Бейбітшілік үшін әріптестік» аясындағы НАТО және Қазақстан қарым-қатынастары

Қазақстан Республиксы Білім  және ғылым министрлігі

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ  экономикалық университеті

Экономика және басқару факультеті

Әлемдік экономика және халықаралық  қатынастар кафедрасы

 

 

 

 

ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Бейбітшілік үшін әріптестік» аясындағы НАТО және Қазақстан қарым-қатынастары

 

 

 

 

 

Ғылыми жетекші: аға оқытушы 

Хайрулдаева А.М

 

Орындаған: «Халықаралық қатынастар»

мамандығы, 2-курс студенті Сарикенова Ш.

 

 

 

 

 

 

 

АЛМАТЫ, 2012

 

МАЗҰНЫ

Кіріспе......................................................................................................................3

  1. Солтүстік атлантикалық келісім ұйымы , НА́ТО-ның “Бейбітшілік үшін әріптестік бағдарламасы”

   1.1“Бейбітшілік үшін әріптестік бағдарламасының” қалыптасу   тарихы.................................................................................................................5

        1.2“Бейбітшілік үшін әріптестік бағдарламасының” мақсаттары және    мазмұны.................................................................................................................7

    2.    НАТО  және Қазақстан қарым-қатынастары

        2.1   Әріптестік аясы.....................................................................................14

       2.2    Қазақстан мен НАТО әріптестігінің  маңызды оқиғалары...............18

Қорытынды............................................................................................................20

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................................21

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі таңда әлемнің көптеген елдерінде демократия орнатылып, бейбітшілік пен ынтымақтастық жолында әрбір ел қыруар істер мен шаралар атқарып жатыр.Десек те,әлі күнге  дейін жер шарының түкпір-түкпірі қауіпсіз,тыныш деп айту қиынға соғады.Бұған бірнеше себептерді атап өте аламыз: бірқатар еуропа мемлекеттерінде дағдарыс орнап,бейбіт халық наразылық шерулерін ұйымдастырып,өзге елдерге қауіп төндіруде,яғни әлемде экономикалық ахуал,тұрақсыздық орнап отыр,екіншіден,дүние жүзіне таралып келе жатқан және барлық адамзат қауымын дүрліктіріп отырған мәселе-террористік,экстремистік ұйымдардың санынның артып,әсіресе жастар қатары олардың қармағына тез ілініп, діни, психологиялық тұрғыдан ақсап келе жатқандығымыз байқалады.Осындай жағдай орнаған кезеңде кез-келген мемлекет мұндай тығырықтан шығудың амалын ойластырып,бұл мәселені шешуге тырысады.

Біздің ойымызша, бұның бірден-бір және оңтайлы шешімі-әскери,экономикалық жағынан қуатты,әлемде үлкен ықпалы бар тұрақты ұйымға мүшелікке өту арқылы тыныштықты сақтап қалу. Мұндай ұйым-Солтүстікатлантикалық келісім ұйымы-НАТО десек еш қателеспеспіз.Яғни Қазақстан әріптес-мемлекет қатарынан мүше-мемлекет қатарына қосылып,өзінің бейбіт өмір сүруін,дамуын және тұрақтылығын сақтай алады.

Жұмыстың мақсаттары мен міндеттері: НАТО ұйымының қызметі мен функцияларын,көпжылдық еңбегі мен жетістіктерін саралау арқылы Қазақстан Республикасының НАТО әріптестігінің жарқын болашағын дәлелдеу. Бұл мақсаттарға жету үшін төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру негізделді:

 

  • Солтүстікатлантикалық ұйымның өткен тарихын баяндау және болашақтағы жоспарларына көз жүгірту;
  • НАТО-ның әскери қызметін талдау арқылы оның экономикалық,қарусыздану,ядролық қарусыздану,экология,табиғат қорғау және апатттардан сақтану сияқты салалар бойынша үлесіне көз жеткізу.
  • Қазақстан мен НАТО-ның әріптестігі үлкен жетістіктерге,әсіресе Қазақстан үшін,апаратындығын дәлелдеу;
  • Өз елімнің азаматы және жанашыры ретінде мемлекетіміздің тыныштығы мен бейбіт өмір сүруіне кепіл болатын барлық факторларды атау,ал осы жұмысымда ол фактордың НАТО екендігін дәлелдеу.

Жұмыстың методологиялық негізі. Бұл тақырыпты зерттеп, жан-жақты ашып қөрсетуде тарихи талдау, салыстыру, жүйелеу әдістері пайдаланылды.                                                                                                            

Ғылыми жұмыстың құрылымы кіріспе, қорытынды бөлімдермен қатар екі тараудан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Солтүстік атлантикалық келісім ұйымы , НА́ТО-ның “Бейбітшілік үшін әріптестік бағдарламасы”

 

1.1“Бейбітшілік  үшін әріптестік бағдарламасының”  қалыптасу   тарихы

Солтүстік атлантикалық келісім ұйымы , НА́ТО (ағыл. - North Atlantic Treaty Organization, NATO; фр. Organization du traité de l'Atlantique Nord, OTAN) - әскери-саяси одақ. 1949 жылы 4 сәуірде 12 мемлекет (АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Бельгия, Нидерланды, Люксембург, Канада, Италия, Португалия, Норвегия, Дания, Исландия) қол қойған Солтүстікатлантикалық келісімшарты негізінде құрылған .

Қазіргі таңда НАТО-ға 28 мемлекет мүше.Сонымен қатар 22 мемлекет “Бейбітшілік үшін серіктестік бағдарламасы” аясында серіктес болып табылады.

НАТО осы ұйымға кіруге ұмтылатын немесе осы ұйым саясатын қолдайтын бірқатар еуропалық мемлекеттермен “Бейбітшілік үшін ынтымақтастық ” деп аталатын келісімге қол қояды.

Бейбiтшiлiк үшiн  әрiптеcтiк бағдарламасы - [Partnership for Peace] - Кеңес Одағының ыдырауынан және Варшава келісімі ұйымы өз жүмысын тоқтатқаннан кейін әлемдік саясатта НАТО-ның рөлі өзгере бастады. АҚШ өзінің Еуропадағы әскери қатысуын жартысына дейін қысқартты. Бірқатар Шығыс Еуропа елдері НАТО- ға кіруге құлшыныс танытты. Оған жауап ретінде 1994 ж. НАТО "Бейбітшілік үшін әріптестік" бағдарламасын қабылдады, оның шеңберінде ұйым Еуропа мен Азиядағы 27 елмен әріптестік қарым-қатынас орнатып, әскери жаттығулар жүргізуде[2]. "Бейбітшілік үшін әріптестік" бағдарламасының шартына сәйкес, егер әріптес-елдерге шабуыл жасалып, қауіп төне қалған жағдайда әскери әрекеттерге НАТО-ның қатысуы міндетті емес. 1994 ж. 27 мамырда Қазақстан 19- шы мемлекет болып осы бағдарламаға қосылуға ниет білдіріп, қол қойды[3]. Бағдарлама аясында Қазақстан НАТО-мен әскери-техникалық саладағы әріптестіктерді жетілдіріп, қорғаныс құрылы мындағы, демократия жағдайындағы қарулы күштердің қызметін жетілдіруді, әскери стратегияны дамытуды және әсіресе, НАТО-ның колледждерінде әскери білім алу мен әскери мамандардың біліктілігін арттыруды көздейді.

“Бейбітшілік үшін әріптестік бағдарламасы” 1994 жылы Солтүстікатлантикалық  кеңес әріптестігінің (САКӘ) даму шеңберінде құрылды,алайда ол бастапқыда көпжақты саяси диалог негізінде құрылып,әрбір әріптес-мемлекетке НАТО-мен жеке әріптестік орнатуға мүмкіндік бермеген еді. “Бейбітшілік үшін әріптестік бағдарламасы” бұл жағдайды өзгертті.САКӘ-мен салыстырғанда ол келесідей артықшылықтарға ие болды:

-барлық  мемлекеттер үшін,сонымен  қатар қосылмаған Еуропа елдері  үшін де ашық болды,ал САКӘ-де  тек бұрынғы Варшава Шартты  Ұйымындағы мемлекеттер үшін  ашық еді;

-тек қана сұхбатқа  ғана емес,шынайы әріптестікке  мақсатталған;

-НАТО-ның кеңеюінің белгісі  іспеттес болды.

Алайда Солтүстікатлантикалық  кеңес әріптестігі сияқты “Бейбітшілік үшін әріптестік бағдарламасы” өте  тығыз мақсаттарды алдына қойғандықтан, өз құрамындағы мемлекеттерге толық қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмады.Альянстың көзқарасы бойынша, “Бейбітшілік үшін әріптестік бағдарламасы” әрбір әріптестің барлық НАТО мүшелеріне   жүктелетін міндеттерді атқаруының мүмкіндіктерін  анықтаушы құрал болуы және ол осы мүмкіншіліктері сынаққа түсетін өзінше бір полигон іспеттес болуы тиіс.

1997 жылы Евроатлантикалық  әріптестік кеңесі(ЕАӘК) құрылып,ол САКӘ-нің жалғасы ретінде танылды[4.15].

2002 жылдың қараша айындағы  Прагадағы кездесулерде НАТО  мен әріптес-мемлекеттер арасындағы  әріптестікті тереңдетуге бағытталған  іс-әрекеттер жоспарлары қабылданды.

“Бейбітшілік үшін әріптестік бағдарламасы” қабылданған уақыттан бері бұл бағдарламаның құрамы өзгеріп  отырды.Кейбір мемлекеттер НАТО-ға кіріп,әріптес-мемлекет категориясынан мүше-мемлекет категориясына өтіп,толықтай мүше-мемлекеттер қатарына қосылды.Осындай мемлекеттер ретінде Албанияны,Венгрияны,Словенияны,Болгарияны атауымызға болады.

 

1.2“Бейбітшілік үшін әріптестік бағдарламасының” мақсаттары және мазмұны

 

“Бейбітшілік үшін әріптестік бағдарламасының” басты мақсаттары болып табылады:

  • әскери жоспарлаудың айқындылығына қол жеткізу және мемлекеттің қорғаныс бюджетін қалыптастыру;
  • әскери күштерге демократиялық бақылауды енгізу;
  • халықаралық операциялардың өткізілуін қамтамасыз ету;
  • БҰҰ-ның эгидасымен және ЕҚЫҰ-ның санкцияларымен жүзеге асырылатын қажетті көмек беру операцияларына күш пен қаражатты жеткілікті деңгейге жеткізу;
  • әріптес-мемлекеттерге бейбтшіл, құтқару, гуманитарлық операцияларына қатысу үшін қажет білім және біліктілік деңгейін арттыру.Ол үшін бағдарламаға НАТО-мен әскери әріптестікті дамыту бөлімдері қосылды,оның астарында біріккен жоспарлауды жүзеге асыру және жеке құрам мен оқытуды жүзеге асыруды дайындау жатыр;
  • Еуропа көлеміндегі әскери және саяси әріптестікті кеңейту және активизациялау,тұрақтылықты арттыру,әлемге төнген қауіпті бәсеңдету,Солтүстікатлантикалық альянстың демократиялық принциптеріне сәйкес әріптестік пен қарым-қатынасты нығайту.

   “Бейбітшілік үшін әріптестік бағдарламасының” ресми негізі Рамалық құжат болып табылады,онда әрбір әріптес-мемлекетке қатысты нақты нұсқаулар айтылады.Осы құжатқа сәйкес,әрбір әріптес-мемлекет өзіне маңызды міндеттемелерді алады:

  • демократиялық қоғамды сақтау;
  • халықаралық құқық принциптерін бұзбау,БҰҰ-ның Жарғысынан,Адам құқықтары декларациясынан,Хельсинкидегі қорытынды акт пен қарусыздану және қарулануды бақылау туралы халықаралық келісімдерден шығатын міндеттерді орындау;
  • басқа мемлекеттерге қарсы күш қолдану мен қорқытудан аулақ болу; мемлекеттердің нақты белгіленген шекараларын бұзбау;
  • дау-дамайларды бейбіт жолмен шешу[2].

“Бейбітшілік үшін әріптестік бағдарламасы” аясында әріптес-мемлекеттер  НАТО-мен үш деңгейде әріптестікті жүзеге асырады.

Бірінші деңгей. Жеке әріптестік бағдарламасы(ЖӘБ) IPP –( individual partnership programme ).

ЖӘБ  “Бейбітшілік үшін әріптестік бағдарламасы” шеңберінде жүзеге асатын НАТО-мен әріптестіктің бірінші кезеңі болып табылады.

ЖӘБ өз құрамына кең көлемді  іс-әрекеттер жиынтығын қосады, ол бойынша әріптес-мемлекет НАТО-мен қарым-қатынас орнатуға тырысады. Жыл сайын ЖӘБ шеңберінде 1500-ге жуық іс-шаралар өткізіледі. Басты назар НАТО-мен өткізілетін моневрларда әріптес-мемлекеттердің әскерилерінің қатысуына бөлінеді.

Әріптес-мемлекеттер өз қалауы бойынша іс-қимылдар жиынтығын таңдайды және оны НАТО басшылығына хабарлайды. Альянс өз кезегінде ұсыныстарды  зерттеп, жобалардың іске асырылуын қабылдайды. Іс-қимылдар жиынтығын қаржыландыру мәселесі көп жағдайда әріптес-мемлекеттерге жүктеледі. ЖӘБ, БӘБ-ның әске асырушы механизмі бола тұра, тренингтер мен білім беруді жүргізуге кең көлемді мүмкіндіктер бар. Әріптес-мемлекеттердің әскерилері аталған бағдарлама аясында Обераммергау, Любляне, Будапештте және Анкарада орналасқан білім орталықтарында әскери білім негіздерін үйренеді.

Екінші деңгей.  Үрдістерді жоспарлау және анализдеу бағдарламасы (ҮЖАБ). ҮЖАБ  БӘБ   шеңберіндегі әріптестіктің екінші деңгейі болып саналады. Осылайша, ҮЖАБ  БӘБ  аясындағы әріптестіктің нақты мақсаттарын одан әрі күшейтуді көздейді.

ҮЖАБ НАТО-ның көп ұлтты  операцияларында, білім беру саласына қатысуға ниеті бар әріптес-мемлекеттің қорғаныс сферасын және әскери күштерін бағалайды. Мақсаты – НАТО-ның стандарттарына сай баға мен күшке сәйкес болуы, көп ұлтты оқу, жаттығу және бейбітшіл операцияларына қатысуға дайындығын тексеру. ҮЖАБ шеңберіндегі іс-қимылдар жиынтығының басты бағыты: өзара іс-әрекеттерді, жаңа әскери оқытуды, бейбітшіл операцияларды жоспарлау. Сапа жағынан бағалайтын болсақ, ҮЖАБ шеңберіндегі әріптестік БӘБ-ға қарағанда жоғары.

Үшінші деңгей. Жеке әріптестік бойынша іс-әрекеттер жоспары (ЖӘІӘЖ). ЖӘІӘЖ «Бейбітшілік үшін әріптестік бағдарламасының» үшінші деңгейі болып саналады. ЖӘІӘЖ 2002 жылдың қараша айында НАТО-ның Париждегі саммитінде әріптес-мемлекеттер үшін ашық деп жарияланды. ЖӘІӘЖ әріптес-мемлекеттің НАТО-дағы қорғаныс секторының интеграциялануына қатысты нақты іс-шараларды көрсетеді. Жоспар, сонымен қатар, НАТО-дағы әріптес-мемлекеттердің мүше-мемлекеттерге көмек бере алатын сфераларын орнатады, олардың оқу және жаттығу мүмкіндіктерін жоғарылатуды анықтайды.

                          БӘБ-на кім қатысады

Бүгінгі таңда «Бейбітшілік үшін әріптестік бағдарламасына» 22 мемлекет қатысады: Армения, Австрия, Әзірбайжан, Беларусия, Босния мен Герцеговина, Финляндия, бұрынғы югославиялық республика Македония, Грузия, Ирландия, Қазақстан, Қырғызстан, Мальта, Молдова, Черногория, Рсей Федерациясы, Сербия, Швеция, Швецария, Тәжікстан, Түркіменстан, Украина, Өзбекстан[2]. «Бейбітшілік үшін әріптестік бағдарламасы»  барлық мемлекеттердің қақтығыстарды реттеу мен бейбітшіл іс-қимылдар жиынтығын құратын негізі болып табылады. Алғашқы бір жылдықта одақтастар және әріптестер Польшада, Нидерландыда және Солтүстік Атлантикада біріккен әскери оқуларды іске асырды. Біріккен оқытулардан басқа бағдарламаның негізгі мәселесі – әскери делигацияларымен алмасу және НАТО-ның құрамында жоқ мемлекеттердің офицерлеріне НАТО-ның оқу орындарында білім беру. Сонымен қоса бұл бағдарлама жаңа демократияларға НАТО-дағы қалыптасқан процедуралар мен стандарттарды жақсылап біліп алуға және Альянсқа кіруге шешім қабылдануына едәуір көмек береді.

Мәселелерді бірлесіп шешу, оперативті сәйкестікті жоғарылату

Әріптес мемлекеттер өткенде  және қазіргі таңда Солтүстікатлантикалық  одақ жүзеге асырушы Балқан аймағынан  Ауғанстанға дейін, Ирактан Дарфурға дейінгі операциялар мен миссияларға  қомақты үлес қосуда .

Әріптес-мемлекеттердің әскери күштері белсенді түрде НАТО-ның  басшылығымен жүзеге асырылатын операцияларға  қатысу үшін олар НАТО-ның әскери дайындық және білім беру бағдарламаларына жиі  қатысады.

                                      Қорғаныс реформасы

«Қырғи-қабақ соғыстың» аяқталуына байланысты көптеген әскери күштерді және соғыс техникасы мен қаруларды иелену қажеттілігі жойылды. Алайда, әскери реформаны жүргізу – көп қаражатты қажет ететін оңай іс емес. Тәжірибе алмасу және әскери реформаның кең көлемді проблемаларын шешу және оның экономикалық, әлеуметтік салдарын басқару – НАТО-ның әріптес-мемлекеттермен әріптестігінің ең маңызды формаларының бірі болып табылады.

Бұл саладығы басты мәселе – азаматтық демократиялық бақылауға  алынған нәтижелі қорғаныс институтын құруға ат салысу.

«Бейбітшілік  үшін әріптестік бағдарламасының» іс-қимылдарының түрлері және бастамалары

НАТО мен әріптес-мемлекеттер  арасындағы байланыстарды одан әрі  күшейту мақсатында әскери іс-қимыл  түрлерінің және бастамалардың кең  шеңбері ұсынылды. Олар әріптестердің  әскери оқытуға қатысуымен ғана шектелмей, мысалға, НАТО-ның Рим қаласындағы  Қорғаныс колледжіндегі курстарда, Обераммергаудағы НАТО-ның Мектебінде білім алу мүмкіндіктерін қамтиды. БӘБ мемлекеттеріне жоғарыда аталған шендерге өз кандидатурасын шығару ұсынылды, НАТО-ның көптеген штабтарында БӘБ негізінде толыққанды жоспарлауға және іске асыру бағдарламаларына қосылу мүмкіндігі туды[7.107].

Әріптес мемлекеттердің офицерлері де НАТО-ның әріптестіктің координациялық топтары шеңберінде Халықаралық  әскери штабта халықаралық функцияларды іске асырады. Қазіргі таңда әріптес  мемлекеттердің әскерилерінің концепцияларды және әскерлерді операцияларда қолданудың принциптерін құрастыруға қатысу мүмкіндіктері  қарастырылуда.

Осы аталған іс-қимыл түрлерінің іске асырылуының жылдамдығы байқалып отыр.

Еуроатлантикалық  әріптестік кеңесі (ЕАӘК)

Еуроатлантикалық әріптестік кеңесі 1997 жылы Солтүстікатлантикалық  әріптестік кеңесі орнына құрылды. Ол өзіне НАТО-ның 24 мүше мемлекеттерін, 22 әріптес мемлекеттерін жиі өткізілетін  кеңес пен әріптестік форумы аясында  біріктіреді. Мемлекет және үкімет басшылары «Бейбітшілік үшін әріптестік бағдарламасының» одан әрі дамуымен байланысты екі құжатты мақұлдады. Осы құжаттың бірінде, «НАТО-ның басшылығымен БӘБ-ның әскери-саяси шеңберіндегі операциялар» , әріптес-мемлекеттердің саяси кансультациялар мен шешім қабылдау үрдісіне қатысу мәселесі, НАТО-ның басшылығымен жүргізілетін оперативті жоспарлау мен болашақ операциялардың әскери басшылығы туралы келісулерге қатысу мәселесі қарастырылады. Екінші құжаттың атауы « ХХІ ғасырдағы әріптестікке – тереңдетілген және оперативті әріптестікке». Бұл құжатта БӘБ-сын оперативтілігін жоғарылатуға бағытталған негізгі нұсқаулар қысқаша түрде баяндалады.

ЕАӘК-ның іс-әрекеттері БӘБ-н  толықтырады. Ол екі жылдық жоспарға негізделген, басты назар қауіпсіздік пен саяси сұрақтар аясына қатысты кансультацияларға бөлінеді, сонымен қатар аймақтық сұрақтарға, қарулануды бақылауға, халықаралық терроризмге, бейбітшілікке, қорғаныс экономикасы сұрақтарына, азаматтық жедел жоспарлауға және ғылым мен табиғат қорғауға бағытталған.

                    Әріптес-мемлекеттердің өкілдіктері

1994 жылдан бастап әріптес-мемлекеттер  байланыс бойынша өздерінің бюроларын  аша бастады, ал 1997 жылдан бастап  НАТО-дағы штаб-пәтерде дипломатиялық  миссияларын орната бастады. «Бейбітшілік  үшін әріптестіктің штабтық элементтерін»  құрудың нәтижесінде әріптес  мемлекеттермен әскери байланыстар  одан әрі күшеюде. Бүгінгі күні  НАТО-ның штаб-пәтерінде, сонымен қоса НАТО-ның бірінші және екінші біріккен әскери звеноларында осындай сегіз элемент бар, олардың құрамына НАТО-ның мүше-мемлекеттерінің офицерлері және әріптес-мемлекеттердің әскерлері БӘБ-ның нұсқауы бойынша кіреді. БӘБ-ның жаңа штабтық элементі жуырда НАТО-ның Мектебінде құрылды, ол БӘБ-ның дайындық Орталықтары мен және БӘБ-ның өзге де институттары арасындағы әріптестік үшін үлкен маңызы бар. Әріптес-мемлекеттерден келген офицерлер НАТО-ның мүше мемлекеттерінің офицерлерімен қатар халықаралық ұйымның қызметкерлері ретінде қызмет атқарады және саяат сұрақтары бойынша дискуссиялардың дайындығына, саяси шешімдер қабылдауға қатысады. 1998 жылдан бастап әріптес-мемлекеттерден келген офицерлер Әріптестіктің координациялық тобы құрамына кіріп, оның іс-әрекеттеріне толықтай қатысады.

                            Әріптестікті тереңдетілуі

2002 жылдың қараша айындағы  Прагада болған кездесуде НАТО-мен  әріптес-мемлекеттер арасындағы  әріптестікті тереңдетуге бағытталған қадамдар қабылданды. ЕАӘК-ның шолуында және БӘБ-да әріптес-мемлекеттермен саяси сұхбатты нығайту және оларды көбірек жоспарлауға тарту, іс-шаралардың өтуіне және басқаруына тарту жүктелген.

Прагада әріптестіктің жаңа механизмі қабылданды – Әріптестіктің  іс-әрекет жоспары деп аталады. Бірінші кезекте терроризмге қарсы күреске арналған әріптестіктің іс-әрекет жоспарын жасап шығару болып табылады. Тағы да бір жаңа бастамалардың бірі әріптестіктің іс-әрекетінің индивидуалды жоспары, ол өз елінде ішкі реформаларды жүзеге асыруға көмек сұраған әріптес-мемлекеттерге арналды. Осыдан бастап Солтүстікатлантикалық одақ қызуғушы мемлекеттерге бірнеше іс-шаралардың жиынтығын ұсынып қана қоймай, әр елдің индивидуалды қажеттіліктерін және нақты жағдайларын ескере отырып, арнайы көмек беру бағдарламасын жасап шығаруы керек.

Сонымен қоса екі стратегиялық маңызды аймақта орналасқан мемлекеттерге  ерекше көңіл бөлу шешімі қабылданды, олар – Кавказда (Армения, Әзірбайжан, Грузия) және Орталық Азияда (Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан). Бұл аймақтарда НАТО-ның арнайы өкілі белгіленіп,өзара көмек бойынша екі қызметкер тағайындалды. Олардың атқаратын қызметі – Әріптестіктің іс-әрекетінің индивидуалды жоспары аспектілерін жүзеге асыруға байланысты туындаған сұрақтарға кансультация беру және көмек көрсету, сонымен қоса терроризмге қарсы күреске және әріптестіктің іс-әрекет жоспарының қорғаныс институттарына қатысты қандай да бір түсініспеушіліктер туындаған жағдайда мәселені шешу.

Бүгінгі таңда ЕАӘК-ның  көмегімен 22 әріптес-мемлекет қалған НАТО-ның  мүше-мемлекеттерімен кансультациялар  өткізеді, бағыттар бойынша әріптестікті дамытуда әртүрлі қорғаныс және қауіпсіздік  аспектілері бойынша бірігіп  жұмыс атқарды.

 

 

 

 

 

2.НАТО және Қазақстан қарым-қатынастары

 

2.1 Әріптестік  аясы

 

НАТО және Қазақстан арасында өзіне демократиялық қатынастар жағын және институционалды реформаларды қосқан өзара табысты әріптестік орнады. Бұл әріптестік одан әрі  жалғасуда. Оның жалғасы әскери реформамен басқа бағыттарда анық байқалады. Әріптестік кезіндегі іс-әрекеттің индивидуалды жоспары бар. Бұл жоспарда НАТО мен  Қазақстанның әріптестігіне қажет барлық аспектілер баяндалған.

Әріптестіктің жоспарлануы  ЕАӘК-ның көмегімен жүзеге асырылуда. НАТО-ның бас хатшысы Қазақстан  басшылығымен елге жиі сапар жасау  арқылы сұхбат орнатуда. НАТО-ның Орталық  Азия бойынша тағайындалған қызметкері әрдайым Астанаға іссапармен келіп, әріптестіктің негізгі сұрақтарын талқылайды.

НАТО мен Қазақстан  арасындағы практикалық әріптестік Әріптестіктің іс-әрекетінің индивидуалды жоспары(ӘІИЖ) көмегімен жүзеге асады. Қазақстан басшылығы ӘІИЖ-на сәйкес реформалардың сызбанұсқаларын  көрсетіп, екі жақ оны екі жыл  мерзімге бекітеді.

Қазақстанда ӘІИЖ-ның 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезеңі аяқталды[3].

Екінші кезең жүзеге асырылып жатыр. ӘІИЖ-ның басты бағыттары  болып мыналар табылады:

  1. Саяси реформа;
  2. Әскери реформа;
  3. Қауіпсіздік секторындағы реформа.

НАТО жоғарыда көрсетілген  реформалардың іске асуына көмектесуге, кеңес беруге, бірлесіп іс-әрекет атқаруға келісімін берді. Демократияның дамуы мен тұрақты әлеуметтік және экономикалық дамытуды жүзеге асыру үшін жеке және мемлекеттік секторды қайта құру.

Қазақстан НАТО-мен және басқа әріптес-қалалармен «Бейбітшілік үшін әріптестік бағдарламасы» негізінде  қарым-қатынас орнатып жатыр.

Қазақстан өзінің қатысу шеңберін іс-шараларды анықтаушы, мақсаттарға жетуге көмектесуші әріптестіктің индивидуалды жоспары шарттары бойынша анықтайды. Сөзсіз НАТО мен Қазақстан арасындағы әріптестік екі жаққа да өзара тиімді, себебі екі жақ та өз қажеттіліктерін қанағаттандырады.

НАТО мен Қазақстан  белсенді түрде демократиялық және институционалдық реформалар аумағында  байланыс орнатады, әскери реформаларды және тәжірибелік әріптестікті және басқа да көптеген бағыттарды дамытады. ӘІИЖ-да Қазақстан мен НАТО арасындағы әріптестіктің жалпы бағдарламасы көрсетілген. Анализ бен жоспарлаудың үрдісі қорғанысқа байланысты мәселелерде әріптестікті жүргізуде көмегін тигізеді.

                          Қауіпсіздік жөніндегі әріптестік

БҰҰ-ның қауіпсіздік жөніндегі  кеңесінің мандатына сәйкес Қазақстан  өзінің әуе-десанттық күштерінің құрамынан бейбітшіл батальонды бөліп берді, ол НАТО-ның жетекшілігімен бейбітшілікті сақтау операцияларын өткізуге қолданылуы мүмкін. Бейбітшіл батальонның бөлімдері НАТО-ның мемлекеттерімен бірге әскери оқытуларға қатысты. Анализдеу және жоспарлау үрдісінің мәні – осы күштерді бригадаға дейін кеңейту. Осылайша, ротация нәтижесінде Қазақстан саны батальонға дейін жететін адам тобының қатысуын қамтамасыз ете алады. Қазақстан өз аумағында оқыту дайындығын және БӘБ-ның оқытылуын ұйымдастыру арқылы және басқа елдер жүргізетін осындай іс-шараларға қатысу арқылы белсенді рөл атқаруда. Мүше мемлекеттердің келісімімен Қазақстан БӘБ-ның аймақтық оқу орталығын құру жұмыстарын жүргізіп, НАТО-ның құрамындағы мемлекеттермен және аймақтағы серіктестермен әскери дайындық методикасы мен шет тілдерін оқыту сфераларында өзара іс-ірекетін жалғастырып жатыр. Терроризмге қарсы күрес әріптестігінің іс-әрекет жоспарына қатысу арқылы Қазақстан осы күреске өзінің де үлесін қосуда. Осы арқылы НАТО-мен анықталған және аналитикалық разработкалармен алмасу, ұлттық потенциалды жетілдіру, шекаралардың қауіпсіздігін нығайту.

2006, 2007 және 2009 жылдары Қазақстан  НАТО мемлекеттерінің көмегі  арқылы өз аумағында ірі контртерористік оқытулар («Степной орел») жүргізді. Бұл оқытулар Солтүстікатлантикалық одақ пен ҚАЗБРИГ-тің оперативті дәлдігін жоғарылатуға септігін тигізді.

Қорғаныс және қауіпсіздік секторындағы реформа

НАТО  ӘІИЖ-ның құжатында  баяндалған демократиялы және институционалды  реформаларды жүзеге асыруға Қазақстанға көмектесуде. Әсіресе, Қазақстан өзіне қолдана алатын қорғаныс және қауіпсіздік секторы реформасы жөнінен НАТО және жеке мүше-мемлекеттер мол тәжірибеге ие.

НАТО-ның мүше-мемлекеттерімен ақылдаса отырып,Қазақстан қорғаныс және қауіпсіздік секторы реформаларына қажетті концептуалды шеңберді құрастыруда және Қорғаныс министрлігінің реформаларының проектілерін жылжыту бойынша кеңес алуда. 2002 жылдан бастап Қазақстанның анализ және жоспарлау үрдісіне қатысуы оның НАТО-мен әскери күштерінің бірлесе қызмет атқаруын дамытуға көмегін тигізді. Қазақстанның және НАТО-ның әскери күштерінің оперативті түрде бір-біріне сәйкес болуы- негізгі мақсаттардың бірі. Қазіргі кезде басты назар аэромобильді күштерге, әскери теңіз күштеріне аударылып отыр. Сонымен қатар бейбітшіл батальонның алдағы дамуы және Солтүстікатлантикалық одақтың мүше-мемлекеттерімен бірігіп жұмыс істеуі жалғасуда.

          Азаматтық төтенше жоспарлау

НАТО-мен бірлесе отырып Қазақстан оның әс-шараларына қатысу арқылы өзінің азаматтық төтенше  жағдайларға жауап беруін және апат жерлердегі құтқару іс-әрекеттерін  дамытуда.

Осы бағыттағы әріптестікті дамыта отырып, 2008 жылы Қазақстан ЕКЦРСБК-дағы өз өкілін тағайындады. 2009жылы Қазақстанда  Алматыға жақын жерде ЕКЦРСБК  «Жетісудың» оқытулары болып  өтті.

                       Ғылым және қоршаған орта

«Ғылым қауіпсіздік пен бейбітшілік үшін» бағдарламасы бойынша Қазақстан ғылым мен экология саласындағы әріптестіктің жиырмаға жуық  проектілерін жүзеге асыруға грант иеленді. Бұл проектілер өзіне мыналарды қосады: Орталық Азиядағы радиологиялық қауіпті зерттеу бойынша әріптестік, су ресурстарын комплексті басқару және сейсмотұрақты құрылыстардың салынуына арналған жаңа технологияларды ойлап табу.

Қазақстан ,сонымен қатар ,басты мақсаты – Кавказ және Орталық Азия елдеріндегі ғылыми қызметкерлерге және жоғарғы оқу орындарының қызметкерлеріне Интернетке қол жетімділігін жақсарту болып табылатын «Виртуалды жібек магистралі» проектісіне қатысады. Қазіргі кезде Алматының көптеген мекемелері осы торды қолданады. Мемлекет көлемінде басқа қалаларда осы торға қосылу үшін дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бейбітшілік үшін әріптестік» аясындағы НАТО және Қазақстан қарым-қатынастары