BIOS енгізу-шығару базалық жүйесі



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті

Компьютерлік және есептеу технологиялары кафедрасы

 

 

Қорғауға жіберілді

_________________

Кафедра меңгерушісі Ғ.А.Салтанова

«____»___________2009 ж.

 

 

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

 

BIOS – КІРІС-ШЫҒЫС БАЗАЛЫҚ ЖҮЙЕСІ

             

 

 

 

Орындаған:                                     Тасымов Манарбек Болатұлы

                                                          050602 – информатика Ф-25 топ

 

Жетекші:                                          Тұрмұханова Гүлнұр Боранбайқызы

                                                           оқытушы

 

             

 

 

 

 

Атырау, 2009 жыл

29

 



МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  3

І ТАРАУ. КОМПЬЮТЕРДІҢ ЖҰМЫС ЖАСАУ ТӘРТІБІ. . . . . . . . . . . . 6

1.1 Орталық процессор, кэш-жады және жүйелік шина. . . . . . .  7

1.2 Чипсет. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8

1.3Жедел жад. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 9

1.4 Бейнекарта . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  10

1.5 Қатқыл диск . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10

1.6 Дискжетек . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  . . . . . . . . . . . . . . . . .  10

1.7 CD және DVD дискілерін оқу құрылғысы . . . . . . . . . . . . . . . 11

1.8 Егнізу-шығару порттары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 11

ІІ ТАРАУ. BIOS-ТЫҢ ӘР ТҮРЛІ НҰСҚАЛАРЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  12

2.1. BIOS-тың соңғы нұсқалары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 12

    2.2. BIOS Features Setup . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  13

       2.3 Chipset Feature Setup . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 21

ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 29

29

 



КІРІСПЕ

Қашан да болмасын кез келген дербес компьютер қолданушы алдында BIOS Setup күйге келтірулерін ықшамдау мақсаты туады. Бұл жүктегіш дискіні алмыстыру, сондай-ақ компьютердің өнімділігін арттыру үшін жедел-жад, шина, чипсеттің жұмыс жасау тәртібін жаңарту. Айталық жаңа жүтегіш дискіні көрсету оңай болса, ал BIOS Setup параметрлерін құру оңай жұмыс емес. Егер компьютер компаненттерінің ара қатынасын ескемесек, онда параметрлердің ретсіз өзгерісі жылдамдықтың артуын ғана емес, копьютердің уақытша істен шығуына әкеп соқтыруы мүмкін.

BIOS нүсқалары туралы айтпас бүрын, компьютер жұмысндағы негізгі сұрақтарға тоқталсақ. Мәселе мынада, BIOS Setup-тың көптеген опциялары аппараттық компаненттердің жұмысын ықшамдауға мүмкіндік береді, бірақ қайсібір компаненттердің қалай жұмыс істейтінін білгенде ғана қажетті мәндерді енгізуге болады. BIOS функциялары мен шарттары туралы айту артық етпес.

BIOS (Basic Input/Output System, Енгізу-шығару базалық жүйесі) – ТЕҚ (Тұрақты Есте сақтау Құрылғысы) микросхемасында сақталған арнайы бағдарлама.

Тәжірибеде әлдеқашан қарапайым ТЕҚ-ның орнына, BIOS нұсқаларын қоланушының өзіне жаңартуға мүмкіндік беретін, Flash-жады (Қайта жазылушы жад) қолданылады.

BIOS функциялары

Бұл бағдарламаның функциялары өте кең. Біріншіден, компьютер қуат көзіне қосылғаннан кейін, басқаруды BIOS өзіне алады. Ол компьютердің барлық компаненттерінің бастапқы тестілеуін орындайды. Егер барлығы дүрыс болса, басқаруды, жүктеуіш дискінің (бұл дискета, қатқыл диск болуы мүмкін) Boot-бөліміндегі (жүктеуіш бөлім), бағдарламаға тапсырады. Ал ол, өз кезегінде, операциялық жүйені жүктейді.

Бастыпқы тестілеу процедурасы – POST-Power-On Self Test деп аталады (қорек көзіне қосылғаннан кейінгі өзін-өзі тестілеу).

Екіншіден, BIOS компьютердің аппараттық кескін үйлесімін (конфигурация) CMOS-жады арнайы микросхемасында сақтайды. Қорек көзіне қосылған кезде ағымдағы кескін үйлесімі сақталғанмен салыстырылады. Егер айырмашылық табылса, онда CMOS-жад құрылымы жаңартылады және, егер қажет болса, жаңадан табылған компанентердің параметрлерін енгізу үшін BIOS Setup бағдарламасын шақыру ұсынылады (бұл туралы сәл кейінірек). Егер айырмашылық жоқ болса, немесе кофигурацияны жаңарту қолбанушының қатысынсыз жүзеге асырылса, онда компьютер аппараттық компаненттерінің қажетті күйге келтірулері жүзеге асрылады.

Ескерту.

CMOS-жады (Complementary Metal Oxide Semiconductor) микросхемасы көлемі жағынан кішкене жедел жадты білдіреді (ЖЕҚ немесе RAM-Randon Access Memory). Мұндағы мәлімет қорек көзінен ажыратылғаннан соң да сақталып қалу үшін, CMOS-жады микросхемасы өзіне меншікті батарейкадан қоректенеді. Батарейканың болуы қиындықтар туғызады. Біренше жыл қолданғаннан кейін (әдетте 5-6 жылдан кем емес) батерейка CMOS-жады микросхемасын қорк көзімен жеткілікті түрде қамтамасыз ете алмайды, сондықтан сақталған мәліметтер жоғала бастайды. Бірақ батарейканы жаңасына ауыстырса, қиындықтар жойылады.

Үшіншіден, қолданушы BIOS Setup бағдарламасы арқылы копьютердің бөлек компаненттерінің жұмыс жасау тәртібі мен параметрлерін білуге мүмкіндігі бар. Және сол жерден ,қажет болғанда, кейбір жабдықтау бөлімдерін сөндіріп тастауға болады.

Ал төртіншіден, BIOS-ты қолданудағы негізгі мақсат, енгізу-шығару операцияларын өңдеу. Мысалы, дискжетек, секторды оқу, оқу құрылғысын белгілі бір жолға қою секілді қарапайым бұйрықтарды орындай алады. Егер барлық бағдарламалар осы тектес болса, онда көп орын алып, қолайсыз жұмыс жасаған болар еді. Бұдан басқа, жаңа құрылғылар пайда болған кезде бұрынғы бағдарламаларды жаңашаландыруға тура келер еді. Осы секілді қайшылықтардан арылу үшін, енгізу-шығару операцияларын өңдеу жұмысын BIOS-қа жүктеді. Бұл барлық қайшылақтарды шешпегенмен, оларды шешу жолын оңтайландырды.

Ескерту: Соңғы үлгідегі операциялық жүйелер BIOS-тың енгізу-шығару операцияларын өңдеу мүмкіндігін іс жүзінде қолданбайтындығын (Windows 95/98/Windows Me) немесе мүлдем қолданбайтындығын (Windows NT / Windows 2000 / Windows XP) атап өту қажет. MS-DOS операциялық жүйесі кезеңінде бұл функциялар жоғарғы мағынаға ие болған. Бұл жерде айта кету қажет, жоғарыда айтылғандардың көпшілігі шартты түрде – шындығына келер болсақ бұл тапсырмалар бірін-бірі толықтыра отырып, бірге атқарылады.

BIOS Setup

Қарапайым қолданушы көбіне-көп BIOS-тың BIOS Setup деп аталатын бөлігімен кездеседі. Бұл компьютердің бөлек аппараттық компанентерінің жұмысын күйге келтіруге мүмкіндік беретін арнайы бағдарлама. Оның негізгі қиындығы – опцияларының түсініксіз атауында. Ол туралы мәліметтердің жоқтығы жағдайды одан сайын қиындата түседі. Ал қалғанында BIOS Setup-тың ешқандай ерекшелігі жоқ, тек қана бірнеше көне интерфейстерді ерекшелеп атауға болады.

Қолданушы орнатқан барлық мәндер, компьютердің аппараттық кескін үйлесімдері туралы мәліметтермен бірге, CMOS-жады микросхемасында сақталады.

29

 



І ТАРАУ. КОМПЬЮТЕРДІҢ ЖҰМЫС ЖАСАУ ТӘРТІБІ

 

Компьютер бөліктерінің жұмысы бір-бірімен үйлесімді болу үшін, олардың арасындағы ақпарат алмасу бекітілген жиіліктермен жүзеге асырылады – тактілермен. Қазір заманғы компьютерлердің жүйелік шинасы 66, 100 немесе 133 МГц жиілікте жұмыс жасайтын болғандықтан, осы жиіліктердің біреуі жадпен алмасу кезінде қолданылады. Қалыпты тәртіпте РСІ шинасы 33 МГц жиілікте жұмыс істейді, ал AGP шинасы – 66 МГц жиілікте.

Бұл жиіліктердің барлығы бір-бірімен тығыз байланысты. Бұған төмендегідей нақты мысал келтіруге болады. Жүйелік шина жиілігі 133 МГц деп алайық. Өнімділігі жағынан үйлесімді жедел жадын қолдансақ, жадтық шина жиілігі жүйелік шина жиілігіне тең болады. Бұл жағдайда РСІ шинасының жиілігі  жүйелік шина жиілігінің 1/4 бөлігіне, ал AGP шинасы 1/2 бөлігіне тең болады. Әрине, бұл жиіліктердің барлығын жалғыз-бір ғана тактілік генератор арқылы беріледі, ал қажет мәндер бағдарламаланған бөлгіштер арқылы алынады. Сондықтан, егер жүйелік шина жиілігін жоғарылататын (немесе төмендететін) болсақ, лайықты түрде басқа да барлық жиіліктер өзгеріске ұшырайды.

Ескерту: Жүйелік шина жиілігі 100 МГц болған жағдайда сәл басқаша жағдай орын алады. Бұл жағдайда РСІ шинасының жиілігі жүйелік шина жиілігінің 1/3 бөлігіне, ал AGP шинасының жиілігі 2/3 бөлігіне тең болады. Бұл жиілік бөлгіштері арқылы жүзеге асырылады. Жүйелік шина жиілігі 66 МГц болған жағдайда РСІ шинасы жүйелік шинаның жиілігінің жартысында, ал AGP барлығында жұмыс жасайды.

Көптеген соңғы үлгідегі компаненттер бір такт ішінде бір емес, екі (Athlon және Duron процессорлары, DDR SDRAM жады), немесе тіпті төрт (Pentium 4 процессорлары) мән бере алады.Бұл ретте, айталық, Pentium 4 процессоры үшін жүйелік шина жиілігі 100 МГц болса ақпарат алмасу жылдамдығы 400 МГц-ті құрайды. Бұл екеуін ажырата білу өте маңызды.

29

 



1.1 Орталық процессор, кэш-жады және жүйелік шина

 

Компьютердің басты компаненті, әрине, орталық процессор болып табылады. Ол компьютердің барлық бөліктерінің жұмысын басқарады, барлық есептеулерді орындайды, жалпы тез әрекетті анықтайды. Әдетте, бұл ең жоғарғы жылдамдықтағы комтанентің жұмыс жиілігі, соңғы үлгідегі процессорда, 2 ГГц және одан да жоғары.

Процессор басқа құрылғылармен жұмысын жүйелік шина арқылы жүзеге асырады. Өкінішке орай, басқа компаненттердің, есептеуіш процессор қуаты рұқсат ететін жалдамдықтан, төмен жылдамдықпен ақпарат алмасуға мүмкіндіктері бар. Өнімсіз тоқтаулардан құтылу үшін, процессорда жоғары жалдамдықтағы кэш-жады бар. Ол соңғы кездері жиі қолданған ақпараттар мен нұсқауларды сақтап тұрады, нәтижесінде оған жүгіну қосымша күту тактілерін болдырмайды. Тек егер қажетті ақпараттар мен нұсқаулар жоқ болған жағдайда ғана, жедел жад пен басқа құрылғыларға сұрау салынады.

Көпшілік жағдайда (мұның барлығы соңғы үлгідегі процессорлар) кэш-жады екі деңгейлік болады: бірінші деңгейде кішкене көлемдегі өте жылдам кэш-жады және одан сәл баяу, бірақ көлемді екінші деңгейлі кэш-жады. Егер біріншісіне жүгіну еш тоқтаусыз атқарылса, ал екінші деңгейдегі кэш-жадынан ақпараттар мен нұсқаулар алу, кішігірім болса да, процессор тоқтауларымен жүзеге асады. Қалай болғанда да бұл жедел жадтан ақпарат алғанға қарағанда әлде қайда жылдамырақ.

Процессор – кэш-жады – жүйелік шина тізбегі компьютердің тез әрекет етуін анықтайтын болғандықтан, BIOS Setup өңдеу кезінде, процессор жүйелік шиналары жиілігін күйге келтіру және кэш-жады жұмыс жасау тәртібіне, назар аудару қажет. Әдетте процессордың көбейту коэфицентін көрсетуге болады (процессордың жұмыс жасау жиілігінің жүйелік шина жиілігіне қатынасы), бірақ бұл опция пайдалылығы күмәнді – соңғы үлгідегі барлық процессорларда көбейту коэффиценті құлыпталған.

29

 



1.2 Чипсет

 

Аналық платаның жүйелік микросхемалар жиынтығы компьютер жұмысында маңызды роль атқарады (басқаша – чипсет). Бұл барлық компаненттер арасындағы интелектуалды «төсем» тектес.

Көп жағдайда чипсет екі негізгі микросхемадан құралған: жүйелік контроллер («солтүстік көпір» деп жиі аталады) және функционалды контроллер («оңтүстік көпір» деп аталады). Әрине, бұл екі микросхемамен бәрі аяқталған жоқ, және де чипсет құрамына тағы көптеген ұсақ құрастырушылар жиыны кіреді.

Жүйелік контроллерге жүйелік шина арқылы процессор қосылады, ал жадтық шина арқылы – жедел жад. Бейнекарта өзінің жеке AGP шинасы арқылы қосылады.

Функционалды контроллер жүйелікпен жоғары жылдамдықтағы ішкі шинамен байланысады.

Ескерту: көп жағдайда (жаңа өте жалдам чипсеттерден басқа) жүйелік пен функционалдық контроллерлер арасындағы байланыс РСІ шинасы арқылы жүзеге асырылады. Бұл чипсетті қарапайым әрі арзан етуге септігін тигізеді.

Функционалды контроллердің өзі болса PCI және ISA шинларын басқаруды қамтамасыз етеді (егер соңғысы болса), қатқыл диск жұмысын, CD-ROM, дискжетек, енгізу-шығару порттары. Бұдан өзге, функционалды контроллер BIOS арқылы, компьютердің қорек көзіне қосылу немесе қайта жүктелу кезінде, инициализациялау мен бастапқы жүктелуді қамтамасыз етеді.

Чипсеттің атқаратын жұмысы көп болғандықтан, BIOS Setup опцияларының тең жартысы оның алуан түрлі жұмысын күйге келтіруге бағытталған. Бұған PCI,AGP,ISA шиналарының жұмыс жасау тәртібі, оңтүстік көпірге орнатылған IDE контроллер жұмысы жатады. Күйге келтірудің көп бөлігі енгізу-шығару порттарына да арналған.

1.3 Жедел жад

 

Жедел жадта осы сәтте процессор жұмыс жасап отырған барлық мәліметтер мен нұсқаулар сақталады. Жедел жад өте тез жұмыс жасайды (әрине кэш-жадынан баяу) және компьютердің жалпы тез әрекетін анықтайды.

Жад модульдері, бөлек жад ұяшықтарынан құралған, матрицалар түрінде ұйымдастырылған. Нақты ұяшықтағы мәліметті алу үшін, ұяшық тұрған, жол мен бағанның қиылысу нүктесін көрсету қажет. Бастапқыда жад модулін шығару үшін жол нөмірі енгізіледі, бұған белсенді RAS (Row Access Strobe – жол жадына ену сигналы) сигналы куә. Осыдан соң сұралған мәліметтер жад модулінен шығады. Ұяшыққа жазу да тап осылай жүреді.

Бірақ бұл әлі соңы емес. Егер ұяшық жадына сұрау салынбаса, айталық ондағы мәліметтерді оқу және қайта жазу, мәліметтер жоғалып кетуі мүмкін. Жад құрылымын жаңарту бүтін жолдармен іске асады, келесі жолды таңдауда жад модульіндегі ішкі есептеуіш қолданылады, ал жаңарту керектігін, алғашында CAS, сонан соң RAS сигналы хабарлайды. Егер компьютер энергия үнемдеу тәртібіне көшсе, ішкі сигналдар жоқ болғандықтан, жаңарту жад микросхемасы арқылы автоматты түрде іске асады.

Ескерту: мәліметтерді оқу (жазу) барысында ұяшық жады автоматты түрде іске асырылады.

BIOS Setup, жадқа және оның жаңартылуына (регенерация) жүгінген кезде, сигналдардың арасындағы кідірістерді көрсетуге мүмкіндік береді, әдетте жад шиналарының жиілігін де көрсетуге болады. Соғңы үлгідегі жадтық модульдер (SDRAM, DDR SDRAM, RDRAM) құрамында, модуль типі және жұмыс жасау тәсілі туралы ақпараты бар, SPD (Serial Presence Detect) микросхемасы болғандықтан, бұл мәселені шешу оңайланды.

Ескерту: компьютердің тұрақсыз жұмысы сапасыз жады қолданғаннан болуы мүмкін. Бұл жағдайда арнайы кідіріс тудыру көмектеседі. Жай әрекеттің әсерінен, компьютердің жұмыс сенімділігі артуы мүмкін.

 

1.4 Бейнекарта

 

Бейнекарта, біз монитор экранынан коретін, бейнені қалыптастырады. Бейнекарта мен басқа құрылғылар арасындағы мәлімет алмасу көлемі үлкен болғандықтан, бейнекартаны қосу үшін жоғарғы өткізгіштік қасиеті бар AGP– шиналары қолданылады. Әрине BIOS Setup арқылы AGP шинасының жұмыс жасау тәсілін көрсетуге болады, бейнекартамен қатынасты жеделдету үшін BIOS бейнекартасын компьютердің жедел жадына ауыстыруды қосу, басқа параметрлерді өзгерту.

Ескерту: бейнекарта, басқа да құрылғылар секілді, өзіндік BIOS бар. Онда бейнекартаның графикалық процессорына арналған нұсқаулар, кейбір бейнелерді мониторға шығаруға қажетті әріптер және т.б. бар.

 

1.5 Қатқыл диск

 

Қатқыл диск мәліметтерді ұзақ уақыт сақтау үшін арналған. Шынында да қуат көзінен ажыратылған кезде жедел жадтағы мәліметтер жойылатындықтан оларды бір жерге сақтау қажет. Және де жедел жадтың көлемі барлық қолданылатын программалар мен мәліметтерді сақтауға жеткіліксіз. Қатқыл дискіні функционалды контроллермен байланыстыру үшін IDE интерфейсі қолданылады.

BIOS Setup-та қатқыл дискінің жұмыс жасау тәртібін көрсетуге болады.

 

1.6 Дискжетек

 

Дискжетек   алғашқы  дербес   компьютерлерден   қалған   мұра   десе  де

болады. Ол қазіргі өлшем бойынша кішігірім көлемдегі ақпараттарды дискіге жазуға мүмкіндік береді. Оның танымалдылығын кез келген компьютерде дискжетектің бар болуымен түсіндіруге болады.

Дискжетекке қатысты, BIOS Setup-та дискілерге жазуға рұқсат бермеуге болады.

 

1.7 CD және DVD дискілерін оқу құрылғысы

 

Соңғы үлгідегі барлық компьютерлер CD және CD-ROM дискілерін оқу құрылғысымен жабдықталған. Дербес компьютерлердің көпшілігі CD дискілерін оқу құрылғысының орнына DVD-диск, DVD-ROM оқу құрылғыларымен жабдықталуда. Қатқыл диск секілді, екеуі де функционалды контроллермен байланысу үшін IDE интервейсін қолданады.

 

1.8 Енгізу-шығару порттары

 

Енгізу-шығару порттары принтер, сканер, сыртқы ақпарат тасымалдаушы құралдарды қосу үшін қажет. Пернетақта мен тышқан да өз порттарына қосылады. Осылайша, қазіргі заманғы компьютерлердің құрамына кіретіндер:

1.        пернетақта мен тышқан қосуға арналған порттар;

2.        принтер немесе сканер қосуға арнылған бір порт;

3.        бір бос, бір сыртқы модем қосуға арналған порттар;

4.        2-6 дейін USB порттары, оларға әр-түрлі құрылғылар қосылады: принтер, сканер, сыртқы қатқыл диск. Тіпті USB-пернетақта мен USB-тышқан да қосылады.

Әрине, BIOS Setup порттарға түзетулер енгізуге мүмкіндік береді, ал егер кей бөліктері қажетсіз болса, қолданылмай тұрған порттарды ажыратып тастауға мүмкіндік береді, осы арқылы басқа құрылғылардың жұмысын жеңілдетеміз.

29

 



ІІ ТАРАУ. BIOS – ТЫҢ ӘРТҮРЛІ НҰСҚАЛАРЫ

2.1. BIOS-тың соңғы нұсқалары

 

Қазіргі кезде көп таралған, BIOS-тың нақты нұсқаларына тоқталатын кез келді. BIOS-тың нұсқалары мен өндірушілеріне қарамастан BIOS-тың атқаратын жұмысы бірдей болса да, айырмашылықтары бар. Оның ішіндегі ең бастысы – интерфейс.

BIOS өндіріушілері.

Қазіргі сәтте дербес компьютерлерге арналған BIOS өндірумен екі фирма айналысады.

Біріншіден бұл Award Software, Inc. Бұл фирманың BIOS өнімдері (AWARD BIOS) дербес компьютерлердің басым көпшілігінде орналасқан.

Ескерту:

Қазіргі сәтте Award Software,Inc. – Phoenix фирмасының бір бөлігі.

American Megatrends,Inc. фирмасының BIOS өнімдері сирек кездеседі. Бұл фирманың BIOS өнімі (AMIBIOS) 386 процессор кезеңінде компьютерлердің барлығында дерлерлік орнатылған болатын, бірақ оларды Award Software,Inc.-тың BIOS өнімдері ығыстыра бастады. Сондықтан, қазіргі сәтте, соңғы үлгідегі компьютерлерде AMIBIOS жиі кездеспейді.

Ескерту:

AMIBIOS-ты оқтын-оқтын Gigabyte, MSI, Super Micro, Tyan секілді аналық плата өндірушілер қолдануда.

Біраз уақыт бұрын, Phoenix дербес компьютерлеріне арналған BIOS өнімдерін өндіретін тағы бір фирма белсенді болатын. Бұл фирманың BIOS өнімін өте жаңа емес компьютерлерден көруге болады. Оның ең басты кемшілігі – пайдаланушылық күйге келтірудің жоқтығы, нәтижесінде: жүйені өз қалауыңша ықшамдау мүмкін емес. Қазіргі сәтте, Award Software,Inc.-ты өз қол астына алған соң, Phoenix белгісі тек көппроцессорлы серверлер мен жұмыс станциясында орнатылған. BIOS-тың дербес компьютерлерге арналған барлық нұсқалары Award Software,Inc белгісі арқылы жарыққа шығуда.

Ескерту:

Алайда, бір аналық плата өндіруші, әліде Phoenix белгісіндегі BIOS өнімін қолданады – бұл intel фирмасы. өкінішке орай, бұрынғы секілді, күйге келтіру саны өте аз. Оның үстіне, олардың көбіне кіру үшін, арнайы джампер (ұстатқыш) қажет.

Осыдан үш-төрт жыл бұрын шыққан компьютерлерде, көбінесе Award фирмасының 4.51 PG нұсқалы BIOS-ы орнатылған.

Соңғы үлгідегі дербес компьютерлер, әдетте, Award фирмасының соңғы нұсқасындағы BIOS-тың екі түрінің біреуін қолданады: 6.0 немесе 6.0 PG. олардың басты айырмашылығы – интерфейс. Егер 6.0 нұсқасы Phoenix фирмасының BIOS-на ұқсайтын болса, 6.0 PG нұсқасы 4.51PG нұсқасына ұқсас.

Ескерту:

BIOS нұсқасы мен өндірушісі көмпьютерді өндіріске жіберген сәтте беріледі.

AMI жаңа (және ескі) компьютерлерге BIOS-тың 1.24 нұсқасының бірнеше модефикациясын ұсынады. AMIBIOS-та қолданылатын навигация түрі, көбіне-көп AWARD BIOS-тың 4.51 нұсқасына ұқсас.

АМІ BIOS-тың соңғы 1.45 нұсқасы алдынғысын түгелдей дерлік қайталайды. Онда енгізілген өзгерістер, көбінесе, әсемдік және интерфейске қатысты.

 

2.2.           BIOS Features Setup

 

Virus Warning / Anti-Virus Protection (вирус туралы хабарлау / вирустан қорғау)

Опциялары: Enabled, Disabled, Chip Away

Virus Warning опциясы қосылған болса, жүктеуіш сектор немесе бөлімдер кестесіне жүгінген кезде, BIOS әрдайым ескерту береді. Әрине, мүмкіндік болса бұл опцияны қосып қойған дұрыс. Назар аударыңыз, бұл ретте бүкіл венчестерді емес, тек қана жүктеуіш сектор мен бөлімдер кестесін қорғауға болады.

Бірақ, кейбір, компьютер жұмысын қамтамасыз ететін, бағдарламаларды орнатқанда кедергі жасауы мүмкін. Бұған қарапайым Win95/98 операциялық жүйесін орнату үлгі бола алады. Бұл опция қосулы тұрған кезде, Win95/98 орнатудан бас тартудың себебі бола алады. Осы секілді бағдарламаларды орнату кезінде оны өшіру қажет.

Сол секілді, жүктеуіш секторға жүгінген көптеген диагностикалық утилиттер, қателіктер туралы хабарламалар беруі мүмкін. Бұл утилиттерді қолданар алдында, бұл опцияны өшіру қажет.

Нәтижесінде, бұл опция өз BIOS-ы арқылы ішкі контроллерлерді басқаратын винчестер үшін қауіпсіз. Жүктелуші вирустар BIOS жүйесін айналып өтіп, винчестерге бірден тіркеледі. Мысалы: SCSI контроллерлері және UltraDMA 66 контроллерлері.

Кейбір аналық платаларда, BIOS ішінде өз (ChipAway) корғау механизімі болуы мүмкін. Егер оны қосып қойсақ, ол жүйенің, қосымша, вирустан қорғануына мұмкіндік береді. Себебі ол, вирусты винчестордағы boot sector жұқтырмас бұрын, таба алады. Бұл тағы да, контроллерлерді өз BIOS-мен басқарып отырған, винчестерге қауіпсіз.

CPU Level 1 Cache (CPU-дың бірінші сатылы кэшы).

Опциялары: Enabled, Disabled

BIOS-тың бұл құрылымы бірінші сатылы кэшты қосу немесе ажырату үшін қолданылады. Әрине, бастапқы құрылым Enabled болады.

Бұл опция қолайсыз «үдеудің» себебін анықтау үшін қолайлы. Қалай болғанда да, егер CPU бірінші сатылы кэш қосулы тұрған кезде 500 MHz-ке жетсе және керісінше; онда CPU-дың 500 MHz жиілікте тұрақты жұмыс жасамауының себебі L1 cache болмақ.

Бірақ, CPU-дың үдеуін арттыру үшін L1 cache-ті ажыратудың өзін жақсы ой деп айту қиын, әсіресе Intel`s P6 (Pentium Pro, Celeron, Pentium II, Pentium !!!) процессорлар жанұясы үшін.

CPU Level 2 Cache (CPU-дың екінші деңгейлі кэшы)

Опциялары: Enabled, Disabled

BIOS-тың бұл құрылымы екінші сатылы кэшты қосу немесе ажырату үшін қолданылады. Әрине, бастапқы құрылым Enabled болады.

Бұл опция қолайсыз «үдеудің» себебін анықтау үшін қолайлы. Қалай болғанда да, егер CPU екінші сатылы кэш қосулы тұрған кезде 500 MHz-ке жетсе және керісінше; онда CPU-дың 500 MHz жиілікте тұрақты жұмыс жасамауының себебі L2 cache болмақ.

Қолданушы процессорды жоғарғы дәрежеде «үдету» үшін L2 cache-ты ажыратуы (disable) мүмкін, бірақ ол соған тұра ма?

CPU L2 Cache ECC Checking (қателіктерді түзету коды)

Опциялары: Enabled, Disabled

Бұл опция қателіктер түзету коды (ECC - Error Correction Code) функциясын қосады және ажыратады. Әдетте бұл функцияны қосу ұсынылады, себебі ол екінші сатылы кэшта сақталған мәліметтердің бірінші дәрежелі қателіктерін тауып, оны түзетеді. Ол екінші дәрежелі қателіктерді де таба алады, бірақ оларды түзетпейді. Әйтсе де, ECC checking жүйені тұрақтандырады, әсіресе «үдемелі» компьютерлерде.

Өнімділікті арттыру үшін кейбіреулер ECC checking қосудан бас тартады. Өнімділіктің айырмашылығы (егер бар болса) мардымсыз екендігін айта кеткен жөн. Есесіне, ECC checking қосулы тұрғандағы тұрақтылық пен сенімділік айқын және маңыздырақ. Бұл сізге ECC checking ажыратулы тұрғаннан да жоғарғы көрсеткіште үдеуге мүмкіншілік береуі мүмкін. Сондықтанда, тұрақты әрі сенімді жұмысты қамтамасыз ету үшін оны қосып қойған дұрыс.

Quick Power On Self Test (Power On жедел авто-тест)

Опциялары: Enabled, Disabled

Қосулы күйінде кейбір тесттілердің уақытын азайтады және жүктелу кезінде тексерілетіндерді өткізіп жібереді. Осылайша, жүйе тезірек жүктеледі. Тез жүктелу үшін қосып, жүйедегі өзгерістерден кейін, жедел тесттен өтіп кететін кейбір қателіктерді табу үшін, ажыратқан жөн. Бірнеше түзету (error-free) тестілірінен (test runs) соң, жүйенің тұрақтылығына еш кедергісіз, жедел жүктелу үшін оны қосып қоюға болады.

Boot Sequence (жүктелу реті)

Опциялары: A, C, SCISI/EXT

C

A

SCSI/EXT

C

CD-ROM

A

CD-ROM

C

A

D

A

SCSI/EXT

E

A

SCSI/EXT

F

A

SCSI

SCSI/EXT

A

C

SCSI/EXT

C

A

A

SCSI/EXT

C

LS/ZIP

C

 

Бұл опция BIOS-тың операциялық жүйені іздеу ретін орнатуға мүмкіндік береді. Ең жылдам жүктелу уақытын орнату үшін, ең алдымен операциялық жүйесі бар, винчестер бөлімін белгілеген дұрыс. Әдетте, бұл С дискісі: егер сізде SCSI қатты дискісі болса, SCSI бөлімін белгілеңіз.

Қосымша: кейбір аналық платаларда (мысалы ABIT BE6 және BP6) қосымша IDE контроллер орнатылған. Бұл платаның BIOS опциясы SCSI опциясын EXT опциясына ауыстырады. Бұл, компьютерге, үшінші немесе төртінші IDE портында, IDE винчестерінен немесе SCSI винчестерінен жүктелуге мүмкіндік береді. Егер сізге бірінші немесе екінші IDE портта жұмыс жасап тұрған IDE винчесторынан жүктелу қажет болса, жүктелу ретін EXT-дан басталатын етіп орнатпаған жөн. Бұл функциямен көршілес Boot Sequence EXT Means функциясында жұмыс жасауға тура келетіндігіне назар аударыңыз.

Boot Sequence EXT Means (қосымша қондырғылардың жүктелу реті)

Опциялары: IDE, SCSI

Бұл функция жоғарыда айтылған Boot Sequence функциясында EXT құрылымы болып, Boot Sequence функциясымен бірге жұмыс жасайтын болса ғана қолданлады. Бұл функция, кейбір аналық платаларда (ABIT BE6 және BP6) кездесетін қосымша IDE порттарына жалғанған IDE винчестерінен немесе SCSI винчестерінен жүктелу жүйесін шешеді.

Үшінші немесе төртінші IDE портына жалғанған IDE вичестерінен жүктелу үшін, сізге алдымен жоғарыда айтылған Boot Sequence функциясын ЕХТ-дан басталатын етіп құру қажет. Мысалы, ЕХТ, С, А. Бұдан соң, сізге бұл функцияны (Boot Sequence EXT Means) IDE мәнінде құру қажет.

SCSI вичестерінен жүктелу үшін, сізге алдымен жоғарыда айтылған Boot Sequence функциясын ЕХТ-дан басталатын етіп құру қажет. Мысалы, ЕХТ, С, А. Бұдан соң, сізге бұл функцияны (Boot Sequence EXT Means) SCSI мәнінде құру қажет.

First Boot Device (бірінші жүктелу құрылғысы)

Опциялары: Floppy, LS/ZIP, HDD-0, SCSI, CDROM, HDD-1, HDD-2, HDD-3, LAN, Disabled

Бұл функция BIOS-қа операциялық жүйені жүктейтін алғашқы құрылғыны көрсетуге мүмкіндік береді. Егер BIOS жүйені функцияда берілген құрылғыдан жүктейтін болса, басқа құрылғыда орналасқан басқа операциялық жүйені жүктей алмайтындығына назар аударыңыз.

Мысалы, бірінші жүктелу құрылғысы ретінде флоппи-диск дискжетегі белгіленген болса, BIOS флоппи-дискідегі DOS 3.3 жүйесін жүктейді, бірақ С қатты дискісінде орналасқан Win2k жүйесін жүктемейді.

Бастапқы нұсқау флоппи-диск дискжетегін белгілеген. Бірақ бірінші жүктелу құрылғысы ретінде қатты дискіні (HDD-0) белгілеген жөн. Бұл компьютердің жүктелу процесін жеңілдетеді.

Second Boot Device (екінші жүктелу құрылғысы)

Опциялары: Floppy, LS/ZIP, HDD-0, SCSI, CDROM, HDD-1, HDD-2, HDD-3, LAN, Disabled

Бұл функция BIOS-қа операциялық жүйені жүктейтін екінші құрылғыны көрсетуге мүмкіндік береді. Егер BIOS операциялық жүйені бірінші жүктелу құрылғысынан жүктесе, онда бұл күйге келтіру өз күшін жоятындығына назар аударыңыз. Егер BIOS операциялық жүйені бірінші жүктелу құрылғысынан таба алмаса ғана, жүйені екінші жүктеу құрылғысынан тауып, жүктеуге тырысады.

BIOS енгізу-шығару базалық жүйесі