Биопрепараттар технологиясы

МАЗМҰНЫ

 

Анықтамалар, белгілеулер  мен    қысқыртулар ......................................... 5

Кіріспе 6

Негізгі бөлім  8

1. Реактивтердің түрлері, маңызы және олардың қолданылуы 8

2. Биопрепараттар технологиясында стерильды ыдысты дайындау       әдістері мен тәсілдері 13

2.1 Стерилизациялаудың түсінігі мен әдістері 13

2.2 Стерилизациялау параметрлері  18

2.3 Ыдыстарды зарарсыздандыруға қойылатын талаптар 20

2.4 Жуылған ыдыстың тазалық дәрежесiн анықтау 22

ҚОРЫТЫНДЫ 24

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 25

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АНЫҚТАМАЛАР, ҚЫСҚАРТУЛАР ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕУЛЕР

Осы курстық жұмыста келесідей  анықтамалар қолданылды:

 

Залалсыздандыру – әр түрлі факторлардың әсерімен патогенді микроорганизмдер мен олардың спораларын жою іс-шаралары.

Биопрепараттар - жұқпалы ауруларды анықтау, олардың алдын алу, емдеу және балау мақсатында қолданылатын препараттар. Олар емдік, алдын алу және балау мақсатында қолданылатын препараттар.

Стерилизация - микроорганизмдердің вегетативті формаларын және олардың споралы материалдарын толығымен жою.

Дезинфектант – залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге арналған химиялық препараттар.

Пастерилизация - бұл бактерия споралары немесе вегетативті клеткалар температура әсеріне қатынасына негізделген.

Механикалық стерилизация (фильтрлеу) - бұл әдіс микроорганизмдерді және олардың спораларын ұсақ поралы фильтрмен механикалық ұстап қалу қасиетіне негізделген.

Химиялық стерилизация – бұл әдісте әртүрлі бактерициттік қасиеті бар химиялық заттар қолданылады.

 

Осы курстық  жұмыста келесідей қысқартулар  қолданылды:

ДеЖП – дезинфекциялық жуғыш препарат

pH – ерітіндінің қышқылдығы

ҚР – Қазақстан Республикасы

АШМ – ауыл шаруашылық министрлігі

мкг  – микрограмм

АИТВ – адам имун тапшылық вирусы

ГАТ – гипоксантин-аминоптерин-тимидин

кД  – килодальтон

ОФД – ортофенилендиамин

ФТЕ – фосфатты тұз ерітіндісі

УКС – ультракулгін сәулесі

Н – ерітіндінің нормасы

М – ерітіндінің молярлығы

 

Осы курстық  жұмыста келесідей белгілеулер  қолданылды:

        мл,%,ᵒС,t,г,атм.,мин.,мг,нм,м,мм, мПа

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Биотехнология ғылымының дамуы адам тірщілігіне  біршама өзгеріс енгіздірді. Қазіргі  биологиялық технологияларды пайдалану  арқылы халық шаруашылығына пайдалы, сапасы жоғары өнім алынуда. Қазіргі  кезеңде көптеген дамыған елдердің ғалымдары жаңа биотехнологиялық әдістерді  шығарып оны ары қарай игеріп, өнім мөлшерін молайтып, сапасын жақсыртуда.

Ауыл  шаруашылық биотехнологиясында, фармацевтикалық, тағам және химия өндірістерде, амин қышқылдарын, ақуыздарды, ферменттерді, медикаменттерді препараттарын  синтездеуде көптеген тәжірибелік мәліметтер жинақталынды [1].

Қазақстан Республикасы биотехнологияның түрлі  саласында жаңа техникалар мен технологияларды  игерген, негізгі және қолданбалы зерттеулерді белсенді жүргізетін, алдыңғы қатарлы  дамыған елдердің қатарына кіреді. Ген инженериясының жаңа технологиялары дәстүрлі биотехнологиялық процестердің деңгейлерін жоғарлатуға және бұрын  қол жеткізбейтін бағалы өнімдерді  алуға жол ашады.

Қазіргі заман талаптарына сәйкес биотехнологиялық өндірістері қалыптастыру, Қазақстандық биоөнімдерді әлемдік экономикалық кеңістікте бәсекелестіруге және экспортқа  шығарудың негізгі жолы болып  отыр.

Биологиялық препараттар жұқпалы және инвазиялық аурулардың алдын алуға (вакцина,анатоксин), емдеуге (спецификалық гипериммунделген сарысу және гамма-глобулин), диагностикасына (антиген, аллерген,бактериофаг, диагностикалық сарысу) және жануарларды емдеу, олардың өнімділігін жағарылату (жануар қан сарысуы (ЖҚС), В12 препараты және т.б.) үшін арналған биологиялық зат.Биологиялық препараттар зардапсыз, биологиялық белсенді және стерильді болуы тиіс. Биопрепараттар технологиясында залалсыздандыру жұмыстары қатаң бақыланады, себебі олардың биоматериалы адам ушін қауіп туғызады [2].

Адамзат тұрмысына қажетті бағыттардың  бәрінде биотехнологиялық процестерді  дамытудың көзделуінің негізгі  себебі, мұндай өндірістер бір жағынан  ықшамды болса, екінші жағынан үлкен  масштабты, процестердің негізгілері  заманға сәйкес механизацияландырылған, еңбектің өнімділігі жоғары болатындығы  анық. Биотехнологиялық процестерді  бақылауға, реттеуге және автоматтандыруға болады. Бұл процестердің химиялық процестермен салыстырғанда, жүргізу  жағдайлары «жұмсақтау», қысымдық көрсеткіштері  қалыпты, реакциялардың белсенділіктері  жоғары температураларды қажет етпейді  және бұл процестер сыртқы ортаны қалдықтарымен және қосымша өнімдерімен  көп ластамайды. Өндірісте қолданылатын ыдыстарды стерильдеу алдында тазарту  жұмыстары жүргізіледі. Тазарту  жұмысы механикалық жолмен жүреді. Тазартып болғаннан кейін стерильдеу алдында тазарту сапасын бақылау  жүргізіледі. Медициналық аспаптарды, шприцтерді,инелерді және басқа заттарды стерильдеудің алдындағы тазарту  сапасын бақылау сынамалар қою  арқылы жасалады. Қан қалдықтарын анықтау үшін амидопириндік және азопириндік сынама қойылады. Жуғыш заттардың қалдықтарын фенолфталеиндік сынамамен анықтайды [4].

Курстық жұмыстың мақсаты: Биопрепараттар технологиясында реактивтер және стерильді ыдыстарды дайындау әдістері мен тәсілдерін қарастыру.

Курстық жұмыстың міндеті: Биопрепараттар технологиясында пайдаланылатын реактивтермен танысу, олардың обьектке әсерін талдау, залалсыздандыру әдістерін анықтау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім

 

БИОПРЕПАРАТТАР  ТЕХНОЛОГИЯСЫНДА РЕАКТИВТЕР

    1. Реактивтердің түсінігі және олардың қолданылуы

 

Химиялық  реактивтер — лабораторияларда талдау жасауда, ғылыми-зерттеу жұмыстарында түрлі қосылыстардың химиялық өзгерісін, қасиеттерін, алыну әдістерін анықтау, т.б. мақсаттар үшін қолданылатын химиялық препараттар. Химиялық зертханаларда талдау, зерттеу жұмысын жүргізу үшін қолданылатын барлық құрал жабдықтар стерильді болғаны жөн [16]. Бұл жұмысты іске асыру үшін әр түрлі реактивтер қолданылады. Реактивтер қолданылуына қарай екі топқа : қолданбалы және арнаулы болып бөлінеді.Қолданбалы реактивтер барлық зертханаларда кездеседі, оларға: қышқылдар (тұз,азот,күкірт), сілті (аммиак ерітіндісі), барии, кальции оксиді, бейорганикалық тұздар қатары, индикаторлар (фенолфталейн, метил оранж) және кей органикалық ерітінділер (этил,шарап спирті, эфир). Арнаулы реактивтер нақты бір әрекеттерге арналған. Агрегаттық күйіне қарай қатты, сұйық және газ  тәрізді болады. Тазалығына қарай: химиялық таза, талдау үшін таза, таза [3].

Тазалау жұмыстарын жүргізуге арналған реактивтер тазалау мақсатына қарай, тазалау  обьектісіне байланысты түрлі көлемде  және әсер етуіне байланысты түрлі концентрацияда бағалады (1-кесте).  Қоршаған ортаның санациясы үшін химиялық,физикалық, биологиялық заттар қолданылады. Дезинекциялық заттар таңдағанда оған келесідей талаптар қойылады: әсері белсенді, беттік заттарға зиянсыз,тасымалдағыш, суда крігіш, дезинфекциялық қасиеті сақталған, арзан болуы керек,осы белгілеріне қарап бағаланады(1-кесте).

Ветеринариялық  тәжірибеде келесідей дәстүрлі дезинфектанттар  кеңінен қолданылады:

Каустикалық сода –   2-3 % спорасыз және вирусты инфекцияда, 10% споралы инфекцияда.

ДеЖП (дезинфекциялық жуғыш препарат)- 0,5% ерітінді профилактикалық мақсатта сүт және ет өндірісінде колданылады, металл коррозиясын туғызбайды.

Кальции гипохлорид – хлор иісті сарғыш ұнтақ.Әсері хлорлы әктен 2,2 есе күшті, суда жақсы ериді, 80-90% белсенді хлор түзеді.  Әдетте хлорамин Б 2-10% қолданылады.

Дезмол – аппараттар мен ыдыстарды жуып дезинфекциялауға арналған препарат, 0,25-0,5% ерітінді 55-60°С қолданылады.

Калии перманганаты (КМgO4)  0,5-2% қолды зарарсыздандыруға, 2-4% заттардың бетін зарарсыздандыруға дайындалады [17].

Хлорамин – 30% хлордан туратын, суда нашар еритін, күшті препарат.

 

 

1-кесте  – Дезинфектанттарды бағалау критерийлері

 

Препараттар

тобы

Антимикробная активность

Уыттылығы төмен

Жуғыш әсері

Фуксирлеуші қасиетінің жоқтығы

Коррозия туғызуы

Сақтау тұрақтылығы

Бірнеше рет қолданылуы

Ерігіштігі 

Жағымсыз иіс 

Бакте- 
рия

Мико- 
бактерия

Саңырауқұлақтар

Вирус

Хлор- 
түзушілер

+

+

+

+

-

-

-

-

-

-

-

-

Оттек-түзушілер

+

+

+

+

-

-

+

-

-

-

+

+

Альдегидтер

+

+

+

+

-

-

-

+

+

+

+

+

Альдегид- 
түзушілер

+

+

+

+

+/-

+/-

+/-

+

+

+

+

+

Альдегидсіз композициялық

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+


 

Дәстүрлі  ерітінділердің әсер ету механизмі  жетік зерттелген, бірақ оған төзімді  микроорганизмдер бар. Бүгінгі таңда  осы дәстүрлі залалсыздандыру ерітінділерінен басқа қолданылатын дезинфектанттардың саны көп-ақ. Солардың мысалы төменде көрсетілген:

«Диновис» - ауыл шаруашылығы және ветеринарияда мекеме ішін зарарсыздандыруға арналған ерітінді. Кей бактериялар мен саңырауқұлақтарға әсер ету спектрі кең. Бактериялар: Escherihia coli, Staphylacoccus aureus, Staphylacoccus albus, Bacillus cereus, Saccharomyces cereviziae; саңырауқұлақтар: Candida albicans, Mucor mucedo, Penicillum glaucum, Aspergillus niger.

«Дезоксаль» - технологиялық жабдықтарды, құрылғыларды зарарсыздандыруға арналған ерітінді.

ТМ «ФормоДез» - заманауи жаңа құрамында белсенді хлор концентрациясы кемітілген әмбебап  препарат. Өндірістің барлық түрінде  қолданылады.

Заманауи  жаңа антисептиктердің бірі «Биопаг»1% және дезинфекциялық препарат «Биопаг Д»20%  - уыттылығы төмен, тұрақтылығы жоғары комбинирленген препарат (1-сурет). Бұл препараттың ерекшелігі, ҒЗН дезинфектологтарының зерттеулері бойынша, биоцидтік қасиеті 8 айға дейін

сақталады. Тағы бір ерекшелігі ветеренарияда  таға шірігін (20%),сиыр маститінде (1%) емдеуде  де қолданыс тапты.

 

 

1-сурет.  Дезинфекциялық ерітінділер

 

«Дезавид» - жаңа әмбебап дезинфекциялық препарат. Барлық патогенді микроағзаларға қарсы әсер етеді, әсері ұзақ, экологиялық қауіпсіз, экономикалық тиімді.

 

 

2-сурет.  Дезовид дезинфекциялық ерітіндісі

 

«Вироцид» - поликомпозициялық препарат, құрамында 4 компонент бір бірінің ісерін белсендіреді. Граммоң,граммтеріс бактериялар, вирустар, саңырауқұлақ, ашытқы, балдырларға  әсері жойқын.

  1. Бөлмені механикалық жолмен тазалау;
  2. Жуғыш ерітіндімен жуып, кептіру;
  3. 0,25-0,5% Вироцид ерітіндісін қолдану. Жұмыс ерітіндісі 1л-4м2, экспозиция 30минут;
  4. Бөлмеге көлемді дезинфекцияны аэрозойльді әдіспен 20-25% Вироцид ерітіндісімен жүргізу [18].

 

 

 

 

 

 

 

2-кесте  – Қазақстанда қолданылатын дезинфектанттар:

 

        "Хорт Стома"

(ООО "Полисепт", Россия)

ДВ: төрт дәрежелі аммонии қосылысы (алкилдиметилбензиламмоний хлорид және дидецилдиметиламмоний хлорид) –  5,5%, полигексаметиленбигуанидин гидрохлорид (ПГМБ) – 0,5 және функционалды қосылыстар.

Сақтау  мерзімі 3 жыл,жұмыс ерітіндісі– 14 тәулік.

«ХОРТ стома» препараты  граммоң және граммтеріс микроорганизмдерге антимикробтық белсенділік танытып, вирус, АИТВ, полиомиелита, аденовирусов, вирусов «атипичной пневмонии» (SARS), «құс» тұмауы  H5N1, «шошқа» тұмауы, герпес т.б.), Кандида және  Трихофитон өкілінің саңырауқұлақтары.                                            

 

 

 

 

 

"Хлормисепт Люкс"

(ООО "Полисепт", Россия)

ДВ: натрий тұзы дихлоризоцианур қышқылы 98%, ПАВ және арнайы  компонентер. 1 таблетканы суда еріткенде 1,48 (±0,2) г белсенді хлор бөлінеді.

Жарау мерзімі: ашылмаған күйде 5 жыл, жұмыс ерітіндісі үшін 5 тәулік.

Препарат бактерияға(туберкулез микобактериясы) , вирус (Коксаки, ЕСНО, полиомиелита, ротавирусов, энтеровирусов, гепатит А, В, С, АИТВ, ЖРВИ, тұмау , H5N1, H1N1, «атипичный» пневмония, парагриппа, герпеса, аденовирусов), саңырауқұлақ Кандида, Трихофитон,бактерия споралары (сібір жарасы қощдырғышы).

 

 

 

"Аквабриз 300"

(ООО "Мир  дезинфекции", Россия) 

ДВ: 1 таблетка құрамында натрий тұзы, дихлоризоцианур қышқылы (Nа- соль ДХЦК) 0,5 гбелсенді хлор бөлінісі  300 мг.

 
Жарамдылық  мерзімі 5 жыл.

«АКВАБРИЗ» (таблетки) суды залалсыздандыруға арналған препарат. Споратүзуші вегетативті бактерияларға бактерияларға бактерицидті, вирулицидті, фунгицидті және спороцидті әсер етеді. 

 

 

 

 
   

 

"Экобриз"

ДВ:: төрт дәрежелі аммонии қосылысы (алкилдиметилбензиламмоний хлорид және дидецилдиметиламмоний хлорид) 1,84%, N,N-бис(3-аминопропил)додециламин (третичный амин) - 2,3%, қосымша компоненттер (неионогенный ПАВ, синергисты биоцидов, ингибитор коррозии)

Сақтау мерзімі: 3 жыл, жұмыс ерітіндісі – 14 тәулік.

 «Экобриз» препараты граммоң және граммтеріс микроорганизмдерге антимикробтық белсенділік танытып, вирус, АИТВ, полиомиелита, аденовирусов, вирусов «атипичной пневмонии» (SARS), «құс» тұмауы H5N1, «шошқа» тұмауы, герпес т.б.), Кандида және  Трихофитон өкілінің саңырауқұлақтары.                                            

 

  

 

 

        "Хлормисепт эконом"

(ООО "Полисепт", Россия)

ДВ:натрий тұзы дихлоризоцианур қышқылы, адипин қышқылы, натрии бикарбонаты

Жарамдылық  мерзімі: ашылмаған күйде 5жыл, жұмыс ерітіндісі – 5 тәулік.

Препарат бактерияға(туберкулез микобактериясы) , вирус (Коксаки, ЕСНО, полиомиелита, ротавирусов, энтеровирусов, гепатит А, В, С, АИТВ, ЖРВИ, тұмау , H5N1, H1N1, «атипичный» пневмония, парагриппа, герпеса, аденовирусов), саңырауқұлақ Кандида, Трихофитон,бактерия споралары (сібір жарасы қощдырғышы) [18].

 

 

 

 

 

 

 

 




                                                            

БИОПРЕПАРАТТАР ТЕХНОЛОГИЯСЫНДА  СТЕРИЛЬДІ ЫДЫСТЫ ДАЙЫНДАУ ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ

2.1 Стерилизациялаудың түсінігі  мен әдістері

Стерилизация – микроорганизмдердің вегетативті формаларын және олардың споралы материалдарын толығымен жою.

Ыдыстарды стерилизациялаудың  физикалық әдістеріне мыналар жатады:

1. Газды жаңғышпен немесе спирт жалынымен қыздыру. Берілген әдіс шектеулі түрде қолданылады. Мысалы׃ бактериологиялық ілмекті, ине, пинцеттерді стерилдеуде.

2. Құрғақ ыстық кептіру шкафында стерилизациялау ( Пастер әдісі). Бұл әдіс 45 минут ішінде 165-170 С қыздырылған ауада бактерициттікке негізделген. Өте жоғары температурада ыдысты қағаз ораған дәкелі тығын күйіп кетеді, ал төменгі температурадағы стерилизация бірнеше мерзімді қажет етеді. Петри шынысы, пробирка, пипетка, ыстық шыны ыдыстарды стерилизациялайды.

3. Буды қысыммен булау стерилизаторында стерилдеу (Автоклав).

Бірден-бір тиімді стерилизациялау әдісі, микробиологиядан басқа клиникалық практикада кеңінен қолданылады. Автоклавпен жұмыс істегенде инструкция және қауіпсіздік ережелері қатаң сақтау керек. Көптеген қоректік орта, байлам материалдары, маталар 1 атм. қысыммен 15-20 мин. Барысында стерилденеді, ал инфекцияланған материал 1,5-2 атм. 20-25 мин. барысында залалсыздандырады. Максимальді температурда буын арнайы термометрмен өлшенед, ал стерилизациялау материалдарымен бірге автоклавка енгізіледі. Химиялық заттардың белгілі температурада еруі бірқатар жағдайларда қолданылады׃ бензонафтол (110°С), бензой қышқылы (120°С).

4. Автоклав немесе Кохтың ағынды аппаратында стерилизациялау.

Берілген стерилизация түрі ( бұралмаған қақпақта және ашық кранды) будың вегетативті торшаларға антибактериялық әсер етуіне негізделген. Бұл әдіс жоғары температураға шыдамайтын материалдарды стерильдеу кезінде пайдаланылады. Мысалы, витаминдер және көмірсулары бар қоректік орталарды стерилдеу кезінде. Толық залалсыздандыру үшін бөлшектік стерилизация принциптерін қолданамыз.

Бұл материалды 100°С-та 20-30 мин. 3 күн қатарынан стерилдейді. Бұл жағдайда вегетативті торшалар өледі, ал споралар сақталып, тәулік ішінде қайта өсіп шығады. Келесі екі реттік қыздыру материалдың толық стерилденуіне кепілдік береді.

5. Тиндализация. Бұл әдіс материалды 1 сағаттан 56-58°С-та 5-6 күн қатарынан стерилдеу. Бұл әдіс стерилдеуге жоғары температурада тез бұзылатын заттар алынады ( қан сарысуы, витаминдер т. б.)

6. Ультракүлгін сәулелермен стерилдеу.  Бұл әдіс ультракүлгін сәулелердің толқын ұзындығы 260-300 мкм болғанда бактерициттік қасиетіне негізделген. Бұл әдіспен бокс ауасын, операция бөлмелерін, балалар мекемелерін стерилдеу үшін бактерициттік әртүрлі қуатты лампаларды қолданады. (БУВ-15, БУВ-30). Бұл келірілген әдістен басқа термиялық антимикробтық залалсыздандыру-қайнату қолданылады. Бұл әдіспен шприцтерді, ұсақ хирургиялық аспптарды, заттық және жабын шыныларды және т. б. заттарды стерилдеу ушін бұларды стерилизаторға салып, ішіне су құяды. Судың керексіз қасиеттерін және қайнау температурасын көтеру ушін 1-2% натрий бикарбонатын қосады. Қайнату 30 минуттан кем болмау қажет. Бірақ бұл әдіс толық стерилизацины қамтамасыз етпейді. Өйткені кейбір вирустар( мыс, гепатит вирусы) және бактерияның споралары тіршілік ету қабілетін сақтап қалады.

7. Пастерилизация бұл бактерия споралары немесе вегетативті клеткалар температура әсеріне қатынасына негізделген. Материал 5-10 минут ішінде 50-65°С-та қыздырылып жылдам салқындатымен аяқталады. Көбінесе сусындарды және тағамдық өнімдерді пастерлейді ( сыра, сүт т. б.) [6].

Механикалық стерилизация (фильтрлеу). Берілген әдіс микроорганизмдерді жіне олардың спораларын ұсақ поралы филтрмен механикалық ұстап қалу қасиетіне негізделген. Лабораториялық практикада материалдарды асбестік және мембраналық фильтрмен фильтрлеу кеңінен қолданылады. Бұл фильтрлерді Зейцтің цилиндрлік воронканың ішіне бекітеді. Воронканың түтікшелі жағын резиналы тығынмен тубусы бар колбаға орнатады. Фильтрация алдында құралған бүкіл жүйе асбесті фильтрмен бірге автоклавта стерилденеді.

Мембраналық фильтрлерді және қайнатып стерильдеп, Зейцтің стерильді воронкасына орнатады. Фильтрация вакуум насостың көмегімен жүреді, бұған тубусы бар колба жалғанады.

Асбестік фильтрлер дм 30 және 140 мм болып шығарылады. Оның фильтрлеуші маркасын және стерильдеуші маркасын (сф) айырады. Мембраналық фильтрлердің қалыңдығы 0,1-0,5 мм 35 мм болады, бұлар нейтроклетчаткалардан немесе ацетилцеллюлозадан тұрады. Поралардың өлшеміне байланысты бұл фильтрлер 1-ден 5-ке дейігі нөмерді иеленеді ( поралардың өлшемдері 350-1200 нм тең) Сонымен қатар бактерияның токсиндерін, фагтардың және бактерияның тіршілігіне қажетті әртүрлі заттарды алу үшін пайдаланылады [7].

Химиялық стерилизация әдісі. Бұл әдісте әртүрлі бактерициттік қасиеті бар химиялық заттар қолданылады. Бірақ лабороториялық практикада осф заттарды қолдану шектеулі.

Шыны  жинағыштар: су келетін түтікке арналған, стерилді мақтадан жасалған тампон қойылатын  шыны түтікке арналған екі саңылауы бар тығындармен (қақпақтармен) тығыз  жабылуы тиіс.

Жинағыштар тұғырларға, баллон аударғыштарға  орнатылады. Жинағыштар шыны түтіктердің, силиконды резеңкеден, басқа да суға индифферентті материалдан жасалған, медицинада қолдануға рұқсат етілген және бумен өңдеуге шыдамды шлангілердің көмегімен аквадистиллятормен жалғанады, тоңазытқыш түтігімен тығыз жанасады.

Жұмыс орындарына су беру құбырлар арқылы жүзеге асырылады. Тазартылған суды және инъекцияға арналған суды жұмыс  орнына беруге арналған құбырлар Қазақстан  Республикасында қолдануға рұқсат етілген материалдардан дайындалады.

Шыны және болат құбырларды пайдалану  және дезинфекциялаудың қолайлылығы  үшін ішкі диаметрі кемінде он алты-жиырма миллиметр түтіктер пайдаланылады. Құбырдың ұзындығы айтарлықтай болғанда микробиологиялық талдауға дистиллят  сынамасын жуу, стерилдеу, іріктеу  үшін әр 5-7 м сайын сыртқы шығаратын және шүмегі бар үштіктер орнатылады [9].

Құбырды жуу және дезинфекциялау жинау алдында, пайдалану үдерісінде, зертханалық  бактериологиялық зерттеулер талдауларының  нәтижесі қанағаттанарлықсыз болғанда 14  күнде кемінде бір рет  жүргізіледі.

Шыны және металл құбырларды зарарсыздандыру  үшін автоклавтан шыққан жіті буды 30 минут  бойы жүргізеді, стерилдеу  уақытын есептеуді бу құбырдың соңына шыққан сәттен бастап жүргізеді. Бумен  өңдеу 30 минут бойы жүргізіледі.

Полимер материалдардан және шыныдан  жасалған құбырлар кейіннен тазартылған  сумен жуу арқылы дезинфекцияланады. Содан соң қалпына келетін  заттардың жоқ екендігіне тексеру  жүзеге асырылады.

Шыны түтіктер мен сауыттарды пирогенді  заттардан тазарту үшін жиырма 5-30 минут бойы калий перманганатының  ыстық қышқылданған 1%  ерітіндісімен  өңдейді. Ерітінді дайындау үшін калий  перманганатының 1%-қ ерітіндісінің  он бөлігіне күкірт қышқылының 1,5% ерітіндісінің  алты бөлігін қосады. Көрсетілген  өңдеуден кейін сауыттар мен түтікшелер инъекцияға арналған жаңа айдалған сумен  сульфат-ионға теріс реакция болғанға дейін мұқият жуылады [10].

Құбырға ауа кіріп, ауа тығындары пайда  болмауы үшін дистилляттың берілуін реттейді. Жұмыс аяқталғаннан кейін  су құбырдан төгіледі.

Тазартылған суды жаңадан дайындап пайдаланады, судың қасиетін өзгертпейтін және оны механикалық қоспалардан  және микробиологиялық ластанулардан  қорғайтын материалдан жасалған жабық сыйымдылықтарда, бірақ үш тәуліктен асырмай сақтайды.

Стерилді емес дәрілік нысандарды дайындау барысында пайдаланылатын дәрілік заттар тығыз жабылған штангластарда  және олардың ластануын болдырмайтын жағдайларда сақталады.

Бюретка қондырғылары, тамшылар он күнде  кемінде бір рет концентраттардан тазартылады, ыстық сумен жуылады, содан соң сарқынды судағы жуу  құралдарының қалдық көлемін міндетті бақылай отырып, тазартылған сумен  жуылады [11].

Бюретка қондырғылардың су ағызатын крандары жұмыстың басында ерітінді тұздарының, экстрактылардың, тұнбалардың қақтарынан тазартылады және спиртті эфир (1:1) қоспасымен сүртіледі.

Дәрілердің сұйық нысандарын сүзу кезінде құйғыштар, бөліп өлшегенге  және ыдысқа салғанға дейін ұнтақ  немесе жақпамай массасы бар келілер  пластмасса, металл пластинкалармен  жабылады. Жақпамай мен ұнтақтар келілерінен  іріктеу үшін пластмасса пластинкалар пайдаланады.

Жақпамайлар дайындағаннан кейін  майдың қалдығы картонның, қағаздың, лигниннің көмегімен алынып тасталады [12].

Жұмыс үшін пайдаланылатын капсулалар, қалақшалар, жіптер, орап байлайтын резеңкелер ассистенттік (өлшеп-орайтын орын) үстелдің жәшіктерінде (жәшіктер күнсайын жуылады) сақталады. Қосымша материалдарды  жабық шкафтарда, олардың ластануын  болдырмайтын жағдайларда сақтайды.

Өндiрiстiк  үй-жайларды күн сайын өңдеу әр ауысымнан кейін пайдалану жөніндегі  нұсқаулыққа сәйкес Қазақстан Республикасында  қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялық құралдармен, суланған шүберекпен сүрту  тәсілімен жүргiзiледі.

Толық өңдеу:

1) жабдықтың дәрiлiк заттармен  тікелей жанасатын алмалы-салмалы  бөлiктерiн (тораптарын) алып, бөлшектеп  және 600С температурадағы 0,5% жуу ерiтiндiсінде мұқият жуып, бірнеше рет ағынды сумен, содан соң тазартылған сумен шайған дұрыс. Шаятын суда арнаулы құралсыз көзге көрінетін механикалық қоспалардың болмауын бақылау ұсынылады. Қажет болған жағдайда жабдықтың алмалы-салмалы бөлiктерiн стерилдеу жүргізілетін автоклавтарда артық қысым 0,11 МПа (1,1 кгс/см2) және температура (120±10С) болғанда 45 минут бойы, кейіннен қалдық қысым 0,07 МПа (0,7 кгс/см2) болғанда кемінде он минут кептіре отырып жүргізу ұсынылады; 
      2) жабдықтың iшкi бөлiктерiн температурасы 600С жуғыш заттың 0,5% ерiтiндiсiмен өңдеп, содан соң ағынды сумен, соңынан тазартылған сумен бірнеше рет шайған дұрыс. Жабдықтың бөлшектелмейтін бөлiктерiн стерилдеуді алпыс минут бойы (120±10С) температурада ыстық бумен жүзеге асыру ұсынылады. Қажет болған жағдайда (көлемдік үлесі 76%) этил спиртімен суланған салфеткамен сүрту қажет.

3) жабдықтың сыртқы беттерін  үй-жайдың беттерін өңдегендей  жолмен өңдеген дұрыс;

4) Қазақстан Республикасында тіркелген  дезинфекциялық құралдарды қолдану  оларды пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа  (әдістемелік нұсқауларға) қатаң  сәйкестікте жүзеге асырылады.

Стерилдеу сапасын бақылау физикалық, химиялық, биологиялық тәсілдермен жүзеге асырылады.

Стерилизаторлардың  бақылау-өлшеу аспаптары жыл сайын  тексеріледі, стерилизаторларға –  пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа  сәйкес жиілікпен жүйелі техникалық қызмет көрсетіледі [14].

3-сурет. Залалсыздандыру аппараттары

2.2 Стерилизациялау параметрлері.

 

Залалсыздандыру – физикалық, химиялық әсер етумен вирус, микроорганизм флорасы  және оның спораларын жоюға бағытталған  іс-шаралар жиыны.

Залалсыздандырудың механикалық,химиялық, физикалық әдістері белгілі. Механикалық  әдіс қарапайым қағу, шаю, желдету, тазалау  арқылы, физикалық әдіс – жоғары температура мен физикалық факторлардың әсерімен (қайнату, өртеу, УКС) ауру тудырушы микроорганизмдерді талқандауға бағытталған.

  • Ылғал бумен қайнату +110°С 20 минут
  • Құрғақ бумен +180°С 60 минут

Химиялық әдіс химиялық қосылыстармен  әсер ету арқылы залалсыздандыру (хлорлы әк, екі-үш негізді СаСl2, хлорамин т.б.) [15].

 

3-кесте – Залалсыздандыру әдістері

 

Залалсыздандыру әдістері

Әсер етуші фактор

Бумен

t,қысым, экспозиция, будың қанығу дәрежесі

Ауамен

Экспозиция, t

                      этилен-оксиді

Газды            

Газ концентрациясы, t, экспозиция,қысым, ылғалдылық, будың қанығу дәрежесі

                      булы-фоммалинді

Газ концентрациясы, t, экспозиция,қысым, будың қанығу дәрежесі

Химиялық

Ерітіндідегі белсенді әсер ету  заттардың концентрациясы, экспозиция уақыты.


 

Қаптама материалдарынан босатылып  алынған жаңа және бұрын қолданыста болған ыдыстардың механикалық ластануын, дәрiлiк заттардың қалдықтарын  кетiру үшiн сыртынан және ішін ағынды құбыр суымен шаяды, содан соң  он бес минут бойы жуу құралының 0,5% ерітiндiсiне салып қояды. 
Қатты ластанған ыдысты одан ұзақ уақытқа (2-3 сағатқа) салып қояды.

Суланғаннан кейін ыдысты сол ерiтiндіде қатты  ысқышпен немесе жуғыш машинамен жуады, содан соң (50±10)0С температурада ағынды құбыр суымен кемінде бес-жеті рет шаяды және ең соңында тазартылған сумен жуады. Машинамен шаю кезінде жуғыш машинаның түріне байланысты шаю режимінде ұстау уақыты 5-10 минут.

Биопрепараттар технологиясы