Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыста
Бейбiтшiлiк пен адамзат қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар
Кіріспе
Қылмыстық кодекстiң Жалпы бөлiмiнiң
2-бабында қылмыс-тық құқық
Халықаралық нормада осы тұрғыдағы қылмыстарға нақты тұрақты анықтамалар беру мен оларды топқа бөлу әлi аяқталған жоқ, мұның өзi мемлекеттердiң ұлттық қылмыстық кодексiн қабылдауда осы мәселеде белгiлi бiр қиындықтар туғызып отыр. Бiрақта Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексi-нiң 4-тарауында халықаралық құқықтың жұрт таныған принцип-терi мен нормаларына негiзделген осы тұрғыдағы қылмыстар үшiн жауаптылық көзделген.
Бейбiтшiлiк пен адамзаттың қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстардың топтық объектiсi халықаралық құқық нормаларымен белгi-ленген Жалпыға бiрдей бейбiтшiлiк пен халықаралық қауiпсiздiк болып табылады. Осы қылмыстардың кейбiр құрамдарының мiндеттi белгiсi қылмыстың заты (Мысалы, ҚК-тiң 158-бабындағы — химиялық, биологиялық және жаппай қырып-жоятын қарулар) болады.
Объективтiк жағынан осы топқа жататын қылмыстар қоғам-ға қауiптi iс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Бейбiтшiлiк пен адамзаттың қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар денi формальдық құрамға жатады. Тек қана Қылмыстық кодекстiң 161-бабындағы қылмыс — экоцид құрамы үшiн қоғамға қауiптi зардап — экологиялық апаттың болуы қажет. Субъективтiк жағынан осы тараудағы барлық қылмыстар тiкелей қасақаналықпен, ал қайсыбiр құрамдар белгiлi бiр мақсатпен (160, 163-баптар) жасалады.
Қылмыстың субъектiсi – 16-ға толған есi дұрыс, жай адамдар. Кейбiр қылмыс құрамының субъектiсi – арнаулы субъект мем-лекеттiк жауапты қызмет атқаратын адам (157-баптың 2-тармағы), қызмет бабын пайдаланған адам (164-баптың 2-тармағы). Тiкелей объектiсiне байланысты талданып отырылған қылмыс құрамдары мына төмендегiдей топтарға бөлiнедi.
Бейбiтшiлiкке қарсы қылмыстар: Басқыншылық соғысты жоспарлау, әзiрлеу, тұтандыру немесе жүргiзу (156-бап). Басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргiзу және жария түрде шақыру (157-бап). Жаппай қырып-жою қаруын өндiру немесе тарату (158-бап).
Соғыс қылмыстары: Соғыс жүргiзудiң тыйым салынған құралдары мен әдiстерiн қолдану (159-бап). Жалдамалылық (162-бап).
Адамзатқа қарсы қылмыстар: Геноцид (160-бап). Экоцид (161-бап).
Халықаралық қорғау аясындағы адамдар мен ұйымдарға қарсы қылмыс: Қылмысты халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау (163-бап).
Әлеуметтiк, нәсiлдiк ұлттық, дiни, тектiк-топтық
және рулық астамшылдықты
(164-бап).
I Бейбiтшiлiкке қарсы қылмыстар
1.1 Басқыншылық соғысты жоспарлау, әзiрлеу, тұтандыру немесе жүргiзу (156-бап)
Қылмыстың тiкелей объектiсi — халықтар арасындағы бейбiт-шiлiк. Мемлекеттердiң бейбiт қатар өмiр сүруi және достығы.
Объективтiк жағынан қылмыс басқыншылық соғысты жоспарлау, әзiрлеу немесе тұтандыру арқылы жүзеге асырылады. Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы өзiнiң 1974 жыл-ғы 14 желтоқсандағы 3314 (ХХIХ) қарарында тұңғыш рет басқыншылықтың (агрессияның) анықтамасын берген. Онда Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына сай келмейтiн тұрғыда бiр мемлекеттiң өзiнiң қарулы күштерiн екiншi мемлекеттiң егемен-дiгiне, аумақтық тұтастығына және саяси тәуелсiздiгiне қарсы қолдану немесе басқадай тәсiлдердi пайдалану арқылы оларға ықпал етуi басқыншылық (агрессия) деп танылады деп көрсетiлген.
Қылмыстың объективтiк жағы бiрнеше балама әрекеттерден тұрады. Оның бiрiншiсi – басқыншылық соғысты жоспарлау. Жоспарлауға халықаралық құқық нормаларына қайшы түрде бейбiт тұрғындарға қарсы соғыс әрекеттерiн жүргiзудiң арнаулы жоспарларын жасау, соғыс әрекеттерiн жүргiзуге бағытталған әр түрлi әдiстемелiк құралдар жасау, соғыстың құрбаны болатын мемлекеттi белгiлеу, басқыншылық соғыс әрекеттерiн жүргiзудiң мерзiмiн және көлемiн белгiлеу әрекеттерi жатады.
Басқыншылық соғысты әзiрлеуге жоспарланған ұрыс әрекет-терiн жүзеге асыруға арналған нақты iс-қимылдарға көшулер жатады. Мысалы соғыс техникасын көптеп шығара бастау; қарулы күштердiң санын күрт көбейту, азық-түлiк немесе жағар-жанар май қорларын ұлғайту, соғыс жағдайына сай келетiн жаттығуларды жүзеге асыру, тұрғындарды соғыс iсiне моральдық тұрғыдан бейiмдеп дайындау т.с.с. әрекеттер жатады. Басқыншылық соғысты тұтандыруға осындай соғысты кез келген тұрғыда бастау жатады. БҰҰ Бас Ассамблеясының 1974 жылғы 4 желтоқсандағы қаулысына сәйкес басқыншылық актiсiне: бiр мемлекеттiң қарулы күштерiнiң басқа мемлекеттiң аумағына басып кiруi немесе соғыс жолымен басып алуы, аннексия жасауы; басқа мемлекеттiң аумағын бомбалау немесе басқа мемлекетке қарсы кез келген қару түрлерiн қолдану; басқа мемлекеттiң құрылықтағы, теңiздегi немесе әуедегi күштерiне қарсы шабуыл жасау,1 т.с.с. әрекеттер жатады.
Көрсетiлген қылмыс формальдық құрамға жатады, сондықтан да заңда көрсетiлген — басқыншылық соғысты жоспарлау, әзiрлеу немесе тұтандыру әрекеттерiнiң бiреуi iске асырылған уақыттан бастап қылмыс аяқталған деп танылады. Қылмыс субъективтiк жағынан тiкелей қасақаналықпен iстеледi. Қылмыс-тың субъектiсi арнаулы. Қазақстан Республикасының жауапты мемлекеттiк қызмет атқаратын лауазымды адамдары, оның түсiнiгi Қылмыстық кодекстiң 307-бабының 2-тармағында берiлген. Қылмыстық кодекстiң 156-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрi — басқыншылық соғысты жүргiз-генi үшiн жауаптылық белгiленген. Басқыншылық соғысты
жүргiзу деп тұтандырылған соғыс өртiн аяғына дейiн жеткiзу, алға қойған мақсатқа толық жету әрекеттерiн жалғастыруды айтамыз.
1.2 Басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргiзу және жария түрде шақыру (157-бап)
Қылмыстың тiкелей объектiсi мемлекеттердiң өзара бейбiт өмiр сүру және өзара тату қарым-қатынаста болу мүддесi болып табылады. Қылмыс объективтiк жағынан басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргiзу және жария түрде шақыру арқылы жүзеге асырылады.
Басқыншылық соғысты тұтандыруға шақырулар ашық немесе көмескi түрде болуы мүмкiн. Шақыруларды жүзеге асырудың нысандары сан алуан ауызша, жазбаша, белгi берулер арқылы болуы мүмкiн. Ең бастысы осы шақырулар басқыншылық соғыс-ты тұтандыруға қызмет етуi қажет. Мұндай шақырулар жария түрде болуы шарт. Жариялылыққа — кiнәлiнiң үшiншi бiр адамның қатысқан (митингiлерде, жиналыстарда, топтасқан адамдар) алдында соғысты насихаттайтын iс-әрекеттерiн жүзеге асыруы немесе байланыс құралдары, почта арқылы соғысқа шақырулар мәтiнiн жұртқа жiберу, листовкалар тарату, осындай мағынадағы үндеулердi, плакаттарды, суреттердi көрнектi жерлерге iлiп қою сияқты әрекеттер жатады. Қылмыс құрамы жағынан формальдық құрамға жатады және осы баптың диспозициясында көрсетiлген iс-әрекеттi — басқыншылық соғысқа жария түрде шақырған сәттен бастап қылмыс аяқталған деп танылады.
Қылмыстың субъектiсi – 16-ға толған есi дұрыс кез келген адам.
Қылмыс субъективтiк жағынан тек тiкелей қасақаналықпен iстеледi.
Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып жасалған не мемлекеттiк жауапты қызмет атқарып отырған лауазымды адам жасаған дәл сол әрекет — осы қылмыстың ауырлататын түрiне жатады (157-баптың 2-тармағы).
Бұқаралық ақпарат құралдарына — баспасөз құралдары, радио, теледидар т.с.с. жатады. Мемлекеттiк жауапты қызмет атқаратын лауазымды адамға мемлекеттiң мiндетiн және мемлекеттiк органдардың өкiлеттiлiгiн тiкелей орындау үшiн Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының Конституциялық және өзге де заңдарында белгiленетiн қызмет-тердi атқаратын адамдар, сол сияқты мемлекеттiк қызмет туралы заңдарда белгiленген мемлекеттiк қызметшiлердiң жоғары, бiрiншi және екiншi лауазым санаттарына жататын лауазымда iстейтiн адамдар жатады (ҚК-тiң 307-бабының түсiндiрмесiнiң 2-тармағы).
1.3 Жаппай қырып-жою қаруын өндiру немесе тарату (158-бап)
Қылмыстың тiкелей объектiсi бейбiтшiлiк қауiпсiздiгi және бейбiт қатар өмiр сүру қауiпсiздiгi болып табылады.
Қылмыстың затына Қазақстан Республикасында халықаралық шарттар бойынша өндiруге тыйым салынған жаппай қырып- жоятын қарулар немесе олардың басқа түрлерi, химиялық, биологиялық заттар жатады. Жаппай қырып-жоятын қаруларға — ядролық қарулар жатады. Химиялық қаруларға — уландыратын, тұншықтыратын немесе нерв жүйелерiне басқадай әсер ететiн қарулар жатады. Биологиялыққа — әр түрлi бактерия, вирус, адамдарды, жануарларды, өсiмдiктердi жаппай ауруға шалдықтыратын заттар жатады.
Қылмыс объективтiк жағынан
Қылмыс құрамы формальдық және ол заңда көрсетiлген осы әрекеттердiң бiреуiн iстеген уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Қылмыстың субъектiсi – 16-ға толған кез келген есi дұрыс адам.
Қылмыс субъективтiк жағынан тек қана тiкелей қасақаналықпен iстеледi.
II Соғыс қылмыстары
2.1 Соғыс жүргiзудiң тыйым салынған құралдары мен әдiстерiн қолдану (159-бап)
Соғыс жүргiзудi реттейтiн бiрсыпыра заңдылық күшi бар халықаралық актiлер мен конвенциялар бар. Оларға 1856 жылы 16 сәуiрде Парижде қабылданған теңiздегi соғыс туралы Декларация; 1868 жылы 11 желтоқсанда Санкт-Петербургте қабылданған жарылатын немесе күйдiретiн қаруды қолдануды жою жөнiндегi Декларация, 1899 және 1907 жылдары Гаагада қабылданған Декларациялар, 1949 жылы Женева конвенциясы (соғыс құрбандарын қорғау туралы), 1954 жылы 14 мамырдағы Гаага конвенциясы (соғыс жағдайында мәдени құндылықтарды қорғау туралы) және тағы басқалары.
Қылмыстың тiкелей объектiсi халықаралық құқық нормаларымен белгiленген соғыс жүргiзудiң құралдары мен әдiстерiн қолдануды реттейтiн қоғамдық қатынастар.
Қылмыс объективтiк жағынан
Әскери тұтқындарға соғысушы жақтың қарулы күштерiнiң қатарына жататын адамдар, партизандар, әскери жасақтарының мүшелерi, қарсыласу қозғалыстарының қатысушылары, азаматтық немесе ұлт-азаттық қозғалысының қатысушылары, сондай-ақ қолға түскен әскери журналистер, әскери-медициналық, әскери-заңгер қызметкерлер, интенданттық қызмет немесе басқадай қызмет көрсететiн адамдар жатады. 1949 жылғы «Соғыс тұтқындарымен қатынас жөнiндегi» Женева конвенциясына сәйкес соғыс тұтқындарына iзгiлiкпен қарау белгiленген, оларға қатыгез-дiктi қолдануға тыйым салынған.
Әскери емес тұтқындарға — соғысқа қатыспаған, бiрақ жау қолына түсiп қалған бейбiт тұрғындар жатады. Женева конвенциясында бейбiт тұрғындарға қатыгездiктi қолдануға тыйым салынған.
Әскери емес тұрғындарды күштеп көшiруге бейбiт тұрғындарды өздерi мекендеген жерлерден басқа жаққа зорлықпен ерiксiз көшiру, қоныс аудартулар жатады.
Басып алынған аумақта ұлттық мүлiктi тонауға — соғысушы жақтың өзi басып алған мемлекеттiң мүлкiн жою, қирату немесе оларды талан-таражға салып, өз мемлекетiнiң меншiгiне алу әрекеттерi жатады. Ұлттық мүлiкке — материалдық және рухани игiлiктер жатады. Қазақстан Республикасының халықаралық шартымен тыйым салынған құралдар мен әдiстердi, әскери жанжалды қолдануға адамзатқа қасiрет әкелетiн және қоршаған ортаны мақсатты түрде ұзақ уақытқа залалдандыратын шараларды жүзеге асырулар жатады. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарға сәйкес күйдiретiн, жарылыс жасайтын заттарды, зиянды газдарды, уландыратын немесе басқадай бактериологиялық заттарды, жаппай қырып-жоятын қаруларды, химиялық, биологиялық қаруларды соғыс жағдайында қолданбауға мiндеттi.
Қазақстан Республикасының халықаралық шартымен тыйым салынған жаппай қырып-жою қаруын қолдану осы қылмыс құрамының ауырлататын түрi болып табылады (159-баптың 2-тармағы).
Қылмыс құрамы формальдық, сондықтан да ол осы баптың диспозициясында көрсетiлген әрекеттердiң бiреуiн iстеген уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
Қылмыстың субъектiсi – 16-ға толған кез келген есi дұрыс адам.
Субъективтiк жағынан қылмыс тiкелей қасақаналықпен iстеледi.
2.2 Жалдамалылық (162-бап)
Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1976 жылғы 30 қарашадағы №31/34 қарарына сәйкес жалдамалыны жалдануға азғырып көндiру, оқытып-үйрету, қаржыландыру немесе өзге материалдық қамтамасыз ету, сондай-ақ оны қарулы жанжалға немесе соғыс қимылдарына пайдалану қылмыстық жазаланатын iс-әрекет деп танылған және барлық мемлекеттердi осы тұрғыдағы қылмыспен күрес жүргiзуге арналған қылмыстық-құқықтық норма қабылдауға шақырған. Қауiпсiздiк Кеңесi 1976 жылғы осы қарарды қуаттап, 1977 жылы 7 қарашада өзiнiң арнаулы 32/14 нөмiрлi қарарын қабылдаған. Қазақстан Республикасы халықаралық құқық нормаларын басшылыққа ала отырып, жаңа Қылмыстық кодекске жалдамалылық үшiн қылмыстық жауаптылықты белгiлейтiн арнаулы бапты енгiздi. Қылмыстың тiкелей объектiсi халықаралық құқық нормалары белгiлеген соғыс жүргiзудiң құралдары мен әдiстерiн қолдануды реттейтiн қоғамдық қатынастар.
Объективтiк жағынан қылмыс заң диспозициясында көрсе-тiлген бiрнеше тәсiлдердi қолдану арқылы жүзеге асырылады. Атап айтқанда:
1) жалдамалыны жалдануға азғырып
көндiру, яғни қарулы жанжалға
немесе соғыс қимылдарына
2) оқытып-үйрету, яғни жалданған адамды соғыс әрекетiне немесе қарулы жанжалға тiкелей қатысуға әзiрлеу;
3)қаржыландыру— жалдамалыны ақша қаражатымен
қамтамасыз ету;
4) өзге де материалдық қамтамасыз
ету — жалдамалыға киiм-кешек, азық-түлiк
беру;
5) сондай-ақ оны қарулы жанжалға немесе соғыс қимылдарына пайдалану — тiкелей осындай әрекеттерге қатыстырулар болып табылады.
Қылмыстық кодекстiң 162-бабының ескертуiне сәйкес материалдық сыйақы алу немесе өзге де бас пайдасы мақсатында iс-әрекет жасайтын және қарулы қақтығысқа қатысушы тараптың азаматы болып табылмайтын, оның аумағында тұрақты тұрмайтын және ресми мiндеттердi орындау үшiн басқа мемлекет жiбермеген адам жалдамалы деп танылады.
Қылмыс құрамы формальдық және ол заңда көзделген әрекеттердiң бiреуiн iстеген уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
Қылмыстың субъектiсi 16-ға толған кез келген есi дұрыс адам.
Субъективтiк жағынан қылмыс тiкелей қасақаналықпен iстеледi.
Адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып немесе кәмелетке толмағанға қатысты жасаған дәл сол әрекеттер — осы қылмыстың ауырлататын түрiне (162-баптың 2-тармағы) жатады.
Қызмет бабын пайдалану
Жалдамалының қарулы жанжалға немесе соғыс қимылдарына қатысуы осы қылмыстың өте ауырлататын түрiне жатады (162-баптың 3-тармағы).
Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, адам қазасына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан iс-әрекеттер үшiн жа-уаптылық Қылмыстық кодекстiң 162-бабының 4-тармағында қа-растырылған. Адам қазасына бiр немесе бiрнеше адамның қазаға ұшырауы, ал ауыр зардаптарға ауыр дене жарақатын келтiру, iрi материалдық залал, көп адамның ауруға ұшырауы, т.с.с. зардаптар жатады. Қылмыс құрамы (164-баптың 3-тармағы) материалдық.
III Адамзатқа қарсы қылмыстар
3.1 Геноцид (160-бап)
Геноцид – халықаралық құқық нормасы арқылы белгiленген қылмыс. Оның қоғамға қауiптiлiгi сол ол бейбiт уақытта да, соғыс уақытында да жүзеге асырылатын қоғамға аса қауiптi iс-әрекет. БҰҰ Бас Ассамблеясының 1946 жылғы 11 желтоқсандағы қарарымен геноцид халықаралық қылмыс деп жарияланды. 1947 жылғы 21 қарашадағы осы органның қарарына сәйкес геноцид үшiн ұлттық және халықаралық құқық нормасымен белгiленген жауаптылыққа жеке тұлға немесе мемлекет тартылуға тиiс деп белгiлендi.
1948 жылғы Халықаралық конвенция
геноцидтен сақтандыру және
Қылмыстың тiкелей объектiсi – этникалық, ұлттық, нәсiлдiк немесе дiни топтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн қоғамдық қатынастар.
Объективтiк жағынан қылмыс геноцид, яғни ұлттық, этникалық, нәсiлдiк немесе дiни топты, осы топтың мүшелерiн өлтiру, олардың денсаулығына ауыр зардап келтiру, бала тууға күшпен бөгет жасау, балаларды мәжбүрлеп бiреуге беру, күштеп көшiру, не осы топтың мүшелерiн қырып-жоюға есептелген өзге де тiршiлiк жағдайларын туғызу арқылы, толық немесе iшiнара жоюға бағытталған қасақана әрекеттер арқылы жүзеге асыры-лады.
Қылмыстың объективтiк жағы бiрнеше балама
әрекеттерден көрiнiс табады: 1) ұлттық,
этникалық, нәсiлдiк немесе дiни топтың
мүшелерiн осындай белгiлерi бойынша өлтiру
(екi немесе одан да көп) өлтiрудiң түсiнiгi
Қылмыстық кодекстiң 96-бабында берiлген;
2) олардың денсаулығына ауыр зиян келтiру
(Қылмыстық кодекстiң 103-бабын талдауды
қараңыз); 3) бала тууға күшпен бөгет жасау,
бала көтеруге тыйым салу, жыныс мүше-лерiне
операция жасау арқылы оларды бала көтеру
немесе ұрық шашу қабiлетiнен айыру;
4) балаларды мәжбүрлеп бiреуге беруге
— ата-аналарынан балаларды тартып алып
басқа топқа немесе басқа адамға беру
немесе осындай күшпен алынған балаларды
басқа бiреуге сату, құлдыққа берулер жатады;
5) күштеп көшiруге — тұрғылықты адамдарды
жоғарыда көрсетiлген белгiлерiне қарай
мекенiнен жер аудару, басқа жаққа ерiксiз
көшiрулер жатады;
6) топтың мүшелерiн қырып-жою. Есептелген
өзге де тiршiлiк жағдайларын туғызу арқылы
толық немесе iшiнара қырып-жоюға бағытталған
қасақана әрекеттер. Бұған мұндай топтың
мүшелерiне медициналық, гуманитарлық,
азық-түлiк немесе басқадай көмек бермеу,
соғыс немесе стихиялық апатқа ұшыраған
осындай топқа көмек беруге тыйым салу,
т.б.
Соғыс уақытында жасалған нақ осы әрекеттер осы қылмыс құрамының ауырлататын түрi болып табылады (160- бап 2-тармағы).
Қылмыс субъективтiк жағынан тiкелей қасаналықпен iстеледi.
Қылмыстың субъектiсi – 16-ға толған кез келген адам.
3.2 Экоцид (167-бап)
Қылмыстың тiкелей объектiсi — адамзаттың экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн халықаралық құқық нормаларымен реттелетiн қоғамдық қатынастар.
Қылмыстың заты – өсiмдiктер немесе жануарлар дүниесi, сондай-ақ атмосфера, жер немесе су ресурстары.
Қылмыс объективтiк жағынан
Өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн жаппай жоюға оларды түп-тамырымен жою, жер бетiнен жоқ етiп жiберу, сөйтiп экологиялық жүйенi бұзулар жатады.
Атмосфера, жер немесе су ресурстарын улауға — тiрi орга-низмдердiң улануына, өлуiне немесе ауыр зардапқа ұшырауына әкелiп соғатындай ауаны, суды немесе жердi уландыру әрекеттерi жатады. Экологиялық апатқа — жер бетiнде адамзаттың өмiр сүруiне қауiп келтiрген экологиялық жүйенi бұзу әрекеттерi жатады.
Өзге де осындай әрекеттерге — өзендердi, көлдердi, ауаны лас-тандыру, былғау арқылы экологиялық апат қаупiн тудыру әрекеттерi жатады.
Қылмыс құрамы материалдық. Осыған орай, кiнәлiнiң заңсыз iс-әрекеттерi мен одан пайда болған зардаптың арасындағы себептi байланыс анықталуы тиiс.
Субъективтiк жағынан қылмыс қасақаналықпен (тiкелей немесе жанама) iстеледi.
Қылмыстың субъектiсi — 16-ға толған кез келген адам.
IV Халықаралық қорғау аясындағы адамдар мен
ұйымдарға қарсы қылмыс
4.1Халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау (163-бап)
Қылмыстық кодекстiң 163-бабында халықаралық қорғау аясына алынған адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасағаны үшiн жауаптылық көзделiп отыр. Бұл қылмыстық-құқықтық норманың негiзгi мәнi халықаралық қорғауға алынған ұйымдар мен адамдарды кез келген экстремистiк топтың шабуылынан, қылмысты қол сұғуынан қорғау, сөйтiп соғысқа арандату немесе халықаралық жағдайды шиеленiстiруге жол бермеу болып табылады. Осы норманың заңдылық негiзi халықаралық қорғаудағы адамдарды, оның iшiнде дипломатиялық агенттерге қарсы қылмысты тойтару және ондай қылмыс iстегендердi жазалау жөнiндегi 1973 жыл-ғы Конвенция болып табылады1.
Осы Конвенцияда халықаралық
Қылмыстық кодекстiң 163-бабындағы осы норма жоғарыда көрсетiлген адамдар шет мемлекеттiң аумағында болған кезде ғана қолданылуы мүмкiн.
Көрсетiлген қылмыстың жәбiрленушiсi халықаралық қорғау аясына алынған адамдар болады.
Қылмыстың заты — халықаралық қорғау аясындағы адамдардың қызметтiк немесе тұрғын үй-жайлары, не көлiк құралдары болады.
Қылмыс объективтiк жағынан
Шабуыл жасауға жәбiрленушiнi ұрлау, оның денсаулығына орта дәрежелi зиян келтiрiп, шабуыл жасаймын деген және соған ұқсас басқадай қорқытулар жасау; жәбiрленушiнiң қызметтiк немесе тұрғын-жайына, көлiк құралдарына басып кiру, бас бостандығынан ерiксiз айыру т.б. әрекеттер жатады.
Егер шабуыл жасаудың нәтижесiнде заңда көрсетiлген адамның бiрi қасақана өлтiрiлсе, онда iс-әрекет қылмыстардың жиынтығы бойынша (163, 96-баптар) сараланады.
Қылмыс субъективтiк жағынан тiкелей қасақаналықпен жасалады. Адам халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымға шабуыл жасайтынын сезедi және соны iстеудi тiлейдi. Қылмыстың субъективтiк жағының белгiсi, қылмыстың мақсаты — соғысты арандату немесе халықаралық жағдайды шиеленiс-тiру болып табылады.
Қылмыстың субъектiсi – 16-ға толған кез келген есi дұрыс адам.
Осы қылмыстың ауырлататын түрiне:
бiрнеше рет не қару қолдану, не адамдар
тобының алдын ала сөз байласуы
бойынша жасалған не денсаулыққа ауыр
зиян келтiрумен ұштасқан, абайсызда адам
өлiмiне әкеп соққан нақ сол әрекеттер
жатады
(163-баптың 2-тармағы).
Бiрнеше рет iстелген қылмыс түсiнiгi
Қылмыстық кодекстiң 11-бабында, адамдар
тобының алдын ала сөз
Денсаулыққа ауыр зиян қасақана немесе абайсызда келтiрiлуi мүмкiн, абайсызда өлiмге әкеп соққан әрекеттер үшiн жауаптылық баптың осы тармағымен саралануға жатады.
V Әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық астамшылдықты насихаттауға немесе үгiттеуге жол бермеу жӨнiндегi конституциялық
принципке қол сұғу
5.1 Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк немесе дiни араздықты қоздыру (164-бап)
Қазақстан Республикасының Конституциясында:
«тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк
жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына,
тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты
жерiне байланысты немесе кез келген
өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай
кемсiтуге болмайды» (14-баптың
2-тармағы) делiнген.
Қылмыстың тiкелей объектiсi — әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк немесе дiни бостандықтар мен теңдiктердi қамтамасыз ететiн қоғамдық қатынастар.
Қылмыс объективтiк жағынан
Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, дiни араздықты немесе алауыздықты қоздыруға әр түрлi ұлттардың, нәсiлдердiң, рулардың азаматтарының арасында жанжалдар туғызуға әрекеттер жасау жатады.
Азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн не дiни сенiмдерiн қорлауға бағытталған қасақана iс-әрекеттерге оларды ұлттық немесе дiни белгiлерi бойынша кемсiту, келемеж ету әрекеттерi жатады.
Азаматтардың дiнге
Осы жоғарыда көрсетiлген әрекеттер көпшiлiк алдында және бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Қылмыс құрамы формальдық болып табылады, ол Заңның диспозициясында көрсетiлген әрекеттердiң бiреуiн iстеген уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
Қылмыс субъективтiк жағынан тiкелей қасақаналықпен жасалады.
Қылмыстың субъектiсi – 16-ға толған есi дұрыс адам.
Қылмыстық кодекстiң 164-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрi — адамдар тобымен немесе бiрнеше рет жасалған, немесе күш көрсетумен не оны қолданамын деп қорқытумен ұштасқан, сондай-ақ өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып, адам не қоғамдық бiрлестiктiң жетекшiсi жасаған нақ сол iс-әрекеттер үшiн жауаптылық көзделген.

- Бейбітшілік үшін әріптестік» аясындағы НАТО және Қазақстан қарым-қатынастары
- Бейімбет Майлин - сатирик жазушы
- Беймата және беймата жаймалары, оның түрлері, тігін өндірісінде қолданылуы
- Бейматаларды тоқып-тігу әдісі арқылы өндіру
- Бейнелеу өнері
- Бейнелеу өнері сабағында кескіндеме өнерін оқытудың тиімді жолдары
- Бейнені өңдеу негіздері
- Безтраншейный ремонт газопровода
- Безубыточность предприятия
- Безубыточность предприятия и прогнозирование прибыли
- Безукорезненный стиль сервировки
- Безъядерные зоны
- Безъядерные зоны
- Безэквивалетная лексика как лингвистический феномен