Бастауыш сыныптарда әдіс-тәсілдердің қолданылуы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Бастауыш сыныптарда әдіс-тәсілдердің қолданылуы
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.......................
1 Бастауыш сыныптарда
әдіс – тәсілдердің маңызы.....
1.1 Педагогикалық
1.2 Бастауыш білім берудің
жаңа мазмұнын жобалаудың
1.3 Бастауыш білім берудегі
оқыту әдісі...................
2 Бастауыш сыныптарда әдіс-
2.1 Модульдік технологияны
2.2 Сезім тәрбиесіндегі дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді қолдану..................20
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................
ҚОСЫМША.......................
Кіріспе
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады.
Тәрбиенің сан салалы, күрделі мәселелеріне терең бойлауға бастайтын, күнде-лікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы – бастауыш мектеп. Бастауыш саты – білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Келешекте жалпы білім алу мен кез келген арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы осы бастауышта қаланбақ. Сондықтан, оның сипаты мен мазмұны, оқытудың әдістері мен формалары қазіргі жағдайда жан-жақты талданып отыр. Өйткені, баланың жеке бас қасиеттері, оның адамгершілі-гінің, белсенділігінің қалыптасуы мектеп-ке дейінгі тәрбие мен бастауыш сынып-тарда жүзеге аспақ. Оқушының рухани күш-қуаты мен ерік-жігерінің, шығарма-шылық қабілетінің, жалпы мүмкіндікте-рінің ашылар кезі. Бастауыш мектептің негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптас-тыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға – Ұстаз. Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады.
Халқымыз әрқашан да ұстаз мәртебесін көтеріп, аса жоғары қастерлеп, бағалаған. «Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға», «Адамның адамшы-лығы жақсы ұстаздан болады» деп айтқан ұлы Абай. Ал чехтің педагогы Я.А.Коменский: «Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз жалын иесі» деп ұстаздар қауымын жоғары бағалаған.
Мектеп табалдырығын аттаған
жас бала ертеңгі ел тұтқасы десек,
оларды парасатты, саналы азамат етіп
тәрбиелеу – әрбір ұстаздың борышы.
Бүгінгі мұғалім кіші мектеп оқушыларына
тек білім беріп қана қоймай, оларды халықтық
педагоги-каның нәрлі қайнарымен сусындату,
әрбір оқушы бойында ұлттық мінез-құлық,
адамгершілік, сыпайылық пен кішіпейіл-ділік
қасиеттерін қалыптастыруға, бала-ның
жан дүниесін рухани қазыналармен байытуға,
қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін
меңгертуге тиіс.
Алдыңғы қатарлы тәжірибені жетіл-діре
отырып, оқу үрдісіне жаңа әдіс-тәсілдерді,
оқытудың жаңа технология-ларын енгізіп,
оқушылардың жалпы дамуын қамтамасыз
етуі керек. Бала жаны жаңалыққа құмар,
білмегенін білгісі келіп, белгісіз нәрсені
ашуға тырысатын болған-дықтан, бастауыш
сынып мұғалімі олардың осы талпынысын
дамытуға көңіл бөлуі тиіс. Оқушылардың
сүйіспеншілігін арттыру мақсатында сабақ
барысында тиімді әдіс-тәсілдерді енгізіп,
оны ұйым-дастыру формасын түрлендіріп
отыру – мұғалімнің басты міндеті екені
белгілі. Мұндай жағдайда мұғалімнің шеберлігі,
ұйымдастырушылық қабілеті үлкен рөл
атқарады.
Кіші мектеп оқушылары үшін мұғалім олар
еліктейтін, үлгі ететін абыройлы жан.
Олар ұстазының бүкіл іс-қимылына, жү-ріс-тұрысына,
сөйлеу мәнеріне, адаммен қарым-қатынасына
еліктейді. Сондықтан да, жауапкершілігі
мол, адал да мейірімді, әділ де парасатты,
рухани дүниесі бай педагогтар ғана балаға
білім мен тәрбие беріп, оның жан дүниесіне
әсер ете алады.
Пәнді оқытуға жалпы дайындық оқу жоспарын, бағдарламасын оқып-үйреніп, күнпарақтық-тақырыптық жоспар жасаудан және сабақтың материалдық-техникалық базасын – оқу бөлмесін, көрнекі құралдар, ОТҚ, құрал-саймандарды, приборларды т.б. реттеуден тұрады (құралады). Бұл дайындық, әрине, оқу жылы басталмай тұрып жасалады.
Мұғалімнің әрбір сабаққа дайындығы күрделі де жауапты жұмыс. Оқу материалының мазмұнын ойластыру дайындықтың алғашқы бөлігі болып табылады. Мұғалім бағдарламаның өткен, алдағы және одан кейінгі сабақтарға қатысты бөлігін, олардың арасындағы байланыс пен дәйектілікті орнату үшін талдау керек. Осы сабақта алдына қойып отырған нақты педагогикалық міндеттер мен мақсаттарды жақсылап ойластыру – сабаққа дайындықтың өте маңызды бөлігі болып табылады. Содан кейін оқулықтағы (немесе бірнеше) оқу материалының жазылуын – қандай тезистер мен негіздемелер берілгенін, материалдың оқушыларға түсінікті болуын, мысалдардың тақырыпқа сай болуын, тақырыптардың жүйелілігін мұқият оқып-үйрену қажет. Сұрақтар мен тапсырмалардың оқушыларға түсініктілігін, олардың орындалу жүйелілігін, маңызын талдау қажет. Еске түсерлік сұрақтарды танымдық сұрақтармен, үйреншікті тапсырмаларды ізденісті қажет ететін, келелі тапсырмаларға алмастыру қажет. Жеке және ұжымдық ойлану қызметін ұйымдастыруға ықпал ететін іскер ойынның элементтерін (немесе толығымен сценарийін), өндірістік жағдайлардан мысал келтіре отырып, сүйеніш білімнің белсенділігін арттыратын сұрақтарды ерекше ойланып, дайындауы қажет. Мұғалім сабақ үстінде оқушылардың дүниетанымының, білімге құштарлығының, қисынды ойлауларының азаматтық тұрғыдан қалыптасуы – тәрбиелеуге өте көп көңіл бөлуі қажет.
Жұмыстың мақсаты: бастауыш сыныптарда әдіс-тәсілдердің қолданылу жолдарын қарастыру.
Міндеттері:
1. Педагогикалық технологиялардың қазіргі білім беру саласындағы маңызын зерттеу;
2. Бастауыш білім берудің жаңа мазмұнын жобалаудың теориялық негіздерін ашып қарастыру;
3. Бастауыш білім берудегі оқыту әдістерін қарастырып өту.
Жұмыстың ұүрылымы: курстық жұмыс кіріспе, екі тарау, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен құрылады.
1 Бастауыш сыныптарда әдіс – тәсілдердің маңызы
1.1 Педагогикалық технологиялардың қазіргі білім беру саласындағы маңызы
Қазіргі білім беру жоғары технологиялық деңгейге көтерілуде. Жаңа технологияларды іздестіру үрдісі бұрынғы дәстүрлі технологияны ығыстырумен, педагогикалық үрдісті тұтас үрдіс, яғни оны жалпы адамзаттық құндылықтар, ізгілендіру теорияларына сүйенген жүйе ретінде қарастырумен, субъекті қарым-қатынастың басымдық танытуымен байланысты туындауда.
Осыған орай соңғы он жылдықта алуан түрлі педагогикалық жүйелер ұсынылып, нәтижесін де түрлі инновациялық типтегі мектептер пайда болуда. Олардың ерекшелігі онда оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруға өзіндік амалдар мен тәсілдер, оқыту мен тәрбиенің соңғы технологиялары дүниеге келіп, тәжірбиеде орыналуда.
Бүгінгі таңда Л.В.Занковтың дамыта оқыту жүйесі, П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы, Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Амонашвилидің ізгілікті-тұлғалық технологиясы, В.Ф.Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы және тағы да басқа ғалымдардың технологиялары танымал.
Аталған технологиялар тұлғаның теориялық ойлау жүйесін топтастыруды, сондай-ақ түрлі жағдаяттарда нақты шешім қабылдай білуге, өзіндік көзқарасы мен пікірін жеткізе білуге, взінің іс-әрекетін бағалай білуге үйретуді мақсат етеді.
Демек, оқу тапсырмалары бала үшін тек қана білім мазмұнын бекітудің, меңгерудің жолы ғана емес, белгілі бір ойлау механизмдері мен әдістері негізінде игерілетін нәтижеге жетудің жолы болып табылады.
Мектеп тәжірибесінде жаңаша жұмыс істеп жаңашыл технологияларды пайдаланып жүрген мұғалімдер бар. Бірақ олардың пікірінше жаңашыл әдіс-тәсілдерді ісжүзінде нәтижелі қолдану жолдарын, инновациялық үрдістерді бір жүйеге келтіріп оның педагогикалық негіздерін анықтау, оларды білім беруді дамытудың негізгі факторларына айналдыру мәселелерін шешу қиындық тудырады.
Оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында жаңа білім параграмасына сүйене отырып біз оқыту технологияларының тиімді жақтарын таңдап алуымыз қажет және оқу-тәрбие үрдісінде озық технологияларды белсенділікпен енгізуіміз керек. Өйткені еліміздің болашағы көркейіп өркениетті елдің қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы негізгі мәселе - әлеуметтік-педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру, оны өмірде пайдалану.
Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбие берудің соңғы әдіс-тәсілдерін, инноватикалық технологияны игерген, психологиялық, педагогикалық жұмыста қалыптасқан ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде, өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашылық педагогикалық зерттеуші болу, ал зерттеуші педагог өз кезінде ізденуші шәкіртті тәрбиелеуді талап етеді.
Қазіргі таңда оқылатын пәндердің балалардың брлашағы, таңдайтын мамандығына қарай бағытталуына, яғни мақсатты білім беру ісіне ерекше назар аударуда. Сондай-ақ, жеке тұлға, яғни дарынды, шығармашылық тұлға қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы болып отыр. Кәсіпке дайындау, мақсатты білім беру-тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселелер. Педагогикалық технология оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақгы жолдарын көрсетеді.
Мектептің «Оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың педагогикалық негіздері» атты кезеңінде қазіргі заманғы жаңа педагогикалық технологияның оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану мүмкіндіктері мен ерекшеліктері ашылып, педагогикалық негіздері қарастырылды.
Жалпы білім беретін мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану мүмкіндіктерін қарастыра отырып, оқытудың жаңа технологиясына қойылатын педагогикалық талаптар мен шарттардың теориялық негізі айқындалды.
Оқу-тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық инновациялық технологияның түрлері, әдістері, мақсаттар, міндеттемелері, мазмұны айқындалып, зерттелінді.
Қазіргі кезеңде жалпы орта білім беретін мектептердің оқу-тәрбие жүйесінде практикада пайдаланып, оңды нәтижесін беріп жүрген жаңа педагогикалық технологияның класси-фикациясы жасалынды.
Жаңа педагогикалық
Педагогикалық технологияны жаңа бағытта зерттеу адамның қайталанбайтындығын қолдаумен, тұлғаның өзін-өзі белсендендірумен, жеке тұлғаның дамуын ойлаумен байланысты. Әрбір оқушы оқу материалы бойынша жеке қозғалыс жолын таңдауға, оның мақсатына, қажеттілігіне және қызығушылығына жауап беретін қоғамдық тәжірибені меңгеруге ерікті.
Осы тұрғыдан Н.Д.Хмельдің берген анықтамасы тиімді болып табылады: «Педагогикалық технологиялар - теориялық білімдерді тұтас педагогикалық процестің қызметін практика жүзінде іске асыруға бағытталған және сол процесс нәтижелерін кезеңдер бойынша өлшеп, тұлғаның да, ұжымның да даму динамикасын көруге болатын, педагогтар мен оқушылардың өздерін-өздері дамытуларына мүмкіндік тудыратын жүйелі іс-әрекеттер кешені».
Шынында, педагогикалық технологиялар әрбір баланың даму тенденциясын алдын-ала, байқауға және болжауға бағытталуы тиіс. Диагностика нәтижесі бойынша педагогикалық процестің әрбір бөлігіндегі іс-әрекет жобаланады.
Қазіргі кезде педгогикалық лексикада «педагогикалық технология» ұғымын қолдану әр түрлі түсіндірілетін бастапқы теория, әдістер, әдістеме, технология, педагогикалық технология сияқты ұғымдарды саналы түсінуді, жете зерттеуді талап етеді. Практикада кейде технология ұғымы «әдістеме» немесе оқытуды ұйымдастырудың «формасы» ұғымының синонимі ретінде қолданылады.
Оқыту технологиясы - оқыту процесінің алдын ала жоспарланған, оқытудың диагностикалы қойылған мақсатына практикада жүйелілік және бірізділікпен жету құралдары.
1.2 Бастауыш білім берудің жаңа мазмұнын жобалаудың теориялық негіздері
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық жаңарулар адамдар санасында күрделі өзгерістер үдерістерін туғызып, іргелі және әмбебап білімдердің мәнін қайта ойластыру және оларды білім беру жүйесі арқылы жаңаша жүзеге асыруды талап етеді.
Ұлттық мектептің жаңа моделі оқытудың өзгеше әдістемелік жүйесімен, сонымен бірге білім берудің жаңа мазмұнымен ерекшеленетін болады. Білім берудің жаңа мазмұнының басты міндеті «оқушылардың қабілеттерін дамыту, шығармашылық ойлауын қалыптастырудың құралы мен шарты қызметін атқарып, сол арқылы өмірдің кез-келген аясында әрекет етуге қабілетгі және әртүрлі жағдайларда белсенді бола алатын жеке тұлғаның негізін қалау».
«Білім беру туралы» Заңда мектептің міндеті оқушыларға тек білімді тарату емес, сонымен бірге білім алушыларды білімді өзбетті алу тәсілдеріне үйрету екені көрсетіледі. Бұл міндетті табысты жүзеге асыру үшін білім алушыларды оқу уақытын неғұрлым тиімді пайдалануға, жеке пәндерге оқытуда танымның ғылыми әдістерінің негіздерін меңгерумен бірге оқу үрдісіне енетін іс-әрекеттің барлық түрін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін білім, оқу іскерліктері және дағдыларымен қатар іс-әрекет тәсілдерімен де қаруландыру қажет. Бұл - білім алушылардың мектепте және одан тыс жерде тиімді өзбетті білім алу мүмкіндігін, келесі білім алу деңгейлерінде жалғастыруға мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
Білім алушылардың олардың дамуы үшін өте маңызды біліктер мен дағдыларды, іс-әрекет тәсілдерін меңгеруі көп жағдайда білім беру мазмұнын дұрыс жобалауға тәуелді. Мектептің іс-шарасы аталған кезеңдегі мектептегі оқытудың әдістемелік жүйесінің түгел түбегейлі жаңаруын жүзеге асыруға байланысты жаңа сипатқа ие болады. Білім беруге мәдениеттің бөлігі ретінде қатынас жасау білім берудің жаңа парадигмасымен шартталған, бұл мектептің мақсатын және ондағы білім беру мазмұнын жаңартудағы міндетін қайта қарастыруда көрініс табуда.
Бүгінгі күні еліміздің білім
беру жүйесінде бұл тенденциялар
мектептің құрылымын
XX ғ. соңы мен XXI ғ. басы Қазақстандық білім беру үшін күрделі және шешуші сынақ кезеңі болып табылады, дағдарыстық кезеңді жеңу мақсатында педагогикалық ойлауды өзгерту қажеттілігі туындап отыр. Осы кезеңде ғалымдар мен педагогтар білім беру саласындағы шетелдік философиялық, психологиялық, педагогикалық тұжырымдамаларды таңдауға мүмкіндік алды және оларды оқу-тәрбие үрдісінде де қолдану тәжірибесін игерді (А.Маслоу, М.Монтессрри, К.Роджерс, Ж.Пиаже, Э.Фромл, Р.Штайнер және т.б.).
Қазіргі әлеуметтік-педагогикалық жағдайда Қазақстандық қоғамның дамуы білім берудің мәнін терең түсіну қажеттілігін талап етеді. Отандық ғалымдардың еңбектерінде Т.С.Сабыров, А.Х.Аренова, Ә.М.Мұхаметжанова, Ш.Х.Құрманалина, М.Құдайқұлов, О.Мұсабеков, О.Салимбаев, Қ.А.Аймағамбетованың және басқа да зерттеушілердіңеңбектерінде кіші мектеп жасындағы оқушылардың оқу-танымдық әрекетін қалыптастыру шарттары зерттелген.
12 жылдық мектептің жаңа
жүйесінің білім беру
Қазакстандағы қазіргі мектептің білім беру мазмұнын талдау негізінде оның көбінесе өмірдің қажеттіліктеріне жауап бере алмайтындығын, тиімділігінің төмен екендігін байқауға болады. Көрсетілген қарама-қайшылықтарға байланысты білім беру мазмұнын жаңарту мәселесін педагогикалық тұрғыдан шешу қажеттілігі туындап отыр, Жүйелі пәнаралық рефлексияны талап ететін мақсаттарына сәйкес білім беру мазмұнын жобалаудың құзіреттілік тұрғысын теориялық негіздеуді қажет етуде.
12 жылдық мектептегі білім беру үрдісінің моделі білім беру мазмұнының әр түрлі деңгейлік, вариативті негіздерін қалыптастыруға тиісті. Оқытушы мен оқушының ынтымақтастығы негізінде оқытудың жаңа технологияларының репродуктивті және шығармашылық жағының үйлесімді сәйкестігі болуы қажет.
Білім берудің жаңа мазмұнын
жобалау кезінде жалпы
12 жылдық мектептің оқыту
мен тәрбиелеу негіздерінің
Іс-әрекеттік тұрғымен оқушылардың әлеуеттік мұмкіндіктерінің дамуы мен ескерілуіне бағытталған тұлғалық-бағдарлы тұрғы тығыз байланысты. Оқушының әлеуеттік мүмкіндігі көп нұсқалық бағдарламалар, жекелеген тапсырмалар, іс-әрекетті ұйымдастырудың сабақтан тыс формалары арқылы қол жеткізіледі. Ал бұл өз кезегінде жеке білім беру траекториясының міндеттерін толықтай шешуге мүмкіндік береді.
Білім мазмұнын жобалаудың құзіреттілік тұрғысы оқушылардың өзгермелі жаңа және жағдайда іс-әрекетін жүзеге асыру қабілеттерінен көрінетін сапалар кешенінің және мектеп түлектерінің әлеуметтік мобильділігінің дамуын көздейді.
Психикалық және денелік жағынан саулығын көздейтін тұлғаның даму міндеттері білім беру үрдісін ұйымдастыруда тұтас көрінетін денсаулық сақтайтын пәндік-кеңістік ортаны құру өте маңызды болып табылады.
Мақсатқа сай білім беру үрдісін дәстүрлі ұйымдастырумен қатар, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың циклдік бөліктік жүйесі қолданылады. Бұл жүйе оқыту үрдісінің ұзақтылық циклінің әртүрлі мүмкін нұсқаларын (моделдерін) қарастырады: апталық, екі апталық, айлық, тоқсандық, жарты жылдық. Бұл жағдайда күтіліп отырған нәтижеге сәйкес білім беру үрдісін бақылау және түзету мүмкіндігіне ие болатын педагогтардың қызметі тасымалданады.
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 ж. Мемлекеттік бағдарламасы және басқа да Қазақстан Республикасының орта жалпы білім берудің нормативтік құжаттары қазақстандық білім беруді модернизациялауға, 12 жылдық білім беруге кешуде білім беру мазмұны мен құрылымын жетілдіру міндеттерін сәтті шешуге мүмкіндік береді.
Бастауыш білім берудің міндеті - бала тұлғасының алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтап дамыту, оқу қалауы мен іскерлігін калыптастыру, оқу, жазу, санауының сапалы дағдыларын, қарым-қатынас және серіктесу тәжірибелерін меңгеруге көмектесу. Мектептің алғашқы сатысындағы оқыту мен тәрбиелеу баланың өзіне және әлемге деген қызығушылықтарына тікелей бағытталады. Сәйкесінше, мұндағы оқу пәндері табиғат, қоғам, адам және оның еңбегі туралы алғашқы түсініктер қалыптастыратын интеграцияланған курстар сипатында болады.
12 жылдық білім беру
құрылымына сәйкес 4 жылдық оқу
мерзімі белгіленген бастауыш
білім беру деңгейі үшін
Танымдық аймағы дамуының жас ерекшеліктері жөніндегі күрделі зерттеулерде (Дж. Брунер, Ж.Пиаже, Л.В.Выготский, Г.А.Ленотьев, А.В.Занков, В.В.Давыдбв, П.Я.Гальперин, Н.Ф.Палызина, С.Л.Рубенштейн, Л.М.Фридман және т.б.) алты жастағы баланың негізгі сипаттары: жоғарғы сезімталдығы, еліктеуі, қоршаған ортаны тануға бағыттылығы, ересектер мен құрдастары тарапынан болатын өсерге сезімталдығы көрсетілген. Бұл кезеңде алты жастағы баланың психикасы түрлі «арақашықтарды» өтеді, бала ойын және оқу әрекетінде дамуының және жеке ерекшеліктер мен тәрбиелеудің әлеуметтік жағдайына байланысты сапалық қалыптасуды өткереді.
Білім алушылардың «жеке тәжірибесіне» сүйенуі жаңа білім мазмұнын құруға негіз бола алады. Бастауыш сыныптардағы балалардың «жеке тәжірибесі» оның өзін қоршаған жақын қоршауы түсініктерінен тұрады: отбасы, тұрғылықты жері, дене бөліктері, адамның іс-әрекеті мен денсаулығы, жануарлар мен өсімдіктер жайындағы түсініктері. Бұл бірінші сынып оқушыларының оқу курсының мазмұнын оқушылардың қоршаған ортасын зерттеу арқылы анықтауды қажет етеді. Тақырыпты зерттеуде «жақыннан-алысқа» принципін ұстанып, білім мазмұны кіші мектеп жасындағы баланың әлеуметтік тәжірибесіне сүйене отырып енгізіледі. Егер зерттеудің пәні ретінде баланың мектеп пен қоршаған ортадағы өзара әрекеттесетін обьектілер мен құбылыстар алынса, онда бұл баланың мектепке нәтижелі бейімделуіне жағдай жасайды.
Білім беру мазмұнын жобалауда
оқу бағдарламасын білім
12 жылдық жалпы орта
білімнің Мемлекеттік
1. Проблемены шешу құзіреттілігі
2. Ақпараттық құзіреттілік
3. Коммуникативтік құзіреттілік Стандартқа сәйкес білім мазмұнының қол жетерлігі және тутастығы, ішкі және пәнаралық байланысты қамтамасыз ету көзделіп отыр. Сонымен қатар стандарт төмендегі талаптарды да қамтамасыз етеді:
• Қабілеттері әртүрлі деңгейдегі балалар үшін, соның ішінде дарынды және әлеуметтік мұқтаж балаларға жеке білім алу траекториясын құруға мүмкіндік беретін және оқытудың ыңғайлы ортасын құратын оқу жетістіктерінің деңгейлерін сипаттау арқылы білім берудің қол жетерлігі;
• Білім алушылардың оқу жетістіктерінің жүйесін құру арқылы соңғы нәтижеге бағытталу;
• Білім беру және оқу бағдарламаларының тұлғалық мәнділігін, білім берудің өмірлік, тәжірибелік бағдарлануын қамтамасыз ету;
• Түйінді құзіреттіліктерді қалыптсатыратын оқу пәнінің мазмұны арқылы тапсырмалар жүйесінің берілуі;
• Білім алушыларға қоршаған әлемде шындықты тануға, жеке тұлғасының өзін-өзі анықтауға мүмкіндік беретін білім беру және оқу бағдарламаларының тәрбиелеушілік потенциалы, оның жеке тұлғаның рухани-құлықты аясын, жағымды қоғамдық маңызды ұстанымдары мен бағдарларын қалыптастыруға бағытталуы;
• Білім беру және оқу бағдарламаларының дамытушы әлеуеті, онда өнімді ізденушілік және шығармашылық іс-әрекет тәжірибесінің бейнеленуі;
• Білім беру мазмұны жүктемесінің шынайылығы және оның барлық білім алушыларға қолжетерлігін қамтамасыз етілуі;
Оқытудың жоспарланатын нәтижелері оқу пәні бойынша әр деңгейде ең алдымен:
1) Білім берудің алдыңғы және кейінгі деңгейлерінде сабақтастықты қамтамасыз етуге;
2) Білім алушылардың іргелі ғылыми және мәдени құндылықтар туралы түсініктерін қалыптастыруға;
3) Білім алушылардың
1.3 Бастауыш білім берудегі оқыту әдісі
Оқыту әдісі дидактиканың негізгі бір құрамды бөлігі және оның мақсаты, мазмұны, әдістері және ұйымдастыру формаларының бір тұтастығы болып табылады. Әдіс гректің "теіоіоз" деген сөзінен шыққан. Метод деген ұғым — белгілі ақиқатқа, шыңдыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді. Оқыту әдістері туралы әрбір автор өз анықтамаларын береді.
Педагогикалық энциклопедияда "Оқыту әдістері - мұғалім мен оқушылар жұмысының тәсілдері, солардың көмегімен окушы білімді, іскерлікті және дағдыны игереді, оқушылардың дүниетанымы қалыптасады, қабілеттері дамиды" деп жазылған.
"Әдіс - дәл, жалпы мағынасында мақсатқа жету, іс-әрекетті нақты ретке келтіру тәсілдері"
"Әдіске" қатысты анықтамаларда бәріне ортақ пікір: "Белгілі бір мақсатты көздеген мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынас және іс-әрекет". Олай болса, оқыту әдістері - оқытудың мақсат-міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Мұғалім оқыту әдістерінің көмегімен оқушыларға білім беріп, олардың тәжірибелік әрекетін ұйымдастыруда өзінің іс-әрекетін окушылардың таным әрекетіне басшылық етумен байланыстырады.
Оқыту әдісін жүйелеу, топтастыру — үнемі айтыс туғызып келе жатқан педагогикадағы күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Оның өзіндік тарихы да бар. XX ғасырдың 20-шы жылдарында белгілі педагог ғалымдар Б.Е.Райков, К.П.Ягодский, М.М.Пистрак, т.б. оқытудың түсіндірме, практикалық еңбек, эвристикалық, зерттеу, лабораториялық әдістерін жасады.
30-шы жылдары М.М.Пистрак, П.Н.Шимбирев оқытудың жаңа әдістерін ұсынды. Бұларға әңгіме, әңгімелеу, көрсету, демонстрация, лекция, кітаппен жұмыс жатады.
1950 жылдардан бастап оқыту әдісін классификациялау мәселесіне айрықша көңіл бөлінді. Грузин педагогы Д.О. Лардкипанидзе оқыту әдістерін топтастырып, оны үшке бөлді: сөздік әдістер, кітаппен жұмыс әдістері, оқыту тәжірибелік сабақтар әдістері.
50-жыддардың аяғы мен 60-жылдардың басында кеңес дәуірінің дидактары Е.Я.Голант, С.Г.Шаповаленко, Н.М.Верзилин білім көзін негізге ала отырып, оқыту әдісінің жаңа классификациясын ұсынып, оларды үш топқа бөлді:
Сөздік әдістер тобы: әңгімелеу, әңгіме, түсіну, лекция, кітаппен жұмыс
Көрнекілік әдістер тобы: демонстрация, иллюстрация, бақылау
3. Практикалық немесе тәжірибелік әдістер тобы: лабораториялық, практикалық, графикалық жұмыстар, әртүрлі жаттығулар.
1. Оқушылардың таным
белсенділігіне қарай (М.Н.
2. Окытудың мақсаттары мен құралдарына
қарай
(М.А.Данилов, Б.П.Есипов, Т.А.Ильина): жаңа
білім беру әдісі біліктер мен дағдылар
қалыптастыру әдісі техникалық қүралдармен
жұмыс істеу әдісі өзіңцік жұмыс істеу
әдісі проблемалық, программаланған оқыту
әдісі.
3. Тұтас педагогикалық әрекеттің тәсілдеріне қарай (Ю. К. Бабанский): ой-танымдық әрекеттерді ұйымдастыру окуға ынталандыру - оқытудағы бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері
4. Әдістің логикалық және психологиялық сипатына қарай (Р.Г.Лемберг): ауызша баяндау әдісі есеп шығару әдісі өнер құралдарын пайдалану әдісі.

- Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағында оқушылардың көрнекілік арқылы қызығушылығын ояту және құзыреттіліктерін дамыту
- Бастауыш сыныптардағы математика сабақтарында қолданылатын инновациялық әдіс-тәсілдер
- Бастауыш сыныптарды оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асырудың теориялық негіздері
- Бастауыш сыныпта фонетиканы оқыту
- Бастауыш сыныптың математика сабағында, киелі сандарды оқытудың тәжірибелі эксперимент жұмысы
- Бастауышта математиканы оқыту міндеттері
- Бастауышта шет тілін оқытудың психологиялық ерекшеліктері
- Бастауыш сыныпта бейнелеу өнері сабағы арқылы оқушылардың танымдық қызығушылықтарының қалыптастырудың әдістемесі
- Бастауыш сыныпта дамыта оқытудың ғылыми педагогикалық негiздерi
- Бастауыш сыныпта есеп шығаруда көрнекілікті пайдалану әдістемесі
- Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінде дидактикалық ойындарды қолданудың әдістемесі
- Бастауыш сыныпта оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі музыканың рөлі
- Бастауыш сыныпта оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі музыканың рөлі
- Бастауыш сыныпта оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларын пайдаланудың әдістемелік негіздері