.
Әсіресе табиғатқа саяхат жасаған кезде балаларда оның сұлулығын зстетикалық тұрғыда қабылдауы күшейеді, ерекше рухани серпініс, сүйсіну сезімі туады, ой мен қиялы дамиды,туып-өскен табиғатқа деген сүйіспеншіпік сезімі нығаяды. Саяхат кезінде оқушылар әр қилы тапсырмаларды орындайды: заттың өзіне қарап суреттер салады, ұнаған жерлерін суретке түсіреді, коллекциялар үшін материалдар жинайды, кішігірім мүсіндер үшін ағаштың кеуіп калған бұталарьн, тамырларын жинайды.
Оқушылардың эстетикалык талғамын жетілдіре, бекіте түсу үшін оқушылар табиғат көріністерінің сұлулығы жырлаған шығармаларды (жазушылардың, композиторлардың, суретшілердің) көбірек пайдаланғаны дұрыс.
Адамның эстетикалык мүмкіншілігі көбінесе өнерде байқалады. Өнерде эстетикалык тәрбие қатынасының өмірге қажетті деген басты ерекшеліктері жинақталған. Ол ең бірінші адамның творчествоға деген қабілеттілігін «әлемдік заңымен» жетілдіреді, оның әдемілікке деген көзқарасын тәрбиелейді, қалыптастырады. Егер өнер адамдардың сұлулық пен эстетикалық тәрбиесінің меңгерушісі десек, артық кетпеген болармыз. Қалай болмасын әрбір адам өнердіи игілікті күшін бала кезден бастап сезінеді. Ол біздің рухани жағынан жетілуімізге ықпал етеді, жеке басты және қоғамдык өмірде кездесетін мәселелердің шешімін табуға, тіпті кей жағдайда өмірден өз орныңды табуға көмектеседі. Жалпы білім беретін мектептін оқу жоспарында көркемдік қиял пәндері - әдебиет, музыка, бейнелеу өнері енгізілген. Жеке адамдардьщ жан-жақты жетілу міндеттерін ескере отырып өздеріне өнердін күрделі жиынтығын біріктіреді. [22;19]
Педагогикада эстетикалық тәрбиені өнер әдістері арқылы жүзеге асыратын болғандықтан «көркем тәрбие» деп атайды. Эстетикалық тәрбие өнердің әдістері арқылы, табиғатқа, өнер саласының өзіндік ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі жолмен жүзеге асады. Оқушылардың оқу үрдісі мен сыныптан тыс жұмысы негізінде көркем тәрбиенің жалпы және негізгі әдіс-тәсілдеріне тоқталайық:
1) Көркемдік шығармаларды орындау немесе көрсету. «Мың рет естігеннен - бір рет көрген жақсы»- дегендей, балаларды мүмкіндігінше кеи көлемде өнер құбылыстарымен жақын араластырып отыру қажет.
2) Көркем шығармаларды талқылау және бағалау. Әдемілік құбылыстарын бағалай білуге тәрбиелеу, өздерін ойын эстетикалык тұрғыда дәлелдеуге дағдыландыру.
3) Өнертану білімдері саласынан мағлұмат беру. Оқушы өнер түрлерінің теориясы саласынан, онын тарихи даму жолынан хабардар болуы керек.
4) Оқушылардың шығармашылық және орындаушылық әрекеттерін ұйымдастыру. Көркем әрекеттерінін әрбір түрлерінде жаттығу арқылы оқушылар өздерінін мүмкіндіктерін, қабілеттілігін, дағдысын жетілдереді.
Эстетикалық тәрбиенін дамуы үрдісінде ана тілі, ән айту мен музыка, бейнелеу өнері лайықты функцияларды атқарады. Әдебиеттік талғам мен эстетикалық ықыластылықты тәрбиелеудін ең бір күшті әдісі - оқу мәдениетін дамыту. Оқушылар ана тілі сабақтарында әдебиет сөз өнері тұрғысында қабылдауға, көркем шығармаларды өзінін қиялы арқылы жеткізуге, кейіпкерлердін өзіндік ерекшеліктері мен мінез-құлықтарын байыппен аңғартуға, олардын іс- қылықтарын дәлелдеп қорытындылауға үйренеді.
Баланың өзін қоршаған дүниені өнер арқылы танудың бір жолы ол -бейнелеу өнері. Бейнелеу өнері дегеніміз — біздің өзімізді қоршап тұрған дүниені көре отырып, жанды-жансыз заттарды кейіптеп түсіну (живопись,графика, мүсін), бейнелеуге болады. Жан-жануарларды, табиғатты, тіпті әрбір адамның мінез-құлқын да айнытпай бейнелеуге болады. Сондықтан мектептегі сурет сабағы — бейнелеу өнерінің негізі болып табылады.
Бейнелеу өнері — қоғамның рухани қажеттерінің бірі. Ол оқушыларды тәрбиелеуде, эстетикалық, оның бүкіл ой-арманы мен сезімдерін қалыптастырудың құралы.
Адамдар бейнелеу өнерімен қоғамның алғашқы даму сатыларында шұғылданған. Олар жартастарға, өздері тұрған үйлерінің қабырғаларына және т. с. ойып суреттер салған. Ол суреттер сол халықтың негізгі кәсібін бейнелеген. Әсіресе балық аулау, мал өсіруді бейнелеген суреттер .
Қазақстандағы бейнелеу өнерінің ерте кезде, неолит және қола дәуірінде-ақ дамығандығын айта аламыз. Оған Дасыбай және Улы тау жартастарына ойып салынған суреттер қазбасы дәлел бола алады. Бұл ертеде өткен ата-бабаларымыздың арасында да талай шеберлердің болғандығын айқындай түседі. Бұған Қарғалы және Жамбыл көмбелерінен табылған құмыра ыдыстар, зергерлік бұйымдарда салынған хайуанаттар суреттері де дәлел.
Өнер иелерінің еңбектері арқылы окушылар өз өлкесінің сұлу табиғатын, өз республикасының өткені мен бүгінгісін, халқымыздың тұрмысы мен әдет-ғұрпын тани түсуге мүмкіндік алады.
Бейнелеу өнері арқылы эстетикалық тәрбие берудегі жұмыстың нәтижелі болуы біріншіден, мектептегі сурет пәнінен сабақ беретін мұғалімге байланысты болса, екіншіден, сол мектеп ұжымдарының бейнелеу өнерін көрнекі құрал — сурет деп қарамай, өмірді өнер арқылы танудың құралы — деп қарағанда іске асатынын дәлелдемекпіз.
Сурет пәнінің мұғалімі сурет салуға бейімдігі бар оқушыға айрықша қамқорлық жасап, жағдай туғызып отыруы керек. Сөйтіп, болашақта суретші болуды армандайтын оқушылар болса, оларға тиісті нұсқаулар беріп,басшылық етіп отырғаны жөн.
Мұғалім сабақ процесінде дидактикалық принципті берік сақтайды. Жеңілден ауырға қарай біртіндеп көшіп отырады. Бастауыш кластар мен жоғары кластардағы сабақтардың мазмұны да, методикасы да, салғызатын суреттерінің сипаты да өзгеше болып келеді. Сабақ беру тәсілдері сол кластың өзіне арналған программаны орындау, оқушыларға сурет салу жөніндегі белгілі бір дәрежедегі, белгілі бір шамадағы дағдыларды меңгеру талабына бағындырылады. Мұғалім сабақ үстінде әр баланың салған суретіне, оны салу техникасына, сурет тексіне, бояуларының үйлесіміне назар аударып, басшылық етіп отырады. Бұл - оқушылардың эстетикалық жақтан дұрыс дамуына мүмкіндік беретін, жөн сілтейтін басшылык болып табылады. Ұстаздың ондай жетекшілік көмегі оқушы балаға әрқашан қажет.
Оқушыларды сурет салуға үйрету үшін оларды ең алдымен нақтылы затты, нәрсені дұрыстап көре білуге, соны ұға білуге дайындау керек. Сондықтан мұғалім алдымен мектеп балаларының байқампаздық қабілетін дамытуға зер сала отырып, өз жұмысын бейнелеу өнеріне сауат ашудан бастайды, сурет салғызады, балшықтан түрлі үлгілер жасатады, пластилиннен жұмыс істеуге үйретеді. Бұл жұмыстар үстінде балалардың сезімі, ақыл-ойы, шығармашылық қиялы дамиды, әр түрлі материалдардың (бояудың, балшықтың, пластилиннің т. б.) сапасымен, олардың қасиетімен танысады. Сынып жоғарылаған сайын бала да рухани жағынан өсіп,сурет, мүсін өнерінен сауаты ашылып, оны тани да, бағалай да білетін дәрежеге жетеді. Оқушының мұндай дәрежеге жеткені-мұғалімнің алдына қойған мақсатының орындалғаны деуге болады.
2.Эстетикалық тәрбиенің музыкалық білім берудегі ерекшелігі
2.1.Музыканың эстетикалық білім берудегі рөлі
Музыка эстетикалық тәрбиенің маңызды бір бөлігі бола отырып, жеке тұлғаның ақыл-ойы мен дене бітімін жетілдіріп. жан жақты өмір тәжірибесін кеңейтуге, қызғушылық біліктілігін және ойлау қабілті дамытуға, шығармашылық іскерлікке тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады, оқушыларды халықтық музыкаға баулиды.
Эстетикалық тәрбиелеу көркемдік әсер тірелмейді, оның құралдары алуан түрлі, ал өнер, оның ішінде музыка сол құралдардын бірі ғана. Бірақ мұнда өнсрдің, оның ішінде музыканың атқарар ролі ерекше.
Тек өнер ғана адамның шындыққа тарихи қалыптасқан эстетикалық қарым-қатынас тэжірибесіне ашады, қорытындылайды, жүйелейді. Кез келген мәселені шеше отырып, онер шыңдықтың эстетикалық деректерін бейнелейді және ойластырады, ал өмірлік құбылыстарды бағалай отырып басқалармен бірге оларды эстетикалық бағалауга түсіреді. Сонымен бірге ол эстстикалық эмоция туғызады жәнс эстетикалық ләззатқа бөлейді. Мұның бәрі өнерді, демек, музыканы эстетикалық тәрбие берудің ерекше әсерлі және ешнәрсемен алмастыруга болмайтын құралына айналдырады. Өнердіц эстетикалық тәрбие бсруге қатысуы оның міндетті қызметтерінің бірі болып табылады. Бүл міндетті қызмет, бірақ жалғыз және дербес қызметі емес. Ол өнср атқаратын жәнс оның табиғатымен, қоғамдық өмірдегі ерекше орнымен анықталып, әлеуметтік қызметтердің күрделі жүйесімен жымдаса байланысқан. Өиердің, дсмек, музыканың да мынадай қызметгері бар: гноссологиялык (шындықты өзіндік тәсілмен тану), аксеологиялық (оны өзіндік тәсілмен бағалау), насихаттаушылық (саяси, философиялық, этикалық және басқа қоғамдық идеяларды тарату), геоденистік (рухани көтеру, ерек-ше ләззатгану), сутгестивтік (эмоция мен ойдың белгілі бір тәртібіне иландыру), сауаттандыру ("өмірдің оқулығы" қызметін атқаруы), эвристикалық (адамдардың шығармашылық мүмкіндіктерін белсендіру және дамыту), коммуникативтік (адамдар арасындағы қарым-қатынастың ерекше қызметі, өзіндік құралы ретінде әрекет етуі) және т.б.

- Бастауыш сыныпта оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі музыканың рөлі
- Бастауыш сыныпта оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларын пайдаланудың әдістемелік негіздері
- Бастауыш сыныптарда әдіс-тәсілдердің қолданылуы
- Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағында оқушылардың көрнекілік арқылы қызығушылығын ояту және құзыреттіліктерін дамыту
- Бастауыш сыныптардағы математика сабақтарында қолданылатын инновациялық әдіс-тәсілдер
- Бастауыш сыныптарды оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асырудың теориялық негіздері
- Бастауыш сыныпта фонетиканы оқыту
- Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық ерекшеліктерінің теориялық негіздері
- Бастауыш сынып оқушыларының шыәармашылық қабілеттерін арттыру жолдары
- Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық қабілетін дамытудың жолдары
- Бастауыш сыныпта бейнелеу өнері сабағы арқылы оқушылардың танымдық қызығушылықтарының қалыптастырудың әдістемесі
- Бастауыш сыныпта дамыта оқытудың ғылыми педагогикалық негiздерi
- Бастауыш сыныпта есеп шығаруда көрнекілікті пайдалану әдістемесі
- Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінде дидактикалық ойындарды қолданудың әдістемесі